«Электронды үкімет»


«Электронды үкімет» (e-Government) термині барлық мемлекеттік органдардың басын бірік¬тіріп, оларға интернеттің, электронды терминалдардың немесе тіпті ұялы телефондардың көмегімен тұрғындар мен жеке тұлғаларға ғана емес, компаниялар мен кәсіпкерлерге де қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін біртұтас жүйені білдіреді. Жеке тұлғаларға ғана емес, компания мен кәсіпкерлерге де.
Мұнда мемлекет, бизнес және азаматтар арасындағы өзара қарым-қа тынасты электронды үкімет ішіндегі G2C (мемлекет-азаматтар) G2B (мемлекет-бизнес) және G2G (мемлекет-мемлекет) деп аталатын негізгі модельдер атқарады.
Елімізде электронды үкімет құру идеясын Мемлекет басшысы өзінің республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енгізу туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында білдірген болатын. 2004 жылғы 10 қарашада электронды үкіметті ендіру туралы «Қазақстан Республикасында электронды үкіметті қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Президент Жарлығымен бекітілді.
Бағдарламаны іске асыру келесі міндеттерді кезең-кезеңмен шешу жоспарланған болатын:
Электронды үкіметті қалыптастырудың бірінші кезеңінде
- ақпараттарды жариялау және тарату.
Екінші кезеңі -
мемлекеттік органдар мен азаматтардың арасындағы тікелей және кері байланыс ретінде өзара әрекет ету арқылы интерактивті қызмет ұсынады.
Үшінші кезеңде
- қаржылық және заң операцияларын үкіметтік порталдар арқылы жүзеге асыру жолымен транзакциялық қызмет көрсету.
Төртінші кезеңде
- ақпараттық қоғамды толық қалыптастыру.
Бағдарлама 2005 жылы іске қосылып 2 жыл ішінде е-үкіметтің инфрақұрылымы қалыптастырылып, базалық құрамдас бөліктері құрылды: веб-портал және шлюз, ведомствоаралық электрондық құжат айналымы, куәландырушы орталықтары, бірыңғай көлік ортасы.
Сонымен қатар, 2007 жылы бүкіл ел бойынша бірыңғай тізілімге біріктірілген жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік деректер қоры тұрақты пайдалануға енгізілді. Веб-портал арқылы мемлекеттік органдардың 20 интерактивтік қызметтері іске асырылды.
2007 жылы электронды үкіметті дамыту мақсатында «Қазақстан Республикасында электронды үкіметті қалыптастырудың 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, онда электронды үкіметтің базалық инфрақұрылымын және қол жеткізу тетіктерін кеңейту және дамыту мақсаттары алға қойылды, мемлекеттік басқарудың және әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызметтерді ұсыну үдерістерінің сапасын және тиімділігін арттыру мақсатында электрондық үкіметтің құрамдас бөліктерін дамыту;
Үшінші кезеңнің алғышарты транзакциялық кезеңде «Электрондық мемлекеттік сатып алулар» АЖ құру болды. Бұдан былай кәсіпкер кеңсесінен шықпай тендерлерге қатыса алады. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық мемлекеттік сатып алулар www. goszakup. gov. kz. мемлекеттік сатып алулар веб-порталында электрондық қалыпта баға ұсынымдары арқылы жүзеге асатын болады.
2009 жылы кәсіпорын субъектілеріне арналған «Е-лицензиялау» жобасын ендіру басталды. Бұл кәсіпорындардың лицензия алу барысындағы үдерістерді жеңілдету және лицензияланатын қызмет түрлерін жүзеге асыру. Е-лицензиялау - лицензия алуға өтінім берген адамның, оның өтінімін қарау жолындағы үдерістің барлығын бақылауға мүмкіндік береді. Мұның барысында өтінімді қарастырып жатқан адаммен өтінімді жіберген адам арасындағы қарым-қатынасқа жол берілмейді. Ол сыбайлас жемқорлық саласындағы үлкен тиімділікке ие.
Мемлекеттік бағдарламаның өңірлік бағыттары қоса дамуда. Өңірлерде электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі ендірілді, 2009 жылдың қыркүйек айынан бастап барлық әкімшіліктер электрондық құжат айналымының жеделдігін пайдалануда. 5 таңдалған қызметке «Электрондық әкімдік» жүйесінің түп тұлғасы әзірленіп, Павлодар облысының әкімдігіне тәжірибелі пайдалануға ендіру жүргізілді.
2009 жылдың желтоқсан айында «Бірыңғай нотариалды ақпараттық жүйе «е-нотариат» жобасының Астана қаласы бойынша пилоттық өндірістік пайдаланылуға қосылды, оның мақсаты нотариалды іс-әрекеттер туралы есептің уақтылы және нақтылы болуын және нотариустардың тиімді жұмыстарын олардың ҚР Әділет министрлігімен, республикалық және өңірлік нотариалды палаталармен өзара іс қимылдарын қамтамасыз ету. Өз кезегінде халыққа сапалы, құқықты нотариалды қызметтер ұсынылады. Бірыңғай нотариалды ақпараттық жүйені республиканың барлық өңірлеріне ендіру 2010-2012 жылдарға жоспарлануда.
Жоғарыда баяндалғаннан еліміздегі электрондық үкіметтің қарқынды дамуын көреміз. 2010 жылы Қазақастан Республикасындағы электрондық үкіметтің дамуына Біріккен Ұлттар Ұйымымен жоғары баға берілді. БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік даму департаментімен дайындалған, электрондық үкіметке жахандық дайындық рейтингісінің жыл сайынғы деректеріне сәйкес, Қазақстан соңғы жыл ішінде әлемдік рейтінгідегі 81 орыннан Ресейді (59 орында), Беларуссияны (64 орында) және Украинаны (54 орында) артта қалдырып қарқынды түрде 46 орынға көтерілгендігі айғақ.
Елімізде е-үкіметтің қызметтерін пайдаланушылардың (заңды және жеке тұлғалар) 70 мыңға жуық саны тіркелген.
Азаматтардың мемлекеттік электрондық жобаларға қатысуы «электрондық қатысу» (e-participation) көрсеткіштері бойынша жіктеуіште Қазақстан елі 2008 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда (106 орыннан) 18 орынға көтерілген.
Бүгіндері электрондық үкімет дегеніміз - бұл ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданумен мемлекеттік органдар, халық және бизнестің өзара іс-қимыл жүйесі.
Электрондық үкіметтің ішінде негізгі моделдері 3 байланыс болып табылады : халыққа, бизнеске, мемлекеттік органдарға G2C мемлекеттік қызметін көрсету.
Электрондық үкіметтің идеологиясы 2 затқа негізделген. Бұл сервистерді көрсетуге арналған инфрақұрылымды құру және сервистердің өздері. Электрондық үкіметтің құрылымы инфрақұрылымдық компоненттерді құру болып табылады. Олар бірыңғай мемлекеттік деректер қоры, электрондық цифрлық қолтаңба берілетін куәландыру орталығы, азамат қызметті алатын және төлейтін шлюз
Электрондық үкіметті негіздеу
2004 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметімен "электрондық үкiметті" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы қабылданды.
Бағдарламаны іске асыру нәтижесі :
- «Электрондық үкімет» инфрақұрылымының базалық компоненттерін қалыптастыру;
- Нормативтік құқықтық базаны құру;
- Мемлекеттік органдардың электрондық қызметтерін дамыту және қалыптастыру;
- Халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейін көтеру.
2007 жылы Қазақстан Республикасы «электрондық үкіметті» дамытудың 2008-2010 жылдарға бағдарламасы қабылданды, оның міндетіне мыналар кіреді:
- «электрондық үкімет» базалық инфрақұрылымы мен қол жеткізу тетіктерін кеңейту және дамыту;
- бизнес үшін талап етілетін және азаматтар үшін әлеуметтік маңызды
- мемлекеттік қызметтерді ұсынудың үдерістерін автоматтандыру және ықпалдастыру;
- ақпараттандыру үдерістерінің нормативтік құқықтық базаларын қамтамасыз ету және электрондық мемлекеттік қызметтерді беру;
- мемлекеттік органдардың қызметін бақылау мен мөлдірлігін арттыру
«Электрондық үкіметті» дамыту кезеңдері
«Электрондық үкіметті» енгізу стратегиясына сәйкес «е-үкіметті» қалыптастыру және дамыту 4 кезеңнен тұрады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz