Серікқалиұлы Зейнолла (1938-2004): өмірбаяны және әдеби-ғылыми қызметі


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Серікқалиұлы Зейнолла (1938-2004) -Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Нұржау ауылында туған. [1] . Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология (журналистика) факультеты (1960), Абай атындағы Қазақ педагогика институтынын аспирантурасын (1968) бітірген, "Қазіргі қазақ тарихы романының кейбір мәселелері" тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған (1969) .

"Пионер", "Жұлдыз" журналдарында, Жазушылар Одағында, "Социалистік Қазақстан" газетінде, М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер институтында жауапты қызметтер атқарды (редактор, бөлімдер меңгерушісі, жауапты хатшы, т. б. ), ҚазМҰУ-да арнаулы курстар жүргізді.

"Қазақстан" баспасының, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің бас редакторы, ҚР Парламентінің бөлім меңгерушісі болып істеді. 2001 жылдан "Раритет" баспа компаниясының бас редакторы болды.

Дүниетану даналығы" ҚР Білім және ғылым министрлігінің арнаулы бағдарламаларына енгізіліп (1994), жоғары оқу орындарына - мұғалімдерге, филология, журналистика, Өнер факультеттері студенттеріне оқу құралы ретінде ұсыньлған. Жекелеген мақалалары неміс, татар, орыс, түрік тілдерінде жарияланған.

Р. Ролланның "14 шілде", А. Штейннің "Толас", Н. Мирошниченко мен Э. Бобровтың "Қара маржан" пьесаларын (Қызылорда, Семей, Торғай, Жамбыл облыстық драма театрлары сахнасында койылған), В. Г. Короленконың әңгімелерін, венгр әңгімелерін аударған, көп томдық "Өнердің ықшам тарихын" (Б. И. Ривкин. "Антик Өнері", 1988), "Мәдениет және өнер" сөздігі терминдерін (2000) қазақ тіліне аударушылардың бірі.

Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасының мүшесі (X, XI, XII съездерде сайланған), Сын кеңесінің төрағасы. Жазушылар Одағының Халықаралық қауымдастығы Тексеру комиссиясының мүшесі (М., 1992-1999), Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы әдебиет, Өнер және сәулет саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссиясының мүшесі (1992 жылдан), Біріккен ұлттар ұйымына жәрдемдесу Қоғамдастығы Басқармасының мүшесі болды.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1999), ҚР Мемлекеттік сыйлығының (2002) және Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты (1994), Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті професоры (2000) .

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен (1988), "Тәуелсіздіктің он жылдығы" медалімен марапатталған. 1997 жылы Семей (Шығыс Қазақстан) облысы "Абай ауданының құрметті азаматы" атағы берілген.

СЕРІКҚАЛИҰЛЫ ЗЕЙНОЛЛА

(1938-2004)

10 ақпанда Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Нұржау ауылында туған.
Әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің филология (журналистика) факультетін (1960), Абай атындағы Қазақ педагогика институтының аспирантурасын (1968) бітірген, «Қазіргі қазақ тарихы романының кейбір мәселелері» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған (1969) .
«Пионер», «Жұлдыз» журналдарында, Жазушылар одағында, «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде, М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында жауапты қызметтер атқарды (редактор, бөлімдер меңгерушісі, жауапты хатшы, т. б. ), ҚазМҰУ-да арнаулы курстар жүргізді. «Қазақстан» баспасының, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінің Бас редакторы, ҚР Парламентінің бөлім меңгерушісі болып істеді. 2001 жылдан «Раритет» баспа компаниясының Бас редакторы болды.
Жарық көрген негізгі ғылыми-зерттеу, сын кітаптарында қазақ әдебиеті, көркемөнері, мәдениеті мәселелері, ғылыми және көркемдік дүниетаным ерекшеліктері талданды. «Дүниетану даналығы» ҚР Білім және ғылым министрлігінің арнаулы бағдарламаларына енгізіліп (1994), жоғары оқу орындарына - мұғалімдерге, филология, журналистика, өнер факультеттері студенттеріне оқу құралы ретінде ұсынылған. Жекелеген мақалалары неміс, татар, орыс, түрік тілдерінде жарияланған. Р. Ролланның «14 шілде», А. Штейннің «Толас», Н. Мирошниченко мен Э. Бобровтың «Қара маржан» пьесаларын (Қызылорда, Семей, Торғай, Жамбыл облыстық драма театрлары сахнасында қойылған), В. Г. Короленконың әңгімелерін, венгр әңгімелерін аударған, көп томдық «Өнердің ықшам тарихын» (Б. И. Ривкин. «Антик өнері», 1988), «Мәдениет және өнер» сөздігі терминдерін (2000) қазақ тіліне аударушылардың бірі.
Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі (X, XІ, XІІ съездерде сайланған), Сын кеңесінің төрағасы. Жазушылар одақтарының Халықаралық қауымдастығы Тексеру комиссиясының мүшесі (М., 1992-1999), Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы әдебиет, өнер және сәулет саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссиясының мүшесі (1992 жылдан), Біріккен Ұлттар Ұйымына жәрдемдесу Қоғамдастығы басқармасының мүшесі болды.
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1999), ҚР Мемлекеттік сыйлығының (2002) және Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (1994), Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті професоры (2000) .
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен (1988), «Тәуелсіздіктің он жылдығы» медалімен марапатталған. 1997 жылы Семей (Шығыс Қазақстан) облысы, Абай ауданының Құрметті азаматы атағы берілген.
Шығармалары: Ойлар, толғаныстар. Қазақ әдебиетінің қазіргі мәселелері, А., «Жазушы», 1967; Жылдар сазы. Әдеби сын зерттеу. А., «Жазушы», 1971; Бәрін білсем. Суретті кітапша. А., «Жазушы», 1972; Ақыл таразысы. Ғылыми және көркемдік таным ерекшеліктері. А., «Жазушы», 1976; Ақ жол. Сын кітабы: мақалалар, зерттеулер. А., «Жазушы», 1990; Дүниетану даналығы. Ғылыми және көркемдік таным ерекшеліктері. Жоғары оқу орындары ұстаздары мен студент-жастарға арналған оқу құралы. А., «Білім», 1994; Тағдыр және біз. Әдеби-сыншылдық көзқарастар, толғаныстар, эссе. А., «Жазушы», 1997; Алтын жамбы. Қазіргі көркемдік ой танымдарына көзқарас: талдау, толғаныстар. А., «Өнер», 2001; Зейнолла (шығармалары) . Атырау ақын-жазушыларының «Қазына» кітапханасы, 32-кітап, А., «Арыс», 2002; Зейнолла (шығармалары) . А., 2002; Шапағатты парасат. Естеліктер жинағы. А., 2005.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сәкен Сейфуллин (1894-1938): өмірбаяны, саяси қызметі және әдеби мұрасы
Сәкен Сейфуллин (1894-1938): өмірбаяны, қоғамдық-саяси қызметі және әдеби мұрасы
Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938): өмірі, ғылыми-әдеби және ағартушылық қызметі
Ахмет Байтұрсынов: өмірбаяны, әдеби-ғылыми мұрасы және қоғамдық-саяси қызметі
Ыбырай Алтынсарин: өмірбаяны, ағартушылық-педагогикалық қызметі және әдеби-ғылыми мұрасы
Міржақып Дулатовтың өмірбаяны және журналистік-әдеби қызметі
Сәкен Сейфуллин (1894-1938): өмірбаяны, шығармашылығы және ауыз әдебиетін зерттеушілік қызметі
Жүсіпбек Аймауытовтың өмірбаяны мен әдеби-ғылыми мұрасы
Сәкен Сейфуллин (1884-1938): өмірі, әдеби мұрасы және саяси қызметі
Сәкен Сейфуллин: әдеби мұрасы мен қоғамдық-саяси қызметі (1884-1938)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz