Қылмысқа қатысушылықтың белгілері және оның қылмысты квалификациялаудағы маңызы



1 Қылмысқа қатысушылық мазмұны мен құрылысы
2 Қылмысқа қатысушылықтың объективтік белгілері
3 Қылмысқа қатысушылықтың субъективтік белгілері
Қылмысқа қатысушылық мазмұны мен құрылысы жағынан қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің күрделі құқықтық институты бо-лып табылады.
Себебі бұл тақырыпта қылмысқа қатысушылықтың түсінігі мен белгілері ғана емес, сонымен бірге қылмысқа қатысушылардың түрлері, қылмысқа қатысу нысандары (формалары), жауаптылық мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар қылмысқа қатысушылық мәселесін зер-ттеген ғалымдар бұл тақырыптың әр жақты мәселелеріне қатысты бір келкі шешімдерден көрі, әр қилы, кейде бір-біріне қарама-қарсы ба-ғыттарды келтіреді. Нәтижесінде қылмысқа қатысудың түсінігіне, белгілеріне, оның нысандарына, қылмысқа қатысушылар жауаптылығы-ның жалпы және арнайы түрлеріне қатысты қылмыстық құқық теория-сында даулылық қалыптасты. Тақырыптың теория жүзінде даулы болуы оның практикасына да кері әсер ететіні белгілі, сондықтан сот-тергеу қызметкерлері қылмысқа қатысушылықпен жасалған қылмыстар бой-ынша квалификация жүргізгенде жиі қиындықтарға кездесіп жатады.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
§1. Қылмысқа қатысушылықтың белгілері және оның қылмысты квалификациялаудағы маңызы.

Қылмысқа қатысушылық мазмұны мен құрылысы жағынан қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімінің күрделі құқықтық институты бо-лып табылады.

Себебі бұл тақырыпта қылмысқа қатысушылықтың түсінігі мен белгілері ғана емес, сонымен бірге қылмысқа қатысушылардың түрлері, қылмысқа қатысу нысандары (формалары), жауаптылық мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар қылмысқа қатысушылық мәселесін зер-ттеген ғалымдар бұл тақырыптың әр жақты мәселелеріне қатысты бір келкі шешімдерден көрі, әр қилы, кейде бір-біріне қарама-қарсы ба-ғыттарды келтіреді. Нәтижесінде қылмысқа қатысудың түсінігіне, белгілеріне, оның нысандарына, қылмысқа қатысушылар жауаптылығы-ның жалпы және арнайы түрлеріне қатысты қылмыстық құқық теория-сында даулылық қалыптасты. Тақырыптың теория жүзінде даулы болуы оның практикасына да кері әсер ететіні белгілі, сондықтан сот-тергеу қызметкерлері қылмысқа қатысушылықпен жасалған қылмыстар бой-ынша квалификация жүргізгенде жиі қиындықтарға кездесіп жатады. Олар көбінесе жасалған қылмыс уақиғасында қылмысқа қатысушылықтың бар немесе жоқ екендігін анықтауда, қылмысқа қатысудың әр түрлі нысандарында жасалған іс-әрекеттерге және жауаптылықты белгілеудің арнайы мәселелеріне қатысты квалификация жүргізгенде қиындықта-рға кездеседі. Әрине, құқық теориясында мәселенің шешімін көрсетіп, тиісті ережелер бергенмен, практика жүзінде бұрын кездеспеген, құқық мазмұнында арнайы қарастырылмаған уақиғалар орын алуы мүмкін. Мұндай жағдайлар эсіресе бір неше адам бірлесіп бір қылмысты жа-сайтын қылмысқа қатысушылық тақырыбына тән.

Бұл тақырыпта қылмысқа қатысушылықтың барлық мәселелері емес, оның ішінде квалификация мәселесіне әсері бар қылмысқа қатысудың белгілері, қылмысқа қатысушылардың әрекеттерін қатысу нысандары және қылмысқа қатысушылар жауаптылығының арнайы мәселелері бой-ынша квалификация тәртібі қарастырылады.

Екі немесе одан көп адамдардың қылмысты әрекеттерін қылмысқа қатысу деп бағалау үшін, жасалған іс-әрекеттер қылмысқа қатысушы-лықтың объективтік және субъективтік белгілеріне сәйкес келуі керек. Егер қылмыстың жасалу уақиғасымен екі немесе одан көп адамдардың әрекеттері байланыста болғанмен, бірақ қылмысқа қатысушылықты анықтайтын объективтік және субъективтік белгілерге сай келмесе не-месе объективтік байланыстар сақталғанмен субъективтік тұрғыда бұл байланыстар болмаса немесе керісінше болғанда да қылмысты бірлесіп орындау немесе қылмысқа қатысушылық болып танылмайды.

Қылмысқа қатысушылықтың объективтік белгілері

Қылмысқа қатысушылықтың обьективтік белгілері ретінде жасалған қылмысқа кем дегенде екі адамның қатысуы, іс-әрекеттердің бірлескен түрде орындалуы немесе бүл іс-әрекеттердің бір-бірімен себепті байланыста болуы алынады.

Қылмысқа қатысушылықтың негізгі белгілерінің бірі екі немесе одан көп адамдардың әрекет етуі болып табылады. Жасалған қылмысты әрекеттерді қылмысқа қатысушылыққа жатқызу үшін кем дегенде екі адамның арасында бірлесіп қылмыс жасау туралы ой болуы шарт. Ал үшінші, төртінші адамдар кәмелетке толмағандар, абайсыздықта қылмыс жаса-ушылар болғанымен, эдепкі екі адамның әрекеті қылмысқа қатысушы-лыққа дәл келуі керек. Демек, кем дегенде екі адам қылмыстық жау-аптылық жасына жеткен, есі дұрыс және абайсыздықта емес, қасақана-лықпен бірлесіп қылмыс жасау туралы ойда болуы керек.

Қылмысқа қатысушылардың арасында бірлесу белгісінің болуын зерттеу әдебиеттерінде әр көлемде қарастырады. Бірлесіп қатысу белгісінің сипатын анықтағанда, кінәлілердің қоғамға қауіпті іс-әрекетті өзара байланыста жасауын және қылмыстың зардабына да әр бір қаты-сушының байланысы болуын анықтауымыз керек. Қылмысқа қатысу-шылықтағы бірлесу белгісі қылмыс жасаудың бастапқы кезеңінен соңғы кезеңіне дейін түгел орын алады және бұл белгі мынандай эле-менттерден құралады:

а) әрбір қылмысқа қатысушының әрекеті басқа қатысушылардың нақты жағдайларда әрекеттер жасауының қажетті шарты болып табыла-ды. Яғни бірінің белгілі бір әрекеттерді жасауы, басқаларының да ал-дыңғы әрекетке байланысты нақты бір әрекеттерді іске асыруына себеп болады;

э) қылмыстың салдары немесе қылмыс уақиғасы әр қатысушының әрекеттерімен себепті байланыста болады;

б) қылмыстың нәтижесі барлығына ортақ болады.

Қылмысқа қатысушылардың бірінің нақты бір қылмысты әрекеттерді орындауына байланысты (айдап салушылық, көмектесушілік әрекеттер), екінші адамның сол әрекетке сәйкес келесі әрекеттерді орындауы, бұл барлық қылмысқа қатысушылық нысандарына дәл келмейді. Мұндай кезекті түрдегі әрекеттерді орындау, қылмысқа қатысушылардың ара-сында роль бөліп қатысу тәрізді нысанда орын алады. Ал қылмысты топ адам болып жасағанда, қатысушылар әрекеттерінің бірлескен түрде орындалуы белгісі, олардың бір тектес қылмыстық әрекеттерді жасау арқылы қылмыстың салдарына күш біріктірудің нәтижесінде жетуін білдіреді. Мысалы бір топ адам болып бөтен адамның өміріне немесе денсаулығына зардап келтіру. Мұндай жағдайларда бірлесу белгісі топ мүшелерінің ортақ ниетпен бір тектес әрекеттерді жасауымен көрінеді.

Жалпы, қылмысты бір неше адамдардың бірлесіп жасауы қылмысқа қатысушылықтың қоғамға қауіптілігін барлық жағдайларда болма-ғанман, негізінен ауырлатады.

Екі немесе одан көп адамдардың қоғамға қауіпті әрекеттерін, қылмысқа қатысушылыққа жатқызатын белгі - себептілік белгісі болып табылады. Егер қылмыстың салдары немесе қылмыстың болу уақиғасы, адамның әрекеттерімен себепті байланыста болмаса, онда себепті байланыста әрекет жасамаған адамға қылмыстық жауаптылық туындамай-ды немесе абайсыздықта қылмыс жасаған болып саналуы мүмкін. Се-бебі бұл әрекеттердің арасындағы немесе қылмыстың зардабына деген себепті байланыстар қасақана әрекеттерден туындаған болуы керек. Яғни қасақана түрде көмектесушілік әрекеттерді орындау, қасақана түрде қылмыстың жасалуына жол ашады. Қылмысқа қатысушылықтағы се-бепті байланысты жасалған қылмыс мазмұнының екі жерінде ескеру керек. Біріншісі, қылмысқа қатысушылардың араларындағы байланыс, ал екіншісі, қылмысқа қатысқан әрбір адам әрекетінің туындаған зар-даппен байланысы. Бірінші келтіріліп отырған себерті байланыс тура-лы жоғарыда айтылды, ал әрбір қылмысты әрекеттің зардаппен себепті байланыста болуын, қатысушылардың әрекеттерінің мазмұны мен си-патынан көруге болады. Бұл көрініс, әрбір қылмысқа қатысушының қоғамға қауіпті әрекетінің бағытымен анықталады. Қылмысқа қатысу-шылар бір мүддеге бағытталған әрекеттерді орындауы арқылы күш біріктірген болып есептеліп, қылмыстың зардабын туындатады. Демек, қылмысты ұйымдастъірған, қылмысқа азғырған, көмектескен және орын-даған адамдардың әрекеттерінің барлығы да қылмысқа қатысушылық болуы үшін, туындаған зардаппен себепті байланыста болуы керек. Бұл себепті байланыс мысалы, айдап салушының біреуді қылмыс жасауға азғыруымен, көмектесушінің қылмыстың орындалуы үшін кеңес, құрал-сайман, қылмыстың ізін жасыру әрекеттерін мойнына алуымен, орын-даушының қылмыстың объективтік белгілерін орындауымен анықтала-ды. Осы әрекеттердің орындалуы арқылы ғана қылмыс толық жасала-ды немесе бөтен жақтың мүддесіне зардап келтіреді. Қылмысқа қаты-сушылықта туындаған зардап бірлесіп әрекет еткен адамдардың күштерінің жиынтығы ретінде алынады. Кездейсоқ себептен туындаған әрекеттер немесе зардаптар қылмысқа қатысушылықты құрамайды. Зар-даптың туындауына себепті байланыс кездейсоқ болғанда, кінә түрі қаса-қана болмайды. Кездейсоқ себептерден туындаған әрекеттерден зардап болғанда, ол абайсыздықта келтіріледі немесе кездейсоқ әрекетті жа-саған адамда кінәнің белгілері болмауы да мүмкін. Мысалы көшеде кетіп бара жатырған екі адам жол жиегінде мастықтан құлап жатқан адамды тұрғызып, үстін қағып кетіп қалады. Мас адам тэлтіректеп ба-рып жолға құлап машинаға қағылады. Мас адамға көмектескен адам-дардың әрекеттері мен туындаған зардаптың арасында байланыс бар, бірақ бұл байланыс кездейсоқ байланыс болып табылады.

Қылмысқа қатысушылықтың объективтік белгілері, оның субъек-тивтік белгілерімен тығыз байланысты. Өйткені, қылмысқа қатысушы-лықтың субъективтік белгілері қылмысқа қатысушылардың ішкі ойын немесе психикалық бағытын білдіреді.

Қылмысқа қатысушылықтың субъективтік белгілері

Қылмысқа қатысушылықтың субьективтік белгілері ретінде қатысушыларда қасақаналықтың, қылмыс жасауға деген ой бірлестігінің болуы және алдын ала келісімнен қү_ралады.

Қылмысқа қатысушылықтың объективтік белгілері тәрізді бұл белгілерде қылмысты бірлесіп жасаудың бастапқы сатыларынан бастап қылмыс салдары туындағанға дейін орын алады.

Қылмысқа қатысушылықтың кінә түрі туралы бұрынғы зерттеу эде-биеттерінде абайсыздықтағы қылмысқа қатысушылықтың болуына жол берілген 1. Бірақ кейінгі уақыттарда осы тақырыпты арнайы зерттеген ғалымдар қылмысқа қатысушылықтың тек қасақана түрде жасалғанда бір неше адамдардың бірлескен әрекеттерін құрап, жауапкершілікті жүктеуге болатынын дәлелдеді. Ал кінәнің абайсыздық түрімен де қылмысқа қатысушылықтың болу мүмкіндігін ұсынушылардың бағытын қылмысқа қатысудың акцессорлық теориясына жатқызды. Қылмысқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері
Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері. Оқулық
Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау
Қылмысқа оқталуды саралау
Қылмысқа қатысудың субъективтік белгілері
Қылмысқа қатысудың объективті белгілері
Қылмысқа қатысушылық нысаның түсінігі
Қылмыстық құқық бойынша қылмысқа қатысушылардың жалпы сипаттамасы
Ұйымдасқан топ жасаған қылмыс
Қылмысқа қатысушылықтың мазмұны және нысаны
Пәндер