Энеолит дәуірі
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ..3
1 ТАРАУ
1.1 Энеолит дәуіріндегі әлеуметтік және шаруашылық ұйым ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Энеолит дәуіріндегі Ботай мәдениеті ... ... 6
1.3 Энеолит дәуіріндегі Терсек мәдениеті ... ... .8
2 ТАРАУ
2.1 Энеолит дәуіріндегі қоныстар мен тұрғын үйлер.
2.2 Энеолит дәуіріндегі мал шаруашылығы мен егіншілік ... ... ... ... ... ... ... ...12
2.3 Тас (жоғарғы.энеолит) темір ғасырларындағы прототүркілердің біртұтас антропо.мәдени және шаруашылық жүйесі ... ... ... ..13
2.4 Археологиялық зерттеулер ... ... ... ... ... ... ..14
2.5 Қазақстан жерлерінде ерте энеолиттік мәдениет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ..24
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... 25

Энеолит (лат. aeneus – мыс және гр. lіtos – тас) – неолит пен қола дәуірі аралығындағы археологиялық кезең (тас-мыс кезеңі). Энеолитте тұңғыш рет таза мыс белгілі болды және одан әр түрлі әшекей бұйымдар мен еңбек құралдары жасалды.
Алайда Энеолитте тас құралдары әлі де басым болды. Энеолит дәуіріне Орталық Азиядағы Анау мен Намазғы-Төбе мәдениеті, Украинадағы Триполь мәдениеті, Оңт. Кавказдағы Шенгавий мәдениеті, Қазақстанда Жезқазған көне құдықтары жатады. Энеолит кезінде егіншілікпен қатар, аңшылық және мал шаруашылығы қатар дамыды. Әдеб.: Массон В.М., Хлопин И.Н., Неолит и энеолит, в сб.: Средняя Азия в эпоху камня и бронзы, М.–Л., 1966. Д. Байғонақов.
Өндірісте мыстан жасалған еңбек құралдарын пайдаланумен энеолит (энео — мыс, литос — тас) дәуірі, яғни мыстас ғасыры басталды. Адам қолдануды үйренген алғашкы металл — мыс болды. Мыс құралдардың өндіріске ене бастауы шақпақтас «индустриясының» біртіндеп құлдырауына себеп болды.

1. Түркі халықтарының тарихы. Түркістан, 2004, І том, 97–112-б.
2. Никольский В.К. «Очерки первобытной кульуры». М – Пг. 1924, 77-92
беттер.
3. Фрейденберг О.М. «Поэтика сюжета и жанра» (период античной
литературы). Москва, 1936, 54-бет.
4. Фрэзер Дж. «Золотая ветвь. Исследования магии и религии». Москва,
1986.
5. Поршнев Б.Ф. О начале человеческой истории (Проблемы
палеопсихологии). Москва, 1974.
6. Културология. Учебное пособие ... Ростов н/Д. 2000, 128-бет.
7. А.К. Нарымбаева. «Аркаим». Алматы, 2007 ж, көлемі 30,0 б.т.
8. С.Қондыбай. Гиперборея: Түс көрген заман шежіресі. Алматы, 2003;
Казахская мифология. Алматы, 2005.
9. Артықбаев Ж.О. Материалы международный Конференции. – Алматы,
1999. – С.37-38.
10. Тайлор Э.Б. Первобытная культура. – М. 1989. – С. 36-37.
11. Фрезер Дж. Золотая ветвь. Исследования магии и религии». Москва,
1986. –– С.252.
12. “Түркология” журналы. Түркістан. Қыркүйек-қазан. 2002. №1, 24-бет.
13. Эдоков А.В. Основные элементы декоротивно-прикладного искусства
алтайцев // Түркология журналы. Түркістан. 2002. – 96-100-беттер.
14. Грязанов М.П. Первый Пазырыкский курган. – Ленинград. 1950.
15. Худяков Ю. Основные проблемы изучения древнетюркского
культурного феномена в Центральной Азии // Үчүнчү миң жылдыктын
босогосунда түрк цивилизациясы. – Бишкек, 2003 – С.40.
16. Жарылқап Бейсембайұлы. Арғы түріктер ақиқатының ізімен. Алматы,
«Қайнар», 2006, 21-б.
17. Народы мира. 1988, 407-408-б.
18. Ж.Бейсенбайұлы. Арғы түрктер ақиқатының ізімен Алматы, «Қайнар»,
2006, 29–31-беттер.
19. Палеолит СССР, 1984; 136,147.
20. А. Иконников – Галицкий. В лучах аржанского кургана. // Центральная
Азия. №35 – 2002. Қызыл. Республика Тува.
21. Қазақ энциклопедиясы, 10 том
22. «Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010ж

МАЗМҰНЫ:
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 ТАРАУ
1.1 Энеолит дәуіріндегі әлеуметтік және шаруашылық
ұйым ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Энеолит дәуіріндегі Ботай
мәдениеті ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.3 Энеолит дәуіріндегі Терсек
мәдениеті ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2 ТАРАУ
2.1 Энеолит дәуіріндегі қоныстар мен тұрғын
үйлер ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..10
2.2 Энеолит дәуіріндегі мал шаруашылығы мен
егіншілік ... ... ... ... ... ... .. ... .12
2.3 Тас (жоғарғы-энеолит) темір ғасырларындағы прототүркілердің біртұтас
антропо-мәдени және шаруашылық
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...13
2.4 Археологиялық
зерттеулер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...14
2.5 Қазақстан жерлерінде ерте энеолиттік
мәдениет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..25
КІРІСПЕ
Энеолит (лат. aeneus – мыс және гр. lіtos – тас) – неолит пен қола
дәуірі аралығындағы археологиялық кезең (тас-мыс кезеңі). Энеолитте тұңғыш
рет таза мыс белгілі болды және одан әр түрлі әшекей бұйымдар мен еңбек
құралдары жасалды.
Алайда Энеолитте тас құралдары әлі де басым болды. Энеолит дәуіріне
Орталық Азиядағы Анау мен Намазғы-Төбе мәдениеті, Украинадағы Триполь
мәдениеті, Оңт. Кавказдағы Шенгавий мәдениеті, Қазақстанда Жезқазған көне
құдықтары жатады. Энеолит кезінде егіншілікпен қатар, аңшылық және мал
шаруашылығы қатар дамыды. Әдеб.: Массон В.М., Хлопин И.Н., Неолит и
энеолит, в сб.: Средняя Азия в эпоху камня и бронзы, М.–Л., 1966. Д.
Байғонақов.
Өндірісте мыстан жасалған еңбек құралдарын пайдаланумен энеолит (энео
— мыс, литос — тас) дәуірі, яғни мыстас ғасыры басталды. Адам қолдануды
үйренген алғашкы металл — мыс болды. Мыс құралдардың өндіріске ене бастауы
шақпақтас индустриясының біртіндеп құлдырауына себеп болды.
Қазақстанда энеолит дәуірінің ашылған ескерткіштері әзірге көп емес.
Олардың бір тобы қазіргі Қостанай, Ақмола облыстарындағы Торғай, Тобыл
өзендерінің бойында. Осылардың ішіндегі ең жақсы зерттелгені және тарихи
құнды материал бергені — Ботай қонысы. Сондықтан Қазақстанның осы аталған
аймағындағы энеолиттік мәдениетті Ботай мәдениеті деп атайды.
Ботай энеолиттік конысы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай елді
мекені жанында, Иманбұрлык өзенінің оң жағалауында орналасқан. Қоныс
шамамен б. з. д. XXIV—XXII ғасырлар арасында, 200 жылдай уақыт өмір сүрген.
Қоныстан 160-ка жуық жекелеген үй орындары ашылды. Үйлер кәдімгідей көше-
көше болып салынған. Үйлердің көпшілігі жертөле ретінде қабырғасының
жартысына жуығы жер астына үңгіп салынған. Үйдің кабырғасының бір метрге
жуығы кәдімгі жер. Одан жоғары тұсы қазылған жерден шығарылған топырақпен
дуал етіп шегендеген қабырға. Осылайша салынған қабырғаларға төбесіне қарай
тарыла беретін бөрене-сырғауылдар қаланған. Күмбез түрінде жасалған төбеге
ағаш бұтақтары тасталып, оның үстіне шым жапқан. Үйдің төбесінің дәл
ортасында түтін шығатын тесік қалдырған. Сыртқы есік қабырғадан ойылып
шығарылған, оның сыртында кішкене дәліз болған. Ошақ үйдің ортасында
орналасқан. Одан төр жақта адамдардың жататын жері болған. Қоныстан тас,
сүйек, сазбалшыктан жасалған заттар мен құралдар көп табылды. Мысалы, тас
пышақтар, қанжарлар, жебенің, найзаның ұштары. Әр түрлі ағаш өңдейтін
құралдар: шот, балта, қашау, тері өңдейтін қырғыштар тастан жасалса,
біздер, инелер сүйектен жасалған.
Өлген адамдарын қоныстың маңындағы ескі тұрақтарға жерлеген.
Жерленгендердің айналасына, қабір үстіне жылқының бас сүйегін айналдыра
тізіп қойған. Ботайлықтар бүкіл еуразия даласындағы ең алғашқы жылқы
өсірушілер болған. Ботай қонысынан 70 мың жылқының сүйек қалдықтары
табылды. Бұл тек зерттелген аумақтардан шыққандары ғана, әлі ашылмағандары
қаншама?! Ботайлықтар, негізінен, жылқы өсірген алғашқы бақташы тайпалар.
Ботайлықтардың ерекше атауға тұратын ғұрыптарының ішінен адамның бас
сүйегін балшықпен мумиялауды білгендігін, итті кие тұтып үйдің
табалдырығының астына көмгендігін атауға болады.
Қазақстан аумағындағы энеолит дәуірі мәдениетінің екінші аймағы — Маңғыстау
өңірі. Энеолит мәдениеті Бұл өңірге екі жақтан келді деген тұспал бар. Бірі
— Еділ-Жайық бойында өмір сүрген хвалын тайпалары. Екінішісі — б. з. д. 3—2-
мыңжылдықтарда Орталық Азиядан белгілі бір бөлігі Маңғыстауға қоныс
аударған келтеминар мәдениетінің өкілдері. Маңғыстау түбегіндегі белгілі
энеолит тұрақтары Шебер, Жыңғылды, Қошқарата, т. б.
Бұл тұрақтардан ірі шақпақтас құралдар, оның ішінде тері өңдеуге көп
пайдаланылған бүйірлі қырғыштар, қашау тәрізді құралдар, бір жүзді
пышақтар, иінді бұрғылар табылды. Қыш ыдыстары саз балшыктан қолдан
жасалған. Ыдыстардың көбінің түбі дөңгелек конус тәріздес, тұрқы жұмырткаға
ұксас келеді. Ыдыстардың ернеуіне жаға тәріздес қалың жиекпен қатар тарақ
жүзді өрнек салынған. Шебер тұрағынан кішкене металл біз табылды. Мұндай
жекелеген металл заттар хвалын мәдениетіне жататын зираттардан да табылған.
Энеолит дәуірінде Қазақстан жеріндегі тайпалар, оның ішінде бүгінгі
күнге дейін жақсы зерттелген Ертіс пен Еділ арасындағы елді мекен
тұрғындары мал өсірумен айналыскан, оның ішінде жылқы түлігі басым болған.
1 ТАРАУ. 1.1 Әлеуметтік және шаруашылық ұйым
Энеолиттік дәуір мал шаруашылыгы басым дамыған далалық өңірде де
маңызды рөл атқарды. Қазақстан даласындағы энеолит мүлде басқаша көрінеді.
Мұнда табиғи-экологиялық орта мүлде басқаша және оны игеру үшін адам ең
оңай жолмен жүре отырып, бейімделудің басқа жолын тандап алды. Бұл жолда
тас индустриясы кері кете қойған жоқ, керісінше бұрынғысынан да жогары
деңгейге көтерілді. Адам тасты өндеудің (тесу, өздігінен қайралатын
балталар, мінсіз аэродинамикалык түрдегі найзалардың ірі ұштары, оймалау
және т. б.) мүмкіндіктерін ақырына дейін жүзеге асырып қана қоймай, сонымен
қатар өндірістік-шаруашылық (соның ішінде керамикалық және сүйек)
саймандарының түр-түрін де шамадан тыс кеңейтті. Рас, бұл уақытта қалақша-
қыстырма индустрия өз мәнін жоғалтқан еді. Энеолит дәуірінде климат ылғал
болды. Сол арқылы ірі сүткөректілер санының белсенді түрде табиғи өсуіне,
көбеюіне мінсіз жағдай жасалды. Бұл кезде мұнда жылқы да осындай болды. Бұл
түрдің экологиялық, тепе- тендікті бұзбай күрт көбеюі, аң аулайтын алқап
көлемінің бөлінісіне шаққанда оның мөлшерінің ұлғаюы басқа үрдістерді
өмірге келтірді. Аңшылық ұжымдардың өздері көшіп жүретін аумақты қысқарту,
ал кейде оны толық тоқтату есебінен өз алқаптарының көлемін кеміткені былай
тұрсын, сонымен бірге бір жерде ұзақ уақыт бойы шоғырлана да білді.
Тарылған аң аулау алқаптарындағы тұтынылатын биомассаның орнын толықтыру өз
төлінің табиғи өсу есебінен ғана емес, сонымен қатар аңшылардан босаған
аумақтардан табындардың ағылып келуі есебінен де жүзеге асып отырды.
Энеолит дәуіріндегі тас пышақ
1.3 Ботай мәдениеті.
Көкшетау облысындағы Ботай бекеті жаныңдағы коныс- тын атымен аталған.
Ботай мәдениеті Солтүстік Қазақстанның (Жайық- Ертіс өзендері аралығының)
далалық энеолитін сипаттайды және мерзімі б. з. б. Ill — II мынжылдыктармен
белгіленеді. Демек, ол бір мыңжыл болған. Ботай мәдениетінің қалыптасуына
неолиттік атбасар және маханжар мәдениетін кұратан тайпалар катысты. Оның
калыптасу барысына Шығыс Каспий маңы өңірі мен Оңтүстік Оралдың сырттай
ықпал жасатаны жөнінде мәліметтер бар. Ботай мәдениетін В.В. Зайберт ашты".
В.Н. Логвин, С. Қалиева оның батыстық нұсқасын, терсек мәдениетін бөліп
көрсетті.
Ботай мәдениеті - энеолит дәуірінде Солтүстік Қазақстанды мекендеген
тайпалар мәдениеті. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Никольское
ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 шақырым жерде Ботай қоныстарына
байланысты аталған.
Ботай ескерткішіне 1981-1983 жылдар аралығында Солтүстік Қазақстан
университетінің археологиялық экспедициясы профессор Виктор Зайберттің
жетекшілігімен қазба жұмыстарын жүргізген. Ауданы 15 гектар жерді алып
жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылған. Кейбіреулерінде 30-ға
тарта үйлер болған. Сәулетшілерді бұзылған тұрғын-жайлардан қалған ойпаттар
қызықтырған. Ғалымдар ежелгі тұрғын-жайлар құрылысын қайта тұрғызуға
мүмкіндік алады. Алғашқыда дөңгелек және көпбұрышты қазан шұңқыр қазып
алынды. Қазан шұңқырдың тереңдігі 60-80см, ауданы - 30-дан 70 шаршы метр.
Кейін сазды сулап, домардақ күйінде қабырғаға салған, сыртынан жануарлар
сүйегімен бекіткен. Ежелгі тұрғын-жайлардың қабырға ені 80-120 см, биіктігі
- 60-100 см. Тұрғын-жайлар маңында арнайы ор қазылып, ол жерден еден,
қабырғаға арналған сылауға қажетті саздар алынды. Қабырға периметрлері
бойынша бөренеден шатырлармен қаптап, ортасында түтін шығаратын тетік
жасалды. Бөрене сазбен сыланып, жоғарыдан жануар терісі мен қыртыспен
жабылды. Ғимараттың ішкі биіктігі 250-320 см құрады. Қайта тұрғызу
сараптама жолы арқылы жүргізілді. 1983 жылдың жазында ежелгі тұрғын-жайдың
үстіне ежелгі Ботай тұрғын-жайы салынады. Қайта тұрғызу өз-өзін анықтады.
Жазда сараптамалық тұрғын-жайда суық әрі құрғақ болатын. Күз-қыс мерзімінде
температурасы бір қалыптан түспеді. Тұрғын-жайды тұрақты түрде күтім
жасағандықтан, адамдарға қапталған сыртының беріктігіне қарай тұруға
қолайлық жасады (кем дегенде 15-20 жыл). Әрине, жыл сайын қабырға, қазан-
ошақтың ішкі бөлігі сыланып отырған.
Қазба жұмыстарын жүргізгенде ботайлықтардың тұрғын-жайлары бір-бірімен
тығыз жалғасып жатты. Тұрғын-жайдың ішкі жобасы туралы біраз нәрсе айтуға
болады. Ортада еденде ошақ орнатылған. Қабырға маңайында ұсақ шаруашылық
шұңқырлар болды. Қазан ошақтарының қабырғасында көптеген шаруашылық және
діни қажеттіліктер тізіліп тұрған. Ботайлықтар қабырға айналасында шыға
беріске қарсы сәкілерді орнатып, терілерді төсеген. Шұңқыр-консервілерде
ұзақ уақыт бойы сақтаған. Ол былай жасалған: 1 метрге дейін шұңқыр қазып,
оның ішіне жылқы етін тұтастай салып, терісімен және сазбен жапқан. Үстінен
от жағып, оттегінің толғымен жанып болғанын күтеді. Дайын болған ет ауасыз
да, сол шұңқырда бұзылмай сақталады.
Өзен жағасы маңындағы өндірістік құрылыстарда ежелгі адамдар тас,
ағаш, аңдардың сүйегі мен терісін өңдеп, киім тіккен, қыш ыдыстар
дайындаған. Тастан жасалған жебе, садақ, қанжар, пышақ, найза ұштықтарының
көптеп табылуы қоғам өмірінде аңшылықтың рөлін айқын көрсетеді. Сонымен
қатар жылқының сүйегінен ағашты өңдейтін қашауғыш, құс сүйегінен киім
тігуге арналған инелер, жуалдыз, тескіштер, тұмар мен әшекей бұйымдарының
кездесуі шаруашылықтың әр саласынан хабар береді.
Ғалымдарды табылған ат сүйектерінің көптігі таң қалдырған. Жұмысқа аңдар
сүйегін зерттейтін ғалым-остеологтар шақырылды. Олар ауқымды істер атқарды.
133 мыңдай жылқы сүйектері зерттелді. Нәтижесінде анықталғаны, Ботай аттары
бұрынғыда белгілі жылқылар түріне жатпайтын боп шықты. Ботай аттарының
сүйегі өзге де ежелгі аттар сүйегінен ерекшеленіп тұрды. Ғалымдар
бірауыздан ботай аттарының қолға үйретілген деген пікірді ұстанды. Олар
далада жүрген жабайы жануар еместігін айтады. Жылқылар үй шаруасында, аң
аулауда қолданылған. Күні бүгінге дейін жылқылар қолға кеш үйретілген деген
пікірлер айтылды. Қоныстың материалдарымен әлемнің барлық ғылымдары қызыға
бастады. Ботай жылқысын зерттеп білуге Солтүстік Қазақстан облысына
Новосібір, Мәскеу, Англия, Германия ғалымдары келді. Көптеген ғалымдар
ортақ пікірге сүйенді, яғни Ботай қонысы Еуразия даласында мал шаруашылығы
орталығы болған.
Солтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясының жетекшісі Виктор
Зайберт Англияның Кембридж университетіне Ботай қонысы бойынша лекция
өткізуге шақырылған. Ғалымдар Ботайды 28 жыл бойы зерттеді. Оншақты мақала
жазылып, кітаптар басылды.
Ботай мәдениетінің қалыптасуына Атбасар неолиттік мәдениетін жасаған
тайпалары араласқан. Ботай мәдениеті Ертіс пен Жайық өзендері аралығын
мекен еткен тайпалар мәдениетіне жатады.
Алайда, Ботай жері сақтаған жұмбақтар әліде бар. Әлі де ежелгі
адамдардың тайпалас адамдарды қалай жерлегені анықталмаған. Бірнеше ежелгі
адамдардың қалдықтары табылып, археологтарға жаңа жұмбақтарға кенелтті.
Олар бұзылған тұрғын-жайлардан табылды. Әсіресе, адамның бас қаңқасы
қызығушылық туғызды. Ол қазірде облыстық тарихи-өлкетану мұражайында
сақтаулы тұр. Ботай жеріндегі қазбалар жалғасуда.
1.4 Терсек мәдениеті
Терсек мәдениеті – энеолит дәуірінің соңғы кезеңдерінде Қостанай
облысы Торғай өңірін мекендеген тайпалардың мәдениеті (б.з.б. 3-
мыңжылдықтың ортасы – 2-мыңжылдықтың басы). Алғаш рет 1940–50 ж.
А.А.Формозов зерттеулерінде терсек тұрақтары, терсек - қарағай
мәдениеті жайлы айтылады. Бұл мәдениеттің неғұрлым толығырақ мінездемесі
1980–90 ж. С.Қалиева, В.Н.Логвин зерттеулері барысында қалыптасты.
1980 жылдардың ортасына қарай белгілі болған 30-ға жуық ескерткіштің ішінде
біршама жақсы зерттелгендері Соленое озеро-1, Дүзбай-2, Дүзбай-3, Бестамақ,
Құмкешу-1, Қожай-1, Қайыңды-3, Евгеньевка-2, Тоқанай-2, Ливановка, сияқты
тұрақтардан алынған деректер. Қазбаларда табылған жануарлар сүйектерінің
арасында, әсіресе, жылқы сүйектері көп. Ғалымдардың пайымдауынша, Терсек
мәдениеті тайпалары ертеден қалыптасқан аңшылық-терімшілікпен қатар,
малшылықты меңгерген; оның ішінде, әсіресе, жылқы түлігін көп өсірген болуы
мүмкін. Терсек мәдениетінің қола дәуірінің андрон мәдениетіне тигізген
ықпалы тереңірек зерттелмеген.
Терсек мәдениетінде басқа мәдениеттің ыкпалы айқын аңғарылады және
оның кейбір ескерткіштері б. з. б. IV мыңжылдықпен белгіленетін алдыңғы
энеолит дәуіріне жатуы ықтимал. Көкшетау облысында Ботай, Красный Яр,
Васильков-4 қоныстары ашылды; барлығы жиырмадан астам қоныс белгілі.
Қоныстар әдетте шағын дала өзендері: Торғайдын, Терісакқанның, жоғарғы
Тобылдың, Обағанның, Шағалалының, Иманбұрлықтың биік жағаларындағы
алаптарды алып жатыр. Олардың көлемі кейбіреуінде 15 гектарға жетеді.
Сипаттау үшін ең көп ақпарат беретіні Ботай қонысы болып табылады. Ол
шамамен 200 жылды — б. з. б. XXIV — XXII ғасырларды қамтиды.
2 ТАРАУ. 2.1 Энеолит дәуіріндегі қоныстар мен тұрғын үйлер
Қазіргі бетінде 158 тұрғын үйдің жұрты табылды. Қазу барысында олардың
қонысы тіршілік еткен соңгы кезенде салынғаны анықталды. Неғұрлым
ертеректегі құрылыс кезендерінде салынган тұрғын үйлердің қалдықтары
соңғыларын салу кезінде жойылып жіберілген. Ертедегі ауылдың кұрылыстары
өте тығыз болған: тұрғын жайлар көбінесе бір-біріне жалғасып, өзінше бір
топ кұрып жатқан. Мұндай томаға-тұйық жоспарланған орындарға жататын
құрылыстар 30-га дейін жетеді. Олардың ішінен белгілі бір жүйені байқауға
болады: ені 4—8 м болатын, ал ұзындығы 50 метрге дейін жететін параллель
көшелердің екі жағына кейде 15—16 үйден салынған. Тұрғын жайлар былайша
салынған. Терендігі 1 метрге дейін және көлемі 20 шаршы метрден 70 шаршы
метрге дейін жететін 4—3 бұрыш түрінде шұңқыр қазылған. Қазу кезінде
шығарылган балшық шұңқыр жиектеріне биіктігі 1 метрдей дуал етіп үйілген.
Осылайша салынған қабырғаларга төбесі тарыла беретін шеген түрінде
бағаналар қаланған. Жасаған күмбез бұтақтармен және шым қабаттарымен
жабылып, бұл орайда ортасынан түтін шығатын тесік қалдырылган. Кіретін есік
кабырғада ойық түрінде калдырылып, оның сыртында шағын дәліз болған.
Ішінде, ортадағы шұңкырда ошақ орналасқан. Ошақ пен есік арасы —
шаруашылықка арналган орын, төрде — ұйықтауға арналған жер. Әдетте
қабырғаның бүйір жагынан азық- түлік сақтау үшін шұнкыр қазылады. Тобылдағы
құмдауыт топырақта құрылыс сипаты біршама өзгеше: кабыргаларының ағаштан
салынуы ықтимал. Өндірістік-шаруашылык саймандар алуан түрлі тастардан,
сазбалшықтан, сүйектен жасалды. Құрал-саймандар тұрғындардың шаруашылық
жағдайы күрделі болғанын көрсетеді. Жүгеннің сүйек элементтері, кісенге
арналган ілгектер жылқының қолға үйретіле бастағанын дәлелдейді. Тас
токпақтар, пышақтар, қанжарлар, боластар, жебелердің, сүңгілердің,
найзалардың ұштары аң аулаумен байланысты құралдар. Шанышқылар балық аулау
кәсібін көрсетеді. Тұрғын жайлар салу кезінде ағаш ендейтін кептеген
аспаптар: балталар, шотгар, қашаулар, керткіштер, жоңғыштар, кескіштер,
пышақтар, қырғылар пайдаланған. Тас пен сүйек өндеу едәуір жетілдірілген,
ал оларсыз сапалы еңбек кұралдарын дайындау мүмкін емес еді. Қосалқы
саймандар арасында шой балғалар, ретушерлер, балғалар, түрпілер,
шақпақтастан жасалған бұрғылар, кескіштер, қалақшалар бар. Тері өндеу
ісінде қырғыштар, қырнауыштар, пышақтар, кескіштер, жоңғыштар, жұмсарту
үшін сүйек келілер, түрпілер және теріні тегістеуге арналған тегістегіштер
қажет болды. Тігін керек-жарақтарының арасында инелер, тескіштер, біз бар.
Ши тоқу үшін сүйек ілмектер, жіп иіру үшін ұршықбастар қажет болды.
Керамика өндірісінде келсаптар, үгіткіштер, жылтыратқыштар, мейлінше әр
түрлі қалыптар іске қосылды. Көптеген сүйек саптар мен тастан жасалған
тестер табылды. Олжалар жиынтығында сондай-ақ діни нанымдық заттар,
бойтұмарлар, әсемдік заттар да бар. Мезолит дәуірінде қару- жарақ ретінде
садақ пен жебені жасау аң аулау әдістерін жетілдіруге мүмкіндік берді.
Бұрынғы қамау тәсілі аркылы аң аулау жеке-дара аң аулау тәсілімен
ауыстырылды. Ұжымда ерлердің рөлі біртіндеп арта түсті. Адамдар
шаруашылықтың жаңа түрлерін, оның ішінде, жануарларды қолға үйретуді игере
бастады.
Көптеген көне кен орындарынан мыс (Жезқазған, Зырянов, Қаршыға,
Жалтыр, Ащылы, Ұратөбе, Күшікбай), қалайы (Атасу тауы, Қалба мен Нарын
жоталары), алтын (Степняк, Қазаншұңқыр, Балажал, Ақжал, Дайбай,
Майқапшағай, Ақабек) кентастары алынды (қола Ежелгі кен қазбалары). Тас
және балшық құйма қалыптарда шаруашылыққа және тұрмысқа қажетті құралдар
(орақ, балта, қанжар, пышақ, найза мен жебе ұштары, т.б.) құйылды. Сәндік
заттар (ілгек, тізбек, білезік, моншақ, өңіржиек, сырға, т.б) жасалды.
Қазақстан аумағын қола дәуірінде мекендеген тайпалардың әр түрлі
материалдан (металл, тас, сүйек, қабыршақ) алуан түрлі заттар (еңбек
құралдары, қару-жарақ, сәндік заттар, тұрмыстық бұйымдар) жасауда жоғары
шеберлікке жеткені аңғарылады. Олар соғу, құю, қақтау, қысып өрнектеу,
тегістеп жылтырату техникасын жақсы меңгерді, қатты материалдан жасалған
заттарға өрнек сала білді. Қоныстарын өзендердің жайпақ жағасына, кең
жайылмаға, мүйіске, кейде көл маңына салды. Қоныстар 6–10 үйден, үлкендері
20 үйден құралды. Тұрғын үйлері жартылай жертөлелер мен жер бетіндегі үйлер
болып бөлінеді. Жартылай жертөлелер дәліз сияқты шығар аузы бар тік
бұрышты, сопақ және сегіздік тәрізді салынды. Қабырғаларды бойлай тік
бағандар орнатылды, арасына ағаштар немесе шарбақтар қойылып, балшықпен
сыланған. Тұрғын үйлер аумағы 100 шаршы метрден 300–400 шаршы метрге дейін
жетті. Орталық және Батыс Қазақстанда ағаш аз болғандықтан, тұрғын
Мыс кезеңі басындағы мыс әшекейлерінің таралуы.
үй қабырғаларына тас көп қолданылды. Жер үстіндегі үйлердің қабырғалары
бөренелерден жасалды. Қоныстарға жақын жерде рулық зираттар болды.
Қабірлердің үсті айнала жалпағынан салынған немесе қырынан қойылған және
қазылып орнатылған тақта тастардан тік бұрышталып, шаршыланып,
дөңгелектеніп қоршалды, кейде обалар да етегінен тақта тастармен айнала
көмкерілді.
2.2 Мал шаруашылығы мен егіншілік
Жалпы алғанда, табиғаттың дайын өнімін пайдаланатын шаруашылықтың
тұтынушы түрлері — аң аулау, балық аулау, терімшілік сақталды. Біртіндеп
мал шаруашылығы мен кетпенді егіншілік жетекші рөлге ие бола бастады.
Егіншілік пен мал шаруашылығының дамуы әр түрлі кәсіптердің — әрмешілдік,
ыдыс жасау, тері өңдеу және басқа да тұрмысқа қажетті заттарды жасаудың
дамуына әкелді.
Осылайша коғамдық еңбек бөлінісі үшін негіз қаланды. Белгілі бір дағды
мен тәжірбиені талап ететін кейбір бұйымдарды жасайтын мамандар пайда
болды. Біртіндеп тұтас рудың қандай да бір кәсіптің түріне мамандану
үдерісі жүре бастады. Шаруашылықтың іс-әрекетіндегі ілгерілеушілік
тұрғындар санының өсуіне мүмкіндік берді, рулар көбейді. Азық-түлік қорының
жетіспеуіне байланысты аналық рулық қауымнан жақын туысқандар кете бастады.
Бұлар жаңа рулардың бастамасы болды. Олардан белгілі бір мәдени қауымдастық
қалыптасты: бір шаруашылықтың түрін жүргізді, діни наным-сенімдері, сонымен
бірге табыну рәсімдері және әдет-ғұрыптары бір-біріне ұқсас болды. Осы
рулардың арасындағы өзара байланыстардың күшеюі тайпалардың құрылуына алып
келді. Бұл жөнінде археологиялық деректер айғактайды.
Солтүстік Қазақстанда Есіл бойында Атбасар мәдениеті тайпалары, ал
Торғай үстіртінде Мақанжар мәдениеті тайпалары тарала бастады. Рулардың
көбеюі мен жаңа туыстық топтардың пайда болуына байланысты неке қатынасына
тыйым салу қалыптасты (екі атадан, үш атадан қосылатын туыстардың
некелесуіне тыйым салу).
Адамның шаруашылық іс-әрекетіндегі, аналық рулық кауымның Ішіндегі
коғамдық қарым-қатынастардағы өзгерістер оның біртіндеп ыдырауына әкелді.
Ақырында, ер адамдардың шаруашылық іс-әрекетінің өсуі туысқандык есебін
ауыстыруға және әке жағынан жеке мүлікке мұрагер болуына алып келді.
Энеолит дәуірінде рулық қауымның негізін көбінесе патриархалдық отбасы
құрайтын болды. Патриархалдық ("pater" — әке, "агсһе— билік) отбасылар
жақын туысқандардың үшеуден астам ұрпағынан тұрды. Ең үлкендері рулық
бірлікке кірді, рулар тайпаға бірікті. Тайпалар қандас-туысқандық
белгілеріне және шаруашылық ортақтығына қарай біріккен бірнеше рулық
қауымнан құралды. Ал тайпалар кейінгі тарихи кезеңде тайпа одақтарын
құратын болды. Біртіндеп үлкен патриархалдық отбасылардың үйге, малға,
еңбек құралдарына, тұрмыстық заттарға жеке меншік пайда болды. Ру мүшелері
жайылым мен аң аулайтын жерлерді де иемденді.[3]

антропо-мәдени және шаруашылық жүйесі
Соңғы палеолитте Европа тұрғындарында (кроманьондық адам) европеоидтық
нәсіл, Оңтүстік Жерорта теңізі аймағында – негроидтық, Шығыс жерлерінде –
монголоидтық нәсілдік белгілер ерекшеленеді. Ал, біздің жерімізде
тұраноидтық нәсілдің қалыптасқандығы белгілі [1].
Магия да – аңшылардың дүниеге қатынасы негізінде жоғарғы палеолитте
пайда болған алғашқы жоралғы – сенім. Көптеген авторлар магия ең ежелгі
сенім еді дей келе, оның әрекетпен байланысты екеніне баса назар аударады.
Аңшылық магиясында адамның олжасына тап беріп, оны ұстап алу практикасы
қайталанады. Мұны жай ғана машықтану деуге болмайды, өйткені жасанды бұл
әрекет нағыз шындықтың өзіне баланып, оқиғаның мағынасы мен барысын табиғи
күйінде ойнап - орындауға бағытталады. Бұл әрекет жанды деуге келмейтін
әдет, мейрам және ойын түсін алып, мұнда адам мен қоршаған орта тұтасып
кеткен. Магияда, мысалы күннің шығуы мен батуы, өсімдіктің өсіп шығуы,
қараңғылықтың түсуі сияқты табиғат құбылыстары қайталанатын-ды. Мұны
Австралия жергілікті тұрғындарының тұрмыс салтынан көруге болады. Олар
европалықтар бұл жерге келген кезде (палеолиттен мезолитке) өтпелі дәуірді
бастан кешіруде еді [2].
Алыстағы өткен мәдениеттеріміздің сырлы да жұмбақты болып көрінген
нышандарын шырамытып, олардың іздерін мәдениетіміздің кейінгі үлгілерінен
байқай аламыз. Бұл кезеңде жоғары палеолитте тұрақты жергілікті
ерекшеліктер сипатын алған шаруашылық – мәдени типтер төбе көрсеткен. Бұлар
кейініректе тарихи өркениеттердің негізін құраған. Әрине, неолиттен
егіншілік, мал шаруашылығы, үлкен тұрақты мекендер, тайпалық және ұлыстық
одақтардың төбесі анық көрінді. Ал, біздің жоғарғы палеолиттік
менталитетіміздің нобайын жобалап, дөп басып айту қиын. Жергілікті аймақтар
мәдениеттерінң негізінде, тұңғиығында қазіргі заманның бейсаналығының
нышандары жатқан болса да, олар біздің назарымыздан тысқарыда, жасырынып
қалған. Дегенмен де соңғы 30-20 мыңжылдық бедерінде тұрғындардың физикалық
тұрпаты, тұрмыс салты, көркемдік стильдерінің сабақтастығы көрінген, олай
болса бұл ретте өзіміздің регионымызда антропо-мәдени жүйенің орныққандығы
жөнінде сөз қозғауға болады.
Ең ежелгі адамдардың мекен-жайларынан көптен-көп табылған тас құрал-
жабдықтар өткен ең ежелгі тарих жөніндегі жыл санауымыздың,
классификациялауымыздың, жорамалдауымыздың қайнар көзі болып қызмет еткен.
Орта және жоғарғы палеолит шебінде нағыз адамның (Homo sapiens) өмір
сүргендігін зерттеушілер тілге тиек етуде. Бұл дәуірде тас және басқа
құралдардың көбейген үстіне көбейе барып, олардың құрамы өзгере түсті:
құралдардың ұшына сына қағылып, немесе басқа бөлшектер – өткірлеу келген
ұштар кигізіліп орнатыла бастаған еді. Жоғарғы палеолиттің басты әлеуметтік
жаңалығы некелік қатынастардан ең жақын туысқандарды шығарып тастау –
экзогамия болды. Инцеске ( қан араласуына) тиым салу некені қоғамдық
жағынан реттеуді талап етіп, ендігі жерде ру мен отбасы пайда болды. Демек,
жоғарғы палеолит – адамзаттың мәдениет деп аталған топтастырушы –
ынтымақтастарушы байланыстардың тиісті деңгейіне көтеріле алған дәуір [5].
Сана, тіл, дін, өнер гоминидтердің 3-4 миллиондық эволюциясының ақырында
күшті бір төңкерістің нәтижесінде бір уақытта пайда болған деген пікір
айтылуда. Рәміздік дәстүрлер тараған жерде, адами түсініктің пайда болуы
үшін қажетті материал мен жағдай бар жерде мәдениет басталады.
2.4 Археологиялық зерттеулер
Археологиялық мәдениет бір уақытта, белгілі бір территорияда пайда
болған материалдық ескерткіштердің бірлігін, бірдейлігін білдіреді. Бірақ
осынау ескерткіштердің иегерлерінің этнографиялық,
әлеуметтік, психологиялық тұрпатын археологиялық емес фактілер жәрдемінде
құрастыруға болады.
Ғылымда үндіевропалық немесе үндіирандық мәдениет деп қате
қабылданған далалық мәдениет Тұранда пайда болып, оны мыңдаған жылдар
бедерінде далалықтар-прототүріктер ғана жаратқан. Ол Евразияның барлық
региондарына тарады. Бұл жерде алғаш рет қоғам топ-тапқа бөлініп, алғашқы
қауымдық құрылыс ыдырап жеке меншік пен мемлекеттер пайда болған [6].
Тұран мәдениеті мен тілі өзінің бастауын жоғарғы палеолит дәуірлерінен
алады. Бұл жөнінде С. Қондыбайдың еңбегінде айтылған [7].
Археологтардың Қазақстан жерінен тапқан көптеген жәдігерлерінің
көрсетіп отырғанындай, бұл жердің тұрғындарының өндірістік белсенділігі
олардың шаруашылық негізінің ғана емес, дүниеге қатынасы, адамдық құрылымы
мен тәртібі, эстетикалық-этикалық дәстүрі мен мағынасындағы аңшылық
өркениеттің көрінісі болып табылады. Жыртқыш аңдарды аулаумен айналысып,
ірі де қауіпті жануарларды қолға түсіру үшін үздіксіз қажырлы күрес
жүргізіп келген палеолит тұрғындарын қалайша әлсіз деуге болады? Аңдардың
артынан түсіп, қуып жүрген адамдар қуатты да төзімділік танытып,
жыртқыштық күшке ие болуы тиіс еді [3].
Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алған күннен бастап рухани
бастауларының көзін ашып, өркениетті әлемнің озық ойларынан нәр жинап,
бүгінгі күн талабына сай рухани жаңғыруды мақсат етіп отыр. Бүгінгі күннің
талабына сай болу үшін мәдени-өркениеттің бәсәкелестік “сахнасында”
өздігіңді және өзіңдегіңді жоғалтып алмай өзге мәдениеттер даярлаған мол
мұраны, сондай-ақ түркі халықтарының бәріне ортақ болған құндылықтарды
жатсынбай пайдалана білген жөн. Жаңару, жаңғырту халықтың сан ғасырлар бойы
жинақтаған тарихи мұрасы мен тәжірбиесін мансұқтау емес, оларды заман
талабына сай өзгерте отырып, кәдеге жарату деген сөз. Модернизация басқа
топырақта өнгеннің бәрін өзіңнің жеріңе жай ғана, механикалық түрде көшіре
салу емес және оған ұлттық мәдениеттің өміршең жақтарын сақтай отырып,
өзгенің өрнек өркениетінен де нәр алып, ілгерлей даму жатады.
Осы орайда біз кімбіз? Тамырлана өскен шоқ ағаштай секілді болған түркілер
өркениетінің ерекшеліктері қандай? Түркі бастауымыз қалайша және қай
жерлерде тамыр жайған? Қайда, қалай және қандай құндылықтарды малданып бара
жатырмыз деген қаумалаған сұрақтарға жауап беруге тура келеді.
Ең алдымен жұмысымызда түріктердің тас дәуірінен бастап Көктүріктерге
дейінгі аралығындағы өркениетті бір қарастырып алу мақсат етіп қойылған.
Себебі осынау дәуірлерде түріктер өркениетінің, тарихының, дүниетанымының,
олардың жалпы этникалық ерекшеліктерінің бастауы, түп қайнарлары жатыр. Осы
дәуірлердегі тарих пен мәдениет қалайша қамтылып қарастырылса түріктердің
кейінгі кезеңдерінің өркениеті де сол із бен арнада қамтылатын болады.
Түріктердің ежелгі тарихын біз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz