Жастар социологиясы



Кіріспе
1.1 Жастар әлеуметтануының пәні , зерттеу обьектісі
1.2. Жастар әлеуметтануының негізгі бағыттары
2.1. Жастар әлеуметтануының даму кезеңдері
2.2. XX ғ. 60.80 жылдары Отандық жастар социологиясының дамуы және зерттеу мектептері
Қорытынды
Жастар социологиясы - қазіргі заманғы социологияда жастарды әлеуметтік қауымдастық ретінде теоретикалық және эмпирикалық негізде зерттеуші социологиялық білімнің жеке саласы. Ресейде бұл салыстырмалы түрде жас ғылым, сонау Хрущевтік кезеңдегі 60-шы жылдардың 1-ші жартысында социологиядан бөлініп шықты.
Жеке тұлғаның мәдени даму кезеңінде қоғамдық ғылымдардың қатып-сіңген (догматикалық) ілімінен бөлініп шыққан, дамушы, жастарды ғылыми зерттейтін бұл ғылым саласы қатаң – марксистік идеология үлгісінен бөлініп, түрлі әлеуметтік өзгерістер мен жеке меншікті бөлісу пролетарлар революциясы проблемалары қоғамдағы жастар өмірінің ерекшеліктерін терең зерттеуді қажет етті.
Жастар арнайы зерттеу қажеттілігін негіздеу үшін қоғамдағы әртүрлі жас категорияларына байланысты идеологиялық көзқарастарды талдап шын мәнісіндегі проблемаларды анықтап алған дұрыс.
1. Добреньков В.И., Кравченко А.И. Социология: В 3 т. Т.1: Методология и
история. М., 2000.
2. Култыгин В.П. Современные зарубежные социологические концепции /
Под ред. Т. Н. Юдиной. М., 2000.
3. Социологический энциклопедический словарь. М., 1998.
4. Социология в России / Под ред. В. А. Ядова. М., 1998.
5. Социология молодежи: Учебник / Отв. ред. проф. В.Т.Лисовский . СПб.,
1996.
6. Чупров В. И. Социология молодежи на пороге своего тридцатилетия. //
Социологические исследования. 1994. № 6.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Жастар социологиясы‭ ‬-‭ ‬қазіргі заманғы социологияда жастарды әлеуметтік қауымдастық ретінде теоретикалық және эмпирикалық негізде зерттеуші социологиялық білімнің жеке саласы.‭ ‬Ресейде бұл салыстырмалы түрде жас ғылым,‭ ‬сонау Хрущевтік кезеңдегі‭ ‬60-шы жылдардың‭ ‬1-ші жартысында социологиядан бөлініп шықты.
‭ ‬Жеке тұлғаның мәдени даму кезеңінде қоғамдық ғылымдардың қатып-сіңген‭ (‬догматикалық‭) ‬ілімінен бөлініп шыққан,‭ ‬дамушы,‭ ‬жастарды ғылыми зерттейтін бұл ғылым саласы қатаң‭ – ‬марксистік идеология үлгісінен бөлініп,‭ ‬түрлі әлеуметтік өзгерістер мен жеке меншікті бөлісу пролетарлар революциясы проблемалары қоғамдағы жастар өмірінің ерекшеліктерін терең зерттеуді қажет етті.
‭ ‬Жастар арнайы зерттеу қажеттілігін негіздеу үшін қоғамдағы әртүрлі жас категорияларына байланысты идеологиялық көзқарастарды талдап шын мәнісіндегі проблемаларды анықтап алған дұрыс.
‭ ‬Жастар проблемасын әлеуметтік тұрғыда объективті түрде зерттеу бірнеше ресейлік авторлардың көптеген еңбектерін ерекше бөліп алуымызға болады,‭ ‬әсіресе,‭ ‬ростовтық авторлар Б.Рубин мен Ю.Колесниковтың‭ “‬Социолог көзқарасындағы студент‭” ‬еңбегінде алғаш рет жоғарғы білім жүйесіне сыни талдау жасалынды.‭ ‬Бұл сындар министрлік ортада кері көзқарастар пікірін туғызды.‭ ‬Қоғам әлі шындықтың көркемделген бейнесін көруге дайын емес еді.‭ ‬Жастар арасында жүргізілген алғашқы социологиялық сауалнамалардың нәтижесі асыра оптимистік жауаптарға толы болды,‭ ‬себебі сұралғандар өздерін‭ “‬оқытқандарына қарай‭” – ‬қатып сынген тәрбиеде жауап берген еді.‭
Алайда,‭ ‬уақыт өте жастар проблемасын жасыру мүмкін болмай қалды.‭ ‬Алпысыншы жылдар Кеңес Одағында да,‭ ‬Батыс елдерінде де‭ – ‬жастар субмәдениетінің бөлініп шыққан кезеңі болып табылады.‭ ‬Бұл кезең жастардың әлеуметтік белсенділігі шарықтап,‭ ‬өздерін үлкендерден ерекшелендіріп қарама–қайшы қойған кезең болып табылады.‭ ‬Мұндай ахуалдың итермелеуші күші‭ (‬эпицентірі‭) ‬Батыс елдерінде дамыған атақты Хиппилер қозғалысы,‭ ‬өзіндік құндылықтарымен жария болған пацифизм мен индивидуалды еркіндік,‭ ‬саяси солшыл радикалды топтар бірлестіктері‭ ‬1968‭ ‬жылдары‭ – “‬студенттер ревалюциясы‭” ‬деп аталатын жастардың ірі ауқымдағы толқынына ұласты.‭ ‬Осындай өзгерістер қаншалықты шектеулі болса да Кеңес Одағы жастарына әсер етпей қоймады,‭ ‬бұрынғы өмір бейнесіндегі қатып‭ – ‬сенген қағидалар бойынша өмір сүргісі келмейтін тілектер көбейе түсті.‭ ‬Кеңес Одағындағы жастар субмәдениетінің қалыптасуы жастар арасында батыс эстрада музыкаларына деген қызығушылықтар көбейіп,‭ ‬шектелген немесе жартылай шектелген музыка топтары,‭ ‬әдеби және көркем андеграундтары,‭ ‬кеңестік эстраданың ресми және идеологияландырылған эстрадасына қарама‭ – ‬қайшы,‭ ‬түрлі әндер дүниеге келе бастады.‭
Осы секілді ресми идеология негізінде құралған үгіт‭ – ‬насихаттан тұратын әдеби музыкаларды дамытуға тырысып жатқан кезеңде жастар арасында бұрын айтуға болмайтын шын мәнісіндегі әлеуметтік проблемалар өсе түсті:‭ ‬нашақорлық,‭ ‬жезөкшелік,‭ ‬құндылықтық вакуум,‭ ‬білім және мәдениет дағдарысы,‭ ‬біртіндеп тереңдей берген,‭ ‬үнсіз әлеуметтік және мүліктік қабатқа бөлінушілік жастардың кәсіби өсуіндегі қиындықтар тағы басқа геронтократиялық бейімделген қоғам үшін бұл проблемалар өткірлене,‭ ‬тереңдей түсті,‭ ‬әрі шұғыл шешімдер қабылдауды қажет етті.‭
Жетпісінші жылдары шет елдердегі жастар социологиясының дамуына орай қоғамтанудың жаңа,‭ ‬ерекше ресми санкцияланған саласын қарастыруға ұмтылды.‭ ‬Осылайша кеңестік мамандар жастар проблемасына қатысты‭ ‬1970‭ ‬жылдан бастап‭ ‬1982‭ ‬жыл аралығындағы Болгариядағы халықаралық симпозиумға үнемі қатысып отырды.‭ ‬Бүгінгі күні жастар социологиясы социологияның маңызды дамушы саласының бірі болып табылады.‭ ‬Оның мәні өте ауқымды,‭ ‬жастар категориясына қатысты бірнеше әлеуметтік проблемаларды қамтиды.‭ ‬Мұндай проблемаларға:‭ ‬әлеуметтік құрылымдағы жастардың орны мен рөлі‭ (‬С.Н.Иконникова мен В.Т.Лисовский еңбектерінде қарастырылады‭); ‬жас ұрпақтар арасында жеке тұлғаның қалыптасуы мен әлеуметтену процесі‭ (‬И.С.Кон еңбектері‭); ‬жастардың құндылықтарға икемделуі‭; ‬әлеуметтік өз‭ ‬-‭ ‬өзін сезіну мен өмір бейнесі‭; ‬кәсіби бейімделу‭; ‬жұмыссыздық проблемасы мен жастардың жұмысқа тұру мәселесі‭; ‬әлеуметтік рөлдер мен жастардың әлеуметтік мобильділігі,‭ ‬әртүрлі әлеуметтік қабат өкілдеріндегі жастардың әлеуметтік іс-әрекеттерінің ерекшеліктері,‭ ‬әлеуметтік белсенділігі‭ ‬мен белсенсіздігі‭ (‬пассивтілік‭) ‬себебі,‭ ‬әлеуметтік психологиялық ерекшеліктері‭; ‬жастардың әлеуметтік басқару мен өзін-өзі басқаруға қатысу жетістіктері,‭ ‬жастар және студенттік отбасы проблемасы т.‭ ‬б.



Жастар социологиясын зерттеуші атақты отандық социолог И.С.Кон‭
зерттеу объектісіне толық анықтама берді:‭ ‬“Жастар‭ – ‬жас ерекшілігі мінездемелері негізінде біріккен,‭ ‬әлеуметтік жағдайы мен басқа да әлеуметтік‭ – ‬психологиялық қасиеттеріне қарай жинақталған әлеуметтік‭ – ‬демографиялық ерекшеленетін топ.‭ ‬Жастық шақ белгілі бір фаза‭ (‬кезең‭) ‬ретінде,‭ ‬биологиялық тамаша өмірлік циклі бар,‭ ‬алайда оның нақты жас ерекшелігі ара қашықтығы,‭ ‬әлеуметтік статусы мен әлеуметтік‭ – ‬психологиялық ерекшелігі әлеуметтік‭ – ‬тарихи табиғаты бар,‭ ‬қоғамдық құрылысқа тәуелді,‭ ‬қоғамның мәдени әлеуметтену заңдылықтарына тән кезең болып табылады..‭”[‬1‭]
Жалпы социология секілді жастар социологиясының пәндік ғылыми зерттеуінің үш деңгейі бар.‭ ‬Бұл‭ ‬жалпы‭ ‬-‭ ‬теоретикалық деңгейі жастарды макросоциологиялық процестер ауқымында зерттейді‭; ‬арнаулы‭ – ‬теоретикалық деңгей жастарды жас ерекшелігі мен әлеуметтік демографиялық топ ретінде,‭ ‬өзіндік әлеуметтік және психологиялық өзгешіліктері,‭ ‬құндылықтары,‭ ‬күтулері тағы басқаларды зерттейді‭; ‬эмпирикалық социологиялық зерттеу деңгейі нақты статистикалық материалдар беруін,‭ ‬қорытындылар мен теоретикалық жалпылау негіздерін жасауға болады.
‭ ‬Жастар социологиясы социологиялық білімнің біртұтас жүйесінің бір саласы болғандықтан оның басқа да салалары мен тығыз байланыста,‭ ‬жастарды тек әлеуметтік феномен ретінде оқымайды,‭ ‬сондай-ақ түрлі нақты әлеуметтік қарым‭ – ‬қатынастар формасында оқиды.‭ ‬Ол мәселен,‭ ‬дін социологиясы‭ ‬-‭ ‬себебі,‭ ‬жастарды діни көзқарастары мен ізденістері,‭ ‬діни институттар қызметіне қатысуы,‭ ‬секталар,‭ ‬шіркеулер,‭ ‬қала және ауыл социологиясы‭ – ‬жастардың қаладағы және ауылдағы құндылықтарға бейімделуі мен іс‭ ‬-‭ ‬әрекеттеріне салыстырмалы талдау жасалынады,‭ ‬денсаулық сақтау социологиясы жастарға әсер ету факторларына тоқталады.


1.1‭ ‬Жастар әлеуметтануының пәні‭ ‬,‭ ‬зерттеу обьектісі
‭ ‬Жастар социологиясы жастарды ерекше әлеуметтік топ ретінде зерттейді,‭ ‬әсіресе,‭ ‬оның қоғамдық өндірістенудегі‭ ‬орны мен ролін,‭ ‬жас ерекшелігі шекарасын,‭ ‬қажеттіліктері мен қызмет ету әдістері,‭ ‬жас адамдардың әлеуметтену процесі,‭ ‬олардың әлеуметтік‭ ‬-‭ ‬кәсіби бейімделуі мен ұжымға үйренісуі,‭ ‬бейресми жастар бірлестігі мен таптық,‭ ‬гендерлік,‭ ‬этикалық,‭ ‬мемлекеттік және діни ерекшеліктері бар қозғалыстары өзгеше.‭ ‬Жастар социологиясы әлеуметтік өмірдің бірқатар проблемаларына қызығады,‭ ‬олар жалпы социологиялық болғанымен жастарды да қамтиды‭ (‬білім,‭ ‬отбасы,‭ ‬неке,‭ ‬жыныс қатынасы‭)‬,‭ ‬немесе жастардың ортаға бейімделуі‭ (‬тәрбие ерекшелігі,‭ ‬оның формаларының тиімділігі,‭ ‬әдіс‭ – ‬тәсілдер,‭ ‬әлеуметтік,‭ ‬саяси дамуы тағы сол сияқты‭)
Жастар социологиясының зерттеу объектісі‭ – ‬жастар әлеуметтік өмір мен әлеуметтік қарым-қатынастар субъектісінің феномені ретінде қарастырды.‭ ‬Бұл феноменнің ғылыми талқыламасы жалпы социологияға тән,‭ ‬үш өзара байланысты органикалық біріккен деңгейді зерттейді:
‭ ‬1‭) ‬Жалпы теоретикалық,‭ ‬жастарды әлеуметтік феномен негізінде түсіну‭;
2‭) ‬Арнаулы‭ – ‬теоретикалық,‭ ‬жастарды әлеуметтік-демографиялық топ ретінде қарау,‭ ‬оның сана‭ –‬сезімінің және іс‭ ‬-‭ ‬әрекетінің ерекшелігі,‭ ‬жас мөлшері мен әлеуметтік‭ – ‬психологиялық мінездемелері,‭ ‬өмір бейнесі,‭ ‬құндылықтың икемделуі,‭ ‬саяси,‭ ‬мәдени және діни ұстанымдарын қарастырады.
‭ ‬3‭) ‬Эмпирикалық жастар өмірінің түрлі саласындағы нақты социологиялық берілгендерге сүйенеді.
‭ ‬Жастар социологиясының пәні:‭ ‬қоғам дамуындағы жастардың орны мен рөлін зерттеу,‭ ‬оның сұраныстары,‭ ‬қызығушылықтары,‭ ‬қажеттіліктері,‭ ‬құндылықтары,‭ ‬әлеуметтік күтулері,‭ ‬өмірлік көзқарастары,‭ ‬әртүрлі әлеуметтік салалардағы ерекшеліктерін қарастыру,‭ ‬өмірлік жоспарлары мен оны оптималды түрде жүзеге асыру жағдайын анықтау,‭ ‬жастардың әлеуметтік басқару мен әртүрлі деңгейдегі өзін-өзі басқаруға әлеуметтік белсенділігі және қатыспау себептері,‭ ‬моральдық‭ – ‬психологиялық дайындығын анықтау т.‭ ‬б.‭
Жастар көптеген әлеуметтік‭ – ‬гуманитарлық ғылымдардың зерттеу объектісі:‭ ‬психология,‭ ‬педагогика,‭ ‬демография,‭ ‬құқық,‭ ‬саясаттану,‭ ‬философия,‭ ‬тарих,‭ ‬социология.‭[‬2‭]
Жастар социологиясының пәнін түсіну үшін оның социологиялық басқа да ұқсас,‭ “‬шекаралас‭” ‬ғылымдар саласындағы орнын саналы түрде анықтау қажет.
‭ ‬Қоғамның жас ерекшелігін зерттей отырып,‭ ‬жастар социологиясы мына салаларға келіп тіреледі,‭ ‬олар балалар,‭ ‬кәрілер,‭ ‬өмірлік цикл,‭ ‬ұрпақтарды зерттеу.‭ ‬Олардың ортақ проблематикасы‭ (‬жас ерекшелігі шекарасы,‭ ‬жастық кемсіту‭ (‬дискриминация‭) ‬ұрпақтар ауысымы,‭ ‬өтпелі әлеуметтік статустар пәні,‭ ‬өмір жағдайының жалғасы‭)‬,‭ ‬сондай‭ – ‬ақ,‭ ‬жас ерекшелігін зерттегенде,‭ ‬объектілер уақытының өзгерісін зерттеуге бағытталады‭ (‬ретроспективті,‭ ‬лонгитюдті стратегия,‭ ‬қайталанбалы немесе панельді зерттеу,‭ ‬жағдайлар талдауы бар‭)‬.
‭ ‬Алайда жасөспірімдік шақ зерттеу пәні ретінде өмірлік циклдің тек жас ерекшелігіне жатпайды,‭ ‬себебі сонымен қатар есею процесінің әлеуметтік аспектісі бар,‭ ‬олар әлеуметтік теориясы түсінігінде қарастырылады.‭ ‬Сондықтан,‭ ‬жастар социологиясы білім социлогиясы,‭ ‬мәдениет,‭ ‬отбасы социологиясы,‭ ‬тәрбие проблемасын қамти отырып,‭ ‬әлеуметтену,‭ ‬әлеуметтік бақылау мен өзін‭ ‬-‭ ‬өзі анықтау,‭ ‬өзін‭ ‬-‭ ‬өзі бөлектеу дағдарысы,‭ ‬статусын ауыстыруына байланысты өзгерістер.
‭ ‬Жастар социологиясы социологияның бірнеше салаларымен тығыз қарым‭ – ‬қатынаста:‭ ‬қала,‭ ‬ауыл,‭ ‬өнер,‭ ‬мәдениет,‭ ‬жеке тұлға,‭ ‬бұқаралық коммуникация,‭ ‬медицина және денсаулық сақтау,‭ ‬білім,‭ ‬қоғамдық пікір,‭ ‬ұйымдар,‭ ‬әскер,‭ ‬саясат,‭ ‬құқық,‭ ‬дін,‭ ‬отбасы,‭ ‬еңбек,‭ ‬басқару,‭ ‬дене тәрбиесі мен спорт.‭
Тағы бір ескеретін жәйт,‭ ‬жастар социологиясы социологиялық білімнің бір саласы ретінде барлық елде өзіндік статус пен титулға ие болған жоқ,‭ ‬себебі,‭ ‬жасөспірімдік шақты ең алдымен психология және әлеуметтік антропология зерттейді.


1.2.‭ ‬Жастар әлеуметтануының негізгі бағыттары
Психоаналитикалық бағыт З.‭ ‬Фрейд пен оның оқушылары және ізін жалғастырушылары идеяларына негізделеді‭ (‬Р.‭ ‬Бенедикт,‭ ‬Л.‭ ‬Фойер,‭ ‬Л.‭ ‬Шелефф,‭ ‬Э.‭ ‬Эриксон‭)‬.‭ ‬Олардың еңбектерінің арқасында‭ “‬эдип комплексі‭” ‬теориясы дүниеге келді,‭ ‬онда ұрпақтар арасындағы жанжал табиғатын түсіндіруге көмектесетін гендерлік іс‭ ‬-‭ ‬әрекет үлгісі,‭ ‬жастардың өмір сүріп жатқан әлеуметтік тәртіпке қызуқанды қарсы шығу себептерін анықтауға көмектеседі.
‭ ‬Л.‭ ‬Фойердің тұжырымдауынша,‭ “‬ұрпақтар жанжалы адамзат тарихының тамаша тақырыбы.‭ ‬Ол адамзат табиғатының ең бастапқы мінездемелеріне сүйенеді,‭ ‬мүмкін,‭ ‬таптық күреске қарағанда маңызды тарихи итермелеуші күш болуы да ықтимал...‭ ‬Барлық өмір сүруші қоғамның тарихы ұрпақтар арасындағы күрестер тарихы болып табылады.‭”
Осы тақырыпта ғалымдардың Л.‭ ‬Архангельский,‭ ‬С.‭ ‬Иконникова,‭ ‬И.‭ ‬Кон,‭ ‬В.‭ ‬Лисовский,‭ ‬В.‭ ‬Ольманский,‭ ‬Д.‭ ‬Фельдштейн,‭ ‬В.‭ ‬Щердаков тағы басқа ғалымдардың еңбектерінде бар.
‭ ‬70‭ ‬ж.ж.‭ ‬жинақталған тәжірибе мен білім жастардың әлеуметтенуін толық зерттеу жасауына үлес қосты,‭ ‬онда әсіресе,‭ ‬әртүрлі әлеуметтік қабаттардың ерекшеліктерін көрсетіп берді.‭ ‬Дәл осы психоаналитикалық бағыт арқылы жастар сана сезімінің терең тамырын анықтауға,‭ ‬жас жеке тұлға ерекшелігін түсінуге,‭ ‬әлеуметтік бөлінуді жеңу мен өз‭ ‬-‭ ‬өзін дамытуға көмек беруді айқындады.‭
Құрылымдық–функционалдық бағыт‭ ‬ұрпақтар арасындағы өзара әрекет‭ “‬жыныстық ревалюция‭” ‬теориясын құруда маңызды рөл атқарады‭ (‬В.‭ ‬Райх,‭ ‬Г.‭ ‬Маркузе‭)‬,‭ “‬ұрпақтар жанжалы‭” (‬Д.‭ ‬Белл,‭ ‬Э.‭ ‬Фромм,‭ ‬Р.‭ ‬Мертон‭) ‬және тағы басқа.‭ ‬Ш.‭ ‬Эйзенштадт өзінің атақты‭ “‬Ұрпақтан ұрпаққа‭” ‬атты кітабында жастар тобын бірнеше әлеуметтік статусы және соған сәйкес әлеуметтік рөлдері бар,‭ ‬индивидтерге толы құрылымдық көзқарастар жүйесі ретінде қарастырды.‭ ‬Әрбір рөл құрылымдық өзара іс‭ ‬-‭ ‬әрекетте жас жеке тұлға іс‭ ‬-‭ ‬әрекеттерін реттеуші белгілі бір анықталған аспекті ретінде негізгі бірлікті құрайды.‭ ‬Бұл бағытқа елеулі үлес қосқан еңбектер жастар социологиясын сын зерттеуші В.‭ ‬Боровик,‭ ‬В.‭ ‬Васильев,‭ ‬А.‭ ‬Капто,‭ ‬А.‭ ‬Колесников,‭ ‬В.‭ ‬Шубкин,‭ ‬В.‭ ‬Мансуров,‭ ‬Л.‭ ‬Рубина,‭ ‬В.‭ ‬Староверов,‭ ‬С.‭ ‬Фролов және тағы басқа ғалымдар.‭ ‬Олар жас ұрпақтардың жұмысшы табына толуы,‭ ‬колхоз шаруашылығы,‭ ‬интеллигенция,‭ ‬оның әлеуметтік жағдайы,‭ ‬еңбекші және қоғамдық белсенділік,‭ ‬сондай‭ – ‬ақ кәсіби статустардың сәйкес келмеу проблемалары мен білім деңгейі және материалдық қамтамасыз етілуге кәсіби дайындығының тендециясын зерттеді.‭
Алайда,‭ ‬қоғамның теңдік‭ – ‬интеграциялық үлгісіне негізделген құрылымдық‭ – ‬функционалдық бағыт жастар ортасындағы жанжалды анықтап,‭ ‬оның дамуы мен болжам жасау тенденциясының‭ ‬өзгерісін талдауда жеткіліксіз.
‭ ‬Мәдени бағыт адамзат мәдениеті феноменологиясы аспектісінде оның ішінде жастар арасындағы әлеуметтік процестер мен құбылыстарды зерттейді.‭ ‬Бұл бағыттың классикалық үлгісі неміс социологы‭ ‬К.‭ ‬Маннгейм еңбектері болып табылады.‭ ‬Ұрпақтар бірлігі феноменін зерттей отырып ол әлеуметтік мұрагерлік механизмін анықтады:‭ ‬материалдық және рухани тәжірибені меңгеру мен таратуға деген аса қажеттілік үнемі адамзат мәдениеті феноменінде жаңа адамдық толқындарға келіп тіреледі‭; ‬бұл жас ұрпақтардың өркениеттілігіне жетуге деген үздіксіз ұмтылысы қоғам үшін маңызды,‭ ‬сондықтан да жаңа бағытқа қозғалысы мен мәдени мұрагерлікті бағалауға жол ашады.‭
Ұрпақтар ауысымы‭ – ‬адамзат өміріндегі биологиялық қарқынға негізделген тамаша процесс,‭ ‬оның нәтижесі:‭ ‬мәдени процесте оның жаңа мүшелері пайда болды,‭ ‬онда ескі мүшелері біртіндеп жоғалады,‭ ‬ұрпақтардың кез‭ – ‬келген‭ ‬мүшесі тарихи процестің хронологиялық шектеулі бөлігінде ғана қатыса алады,‭ ‬сондықтан да мәдени жинақты үнемі мұрагерлік ретінде беріп отыру керек,‭ ‬ұрпақтан ұрпаққа ауысу жалғасатын процесс.
‭ ‬Көрнекті американдық антрополог Маргарет Мид балалардың әлеуметтенуі,‭ ‬жыныстық рөлдердің мәдени мәні,‭ ‬жеке тұлғаның әлеуметтік және мәдени өлшемі проблемаларымен айналысады.‭ ‬Оның есептеуінше,‭ ‬мәдени мінездеме бұл мәдениетке негізделген психикалық өмір заңдылығының жиынтығы.‭ ‬Өзінің‭ ‬1925-1926‭ ‬жж.‭ ‬Тау аралығына жасаған‭ (‬Самао‭) ‬алғашқы саяхаттарының нәтижесі бойынша материал жариялады,‭ ‬ол үлкен ғылыми жаңалық болды,‭ ‬Батыстағы таза әлеуметтік негізі бар жастар проблемасы жасөспірімдік жастағы жанжалдардың арнаулы архаикалы мәдениеттің жоқтығы.‭[‬3‭]
Мәдениет тарихында М.‭ ‬Мид мәдениеттің үш түрін бөліп алды:‭ ‬постфигуративті,‭ ‬онда балалар өз ата‭ ‬-‭ ‬аналаранан үйренеді,‭ ‬конфигуративті‭ (‬балалар да,‭ ‬үлкендер де өз теңінен,‭ ‬құрдастарынан үйренеді‭); ‬префигуративті‭ ‬(үлкендер өз балаларынан үйренеді‭)‬.‭ ‬М.‭ ‬Мид ұрпақтар арасындағы қарым‭ – ‬қатынасты ғылыми‭ – ‬техникалық және әлеуметтік даму арасындағы тәуелділікті көрсетеді,‭ ‬және ұрпақтар арасындағы мәдени трансмиссия ата‭ – ‬аналарынан балаларына ғана емес,‭ ‬сондай‭ – ‬ақ қазіргі жастардың үлкендерге әсер ететін информациялар талқыламасы.‭
Жастар социологиясында‭ ‬бұл бағыттағы идеялар мен әдістемені қолданғандар:‭ ‬В.‭ ‬Боровик,‭ ‬В.‭ ‬Добрынина,‭ ‬Л.‭ ‬Логан,‭ ‬В.‭ ‬Култыгин,‭ ‬В.‭ ‬Немировский,‭ ‬Е.‭ ‬Слуцкий,‭ ‬В.‭ ‬Харчева т.‭ ‬б.‭

2.1.‭ ‬Жастар әлеуметтануының даму кезеңдері‭
ХХ ғ.‭ ‬1-ші жартысындағы жастар проблематикасы.
Кеңестік социологиясында жастар проблемасына деген қызығушылық алғаш рет ғасырлар тоғысында дамыды.‭ ‬Ресейдегі капиталистік қарым-қатынас пен дәстүрлі отбасылық әлеуметтенуінің дағдарысы,‭ ‬және жалпы кәсіби білім жүйесінің‭ ‬дамуына итермеледі.‭ ‬Дәл осы кезде жас жеткіншектерді отбасы жерінен босатып алып,‭ ‬мемлекет тарапынан әлеуметтенуін қамтамасыз етуге тырысты.
П.‭ ‬Сорокин‭ ‬1916‭ ‬жылы өзінің‭ ‬Қазіргі заманғы отбасылар дағдарысы‭ ‬еңбегінде дәстүрлі отбасылық байланыстардың үзілу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам және саясат туралы
Жастар әлеуметтануы туралы
Жастар әлеуметтануы
Жастық шақ теориялары
Жас стратификациясы
Жастар - социологияның зерттеу объектісе ретінде
Жастардың өмірі
Әлеуметтану (Оқу-әдістемелік құрал)
Жастар әлеуметтану ерекшеліктері
Жастар әлеуметтануының даму тарихы
Пәндер