«Шет ел конституциялық құқығы» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері



1.тақырып Шет елдердің конституциясы
2.тақырып Шетелдегі қоғамдық құрылыстың конституциялық.құқықтық негіздері
3.тақырып Шетелдердегі саяси партиялар мен партиялық жүйелер
4 тақырып Шетелдердегі адам және азаматтардың конституциялық мәртебесі.
Коституциялық құқық ғылымында «конституция»түсінігі екі мағынада қолданылады. Формальді мағынада-бұл заңды конституция , яғни қоғамдық-экономикалық құрлымды, мемлекеттік құрлым нысаның және басқару нысаның, сонымен қатар тұлғаның құқықтық жағдайын бекітетін мемлекеттің негізгі заңы. Заңды конституция ненің болатындығын ұйғаратын құжат болып табылады. Дегенмен заңды конституцияның ұйғарымын тәжребелік қолдану барысында жағдай өзгереді: жаңа мекмелер пайда болады, заңды конституция нормаларын елеулі өзгертіп және толықтыратын конституциялық, органикалық және кәдігімгі заңдар қолданылады. Өзге сөздермен айтқанда тәжрибеде заңды конституцияда ұйғарылған тәртіппен айырылатын басқа мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәртібі қалыптасады. Бұл мемлекеттік билікті жүзеге асырудың шыңайы тәртібі нақтыконституция немесе материалдық мағынада конституция деп аталады.
Нақты және заңды конституция не сәйкес келуі, не сәйкес келмеуі мүмкін. Заңды және нақты конституция арасындағы елеулі айырмашылықтың болуы негізгі заңның ереже бөлімдерінде кейде жиналғандықтарды тудырады. Мұндай ережелерді шыңайы әлеуметтік-саяси өмірге сәйкесттікке жеткізу конституция мәтініне түзету енгізу және оны конституциялық қадағалау органдарымен талдау жолы арқылы қол жеткізіледі.
Негізгі әдебиет
1. Конституция зарубежных стран. М. Юрид.лит.1992 г.
2. Современные зарубежные конституции. М. Юрид.лит. 1997 г.
3. Испания: Конституция и законодательные акты. М. Прогресс, 1998 г.
4. Италия: Конституция и законодательные акты. М. Прогресс, 1998 г.
5. Французская Республика: Конституция и законодательные ак¬ты. М. Прогресс, 1998 г.
6. Китайская Народная Республика: Конституция и законодатель¬ные акты. М. Прогресс, 1999 г.
7. Австрийская Республика: Конституция и законодательные ак¬ты. М. Прогресс, 1986 г.
8. ФРГ: Конституция и законодательные акты. М. Прогресс, 1991
9. Конституция Российской Федерации. М. Юридическая литерату¬ра,1993 г.
10. Н.М. Михалева. Новые Конституции стран СНГ и Балтии. 1994

Қосымша әдебиет
1. Н.М. Михалева. Новые Конституции стран СНГ и Балтии. 1994
2. Лазарев В.В. Конституционный суд в Австрии //Государство и право.-1993. -№ 9
3. Руйе К. Швейцарский федеральный суд и надзор за конституционностью законов //Государство и право. 1995 г. -№ 12.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Шет ел конституциялық құқығы
 пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері
 
Контактілік дәріс сабақтарының кестесі
 
 

Тақырып
Сағат
1
1-тақырып  Шет елдердің конституциясы
 
2
2
2-тақырып Шетелдегі қоғамдық құрылыстың конституциялық-құқықтық негіздері
 
2
3
3-тақырып   Шетелдердегі саяси партиялар мен партиялық жүйелер
 
2
4
4 тақырып Шетелдердегі адам және азаматтардың конституциялық мәртебесі.
 
2
 
 
8
 
1-тақырып  Шет елдердің конституциясы
 
Коституциялық құқық ғылымында конституциятүсінігі екі мағынада қолданылады. Формальді мағынада-бұл заңды конституция , яғни қоғамдық-экономикалық құрлымды, мемлекеттік құрлым нысаның және басқару нысаның, сонымен қатар тұлғаның құқықтық жағдайын бекітетін мемлекеттің негізгі заңы. Заңды конституция ненің болатындығын ұйғаратын құжат болып табылады. Дегенмен заңды конституцияның ұйғарымын тәжребелік қолдану барысында жағдай өзгереді: жаңа мекмелер пайда болады, заңды конституция нормаларын елеулі өзгертіп және толықтыратын конституциялық, органикалық және кәдігімгі заңдар қолданылады. Өзге сөздермен айтқанда тәжрибеде заңды конституцияда ұйғарылған тәртіппен айырылатын басқа мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәртібі қалыптасады. Бұл мемлекеттік билікті жүзеге асырудың шыңайы тәртібі нақтыконституция немесе материалдық мағынада конституция деп аталады.
              Нақты және заңды конституция не сәйкес келуі, не сәйкес келмеуі мүмкін. Заңды және нақты конституция арасындағы елеулі айырмашылықтың болуы негізгі заңның ереже бөлімдерінде кейде жиналғандықтарды тудырады. Мұндай ережелерді шыңайы әлеуметтік-саяси өмірге сәйкесттікке жеткізу конституция мәтініне түзету енгізу және оны конституциялық қадағалау органдарымен талдау жолы арқылы қол жеткізіледі.
Қазіргі уақытта жүзден артық әрекет етуші конституция саналады. Олардың кейбіреулері жүз жылдар бұрын қабылданған. Ең ескі конституциялар болып: АҚШ-1787ж., Норвегия-1847ж., Бельгия-1831ж., Люксембург-1868ж., Шейцария-1874ж.саналады. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін өзге де әрекет етуші Австралия, Мексика, Ирландия конституциялары қабылданған. Деген мен конституциялардың басым көпшілігі екінші дүниежүзілік соғыстан кейін шыққан, соның ішінде Азия, Африка, Америка мемлекеттерінің конституциясы. Соғыстан кейінгі кезенде көптеген Америка мемлекеттері (Бразилия,Боливия,Гондурас,Доминика Республикасы,Сальвадор,Канада), Азия мемлекеттері (Жапония, Түркия, Корея, Филипины), Еуропа мемлекеттері (Италия, Франция, ФРГ, Дания, Греция, Испания, Португалия) конституциялары қабылданды немесе елеулі өзгерістерге ұшырады.
             Қазіргі әрекет етуші конституция жеке өзіне тән белгілерге ие. Оларда әкімшілік, ұлттық, саяси, тарихи, діни және өзге де сәйкес мемлекеттердін ерекшеліктері көрініс табады. Сол сәтте конституцияға кейбір міндетті элементтері тән:
1)       Қай нысандағы конституция болмасын халық егемендігі ұраның жариялайды. Бұл көз қараста конституцияның ескісі болсын жаңасы балсын ортақ. АҚШ конституциясының проблемасы: Біз, құрама штаттар халқымыз... осы конституцияны салтанатты түрде жариялаймыз және бекітеміз... деп айтады. Әрі қарай жетілген одақ құру мақсаты деп тізбектеледі, бірақ билік туралы және оның тасымалдаушысы туралы ештене айтпайды.
2)       Қай нысандағы болмасын барлыұ конституциялар жеке меншік институтын бекітеді.
3)       Конституцияларда әдетте билік бөліну қағидаларының негізі бекітіледі. Кейбір конституцияларда (Италия, Франция, ФРГ) билік бөліну концепциясы
Ал, басқаларында (АҚШ, Дания, Жапония) билік бөліну қағидаларысейкес баптарда нақты қалыптастырылған.
4)       Барлық конституциялар мемлекеттін республикалық немесе монархиялық басқару нысаның                    белгілей ді және бекітеді. Бұл сұрақ бойынша конституциялық ұйғарымдар әр түрлі болуы мүмкін. АҚШ конституциясы бүкіл одақты басқару нысаны туралы ештене айтпайды, бірақ штаттар үшін республикалық басқару нысаның бекітеді: Осы одақтағы әр штатқа құрама штаттар республикалық басқару нысанын қамтамасыз етеді... (5 б.4 тарау)
5)       Конституциялар  мемлекетті к құрлым нысанын-унитаризм немесе федерацияны орнатады және бекітеді, дегенмен негізгі заңның мәтінінде  тікелей ол туралы ұйғарылымның болмауыда мүмкін (Франция, Жапония). Конституцияда мемлекеттік құрылым нысаны туралы үнсіздіктін болуы унитаризм екендікті білдіреді. Дегенмен федеративті мемлекеттерде  де федерация терми ні кездесе бермейді. Бір қатар конституцияларда синонимдер қолданылады. Мысалы, АҚШ және Индия конституциялары Одақ туралы айтады, ал Австрия конституциясы Одақтық мемлекет терминің мазмұндайды.
6)       Барлық конституциялар қай нысанда болмасын азаматтар мен қол астындағылардың демократиялық бостандықтарын жариялайды және бекітеді. әдетте негізгі заңның мәтінің өзінде осындай тарау немесе бөлімдер бар. Жаңа конституцияларда, әсіресе латынамерикандық-конституцияларда көптеген бөлшектер мен техникалық-заңды тұрғыдан адам және азаматтардың құқықтықжағдайы баймды өнделген. Конституцияларға жаңа құқықтар мен бостандықтар енгізіледі (мәлімет алу құқығы, қоршаған ортаны қорғау т.б құқықтар).
Осы сәтте бір қатар конституциялардың негізгі мәтінінде құқықтар және бостандықтар тарауының болмауыда немесе айтылмауыда мүмкін. Мұндай конституциялар қатарына АҚШ, 1958ж. Франция және кейбір франкотілдес Африка мемлекеттерінің конституциясы жатады.
7)       Барлық конституциялар жоғарғы мемлекеттік билік органдарының жүйесінұйымдастыру қағидасын және оның жүйесіне бағыныштылардың қызмет тәртібін белгілейді. Олардың қатарына мемлект басшысы, үкіметжәне парламент кіреді. Сонымен қатар конституцияларда сайлау, референдум және заңшығарушылық сияқты маңызды саяси үрдістарді реттеу негіздері бекітіледі. Кейбір конституцияларда мемлекеттің сыртқы саясатын реттейтін нормалар болады. Индия конституциясында халықаралық қатынастар аумағындағы мемлекеттін бейбітшілік қалау бағытының толық сипаттамасы берілген. Мұндай ұқсас ережелер Греция, Португалия, Испания конституцияларының мәтінінде мазмұндалады.
Конституциялармен реттелетін сұрақтар шеңбері әр алуан. Бірақта белгілі жақындау денгейі мен жалпы заңдылыққа шығуға болады, әдетте ескі конституциялар жалпыланған сипатта болады. Бұған мысал ретінде болып, өзінде тек Одақ және штат арасындағы құзыретті бөлу және орталық мемлекеттік билікті ұйымдастырудын жалпы қағидаларын мазмұндайтын АҚШ конституциясы табылады.
Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі қабылданған конституциялар тәртіпті түрде бөлшектеніп өнделген.
Конституциялық құқық ғылымында конституциялар әр түрлі негіздемелер бойынша жіктеу әрекеттері бір неше жүргізілді. Мемлекеттік құрлым нысанына байланысты конституцияларды унитарлы және федеративті деп бөлуге ұсынылған. Федеративті мемлекеттерде конституцияны федерация және федерация субъектілерінің конституциясына айыруға болады. Конституцияларда саяси режим сипатына байланысты демократиялық және рекциялық деп бөледі. Біріншісі белгілі құқықтармен бостандықтар щенберін, еркін білім алуды және саяси партиялар қызметін және тағы да басқалардың болуына кепілдік береді. Екіншісі саяси партиялардың қызметін шектейді немесе тиым салады, не бір партияның үстемдігін орнатады (комунизм). Ал, конституциялық әрекет ету немесе қолдану ұзақтығына байланысты тұрақты және уақытша болып бөлінеді. Уақытша конституциялар белгілі бір мерзімге немесе белгілі оқиға болғанға дейін қабылдану мүмкін. Мысалы, 1959 ж. Тайландтың 20 баптан тұратын конституциясы құрылтайшылық жиналыспен тұрақты конституция жобасы әзірленгенше дейін әрекет етті. Көпшілік конституциялар тұрақты болып табылады. Мысалы, 1917 ж. Мексика конституциясы көптеген түзетулер  енгізілгенімен тұрақты болып табылады. Дегенмен уақыты бойынша тексеру өткен ғасырда қабылданып әлі күнге дейін қолданып келе жатқан ең ескі жіктеудің тұрақты екенін көрсетеді. Бұл жіктеу негізіне қаланған формализм белгілеріне қарамастан, ол конституцияны дараландыру қажеттіліктеріне жоғарғы деңгейде жауап береді.
Негізгі заңды объективтеу әдісі бойынша, яғни құрылтайшы еркінен тыс объективті көрінуі бойынша, конституция 2 топқа бөлінеді. Жазылған конституциялар белгілі жүйе бойынша құрылған бір тұтас құжат түрінде құрастырылады. Әдетте жазылған конституциялар преамбуладан, негізгі мәтіннен және өтпелі ережелерден немесе қосалқы жолдамадан тұрады.
Әдетте преамбула конституцияны жариялаудың салтанатты формуласын, конституцияны қабылдау мақсатын, алғашқы конституцияға сілтеулерді және кейбір өзге де құжаттарды мазмұндайды. Жалпы ереже бойынша преамбула конституциялық мәтіннің ұштас бөлігі болсада нормативтік сипаты болмайды. Оның ережелері сілтеме нормаларды қоспағанда таза мәлімдемелік болып саналады (Франция конституциясының преамбуласын қараныз). Көптеген қазіргі конституциялардың (Австрия, Бельгия, Дания, Исландия, Италия, Латын Америка елдерінің көпшілігі) преамбуласы жоқ, бірақ жолпы үрдіс жаңа конституциялардың (Бангладеш, Африка мемлекеттерінің көпшілігі)преамбуламен бастслатындығына әкеледі.
Негізгі конституциялық мәтін әдетте бөлімге, тарауға, баптарға бөлінеді. Мысалы, Италия конституциясының мәтіні Негізгі қағидалартарауынан, Азаматтардың құқықтары мен міндеттері, Республиканың мемлекеттік құрылымыдеген екі бөлімнен тұрады. Мұндай ұқсас құрлымға ГФР, Жапония, Франция, Индия, Малазия және кейбір өзге мемлекеттер конституциясы ие. Әдетте мәтіннің ірі құрлымдық бөлімдерінің атауы болады, сонымен қатар болмауыда мүмкін (АҚШ). Кейбір конституциялар (Индия, Бангладеш) жекелеген сұрақтар бойынша конституцияның жалпы ережелерін нақтылайтын және анықтайтын толықтырулар мен қосарласуы мүмкін. Жекелеген конституцияларда өтпелі ережелер бар (Италия).
Жазылмаған конституциялар өте сирек кездеседі. Қазіргі уақытта олар тек Ұлыбританияда және Жаңа Зеландияда қолданылады. Жазылмаған конституцияларда жазылған конституция сияқты құқықтық реттеу пәнінің дәл сондай көлеміне ие. Өзге сөздермен айтқанда, жазылмаған конституция басқару нысанын, мемлекеттік құрлым нысанын, мемлекеттік биліктін жоғарғы органының құрлымын, тұлғалардың құқықтық жағдайын және т.б. бекітеді, бірақ оның ұйғарымы бір тұтас құжат емес, құқықтың бір неше қайнар көздерінде мазмұндалады. Осылайша жазылмаған конституцияның объктивтілік нысаны анықталмаған. Мысалы, британияда қысқа мерзім ішінде (1653-1660 ж) О.Кремвелдің басқару құралы-жазылған конституция әрекет етті, бірақ ол британдық конституционализмнің дамуында елеулі ізін қалдырған жооқ. Британияның қазіргі жазылмаған конституциясы әр түрлі қайнар көздерін күрделі конгломератын көрсетеді. Бұл конституция үздіксіз толықтырылып және өзгеріп отырды. Ол өзінің жазылған ағайындарына қарағанда толықтырулар және өзгерістер енгізудің күрделі процедурасын қажет етпейді, тәжірибелік тұрғыда ол икемді және ынғайлы болып табылады. Парламенттік заңдардан бастап жаңа прецедент шығару үшін бір неше қарапайым әдістер бар.
Конституцияларға толықтырулар иен өзгерістер енгізу әдісі бойынша да екі топқа бөлінеді.
Қатан конституциялар-кәдігімгі заңшығарушылық роцедура үшін қабылданғаннан күрделі және өзгерістер мен толықтырулар енгізу ерекше тәртіпте жүргізіледі. Конституцияның қабылдануында, өзгертілуінде заңшығарушылық билік құзыретіне жатады, ал әрекет етуі заңшығарушылық билікке 
қарағанда қатан процедуралық ережеге сәйкес жүзеге асады.
Икемді конституциялар кәдігімгі парламенттік заңдар сияқты тәртіпте өзгертіледі және толықтырылады. Бұндай жағдай үшін ерекше процедура қарастырылмаған. Бұндай түрге Ұлыбритания және Жаңа Зеландия конституциялары жатады.
Ә Д Е Б И Е Т Т Е Р
 
Негізгі әдебиет

1. Конституция зарубежных стран. М. Юрид.лит.1992 г.
2. Современные зарубежные конституции. М. Юрид.лит. 1997 г.
3. Испания: Конституция и законодательные акты. М. Прогресс, 1998 г.
4. Италия: Конституция и законодательные акты. М. Прогресс, 1998 г.
5. Французская Республика: Конституция и законодательные акты. М. Прогресс, 1998 г.
6. Китайская Народная Республика: Конституция и законодательные акты. М. Прогресс, 1999 г.
7. Австрийская Республика: Конституция и законодательные акты. М. Прогресс, 1986 г.
8. ФРГ: Конституция и законодательные акты. М. Прогресс, 1991
9. Конституция Российской Федерации. М. Юридическая литература,1993 г.
10. Н.М. Михалева. Новые Конституции стран СНГ и Балтии. 1994
 
Қосымша әдебиет
Н.М. Михалева. Новые Конституции стран СНГ и Балтии. 1994
Лазарев В.В. Конституционный суд в Австрии Государство и право.-1993. -№ 9
Руйе К. Швейцарский федеральный суд и надзор за конституционностью законов Государство и право. 1995 г. -№ 12.
 
 
Тестілер:
1. Өзгерістер мен толықтыруларды  енгізу тәсілі бойынша Ұлыбритания Конституциясының сипаты қандай?
А) қатаң
В) икемді
С) ешқандай өзгерістер енгізілмейді
D) ешақнадй толықтырулар енгізілмейді
Е) оңай өзгертіледі
 
2. Әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен міндеттер мынаны анықтайды:
А) азаматтық қоғам мүшесі ретіндегі тұлғаның әлеуметтік жағдайы
В) азаматтық қоғам мүшесі ретіндегі тұлғаның экономикалық жағдайы
С) азаматтық қоғам мүшесі ретіндегі тұлғаның құқықтық жағдайы
D) азаматтық қоғам мүшесі ретіндегі тұлғаның статустық жағдайы
Е) азаматтық қоғам мүшесі ретіндегі тұлғаның саяси жағдайы
 
3. Жазылған Конституциялар ішіндегі ең ескі Конституция:
А) Франция
В) АҚШ
С) Жапония
D) Ұлыбритания
Е) Германия
 
4. Франция Конституциясы мыналардан тұрады:
А) Үш құрамды бөліктен – баптар преамбуласы мен түзетулерден
В) Екі құрамдас бөліктен – преамбула мен түзетулерден
С) Екі құрамдас бөліктен – преамбула мен баптардан
D) екі құрамдас бөліктен – баптар мен түзетулерден
Е) ешқайсысы да дұрыс емес
 
5. Шетелдердің Конституциялық құқық ғылымының пәні:
А) аналитикалық түрде зарттелетін нақты елдердің мемлекеттік құқығы, Конституциялық нормаларды  іске асыруда пайда болатын  қоғамдық қатынастар
В) аналитикалық жәнее синтетикалық түрде зерттелетін нақты елдердің  мемлекеттік құқығы немесе Конституциялық-құқықтық нормаларды іске асыруда пайда болатын  қоғамдық қатынастар
С) аналитикалық, синтетикалық жағынан зерттелетін, Конституциялық-құқықтық нормаларды іске асыруда пайда болатын қоғамдық қатынастар
D) Конституциялық нормаларды іске асыруда пайда болатын қоғамдық қатынастар мен синтетикалық жағынан зерттелетін  ұлттықмемлекет тік  құқықтық жүйелер
Е) бүкіл жауаптар дұрыс емес
 
2-тақырып Шетелдегі қоғамдық құрылыстың конституциялық-құқықтық негіздері
Контитуциялық құрылым - контитуциялық құқық нормаларымен сақталуы қамтамасыз ететін мемлекеттік ұйым.
XIX ғ. басында Ұлыбританияда, АҚШ-та, Францияда адам құқықтарын сотттық қорғау және билік бөліну болып табылатын ең аз белгілерімен конституциялық құрылым бекітілді. Ал, бұл Германияда біршама кеш болды. Кубаны қоспағанда социалистік мемлекеттерде контитуциялық құрылым болмаса да конституциялық құқық әрекет етті. Қазір Шығыс Еуропаның постсоциалистік мемлекеттері, сонымен қатар Монғолияда контитуциялық құрылым және ұтымды конституциялық құқық қалыптастыру үрдісі басталды.
Мемлекет – саяси институт. Мемлекет – конституциялық құқық субъектісі. Мемлекет – билік органдарының жергілікті агентерімен, мемлекеттің сайлау корпусымен бірігіп немесе федерация субъектісі, не заң шығарушылық автономиясы бар территориялық қауымдастықпен мемлекет аумағында әрекет ететін, не заңшығарушылық автономияны қолданатын билік органдар жүйесі.
Федерация субъектілері – ешқашан мемлекет болып табылмайтын автономиялық аумақтық бірдестіктер; олардың барлығы мемлекет тәрізді құрылымдар. Федеративті мемлекетті құрайтын мемлекеттік құрылымдар болып (штаттар, жерлер, провинциялар) федерация субъектілері табылады және де олар өздерінің әкімшілік-аумақтық бөліністері бар.
Мемлекет салыстырмалы дербестікке ие.
Мемлекет саяси жүйедегі өзінің ролін бір сәтте қоғамдық мәселелерді шешу әдісі және мемлекеттік орган немесе мекеме қызметінің бағыты ретінде көрінетін келесі қызметердің қатысуымен атқарылады:
1)                    Саяси қызмет – саяси және өзге де қоғамдық институттардың тиісті қызмет жағдайын қамтамасыз ету. Мемлекет қоғамдық өмірдің саяси өрісін реттей отырып, саяси күштердің ой тәртібін бекітеді және осы тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді.
2)                    Мемлекеттің экономикалық қызметі экономикалық қатынастарды реттеу нысанында көрінеді.
3)                    әлеуметтік қызмет мемлекеттік кең бағдарламалар арқылы іске асырылады (білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік төлемдер).
4)                    Идеялогиялық қызмет мақсаты қоғамды адамгершілік құндылық рухында, ізгілік - әдептілік, мәдени сипатта тәрбиелеу болып табылады.
 
Мемлекеттің негізгі сипаттамаларын қарастырамыз:
1)                     Әлеуметтік мемлекет. Мұндай мемлекет қоғамға қызмет етеді және ақталмаған әлеуметтік айырмашылықты төмендету немесе жоқ қылуға ұмтылады (Италия, ГФР). әлеуметтік мемлекет сипаттамасы экономикалық және әлеуметтік құқықтар және бостандықтардың конституция кепілін және мемлекеттің азаматтар алдындағы міндетін білдіреді.
2)                     Құқықтық мемлекет. Мемлекетің конституциялық сипаттамасы құқықтық ретінде адам құқықтарының бұзылмаушылығын жариялауда нақтыланады (АҚШ, Жапония). Демократиялық мемлекеттердің қазіргі конституцияларында адамның негізгі құқықтарының беріктігін; құқықтар мен бостандықтардың кепілдік механизмінің негізін орнату; мемлекеттік органдардың, мемлекеттердің, лауазымды тұлғалардың және қызметкерлердің конституция және заң шеңберінде әрекет ету міндеттілігін конституциялық орнату; соттардың тәуелсіздігінің конституциялық қағидасын; конституцияның жоғарылығы қағидасын; ұлттық құқық нормаларынан халықаралық құқық нормаларынан басымдылық қағидасын кепіл беретін нормалар бар.
3)                     Демократиялы қ мемлекет. Демократиялық мемлекетті ұйымдастыруда азаматтарда және бірлестіктерге мемлекеттің басқарушылық шешім мазмұнына әсер ету, осы шешімдерде әлеуметтік мүддені іске асыруға қол жеткізуге мүмкіндік ашылуында көрінеді.
4)                     Зайырлы мемлекет. Мемлекеттің зайырлы ретінде конституциялық сипаттамасы шіркеуді мемлекеттен бөлу және олардың қызмет аумақтарын шектеуді білдіреді (Италия). Мемлекеттің зайырлық сипаты діни ұйым құқықтарын қамтамасыз ету мүддесінде мемлекеттік бюджеттің материалдық көмек көрсетуге кедергі болмайды.
Зайырлы мемлекетке қарама-қайшы болып теократиялық мемлекет табылады, онда мелекеттік билік шіркеу қолында болады (Ватикан).
Клерикалдық мемлекеттер жиі кездеседі, олар шіркеумен бірікпеген, дегенмен шіркеу заңшығарушылықпен орнатылған институттар арқылы мемлекеттік саясатқа ықпал етеді, ал мектептік білім міндетті тәртпте діни догматтарды оқытуды қосады (Иран).
 
 
Тестілер:
 
1. Президенттік Республиканың формальды ерекшелігі:
А) Премъер-Министр лауазымының жоқтығы
В) Вице-Президент лауазымының жоқтығы
С) Премъер-Министр лауазымының болуы
D) Үкімет құрылуының парламенттік тәсілі
Е) Президенттің Парламентті тарату құқығы болуы
 
2. Аталған елдердің: 1. Франция, 2. Бельгия, 3. Ұлыбритания, 4. Германия, 5. Италия, 6. Испания – қайсысы монархиялық басқару формасына ие?
А) 1,4,6
В) 1,2,3,6
С) 2,3,6
D) 2,3,5,6
Е) 1,5,6
 
3. Мемлекеттік құрылымы жағынан  шетел мемлекеттерін келесі түрлерге бөлуге болады:
А) федеративті-унитарлы
В) Парламенттік және Президенттік
С) автономды және республикалық
D) монархиялық және президенттік
Е) барлық жауаптар дұрыс
 
4. Омбудсмен деп:
А) азаматтар
В) мемлекет басшысы
С) азаматтардың құқығын  қадағалауын жүзеге асыратын  Парламент Председателін
D) әскери басшыларын
Е) мемлекет жетекшілерін
 
5. Президентік Республиканың белгілері: 1. Президент көпшілікпен сайланады; 2. Президент атқарушы биліктің басшысы ретінде; 3. Президенттің Парламентті тарату құқығы; 4. Президент Парламентті таратуға құқығы жоқ; 5. Президент Парламентпен сайланады; 6. Үкімет Парламенттік жолмен сайланады; 7. Парламенттің формальды түрдегі жоғарылығы; 8. Үкіметтің Парламенттен тыс құрылу әдісі:
А) 1,3,5,6
В) 1,2,4,8
С) 2,3,5,7
D) 1,3,6,7
Е) 4,5,6,7
 
ӘДЕБИЕТТЕР
 
Негізгі әдебиеттер
 
Баробашев Г.В.  Местное самоуправление. М. МГУ. 1996 г.
Баренбойм П.Д. Три тысячи лет доктрины разделения властей. Суд Сьютера. М. 1996.
Барнашев А.М. Теория разделения властей: становление, применение. Томск. Изд-во ТОМД ун-та. 1988 г.
Берк Э.  Размышления о революции во Франции. М. Рудомино,
1993 г.
Богданова Н.А. Конституционное право (общая часть). Учебное пособие в двух частях. М. Юрид. колледж. МГУ, 1996 г.
Гарнер Д. Великобритания: центральное и местное самоуправление. М. Прогресс, 1994 г.
Гримо Ж.  Организация административной власти во Франции. М. ИнфраТЭК. 1994 г.
Крутоголов М.А. Парламент Французской Республики. М. Юрист,1995 г.
Крутоголов М.А.  Конституционный Совет Франции.  М.  Наука,1993 г.
Крылов И.С. Аппарат государственного управления современной Франции. М. Наука, 1992 г.
Маклаков В.В.  Парламент стран - членов Европейского Союза. М. ИНИОН РАН, 1994 г.
Мишин Е.А. Конституционное право зарубежных стран. М. Белые альвы, 1998 г.
 
 
Қосымша әдебиеттер
 
1.                              Реф ормы государственных институтов в Италии. Государство и право. –1993. -№ 3.
2.                              Вас ильев Т.А. Реформы государственных институтов  в Италии Государство и право. –1993. -№ 3.
3.                              Бар абашев Г.В. О хартиях местного самоуправления в США Государство и право. –1994. -№ 5.
 
 
3-тақырып   Шетелдердегі саяси партиялар мен партиялық жүйелер
 
Саяси партиялар – мемлекеттік билікті меңгеруге немесе оның жүзеге асыруына шешуші түрде әсер етуде ортақ мүдделер, мақсаттар немесе идеялар мен біріккен қоғамның белсенді және ұйымдастырылған бөлігі.
Шетел мемлекеттерінің саяси жүйесіндегі маңызды орындардың бірін саяси партиялар алады. Партия терминінің өзі латын тілінен pars - бөлік дегенді білдіреді, ол саяси жүйеге үйлестіре қарағанда бір ортақ мақсатты сыбайлас топты білдіреді. Саяси үрдістегі партиялардың ролінің күшеюі мен олардың ұйымдастырушылығының өсуімен партиялар белгілі саяси мақсатқа жетуге қызмет ететін ұйымдастырылған құрылым, доктрина және әлеуметтік механизм ретінде қарастырыла бастады.
Демократиялық режимде саяси партияларсыз мемлекеттік билікті жүзеге асыру мүмкін емес. Саяси партиялар әр түрлі бағытына және түріне байланысты басқарушы ретінде немесе кез келген сәтте үкімет құра алатын ниет түзету аппозиция ролін атқарады. Мұндай ролдердің ауысуы социал-демократилық партиялары күшті елдерде байқалады (Ұлыбритания, Франция, ГФР, Австрия; Швеция т.с.с.).
Саяси партиялардың негізгі түрлері. Шетел мемлекеттерінде өзінің әлеуметтік-экономиаклық орнатуы бойынша әр түрлі саяси партиялар қызмет етеді. Оларды екі негізгі топқа бөлуге болады: консервативтік және революциялық-коммунистік, социал-демократиялық партиялар, либералды және басқалары.
Консервативті партиялар экономика аумағында және әлеуметтік аумақта мемлекеттік реттеуді шектеуге, сонымен қатар олардың пікірі бойынша азаматтардың өмірлік деңгейін жоғалату және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге, экономикалық конъюкатураны жігерлетуге мүмкіндік беру үшін салықтарды қысқартуды жақтайды. Ұраны жұмыс орындарының сақталуы және олардың көбеюінде көрінеді. Ең алдымен кәсепкерлердің, оларда жұмыс істейтін жұмыскерлердің және шаруалардың мүддесін білдіреді. Консерваттар сенімі: Біз қолданып отырған материалдық және рухани орта тек бізбен ғана емес, сонымен қатар біздің алдымыздағы буын ақылымен, еңбегімен құрылған мәдениет жетістіктері. Бізді қоршап тұрған орта тек біздікі ғана емес, сонымен қатар біздің ұрпағымыдікі. Адамдар алынған мұраны бұзуға және жоюға ерікті емес. Бұған бізді ұрпақ алдындағы жауапкершілік және бабалар туралы зерде міндеттейді.
Консерватизм – бұл адам зердесі, мықты мемлекеттік, салт-дәстүрді сыйлау, өз бостандығын дәстүрлер үшін жол беру, қалыптасқан тәртіпті қатаң сақтау. Консерваторлар үшін қоғамдық тұрақтылықты сақтау немесе қайта жаңғырту маңызды. Консервативті партия тарихи қалыптасқан институттарды қорғауға немесе қайта қалыптастыруға бағытталған. Консерваторлар монархияның сақталуына қамқорлық етеді (Италия, Англия, Бразилия). Мемлекет билік міндетін адамгершілік тұрақтылықты, ұлттық типтегі жанұяны қолдау құрайды.   Консервативті саясатты жүргізу үшін билікті қатаң шектеумен байланыссыз күшке ие болу маңызды. Консерваторлар адамдарды ұлттық, әлеуметтік және өзге де белгілері бойынша береді. Олар ірі меншікке жүгінеді. Консерваторларға күшті әрекет қабілетті үкімет, президент немесе монарх, тұтастай әкімшілік ыңғайлы. Сыртқы саясатта консерваторлар экономикалық, дипломатиялық, әскери экспанция, өз мемлекетінің әлемдік әсерін кеңейті тенденциясын көрсетеді.
Консерваторлар – мемлекет тұтастылығының қағидалы жақтастары. Консерваторлар ұлттық азат ету қозғалысын, өзін-өзі басқаруға халық құқығын қолдауға беиімді емес. Олар қоғамды ортақ мақсатқа жетуге біріктіретін саясат әрекетін ұсынады. Консерватизм әсіресе қоғамдық-саяси қайшылық шиеленісу, әскери немесе экономикалық қауіп кезеңінде танымал. Консерватизм элиталық қабаттан сүйеу табады және осы элитаны қолдауға қамқорлық етеді. Дәстүрлі американдық құндылықтардың жақтастары Рейган консерватор мәртебесіне ие болды. Билік басында көп уақыт  социалистер тұрған мемлекеттерде, олар өздерін соңғы кезеңде консерваторлар сияқты ұстайды. Бұл партияларға АҚШ-тың Республикалық және Демократиялық партиялары, Ұлыбританияның Консервативтік партиясы, ГФР-нің Христиан-демократиялық одағы, Жапонияның Либералды-демократиялық партиясы және басқалары жатады.
Социал-демократиялық партиялар салықтарды көбейту есебінен әлеуметтік бағдарламаларды жартылай ұлттықтандыру және қаржыландыруды қоса алғанда, экономикаға мемлекеттік араласуды күшейтуді жақтайды. Мұндай партияларға Ұлыбританияның Лейбористік партиясы, Франциядағы, Италиядағы және Испаниядағы социалистік партиялары, Германиядағы және Скандинав мемлекеттерінің социал-демократиялық партиялары жатады. Социалистік және  социал-демократиялық партиялар (Ұлыбританияның Лейбористік партиясы, Германиядағы социал-демократиялық, Испаниядағы социалистік-жұмысшы, Франциядағы социалистік). Сайлау нәтижесінде бірнеше рет басқарушы болды. Швециядағы социал-демократиялық партия мемлекетте социализмнің Шведтік моделін қалыптастырып ондаған жылдар бойы басқарды.
Демократиялық мемлекеттердің саяси жүйесіндегі коммунистік партиялар тәртіпті түрде экономиканың мемлкеттендіруді жақтайды және Марксизм идеялогиясын немесе модификациясын ұсынады. Коммунистік партияның мәні барлық қоғамдық байлықты мемлекеттіктендіру және еңбек бойынша бөлуде қорытындыланады. Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін өнеркәсіптік қоғамның әлеуметтік-экономикалық өткір мәселелерін жеңу шарасы бойынша дамыған мемлекеттерде коммунистік партиялардың ықпалы төмендей бастады.
Саяси партиялардың арасында өзінің қызметінде діни идеялогияны белсенді пайдаланатын конфессионалдық (дінге сенуші) партиялар бөлінеді. Бұл партиялар ықпалды саяси ұйымдар болып табылады. Конфессионалдық партиялар әр түрлі дінгесенуі мүмкін. Католиктік партиялар қатарында ГФР-нің Христиан-демократиялық одағы (бұл партия протестандық шіркеумен де ынтымақтастықта), Белгияның әлеуметтік-христиандық және христиан-халықтық партияларды айтуға болады. Жапонияның Комэйто партиясы СокаГаккай қоғамының діни буддистік саяси ұйымы болып табылады. Индияның Бхарам джаната партиясы діни қауымдастық негізінде құрылған және индустық ұлттықтандыру бағытынан тұрады.
Егер атауына байланысты айтатын болсақ дамыған мемлекеттердің саяси партиялары әралуан болып келеді. Дегенмен, партияның аты әрқашанда оның нақты бетіне сәйкес келе бермейді. Партиялардың шынайы саяси бағыты олардың атауына емес, жүзеге асырылатын қызметіне байланысты орнатылады. Бірқатар мемлекеттерде социал-демократия саясатына жақын, орталықтық бағытты ұстанатын либералды партиялар әрекет етеді. Либералды мемлекет және заң адамдарға ақымақ болуға рұқсат етеді, олардың жақсылық және қастандық арасындағы ерікті таңдауына араласпайды: олар тек жалпы игі мүддеде қоғамның өмір сүруіне қауіпті ақымақ адамға қастандықпен келуге кедергі етеді. Адам еркін. Қоршаған ортаға адамға ақыл-ой бойынша теңдес ешкім жоқ. Даму мүмкін және қажетті, ал оның қажетті жағдайы болып жеке және саяси еркіндік табылады. Мемлекеттің, кез келген биліктің адамды бостандығынан айыруға және құндылықтар жүйесін жіктеуге құқығы жоқ. Либерализм – бұл бостандыққа, меншікті мені табуға мәңгілік ұмтылу, бірақ сол сәтте бұл өзімшілдіктің саяси көрінуі және жемтікке ұмтылу. Либералды бағыттан қарағанда биліктің басты міндеті болып әр адамның біреудің басшылығынсыз өз мүмкіндіктерін еркін жүзеге асыра алатын қауіпсіз жағдай жасау табылады.бұл Ұлыбританияның Либералды-демократиялық партиясы, Канаданың Либералды партиясы, ГФР-нің ерікті демократиялық партиясы.
Кейбір мемлекеттерде белгілі ықпалмен ұлттықтандырылған партиялар пайдаланады, олардың негізі болып тұрғын халықтың ұлттықтандырылуға бағытталған топтары табылады. Мысал ретінде Фолксюни еркіндігі Австриялық партияның оң қанатын (халықтық одақ), Белгиядағы Фломанд блогы (ультраоң ұлттық партия) және Брюссель Франкофондерінің демократиялық фронты, Шотландиялық ұлттық партия және Ұлыбританиядағы Уэльдік ұлттық партия (Плайд Камри), Франциядағы ұлттық фронт.
Саяси партиялар қызметі, яғни пікірлес тұрақты топ ретінде партия белгілерімен тығыз байланысты саяси партия әрекеттерінің негізгі бағыттары. Американдық саясаттанушы Дж.Ла Паломбаре партия қалыптастыратын 4 белгіні көрсетеді: 1) кез келген партия идеялогия немесе ең құрығанда әлем және адамның ерекше көрінуін тасымалдаушы; 2) партия – бұл ұйым, яғни әр түрлі деңгейдегі саясатта жергіліктіден бастап халықаралыққа дейін адамдардың ұзақ бірігуі; 3) партия мақсаты – билікті қолға алу және жүзеге асыруы; 4) әр партия оған дауыс беруден белсенді мүшелікке дейін өзіне халық қолдау қамтамасыз етуге ұмтылады.
Саяси партиялармен жүзеге асырылатын негізгі қызметтері оның саяси жүйедегі орнын және олардың ролінің ерекшелігін сипаттайда және белгіледі.
Саяси партиялардың бірінші қызметі үкіметттік билік орталығына және орындарына ие болуға жекелеген қарсылас топтар арасындағы күрес құралы ретінде көрінеді.
өз мақсаттары үшін мемлекеттік биліктің жоғарғы органдары және муниципалиттердің қолдауында әр түрлі әлеуметтік топтар өте мүдделі (федеративті мемлекеттерде – билік органы және федерация субъектілерінің басқармасы). Үкіметтік билікті және жергілікті, федералды органдарға ықпалы қалай отырып бұл топтар сайлау орындарына өз өкілдерін шығаруға көмек жасайтын қандайда бір саяси партияға ставка жасайды.
Әр түрлі партиялардың бәсекелестігі конституциялық қатынастар шеңберінде өтуі тиіс. Ол бәсекелестік қарсыластардың күші жинаған дауыс саны бойынша бағаланатын сайлау күрес нысанында көрінеді.
 Саяси партиялардың екінші қызметі олардың мемлекеттік аппараттың барлық буындарының қалыптастыруына және қызметіне қатысуында қорытындыланады. Орталықта сонымен қатар өзге де жерлерде биліктің жіне басқарудың сайлау органдары (президент, парламент, федерация субъектілерінің өкілді органдары, муниципалды кеңес және басқалары) саяси партиялардың тікелей қатысуымен құрылады. Сайлай лауазымына үміткерді таңдайтын және сайлау компанияларын жүргізетін солар болып табылады. Сонымен партиялар саяси басшыларды және мемлекеттік қызметкерлерді тәрбиелейтін ұйым болып табылатын. Өзге сөзбен айтқанда,  олар басқарушы элитаны қалыптастыратын кадрларды дайындайды.
Мемлекеттік аппаратқа қатысты басқарушы партиялар ерекше рольді атқарады. Мұндай партиялардың басқарушы органдары тек үкіметті қалыптастырып қана қоймайды, сонымен қатар барлық орталық атқырушы ведомство басшыларының жекелеген құрамын белгілейді. Мұндай міндет парламенттік басқару нысанындағы мемлекеттерде (Ұлыбритания, Италия, ГФР, Швеция, Дания, Нидерланды) партиялармен тиімді шешіледі. Онда парламенттік жолмен қалыптасқан үкімет өзінің жекелеген құрамы бойынша басқарушы партияның басқарушы органына толықтай дерлік сәйкес келеді. Бұл мемлекеттерде министрлер болып тек парламент мүшелер болып табылғандықтан, сайлауды жеңіп үкіметті қалыптастырған жағдайда, мүшелерінің санынан басқарушы партия өз фракциясының құрамын белгілейді. Классикалық үлгідегі (АҚШ) президенттік републикаларда үкіметтік партиялық құрамы төменгі деңгейде парламенттің партиялық құрамына тәуелді, демек оларда депутаттық мандат және министрлік портфельдің сиыспаушылық қағидасы әрекет етеді. Дегенмен басқарудың осы нысанында да билік етуші партия және мемлекеттік биліктің жоғарғы атқарушы органдар арасында тікелей байланыс бар.
Саяси партиялардың үшінші қызметі, олардың мемлекеттің ішкі және сыртқы бағытын өңдеуге, қалыптастыруға және жүзеге асыруға тікелей немесе делдалдық арқылы қатысуында көрінеді. Басқарушы партиялар өздерінің билеуші органдары, үкіметтік және парламенттік фракциялар арқылы саяси шешімдерді қабылдауда және оларды іске асыруда тікелей қатысады. Аппозициялық партиялар саяси ахуал өзгерген жағдайда үкіметтік болатын балама шешімдерді ұсынады.
Ақырында барлық саяси партиялар идеялогиялық қызметті белсенді жүзеге асырады. Олар қоғамда үстемдік ететін өздерінің бағдарламалық орнатулары болып табылатын құндылықтарын насихаттайды, өз мақсаттарын және сайлау алдындағы міндеттерін түсіндірумен айналысады.
Жоғарыда айтылған төртеуінен шыға отырып, партия қызметіне өз белсенділерін және жақтастарын жинау, мемлекеттік билік органдары және азаматтар арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету, әлеуметтік топтар арасындағы қайшылықтарды жұмсарту және т.б. жатқызуға болады.
Сонымен партиялар келешекте сәйкестендірілген нормативтік акт міндетті күшке ие болу мүмікін мемлекеттік билік органдарымен қабылданған және саяси шешімді басқаруға ықпал етеді. Партиялық жүе мемлекеттік биліктің орталық органдарын құрудың маңызды факторына, сонымен қатар олардың қызметіне әсер ету құралына айналуда.
Қазіргі саяси партиялардың ұйымдастырушылық жіктелуі әралуан және тарихи ерекшеліктері, ұлттық дәстүр және партияның ерекшеліктері сияқты бірқатар факторларға тәуелді. Партияны құруды кеңінен таралған екі негізгі әдісі бар. Ұйымдастырушылық құрылымы бойынша оларға лайықты ұйымдастырушылық рәсімделген және ұйымдастырушылық рәсімделмеген партияларды бөледі.
 Ұйымдастырушылық рәсімделген партия өзінің саяси қызметін кәсіптік ретінде қарастыратын партиялық қызметкерлер санынан қалыптасатын орталықтандырылған партиялық аппаратқа ие. Бұл партияларда партия және оның мүшелері арасында ұйымдастырушылық байланыс болады. Партия мүшесі партиялық билет алады, партиялық жарна төлейді және партиялық жарғымен қарастырылған барлық тәртіптік талаптарға бағынады.
Осы топқа жататын партиялар анық құрамы бар, ұйымдарының саны бойынша салыстырмалы төмен. Олар бюрократиялық орталықтандыру қағидасына сүйеніп құрылады. Бұл партияларда тәртіпті түрде жалпы ұлттық басшылыққа және тікелей басшыға өте кең өкілеттіктер берілген. Мұндай партиялар жеке меншікке органикалық толықтыру ретінде қарастырылатын ұжымдық мүшелік негізінде құрылады.
Ұйымдастырушылық рәсімделген партиялар қатарына Жапонияның Либералды-демократиялық партиясын, ГФР-нің Христиан-демократиялық одағын, Француз социалистік партиясын, Австриялық халықтық партиясын, Швецияның орталық партиясын, ИНК және кейбір басқаларын жатқызуға болады.
Ұйымдастырушылық рәсімделмеген партиялар, оларда ресми мүшелік институтының жоқтығымен сипатталады. Партия мүшесі деп саналатын тұлғалар онымен ұйымдастырушылық байланыста болмайды. Олардың партиялық билеті болмайды, партиялық жарна төлемейді және партиялық тәртіп оларға тарамайды.
Осындай үлгідегі партияларға ресми мүшеліктің болмауы негізінен партиялық саясатты жүзеге асыратын кәсіптік партиялық шенеуліктердің тармақталған аппаратының болуымен компенсацияланады. Мұндай партиялардың қызметі ең алдымен сайланушылардың дауысын алуға, сайлау күресіне әкеп соғады; олардың негізгі мақсаты сайлауда жеңіске жету.
Ұйымдастырушылық рәсімделмеген партиялардың үлгілі мысалы болып АҚШ-тың басты саяси партиялары – Республикалық және Демокротиялық табылады. Бұл екі партияларда орталық басшылығы әлсіз үлкен ұйым болып табылады. Партияның формальді мүшесі болып осы партия тізімі үшін сайлауда дауыс берген барлық сайлаушылар саналады. Партия және оның мүшелері арасында ұйымдастырушылық байланыс жоқ.
Республикалық және Демократиялық партиялар аппараттарының ұйымдық құрылымы аса күрделі және ретсіз. Жалпы ол сайлау күресінің қажеттіліктеріне бейімделген. Осы жерден – аймақтық партиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Мемлекеттік құқық теориясы» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік және қүқық тарихы» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
«Әлеуметтану» пәні бойынша дәріс сабақтарының контактілік мәліметтері контактілік дәріс сабақтары
Компьютерлік оқыту бағдарламалары
ҚР мен шет елердің азаматтық іс жүргізу құқығы
Шет елдердің конституциялық құқығын. Дәрістер жинағы
САЯСАТТАНУ ПӘНІНІҢ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Қашықтықтан оқыту жүйесі және электронды оқулықтар
Пәннің саясаты
Пәндер