Қазақтың дәстүрлі киімі



1 Қазақтың ұлттық киімі
2 Қазақ әйелдерінің бас киімі
3 Балалар киімі
4 Киім . кешекке қатысты наным сенімдер
Киімнің шығуы адам еңбегінің ерекшеліктеріне, қоғамдық өндіріс пен мәдениеттің дамуымен тығыз байланысты. Киім қоғамның материалдық және рухани құрамдас бөлігі болып табылады. Бір жағынан бұл адамдардың еңбегімен жасалған және кейбір қажеттілікті қанағаттандыратын материалдық құндылықтар болса, екінші жағынан – ол адамның келбетін эстетикалық жағынан өзгертетін қолданбалы сән өнері.
Қазақтың ұлттық киімдерінде, оның этникалық тарихы мен экономикалық, әлеуметтік және табиғи ортаның ерекшеліктерінен туындайтын көне дәстүрлері бой көрсетеді. Қазақтың қандай киімі болмасын, онда халықтың әсемдік талғамы, өмір салты, өткендегі хал-ахуалы да суреттелді. Олар пайдаланылуы мен қолданылу ерекшеліктеріне де байланысты топталып отырды. Қазақ киімдерінің практикалық, эстетикалық, ғұрыптық және магиялық маңызы болумен қатар жас ерекшеліктері мен кәсіби деңгейіне қарай этноәсер етуші белгілерді де ұстанды. Киімдердің мұндай қызметтері дәстүрлі далалық этикалық нормалармен де байланыстырылып, әлеуметтік-тұрмыс мәселесі шеңберінде қарастырылды.
Ұлттық киім – бай тарихи мәдени мұра, оны зерттеу бізді өткен ғасырлардағы әдет-ғұрып, салт-дәстүр, халықтың хал ахуалынан кең көлемде Жан-жақты хабардар етеді. Қазақ халқының киімі басқа ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке толы. Мұның басты себебі: қазақ халқының табиғат төсінде өсіп, еркін ғұмыр кешуімен байланысты. Қазақтардың ұлттық киімдері ертедегі көшпенділер киімдерін еске түсіреді.
ХХ ғасырдың 20-шы жылдары Ойыл мен Сағыз бойын мекендеген қазақтардың киім кешегін палеоэтнологиялық деректермен салыстыра зертеген С.И.Руденко, күпінің қазаққа, оның ата-бабасына кем дегенде бұдан екі мың жыл бұрын белгілі болған киім үлгісі екендігін дәлелдеген.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Қазақтың дәстүрлі киімі.

Киімнің шығуы адам еңбегінің ерекшеліктеріне, қоғамдық өндіріс пен мәдениеттің дамуымен тығыз байланысты. Киім қоғамның материалдық және рухани құрамдас бөлігі болып табылады. Бір жағынан бұл адамдардың еңбегімен жасалған және кейбір қажеттілікті қанағаттандыратын материалдық құндылықтар болса, екінші жағынан – ол адамның келбетін эстетикалық жағынан өзгертетін қолданбалы сән өнері.

Қазақтың ұлттық киімдерінде, оның этникалық тарихы мен экономикалық, әлеуметтік және табиғи ортаның ерекшеліктерінен туындайтын көне дәстүрлері бой көрсетеді. Қазақтың қандай киімі болмасын, онда халықтың әсемдік талғамы, өмір салты, өткендегі хал-ахуалы да суреттелді. Олар пайдаланылуы мен қолданылу ерекшеліктеріне де байланысты топталып отырды. Қазақ киімдерінің практикалық, эстетикалық, ғұрыптық және магиялық маңызы болумен қатар жас ерекшеліктері мен кәсіби деңгейіне қарай этноәсер етуші белгілерді де ұстанды. Киімдердің мұндай қызметтері дәстүрлі далалық этикалық нормалармен де байланыстырылып, әлеуметтік-тұрмыс мәселесі шеңберінде қарастырылды.

Ұлттық киім – бай тарихи мәдени мұра, оны зерттеу бізді өткен ғасырлардағы әдет-ғұрып, салт-дәстүр, халықтың хал ахуалынан кең көлемде Жан-жақты хабардар етеді. Қазақ халқының киімі басқа ұлттардан өзгеше өзіндік қасиетке толы. Мұның басты себебі: қазақ халқының табиғат төсінде өсіп, еркін ғұмыр кешуімен байланысты. Қазақтардың ұлттық киімдері ертедегі көшпенділер киімдерін еске түсіреді.

ХХ ғасырдың 20-шы жылдары Ойыл мен Сағыз бойын мекендеген қазақтардың киім кешегін палеоэтнологиялық деректермен салыстыра зертеген С.И.Руденко, күпінің қазаққа, оның ата-бабасына кем дегенде бұдан екі мың жыл бұрын белгілі болған киім үлгісі екендігін дәлелдеген.

1930 жылдары Қазақ ССР Орталық музей қызметкерлері С.Омаров пен В.Кун Алматы қаласынан және Алматы облысы, Еңбекші қазақ ауданынан қазақтың ұлттық киімдерін жинаған. Қазақстан ауретшісі Е.Клодт қазақ киімдерінің, ұлттық киім киіп тұрған қазақтардың бейнелерін суретке түсірген. Осы саланы зерттеген Ә.Марғұлан, Т.Басенов, Х.Арғынбаев еңбектерін айтуға болады.

Ескі қорымдар мен қоныстардан табылған археологиялық олжалар баға жетпес дерек көздері негізінде халықтардың жоғалған киім үлгілерін қалпына келтірген суретші М.В.Бастың суреттері мен М.Жұмағалиев, Қ.Ахметжан, Қ.Алтынбеков, Ә.Малаевтар қалпына келтірген киім реконстркуциялары арқылы ежелгі бабаларымыздың киім үлгілері туралы мәліметке көз жеткіземіз.

Қазақ ұлттық киімдерінің тарихы Ұлы дала көшпенділерінің тарихымен тығыз байланысты.

Әлемге белгілі Алтын адам жерленген Есік қорғанынан табылған Алтын киімді бекзада (тарихи зерттеулерде ол үйсін қоғамына тән делінген), сондай ақ аң стиліндегі алтын, қоладан жасалған басқа да құнды бұйымдар: алтын заттардың көшірмелері, әсемделген теңдесі жоқ киімдер, баскиімдер және аяқ киімдер үлгілері, әшекей заттардың орналасу реті ежелгі дәуірдің қолөнері мен киім үлгісінен сыр шертеді.

Сақтар мен ғұндардың киім үлгілерінен, олардың бастарына киізден жасалған шошақ бөрік, теріден немесе қолдан тоқылған мауытыдан тігілген қаусырмалы бешпенті, металл қаңылтырлар тағылған былғары белдік, тері шалбар және киіз етік болғанын байқауға болады. Әр түрлі аң стилінде салынған қымбат металдардан тағылған әшекейлер сақтар мәдениетінен бізге жеткен ең ірі мұралардың бірі. Қаңлылар ескерткіштері саналған Өзбекстандағы Курган тепе обасынан табылған б.з.д. І-ІІІ ғғ. Былғары белбеудің сүйектен жасалған деталінде бстарына киген дулығалары, сопақша формамен жасалған кіреуке сауыттың ішінен киген тік жағалы сырылып тігілген киімдері, балағы көтеріліп кетпеуі үшін табанынан ұстап тұратын балақ бауы бар тар шалбарлар барлық көшпелі халықтардың өнер ескерткіштерінде кездесетіндігі қазақтың ұлттық киімдері деп аталатын зерттеу еңбекте жан жақты айтылған.

Қазақ киімдерінің табиғи-климатттық жағдайға, көшпелі өмір салтына сай орайластырылып жасалуы, жүріп тұруға ыңғайлылығы ұрпақтан ұрпаққа жалғасын табуда. Киімнің көп бөлігі мақта – мата, жібек сияқты бағалы материалдармен бірге, теріден де тігілді.

Қазақ киімдері өзінің декоративті сәнді кескіндерімен ерекшеленді. Әрбір киімдегі ою-өрнек пен оның түсі ерекше үйлесімін тапты.

Киімнің эстетикалық талғаммен тігілгендігі, оның этномәдени маңызын арттыра түсті. Қазақ киімдерінің басқа Орта Азия, Поволжье, Оңтүстік Сібірдің түркі халықтарымен ұқсастықтары байқалғанымен, өзіндік ұлттық нақыштар ерекшелігі басым.

Қазақ киімдері өзінің қолданылу ерекшеліктеріне қарай күнделікті және сәндік, ал жыл мезгілдеріне қарай қыстық, маусымдық және жаздық киімдер болса, жас ерекшеліктеріне қарай балалар киімі, бойжеткендер, қалыңдық пен күйеу жігіт, ересектер киімдері болып та бөлініп отырған.

Қазақтың сән салтанаттық киімдері мен күнделікті киім-кешектерінің сыртқы түрінде болмаса, жалпы пішімі жағынан айтарлықтай айырмашылық жоқ. Салтанаттық киімнің бітімі сыпайы, тігісі жатық болып, зер жіппен әр түрлі ою-өрнектер жүргізілсе, бас киімдері де осы әдіс негізінде болып, бағалы тастар орнатылғандығымен ерекшеленеді. Аяқ киімдері биік өкшелі, қайқы тұмсықты болып, кестеленген үлгілері де кездеседі. Сондай ақ сән-салтанаттық киімдерге күміс, алтын жалатып, қапсырма түрлері мен түймелері де өте әсемделіп, таққан таналары да көз тартарлықтай болады.

Күнделікті киімдер болса қарапайым материалдардан әзірленіп, жұмысқа, жүріп-тұруға ыңғайлы етіп тігіледі. Мәселен, олар қолда бар мата, бөз, кенеп, шыт, сәтен, сеңсең терісі мен қолдан ұқсатылған терілерді, көн, былғары сияқты тері түрлерін пайдаланып қажеттеріне жаратады. Ал керісінше, сәндік киімдердің барқыт, шұға, мәуіті, жібек мақпал кездемелері мен кәмшат, сусар, бұлғын, құндыз терілері пайдаланылған.

Бас киімдер ұлттық киімдердің мәнерлі де ерекше бөлігі болып саналады. Ұлттық кимідердің ерекшелігімен қоса адамдардың жас ерекшеліктеріне қарай киген киімі, сонымен бірге жүздің, рудың еркшеліктері де жақсы сақталған.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ елінің тұрмысындағы өзгерістерге байланысты, мәдени өмірінде де өзгерістер болды. Осыған қарамай жүздердің, рулардың дәстүрлерінің сақталып қалуы, халықтың қоғамдық және мәдени өміріне өз әсерін тигізді, нәтижесінде жүз бен рудың ерте заманнан келе жатқан киім үлгілерінің ерекшеліктері сақталынып қалды.

Бас киімдерде географиялық, ру-тайпалық ерекшелік байқалады. Мысалы М.Әуезов еңбектерінде сегіз сай уақ тымақ, арғын тымақ, қыпшақ тымақ, үш құлақты керей тымақ, қаракесек, адай бөрік, сырмаланған алты сай найман тымақ сияқты бас киімнің бірнеше түрлері болған. Сондай-ақ аймақтық ерекшелігіне қарай Жетісу, Арқа, Қоңырат үлгісіндегі тымақтар да ел арасында белгілі.

ХІХ-ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақтардың бас киім үлгілерін зерттеген И.В.Захарова мен Р.Р.Ходжаева ер адамдардың бас киімдерін төмендегідей түрлерге бөледі:

Дөңгелек, жеңіл, әрі өзін сырып кестелеп матадан тіккен және қалпақ, тымақ астынан киетін кішігірім баскиім тақия;

Матадан тігілген кішкентай, етгі төмен көмкерілген бас киім – төбетай;

Киізден тігілген бас киім – қалпақ;

Қалың матадан тігілген бас киім – күләпара;

Тері қапталған жылы бас киім – бөрік;

Аң терісінен жасалып, суықта киетін бас киім – тымақ.

Күнделікті киюге арналған бас киімнің бірі – тақия. Қазақтар арасында тақияның бірнеше түрі кездеседі. Оның кең тарағандарының бірі – конус түрінде болып келген, етек жағы биіктеу тақия. Оның етек жағы дөңгелектеніп өрнектелген. Тағы бір түрінде төбеге қарай үшкілденіп қиыстырылған жағы да өрнектелгендері кездеседі. Енді бір түрін киіз үйдің формасы түрінде етек жағы биік болып, төбесі төрт қиықтан құрасытырлған. Әдетте тақия бетіндегі ою-өрнекті әр түрлі матамен немесе зер жіптермен әрлендіріп отырған. Тақияның жоғарғы ұшына шашақ жіп тағылған түрін кішкентай балалар мен бозбалалар киген. Әдетте, тақия сыртынан бөрік, тымақ, қалпақ сияқты бас киімдерді кие береді.

Қалпақ – ақ киізден немесе қалың матадан тігілген, биік төбелі ерлер бас киімі. Оны күз бен көктемде, салқын таулы өңірлерде жаз айларында таңертеңгі және кешкі мезгілдерде киеді.

Мұрақ – лауазымды адамдар киетін екі жағы қошқар мүйізденіп келетін, сән салтанатқа киетін қалпақ. Оны жай уақытта киюге қолайсыз. Мұрақ жайында мақал мәтелдер де көп. Хандар киер мұрақты, қараша киер құрақты, Қалмақ абзалы – мұрақ, көрпе абзалы - құрақ, - дейді. Мұраққа қарап мансапты адамды айырады. Мұрақ қалпағын елбасы, төрелер, билер киген. Мұрақты оюлап, өрнектеп, әр түрлі алтын күмістелген жіптермен тігеді. Ою-өрнек жібіне қарай мұрақтар да жылтырап көрінеді. Мұрақты киюші көбінесе әр түрлі жиын, жиналыс, той-думан, сән салтанатқа киген.

Тымақ биік төбелі, маңдайы, екі құлағы бар, желке, жотаны жауып тұратын артқы етектен тұратын, аңның, малдың терісінен тігілген қысқы бас киім.

Киім кию үлгісінде де, оны киюшілердің жас ерекшеліктері мен қандай әлеуметтік ортадан шыққандары аңғарылып тұрды.

Бөрік – төрт үшкілден төрт қырлы күмбез сияқты пішілген, арасына жүн салып астарланған, шұға, күдері, барқытпен тысталған бас киім түрі. Ол аң терілерінің атымен құндыз бөрік, сусар бөрік, елтірі бөрік, түлкі тымақ деп аталған. Бөріктің ерлерге және әйелдерге арналған түрлері бар.

Орталық және Батыс Қазақстанда бай шонжарлар сәндік үшін аласа шошақ бөріктің үстінен алтын зермен кестеленген шымқай күрең немесе қызыл барқытпен , қайырмасы жасыл мәуітімен тысталған қалпақ киген. Ол жергілікті жерде айыр қалпақ, мұрақ, сәукеле қалпақ деп аталған.

Малшылар жазда басына шұғадан немесе сәтеннен тымақ үлгісінде астарсыз үш бұрышты етіп пішілген алдында күнқағары бар жалбағай, далбай, күләпара деп аталған бас киім киді.

Малшылар, соның ішінде жылқышылар сулық – кебенек немесе кебентай киген. Бұл киізден қылшығын сыртына қаратып, шаршысын жеке-жеке басқан ақсұр, кейде қоңыр немесе қара төсемдерден құрастырып тіккен. Кебенекті киім сыртынан киетін болғандықтанкүләпара орнына жүретін тұтас жағалы, әрі мол және ұзын етіп, шалбарымен бірге пішетін болған. Сулықты атқа отыруға ыңғайлы болу үшін артын жырық етіп тіккен. Кебенек – ат үстіндегі малшыны қар мен жаңбырдан, үскірік аяздан, жел ызғарынан сақтауға бейімделіп жасалған.

Әйелдердің бас киімдері бергек, бөрік, жаулық, жеелк, жырға, кимешек, күндік, орамал, қарқара, сәукеле, тақия, шәлі, қасаба, бүркеніш, шылауыш болып бөлінеді.

Қазақ әйелдерінің бас киімі, олардың жасы мен отбасындағы жағдайына байланысты бір-бірінен көп ерекшеленіп отырған. Үкілі тақия қыз дәуреннің белгісі саналып, ол аса ұқыптылықпен безендірілген. Қыздар тақиясының түсі үстіндегі бешпентке немесе камзолға сәйкестендіріп тігілді. Оның етегі де жоғарғы бөлігі де алтын немесе күміс паршамен оюланған. Қазақ ұғымындағы үкідей үлбіреген немесе тотыдай таранған деген сөз тіркестері де тақия да үкінің болатындығын меңзейді. Қыздар шашын қос бұрым етіп өріп, бас киімсіз жүрсе, керісінше тұрмысқа шыққан соң, әсіресе самай шашын көрсетпеуге тырысқан.

Қасаба – бойжеткен қыздар мен тұрмыстағы жас келіншектердің киетін сәнді бас киімдерінің бірі. Кейде мұны қалыңдық сәукеленің орнына да киген. Ол тақия түрінде болғанымен желке жағы ұзын болып төмен түсіріліп, тұтас тігіледі. Бұл алтын немесе күміс паршамен және зер жіптермен әдіптелген. Бас киімнің маңдайына әр түрлі інжу-маржан, перуза тастарды тізіп, дөңгелек табақшалар бекітілген әткеншектерілген. Қасабаның оң жағына самайдың үстіне маңдайдағыдан ұзынырақ болып келетін күміс қоңыраушалардан тұратын әткеншек қыстырылған. Бұл келін болып түскен қыздың жүйкесін жұбатады деген түсініктен туындаған. Кейде оның төбесіне үкі қадалып, ол қасабаға көрік беріп тұрған. Қазақ ұғымында сәукелемен қатар жүретін бас киімдердің бірі саналған – қасаба кейінгі уақытқа дейін белгілі болмаған.

Қасабаны қазақ халқының дәстүрлі киімдерінің бірі ретінде танытқан ұлттық мәдениеттің жаршысы, халқына қамқор бола білген тұлғаның бірі - Ө.Жәнібеков болды. Этнограф Ө.Жәнібековтің айтуынша, қасаба – көне түркі қыпшақ бас киімінің негізгі элементтерін бойына сіңірген. Қасаба – алтын зерлі деген мағына беріп, оның өн бойы түгелдей зерлі жолақпен әдіптеліп, алтын жіптермен кестеленетін болған. Қасабаны келіншек үкісіз, желексіз, сыртына жаулық салып та тойдан кейін де киген. Ол қазақ тіліндегі қасабалы келіншек, қасабалы қалыңдық деген сөз тіркестерінен де білінді. Сондай қасаба үлгілерінің бірін өзінің келіні Гауһардың басына қалыңдық киімі ретінде кигізіп (жалпы қалыңдық киімі үлгісін өзі тіккізген), ондағы тастарды өз қолымен қойып шыққандығын әйелі Қалихан апай өз естеліктерінде айтады. Айта кету керек, Өзбекәлі Жәнібек қазақ қолөнері үшін талмай еңбек еткен, ең бастысы қазақтың ұлттық киімнің дәстүрлі үлгілерін сақталып, олардың әсемдігін жоғалтпай ұлттық құндылық ретінде орын алуына барынша еңбек етті. Оның басшылығымен бүгінде Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік музейінде сақтаулы Жәңгір ханның зайыбы Бәтима ханшайымның киім кешегі осы кісінің қатысуымен Алматыдағы Тұскиіз фабрикасында өндіріске енгізілген.

Сәукеле – қалыңдық киімінің негізгі атрибуты саналды.

Кимешек - әйелдердің негізгі бас киімі. Әдетте, бұл бас киімді кию рәсімі де ауыл арасында ерекше аталып өткен. Ол бойынша жаңа түскен келіннің аяғы ауыр болғаннан кейін, сән-салтанатқа сәукеле киюді ерсі санап, ауыл әйелдерін шақыртып, оның ішіндегі құрметтті саналғаны кимешек кигізу рәсімін жасаған. Ол үшін кимешек кигізуші сый-сияпат алған.

Кимешек екі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КОСТЮМ ХАЛЫҚТЫҚ СӘНДІК ӨНЕРІНІҢ БІР БӨЛІГІ
XV-XVIIIғғ. Қазақтардың дәстүрлі мәдениеті
Қазақ ұлттық костюмінің дамуы
Қазақтың ұлттық костюмінің композициясы
Қазақ халқының ұлттық киімдері
Ұлттық киімдердің түрлері
Қазақ халқының мәденитеті ( ХV ғасырдың соңы – XVII ғасырдың бірінші ширегі)
Қазақ халқының ұлттық киімдері - киім үлгілері
Қазақтың ұлттық киімі
Қазіргі киім үлгілеріне ою-өрнектерді әсемдеп безендіру түрлері
Пәндер