Қылмыстардың жиынтығы бойынша квалификациялау



1 Қылмыстардың жиынтығы
2 Идеальдық жиынтықты білдіретін қылмыстарды анықтаушы белгілер
3 Бандитизм қылмысы
4 Қылмыстың жиынтығы бар немесе жоқ екендігін анықтау
5 Қылмыстың нақты жиынтығын құрайтын қылмыстар
Адамның жасаған қоғамға қауіпті іс-әрекеттерінің көлемін және оларды заң баптарымен салыстыра отырып, бір қылмыс немесе бір неше қылмыс жасалғанын анықтауға болады. Іс-әрекетте бір қылмыстың немесе бір неше қылмыстың құрамы бар екендігін анықтау маңызды болып табылады. Өйткені жасалған іс-әрекетте бір неше қылмыстың белгілері бар деп танылса, онда кінәлінің әрекеттері де заңның бір неше баптарымен квалификациялануы тиіс және осыған байланысты жаза тағайындау кезінде де арнайы ереже қолданылып, қылмыстар жиын-тығы бойынша жазаның түрі мен көлемі белгіленеді. Демек, іс-әрекет-те қылмыстың жиынтығы бар немесе жоқ екендігін анықтау кезінде қателесуге болмайды, мұндай кезде қате жіберу ауыр салдарға соқты-рады деуге болады. Өйткені квалификация жүргізуші қызметкер бір қылмыстық құрам ретінде бағаланатын әрекетті бір неше қылмыс деп екі немесе одан көп баптармен бағалағанда, сол қолданылған баптар-дың санкциялары қолданылып, әдеттегі бір қылмыс бойынша жаза та-ғайындауға қарағанда қаталырақ жаза белгіленеді. Немесе бұл жағдай керісінше болғанда да, яғни бір неше қылмыс жасаған адамның әрекеттерін бір қылмыс ретінде бағалағанда да құқықтық баға дұрыс берілмеуіне байланысты, жаза да қылмыстар жиынтығы бойынша емес, жекелеген қылмыстарға тағайындалатын тәртіппен белгіленеді және қылмыскердің қауіптілік дәрежесі көрінбей қалады деуге болады.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
§2. Қылмыстардың жиынтығы бойынша квалификациялау

Адамның жасаған қоғамға қауіпті іс-әрекеттерінің көлемін және оларды заң баптарымен салыстыра отырып, бір қылмыс немесе бір неше қылмыс жасалғанын анықтауға болады. Іс-әрекетте бір қылмыстың немесе бір неше қылмыстың құрамы бар екендігін анықтау маңызды болып табылады. Өйткені жасалған іс-әрекетте бір неше қылмыстың белгілері бар деп танылса, онда кінәлінің әрекеттері де заңның бір неше баптарымен квалификациялануы тиіс және осыған байланысты жаза тағайындау кезінде де арнайы ереже қолданылып, қылмыстар жиын-тығы бойынша жазаның түрі мен көлемі белгіленеді. Демек, іс-әрекет-те қылмыстың жиынтығы бар немесе жоқ екендігін анықтау кезінде қателесуге болмайды, мұндай кезде қате жіберу ауыр салдарға соқты-рады деуге болады. Өйткені квалификация жүргізуші қызметкер бір қылмыстық құрам ретінде бағаланатын әрекетті бір неше қылмыс деп екі немесе одан көп баптармен бағалағанда, сол қолданылған баптар-дың санкциялары қолданылып, әдеттегі бір қылмыс бойынша жаза та-ғайындауға қарағанда қаталырақ жаза белгіленеді. Немесе бұл жағдай керісінше болғанда да, яғни бір неше қылмыс жасаған адамның әрекеттерін бір қылмыс ретінде бағалағанда да құқықтық баға дұрыс берілмеуіне байланысты, жаза да қылмыстар жиынтығы бойынша емес, жекелеген қылмыстарға тағайындалатын тәртіппен белгіленеді және қылмыскердің қауіптілік дәрежесі көрінбей қалады деуге болады.

Қарапайым мағынада айтқанда, қылмыстар жиынтығы бір адамның заңның әр түрлі баптарымен қарастырылған екі немесе одан көп қылмыстарды жасауын білдіреді. Бірақ қылмыстар жиынтығының толық, әрі дұрыс мағынасы бұл қарапайым түсінікке сәйкес келе бемейді. Се-бебі қылмыстық заң нормаларының бір неше бөлімдерге бөлініп күрде-ленуі немесе күрделі құрамдарды көптеп келтіруіне байланысты қылмыстар жиынтығы әр түрлі баптардың жиынтығынан емес, бір баптың көлемінде де құралады. Заң баптары кейде өз ара ұқсас екі қылмыстық құрамды бір баптың жекелеген бөлімдерінде қарастыруы кездеседі. Мысалы, 194 баптағы мемлекеттік несиені заңсыз алу және мемлекеттік несиені мақсатсыз жұмсау, 231 баптағы коммерциялық сатып алу қылмысындағы сатып алу және сатылу. Біз 231 бапта жеке қылмыстық сипаттағы бір неше қылмыс құрамдары бір баптың көлемінде қарасты-рылған деп санаймыз, себебі осыған ұқсас 311 және 312 баптарда пара алу және пара беру қылмыстары қарастырылған.

Мұнан өзге бөлімдерде айтқандай, бір қылмыстың жекелеген құрам-дары бір баптың көлемінде жеке бөлімдер ретінде де келтірілген. Сондықтан бір баптың әр түрлі бөлімдерімен қарастырылған әрекеттерді жасау барлық кездерде бір неше рет қайталанған қылмыстарды емес, қылмыс жиынтығын білдіретін кездер де болады. Мүндай жағдайда іс-әрекеттерді бір неше рет қайталанған қылмыс немесе қылмыс жиынтығы екендігін ажырату үшін әр қай-сысы аяқталған қылмысты білдіретін әрекеттердің баптың бір бөліміне сыю мүмкіндігін ескеру керек. Мысалы пайдақорлық ниетпен және бұзақылық ниетпен кісі өлтіру қылмыстары жеке-жеке жаса-лғанда қылмыс жиынтығы ретінде 96 баптың з және и пункттері-мен емес, осы баптың н пунктімен бұрын қасақана кісі өлтірген адамның қайтадан кісі өлтіруі деп, бір неше рет қайталанған қылмыстар ре-тінде бағалау керек. Себебі н пунктінде келтірілген кісі өлтіру түрі пайдақорлық және бұзақылық ниетпен кісі өлтіру қылмыстарымен са-лыстырғанда толық және белгілері бойынша әр түрлі ниетпен, мақсат-пен немесе тәсілмен жасалған қылмыстарды қамтитын күрделі құрам-ды білдіреді. Егер жеке-жеке жасалған қылмысты әрекеттер бір бөліммен квалификациялануға жатпаса, онда қылмыс жиынтығы түрінде квалификация жүргізілуі қажет. Сонымен қылмыстар жи-ынтығы қылмыстық заңның әр түрлі баптары бойынша ғана емес, бір бабтың бір неше бөлімдерімен қарастырылған қылмыстарды жасағанда да бола алатынын ескере отырып, ҚР ҚК 12 бабының 1 бөліміне сәйкес, қылмыстар жиынтығы дегеніміз, кодекстің түрлі баптарында немесе баптарының түрлі бөлімдерінде көзделген қылмыстарды бір адам жасап және солардың бірде-біреуі үшін сотталмаған немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған екі немесе одан көп әрекеттерді жасауы болып табылады. ҚК 12 ба-бында қылмыстар жиынтығының анықтамасымен қатар квалификация ережелері де келтірілген

Қылмыстар жиынтығын қылмыстық құқықта екі түрге, нақты және идеальдық жиынтық деп бөледі. Нақты жиынтық ретінде әр түрлі қылмыс құрамдарын кінәлінің жеке іс-әрекеттер арқылы орындауы алын-са, ал идеальдық жиынтық-бұл екі немесе одан көп қылмыстардың бір іс-әрекет арқылы жасалуын білдіреді. Сырттай қарағанда нақты жиын-тықпен идеальдық жиынтықтың арасында өзгедей айырмашылық жоқ болып көрінуі мүмкін, бірақ бұл екеуінің құқықтық салдары немесе қылмыскердің қоғамға қауіптілігін анықтауда елеулі ролі бар деуге болады. Анығырақ қарағанда бір әрекет арқылы бір неше қылмыс жа-саған адамға қарағанда жеке-жеке әрекеттер арқылы әр түрлі қылмыс жасаған адамдарды қауіптірек деуге болады, себебі мұндай адамдар қылмыстық жолға бейімделген немесе құілмұістылықты кәсіп еткен адам-дарға ұқсайды. Сондықтан нақты және идеальдық жиынтықтар бойын-ша квалификация жүргізуде айырмашылықтар байқалмағанмен, жауапты-лық белгілеу кезінде қылмысты нақты жиынтық түрінде жасаған адам-дарға қаталырақ белгілеуге негіз бар.

Әдетте қылмыстар жиынтығында қылмыстардың бір-бірінен айырмашылығын көрсететін әр түрлі қылмыстың объектілері, объективтік жақтың белгілері орын алады және кінә нысандары да бірдей болуы да, болмауы да мүмкін. Мысалы бір қылмысты қасақаналықпен жасаса, екінші қылмысты абайсыздықпен жасауы мүмкін. Кінәнің абайсыздық және қасақаналық нысандарының кездесуін тек нақты жиынтықта ғана емес, идеальдық жиынтықта да келтіруге болады. Мысалы кінәлінің қасақаналығы бөтеннің меншігін жоюға бағытталып, бірақ адамның өліміне соқтыратын зардаптың болу мүмкіндігін көре білуге мүмкіншілігі бола тұрып, абайсыздықта осындай зардап келтіруі де мүмкін. Демек мұндай бір әрекетпен жасалған қылмыстарды қасақана бөтеннің мүлкін жою және абайсыздықта қаза келтіру қылмыстарының жиынтығымен бағалау керек. Көптік қылмыстардың өзге түрлеріндегі-дей сиқты құрам элементтерінің ішінен тек қылмыс субъектісі ғана қашанда өзгермей, ол бір адамның бойындағы қылмысты әрекеттердің көптілігін көрсетеді. Бір неше қылмыстарды жасау уақиғаларында қылмыс субъектісі бір адам болғанмен, қылмыс рецидиві мәселесінде бұрын сотталған адамның қайтадан қылмыс жасауы басқа құқықтық мағынаға қарай ол адамды өзгертеді.

Идеальдық жиынтықты білдіретін қылмыстарды анықтаушы белгілер, көбінесе жасалған бір іс-әрекетте әр түрлі объектілердің бұзылуы мен әр түрлі зардаптардың туындауы болып табылады. Бір іс-әрекет жасала отырып, ол қылмыстық заңның бір бабымен қамтылмаған әр түрлі қылмыстық зардаптарға соқтырады және соған сәйкес әр түрлі баптармен қорғалатын қоғамдық қатынастардың бұзылғандығы көріс береді. Идеальдық жиынтықтың орын алғанын анықтаудың кілті де бір неше зардаппен қоғамдық қатынастың бұзылуы және бұл зардаптар-мен қоғамдық қатынастарды бір баптың толық қамтымауы болып табылады. Нақты жиынтықта осындай белгілер негізінде анықталғанмен, идеальдық жиынтықтың орын алып отырғанын анықтау көбінесе қиындық тудырады. Себебі нақты жиынтықта әр қайсысы аяқталған және әр түрлі қылмысты білдіретін бір неше әрекеттердің жасалуы арқылы қылмыс жиынтығының орын алғанын білуге бірден мүмкіндік болса, ал идеальдық жиынтықта бір әрекеттің өзінде бір неше қылмыстың белгілері бар екендігін анықтау қажет болып, ол үшін квалификация кезінде қолданылып отырған баптың осы әрекетті, туындаған зардаптарды, бұзы-лған қоғамдық қатынастарды толық қамти алатынына немесе алмайты-нына көңіл аударамыз.

Көпшілік қылмыстық құқықтық нормалар бір неше зардаптарды немесе заңмен қорғалатын бір неше объектілерді бір қылмыстың көле-мінде келтіреді. Жасалған іс-әрекет бір неше зардаптарға соқтыр-ғанмен немесе өзге қылмыстың негізгі объектісін білдіретін қоғамдық қатынастарға нұқсан келтітіргенмен, бү.л объектілер бір қылмыстың белгілері ретінде қарастырылған болса, онда идеаль-дық жиынтық емес, бір қылмыс ретінде түсіну керек. Мысалы абайсыздықта адам өліміне соқтырған еңбекті қорғау ережелерін бұзуға квалификация жасағанда бірден 152 баптың 2 бөлімін қолдану керек, абайсыздықта қаза келтіргендікті арнайы қарастыратын 101 баппен қосып квалификациялау керек емес.

Идеальдық жиынтықта бір неше қылмыстың жасалу уақыты бірдей сияқты болып көрінеді, өйткені бір неше қылмысты жасайтын әрекет біреу ғана болғандықтан олардың жасалу уақыты да бірдей болып анық-талуы керек сиқты. Идеальдық жиынтықта қылмыстардың жасалу уақыты бірдей бола ма дегенде, бір іс-әрекетпен жасалған қылмыстардың аяқта-лу уақытын ескеру керек. Кейбір қылмыстардың әрекет жасалысымен бірден аяқтала бермейтіні белгілі, бұл эсіресе аяқталу уақыты үшін тиісті зардаптың туындауы қажет болып табылатын материальдық құрамда-рға байланысты кездеседі. Соған орай мұндай жиынтық түрінде жаса-лған қылмыстардың бірі әрекет жасалу уақытымен бірден аяқталса, басқа қылмыстар кейін, белгілі-бір уақыт өткеннен кейін аяқталуы мүмкін.

Идеальдық жиынтықтың орын алуының басты негізі бір іс-әрекетте әр түрлі баптармен қарастырылған қылмыс құрамдары белгілерінің кездесуі болып табылады. Жасалған бір іс-әрекетте бір баптың әр түрлі бөлімдерінде келтірілген белгілердің кездесуі қылмыс жиынтығы емес, бір қылмыс ретінде бағаланатын кездер болады. Мұндай жағдайдың, яғни баптардың бір неше бөлімдерден құралуының басты себебі, ол заң баптарының бөлімдерінде осы қылмыстың ауырлататын белгілермен жасалғандығын немесе ауыр белгілер болмағанда осы қылмыстың жеке көріністерін бейнелеуге байланысты. Сондықтан бір қылмысты әрекет баптың бір неше бөлімдеріне сәйкес келгенде, іс-әрекет бір неше бөлімдермен емес, олардың ішіндегі мазмүлы, мағынаса кең қү_рам немесе жауаптылықты ауырлататын қү_рам түрі қолданы-лады. Мысалы ірі мөлшерде ұрлық жасау мақсатында тұрғын-жайға кіріп жасалған ұрлық бір қылмыс деп бағаланып, 175 баптың 3 бөлімімен ірі мөлшерде жасалған ұрлық деп танылуы керек.

Бір қылмысты жасау әрекеті Ерекше бөлім баптарының бір неше бөлімдерінің белгілеріне сәйкес келгенде, барлық кезде жоғарыдағы сияқты іс-әрекет баптың бір бөлімімен ғана квалификациялана бермейді. Мысалы ұрлық қылмысы алдын ала келісіммен пайда болған топ адам-мен және үй-жайға кіру арқылы жасалғанда да бір қылмыс ретінде ба-ғаланады, бірақ іс-әрекет 175 баптың 2 бөлімімен а және в пункт-терімен адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша және үй-жайға кіріп жасалған ұрлық деп квалификацияланады. Себебі бұл топ адам болып қылмыс жасау және үй-жайға кіру деген белгілер бір бірімен өз-ара байланысты немесе бір-бірінің арасында бағынышты-лық жоқ белгілер болып табылады. Басқаша айтқанда осы сияқты белгілердің қайсысы мағынасы, қауіптілігі бойынша ауыр, кең белгі екендігі белгісіз болуы мүмкін. Сондықтан қылмыстың жасалуын, оның көрінісін сипаттау үшін заңда бейнеленген елеулі белгілерді квалификация кезінде қолдану қажеттілігі туындайды. Жасалған бір іс-әрекетті баптың бір неше бөлімдерімен квалификация жасай отырып және мұны бір қылмыс ретінде тану-мұнан бұрынғы бөлімдерде айтқандай бап бір неше бөлімдерден құралғанда оның әр бөлімінде осы қылмыстың жеке құрамдары келтірілген деген түсінікке қайшы келеді. Негізінде заң шығарушының Ерекше бөлім баптарын бөлімдерге бөлуі бір неше себептерге байланысты деп түсінген дұрыс. Біріншіден, Ерекше бөлім баптары бөлімдерге бөлінгенде бір- біріне бағынышты емес және бір қылмыс болып табылмайтын ұқсас екі қылмысты бір бапта қарастыру негізінде пайда болады. Мысалы 117 баптың 1 және2 бөлімдеріндегі заңсыз абортты тиісті медициналық білімі жоқ адамның жасауы және тиісті білімі болғанмен абортты заңсыз жасау, 194 баптағы мемлекеттік несиені мақсатсыз жұмсау және осындай несиені заңсыз алу. Екінші-ден, Ерекше бөлім баптары бір неше бөлімдерге бөлінгенде осы қылмыстың жасалуында кездесуі эбден мүмкін ауырлататын немесе аса ауырлататын, сондай-ақ кінәні жеңілдететін белгілерін қарастыруды көздеген. Мұндай ауырлататын белгілерді баптың жекелеген бөлімде-рінде келтіре отырып, заң шығарушы осы қылмыстың ауырлататын құрамы ретінде тануды ұсынады. Мұндай бөлімдердің заң баптарында өмір сүру себебі, ол негізгі бөліммен қарастырылған қылмыс ауырла-татын белгілермен жасалғанда, жауаптылықты қатал белгілеуді іске асы-руға байланысты деп түсіну керек. Өйткені баптар бөлімдерге бөлініп, ауырлататын құрамдарды қарастырмаса, онда қылмыс бәрібір негізгі бөліммен квалификацияланып, сол негізгі бөлім бойынша жаза тағай-ындалады. ҚК 54 бабы қоғамға қауіптілікті, кінәні ауырлататын белгілерді келтіргенмен, ол жалпы бөлім нормасы болуына байланысты онда жаза қарастырылмаған.

Ерекше бөлім баптарының бөлімдерге бөлінуінің үшінші себебі, ол негізгі бөлімде қарастырылған қылмыстың нақты жағдайда, жеке жа-салатын түрін көрсету және оған жауаптылық белгілеуді үйлестіру бо-лып табылады. Мысалы негізгі бөлім жалпы субъектіге, ал кейінгі бөлім арнайы субъектіге жауаптылық қарастыруы мүмкін. Мұндай бөлімдер контрабанда түрінде жасалатын 209 және 250 баптарда кездеседі. Төртіншіден, заң белгілі бір қылмыс түрінде кінәнің аралас нысаны орын алуы мүмкіндігіне қарай ауырлататын құрамды келтіреді. Қылмыстық заңның Ерекше бөлім баптарының бір неше бөлімдерден тұру-ының басқа да себептері болуы мүмкін.

Кейбір қылмыстық құқықтық нормалар диспозицияларда атап көрсет-пей-ақ бір неше зардаптарды қамти алатынын ескеру керек. Мұндай кезде бапта тікелей аталмаған зардап түрі қылмыс объектісінің сипаты-нан, заңның мағынасынан шығады. Мысалы зорлық-зомбылықпен не-месе күш қолдану, шабуыл жасау тәсілдерімен жасалатын қылмыстар-да адамның денсаулығына әр түрлі ауырлықтағы зардаптар, өмірі мен меншігіне зардаптар келуі мүмкін. Күш қолдану, шабуыл жасау арқы-лы жасалатын қылмыстардың түсінігін немесе белгілерін заң баптары келтіргенде ондай орын алуы мүмкін зардаптардың түрлерін диспози-цияларда келтіре бермейді. Мысалы бандитизмді анықтау үшін 237 бапта оның түсінігін ашатын негізгі белгілері келтірілгенмен, шабуыл жасау кезінде орын алуы мүмкін зардаптарды атамайды. Сол сияқты қарақшылық үшін жауаптылық қарастыратын 179 бапта да кездесуі мүмкін барлық зардап түрлерін көрсетпеген. Негізінде баптың диспозициясы немесе оның жекелеген бөлімдері белгілі бір ауыр зардаптың түрі үшін жеке жауаптылық белгілегенде қылмыс жиынтығымен емес, осы бап-тың осы бөлімімен бір қылмыс ретінде квалификациялауды ұсынады.



179 баптың 2 бөлімінің д пунктінде денсаулыққа ауыр зиян келтірген қарақшылық үшін жауаптылық қарастырылған. Демек, қарақшылық әрекет денсаулыққа ауыр зиян келтіре отырып жасалғанда 103 бапты қоспай, бір қылмыс ретінде 179 баптың 2 бөлімі ғана қолданылуы ке-рек. Себебі бұл 2 бөлімде негізгі бөлімге қарағанда жаза қаталырақ белгіленген және ол қатал жаза осындай ауыр зардап келтіргендік үшін белгіленген, басқаша айтқанда 103 баптың жауаптылығын да қосып келтіреді. Ал қарақшылық қылмысында жәбірленушінің денсаулығына жеңіл немесе орташа дәрежедегі зардаптар келсе, онда 2003 жылғы 11 шілдедегі талан-тараж істері бойынша сот практикасы туралы Қазақ-стан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының 23 пун-ктіне сәйкес, әрекет 179 баптың 1 бөлімімен квалификациялануы ке-рек. Қарақшылық қылмысын жасау кезінде қасақана кісі өлтіру орын алса, онда қылмыс жиынтығымен емес, бірден 96 баппен бағалануға жатады, себебі қарақшылық әрекет 96 баптың з пунктінде де келтір-ілген және бұл кісі өлтіру түрі негізгі және қосымша объектілермен сипатталады, сондықтан жауаптылықты ауырлататын құрам түрінде ба-ғаланған. Бандитизм қылмысы жай меншікке ғана емес, қоғам қауіп-сіздігіне қарсы бағытталған қылмыс болғандықтан 237 баптың мазмұ-нында ауыр зардаптар түрі арнайы келтірілмеген. Бірақ бандиттік ша-буыл жасау кезінде және мұндай топтың қарулы болуына байланысты адамның өміріне, денсаулығына зардаптар келуінің ықтималдығы жо-ғары деуге болады. Бандитизм қылмысын жасау кезінде адамның өміріне қасақана зардап келтіру 96 баптың з пунктінде келтірілген. Жоғары-да қарақшылық қылмысын жасау кезінде айтылған ережеге сүйенсек, онда қасақана адам өліміне соқтырған бандитизмде де қылмыстар жи-ынтығын қолданбай, бірден 96 баппен квалификация жасау керек тәрізді. Бірақ Бандитизм және басқа қылмысқа қатысушылықпен жасалған қылмыстар үшін жауапкершілік туралы заңдарды соттардың қолдану-ының кейбір мәселелері жөніндегі ҚР Жоғарғы Сотының 2001 жылғы 21 маусымдағы нормативтік қаулысы кісі өлтірумен ұштасқан банди-тизмді қылмыстар жиынтығымен квалификациялауды ұсынады. Жо-ғарғы Соттың мұндай жетекші ұсынысымен келісу қиын, себебі біріншіден, қылмысты квалификациялау ережелерінде бір тектес жағдайларды бірдей бағалау сақталуы керек. Олай етпегенде заң қолдану-шы қызметкерлер қылмысты квалификациялаудың жалпы теориясына сүйенбей, Жоғарғы Сот қаулыларын жаттап жұмыс істеуге мәжбүр бо-лады. Екіншіден, біздің немесе көпшілік зерттеушілердің ортақ бағы-ты бойынша басқа қылмыстың негізгі объектісі немесе негізгі зардап түрі басқа қылмыста қосымша объекті немесе зардап ретінде келтіріл-генде қылмыс жиынтығы түрінде емес, бір қылмыс деп бағалануы ке-рек. Шын мэнінде мұндай жағдайда бүтін және бөлік нормалар бәсеке-лестігі орын алып отыр. Яғни 96 бап 2 бөлімінің з пункті бүтін норма деп бағаланады да, ал 237 бап оның бір бөлігі болып саналады, өйткені 96 баптың аталған бөлімі қасақана кісі өлтіру және бандитизм қылмыстарынан құралған, басқаша айтқанда екі қылмыс қосылып бір қылмыс ретінде қарастырылған. Қылмысты квалификациялау ереже-сінде нормалар бәсекелестігі орын алғанда іс-әрекет арнайы және бүтін норма бойынша квалификациялануға жатады. Үшіншіден, жалпы 96 баптың з пунктінде кісі өлтірумен ұштасқан бандитизмнің келтірілуі дұрыс емес сияқты. Себебі адамның өмірі және қоғам қауіпсіздігі деген объектілерді салыстырып қарасақ, онда қоғам қауіпсіздігі деген ұғым, жеке адамның өмірі деген ұғымға көлемі, әлеуметтік маңызы бойынша сыймайтын тәрізді. Қоғам қауіпсіздігі деген ұғым белгілі бір қоғамдық аумақтағы адамдар мен ұйымдардың, мекемелердің қауіпсіз өмір сүруін, қызмет етуін білдіреді. Ал қоғам қауіпсіздігіне үрей туындағанда немесе ол бұзылғанда сол аймақтағы адамдарың, ұйымдардың бір қалыпты өмір сүру қауіпсіздігіі бұзылады, яғни қауіпсіздік шарасы сақталмай меншікке, адам өмірі мен денсаулығы-на, жеке бостандығына қауіптің туындау мүмкіндігі пайда болады деу-ге болады. Сондықтан әдетте бандитизм қылмысы қосымша, балама түрдегі объектілермен сипатталып, ол адамның өмірі, денсаулығы, меншігі сияқты т.б құндылықтармен анықталады немесе қоғам қауіпсіздігі деген ұғым белгілі бір аумақтағы немесе қоғамдық орта-дағы ұйымдар мен мекемелердің, адамдардың өмірінің, денсаулығы-ның, меншігінің қауіпсіздігінен құралады. Төртіншіден, 96 баптың з пунктінде пайдақорлықпен, қорқытып алушылықпен, қарақшылықпен және бандитизммен ұштасқан кісі өлтіру түрлері баптың бір пунктінде қарастырыла отырып, олардың әр қайсысына неге әр түрлі квалификация ережелері қолданылуы керек. Мысалы жоғарыда айтқандай, қарақшылық шабуыл кезінде қасақана кісі өлтіру болса, онда тек 96 баппен квалификация жүргізіледі де, ал бандиттік шабуыл кезінде қасақана кісі өлтіру орын алса, онда қылмыс жиынтығы қолданылады. Сондық-тан қасақана кісі өлтірумен ұштасқан бандитизм жеке адамға қарсы қылмыстар тарауында емес, қоғам қауіпсіздігіне қарсы қылмыс ретінде 237 баптың өзінде қарастырылғаны дұрыс.

Бандитизм қылмысын орындау кезінде адамдардың денсаулығына әр түрлі ауырлықтағы зардаптар келуі мүмкін. Мұндай зардаптарға соқтырған бандитизм қылмысын квалификациялау туралы бір келкі пікір кездеспейді. Негізінде адамдардың денсаулығына зардаптар кел-тіре отырып жасалған бандитизм қылмыстар жиынтығы бойынша емес, тек 237 баптың өзімен ғана бағаланғаны дұрыс. Бұған заңды себеп те бар, өйткені бандитизм үшін жауаптылық қарастыратын 237 бап ауыр және аса ауыр қылмыс ретінде бағаланып, онда 15 жылға дейінгі мер-зімге бас бостандығынан айыру қарастырылған. 237 баптың 2 бөлімінде банданың шабуылына қатысқан қатардағы мүшелеріне жауаптылық белгіленіп, ол 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде анықталған. Бұл 12 жыл топты ұйымдастыірған әрекетпен салыстырғанда қауіптілігі төменірек деп, тек банда тобының шабуылдарына қатысқ-андық үшін белгіленген, сондықтан қатардағы банда мүшелерінің ауыр зардапқа соқтыратын әрекеттер жасау мүмкіндігін ескере отырып, бұл жаза көлемін заң жүзінде көбейтуге болады.

Іс-әрекетті қылмыс жиынтығымен бағалаудың келесі негізі, ол бұзылған объектілердің әр түрлі болуы және бүл объектілердің бір бап көлемінде қарастырылмауы болып табылады. Егер жасалған бір әрекет бір-бірімен салыстырғанда әр түрлі дәрежелі объектілерге нұқсан келтірсе және мұндай жағдайлар заңда бір қылмыс ретінде қарастырылмаса, онда қылмыс жиынтығымен квалификациялаған дұрыс. Ал заңда бір қылмыс ретінде қарастыру туралы арнайы бөлім болса, онда осы бөліммен квалификациялануға жатады. Мысалы адам бір әрекет жасау арқылы бірінші адамға орташа, екіншісіне ауыр зар-дап келтіреді. Мұндай жағдайды бір қылмыс деп бағалау керек дейтін себебіміз, зардап екі адамға келгенмен, бұл обьектілер бір-бірімен ұқсас және осы негізде заң бір қылмыс ретінде тануға негіз береді. ҚК 103 және 104 баптары 2 бөлімінің а пунктінде екі немесе одан көп адамға қатысты зардап келтіру үшін жауаптылық қарастырған және бір әрекет арқылы бір адамға орташа, екіншісіне ауыр зардап келгенде ауыр зардапты қарастыратын 103 бапты қолдану керек, себебі туында-ған зардапты толық қамти алатын норманы қолданғанда жауаптылықты да толық қолдануға заңды негіз пайда болады. Жоғарыда келтіріп отыр-ған жағдай бойынша 103 баптың 2 бөлімі және 104 баптың 2 бөлімі деп бағалауды ұсынатын көз-қараста кездесуі мүмкін. Мұндай бағытпен

келісу қиын, себебі 103 және 104 баптың 2 бөлімдерін қолданған бол-сақ, онда заң бір қылмыс деп бағалауға негіз беріп отырғанда, біз екі қылмыс ретінде бағалаған болып шығамыз және бұл екі баптың да 2 бөлімін қолдану арқылы жауаптылықты екі есе ауырлатып жібереміз. Мұндай бағыт оқулық және зерттеу әдебиеттерінде кездеседі, ол тура-лы келесі бөлімде бір неше рет жасалған қылмыстарды квалификациялау туралы сөз болғанда айтамыз.

Егер бір әрекетпен немесе жеке-жеке әрекеттермен бірдей ауырлық-тағы зардаптар екі адамға келтірілсе, онда кейбір әдебиеттердегідей идеальдық жиынтық ретінде емес,1 бұл жағдайдың қылмыстық заңда арнайы қарастырылуына байланысты бір қылмыс ретінде 103 баптың 2 бөлімінің а пунктімен екі немесе одан көп адамға қатысты зардап келтіру деп бағалған дұрыс.

Егер кінәлі бір әрекет арқылы екі адамға, олардың біріншісінің өміріне, ал екіншісінің денсаулығына зардап келтірсе қылмыстардың жиынтығы, оның ішінде идеальдық жиынтық орын алып, қылмыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмысты саралаудың ұғымы, маңызы және қылмыстық құқықтағы орны
Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері
Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері. Оқулық
Оқулық - Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері
Бір неше рет жасалған қылмысты квалификациялау
Қылмысты квалификациялаудың қылмыстық құқықтағы орны
Қылмыс объектілерінің түрлері бойынша квалификациялау
Қылмысқа оқталуды саралау
Кісі өлтіру
Адам өлтірудің субъективтік белгілері
Пәндер