Абайдың этикалық көзқарасы



1 Этикалық көзқарасы
2 Уақыт өтеді, заман өзгереді
3 Абай этикасында Ар, Намыс, Ұят . ең негізгі ұғымдар
4 Абайдың этикалық, моральдық, адамгершілік идеалы, мұраты, принципі
Этикалық көзқарасы. Абайдың философиялық, әлеуметтік көзқарасын зерттеушілер ұзақ уақыттар бойы кемеңгер ақынның алуан салалы ойларының онтологиялық (бүтін дүниенің мәнін, материя мен сананың арақатынасын түсіну), гносеологиялық (нанымның мәнін түсіну) мәселелеріне ерекше мән беріп, біреулері Абайды онтологиялық жағынан «идеалист», екіншілері «материалист» деп таныса, гносеологиялық тұрғыдан біреулері «сенсуалист» десе, екіншілері «рационалист» деп, жартылай идеалист, жартылай материалист немесе жартылай сенсуалист, жартылай рационалист немесе дүниені, қоғамды таным теориясы тұрғысынан біреулері «метафизик», біреулері «диалектик» деп түсіндіріп келді.
Уақыт өтеді, заман өзгереді. Белгілі бір құбылысқа әр уақыттың адамы өз түсінігімен, өз пайымдауынша баға береді. Өйткені, құбылысты әркім өз кезінің тұрғысынан бағалайды, мөлшерлейді. «Материалист болу дұрыс екен, қайтсек материалист атанамыз» дейтіндер «нан болса, ән өзінен-өзі айтыла береді» дейтіндердің жалған, жасанды, тұрпайы қағидасы мақтардың аянышты зардабын аз көрмедік.
Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы,

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Абайдың этикалық көзқарасы
Этикалық көзқарасы. Абайдың философиялық, әлеуметтік көзқарасын зерттеушілер ұзақ уақыттар бойы кемеңгер ақынның алуан салалы ойларының онтологиялық (бүтін дүниенің мәнін, материя мен сананың арақатынасын түсіну), гносеологиялық (нанымның мәнін түсіну) мәселелеріне ерекше мән беріп, біреулері Абайды онтологиялық жағынан идеалист, екіншілері материалист деп таныса, гносеологиялық тұрғыдан біреулері сенсуалист десе, екіншілері рационалист деп, жартылай идеалист, жартылай материалист немесе жартылай сенсуалист, жартылай рационалист немесе дүниені, қоғамды таным теориясы тұрғысынан біреулері метафизик, біреулері диалектик деп түсіндіріп келді.
Уақыт өтеді, заман өзгереді. Белгілі бір құбылысқа әр уақыттың адамы өз түсінігімен, өз пайымдауынша баға береді. Өйткені, құбылысты әркім өз кезінің тұрғысынан бағалайды, мөлшерлейді. Материалист болу дұрыс екен, қайтсек материалист атанамыз дейтіндер нан болса, ән өзінен-өзі айтыла береді дейтіндердің жалған, жасанды, тұрпайы қағидасы мақтардың аянышты зардабын аз көрмедік. Осындай тұрпайы, дөрекі социологиялық көзқарас Абай шығармаларын бағалауға да зардабын тигізді. Бүл көзқарас тағылар өмірдің өзінде қайшылықтар қандай көп болса, Абайдың табиғат, қоғам, таным жайлы түсініктерінде сол қайшылықтар, қарама-қарсылықтар өте терең бейнеленгенін ескере қоймаған. Егер ақиқатқа, әділетке жүгінсек, Абай жалаң философиялық категориямен, мысалы, материя, сана, уақыт, кеңістік, қозғалыс, даму, қажеттілік пен кездейсоқтық сияқты т.б. толып жатқан таза философиямен шұғылданбайды. Ойшыл ақынның негізгі ойы - материя мен сананың, кеңістік пен уақыттың арақатысы емес, қайран елі, қазағының келешегі, қайткен күнде қазақты ескен, өркендеген елдердің қатарына жеткізу. Осындай ұлы мақсат, игі ниет үшін ойшыл-ақын Қыранша қарап Қырымға, Мұң мен зарды қолға алады. Абайдың этикалық көзқарасын сөз еткенде 2 нәрсеге ерекше көңіл бөлу керек. Ол ақынның гуманистік және диалектикалық түсінігі. Абайдың дүниеге, әлеуметтік өмірге деген көзқарасының, бүкіл шығармашылығының өзегі, қайнар көзі, рухани күші, осы екі ұғыммен тікелей байланысты. Абайдың этикасы - гуманистік этика. Дүние мен Жалған, Адам мен Пенде мәселелерін қамтиды.
Абай өзінің Жиырма жетінші сөзінде дін және дін мәселесі жөнінде пікір алысып, ой жарыстыратын моралист-философ Сократтың Адам ең әуелі өзіңді-өзің таны деген этикалық принципі Абайдың да адам, адамгершілік туралы ойлары адам тарихындағы ұлы ойшыл даналардың пікірлерімен ұштасып жатады. Абайдың арманы да адамды (пендені) адамға айналдыру, адамды кісі ету, азамат ету. Абайдың этикалық түсінігінде дүние және жалған, адам және пенде деген бір-біріне қарама-қарсы ұғымдар бар. Дүние - мәңгі құбылыс, жалған - өткінші құбылыс, Адам - дүниенің, мәңгіліктің туындысы, пенде - жалғанның, күнделікті тіршіліктің туындысы. Адамның өмірі ақиқат, адалдық, әділеттілік, әдемілік деген ұғымдармен ұштасып жатса, пенденің өмірі күнделікті тұрмыстың, тек тіршіліктің, күнкөрістің қамымен байланысып жатады. Пенденің бір белгісі - ол өзінің қиялында да кішкентай, өз қиялында да шарықтай алмайды, тауық сияқты қораның шарбағынан жоғары ұша алмайды. Қыранның қиялы - биік шында болса, қораздың қиялы - қи түбінде. Пенде әрқашан да бағынғыш, құптағыш, күндегіш, затшыл, өзімшіл келеді, мырзаларының алдында құрдай жорғалайды. Адам, оның керісінше, өзін-өзі, айналасын сыйлайды, өзінің азаматтығын, адамгершілігін бағалай біледі, затқа бағынбайды, заттарды өзіне бағындырады. Пенделер заттың құлы болса - Адам заттарды өзіне құл етеді, осы тұрғыдан келіп, Абай адам деген ұғымды үлкен даналық санайды (Адам деген даңқым бар). Тұрған мекеніне келгенде - адамның жүрген жері гүлстан да, пенденің жүрген жері - мыстан болып келеді. Абайдың арман ететіні - ақылды, жігерлі, білімді, адал, әділ адам. Ондай адам ханның тағына да, байдың бағына да қызықпайды, ойы сергек, өз қамымен халық қамын ұштастыра, жалғастыра білетін мейірімді жан.
Абайдың өзіне тікелей сөз берсек - пенде өз басында еркі жоқ, айналасына тәуелді - байғұс. Ақылы бар, ықтиярлы, Пенде теппе сөз жарын. Ерік иеде, пенде зарлы, Не білер не боларын? немесе Зар қылып тілеймін Рахметін алланың. Елжіреп жылаймын, Көңлін аш пенденің. Тіршілікте жан сақтау да, ар сақтау да бар. Абай ар сақтауды жан сақтаудан коғары қояды. Абайша айтқанда, пенде жан сақтаудың қамы үшін өмір сүреді, оның арманы мен қиялы, тамақ пен киімі - мансап пен атақ. Пенде: Шіркін, ананың киген киімі-ай, мынаның ішкен асы-ай, көршінің мінген аты-ай, тұрған үйі-ай т. б. деп, өзгенің тіршілігіне тамсанумен өтеді. Пенде жеке басының қамы үшін, жан сақтау үшін арын құрбан ете береді. Осындай пендешіліктен арыла алмаған қуыс кеуделерге налыған Абай: Құдай тағаланың кешпес күнәсы жоқ деген жалған мақалды қуат керген мұндай пенденің жүзі құрсын, - дейді. Пенденің ой өрісі - өзінің қара басының, отбасының, әрі кетсе сыбайластарының төңірегінен артпайды. Ел, Отан, Халық, Ұлт деген ұғымдар пендеге жат сөздер. Қарнын ойлаған пенде - халқын қайтсін! Абайдың даналық түсінігінде Адамның адамдығы, ең игі қасиеті жан сақтау емес - арын сақтау.
Абай этикасында Ар, Намыс, Ұят - ең негізгі ұғымдар. Бүл ұғымдардың мәні, мазмұны, ішкі сыры тек адамның өзімен-өзі кеңескенде, өзінің ішкі жан дүниесіне үңілгенде ғана мағынасы ашылатын, айқындалатын ұғымдар. Осындай мәнді моральдық, адамгершіліктің этикалық категорияларын - өз шығармашылығының өзегі, түйіні, тамыры етеді. Қу өмір жолдас болмас, әлі-ақ өтер, Өз күлкіңе өзің қарық болма бекер! Ұятың мен арыңды малға сатып, Ұятсызда иман жоқ, түпке жетер деп, ар мен ұятты негіз етіп, өмірдің түбін ойлауға шақырады. Адамгершіліктің мәні жөнінде терең толғанған ақын өз ойын әлем кеңістігіне жүгіртіп, Ар, Ұят, Намыс деген ұғымдар адам езінің ары алдында жүгінген кезде түйсігімен түсінетін киелі ұғымдар екенін, әр адам өзіне-өзі жауапты екенін аңғарта айқындай, түсіндіре келіп: Осы да есеп бола ма, Ар, абұйыр тапқанға? Миың болса жолама Бос желігіп шапқанға..., Абиыр қайда, ар қайда? Өз басыңа не пайда?..., Достық, қастық, бар қызық - жүрек ісі, Ар, ұяттың бір ақыл - күзетшісі. Ар мен ұят сынбаса, өзге қылық, Арын, алқын - бүл күннің мәртебесі, - дейді. Адамды адам етіп тұрған Ар екендігін, тіпті, өлім төніп тұрса да Ар сатуға болмайтындығын, халық санасында өлімнен ұят күштіні терең түсінген Абай - қазақтың тарихына ой жүгірте отырып: Аты аталып, аруақ шақырылған жерде ағайынға өкпе, араздыққа қарамайды екен..., өзіне ар тұтқан жаттан зар тұтады, -деп түйеді. Абай түсінігінде әр адамның ең үлкен күнәсі, міні, өзінің өзара алдында жасаған рухани қылмысы - арын сату, арсыздыққа салыну, ұяттан безу. Мұндайларға Абай төмендегідей теріс бата береді: Ант ішіп күнде берген жаны құрсын, Арын сатып тіленген малы құрсын, Қысқа күнде қырық жерге қойма қойып, Қу тілмен қулық сауған заңы құрсын.
Адам болудың бір шарты - Ұят деген ұғымды бойға сіңдіру. Ұят дегеніміз - адам бойындағы адамгершілікке жат, жаман қылықты, істі өз мойнына алып, өзіңді-өзің сөгу, өзіңе-өзің ұрсу, өзіңді-өзің дұрыс, әділ, адал жолға салу. Жалығу бар, шалқу бар, іш пысу бар. Жаңа сүйгіш адамзат, көрсе қызар. Ар мен ұят ойланбай, тәнін асырап, Ертеңі жоқ, бүгінге болған құмар Абай ұяттыларға мейірленсе, ұятсыздардан жиіркенеді де: Қайнайды қаның, Ашиды жаның, Мінездерін көргенде, Жігерлен сілкін, Қайраттан, беркін!деп насихат бергенде; Ұятсыз, арсыз салтынан Қалғып кетер артынан деп, үятсыздарды сөгіп, осы күнде менің керген кісілерім ұялмақ түгіл, қызармайды да, ол істен, мен ұятты болдым дедім ғой, енді нең бар?, - дейді. Я болмаса, жә, жә, оған мен-ақ ұятты болайын, сен өзің де сүйтпек пе едің? - дейді. Ар, Ұятпен қатар саналы қазақтың табиғатына сіңген бір ұғым - Намыс. Ақын бұл ұғымға да ерекше мән береді. Бұрынғы ата-бабаларымыздың бүл замандағы ларымыздан артық екі мінезі бар: соның екіншісі - намысқор келеді екен. Ар, ұяттан айырылған, намыс дегенді білмейтін, білгісі де келмейтін болыстарды Абай мысқылдай кекетіп, өткір сатиралық тілімен түйреп:

Сүйегім жасық, буын бос,
Біраз ғана айлам бар.
Айлам құрсын білемін -
Болыстықтың жолы тар.
Қайтіп көмек болады,
Антұрған өңкей үры-қар?
Көргенім әлгі ойлашы,
Ұят, намыс, қалдыма ар?...-
деп налиды. Не құдайшылыққа, не адамшылыққа жатпайтын, ардан бездіруге итермелейтін Жарлы болсаң, арлы болма ма, жалқаулыққа, сұрампаздыққа, жылпостыққа шақыратын: Қалауын тапсаң, қаржанады, Сұрауын тапса, адам баласының бермейтіні жоқ, ұрлыққа, мейірімсіздікке бағыттайтын Алтын көрсе, періште жолдан таяды, Ата-анадан мал тәтті, алтын үйден жан тәтті дейтін, ата-анасын малға сатуға бейім тұрған опасыздардан, сатқындардан бек сақ болу керектігін қатты ескертеді.
Абайдың этикасы адам өміріндегі диалектик қайшылықтарды түсіндірудің, зерттеудің этикасы. Ақын Абай адамгершілік, мораль мәселесін сез еткенде жақсылыққа: адамшылық, адалдық, әділеттілік, берекелік, достық, білімділік, еңбеккерлік, терең ойлылық, ерлік, жомарттық, қайраттылық, кісілік, қанағатшылдық, рақымдылық, махаббат, арлылық, намысқойлық, сабырлылық, сертке беріктік, табандылық, татулық, тәуекелшілдік, шүкіршілік т. б. қасиеттерді, жамандыққа: арамдық, азғындық, айлакерлік, парақорлық, арызқойлық, тәкаппарлық, сараңдық, алдампаздық, сайқалдық, даңққұмарлық, әділетсіздік, әдепсіздік, пәлеқорлық, паңдық, әсемпаздық, бақастық, борышқорлық, өсекшілдік, надандық, менмендік, әсемпаздық, еріншектік, әулекілік, есерлік, жалақорлық, мақтаншақтық, жарамсақтық, залымдық, жылпостық, қияңқылықты. б. жиіркенішті мінез-құлықтарды жатқызады. Абайдың негізгі этикалық, адамгершілік түсініктері әділдік пен әділетсіздіктің ұғымдық мәнін, арақатынастарын түсінуге арналған. Енді ұлы ойшылдың осындай диалектик. қайшылықтарға байланысты тұжырымдарына тоқталайық. Соның бірі - адам табиғатындағы ең күрделі қайшылық - білім мен надандықтың арасы. Этикалық теориялардың мәнін түсінуге ұмтылған көптеген ғұламалар, ағартушылар сияқты Абай да адамгершілікті, моральдық біліммен, таныммен ұштастыруды қажет деп санайды. Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге, Көкірегінде болсын көз. Абай білімді,. білімділік деген ұғымдарды қазіргідей бастауыш, орта, жоғарғы білімі бар дегенді айтып отырған жоқ.
Ақын білімді деген ұғымға өзінше ерекше мән береді. Абайдың түсінігіндегі білімді адам адамдардың арасындағы қарым-қатынастарды (әкелі-балалы, алыс-жақын, туыс-тума, үлкен-кіші, ерлі-байлы, жолдастық, достықт. б.)дұрыс түсіне білетін адам. Мектептен алған білімін адамгершілікпен ұштастыра білмейтіндерді Абай адамсы мақтардың ең үлкен наданы, арамы екенін айта келіп:
Осы жасқа келгенше,
Өршеленіп өлгенше,
Таба алмадық еш адам
Біздің сөзге - ергенді.
Өмірдің ерін тауысып,
Білімсізбен алысып,
Шықтық міне белге енді...-
деп, тоғышарлықтан адамдыққа, білімсіздіктен білімділікке қарай күрес жолында өткен өмірін баяндайды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай шығармашылығы жайлы
Абай Құнанбаевтың шығармаларының әлеуметтік мәні
АБАЙ ФИЛОСОФИЯСЫ МЕН ЭТИКАСЫ
М. ДУЛАТОВ МҰРАЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯСЫ
Шоқан және географиялық детерминизм. Абай және қазіргі заман. Фрейд және Ницше
А.Құнанбаев және Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары
Абайдың шығармашылығы
Абайдың қазақ педагогикасының тереңірек дамуына қосқан үлесі
Бірлік философиясы
Қазақ философиясы тарихын логикалық-құрылымды кестелер арқылы оқыту әдістемесі
Пәндер