Ғылым және философия


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Ғылым және оның қоғамдағы рөлі

Негізгі бөлім

  1. Ғылыми теория
  2. Ғылымға қойылатын критерийлер
  3. Ғылым және философия

Қорытынды

Ғылым - ақиқатты білу әдісі

"Ғылым" деп - адамның білім алуын, жүйелеу және тексеру бағытындағы кызметінің түрін айтамыз. Білімнің бәрі ғылыми білімге жатпайды, олардың жақсы тексерілгендері мен негізделгендері ғана жатады. Ғылыми білім көдімгі карапайым білімді теріске шығармайды, олардьщ екеуі де керек. Білім дамудың жоғары деңгейіне жеткенде ғана ғылыми білімге айналады.

Ғылым дегеніміз - адамның табиғат, коғам және өзінің танымы туралы білім алуға бағытталған рухани кызметінің ерекше формасы. Ғылымның негізгі мақсаты акиқатқа жету және табиғат, коғам, ойлау заңдыльщтары, танымның езі туралы нағыздықтың объективтік заңдылықтарын ашу. Ғылым ежелгі заманда (Қытайда, Үндістанда, Грекияда) пайда болды. Ұзақ уакыт бойы ғылыми білімдер баяу дамыды. Тек XVI-XVII ғасырлардан бастап Батыс Еуропада ғылым куатты күшке айналып, индустриялы қоғамның құрылуы мен дамуына септіғін тигізді. Содан бері ғылым практикамен тығыз байланыста, өзінід өмір сүруі мен дамуы үшін одан әсер алады. Сол кезеңнен осы ұрпаққа дейінгі аралықта ғылым адамдардың практикалык қызметіне қатты әсер ететін, оның барысы мен деңгейін айқындайтын қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналды.

Ғылым және оның қоғамдағы рөлі

Ғылым білімдер алуға бағытталған, білімнің жинакылығы мен тұтастығынан көрінетін адамның шығармашылык кызметі және сол қызметтің нәтижесі. Ғылым қарапайым тәжірибенің тарихи дамуында жинакталған акпарлардың, сілтемелердің, қызмет пен пөнге нұскаулардың жиынтығы болып табылатын стихиялы, тәжірибелік білімдермен салыстырғанда жүйелілігімен ерекшеленеді. Ғылым - табиғат (материалдық) дүниесі мен коғамның заңдары туралы білім жүйесі ретінде керініс береді. Ғылым біртұтас бола тұра жеке ғылымдар деп аталатын біркатар білім салаларына жіктеледі. Олай бөліну бізді коршаған дүниенің көптүрлілігінен болады, сондыктан ғылымның жеке саласы көпкырлы кызметтің белгілі бір жактарьш зерттейді. Соған орай, табиғат туралы ғылымдар - жаратылыстану, қоғам туралы - қоғамтану (әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар) ; таным мен ойлау туралы - логика, геносеология, диалектика болып бөлінеді. Техникалық ғылымдар жеке бір саланы кұрайды. Математика - өзі бір арнайы ғылым. Ғылым салаларының өздері жеке ғылымдарға бөлінеді. Жаратылыстану ғылымдарының кұрамына - механика, физика, химия, биология; коғамтану ғылымдарына - тарих, экономикалык ғылымдар, кұкыктану, психология жатады. Аталған жеке ғылымдардың өркайсысы біркатар ғылыми пөндерді күрайды. Мысалы, физика - оптикага, катты денелер физикасына, ядролық физикаға жіктеледі. Өзінін; пәніне орай философия барлық ғылымдармен байланыста болады, ғылыми танымның барлық кезеңдерінде өзін көрсетеді. Қазіргі замандык ғылымда ғылыми білімдердің үздіксіз жіктелуімен бірге, ғылыми білімдердің ыкпалдастығы деп аталатьш, жекелеген ғылымдардьщ өзара әрекеттесуі және бірігу үдерісі катар жүруде. Ықпалдың нәтижесі есебінде соңғы кезеңдерде "аралык" немесе "түйіскен" ғылыми пөндер пайда болуда. Мысалы, физикалык химия, биохимия, физикалык география, т. б. Кейде ғылым іргелі және колданбалы болып бөлінеді. Бұлай бөлу, әрине, шартты, өйткені ғылым - коғам дамуының практикалык кажеттіліктерімен байланыскан біртүтас жүйе. Ғылым коғамда "таза білімдер" жүйесі болып қана қоймайды, өзінің функциясын аткарады. Өйткені ғылым езінің тамыңын қоғам койнауларынан алады және мөдениеттің бірегей күбылысы болып табылады. Одан басқа, ғылым өзінің мәніне орай, белгілі бір әлеуметтік-тарихи жағдайларда жүзеге асьфылатын адамдар кызметінің шығармашылық түрі ретінде көрініс береді. Қоғамнан тыс, өзі жеке алға тартылған, "таза" ғылым болмайды. Солай болса да, ғылымның өзінің белгілі дербестігі болады. Мұның айғағы ретінде, ғылымның өзінін; ішкі заңдары мен ұстанымдарына сүйеніп дамитынын және кызмет ететінін айтуға болады. Оларға мыналар жатады: сын еркіндігі, ақикатқа монополия орнатуға жол берілмейтіні, сабақтастык (ескі білімдегі рационалды мазмүнның жаңа білімде сакталуы), ғылыми білімдегі жіктелу мен ыкпалдастық үдерістерінің үйлесуі, ғылымның математикалануы және компьютерлендіруі, диалектіленуі және теориялануы, казіргі ғылымның әлеуметтік және этикалык мазмұнының күшеюі. Әр ғылым және ғылыми пән міндетті түрде біртұтастықта көрінетін төрт қажетті элементтен тұрады:

  1. ғылым субъектісі - ғалыж. Бұл-ғылымда жеке адам немесе ғылыми ұжым болуы мүмкін;
  2. объект (нәрсе, пән саласы) - алынған ғылымның немесе ғылыми пәннің зерттейтіні;
  3. ғылымға тән және оның пөнімен шарттаскан өдістер мен тәсілдер жүйесі;
  4. табиғи немесе жасанды, өзіндік колтаңбалы тіл (белгілер, терминдер, символдар, химиялық формулалар) .

Эмпириялық зерттеулердің негізі төжірибе болып табылады. Тәжірибе жасаушы жанама жағдайларды ысырып тастап, зерттелетін кұбылысты таза күйде бөліп алуға тырысады. Төжірибеде құралдарға ерекше көңіл бөлінеді. Көп уақыт бойы "кұралдардың ерекшеліктері зерттелетін құбылысқа өсер етпейді" делініп келді. Мысалы, термометрмен су немесе сынаптың қайсысын өлшесеңіз де нәтиже бірдей болады. Алайда өте ұсақ "элементар" бөлшектермен (электрондар, позитрондар) жүргізілген тәжірибе нәтиже кұралдың тұрпатына тәуелді болатындығын көрсетті. Эмпириялық таным әдістерінің арасында бақылау әдісі жиі қолданылады. Мысалы, астроном-ғалымдар жұлдыздарды бақылайды, өйткені оларды зертханаларда зерттеу мүмкіндігі жоқ. Бақылау биологиялық және әлеуметтік зерттеулерде де кең колданылады. Соңғы кездері ғылымда модельмен тәжірибе жасау деп аталатын әдіс көп колданылады. Онда тәжірибе түпнұскаға емес, оған ұксас үлгі - модельдің көмегімен жүргізіледі. Қазір компьютермен модельдеу жиі үшырасады. Модельмен тәжірибе жасау зерттелетін объектіге тура көл жеткізуге болмайтын жағдайда жүргізіледі. Мысалы, гидроқұрылысшылар тек тәжірибе үшін өзенге бөгет сала алмайды. Мұндайда жобалау институтының зертханасында модельмен тәжірибе жасалады.

  1. Ғылыми теория

Ғылымда зерттеудің екі - эмпириялық және теориялык деңгейлері болады. Эмпириялық зерттеулер зерттелетін объектіге тура бағытталады, бакылаумен және тәжірибенің көмегімен жүзеге асырылады. Ғылымның теориялық деңгейіне корыта шолу жасалған ережелердің жиынтығы ретінде көрініс беретін ғылыми теория жатады. Қорытып шолу терминдермен, пікірлермен және ой корытындылармен беріледі. Қорыта шолу көптеген айғақтарға сүйенеді, содан зандар шығарылады. Ал заңның өзі айғактар мен оларды корыта шолулардың арасындағы байланыс түрінде алға тартылады. Заңдар эмпириялык және теориялық болып бөлінді. Эмпириялық заңдар тек айғактардан түзіледі. Теориялық заңдар болса, тек қорыта шолулар мен ұғымдардан тұрады. Бойль-Мариотт заны бойынша, газдын температурасы өзгермегенде оның берілген массасы үшін газ кысымының көлемге көбейтіндісі тұракты болады. pF=const ; T=const . Келтірілген заңда алты ұғым - газ, газ массасы, газ кысымы, газ көлемі, газ температурасы, тұрақтылығы туралы сөз болады. Эмпириялык және теориялық заңдар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Кез келген айғақты қарастырудың ғылыми мәні бар, өйткені олар түсіндіріледі және үғымдар мен теориялық заңдарға жаткызылады. Теорияларда нәрселердің, кұбылыстардың, үдерістердің арасындағы жалпыламалык ескеріледі. Ғылымдағы жалпыламаны іріктеп алудың формасы - идеалдау. Идеалдык газ үғымында газдардың бірдейлігін көрсетеді. Көптеген жағдайларда физикадағы денелерді материалдық нүктелер деп қарастыруға болады. Бұл олардың бірдейлігін керсетеді, сондыктан материалдык нүктені идеалдау колданылады. Тұтастай ғылыми зерттеулердің барысын төмендегідей келтіруге болады:

  1. айғақтар айкындалады және тіркеледі;
  2. айғактар белгілі бейнеде түсіндіріледі;
  3. айғактарды түсіндіру үғымдар мен зандар шығаруға, идеалдауға алып келеді;
  4. долбарлармен заң сұлбаланады;
  5. долбарлардан дедукция ережелеріяе сүйеніп, демек, жалпыдан жалкыға жылжи отырып, салдар шығарылады;
  6. салдарлар айғақтармен салыстырылып қарастырылады.

Ғылымның дамуында үш негізгі теориялық әдістердің үлкен маңызы бар. Олардың біріншісі - аксиомалык әдіс. Аксиома дегеніміз - логикалық дөлелсіз қолданылатын, эмпириялық айғақтар негізінде теріске шығаруға болмайын ереже екені белгілі. Евклид геометриясында жазыктыкта жаткан екі нүкте аркылы тек бір ғана түзу сызык сызуға болады деген аксиома бар (істің дәл осындай екенін тексеруге болмайды) . Аксиомалар бір-біріне қайшы келмеуі керек. Аксиомалық өдістер логика мен математикада кең колданылады. Ол қайшылықтардың кез келгенін жокка шығарады. Теориялык қана емес, эмпириялык деңгейде де зерттеу жүргізілетін ғылымдарда долбарльщ-дедуктивтік өдісті қолдану идеалды болады. Мұнда аксиоманың орнына долбар койылады. Долбар дегеніміз - төжірибелік айғактармен салыстыра карағанда теріске шығарылуы мүмкін білімдер. Долбарлық-дедуктивтік өдіс жақсы математикалык дайындықты талап етеді. Ол казір физикада, электротехникада, радиотехникада, экономикалық ғылымдарда кең қолданылады. Долбарлык-дедуктивтік әдісті колдануға мүмкін болмағанда, сипаттау өдісіне жүгінуге тура келеді. Зерттелетін объектінің "келбеті" сөзбен, графикамен, сызбамен берілуі мүмкін. Қазір зерттеушінің ойы долбарлық-дедуктивтік әдісті қолданғаннан гөрі, тура тәжірибе мөліметтеріне жиірек жүгінуге мөжбүрлейді, заңды байланыстарды табу қиындайды. Сипаттау әдісі биологияда, медицинада, психологияда, социологияда қолданылады. Егер сипаттау өдісі долбарлық-дедуктивтік өдіс деңгейіне дейін көтерілетін болса, оны өрқашанда жеңіс деуге болады. Долбарлык- дедуктивтік әдістің талаптарына бағынбайтын кейбір ерекше күрделі құбылыстарды зерттеуде сипаттау әдісі тиімді болуы мүмкін.

2 Ғылымға қойылатын критерийлер

Ғылымилықтың ең басты критерийі - жүйелілік. Ғылыми білім әр қашан белгілі бір жүйе ретінде қарастырылады: бүл жүйенің өзіндік басталу принципі, іргелі түсініктері болады. Сонымен бірге бул жүйеге аталған ғылым үшін зор маңызы бар тәжірибелік фактілер, экспери-менттер, тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстар енеді.

Ғылымға қойылатын тағы бір критерий - онымен айналысатын (қоғамда) бір дарынды адамдардың болуы және қажетті материалдар мен технологияның болуы.

Ғылымилықтың үшінші критерийі - ғылыми танымның мақсаты. Яғни, мақсатсыз ғылым дамуы мүмкін емес, ғылымның нәтижесі адам-зат игілігіне айналуы шарт.

Тағы бір төртінші критерий - рационалдылық (тиімділік) . Зерттеудің әр түрлі (әдістемелерін) тәсілдерін өзгерте отырып, ең тиімді жолын таңдап алу.

Ғылымға қойылатын бесінші критерий - зерттеудің тәжірибелік әдістемесін қолдану және ғылымды математикаландыру. Бұл белгілер жаңа уақытта пайда болды және тәжірибемен байланыстыра отырып, ғылымға жаңа сипаттар әкелді.

Ғылым дегеніміз не? Бұл сұраққа жауап берудің оңай еместігінің дәлелі ретінде оның қашан пайда болғандығы туралы пікірталастың әлі күнге толастамай отырғанын айтуға болады. Ғалымдардың бір тобы ғылым ежелгі дүниенің антикалық кезеңінде, яғни, осыдан 2, 5 мың жыл бұрын пайда болды десе, енді бір ғалымдар нағыз ғылым тек Жаңа Дәуір кезеңінде, шамамен ХVІІІ-ғасырда қалыптасты деген пікірді үстанады. Мұндай пікірталастың себебі ғылымның күрделі және санқырлы құбылыс екендігінде. Ол бір жағынан алғанда білімдердің, теориялық қағидалар мен методтардың жүйесі, сонымен бірге қоғамдық сананың формасы, қоғамды» дамудың рухани жемісі, қоғам дамуын басқару құралы, өндіргіш күш күрделі информациялық жүйе және т. б. Осы әр түрлі салалардың мамандары ғылымға әр түрлі анықтамалар береді және олардың ешқайсысын да теріске шығаруға болмайды. Әртүрлі анықтамаларды қорыта келіп, ғылымның жалпы анықтамасын беретін болсақ, ғылым - табигат, қогам және адам туралы білімдер өндіруге багытталган зерттеу қызметі саласы.

Бұл анықтамадан ғылымның зерттеу пәні туралы түсінік алуға болады. Ғылым ең әуелі адамды қоршаған орта - табиғатты зерттеуге бағыталған қызметтің жемісі ретінде дүниеге келді. Бірте-бірте қоғам турал ғылыми
түсініктер жинақтау қажеттігі туындады. Бірақ ғылым процесіндегі басты тұлға, ғылымның басты субьектісі де, объектісі де - адамның өзі. Адамның қатысуынсыз ғылымның қалыптасуы мүмкін емес, сонымен бірге, адам өзін түсінуге, өз мүмкіндіктерін анықтауға, табиғат пен қоғамның ғана емес, өз болашағын болжауға көне заманнан бастап осы күнге дейін талпынып келеді және бұл процесс адам жерт бетінде қанша өмір сүрсе, сонша жалғаса бермек.
Ғылымның функциялары. Ғылым күрделі әлеуметтік функциялар атқарады. Бұл функциялар ғылымның өзінің дамуымен бірге үнемі өзгеріп, толықтырылып және ғылымның дамуына өзіндік осерін тигізіп отырады. Қазіргі ғылымның үш әлеуметтік функциясын атап көрсетуге болады:

1) мәдени-көзқарастық;

2) өндіргіш күштер функциясы;

3) әлеуметтік күштер функциясы. Ғылымның генезисі және негізгі даму кезеңдері.
Ғылымның генезисі, қоғамдағы қызметі және дамуының қозғаушы күштері мәселесі бойынша интерналистік, экстерналистік және позитивистік концепциялар бар. Интернализм ғылымның пайда болуы мен дамуына философиялық ой тікелей әсер етті деп есептейді және қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси құрылымы мен сол қоғамның ғылымының арасында ешқандай байланыс болуы мүмкін емес деген пікірді ұстанып, ғылымның ішкі факторларын абсолютке айналдырады. Экстернализм бұл концепцияға қарсы. Оның өкілдерінің пікірі бойынша, ғылымға сыртқы факторлардың әсері мықты. Позитивизм; ғылым нақты, тәжірибеден өткен, дәлеледенген фактілерге сүйене отырып дами алады, абстрактылық ойлау мен метафизикалық түсініктер ғылым үшін пайдасыз. Біздің ойымызша, ғылымның пайда болуына, эволюциясына, қоғамда атқаратын қызметіне жоғарыда аталған факторлардың бәрі де белгілі бір дәрежеде ықпалын тигізеді және ол әр дәуірде әр түрлі болуы мүмкін. Сондықтан оларды бір-біріне қарсы қойып, немесе бір-бірінен бөліп алып, белгілі бір факторларды абсолютке айналдыру дұрыс емес.
Зерттеуші ғалымдар ғылымның даму кезеңдері туралы әр түрлі пікірлер айтады. Олардың бір тобы ғылым көне заманда қалыптасты десе, енді бір ғалымдар ғылым қоғамның ерекше саласы ретінде Жаңа Дәуірде пайда болды деп тұжырымдайды. Біздің пікірімізше, ғылымның даму кезеңдері туралы мейлінше дұрыс пікірді ұсынған қазіргі заманғы Ресей ғалымы В. В. Ильин. Ол ғылымның дамуын классикалық, классикалық емес және неоклассикалық емес деп жіктейді. Бұл жіктеуді ғылымның классикалыққа Дейінгі кезеңімен толықтырған дүрыс секілді деп ойлаймыз.

Себебі, классикалық ғылым кезеңіне дейін ғылым ұзақ уақытқа созылған «нағыз ғылымға» дейінгі қалыптасу кезеңінен өтті.

Алғашқы қауымдық қоғам дамуының мыңжылдық практикасы ғылым ды қалыптастыра алған жоқ. Білім күнделікті өмірдің қажеттіліктері қанағаттандыруға ғана бағытталып, одан жоғары кетеріле алмады. Алғашқы қауымдық қоғамда өмір сүрген адамдар дүние туралы білім жинамады деуге болмайды, бірақ заттар туралы объективтік білім оларды субъективтік қабылдаумен тығыз байланысты еді, яғни, объективтік білім элементтері мен субъективтік сана арасында шекара болмады, табиғат құбылыстары адам және оның өмірімен байланысты түсіндірілді.

Адам ойы таза теориялық білім деңгейіне көтерілуі үшін оның дәстүрлі практикалық бағытталғандығын бұзу қажет еді. Ескі сананы күйрету санаға тікелей әсер ету арқылы емес, сана бейнелеп отырған дүниені түбірімен қайта түсіну арқылы жүрді. Дүниеге деген жаңа көзқараста заттар адамға байланысты емес, объективті, заттар мен адам жеке-жеке, бір-біріне қатысты, бірақ тәуелсіз, нәрселер ретінде пайымдалды. Осындай ерекшелік көне гректерге тән еді. Ғылымды зерттеуші ғалымдардың бәрі дерлік ғылымның отаны көне Греция деп мойындайды. Гректер Египет пен Вавилон империяларында бірнеше жүзжылдықтарға созылған соғыстардан аман қалған, ұзақ уақыт ескерілмеген білімдерді қабылдап алды және жәй қабылдап қана қоймай, өздерінің ақыл-ойының, ойлау қабілетінің күштілігі арқасында өздерінің білімдерін қоса отырып жаңа дәрежеге көтерген, оларға абстрактылық және рациональдік сипат берген халық болды.

Ғылым дамуының классикалық кезеңі ХVІ-ғасырдан басталды деуге болады. ХVІ-ғасыр - адам рухының қайта өркендеген кезеңі. Қалалардың көбеюі адамның сезімдері мен өмірлік құндылықтарының жаңа деңгейде дамуына оң әсерін тигізді. Университеттер пайда бола бастады, олар әлі күнге дейін ғылым ордасы болып есептеледі. Өркендеу дәуірінде елеулі ғылыми жаңалықтар дүниеге келді, осы кезеңде ғылым мен өнерді біріктірген ғұламалар өмір сүрді. Олардың бәрінің есімдерін және олар ашқан жаңалықтардың бәрін бірдей атап шығу мүмкін емес. Ең басты тұлғаларды ғана атасақ: Леонардо да Винчи (1452-1519) - ұлы суретші және қазіргі жаратылыстану ғылымының пионері; Николай Коперник (1473-1543) поляк астрономы, дүниенің гелиоцентристік жүйесін ашты; Джордано Бруно (1548-1600) - әлем біртұтас, шексіз, үнемі өзгеріп отыратын монадолардан тұрады деп тұжырымдады; Галилео Галилей (1564-1642) - Жер айналып отырады, дүниені математика, механика ғылымдарының, ақыл-ойдың көмегімен тануға болады деп пайымдады.
Одан бергі ғылымдағы негізгі революциялық жаңалықтар - атом бөлшек-терінің ашылуы, атом бомбасының жасалуы, космосты игеру, ғылым же-тістіктерінің өндіріс саласына көптеп енгізілуі немесе ғылымның өндіргіш күш ретінде қарқынды дамуы, электроника және кибернетика салалары жетістіктерінің адамның өмір сүруін жеңілдету үшін қолданылуы, яғни, ғылымның адамның күнделікті тұрмысында кең орын алуы.
Бұл классикалық кезең Галилей мен Пуанкареге дейінгі ХVІ-ХХ ғасыр-ларды қамтиды.
Неоклассикалық емес қазіргі кезеңде ғылым жеке салаларға бөлініп кетті. Бұл құбылыс ғылымның дағдарысына әкеліп соқты деуге болады. Оның басты себебі - ғылымның басты мақсаты - жалпы дүние туралы білім жинау екендігі ұмыт болды және дүниені тұтас нәрсе деп қарастыру принципі естен шығарылды, әрбір ғылым өзімен-өзі болып кетті.

Ғылымды зерттеу аспектілері

Ғылым философиясы. Ғылымды философиялық тұрғыдан зерттеу аса маңызды және ол ғылым мен ғылыми қызметті зерттейтін басқа пәндердің арасында ерекше, басты орын алады. Ғылымды зерттеудің әр түрлі жеке методтары мен арнайы ғылымтану пәндері қаншалықты профессивті және өзекті болғанымен, олар ғылымды философиялық тұрғыдан зерттеудің орнын баса алмайды. Философия ғылымды қоғамдық сананың белгілі бір формасы және адамның дүниеге көзқарасын анықтаушы теориялық сана ретінде, қоршаған ортаға қатынастың типі ретінде сараптайды.

Ғылым социологиясы. Ғылымды идеяның дамуы, танымдық жүйе деп қарастырумен шектелмей, оны қоғамдық өндірістің түрі, әлеуметтік жүйе ретінде түсіну ғылым социологиясының пәнін анықтайды. Ғылым со-циологиясы ғылымдағы қоғамдық қатынастар және ғылым мен қоғам
арасындағы қатынастар жүйесін зерттейді. Ғылымды социологиялық танып-білу үш саланы қамтиды: 1) ғылыми қызметтің ішкі құрылымы, немесе әлеуметтік институт ретіндегі ғылыми қызмет шеңберіндегі қоғамдық қатынастар; 2) ғылым және қоғам, ғылым мен қоғамның басқа компоненттері арасындағы өзара қатынас және өзара байланыс; 3) ғылымдағы адам.
Ғылым психологиясы ХХ-гасырда қарқындап дамыды. Бұл құбылыс кіші ғылымдардан үлкен ғылымдарга көшумен, ғылыми-ізденіс жұмысында ұжымдық принципінің басым бола бастауымен, ғылыми іс-қызметті күшейтудің факторларын ашуга ұмтылумен тыгыз байланысты. Қазіргі ғылым ерекше шыгармашылық және әлеуметтік жүйе, сондықтан психо-логиялық факторлардың ғылыми процестің дамуын жеңілдетуге немесе бәсеңдетуге тигізетін әсері мол. Ғылым психологиясы галымның білім өндірісінде маңызды рөл атқаратын елестету, шабыттану, интуицим негіздеу және басқа психологиялық қасиеттерін-объектілерін зерттейді. Сонымен қатар, ғылым психологиясы индивидуальдік-шыгармашылық құбылыстармен шектелмей, ғылыми ұжымдагы тұлғааралық қатынас- тардың ғылым процесіне, галымдардың интеллектуалъдік қызметіне әсері. зерттеу объектісіретінде қарастырады. Ғылым психологиясы қазіргі ке- зеңде ғылымды зерттеудің маңызды саласына айналып отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылым түсінігі
Философия ұғымы, мақсаты және міндеті
Тарихи - философиялық таным табиғаты
Әлем туралы философиялық түсінік, оның негізгі түрлері мен әдістері
«Философия көзқарас ретінде»
Философияның негізгі даму кезеңдері мен бағыттары
Философия - адамзаттың рухани табысы
Философия нені зерттейді
Педагогикалық практика бойынша құжаттар
Философияның ерекшелігі және негізгі анықтамалары. Философия – даналық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz