Бастауыш сынып оқушыларының пәнаралық байланыс негізінде дүниетанымын қалыптастыру



КІРІСПЕ
1БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДҮНИЕТАНМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың оқу жұмысын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастырудың педагогикалық мәні
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының пәнаралық байланыс байланыс негізінде дүниетанымын қалыптастыру туралы ұғым, оның мәні және білім мазмұны
2ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ САБАҒЫ БОЙЫНША ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯМЕН ЖҮРГІЗУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1Әдебиеттік оқу сабағы бойынша оқыту үдерісінде пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруды жаңа технологиямен жүргізудің әдістемесі
2.2 Екінші сыныпта әдебиеттік оқу сабағын оқыту барысында пәнаралық байланысты пайдаланудың әдістері
Қорытынды
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мемлекетіміздің болашақ дамуына арналған «Қазақстан – 2050» бағдарламасында жоғарғы білімнің сапалылығы, адамсүйгіштігі және ғаламдануы арқылы мәдениет жасауға, интеграцияға ерекше мән бергені белгілі.
Еліміздің егемендік алуымен байланысты әлеуметтік – экономикалық салаларымыздың барлық жақтарында жаппай өзгерістер, жаңа бастамалар серпінді қадамдар жасалып жатыр. Білімнің мазмұны ғылымдардың өзара байланысы, өндіріс пен қоғамдық дамудың жаңару барысына тікелей ықпал жасайтындығын, осы тұста мектептің оқу – тәрбие үдерісінің пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырылуы, ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысуы, адамның интеллектуалдық өрісін байытумен бірге, бүкіл адамзаттық құндылықтар көзінің де бірлігін, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі туралы ғылыми көзқаратың қалыптасуына мүмкіндік тудырады. «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершлік жүгін арқалап келеміз», -деген сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдердің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақтың бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжиірбелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғыни әр баланың табиғи қабілетін дамыту керек үшін қолайлы жағдайлар жасап отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Сонымен қатар халыққа Жолдауында ел дамуының негізгі кепілі – білім саласын ешуақытта назардан тыс қалдырған емес. Сондай – ақ, үлгерімі жоғары оқушылардың қолдау көрсетудің тімді жүйесін құру қажеттігін айтып өтті. «Мәңгілік Ел» стратегиясын қолдаушы да, жалғаушы да осы ұстаздар қауымы болмақ. Өйткені, мұғалімдер оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар бере отырып еліміздің болашағын қалауға атсалушылар[1,23б.].
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы.-Астана: Елорда 2014. -23б
2 Тұрғанбаева Б.А. Дамыта оқыту технологиясы, Алматы, 2000. 7 б.
3Қазақстан Республикасында дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
Мемлкеттік Бағдарламасы. - Астана, 2010
4 Назарбаев Н.А.ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы-қалыптасқан
мемлкеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауы.-Астана
2012.
5 Тұрғанбаева Б.А., Муфтибекова З., Алтаева К. Әдебиеттік оқу Алматы, 2013.
3 б.
6 Амирова А.С. Дидактика, Алматы. 2013. 98б.
7 Бержанов К., Мусин С., Педагогика тарихы, Алматы. Мектеп. 2003. 22б.
8 Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, Алматы, 2000ж. 103-108б.
9 Қаңтарбай С.Е., Жүсіпова Ж.А. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі,
Алматы, Дәуір. 2011. 138-141б.
10 Игенбаева Р.Т. Жоғарғы мектеп педагогикасы, Алматы, 2010. 33б.
11Аскарова А.Т., Раймқұлова Ж.Ә., Панова А.Н., Орынбасар Д.Ш., Білім беру
жүйесіндегі заманауи технологияларды қолдану ерекшеліктері, Шымкент.
2014. 8б.
12 Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Педагогика
және психология, Алматы. «Мектеп» 2002ж.25б.
13 Қоянбаев Р.М., Ыбыраймжанов Қ.Т. Педагогикалық сөздік Түркістан 2006.
17б.
14 Жарықбаев Қ. Жантану негіздері, Алматы. 2002. 64б.
15 Бөрібекова Ф.Б., Жанатбекова Н.Ж. Қазіргі заманғы педагогикалық
технологиялар Алматы, 2012. 116-124б.
16 Бабаев С.Б., Оразов Ш.Б., Бабаева К.С. Педагогика, Алматы, 2008.40б.
17 Харламов И.Ф. Педагогика, Москва. 2007. 40б.
18Қоянбаев Р.М., Ыбыраймжанов Қ.Т.Жалпы бастауыш білім беру
педагогикасы, Түркістан. 2005. 113б.
19 Волохова Е.А., Юкина И.В. Дидактика, Ростов-на Дону. 2004. 75б.
20Абилова Ж. Қазақстаның болашағы білімді ұрпағында, Бастауыш мектеп,
№11. 2009. 17 б.
21 ЖұмабаевМ.Педагогика, Алматы.2002. 33б.
22 Сабыров Т. Оқыту теориясының негіздері. Оқу құралы. Алматы: РБК, 1992.
93 б.
23 Дуйсембекова Ш.Д.Дидактика. Оқу-әдістемелік құрал. Алматы, 2010.118 б.
24 Қоянбаев Р.М. Білім беру және оқыту теориясы. Оқу құралы. - Алматы:
ҚМПУ, 1990.44б.
25 Халитова І. Әлеуметтік педагогика, Алматы. 2007. 192б.
26 Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология, Тараз.2003. 57б.
27 Бабаев С.Б. Бастауыш мектеп педагогикасы, Алматы, 2007. 114б.
28Ұзақбаева С. Қазақ халық педагогикасы, Алматы. 2013.42б.
29Педагогикалық ізденіс, Алматы, Рауан. 1990.
30Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі, Алматы. 2005.6б.
31 Тұрдалиева Ж.Г. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі,
Астана. 2007ж. 112-124 беттер.
32Әуелбаев Ш., Наурызбаева Ә., Ізғұттынова р., Тәжімбетова С. Ана тілі
1-сынып, Алматы, «Атамұра» 2008ж.
33Иманбекова Б.И., Мадиева А.Т. Әдебиеттік оқу, 2- сынып, Алматы 2011.
34Иманбекова Б.И., Жаманқұл П.Қ., Муфтибекова З. Әдебиеттік оқу, Алматы,
2012.
35Муфтибекова З., Жаманқұл П.Қ. Әдебиеттік оқу, Алматы, 2012 40б.
36Бейсенғалиева А. Сөз тапқанға қолқа жоқ, Алматы. 2000 7-16 беттер
37Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі, Алматы. 2004

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Гуманитарлық ғылымдар факультеті

Білім технологиялары кафедрасы

Қорғауға жіберілді

Білім технологиялары кафедрасының

меңгерушісі п.ғ.д., доцент

____________Б.Т.Ортаев

Диплом жұмысы

Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларының пәнаралық байланыс негізінде дүниетанымын қалыптастыру

5В010200- Мамандығы- Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі

ППМ-211 тобының студенті

Орындаған: Әсетова Мөлдір Жұмабекқызы

Ғылыми жетекші,

п.ғ.к., доцент: Рахмет Усенбек

Түркістан - 2016

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мемлекетіміздің болашақ дамуына арналған Қазақстан – 2050 бағдарламасында жоғарғы білімнің сапалылығы, адамсүйгіштігі және ғаламдануы арқылы мәдениет жасауға, интеграцияға ерекше мән бергені белгілі.

Еліміздің егемендік алуымен байланысты әлеуметтік – экономикалық салаларымыздың барлық жақтарында жаппай өзгерістер, жаңа бастамалар серпінді қадамдар жасалып жатыр. Білімнің мазмұны ғылымдардың өзара байланысы, өндіріс пен қоғамдық дамудың жаңару барысына тікелей ықпал жасайтындығын, осы тұста мектептің оқу – тәрбие үдерісінің пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырылуы, ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысуы, адамның интеллектуалдық өрісін байытумен бірге, бүкіл адамзаттық құндылықтар көзінің де бірлігін, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі туралы ғылыми көзқаратың қалыптасуына мүмкіндік тудырады. Келер ұрпақ алдында зор жауапкершлік жүгін арқалап келеміз, -деген сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдердің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақтың бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжиірбелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғыни әр баланың табиғи қабілетін дамыту керек үшін қолайлы жағдайлар жасап отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Сонымен қатар халыққа Жолдауында ел дамуының негізгі кепілі – білім саласын ешуақытта назардан тыс қалдырған емес. Сондай – ақ, үлгерімі жоғары оқушылардың қолдау көрсетудің тімді жүйесін құру қажеттігін айтып өтті. Мәңгілік Ел стратегиясын қолдаушы да, жалғаушы да осы ұстаздар қауымы болмақ. Өйткені, мұғалімдер оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар бере отырып еліміздің болашағын қалауға атсалушылар [1,23б.].

Мектеп оқушылары жекеленген пәндерден алынған білімдерін тұтас біріктіріп қабылдай алмайды. Бұның басты себебі негізі, олардың бірне – бірімен байланыста, сабақтастықта қарастырылмайды. Осының нәтижесінде оқушыларда тұтас көзқарастың қалыптасуына қиындықтар туындап, белгілі бір жүйеге келе алмай отыр. Сондықтан да оқушы санасына табиғатына дұрыс түсінікті көзқарас қалыптастыру үшін мектептегі оқу үдерісінің пәндері арасындағы пәнаралық байланысты анықтап, ғылыми-әдістемелік деңгейде дұрыс пайдалана білу қажеттігі туады. Сонымен қатар баланың тұға болып қалыптасуына, дамуына бағытталған оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психологя ғылымы жеткілікті дәлелдеп оқыту арқлы оқушыны дамыту, бала дамуындағы оқытудың рөлін Л.С.Выготский анықтаған[2,7б.].

Пәнаралық байланыстың жан – жақты педагогикалық тұрғыдан, әдістемелік жағынан қарастыруға, зерттеуге, ізденуге бұрынғыдан да зор көңіл бөлініп отыр. Бұл мәселені ең алғаш көтерген дидактиканың негізін салушы, чех педагогы Я.А.Коменский болды. Сонымен қатар бұл мәселе көрнекті педагогтар Англияда Джон Локктың (1632-1704), Швейцарияда И.Г.Песталоцидің(1746-1841), Францияда Ж.Ж.Руссоның (1712-1781) еңбектерінде де көтерілді. Кешегі кеңес дәуірінде М.А.Данилов, В.В.Давыдов, И.Д.Зверев, Р.Г.Лемберг, В.Н.Максимова, В.Н.Малахов, С.А.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин сияқты атақты педагог, психолог ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапты. Олар пәнаралық байланыс мәселесінің мәнін, құрылымын анықтап, әдіснамалық деңгейде түсіндірді.

Республикамызда пәнаралық байланысты зерттеп, өзіндік үлесін қосып, ой айтып түсінік қалыптастырған ғалымдарымыз біршама, мәселен: П. М. Иванов (1956), Қ. Мұханов (1967), С. Мұсабеков (1966), А. А. Бейсенбаева (1970), Р. Абасова (1991), С.В. Илларинов (1991), Ж.Ә. Шоқыбаев (2000) т.б.

ҚР-сы Білім туралы Заңында: білім беру мазмұнының ұғымына жеке адамның жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әр деңгейі білім беру жүйесінде көрсетіледі[3,7б.].

Қазіргі таңда жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруде халықтық педагогикаға қарай бағытталуы, ұлттық салт – саналарымыздың қайта түлеуі, оқушылардың ата – бабалар қалдырған бай мәдени мұраларына деген биік құрмет сезімімен жандандыру секілді маңызды мәселелердің барлығы да ана тілін оқыту ісін жетілдіруге келіп саяды. Бұл ұлт болып қалыптасуда, ұлттық сана-сезімімізді тәрбиелеуде әрине қажет-ақ мәселе.

Десек те, бастауыш мектепте, оның ішінде жеке пәндерді оқыту мәселелерінде білім беру үдерісін пәнаралық байланыс негізінде оқыту мәселесі төнірегінде педагогика ғылымының дамуында жинақталған жеткілікті бай мұра бар және оған бүгінгі таңға жинақталған библиографиялық, психологиялық және ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге жасаған талдауларымызда көзіміз жетті.

Әйтсе де, оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыру, жеке пәндер арасындағы ортақ мәселелерді, заңдылықтарды бір-бірімен өзара байланыста қарастыру, білім беру үдерісін пәнаралық байланыс негізінде оқыту мәселесі, оның ішінде бастауыш сынып оқушыларының пәнаралық байланыс негізінде дүниетанымын қалыптастыру мәселесі ғылыми проблема ретінде толық зерттеу объектісіне айналмай келеді.

Міне, осының салдарынан, педагогика ғылымының қазіргі даму деңгейі мен бастауыш сынып оқушыларының пәнаралық байланыс негізінде дүниетанымын қалыптастыруға деген практикалық қажеттілік арасында заңды қарама-қайшылық туындап отыр.

Ендеше, осы қарама-қайшылықты шешу біздің диплом жұмысымыздың негізгі мақсаты болып табылып, оның тақырыбын Бастауыш сынып оқушыларының пәнаралық байланыс негізінде дүниетанымын қалыптастыру деп таңдауға себеп болды.

Зерттеу жүмысының мақсаты:

Бастауыш сынып оқушыларын пәнаралық байланыс негізінде дүниетанымын қалыптастыруды теориялық тұрғыдан талдап, қорытып тиімді әдіс-тәсілдері туралы ұсыныстар айту.

Зерттеу міндеттері:

1.Бастауыш сынып оқушыларының пәнаралық байланыс негізінде дүниетанымын қалыптастыру мәселесі төнірегінде психологиялық, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен танысып, талдау жасау;

2.Пәнаралық байланыстың педагогикалық мәнін ашу. Бастауыш сынып оқушыларының оқу жұмысын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастырудың педагогикалық ерекшеліктерін жолдарын, әдіс тәсілдерін анықтау.

3.Әдебиеттік оқу пәнін оқыту барысында пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың жинақталған оқыту технологиялары мен әдіс-тәсілдерін педагогикалық үдерісте тиімділігін тексеріп көру.

Зерттеудің нысаны: Бастауыш мектептегі оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеудің пәні: Әдебиеттік оқу пәнінің басқа пәндермен байланысы негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастырудың жолдары, әдіс-тәсілдері.

Зерттеудің әдістері: байқау, бақылау, әңгімелесу, педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге талдау жасау, мектеп құжаттарымен танысу.

Зерттеу базасы: Түркістан қаласы,

Диплом жұмыстың құрылымы:

Кіріспе, екі бөлім, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімі, қосымшадан тұрады.

1 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТІҢ ОҚУ ҮДЕРІСІНДЕ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДҮНИЕТАНМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың оқу жұмысын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастырудың педагогикалық мәні

ХХІ ғасыр –білім, ғылым ғасыры болып отыр. Сондай –ақ жас ұрпаққа, жеткіншектерімізге жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер туындап жүріп жатыр. Жалпы орта мектептердегі оқу білім беру ісі ізденіс жұмыстарымен тығыз байланыста болып, қазіргі заманауи дәуір жаңалығымен толықтырылуы тиіс.

Президентіміз Қазақстан-2050 Стратегиясы-қалыптасқан мемлкеттің жаңа саяси бағыты Жолдауында Бәскеге қабілетті дамыған мемлкет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалған. Сондайақ бабаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауатттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Ұрпақтарымыз қазіргі заманға бейімделген болу үшін бұл аса маңызды, деген болатын[4].

Қазіргі заманның бастауыш сынып мұғалімі – дербес әрі сыни ойлай алатын, білімін жылдам өзгеріп тұратын әлеуметтік және кәсіби ортаға бейімдеп пайдалана білетін тұлға десек. Ал қоғамымыздағы өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік, экономикалық құбылмалы жағдайларға бейімдеп өмір сүре білуге дайын болып, сонымен бірге оны өзгертуге қажетінше жақсартуға бейім ықпал ете алатын жан-жақты қабілетті жеке тұлғаны дайындап қалыптастыру. Мұндай тұлғаға заман талабына сай білімді, ұлытжанды, адамгершілігі жоғары болумен қатар бірінші орындағы басты қойылатын нақты шарттар шығармашыл, белсенді, әлеуметтік жауаптылықпен кәсіби сауаттылығы болуы шарт[5, 3б.].

Бұған орай мектеп оқушысының дамуында негізгі рөл болып табылады. Жеке тұлға ретінде баланың жан-жақты дамуы, өзіндік ой мен көзқарастың орнығуы мен ақыл ой-өрісінің жетістігі мектепте оқу барысында қалыптасады.

Сондықтан жоғарыдағы айтылған мәселелердің шешімі - оқыту үдерісінде пәнаралық байланыс негізінде ерекше педагогикалық маңызға мәнге ие болуда екендігі көрінеді.

Қазіргі кезде мектептегі қайта құру білім берудің мазмұнын жетілдіруді, ғылыми пәндердің өзара байланыста жүргізілуін талап ететіндігінде. Мектепте оқушылардың жекеленген пәндерденге қатысты алған білімдерін тұтас біріктіріп қабылдай алмайды. Олардың бір –бірімен байланыстылығы негізгі себебіп, олар бір-бірімен байланысты сабақтастықта қарастырылмайды. Осының нәтижесінде оқушыларда тұтас көзқарастың туындауына қиындық туғызады. Сондықтан да оқушы санасында дұрыс көзқарас қалыптастыру үшін мектептегі оқу үдерісіндегі пәндерің арасындағы пәнарлық байланысты анықтап, дұрыс пайдалана білу қажеттігі туады.

Бұл тұста мектепте оқу-тәрбие барысында оқу үдерісінің оқу пәндері пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырылуы, ғылымдардың көзқарасының, жүйесінің, мақсаттарының бір арнаға тоғысуы, адамдардың интеллектуалы өрісін кеңейтумен қатар, жалпы адамзаттық құндылықтар көзінің де бірігуін, нақты ақиқат дүниенің бірегей біртұтас жүйеде екендігі туралы ғылыми көзқарастар қалыптасуыға мүмкіндік туғызады. Ізденіс жұмысын жүргізетін педагог-ғалымдардың нәтижеге жету, оның ғылыми құрал жабдықтарымен қарулану мен қатар түрлі әдіснамадан тиімді әдіс тәсілдерді саралап ала білунде екендгі түсіндіріледі [6,98б.].

Ал, мектептегі тәжірибеде пәнаралық байланыстарды іске тәжірбие жүзінде жүзеге асыруда мұғалімдерге біршама қиындықтар туғызып отырғаны белгілі. Нақтырақ көрсеткенде, оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыруда, жеке пәндер арасындағы ортақ қағидалар мен ұғымдарды сәйкестендіруде, зандылықтарды бір-біріне өзара сәйкестендіріп байланыстылық жасау, оқушыларға ізденушілік, танымдық, жігерлік қабілеттерін, іс-әрекеттерін, ой-өрісін, ойлау қабілетін дамытуда, алған білімдерін жинақтауда, тәжірибеде қолдана білуге үйретуде тағы басқаша мәселелерде дидактикалық тұрғыдан шешуді талап етеді.

Бірақ соңғы жылдарда пәнаралық байланыс өзекті мәселе ретінде көтерілгендігін байқатады. Дегенмен, жалпы оқу, білімде мектептер арасында бұл мәселе әлі толық өз шешімін таппағанын байқаймыз.

Пәнаралық байланысты мектеп мұғалімдері өз тәжірибелеріне сүйеніп жүргізеді, сондықтан да оқулық пен оқу құралдарындағы тапсырмаларда пәнаралық байланыстың жете қамтылуын жүйелі ойластыру қажет. Пәнаралық байланыс мәселесі кеше немесе бүгін ғана көтеріліп, сөз болып отырмағандығы белгілі.

Білім беру қазіргі заманғы ғылымының, мәдениеті, ғылыми-техникалық прогрестің дамуындағы деңгейіне сай болуының қажеттілігінде. Оқу баланың жалпы білім мазмұндағы ғылымдардың өзара көзқарасы мен байланысы, өндіріспен қоғамдық дамуы жаңару үдерісіне тікелей әсер ететіндігінде.

Пәнаралық байланыстардың классикалық педагогикада өзіндік қалыптасқан көзқарасының даму тарихының жасалған жолдары бар.

Қазіргі таңда да пәнаралық байланыс педагогика ғылымдарының өзекті мәселесі болып тұған уақытта оны жан – жақты зерттеп, тұжырымдаған біздер көрнекті философ, психолог, педагог еңбектеріне талқылау жасай келе оның ішінде философ В.М.Кедров адамның дүниетанымын қалыптастыруда жасаған әртүрлі оқу пәндерінің өзара байланыстырының әсерінің мәніне көз жеткізе тұжырымдаған.

Педагог В.М.Кедров өзінің жасаған ғылыми еңбектерінде пәнаралық байланысқа жаңаша әдістемелік тұрғыдан жасауды ұсынады. Оның көзқарасында пәнаралық байланыс бүгінге дейін мәселен бір ғылымда бір пән, керісінше бір пәнге бір ғылым ғана байланысып өзара сабақтасып қолданыста шектеліп қолданып, тәжірбиеде көрсетіп, ал қазіргі уақытта бір пәнге бірнеше пәнді, ғылымды өзара байланыстырып жан-жақты дамыта, қолданысқа енгізе бастағанын тұжырымдап көресетеді. Соныдықтанда ғылымның зерттеуінде бір пән тек өзіне сәйкестендірілген пәндермен ғана емес, қайта бірнеше өзге пәндермен байланыстыруға болатындығын дәлелдеп, тұжырымдады.

Зерттеушілердің көптеген ой-пікірлерінде педагогтардың немесе психологтардың пікірлерінен қарағанда, оқу пәндерін балалардың түрлі пәндердегі білімдер мен бірліктердің, бейімділіктерді жеке элементтердің арасындағы байланыстарға байқау және қабылдауы олардың сауаттылығын бір жүйеге бағыттайды, ақыл-ойын дамытуға серпіліс туғызады, танымдық қабілетіне шығармашылық мән береді.

Бұл орайда ХҮІ ғасырдан бері қарай пәнаралық байланысқа аса көңіл бөлген мынадай ұлы педагогтарды атауға болады: Я.А.Коменский (1592-1670), И.Ф.Гербарт (1776-1841), И.Г.Песталоций (1746-1827) ғалымдардың өмір сүрген дәуірлерінен бері қарай ғылымның педагогика саласында өзекті мәселесі қатарында пәнаралық байланыс негіздеріне аса назар тудырған.

Осы пәнаралық оқыту барыснда тұжырмадамаларда, Ұлы педагог Я.А.Коменский: Өзара байланысы бар нәрселердің бәрі, сондай байланыс күйінде оқытылуы керек- деп өз ойын білдірген.

Сонымен қатар XIX ғасырдың алпысыншы жылдары қоғамдық-педагогикалық қозғалыстың кең өріс алуына прогресшіл ойшыл педагогтар Л.Н.Толстой (1828-1910), А.И.Герцен (1812-1870), К.Д.Ушинский (1824-1870), Н.Г.Чернышевский (1828-1889) тағы басқа ғалымдар ғылыми тәжірбиелерімен, еңбектерімен өз көзқарастарын білдірді. [7,22б.]

Педагог-классик К.Д.Ушинский өзінің шығармашылық тәжірбиелік ғылыми еңбектерінде көптеген кітаптарын алға тартып мысалы, Балалар әлемі, Ана тілі, Адам - тәрбиенің жемісі т.б. пәнаралық байланыстың қолданыста дидактикалық тұрғыдан аса маңызды екендігін дәлелдеп тұжырымдаған.

Ол тұжырымдаманың психологиялык мәселелерін ашып, жан-жақты байланыстардың бірнеше түрін айқындады:

қарама-қарсылығы туралы;

ұқсастығы болуы;

уақыт және оны реті жағынан еске салу;

пайымдаушылық байланыстың болуы;

жүрек сезімі бойынша байланыс болуы;

өркендеу немесе ұғыну байланысының болуы.

К.Д.Ушинский өз ойындағы ғылым болмысына беретін білімдері мен идеяларна әлемде де және өмірдеде табиғи түрде қабысып, мүмкіндігінше кең құлашты байланыстыра көзқарас дарытуы керек деп есеп есептеген болатын.

К.Д.Ушинский сонымен бірге бізді қоршаған орта нақты қоғам барысында айқын, біртұтас және толық ұғымдар беріп, жақсы көзқарас қалыптастыруға көмектесу пәнаралық байланыстың, көзқарастың үлкен рөлін атап көрсеткен болатын.

Дүниетаным дегеніміз объективті дүниеге және ондағы адамның алатын орнына, адамның өзін қоршаған шындыққа және өзіне қатынасты туралы көзқарастар жүйесі, сонымен қатар осы көзқарастарға тәуелді адамдардың өмірлік позициясын, олардың сенімдері, мұраттары, таным және іс-әркет принциптері, құндылық бағдарлары.

Педагогика ғылымы оқушы тәрбиесінің мазмұнына енетін ғылыми дүниетанымды қалыптастыру мәселесін шешуде оның құрамды бөліктерін ажыратын қарайды. Педагогикалық ғылыми еңбектерде дүниетанымның төрт құрамды бөлігі көрсетіліп жүр. Олар: ғылыми білім жүйесі; дүниетаным; сенім; адам мұраты.

Білім объективтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибесі. Білім арқылы табиғаттың және қоғам құбылыстарының объективті жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғады. Ғылыми білім қалыптасудың және дүниетанымды дамуының үлкен тірегі. Міне, осының нәтижесінде білім әр адамның көзқарасына, сеніміне айналады.

Дүниетаным жеке адамның табиғи және әлуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы байымдауы, ой тұжырымы. Адамзаттың пайда болу тарихын түсіндіруде әр түрлі көзқарастардың бар екені мәлім. Мысалы, материалистер мұндай проблеманы ғылыми дүниетаным тұрғысынан дәлелдесе, ал дін ұғымының өкілдері тәңірдің қалауымен деп тұжырымдайды.

Сенім терең, тиянақты ойланып айтылатын идиялардың жиынтығы. Сенім жеке адам өмірлік позициясын беріктігін анықтайды, мінез-құлқын сипаттайды. Әр түрлі идия алам сенімінің негізгі, шындықты терең тану, оның соңынан еріп отыру.

Адам мұраты жете түсінудің жоғарғы кемелі, адам баласының жоғары мұрат-мақсаттары, өмірге ұмтылушылығы, талаптанушылығы. Мұрат айналадағы өмірді жетілдіруде және қоғамның әлуметтік-экономикалық үдеуін дамытуда адамның сезімін оятады.

Дүниетанымның қалыптасуы ұзақ және күрделі процесс, оның нәтижесінде жеке көзқарастар және сенім жүйесі дамиды, қалыптасады, олар жеке адамның әрекет жасауына басшылық болады. Дүниетаным прцессінде әр түрлі факторлар, мәселен, әлуметтік және микроорта мен тәрбие, жаппай ақпарат құралдарты т.б. әсере етеді. Олардың әрқайсысы іс-әрекеттеріне әр түрлі ықпал жасайды.

Жеке адамның өмірге, табиғатқа көзқарасының қалыптасу процесі дүниетаным идиясы элементтерін игеруден, яғни білімнің, ғылымның негіздерін және мінез-құлықтың белгілі нормаларын білу, оларды сақтай білуден басталады.

Дүниетанымдық білімін оқушылар дене ақыл-ой күшінің дамуына, білім деңгейіне сәйкес бірте-бірте игереді. Орыстың ұлы педагогы К.Д.Ушинский Әрбір сыныптан, ең кіші сыныптан, бастап оқушылардың жасына қолайлы өзінің жинақталған көзқарасы болуы керек... Әрбір жыл сайын бұл көзқарастың тереңдетілуі, кеңеюі, толықтырылуы тиіс!, - деп жазды.

Қандай дүниетанымдық ұғымды бастауыш, орта, жоғары мектеп жасындағы балалардың меңгеруі керек?

Оқыту мен тәрбиенің әрбір кезеңінде дүниетанымдық білімнің мазмұны, терендігі және оларды оқушыларға түсіндіру мемлекеттік оқу және тәрбие бағдарламаларында қарастырылған. Оларда оқушылырдың жас ерекшеліктері және күрделі дүниетанымдық ұғымды игеру қабілеттері еске алынған.

Бастауыш сынып оқушылары дүние, табиғаттың құбылыстары, біздің еліміздегі, шетелдердегі қоғамдық және саяси өмір туралы, адамның табиғатпен өзара әрекеттесуі, қоғам өміріндегі оның іс-әрекеті туралы ғылыми білімнің бастапқы негіздерін игереді. Оқыту және тәрбие барысында отан, халық туралы, алдыңғы қатардағы адамдардың дүние жүзілік халықтардың бибітшілік және бақыты үшін күресі туралы оқушылардың түсінігі қалыптасады.

Оқушылардың ғылыми дүниетанымы жаратылыстану, математика, физика және гуманитарлық пәндерді оқу барысында дамиды, сонымен бірге олардың көзқарасы қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек туралы қалыптасады, құқықтық санасы, азаматтық жауапкершілігі тәрбиеленеді. Дүниетанымның қалыптасуы оқытудың өмірімен тығыз байланысты, оқушыларды еңбек іс-әрекетіне тарту, яғни бұл дидактикалық және тәрбиелік жағдайлардың бірі.

Оқушылардың өмірлік жағдайларының қалыптасуы, әлуметтік тұрмыс және адамгершілік қалып, олардың практикалық іс-әрекетіне үлкен ықпал жасайды. Өйткені осы ортада әрбір оқушы өмір сүреді, тіршілік етеді. Бұлардың бәрі оқушылардың еңбегін, қоғамдық пайдалы іс-әрекеттерін дұрыс ұйымдастыруды талап етеді. Осындай тиімді олардың өмірлік тәжірибесі артады, іскерлігі және дағдысы дамиды.

Оқушылардың табиғат және қоғам туралы ғылыми білім шеңбері кеңейеді, тереңдейді, диаликтикалық ойлай білуі, табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын дәлелдеп түсіндіре білуі қалыптасады. Олар жинақталған адамгершілік идияға төселу үшін өздерінше жете түсінуге, шыңдықты іздеуге, өздеріне және басқа адамдарға жоғары талап қоюға, барлық істерде әділетті, адал болуға тырысады.

Әр түрлі проблемаларды ( саяси, әдебт, ғылыми т.б.) байымдау, талдау және оларға қорытынды жасауға саяси – идиялық, ғылыми-техникалық бағыттылықты басшылыққа алуды оқушыларға үйрету қажет.

Дүниетанымды қалыптастыруда оқытылатын құбылыстар мен процестерді ғылыми тұрғыдан түсіндіру керек. Мысалы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің даму ссебептері, бір түрдің жойылып кетуі, екіншісінің берік өмір сүруі көп жылдар бойы жұмбақ болып келеді. Атақты ағылшын ғалымы табиғат зерттеушісі Ч.Дарвиннің табиғи сұрыптау теорисы олардың себептерін ғылыми негізде түсіндірді.

Жеке адамның дамуына және мінез құлқында дүниетанымның рөлін баса айта келіп, А.С.Макаренко біз мектептерімізден әр уақытта, өз өмірінің әрбір кезеңінде өзінің бақыты үшін қобалжымай, дұрыс өлшем табатын, жігерлі, идиялы қоғам мүшелерін біріктіруіміз керек,-деді. Сондықтаң ғылыми дүниетанымның қалыптасуы тұтас педагогикалық процестің барлық салаларына ену керек. Оқыту және тәрбие жұмыстарының әр түрлі құралдарын, әдістері мен тәсілдерін жинақы пайдаланудың нәтижесінде оқушылардың ғылыми көзқарастары, сенімі және мұраты қалыптасады, табысты болады.

Қай уақытта болмасын дүниенің жаралуы, табиғаттың түрлі құбылыстары туралы адамның өзіндік көзқарасы, түсінігі болды. Кейбір табиғат құбылыстары тылсым жұмбақ болып көрінеді де, адам санасына елеулі әсер етеді. Адам тосын бір жағдайға кездессе немесе өзіне беймәлім нерсені көрсе, көпшілік жағдайда оны ойға салып қортындыламай, сезім жетегіне еріп кетеді. Табиғат құбылысына терең тылсымына үңілуде адамзат баласы талай-талай жолдардан өтті. Бай тәжірибе жинақталды. Дегенімен, адамның ақыл-ойы, өресі жете бермейтін құбылыстар аз емес.

Түрлі салт-дәстүр, әдет-ғұрып, ойындар т.б. халықтың рухани сезімін, адамгершілікті қасиетін, мінез құлқын ғана қалыптастырып қоймай, дүниетанымын кеңейтіп, түрлі білімдер негізінен мағлұмат береді. Бізге келіп жеткен салт- дәстүр мен әдет-ғұрыптардың өзінен қазақ халқының асқан даналығы мен ғажап зердесі табиғатқа деген адамгершілікті көзқарасы аңғарылады.

Бірсыпыра ғалымдарымыздың (Гұзылхан А., Қалиев С., Оразаев М., Смаилов М., Сағындықов Е., Табылдиев Ә., т.б.) еңбектеріне сүйеніп, қазақ халқының танымдық мұрасының соншалықты молдығын қысқаша атап кеткен жөн.

Қазақ халқының танымдық мұрасының молдығы кімді болса да таң қалдырғандай. Қысқаша атап өтейік.

Ең көне ескерткіш тас бетінде салынған сурет – пиктограммалар. Тіршілік үшін тылсым табиғат пен тіл табысқан көне замандағы бар білімі, таным түйсігі, зердесі, ақыл-парасаты белгі бейнелер түрінде тас бетінде таңбаланған.

1.Тастан қашалған тоғыз құмалақ тақтасының орны; адам маңдайының, мұрнының және екі алақанының, тізелері мен табандарының ойық ізі; жан-жануарлар, мал жетектеген адам бейнесі, т.б. олардың лайықты сандық мөлшерде бейнеленуі белгілі бір ойды білдіретін жазу екендігіне күмән жоқ.

2.Тас бетіне белгі бедер түсіру үшін арнайы құрал қажет. Мұның өзі өткен ұрпақтың тіршілігінің кең көлемді, терең білім негізіне құрылғанының айғағы.

3.Қорымдар да сәулет өнерінің бірегей туындылары.

4.Тастан үйілген обалар зерттеушілердің айтуынша қарапайым обсерватория болған. Аспан шырақтарының қозғалысы анықталып, ауа райы өзгеруі жобаланған.

5.Зәулім ғимараттар даламызда бой көтерген сәулет өнерінің сан ғасырлық тарихы.

6.Кйіз үй қазақ халқының сан ғасырлық ақыл-ойының, өмірлік тәжірибесінің табиғатты түсіне білуінің, шеберлік пен даналық суреткерлігінің құдыретті туындысы. Ол-сәулет өнерінің әлемдік озық үлгісінің бірі. Күрделі геомитриялық беттердің біртұтастығы құрамы, олар аспан санына негіделген. Белдеуі – зодиактік шеңбер. Шаңырақ-көк күмбезінің кішірейтілген бейнесі. Түндік әлемнің төр бағытын ұсчқайды. Уықтар саны дұрыс анықталғанда шаңырақтан түскен күн сәулесінің жүрген жолынан бие сауым, сүт иесірім, ет асым, жүн тұсау бойы, шілдір бойы, арқан бойы көтерілді деген уақыт өлшемдері анықталған. Қорыта келгенде киіз үй өнер туындысы ғана емес халықтың астрономиялық т.б. өмірлік білімнің айқын көрсеткіші.

7. Шаруашылық есебін жүргізу үшін қарапайым есептің білімдер негізін білу қажеттілігіне сай бес саусақты пайдаланудың әдістерін меңгерген, саусақ буындарының жылдың төрт мезгілін, жыл мезгілігіндегі күннің ұзақтығын, бала тәрбиесінде тіл ашу, дүниені құраушы тектерді анықтау т.с.с. ұғымдар түсіндірілген.

Бес саусақ негізінде құрылған білімдерді игеру негізінде әлемдегі бірлікті тану жүзеге асады

8.Халық ауыз әдебиетінің түрлі жанрлары терең білім мен ғылымның айғағы. Сөз кездейсоқ айтыла салмай, халықтың дүниетанымын көрсететіндей белгілі бір философиялық ойға құрылатындығы көрінеді.

Табиғаттағы зандылықтың басы ұлы үйлесім (гармония) оның негізгі шарттарының бірі танас( симмитрия). Осылардың бәрі қазақ халқының әрбір нақыл сөзінде, ой тұжырымында, іс-әрекетінде зерделіп түсінуге болатындай көрініс тапқан. Олай болса халқымыздың дүниетанымы табиғат біртұтастығынан шыққан ғылыми білімдерден нәр алды. [8,103-108б.]

Халықтың ұлы ағартушысы, әрі ойшыл педагогы артына өшпес, өлмес мұрасын сыйлаған, халқының адал перзенті Ыбырай Алтынсарин Қазақ хрестоматиясы мен Қазақ мектептерінде орыс тілін үйренуге басшылық деген екі еңбегін, оқулығын ұсынды. Бұл жинақтарында білім мазмұнында дидактика қағидаларына қарай бағыттаған. Оқулықтар оқушылардың сөз қорын, ойлау қабілетін, өзіндік танымдық қабілеттерін арттыруға әсер жасайтын табиғаттың құбылыстарын, қоршаған айналамен тұрмыс-тіршілік көріністерін суреттейтін әңгімелер туралы, суреттемелер көрінісі, аңыз-ертегілер мен еңбек әрекеттер туралы көптеген өмір тіршілігінің материалдар алынған.

Қазіргі заманғы мектепте қызметті асыруға болатын орасан зор педагогикалық тәжірбиелер жинақталған. Ол материалдардың ерекшелігі пәнаралық негізде болуы. Мәселен, Қыпшақ Сейтқұл, Білімнің пайдасы, Қобыланды батыр мен Тайбурыл. Көптеген мақал-мәтелдерді, жұмбақтарды мазмұнына қарай тақырыптарға бөліп (Адам, әйел, білім, еңбек, оқу, табиғат, жан-жануар т.б.) әдебиеттік оқумен орыс тілін қатар алып балалардың дүниетанымының жан-жақты ерекшеленіп, тәрбиеленіп дамуына мән берген.

Қазақтың дара туған данасы Құдайберді ұлы Шәкәрімнің (1858-1931) қандай бір өлеңін, дастаны мен қара сөзін, әңгімесін, мысалы мен мақал-мәтелдерін парақтап ашсақ, өзінің өмір бойғы жүрек жарды ойы, арманы, үміті мен ниеті, көңіл қалауы, халқының білімді, саналы, арлы адам болуын армандағанын көреміз.

Біз Шәкәрім шығармаларынан адам өміріне араласар, адам тағдырын, білімін, оның мәнісіне үңіліп, оның жыр-сырын білуге, сезіп тануға арналған толғаныстарын білеміз. Осылай біртіндеп пәнаралық байланыс идеясының өзекті мәселе ретінде педагогикалық шығармашылық, ой-пікірдің дамуында шешуші орын алып отырды.

Бұндайтопты құрудың қажеттілігі бірқатар жағдайларға байланысты. Біріншіден, педагогикалық жаңалықтардың немесе түбірлі педагогикалық идеяның құндылығынығ аңғарыла берілмеуінде.

Екіншіден, қосымша уақыт және т.б. қажет етеді деп ол зөінің идиясын іске асыруға көбіне құлшына кіріспейтіндігінде. [9,138-141б.]

Пәнаралық байланыс педагогика ғылымында өзекті ретінде бұрынғы одақ көлеміндегі ғалым зерттеушілердің еңбектерінде орын алып келді.

Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының педагогика кафедрасы ұйымдастыруымен Республикамызда бірінші рет 1973 жылы Орта мектепте ғылым негіздерін оқыту үдерісінің пәнаралық байланыс мәселесіне арналған бүкілодақтық ғылыми-әдістемелік конференция өткізілген.

Бұл конференция өзінің ғылыми теориялық тұрғысынан, қарастыратын мәселесінің маңыздылығы жағынан өте жоғары деңгейде өтті. Оған дәлел педагогика-психология, философия және жеке пәндерді оқыту әдістемесі мәселелері бойынша ғылымда танымал болған ірі ғалымдар М.М.Левина, Р.Г.Лемберг, В.Н.Максимова, Н.А.Лошкарева, т.б. қатысып баяндама жасады.

Қазақстан Республикасы ғылымына еңбегі сіңген қайраткер, профессор Р.Г.Лемберг пәнаралық байланыстың әдіснамалық және педагогикалық негізіне арналған баяндама жасады.Сонымен бірге осы пәнаралық байланыс мәселесімен шұғылданып жүрген педагогика кафедрасының ғалымы А.А.Бейсенбаева Мектептің оқу-тәрбие үдерісі жұмысында пәнаралық байланысты жүзеге асыру тәжірибесі туралы көлемді баяндамасында пәнаралық байланыстың дидактикалық ерекшелігіне тоқтады.

Жалпы мектепте оқытудың проблемаларын сонымен қатар тәрбиелеуге байланысты өзекті жан-жақты қарастыра отырып, пәнаралық байланыс туралы сонмен бірге білім берудегі интеграцияны әртүрлі жақтан тұжырым жасауға Н.В.Малахов, И.А.Лошкарева, И.Д.Зверев, В.Н.Максимова, Т.Г.Рамзаева, Н.Н.Светловская, М.Р.Львов, Н.Я.Велинкин, тағы басқа ғалымдар үлес қосқан. Осы педагог ғалымдар еңбектері пәнаралық байланыстың мәселелері жан-жақты талқыланып қарастырылды.

Қазақстан педагогикасында жалпы орта білім беретін мектепте оқу-тәрбиеге интеграциялау мәселесі педагогикалық тұрғыда ғалымдар Б.Т.Нәбиева, А.Р.Бектениярова, А.Ерімбетова, Р.К.Аббасова, А.А.Әбдиева сынды ғалымдар жаңа типтегі мектептерде ғылыми тәжірибелер жасау барсында интеграциялаудың жаңа көзқарастармен педагогикалық негіздерін қалыптастыра отырып Г.К.Мендіғалиева, аспиранттардың оқу жөне зерттеуші қызметін интеграция мәселесінде Т.Н.Бақайбекованың бастауыш білім мазмұнын интеграциялау мәселесін К.Жүнісова, Ә.Мұханбетжанова сынды педагогтар жүргізген. Ғалымдармыздың ғылыми практикалық еңбектері аса жоғары бағаланып, қолданыс тапқан.

Ғалым М.Берулова өзінің еңбектерін оқу пәндерін біріктіріуге байланыстың бірнеше деңгейі барлығын екендігін дәлелдеп, тұжырымдап шыққан. Жалпы пәнаралық байланыс зерттеу нәтижесінде бастапқы бірінші деңгейінде пәндердің кіріктіру негізіндегі кешенді ғылым пайда болатындығы. Екінші деңгейінде - дидактикалық біріктіруге сай деңгейі көрінеді. Онда деңгейдей барысындағы оқу пәндері өзара байланысын үнемі жүзеге асырылған, өзара бірлескен әрекет етуші пәндер деңгейін өз қорытындысын негізіндеуге сай. Үшінші деңгейінде - пәндер өзара байланысыны ең төменгі деңгейі болып есептеледі. Пәндер өзара байланысын оқушылар білімін сынауда, талдауда, жүйелеуде негізгі дидактикалық міндеттер барысында шешімін табады. Соңғы айтылған деңгейде бастауыш мектепке оқыту барысында қолдануға тиімді болып отыр.

Бүгінгі қоғамның терендеп келе жатқан заман талабына сай үдерісі мектепте ізденіс негізінде білім берудңі, ғылымдардың сан түрлі салаларының өзара байланысын негізіндеге талап етіп отырған. Осыған сай, пәнаралық байланыс философиялық, психологиялық, жалпы ғылымдық, арнайы дидактикалық негіздері анықталуы тиіс екендігінде.

Пәнаралық байланыста ғылыми тұжырымдамасында жалпы философиялық тұрғыдан қарағанда дүниедегі барлық заттың, құбылыстардың бірімен-бірінің өзара байланыстылығы туралы тұжырымдалған дүние туралы білімдер де бірімен-бірі байланыста болуы болып табылады.

Жалпы оқулықтар әр ғылым саласының логикасына сай болғандықтан, олар өз ара бір-бірінен өз алдына дербестеніп оңашаланып бөлектенбейдіндігінде. Ғылымның сондықтанда талабы өзара бір –бірімен байланыстылықты тануында.

Оқу жұмыстарын ұйымдастыру барсында пәнаралық байланыста материалдарды өзара байланысын сұрыптап, бір-біріне берер үйлеесімін ықпалын, негізгі тенденцияларын, ортақ, әлеуметтік, экономикалықта руханилық ортақ белгілеріне бір-біріне сабақтастыру арқылы, ортақ бөліктерін бір-бірімен теңестіру арқылы тең заңдылықтарын ащуды көздеуі тиіс. Балалардың меңгеретін білімдерін сайып келгенде, әрбір жеке тұлға көзқарасына, сеніміне, өмірлік құндылықты бағдарына, мінез-құлқының қасиетіне айналуы керектігінде. Қазіргідегі талаптар бойынша қоғамда, табиғатта пәнаралық байланыс негізіндерінде оқытудың мақсат етіп қойып оқытсақ, ізденсек, данышпан сазгер, ақын, педагог, жазушылардың еңбектерін көптеп пайдалануға болады. Ғалым М.Орынбековтың зерттеулерінде Абай шығармаларын зерттей отырып Абай философиясының негізгі ойның түпкі мағынасы адам туралы екенін ашып айтқан. Абайдың шығармалары арықылы уағыздағаны - адам бойындағы ұстаным адамгершілік, ізгілікке, еңбекқорлыққа, білімділікке, өзін- өзі бақылауға, ұяттылыққа, парасаттылыққа бағыттап отыратындығы айтылған. Абай атамыз аңсаған адам тәрбиесі үнемі оқуға- ағарту ісін алдына қойып алға жету мақсаттарын орындау болып табылады. Қазіргі уақытта жеке тұлғаның тәрбиесінде жоғары деңгейге көтеру екендігі. Абайдың еңбектері мен қара сөздеріне, ой-пікірлері мен шығармаларына соқпай өту мүмкін еместігін анық. Бастауыш мектепте оқушыларға тәрбие мен білім беру барысында өлеңдер, тақпақтардың алатын орнына жетпейтіндігінде. Осындай тәлім-тәрбиені мұғалімдер сабақ өту үрдісінде пәнарлық байланыс арқылы қалыптастырумен оқушыға жеткізе алады. Сондықтан да бастауышта сынып оқушыларының әдебиеттік оқу сабақтарында шығармашылық тұлғасына пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың дүниетанымын қалыптастыруда философияның педагогика мен психология т.б жеке пән әдістемелерінің де бір-бірімен тығыз байланысы бар екендігі анық.

Оқушылар дүниетанымын қалыптастыруға себеп болатындай мектепте қоғамтану пәні де бар еді. Бұл пәнде оқушылардың дүниетанымы табиғата адамдардың ойының даму заңдылығына диалектикалық тарихи материализм негізінде қабылдау теориялық танымдық белсенділік біліммен шыңдалып көрінетін еді.

Мектептегі оқу үдерісіндегі оқу пәндерін қарастыратын табиғаттану, қоғамтану, адамдардың бір-бірімен өзара әрекеті жөніндегі негіздері олардың білім беру мазмұнына біртұтас жүйесінде біріктіру. Бұл орайда арада пәнаралық байланыста дүниегеде көзқарас қызметі өте маңызды және шешуші рөл атқарады.

Дүниеге көзқарас - адамдар іс-әрекетіне терең мән беріп әсерленетін әлемдегі даму заңдылықтарының табиғатта және қоғамда болатын құбылыстары жөніндегі көзқарастар жүйесі болып табылады. Дүние өзі макро, микро, мега жүйелерді құрайтын көпсалалық байланыс болып есептелсе обьектілері және құбылыстар жиынтығы болса, дүниетаным негізіне дүние туралы дәлелді бір білімдер жиынтығына енеді. Дүниетанымда әртүрлі білім, ғылымдарды игеру барысында, онымен бірге күнделіктегі көзқарастардың санада ой тану нәтижесінде тұрақанып қалыптасады.

Пәнаралықта байланыстару тәрбие функциясының оқушыларда диалектикалық-матералистік дүниетанымдар, дұрыс дүниеге көзқарасты қалыптастырудың жолдарын көзейді. Осыған сәйкес бастауыш мектепте оқушылар білім мен тәрбие беруде, дүниетаным қалыптастыру өте маңыздылығы артқан құрылымының бірі ретінде - пәнаралық байланыс болғандықтан, пәнаралықта пәндердің байланыстылығының негізгі міндеттерін көрсетуге болады;

1. Оқушыларды оқу үдерісіндегі пәнаралықты байланыстың түсінуіне, саналы түрде қабылдауына, танымдық шығармашылық белсенділігін арттыру жұмыстарын ұйымдастыруда;

2. Оқу пәндері оқушылардың тәрбие мен білім беруде, пәнаралық байланыс орнату мүмкіндіктеріне ерекше айқындау мақсатында білім беретін мектепттердің оқу жоспарылары мен бағдарламаларын талдау жасау қажеттілігі. Мұғалімдердің пәнаралықта байланысты жасаған тәжірбиелерін қолдану;

3. Оқудан тыс және сыныптан тыс жұмыстардың пәнаралық байланыс арқылы жүргізілуін ескеру. Бұл талапты шешу озық ойлы мұғалімдердің тәжірибелерін жинақтауды талап ете отырып, жұмыстың тиімді түрлерін тәжірбиеде қолдануды қажет етеді.

4. Оқу пәндерінің арасындағы пәнаралық байланыс өзара байланыстың дамуы мен танымдық шығармашылық іс-әрекетте белсенді, жан-жақты болуына жол ашады.

5. Бастауыш сынып мұғалімдерінің пәнаралық байланыста жүргізетін педагогикалық іс-әрекетін ғылыми негізде шығармашыл ұтымды ұйдастыруына себепкер болады.

Пәнаралықта байланыстың мәні оның ішкі құрылысында жатқандығында, одан оқыту мен тәрбиені дұрыс, жүйелі ұйымдастырудың көп қырларының бірі екендігін танытады. Пәнарарлық байланыстың іске асырылуында методология шешуші қызмет атқаратын мынадай негіздер басшылыққа алынады.

1.Пәнаралықта байланыс философиялық негізде дүнтедегі барлық заттың, құрылыстың бір-бірімен өзар байланыстығытууралы тұжырымдалған дағды алынады. Дүниедегі бар құбылыс бір-біріне тығыз байланысты болады, сондықтан оны танып білетін ғылымдарда өзар байланысты.

2. Пәнаралық байланыстың жүзеге асырылуына оның психологиялық негізгі үлкен қызмет атқарады. Пәнаралық байланысты педагогика ғылымында зерттеуші ғалымдар пәнаралық байланыста психология саласының негізінде И.Павлов есімімен тығыз байланыстыра қарастырады.

И.П.Павловтың миды аналитикалық-синтетикалық қызметін зерттегенін, үздіксіз оның дамуда болатындығын және өзгерісте болатынын анықтады. Мида сыртқы дүниеден қабылданатын көптеген тітіркендіргіштері орнықтырылып жүйегеде келетінін түсіндіреді. Сондықтанда олар жүйкедегі үдерістернің күрделі динамикалық жүйесі болатындықтан, ол мидың анализдік, синтездік қызметі арқылы орындаладындығы. Әр оқу пәннің жүйесіндегі сонымен бірге пәндердегі бірлестігіндегі білімдерің жүйесі сәйкес келетіндігінде.

Пәнараалық байланыс психологиялық негізін ашуға ұмтылыс жасаған педагог ғалымдардың бірі - немістің идеялист педагогы И.Ф.Гербарт ол өзінің еңбектері арқылы жан-жақты тәрбиелеуді, білім беруді пәндердің арасындағы және пәнішілік күрделі байланыстарымен тығыз бірлікте қарау керектігін атап көрсетеді. И.Ф.Гербарт оқытудың негізгі жолдарын төмендегідей үлгіде көрсетеді.

Көрсету

Байланыстыру

Үйрету

Философиялық негіздеу

Сезімге әсер ету жағынан мына үлгідегі болуын айтады.

Көрнекілік

Байланыстылық

Көтерінкілік

Қызығушылығын арттыру.

ХVIII-XIX ғасырлардың ұлы педагогы И.П.Пестолоций пәнаралық байланыстылықтың маңыздылығын мойындай келе, оны тәжірибеде іске асыруға тырысты. Оның дидактикалық шығармаларында оқыту өнерінің физика-механикалық заңдылықтары туралы жиі айтылып отырады. Бірінші орынға ол мына талапты қояды Өз санаңызда пәндердің арасындағы шын мәніндетабиғи байланысты көрсетіңіз Пестолоций пәндер бір-бірімен байланысын тәжірибеде іске асырудың үлгілерін көрсетеді.

Пәндерді араластырып оқытуға неміс педагогы Адольф Дистервег қарсы шықты. Ол әрбір пән өзіндік ерекшелігімен, өз құрылысын сақтай отырып оқытылуын дәріптеді. А.Дестервег пәнаралық байланысты мүлдем жоққа шығармайды, тегі бір, ұқсас пәндерді, мазмұны жақын пәндерді оқыту барысында аталған әдісті толық қолдануға болатындығын айтады.

Жалпы, мұның өзі дүниенің шындығын жан-жақты тұтас қабылдауға, ғылыми түсініктердің қалыптасуына және табиғат пен қоғамның, өмірдің диалектикалық зандылықтарын танып білуге кедергі жасайды. Сондықтан психологтар өздерінің зерттеулері арқылы оқу пәндері арасында өзара байланыстың мәнін психикалық процестердің заңдылықтарымен көресетеді.

Ғылымилық әдебиеттер барысында пәнаралықта байланыс дидактикалық негізде өсу пәндерін алынған. Ғылымдар гуманитарлыққа, табиғаттануға және техникалық болып дәстүрлі топтастырылуында, оларды зерттейтін объектілері ортақтылығына, пәндік қатынастар бірлігіне бағытталған. Олардың қоғамды, табиғатты, еңбек салаларына байланысты біріктіріледі де, әр пәнге өз ішіндегі біліміне, іскерліктерне арналған материалдың оқушылардың жалпы танымдық объектілеріне сай бір жүйеге бағытталады.

Қазіргі уақытта жалпы мектептерде оқу білім беру мазмұның, оның ішіндегі оқу жоспарларың пәнаралық байланытас негізінде шығармашылығы артып, жетілдіріліп келеді. Осығанда сай, ғалыми зерттеушіле, шығармашылыққа еңбектеніп мұғалімдердің жұмыстары жүйеге келтірілген, қорытындаланған жаңашыл пәндер оқу-тәрбиеге қатысты оқыту барсында қажет екендігін көрсетіп отыр.

Пәнаралық байланысты дидактикалық негіздерде жоғарыда аталған оқу пәндерімен қоса, оқу-тану іс-әрекетінің жүйесі жатады. Оқу-тану іс-әрекетін, іс-әрекеттер деп қарастырғанда "іс-әрекет" жөне "амал" түсініктерін есте ұстаған жөн.

Оқу үдерісінің барысында оқушылар танымдық, тәжірибиелік, мақсаттылығы-бағдарлылығы іс-әрекеттерменде айналысады. Бұл іс-әрекеттер барысында оқушының пәнаралық байланысқа деген іскерлігі қалып тұрақтанады.

Пәнаралық іскерлікте оқушыны бір пәнді меңгерге отырып білімге іскерлікке дағдыларын, екіншіге жақындау пәндер меңгерудің пайдалы жан-жақты білу қабілетінен көрініс табады. Мәселен, әдебиет, тіл оқыту пәнінен меңгерген материалды, оқулықты пайдалану іскерліктері, дүниетанудан, тіл дамытудан, математикадан, сауат ашудан пәндерді оқып үйренуде қолданыс табады. Сондай-ақ оқушының бір пәннен алаған, үйренген еңбектері, іскерліктернің екінші пәнді жан-жақты терең үйреніп дағыдалнуына ықпал жасайды.

Пәнаралық байланыста негізгі дидактикалық міндетінің бастысы - ол оқытудың үдерісінде білім беру және тәрбие беруге дамытушылыққа бағытау арасындағы байланыстың құрылуы болып табылады.

Жалпы сараптай келе пәнаралыққа байланыс маңыздылығына мыналарды жатқызуға болады:

1. Мектептегі оқу пәндерінің өзара арсында байланыс болуы - ғылымды меңгеру негізінде және білім жүйесі дамуының қажетті шарттары.

2. Диалектикада көзқарасы қалыптасуының білімдегі мазмұнының барлық тиісті құрамдас бөлімдерінің байланысына талап етеді.

3. Тәрбие берудің жүйесін пәнаралық байланыста жан-жақты барлық салаларына кешенді жүзеге асыруды көздейді.

4. Педагогикалық еңбектердің ғылымилық негізінде пәнаралық байланыста тиімді ұйымдастырылуына қолқабыс етіледі.

5. Мектепте педагогиктық ұжымда барлық іс-әрекеттер бір-бірімен келісімді, демократиялық негізде жүргізуге көңіл бөлінеді, әсеретіп тиімділігі артады.

Бастауышта жекелеген пәндерде ең бірінші оқушыларда мәдениеттіліктің базистік қырларын қалыптастыруда, яғни оның жекебас тұлғасын тәрбиелеуге қызмет ететіндіктен, білімдік мазмұнының біртұтастығын қалыптастыруды қамтамасыз етудің маңыздылығы бар. Бір сыныпта барлық пәнді бір мұғалім оқытуының да мәні осында.

Бұл тұтастық үш түрлі ұстаным негізінде жүзеге асырылады.

1. Қосарлана ену заңы ұстанымы - білімнің базистік салалары жалпы білім мазмұнына екі түрлі жолмен: 1) жеке курс (пән) және, 2) басқа пәндер мазмұнының бөлінбес бір бөлігі түрінде енгізіледі. Мысалы, әдебиеттік оқу әрі өз алдына жеке пән, әрі оның оқушы тіл дамыту, сөздік қорын молайту; сол сияқты мәселелері барлық пәндерде де ұдайы қолданылып, жетіліп отырады.

2. Зерттеу нысанасының немесе әдісінің ортақтығы, Түпкі мақсат - түрлі мақсат бірлігіұстанымы.

Мысалы, қазақ киіз үйі дүниетану пәнінде халықтың көшпенді өміріне тән тұрмыс- тіршілігінің бір басты сипаты ретінде қарастырылса, бейнелеу өнерінде - архитектуралық ғимарат, еңбек пәнінде - киіз үйдің ши тоқу, киіз басу, әртүрлі баулары сияқты бөліктерін дайындау біліктерін меңгертудің нысаны ретінде қарастырылады; олардың өлшемдерін, мөлшерін, пішінін белгілеуге математика қатысады. Ал, оқу әрекетін қалыптастыру тәсілдері барлық пәнде жүргізіледі.

3. Оқу барысында бір пәннен алған білім, білік, дағдыны екінші пәнді оқытуға тірек ету, яғни кәдімгі пәнаралық байланыс ұстанымы.

Мысалы, дүниетануда жыл мезгілдері туралы алған ғылыми түсініктерді бейнелеу өнерінде Күз бояулары, Жапырақ мозаикасы, сол сияқты тақырыптарда пайдалану, еңбек пәнінідегі ауылшаруашылығы еңбегімен байланыстыру.

ҚР БҒМ Бастауышта білім сатысында білім берудің жоғарыда көрсетілген түбегейлі мақсат, міндеттерін жүзеге асыруда әр оқу пәнінің өз орны мен рөлі бар. Тіл мен математика реалды ақиқаттың ең маңызды саласы және адамның алуан түрлі коммуникативтік жағдайларға еркін араласып қатысу, сауатты бағдарлай алу қабілетін дамытып, жүзеге асыратын табиғи (әдебиеттік оқу және жасанды (математика) тілдер туралы оқушының қажетті білім алуына, ауыз - екі сөйлеуін дамыту, ойын жазбаша сауатты жеткізу біліктерін қалыптастыруға, дүниені көркем сөз немесе математикалық өрнектер арқылы бейнелеп қабылдауға кеңінен жол ашатын, танымдық, тәрбиелік, дамытушылық мүмкіндіктері мол жетекші пәндер ретінде қарастырылады. Бұл пәндердің бағдарламалық мазмұны оқушының лингвистика дүниесін, тіл құбылысын, оның зандылықтарын біршама бағдарлауына мүмкіндік беретін, әдеби сауаттандырып, оның шығармашылығына жол ашатын, арифметиканың амалдар заңының негіздерін түсінуді қамтамасыз ететін, математикалық тіл элементтерін меңгертетін, оқушының абстрактылы ойлау элементтерін дамытуға көмектесетін ұғымдар жүйесін қамтиды.

Білім оқушының табиғи және әлеуметтік жаңа ортаға икемделуін, өр алуан әрекет түрлерін меңгеруін, айналадағы дүниемен жекебас тұлғалық қарым- қатынасын, этикалық, адамгершілік нормаларды бойына дарытуын және белгілі бір қажетті деңгейде болуын қамтамасыз ететін құрылымдық жағынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың маңызы және оның басқа пәндермен байланысы
Математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру
Бастауыштың педагогикалық үдерісін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырудың әдістемелік ерекшеліктері
1-сынып оқу үдерісінде қазақ тілі мен математиканы байланыстырып оқытудың тиімділігін анықтау
Пәнаралық байланыстың негізі
Дүниетануды оқытудың ерекшеліктері
Бастауыш сыныптарда оқытуда пәнаралық байланыстың әдістемелік негіздері
Еңбекке баулу пәнін оқыту барысындағы пәнаралық байланысты жүзеге асыру
Бастауыш сынып оқушыларының табиғатты бақылау саласындағы педагогикалық ізденістер
«Көркем еңбек» пәнін 2- сыныпта оқыту барысында пәнаралық байланысты жүзеге асырудың тиімді жолдарын теориялық тұрғыдан айқындау
Пәндер