Музыка сабағындағы әртүрлі іс-әрекеттердің түрлері


Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Хормен ән айту.
- Вокалды - хор дағдылары.
- Көп дауысты ән салу дағдылары.
- Сүйемелдеусіз ән айту (a capella)
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Музыка сабағындағы әртүрлі іс-әрекеттердің түрлері
1. Хормен ән айту
Хормен ән айту - ұжыммен орындау өнерінің бір түрі. Бүл іс-әрекет оқушылардың ән айту мәдениетіне, олардың жалпы және музыкалық дамуларына, рухани жан байлықтарын тәрбиелеуге, дүние-танымына, болашақта жеке тұлға болып қалыптасуына себебін тигізеді, Хормен ән айту енері балалардың әнге, ән айтуға деген қызығушылығы мен құштардығын дамытып қана қоймай, олардың болашақта қандай адам болып қалыптасуына да үлесін қосады.
Оқушылардың музыкалық репертуарды көркемдік дәрежеде орындауында музыкалық тәрбиенің міңдеттері шешіледі, Шығарманы манерлеп орындауда музыкапық бейнелерді терең түсінгендік сезілуі тиіс. Мұндай орындау мәнерлік тәсілдерінің вокалды - хор дағдылары мен Іскерліктерін меңгеруді талап етеді Бұл дағдылар мен Іскерліктерді қалыптастыру өзіндік мақсат емес, себебі олар музыкалық шығарманың мазмұнын ашуға қызмет жасайды. Бұл жағдайда Н. Л. Гроздинский бірнеше рет өз пікірінде былай деген; "Ән айтуға үйретуде, біз тек әннің сапасын ғана ойлап қоймай, сонымен қатар, әннің орындалу сапасыма да көңіл бөліп, балалардың талғамының дамуына себебін тигіземіз. Біз шығарманың сапасы және сапады орындауы жайындагы балалардын сапалы түсініктерін дамытамыз. Әнмен жұмыс жасау - тек қана әнді жаттау немесе мүғалімге еліктеу емес, мұнда шығармашылық элементі бар, қызықтыратын процесс бар. Бұл процесс біртіндеп шебер орындаудың шыңына жетедейді. Мұғалім кез келген қарапайым анмен де ұзақ уақыт жұмыс жасау керектігін балалардың санасына жеткізеді …"
Хормен ән айту-оқушылардың орындаушылық іс-әрекетінің кеңінен тараған түрі. Балалардың ән айтудағы дауыстарын іс жүзінде тәрбиелеуге болады, тек қана патологиялық жағдайларды алып тастағанда. Жас ерекшеліктерін ескеріп, дұрыс ән салудың дамуы және дауыстарының қалыптасуы дауыс аппаратының жақсы дамуына септігін тигізеді. Жалпы музыкалық білім берудің міндеттерін шешуде мұғалімнің жұмысының жемісі көбінесе оның хормен ән айтудың тәрбиелік мәнісін қаншалықты терең түсінгендігіне, оқушылардың ән айтуын дамытудағы әдіс - тәсілдерді қолдануына, балалардың дауыс ерекеліктерін білуіне, ән репертуарын меңгерүдің жұмысын ұйымдастыруына байланысты. Мұғалімнің музыка сабағындағы вокалдылар іс-әрекетіне деген қатынасы көбінесе оның жұмысының жалпы нәтижесінде байқалынады. Оқушылардың әншілік мәдениетінің жоғары деңгейде болуына мүғалімнің қазақ халқының - әнші халық екендігі, халқымыздың ән салудағы дәстүрі сонау ұзақ тарихының тереңіне кеткендігі жайында түсіндіруіне де байланысты.
Балалар дауысының ерекшеліктері
Балалар дауысын тәрбиелеу және дамыту үшін, мұғалім оқушылардың ән салудағы мүмкіншіліктерін білүі қажет. Алты жастағы оқушының дауыс аппаратының
әлі
қалыптаспағандығына байланысты, оның дауыс диапазонының көлемі: «ми
- соль
», «фа
-ля
» дыбыстарының аралығында болады. Сондықтан да ән салудың алғашқы сабақтарында қиын емес, диапазоны шектелген, бірақ ашық музыкалы бейнелі әндер, шағын шығармалар қолданылады. Бірітіндеп әндердің диапазоны кеңейеді. Жұмыс жасау барысында үшдыбыстылықтың дыбыстарынан, күрделі интервалдардан құралған әндер мен әуендер енгізіледі. Бірінші сыныптың балалары әрбір әннің әуенінің дыбыстарының қозғамысын, есту және дауыс аралығындағы координациясына, дыбыстардың биіктігін таза айтуға әсерін тигізетін көрнекілік әдістердің көмегімен меңгереді.
Екінші сынып балаларының табиғи, еркін дауыс шығару диапазоны «ми
- си
» дыбыстарының аралығы. Бұл диапазон ең әуелі естіп қабылдауға ыңғайлы. Сонымен қатар дауыс желбезектерінің нәзіктігі мен қысқалығына да байланысты болады. Сол себептен де сабақтарда қысыңқы емес, жеңіл әрі ашық орындауды талап ету керек. Аталынған сапалықтарды дамыту « ми
- си
» дыбыстарының аралығындағы диапазонда беріледі. Сонан олардың диапазондарын біртіндеп кеңейту керек. Ән айтудың екінші жылының соңында оқушылардың ән әйтудағы ортаңғы диапазоны қатайып, жетілдіріледі, әннің сипаты мен мазмұнына байланысты дыбыс бояуы түрлене бастайды. Дауыстарының үнінің шығуы «ре
- ре
» дыбыстарының аралығындағы диапазонда біркелкі болады. Кейбір балалардың дауыстарында кіші октаваның си, ля дыбыстарын кездестіруге болады, бірақ олар ашық емес және күш салып орындалады. Ал кейбір оқушылардың « ми
» дыбысының әсем орындауы байқалынады.
Оқытудың үшінші жылында балалардың дауыстарының шығуы
ның
диапазоны до
- ре
(ми
) дыбыстарының аралығында біркелкі бола бастайды. Балалардың денесінің ерте дамуы, олардың дауыс аппаратының жылдам қалыптасуына әсер ететіндігін жиі кездестіруге болады.
7 - 10 жастағы оқушылардың дауыс күшінің амплитудасы (ауқымы) кең емес. Олардың дауыстарының динамикалық күші тр және тf аралығында болады. Бірақ балаларға тән олардың бойындағы сезімталдықтың болуы, олардың әнді мәнерлеп; ашық орындауға жетелейді. Төменгі диапазондағы дыбыстарды - ауырлатып, қою етіп немесе биік дыбыстарды - тыныш орындауды талал ету зиян болады. Дауыстарының жақсы шығуы ән салудағы диапазонның ортаңғы дыбыстарында байқалынады. Шығармада төменгі және жоғарғы дыбыстардың диапазондарын жиі қолдану ыңғайсыз тесситураның бар екендігін мәлімдейді. Сол себептен де мұғалім ән репертуарын таңдауда осы жайларды ескергені жөн.
Бастауыш сынып балаларының ән салудагы дауыстарында өздеріне тән сипаты пайда бола бастайды. Осыған байланысты мұғалімнің назары әрдайым балалардың дауысының бояуында болуы керек. Бұл жастағы балалардың дауыстарының бояуы біркелкі емес, әсіресе дауысты дыбыстарды айтуда байқалынады. Сол себептен де дизпазонның барлық дыбыстарының бірдей, біркелкі шығуын қадағалау керек. Дауыс болуының даму процесінде дыбыс атақасының (қатаң, жұмсақ) мәнісі бар. Вокалды-хор жұмыстарында оны ыңғайлы қолдануда дауыс бояуына жақсы әсер етіп, дауыстың "қысылып", мұрын арқылы шығуын жояды.
Он бір жастағы жас өспірімдердің дауыстарының төменгі жоғарғы, көкіректен шығатын бояуларын байқауға болады. Дұрыс қойылған күн тәртібінің жұмыстарында дауыстары біртіндеп күшейіп, құлпыра түседі. 12-13 жаста ән айтудың диапазоны децимага (до
- ми
, фа
) дейін кеңейеді. Бірақ шеткі дыбыстарды орындауда абайлық қажет, сол себетпен де оларды сирек қолданады.
Жас өспірімдермен мұғалімнің жұмысының қиындай түсуі, балалардың дауыстары өзгеріп (үлкендердің) ересектердің дауысына өтетін кезеңге, мутацияға байланысты болады. Соңғы жылдары балаларда мутацияның басталуы 11 жастан, ал 13 жаста барлық оқушыларда басталып, бірақ олардың әрқайсысында әртүрлі өтетіндігі байқалынады. Сол себептен оқытушы әрбір оқушыны жақсы біліп, олардың дауыстарының өзгеруін жеке дара қадағалап, ән айтуда ыңғайлы диапазонда орындауларыңа көңіл бөлуі тиіс. Ер балаларда мутацияның жылдам басталуында көмей тез өседі. Дауыс желбезекторі бір жарым, екі есе ұзырып, дауыстарның «шығу зонасы» кіші октаваға біртіндеп өте бастайды. Мутацииияның жедел өтуі қиындықтар тудырып, соның салдарынан ер балалардың жиі ән айтқылары да келмей қалады. Ал кейбір жағдайларда ауыр сезінулнріне байланысты ән айту мүмкін емес болады. Мутацияның мұндай түрінде уақытша ән айтуды тоқтатуға тура келеді.
Қыздарда мутация ер балалардікіндегідей болмайды да, онша білінбеуі мүмкін. Бірақ қыздардың дауыстарының ашық, таза шығуы жойылып, қарлығып, шаршаңқырап шығуы байқалынады. Мутацияға байланысты жүйкенің тұрақтылығы төмендейді. Ән айту механизмінің күшін әлсіретеді. Осының барлығы сабақтардағы ән айтудың тәртібін қадағалауды талап етеді. Соңғы педагогикалық зерттеулер оқушылардың мутация кезеңінде үрмелі музыкапық аспаптарда орындауды пайдалы деп санайды. Мұнын себебі, ән айтудағы тыныс алудың техникасы үрмелі аспапта орындау процесінің тыныс алуына ұқсастығында.
2 . Вокалды - хор дағдылары
Ән айтуда тыныс алудың үлкен рөлі бар. Ән айтудағы тыныс алуды ән, әуен үйрену процесінде дамыту керек. Оқушылардың алдына қысқаша фразаларды бір тыныспен айтып шығу талабы қойылады. Фразаларды орындауда әүеннің әрбір дыбысы, әсіресе соңғы дыбысының анық айтылуын қадағалау керек. Мұғалімнің өзі балаларға белсеңді тыныс алуды, оны сәл үстап тұрып, біртіндеп шығаруды көрсетіп, осының барлығы әсем дыбыспен ән айтуға көмектесетіндігі жайында, ән салған кезде денені тік ұстап, иықты көтермей орындау керектігін түсіндіреді. Ән айту тәжірибесінің процесінде оқушыләр дұрыс тыныс алудың әнді мәнерлеп орындаудағы маңызының ерекшелігін, оның әсем дыбыстың пайда болуына себебін тигізетіндігін түсінеді
Балалардың ұжыммен ән салуында ұзақ фразаларды мәнерді орындау үшін «кезекпен» тыныс алудың қажет екендігіне көздері жетеді.
Тыныс алудың дұрыс жасалынуы дауыс желбезектерінің жұмысының сипатын анықтайтын дыбыс атакасының белгілі бір түрін қолдануға байланысты. Балалар дауысының мүмкіншілігінің шектелуіне байланысты жұмсақ атаканы қолдану қажет, себебі ол жұмсақ, сабырлы дыбыстың пайда болуына әсерін тигізіп, қысыңқы, қатты дыбыстың шығуын жояды. Мұндай кемшіліктерді жөндеуде тыныс алудың алдында жасалатын атака қолданылады, бірақ оны қолдануда абайлық қажет, өйткені дауыс желбезектерінің толығымен жанаспаунан және тез тыныс шығарудың салдарынан интонацияның тазалығы бұзылады. Қатты атака немқұрайлыққа бейім келген балалардың дауыс шығарудағы процесінің белсеңділігін арттырады. Қатты атака дауыс аппаратының жұмысын белсендіре түсіп, интонациялаудың нақтылығына көмегін тигізеді.
Әсерлі, әрі мәнерлі ан айту дағдыларын тәрбиелеуде артикуляции мен сөзін дұрыс айтудың ерекше рөлі бар. Ән айтудың негізі - дауысты дыбыстар. Дауыстың вокалдық қасиеттері осы дыбыстар арқылы қалыптасады. Дауыс бояуының әсемдігі дауысты дыбыстарды дұрыс шығаруға байланысты. Бастауыш сынып балаларының дауыс бояуы біркелкі емес. Оның негізгі себебінің бірі дауысты дыбыстарды әртүрлі айтударына байланысты. Дауысты дыбыстардың біркелкі шығуы үшін, балалар ән айтудағы диапазонның барлық дыбыстарының әрдайым биік позицияда орындалуын қадағалаулары тиіс. Бұл үшін «у», «ю» «а» дауысты дыбыстардан құралған әуендер мен жаттығулар, сонымен қатар жоғарыдан төмен қарай бағытталған әуендер қолданылады. Ән айтуға тәрбиелеуде «о», «е» дауысты дыбыстарына көп кеңіл боліп, осы дыбыстарға арналған, жаттығулармен әуендер дыбыстың әдемі, жинақы шығуына көмегін тигізеді. Мына дыбыстарды арнайы дөңгелетіп, жинақылап айтуда «и»-«ы» дыбыста, «а»-«о» дыбысына, «е»-«э» дыбысына жақындатылып орындауды талап етеді. Дауысты дыбыстарды айтуда ауыз бен еріннің орналасуының да маңызы бар.
Дауысты дыбыстарды әсем орындау үшін біркелкі сипаттағы және айтуға ыңғайды әуендер мен әндерді қолдану қажет. Кез келген балаларға арналған әндерді мысал ретінде алған болсақ, ондағы дауысты дыбыстардың барлығын дөңгелетіп, жинақы, созып орындауды, ал дауыссыз дыбыстардың қысқа, жеңіл, нақты, шапшаң айтылуын талап ету керек. Әсіресе балалардың назарларын тілдің, тістің көмегімен шығатын дауыссыз дыбыстарды айтуға, сөздің соңындағы дауыссыз дыбыстарды бірге орындау керектігіне бөлу керек. Дауыссыз дыбыстарды орындамағанда әннің сөзінің мағынасы жойылатынына да балалардың көңілдерін болу қажет. Осыған байланысты оқушылар әннің сөзін дұрыс орындап, оның мазмұнын ашудағы дикцияның үлкен рөлі бар екендігін түсінеді.
Балалардың бірге, бір-бірін тыңдау ансамбльмен орындауына жету қиындық тудырады. Мұндай орындаудың дағдылары іс-жүзінде дамиды, Ансамбльмен орындауға жету үшін, интонациялық үйлесімділігі, дыбыс шығарудың үлгісінің біркелкілігі, ырғағы мен екпінінің бірлесуі, партияларының динамикасының бірлігі болуы қажет. Сондай-ақ, шығарманың шумақтарын, қайырмасын, фразаларын бірге бастап, бірге аяқтауларын талап етеді. Ансамбльмен жұмыс жасау барысында балалардың жауапкершілік сезімдерін оятып өздерін қадағалау дағдылары мен ән айтудың сапасын талдауғә, әрқайсысы өздерін және бір-бірін тыңдаудағы іскерліктерін дамыту керек.
Ырғақтық ансамбльмен жұмыс жасау барысында дене қимылының қозғалысын, балаларға арналған музыкалық аспаптарда орындауды қолдануға болады. Мысалы, ырғаққа қоя соғу, әнді қарапайым музыкалық аспапта сүйемелдеу тәрізді Динамикалық ансамбль оқушылардың музыкалық шығарманың мазмұнының бейнесін түсінулеріме және оны орындаудағы өздерінің қатынастарын білдірудегі ұмтылыстарына байланысты болады. Дауыс бояуының ансамблі дыбыс шығарудың біркелкі үлгісімен жұмыс жасау процесінде жүзеге асырылады. Балалардың музыкалық дамуының әртүрлі деңгейде болуы, уақытың жетіспеуі, олардың ән айтудағы ансамбльмен орындауларына жетуде мұғалімге қиындықтар тудырады.
Әуеннің бір сызықтың бойында интонациялануын - горизонтальды, ал аккордпен айтылуын - вертикальды деп атап, осылар хордағы дыбыстардың дұрыс интонациялау жұмысын қалыптастырады. Бұл балалардың музыкалық есту қабілеттеріне және де есту, дауыс шығару координациясының дамуына байланысты, Сонымен, вокалды-хор дағдыларымен жұмыс жасау оқушылардың хор шығармаларын мәнерлі орындауларының негізін көрсетеді. Бұл жұмыс мұғалімнен белгілі білімді, дағдыларды, іскерлікті, сонымен ең негізгі - хормен ән айтуға деген үлкен сезімді талап етеді.
Вокалды - хор жаттығулары
Оқушыларды хор өнеріне баулуда вокалды-хор жаттығуларының ерекше мәні бар. Олардың мақсаты - балалардың ән айтудағы дағдыларын қалыптастырып, дауыстарын дамыту. Вокалды-хор жаттығуларын екі негізгі категорияларға болуге болады. Оның біріншісіне, нақты шығармаға тиіс емес жаттығулар енеді. Олар вокалды-хор МӘНЕРЛІНІҢ Тәсілдерін біріндем меңгеруге, көркемдік орындаудың жоғары деңгейіне жетуге септігін тигізеді.
Екінші категорияның жаттығулары кез-келген шығарманы үйренуден нақты қиындықтарды жоюға бағытталған. Әрине, бұл жаттығулар шағын ғана міндеттерді шешуге қызмет атқарады да, жүйелі түрде қолданылмайды.
Хормен ән айтуға балаларды баулуда қайсыбір жаттығуды қолдансақ та, -сол жаттығуды оқушылар саналы түрде орындауларына аса маңызды көңіл бөлу қажет. Жаттығулардың біртіндеп күрделенуі, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары мен ынталарын сақтап қалуға, вокалды-хор қиындықтарын жоюға әсерін тігізеді,
Жаттығуларға қиым емес әуендерді, үйретілген әндерден үзінділерді, тыңдауға арналған шығарманың әуенін қолдануға болады. Барлық жаттығуларды сабаққа енгізуде жүйелілік пен бірізділік, ұғымдылық принциптерін ескеру қажет. Сабақтың мақсатына сай өз орнын дұрыс тауып қолданылған жаттығулар тек дауыс аппаратын ән айтуға дайындап қана қоймай, белгілі бір орындаушылық шеберлікті дамытуға байланысты дағгдыларды қалыптастырады.
3. Көп дауысты ән салудың дағдыларын дамыту
Оқушылардың ән айтуын дамытудың ең басты міндеті - бірдей бір дауыста (унисонмен) ан айтуға жетелеу. Бұл жағдайда балалардың әуенділік (мелодиялық) ести-білу қабілеттері ғана белсенді дамиды. Мұнымен музыкалық дамуды шектеу - оқушылардың музыкадағы үйлесімілік {гармониялық) тілдің мәнерділігін сезінудегі мүмкіншіліктерінен айыру болып табылады. Көп дауыста ән айту оқушылардың гармониялық есту қабілетін қалыптастыруға себебін тигізеді.
Көп дауыста ән айтудың дағдыларын қалыптастыру балалардың өздерінің және достарының орындауына көңіл боліп, есту арқылы дыбыстың сапасын қабылдау іскердігін дамытуды тәрбиелеуден басталады. Сонымен қатар балдаларда қарапайым бір дауысты әуенмен кейбір әлементерін іштей ести білу қабілеттері дамиды. Мысалы, оларға тыныс әннің бірінші дыбысым іштерінеи естіп, орындауларын немесе өздеріне таныс әннің әуенін дадпьгң басқыштарының болпдсрімсм шну сииқпи тамсырмалар беруге болады. Музыкалық есту қабілеттерін қалыптастыруда таныс әнді «кезектесіп» айту тәсілі қолданылады. Бүткіл сыныптың балалары бір дыбысты дауыстап, ал келесісін - іштен, одан соң әлді үлесін - дауыстан әлсіз үлесін - іштей орындайды.
4. Сүйемелдеусіз ән айту (a capella)
Сүйемелдеусіз ән айту вокалдық дауыс пен естуді тәрбиелкйтін және дамытып, орындаудағы әртүрлі бояуларды сезуге, байқауға болатын негізгі тәсілдің бірі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz