Ирак Республикасы туралы
1 Табиғаты
2 Тарихы
3 Экономикасы
4 Әдебиеті
5 Өнері
Табиғаты
2 Тарихы
3 Экономикасы
4 Әдебиеті
5 Өнері
Табиғаты
ИРАК, Ирак Республикасы (өзд. атауы — әл-Жумхурия әл-Иракия) — Оңтүстік-Батыс Азияда, Тигр және Евфрат өзендері бойында орналасқан мемлекет. Жер көлемі 444 мың км2. Халқы 22,4 млн. адам (1999). Тұрғындарының 75%-ы арабтар, 20%-ы — курдтар, қалғандары түрікмендер, ассириялықтар, парсылар, армяндар, т.б. Қала халқы 68,1% (1997). Мемлекеттік тілі — араб тілі. Халқының 62%-ы — ислам дінінің шиит бағытын, 34%-ы сунит бағытын ұстанады. Астанасы — Бағдад қ. (3 млн-нан астам). 1970 ж. қабылданған конституциясы бойынша Революциялық кеңестің төрағасы елдің Президенті және Жоғарғы Бас қолбасшы қызметін қатар атқарады. Заң шығарушы орган — бір палаталы Ұлттық кеңес, 250 депутаттан тұрады. Елдің ұлттық мейрамы — 17 шілде, Ұлттық Республика күні және Тәуелсіздік күні (1958). Ирак 18 провинциядан (мухафаз) тұрады. Ақша бірлігі — Ирак динары.
Мазмұны

Жерінің көбін Жоғары Месопотамия және Төменгі Месопотамия жазықтары алып жатыр. Солт. және солт.-шығыс жақтарын Армян және Иран таулы қыраттары алып жатыр. Ең биік жері — Боздаг тауы (3612 м). Пайдалы қазбалары: мұнай мен газ, фосфорит, күкірт. Климаты — жерортатеңіздік (елдің солт.) және тропиктік (оңт.). Қаңтардағы орташа темп-ра 7 — 11С, шілде айында 34С, тамыз айында 50С-қа дейін көтеріледі. Жауын-шашын мөлш. 500 мм-ден 1000 мм-ге (оңт.-шығыста) дейін. Басты өзендері — Тигр мен Евфрат (екеуі қосылып Шатт әл-Араб өз. деп аталады). Жерінің көпшілігі шөгінді және шалғынды топырақты, батыс жағы сары топырақты келеді. Ел территориясының негізгі бөлігі дала, оңт.-батысы — шөл және шөлейт, тау беткейлері мен өзен жағалары бұталы, сирек орманды келеді. Газель, жабайы есек, қасқыр, қабылан, т.б. аңдар мен көкқұтан, бірқазан, қоқиқаз т.б. құстар мекендейді.
Тарихы
Қазіргі Ирак аумағы — ежелгі мәдениет ошақтарының бірі. Осы жерде б.з.б. 4-мыңжылдықта шумер-аккад мәдениеті пайда болып, қала-мемлекеттер (Ур, Урук, Ашшур, Лагаш, Умма, т.б.) өркендеді. Б.з.б. 2-мыңжылдық басында Оңт. Месопотамияда Вавилон мемлекеті (қ. Вавилон), Солт. Месопотамияда Ассирия мемлекеті (қ. Ассирия) құрылды. Б.з.б. 1-мыңжылдықтың ортасынан бастап бұл аумақ парсы патшаларына бағынышты болып, кейін ұзақ уақыт Иран, Парфия, Рим империялары арасында, артынан Иран мен Византия арасында таласқа түсті. 630 ж. Месопотамияны арабтар жаулап алды. Сөйтіп, ол 661 ж. Араб халифатының бір аймағына айналды (қ. Араб халифаты). 762 ж. Бағдат қ-сы салынды (қ. Бағдат). И. жерін 11 ғ-да салжұқтар, 13 ғ-да Шыңғыс хан әулеті, 14 ғ-дың аяғында Әмір Темір басып алды. Әмір Темір мемлекеті ыдырағаннан кейін бұл аумақ түркі билеушілеріне кезек-кезек бағынып, 16 ғ-дың басында парсылардың Сефеви әулетінің қол астына өтті. Көп ұзамай Иран мен Осман сұлтандығы арасында Ирак үшін күрес басталып, 17 ғ-да түріктер Месопотамияны толығымен бағындырды. 17 ғ-дың орта тұсынан бастап елге ағылшын саудагерлері келе бастады. 18 ғ-да Англияның ықпалы күшейіп, 1779 ж. Бағдад және Басра қалаларында Ост-Индия компаниясының агенттіктері ашылды. 1860 жылдан бастап Ирак дүниежүз. саудаға тартылып, шетке арпа, бидей, құрма шығарып тұрды. 1869 ж. Суэц каналы ашылғаннан кейін елге шет ел капиталы ағылып, барған сайын еур. мемлекеттерге тәуелділігі күшейді. Енді Месопотамия үшін Ұлыбритания мен Германия арасында күрес басталды. 1918 ж. Иракты Ұлыбритания жаулап алды. Ағылшындар елде әскери әкімш. орнатты да, жер-жерде көтерілістер басталды. Ағылшын армиясы ол көтерілістерді басып тастады, бірақ елге өзін-өзі басқару билігін беруге мәжбүр болып, 1920 ж. “ұлттық үкімет” құрды. 1930 ж. Ирак үкіметі Ұлыбританиямен шарт жасасты. Шарт бойынша ол формальді түрде тәуелсіздік алып, Ұлттар Лигасына мүше болды, бірақ оған ағылшын үкіметінің саяси, әскери, экон. бақылауы сақталып қалды. 2-дүниежүз. соғыс басталысымен Ирак Германиямен дипломатиялық қатынастарды үзді (5.09.1939), бірақ 1941 ж. оңшыл топтар Германияның қолдауымен мемл. төңкеріс жасады. Дегенмен, төңкерісті көп ұзамай ағылшын әскерлері басып тастады. 2-дүниежүз. соғыстан кейін халық толқулары қайтадан күшейді. Елде ағылшындардың ықпалы төмендеп, оның орнына АҚШ-тың ықпалы артты. 1954 ж. И. үкіметі әскери көмек жөнінде АҚШ-пен, 1955 ж. 24 ақпанда Түркиямен шарт жасасты. Сөйтіп, Бағдад пактысының негізі қаланды. Халық көтерілістері одан әрі күшейді. Нәтижесінде 1958 ж. 14 шілдеде монархия құлап, республика жарияланды, 1958 ж. 24 наурызда ел Бағдад пактысынан шығатынын жариялады және өз территориясындағы шет елдің әскери базаларын жойды, агр. реформа жүргізіле бастады. Бірақ, халықтың тұрмысы жақсарған жоқ, ел ішінде көтеріліске шыққан күрд әскерлеріне қарсы әскери қимылдар жасалынды. 1968 ж. 8 ақпанда елде мемл. төңкеріс болып, үкімет басына Араб социалистік қайта өрлеу партиясы (БААС) келді. Шет елдің мұнай компанияларының бұрынғы кәсіпорындары халық меншігіне айналып, 1974 ж. 11 наурызда Иран Курдстанына автономия берілді. 1980 ж. қыркүйекте И. пен Иран арасында соғыс басталды (қ. Иран — Ирак соғысы). 1988 ж. 20 наурыздан бастап әскери қимылдар саябырсыды да, 1990 ж. 15 тамызда екі жақ келісімге келді, 17 — 22 тамыз аралығында Ирак өз әскерлерін Иран территориясынан шығарып әкетті. Екі ел өзара соғыс тұтқындарын алмастырып, қазан айында дипломатиялық қарым-қатынастарды қалпына келтірді. 1 тамыз күні түнде (1990 ж.) И. әскерлері Кувейтке басып кірді (қ. Ирак — Кувейт соғысы). 1994 ж. 10 қарашада И. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz