Шет елдер мемлекеті мен құқық тарихы пәнінен дәрістер


2 Бөлім. Лекциялар кешені

2. 1 Құлиеленушілік мемлекет пен құқық тарихы

Шет елдер мемлекеті мен құқық тарихы пәні түсінігі, әдістемесі және кезеңдері, Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы мен құлиеленушілік мемлекеттер

Глоссарий (анықтама, сөздік)

Мемлекет пен құқықтың жалпы тарихының пәні - жеке елдің хронологиялық жүйелілігі бойынша нақты-тарихи жағдайында мемлекет пен құқытың пайда болу, даму және қызмет атқаруының нақты және арнаулы заңдылықтары.

Еркін шаруалар - олардың бір тобы мемлекеттің жерінде өмір сүрді, өздерінің үлестері болды және ол үшін рента салығын төлеп отырды; ал екінші тобы сановник немесе жауынгер жеріне бекітіліп, тек күндізгі тамақты ғана алып отырды, өте ауыр жұмыстарды істеді.

Фараон - Ежелгі Египет билеушісі.

Уәзір - патшаның ең жақын көмекшісі.

Ном - территориялық бірлік.

Номарх - номдардың билеушілері.

Кенбет - Жаңа патшалық кезеңінде орталық сот.

Энси - шумерлік қала мемлекет басындағы басқарушы.

Нубанда - жоғарғы патша шенеунігі патша сарайының басқарушысы.

Рабианум - қауымдық кеңес басшысы.

Раджа - мемлекет басшысы.

Пурохита - патшаның басшы кеңесшісі және абыз.

Апелла - халық жиналысы.

Геруссия - ақсақалдар кеңесі.

Эфорат - 5 адамнан құралған комиссия, олардың функциясы - архагета мен геруссияны бақылау.

Гелиэя - жоғарғы сот органы.

Патрицийлер - қалалық қауымның толық құқылы азаматтары.

Клиенттер - патрицийлерге мұра бойынша тәуелді және жеке бағыныштылығында болған адамдар.

Плебейлер - жеке бастары бос, бірақ саяси құқықтары жоқ адамдар.

Рекс - Рим қауымының басшысы.

Дигесттер - ескірген ұғымдар мен қарама-қайшылықтарды жою мақсатындағы рим заңгерлері шығармаларының үзінділері.

Юстиниан Кодексі - 12 кітаптан тұратын император конституциялық жинағы.

Тақырып 1: Шет елдер мемлекеті мен құқық тарихы пәні, әдістемесі және кезеңдері

Мақсаты. ШЕМҚТ пәні мен әдістерін түсіндіру, заң ғылымдары мен әлеуметтік ғылымдар жүйесіндегі ШЕМҚТ пәнінің орынын анықтау, пәннің функциясын анықтау, қауымдық құрылыстың ыдырауы мен мемлекеттің пайда болу жолдарын анықтау.

Жоспар:

  1. Шет елдер мемлекеті мен құқық тарихы пәні және әдістемесі
  2. ШЕМҚТ пәнәнің тарихи және заң ғылымдарының жүйесінде алатын орны
  3. ШЕМҚТ пәнінің функциялары және кезеңдері
  4. Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы мен мемлекеттің пайда болу жолдары

Мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы қоғам өмірінің бір жағын зерттейтін қоғам туралы ғылымдардың бір бөлігі болып табылады. Мемлекет пен құқытың жалпы тарихы мемлекет және құқық сияқты қоғамдық құбылыстардың шығуы мен дамуын зерттейді. Бұл ғылым бір уақытта тарихи және заңдық болып келеді. Егер ғылым ретінде тарих қоғамның біртұтас пайда болуы, дамуы мен қызмет атқару процесін зерттесе, ал мемлекет пен құқық тарихы мемлекет пен құқыты олардың тек пайда болған кезінен бастап қарастырады.

Мемлекет пен құқықтың жалпы тарихының пәні болып жеке елдің хронологиялық жүйелілігі бойынша нақты-тарихи жағдайында мемлекет пен құқытың пайда болу, даму және қызмет атқаруының нақты және арнаулы заңдылықтары табылады.

Бұл пәнді оқып-үйрену үшін келесі әдістер қолданылады :

  • тарихи әдіс, мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуының нақты тарихи зерттелінуін қарастырады ;
  • салыстырмалы -тарихи әдіс, тарихи көрініс тапқан фактілерді өзге ұқсас біркелкі фактілермен салыстыруға мүмкіндік береді :
  • жүйелі-құрылымдық әдіс, ішкі байланыстылық тән элементтер және жүйенің біртұтастығын қамтамасыз ететін элементтер құрылымын зерттеуді болжайды ;
  • статистикалық әдіс, зерттеу объектісіне көптеген сандық көрсеткіштер тән болғанда тарихи процестің сандық жағын зерттеуде қолданылады.

Мемлекет және құқықтың жалпы тарихын оқып-үйрену жоғары дәрежелі маманданған заңгерді дайындауға маңызы зор. Ең алдымен мемлекет пен құқықтың жалпы тарихын оқып-үйрену студенттердің мемлекеттік -құқықтық құбылыстарға тарихи ықпал сезімін тәрбиелейді, студенттерді жалпы қоғамдық өмірді және мемлекет пен құқықты танудың ғылыми әдістері білімімен қаруландырады.

Мемлекет пен құқықтың кез келген құбылысы тек оның даму тенденциясы мен келешегін ұғыну кілті табылғанда, бұл құбылыс қалай пайда болды, қалыптасудың қандай сатыларынан өтті және қандай бағытта қозғалуда, дамуда екендігі айқындалғанда ғана дұрыс ұғынықты болады.

Оқулық негізінен сырттай оқу бөлімінің студенттеріне арналған. Мұнда жеке елдердің мемлекеттік-құқықтық құбылыстарын хронологиялық сипатта, 4 негізгі кезеңдер шеңберінде : ежелгі әлем, орта ғасыр, жаңа заман және қазіргі замандағы тарихы мазмұндалған.

Оқулық шеңберінде зерттелініп отырған елдердің барлық мемлекеттік-құқықтық құбылыстары мен оқиғаларын қамту мүмкін емес. Сондықтан мемлекет пен құқықтың «қоғамдық құрылыс», «мемлекеттік құрылыс» (басқару және мемлекеттік құрылыс формасы, билік пен басқарудың орталық және жергілікті органдарының құрылысы мен өкілеттіктері, олардың арақатынасы) және «құқық» (құқықтық қайнар көздері, құқықтың негізгі институттары: меншік құқығы, міндеттемелік құқық, неке-отбасының және мұрагерлік құқық, қылмыстар мен жазалар, сот процесі) сияқты ұғымдарымен ашылатын негізгі аспектілері ғана қарастырылады.

Оқулықты дайындауда К. И. Батыр, П. Н. Галанза, Н. А. Крашенникова сияқтыкөрнекті заңгер-мемлекет-танушылардың еңбектері пайдаланылды.

Пайдаланылған оқулықтар :

  1. «Мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы». К. И. Батыр (1998 ж)
  2. «Шет елдердің мемлекеті мен құқықтың тарихы» Н. А. Крашенникова, О. А. Жидков (1998 ж. 1, 2 б)
  3. «Мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы» О. А. Омельченко (1998 ж. 1, 2 б)
  4. «Мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы» З. М. Черниловский (1996 ж)
  5. «Мемлекет пен құқықтың тарихы» П. Н. Галанза, Б. С. Громаков (1990 ж. )

Бақылау сұрақтары:

  1. ШЕМҚТ пәні түсінігі?
  2. ШЕМҚТ пәнінің әдістемелерін атаңыз?
  3. ШЕМҚТ пәнінің кезеңдерін атаңыз?

Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу әдістемелік әдебиетке сілтеме)

Қараңыз. Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі

Тақырып 2. Ежелгі Шығыс мемлекеттері мен құқығы

Мақсаты: Ежелгі Шығыс елдері - Көне Египте, Үндістан; Қытай Вавилон елдерінде алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы мен мемлекеттік-құқықтық институттардың пайда болу жолдарын және ерекшелектерін анықтау

Жоспар:

  1. Ежелгі Египет мемлекеті мен құқығы.
  2. Ежелгі Вавилон мемлекеті мен құқығы.
  3. Ежелгі Үндістан мемлекеті мен құқығы.
  4. Ежелгі Қытай мемлекеті мен құқығы.

Ежелгі Египет

Ежелгі Египет мемлекеті тарихының кезеңдері. Біртұтас орталық мемлекеттің пайда болуы (б. з. д. IҮ м. ж. д. - III м. ж. аяғы) . Мемлекеттік биліктің деспотиялық-теократиялық сипаты. Қоғамдық құрылыстың ерекшелігі. Мемлекеттік басқару органдарының жүйесі (фараон, джати, шенеуніктік, патша және т. б. ) . Абыздардың саяси рөлі. Эхнатон фараонның діни реформа. Жергілікті басқару. Әскер. Сот.

Ежелгі Вавилон

Қосөзен аңғарында мемлеукеттің пайда болуы мен даму еркшелігі. Мемлекеттік ұйымның ерте формасы - қала-мемлекеттер. Мемлекеттік-гегемонияның қалыптасуы. Ура әулетінің патшалық етуі (б. з. д XII-XX ғғ) . Вавилон орталықтанған мемлекетінің дамуы (б. з. д. XVIIIғ. ) . Хаммурапи тұсындағы Вавилонның қоғамдық-саяси құрылысы. Басқаруда қауым мен храмның ролі. Әскер. Сот.

Ежелгі Месопотамияның құқықтық қайнар көздері және құқықтық институттардың ерекшелігі. Б. з. д. ХҮІІІғ. Хаммурапи патшаның заңы. Нормалар жүйесі. Мүліктік қатынастар регламентациясы. Қылмыстық құқық ерекшелігі: композициялық жазалар жүйесі және талион. Отбасы-неке құқығы. Соттық іс жүргізу.

Ежелгі Үндістан.

Ежелгі Үндістан мемлекеті тарихының кезеңдері. Сословиелік-варналық жүйенің қалыптасуя (брахмандар, кшатрийлер, вайшилер, шудралар) және алғашқы «тайпалық мемлекеттердің» пайда болуы. Маурилер империясы. Империда мемлекеттік бірлікті ұйымдастырудың ерекшеліктері. Монархия және қауымдық ұйым. Патша билігі. Орталық және жергілікті шенеуніктік аппарат. Алқалы органның маңызы. Әскер. Сот.

Құқықтың қайнар көздерінің арнайы сипаты: әдет ғұрып, дхрамашастра, артхашастра, дхармашастраға түсінік. Дін мен құқықтың байланыстылығы. Ману Заңы (б. з. д. IІғ. - б. з. II ғ. ) . Мүліктің және отбасылық қатынастарды реттеу. Қылмыс және жаза. Соттық іс жүргізу.

Ежелгі Қытай.

Ежелгі Қытайда мемлекеттің қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері. Шань Инь династиясының алғышқы мемлекеттік құрылымы (б. з. д. XV - XІ ғғ. ) . Алғашқы орталық танған Цинь мемлекетінің құрылуы. Легизм және Шан Ян реформалары (б. з. д. III ғ. ) .

Хань династиясының орталықтанған империясы (б. з. д. IIIғ. ) . Деспотиялық Қытайдың дәстүрлі орталықтанған басқару жүйесінің қалыптасуы. Император Ван Ман реформалары (б. з. д I ғ. ) . қаржы, әскери және цензорлық және т. б. ведомствалардың рөлі. Шенеуніктіктің құқықтық мәртебесі. Әскер. Сот.

Дәстүрлі құқықтың қалыптасуы. Құқықтағы легизм және конфуция ағымдарының күресі мен өзара байланысының көрінісі. Құқықтың қайнар көздері. Конфуциялық мораль нормасы «ли» және құқық. Отбасылық-неке қатынастарын реттеу. Соттық іс жүргізу.

Бақылау сұрақтары:

  1. Ежелгі Египеттегі 3 акт бойынша жердің қолдан қолға өту тәртібі?
  2. Қандай Ежелгі Шығыстық мемлекетте үй иесі әйелі мен балаларын кері сатып алу құқығынсыз құлдыққа сата алды?
  3. Ежелгі Вавилонда жерге аренда мерзімі?
  4. Ежелгі Вавилондағы сатып алу-сату шартының 3 шарты?
  5. Ежелгі вавилонда төленбейтін борыштардың орнын толтыру мерзімі?
  6. Ежелгі Египет және вавилондағы әділ сот құдайы?
  7. Ежелгі Египеттегі тұлғаға қарсы қалмыстардың ішіндегі ең ауыры?
  8. Б. з. д. ХҮІІІғ. өмір сүрген алғашқы Вавилон династиясының алтыншы патшасы кім?
  9. Ван Ман реформасы бойынша әр отбасы қандай мөлшерде жер көлемін иелене алды?
  10. Ежелгі Үндістанда меншік құқығының пайда болуының 8 мүмкіндігін атаңыз?
  11. Ежелгі Үндістанда екі рет тағандар деп кімдерді атады?
  12. Үндістандағы иелену ұзақтығы?
  13. Ежелгі Үндістанда қандай шарттар жарамсыз деп саналды?
  14. Еж. Үндістанның саясаты мен құқығы мәселелеріне арналған трактаттар?
  15. Ежелгі Қытайдағы ақсүйектік белгісі?
  16. Еж. Шығыс елдеріндегі кең таралған құлдық көзі?
  17. Ежелгі Шығыс мемлекеттеріндегі монарх билігін шектейтін алқалық басқару органдар?

Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу әдістемелік әдебиетке сілтеме)

Қараңыз. Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі

Тақырып 3. Ежелгі Грек мемлекеті мен құқығы тарихы

Мақсаты: Грек еліндегі мемлекеттік-құқықтық жүйенің пайда болу ерекшеліктерін анықтау, құлиеленушілік қоғамда демлкратиялық институттың пайда болуын талдау

Жоспар:

  1. Құл иеленушілік Афина мемлекеті.
  2. Спарта мемлекеті мен қоғамы.
  3. Ежелгі Грек құқығының қайнар көздері

Грецияда саяси қауымның қалыптасуы және мемлекеттің қалыптасуы. Тезей реформасы. Афинада демократиялық құлиеленушілік республиканың және Спартада аристократиялық республиканың дамуының негізгі кезеңдері. Афинадағы Солон, Клисфен, Эфиальт и Перикл реформалары. Афина және Спартадағы басқару жүйесі. Афиналық демократияның дағдарысы. Ежелгі Спартаның құлау себебі.

Ежелгі Греция құқығының негізгі белгілері. Афина құқығының жалпы сипаттамасы және қайнар көздерінің жүйесі. Қылмыстық құқық: Драконт Заңы. Соттық іс жүргізу.

Бақылау сұрақтары:

Бақылау сұрақтарын жауап беру:

  1. Ежелгі Грециядағы азаматтық жас?
  2. Ежелгі Греция құқығы бойынша мүлікті бөлу принципі?
  3. Солон кезіндегі жаңа сот органы?
  4. Афина азаматтарының құқығы?
  5. Геруссияның функциясы?
  6. Клисфен қандай мемлекеттік органдарды құрды?
  7. Солон реформасы бойынша тұрғындарды бөлу принціпі?
  8. Афина азаматтарының міндеттері?
  9. Бесжүздік Кеңестің өкілеттілігі?
  10. гелиэяның функциясы?
  11. Ежелгі Грециядағы заң бойынша мұрагерлер?
  12. Ежелгі Греция мемлекеті мен құқығы тарихындағы негізгі үш кезең?
  13. Афина құқығындағы іс жүргізудің екі формасы?

Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу әдістемелік әдебиетке сілтеме)

Қараңыз. Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі

Тақырып 4. Ежелгі Рим мемлекеті мен құқығы тарихы

Мақсаты: Ежелгі Рим құқығы мен мемлекеттік институттардың пайда болуын және функцияларын анықтау

Жоспар:

1. Ежелгі Римде мемлекетінің құрылысының даму кезеңдері:

А) патшалық кезең.

Б) республикалық кезең.

В) империялық кезең.

2. Ежелгі Рим құқығының негізгі белгілері.

Рим мемлекеті қалалық қауымнан қалыптасты. Рим қалыптасқан кезден бастап б. з. 509 ж. Дейін римдіктерде рулық құрылыс болды. Бірақ ол ыдырау сатысында болған. Рулық ұйымның негізгі әлеуметтік бірлігі экзогамдық әкелік болды. Рулар отбасыға бөлінді. Оған тән белгі - отағасының барлық отбасы мүшелеріне шексіз билігі.

Римде мемлекет 500 жылға жуық өмір сүреді. (б. з. д. 509-27 ж. ж. ) . Римнің даму тарихын 2 кезеңге бөлуге болалы :Республиканың қалыптасуы нығаюы (б. з. д. VІ -ІV ғ. ғ. ) және рим құлиеленуші республикасының гүлденуі және құлауы және монархияға ауысуы (б. з. д. ІІІ-І ғ. ғ. ) .

Рим құлиеленушілік монархиясы тарихын 2 кезеңгк бөлуге болады: принципат және доминат. Принципат кезеңінде өз маңызын жоғалтсада республикалық мемлекеттер әрекет етті. Барлық магистратуралардың басында жаңа лауазымды тұлға - принцепс тұрды. Римде 284 жылдан бастап шексіз монархия -доминат қалыптасады. Ескі Республикалық органдар жойылып, император абсолютті монарх болып табылады. Барлығы император билігіне табынады.

Рим құқығының негізгі қайнар көздері:

  1. алғашқы рим құқығының кодификациясы ХІІ таблица заңы болды. Ол кәдімгі құқық жазбасы еді.
  2. Б. з. ІІІ ғ. Аяғында Грегориан және Гериогериян кодекстері құрастырылды.
  3. Б. з. 483 ж. Феодосия кодексі өзіне б. з. ІV ғ. Бастап императордың конституциясын қосты.
  4. Б. з. ХІІ ғ. Император Юстиниан кезінде рим құқығын жүйеге келтіру аяқталды. Ол «Азаматтың құқық жинағы» (Корпус Юрис-Цивилис) атауына ие болды.

Бақылау сұрақтары:

  1. Ежелгі Римде азаматтықтан айрылудың себебі?
  2. Б. з. д. І ғ. Басында римдік шаруалардың кедейленуінің 4 себебі?
  3. Рим империясының құлау себебі?

Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу әдістемелік әдебиетке сілтеме)

Қараңыз. Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі

2. 2 Орта ғасырда феодалдық мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы тарихы

Батыс Европа елдеріндегі феодалдық мемлекет пен құқық

Глоссарий (анықтама, сөздік)

Легистер - рим құқығы курсын меңгерген шенеуніктер.

Сокмен - Орта ғасырлық Англиядағы ерікті шаруалар.

Капеллан - король канцнляриясын меңгерді (Англия) .

архикаппелан - король духовнигі және сарай духовенствасының ішіндегі ең басшысы.

Вилландар - жеке басы тәуелді емес, өз парцелласын (жерін) басқа тұлғаларға сата алды, ал бұл оны сеньорлық борышынан босатты.

Цензитарий - тәуелсіз шаруалар, мұралық жер үлесі цензив иесі. 3 Негізгі

  • коннетабль - король әскербасшысы;
  • камерарий - король қазынасын басқарды;
  • палатиндер - корольдің ерекше тапсырмасын орындайтын король кеңесшісі;
  • легистер - рим құқығы курсын меңгерген шенеуніктер.

Тақырып 5. Франктер мемлекеті мен құқығы.

Мақсаты: Рим мемлекетінің құлауы мен болашақ Еуропа мемлекеттерінің негізінің қалануы және құқықтық жүйелердің пайда болуы негізін анықтау

  1. Франк мемлекеті мен құқығы (5-9 ғғ)
  2. Ағылшын-соксон ерте феодалдық мемлекеті мен құқығы.
  3. Варварлық құқық

Кезеңдерге бөлінуі

1-кезең - Меровингтер ионархиясы (VІ - VІІ ғ. ғ. )

2-кезең - Каролингтер монархиясы (VІІІ - ХІ ғ. 1 жартысы) . Франктер мекендеген жерлер 2-округқа - пагқа бөлінді. Паг ұсақ бірліктер - жүздіктерден тұрды. Мемлекет территориясын жайлаған негізгі этникалық топтар: Солтүстікті мекендеген франктар мен Оңтүстікті мекендеген галло-римдіктер болды.

Негізгі топтар - фоедалдар мен феодалға тәуелді шаруалар болды.

Меровингтер монархиясына тән белгілер:

1. Хлодвиг өлімінен кейін корольдік бірнеше рет тәуелсіз мемлекеттерге бөлінді.

2. корольдік билікті ұстау үшін жерге жеке меншік - аллад енгізілді.

  1. үнемі өсіп отыратын шіркеулер және жер иеліктері тез байыды.
  2. жерсіз шаруалардың тез өсуі.
  3. патронат жүйесі кең таралды.
  4. корольдік билік әлсіреп, ақсүйектердің құдыреттілігі өседі.
  5. Билік ақсүйектердің қолына шоғырланды. Ол мемлекеттегі барлық маңызды лауазымдарды басып алады. Оның ішінде майордан - алғашында король сарайын басқарды, соңынан мемлекет басшысы болды. Бұл лауазым мұраға айналып, соңында Каролингтер әулетіне жол ашып береді.

Каролингтер монархиясының негізгі ерекшілігі сол ол майордан Карл Мартелл реформасымен тығыз байланысты. Оның мәні мынада:

1. жерді толық меншікке сыйға беру тәртібі жойылады ;

2. мұның орнына өмірлік иелену - бенефиций пайда болды.

3. бенефиций ұстаушысы - авссол деп аталады, ао берушісі - сеньор деп аталады;

4. бенефиций ұстаушысы сол жерді берген тұлғаның мүддесі үшін әскери қызметті өтеуі тиіс болатын;

5. мемлекет басшысынан басқа бенефицийді басқа да ірі феодалдар тарата бастады, сөйтіп олардың өздерінің вассалдары пайда болды ;

6. сот, полиция, қарды облысындағы барлық өкілеттіктер жер иесіне берілді;

7. иммунитеттік гролиотар енгізілді. Ол бойынша сол жерге мемлекет шенеуніктерінің қызметі таратылмады.

Мемлекеттік құрылыс

Басқару формасы бойынша франк мемлекеті шектеулі монархия болды. Король билігі үнемі әрекет ететін кеңеспен шектеліп отырды және олардың келісімінсіз бірде бір маңызды шешім қабылданбады.

Мемлекетті басқару мен сот ісін жүргізуде жоғарғы лауазымды тұлғалар қызмет етті : майордам, пфальцграф - алғашында король малайларын бақылады, соңынан сотты басқарды; тезаурарий - қазыналы, байлықты сақтаушы ; маршал - атты әскербасшысы ; және архикаппелан - король духовнигі және сарай духовенствасының ішіндегі ең басшысы.

Жергілікті басқару

Округті (паг) басқаруды - король тағайындайтын лауазымды тұлға - граф жүзеге асырды. Округ құрамына кіретін жүздіктерді солтүстікте центенарий, ал оңтүстікте викарий басқарды. Олар графқа бағынышты болды. Жүздіктің құрамына кіретін қауымдар өзін-өзі басқаруды сақтады.

Сот

Жоғарғы сот билігі монархта болды. Корольдік кеңес аса қауіпті қылмыстарды қарастырды. Негізінен істердің көпшілігі жүздіктердің сотында қаралды.

Франк мемлекетінің гүлденуі ІХ ғ. Басында оның құрамына барлық батыс Европа енгенде жетті. 843 ж. Вердендегі ¦лы Карл немересімен жасасқан шартта Франк мемлекетінің 3 корольдікке бөлінуі заңды бекітілді. Олар: батыс франктік, шығыс-франктік және орталық (болашақ Франция, Германия және Италия) .

Құқығының негізгі белгілері

Ертедегі құқықтың қайнао көзі - тайпалық сипаттағы әдет ғұрыптар.

V-ІХ ғ. Кезінде «варварлық шындық» түріндегі тайпа әдет ғұрыптың жазбасы болды. Салистік, Рипуарлық, Бургундтық, Аллементтік шындықтар пайда болды. Көбінде Салистік шындық мысалға алынады. Онда құқықбұзушылық және соған сәйкес жазаның жалпы, абстрактілі ұғымдары болмайды : мысалы қылмыс д/з - тұлға мен мүлікке зиян келтіру және «король бейбітшілігін» бұзу ; ал жаза д/з - жәбірленушіге келтіруге зиянды өтеу және «король бейбітшілігін» бұзғаны үшін корольге айыппұл төлеу. Жаза кінаға байланысты болмады және ол тек қана әрекеттің аяқталған нәтижесіне тағайындалды.

Салистік шындық бойынша неке күйеу баланың келін баланы ұрлау формасында болды. Зорлықпен ұрлауға тыйым салынды және қандас туысы және еріктілер мен құлдар арасында неке қию тиым салынған. Мұрагерлік құқықта меншік иесі өлгеннен кейін барлық қозғалмалы мүліктерді ең алдымен балаларына, олар болмаған жағдайда кезектесіп шешесі, аға-қарындасына мұраға қалып отырды.

Міндеттемелік қатынас облысында Салистік шындық мімілелермен тек қарапайым түрлерін білген : сату-сатып алу, несие, заем, айырбас, сыйға тарту. Мәміле кезінде меншік құқығын беру көпшіліктің алдында жүзеге асты. Міндеттемені орындамау мүліктік жауаптылыққа әкеледі. Сот процесі айыптаушылық сипатта болды. Оған тән негізгі белгілері : азаматтың және қылмыстық процестің жүзеге асырылуы бір формада болды. Іс жәбірленушінің инициативасы бойынша қозғалады.

4 тапсырма. Бақылау сұрақтары:

  1. Ортағасырлық мемлекет пен құқық тарихындағы “қамқоршы” институтының пайда болу себебі?
  2. Феодализмнің пайда болуына байланысты аллод кімге айналды?
  3. Саликалық шындық бойынша сот процесіндегі сопряжниктердің саны?

Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу әдістемелік әдебиетке сілтеме)

Қараңыз. Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі

Тақырып 6. Франция мемлекеті мен құқығы

Мақсаты: Франция мемлекеті мен құқық жүйесінің қалыптасу ерекшеліктерін анықтау

Жоспар:

  1. Франция мемлекеті мен құқық тарихының кезеңдері

2. Феодалдың бөліну кезеңіндегі мемлекет пен құқық тарихы

3. Сословиелік - өкілетті монархия кезеңі

4. Сословиелік - өкілетті монархия кезеңі

5. Құқықтың негізгі белгілері.

Кезеңдерге бөлінеді:

1 - кезең - феодалдың бөліну кезеңі (ІХ-ХІІ ғ. ғ. )

2 - кезең - сословиялық өкілетті монархия кезеңі (ХІV- ХV ғ. ғ. )

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан тарихы пәнінен қысқашалекция жинағы
Саяси жүйе теориясының авторы
Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында оқытудың белсенді әдістерін қолдану тиімділігі жайлы
Тәуелсіздіктен кейінгі қазақ – түрік әдеби-мәдени байланыстары
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Мегаполистегі экологияны жақсарту
Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер
Дипломатиялық өкілдіктің мәртебесінің қазіргі мәселесі
Халықаралық экономика пәнінен оқу-әдістемелік кешені
Әзиз хан медресесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz