Автомобилдің тутандыру жуйесі және қызметі


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Материал олинган адабиетни курсатиш ва

антиплагиат талаби буйича куриш к-к

1. 3 Автомобилдің тутандыру жуйесі және қызметі

Автомобильдердің тутандыру жуйесін мектеп оқушыларына үйретуді онің турлері және атқаратын қызметінден бастау керек.

Бунда негізінен мыналар:

-контактылы тұтандыру жүйесі

-контактылы-транзисторлы тұтандыру жүйесі

-контактысыз тұтандыру жүйесі

контактылы тұтандыру жүйесі

Тұтандыру жүйесі қозғалтқыштың цилиндрлерінің жану камераларында сығылған жұмыстық қоспаны жұмыс істеу ретіне байланысты белгіленген мезгілде жандыру үшін қажет. Карбюраторлы және газбаллонды қозғалтқыштарда жұмыстық қоспа электр білтесінің электр ұшқыны арқылы тұтандырылады. Ол үшін тұтандыру жүйесі қозғалтқыштың барлық жұмыстық режимінде жоғарғы кернеулік ток күшінде жұмыс істеуі керек. Электрлі қоректену көзіне байланысты тұтандыру жүйесі екі түрге бөлінеді: батареялы және магнето арқылы тұтандыру жүйесі. Автокөліктерде көп тараған түрі батареялы, оның токты үзіп- таратуына байланысты контактылы, контактылы-транзисторлы, контактысыз тұтандыру жүйесі болып бөлінеді. Контактылы-транзисторлы тұтандыру жүйесі барлық автокөліктерде бірдей болып келеді, көп қолданылған түрі контактысыз тұтандыру жүйесі.

Жоғарғы кернеулі ток күші үзгіш-таратқыш пен тұтандыру катушкасының бірге жұмыс істеуінің әсерінен пайда болады. Үзгіш жұдырықшасының айналуы кезінде төменгі ток кернеуін контакты арқылы ажыратқанда катушканың алғашқы орамындағы ток пен магнит өрісі жойылады. Жойылатын магнит өрісі тұтандыру катушкасының екінші орамының айналымдарын қиып өтіп, онда электрқозғаушы күшін туғызады. Егерде алғашқы орамда ток көп болса, онда Э. Қ. К екінші орамда көп болады, және магнит өрісінің жоғалу жылдамдығы мен екінші орамның айналымы көп болады. Екінші орамда айналымның көп болуына байланысты, оның шеттеріндегі ток кернеуі 17-24 кВ-қа жетеді.

Алғашқы орамда жұдырықшаның үзгішті ажырату әсерінен Э. Қ. К. -тің индукциясы 200-300 В жетеді. Соның әсерінен токтың жоғалу шетіне қарай контактылардың арасында ұшқын пайда болып, контактылардың істен шығыуна әсер етеді. Сол үшін алғашқы орамда токтің ажыратылу жылдамдығын арттыру үшін және контактылардың жануын азайту үшін үзгішке паралелді түрде конденсатор жалғанып контактылары арасындағы ұшқынды азайтады.

Батареялы тұтандыру жүйесінің құрылымы: АКБ, генератор мен реле-реттегіш, тұтандыру-катушкасы, қосымша резистор, токты үзгіш- таратқыш, конденсатор, тұтандыру білтесі, күшейткіш резистор, тұтандыру қосқышы, төменгі және жоғарғы кернеулі ток өткізгішінен тұрады.

C:\Documents and Settings\User\Мои документы\Downloads\image192.jpg.gif

тұтандыру жүйесінің құралдары

Батереядан тұтандыру жүйесінде төмен және жоғары кернеулі екі тізбек бар. Төменгі кернеулі тізбек АКБ-дан немесе генератордан қоректенеді. Оған тізбекті түрде оталдыру қосқышы, қосымша резисторы бар оталдыру катушкасының алғашқы орамы, үзгіш пен «масса» қосылған. Жоғары кернеулі ток тізбегі тұтандыру катушкасының екінші орамынын, таратқыштан, жоғары кернеу өткізгішінен, тұтандыру білтесі (свеча) мен «массадан» тұрады.

Тұтандыру катушкасы (11. 2. сур. ) төменгі ток кернеуін жоғары ток кернеуіне айналдыру үшін қолданады. Ол ажыратылған магнит тізбекті автотрансформатор тәрізді. Өндірісте контактылы, контактылы-транзисторлы оталдыру жүйелеріне арналған катушкалар шығарылады. Олар конструкциялары бірдей, бірақ екінші орамдарының жалғануы мен жекеленген бөлшектерінің және ішіне толтырылған оқшаулағыштарынан айырмашылықтар бар. Б1, Б7А катушкасының ішіне - рубаракас толтырылады, ал Б13, Б102-Б, Б115, Б117 катушкаларына трансформатор майларын толтырады. Трансформатор майы орамдарды жақсы оқшаулап, олардың жылуын тез салқындатады және пайдалану мерзімін ұзартады. ЗиЛ-4331, ГАЗ-33-07, майлы толтырғышты Б-102-Б оталдыру катушкасы, ВАЗ- автомобильдеріне -Б115 немесе Б117 катушкалары орнатылады. Оталдыру катушкасы корпустан, қақпақ, жекеленген электротехникалы болат пластинкадан жасалған өзектемірден, алғашқы орамнан, екінші орам

C:\Documents and Settings\User\Мои документы\Downloads\image194.gif

кигізілген оқшауланған түтікшеден, бір ұштығы ВК түйіспесіне жалғастырылған, шығарылмалы қысқыш, қосымша резистор және фарфорлы оқшаулағыштан тұрады.

Барлық бөлшектер тұрқына салынып, оқшаулағышпен оқшауланып корбалит қақпақпен жабылады. Қақпақ пен тұрқының арасына резина төсем салынып май құйылып бекітіледі. Алғашқы орамда 250-400 айналымды орамнан, екінші орамда 19-26 мың айналымды орамнан тұрады және орамдары парафин мен канифоль қоспасымен оқшауланады.

Үзгіш-таратқыш белгілі моментте төменгі ток кернеуін үзіп, жоғары ток кернеуін оталдыру шамына қозғалтқыштың цилиндрлерінің жұмыс істеу ретіне байланысты таратып жеткізу үшін қолданады және қозғалтқышқа жүк түсуі мен иіндібіліктің айналу жиілігінің өзгеруіне байланысты оталу бұрышын өзгертіп тұрады. Үзгіш-таратқыш корпустан, төменгі ток кернеуін үзгіштен, жоғары ток кернеуін таратқыштан, ортадан тепкіш реттегіш пен ваккумды-реттегіштен және октан-корректордан, конденсатордан қозғалмайтын-қозғалмалы контактылерден, біліктен, жұдырықша муфтадан тұрады. Қозғалмайтын диск корпусқа бекітілген, қозғалмалы контакты текстолит қалып пен пластина серіппе арқылы жалғастырылған. Түйіспелер вольфрамнан жасалған. Қозғалмайтын контактыны эксцентрик арқылы қозғап контактылердің арасын реттеуге болады. Түйіспелерге конденсатор паралел жалғанады. Оның орамының бір ұшы «массаға», ал екінші ұшы үзгіш-таратқыш клемасына жалғанады. Қозғалтқыштың цилиндрлерінің санына байланысты үзгіш - таратқыштар, төртұшқынды, алтыұшқынды, сегізұшқынды болып жасалады, жұмыстық айналу бағытына байланысты оңға немесе солға айналады.

Таратқыш (11. 3. сур. ) ротордан, қақпақтан тұрады. Карболитті роторға латуннен жасалған таратқыш тілімше орнатылған. Карболитті қақпақта ортаңғы және бүйірлі латуннен түйіспелері бар. Ортаңғы түйіспенің ішкі қуысына таратқышқа серіппе арқылы қыстрылып тұратын көміртекті контакты қойылған. Көміртекті контакт 8-14 кОм тұратын, радиоқабылдағышқа кері әсер тигізбес үшін қойылған бәсеңдеткіш резистор. Таратқыш тілімше мен бүйірдегі түйіспелердің арасының саңылауы 0, 2 - 0, 8 мм-ге тең.

Иіндібіліктің иінінің бұрыштық шамасы Ж. Ш. Н. -ге жетпей жұмыстық қоспаның жану камерасында оталуы, оталудың бұрышық озуы болып табылады. Тұтанудың бұрыштық озуы, қозғалтқыштың белгіленген жұмыстық режимінде қуатының артуы мен жанармай шығынының азайуына көмек беруін, оптималды бұрыштық озу болып табылады.

C:\Documents and Settings\User\Мои документы\Downloads\image196.gif Тұтанудың бұрыштық озуы қозғалтқыштың жұмыс істеу режиміне байланысты автоматты түрде өзгеріп тұрады. Алғашқы реттелуі қолдың көмегімен қойылады. Үзгіш-таратқыштың ерте тұтанудың бұрыштық озуының өзгеруін үш тәуелсіз құрылғы атқарады, ортадан серпігіш тұтанудың озуын реттегіші -жұдырықша муфтаны, ваккумды реттегіш -қозғалмалы дискіні, октан - корректор -тұрқыны бұру арқылы реттейді.

Ортадан серпігіш тұтанудың озуын реттегіші иіндібіліктің айналу жиілігіне байлансты өзгереді. Үзгіш- таратқыштың білігіне ортадан серпігіш екі жүк престеліп орнатылған. Жұдырықша муфтаның қырларының саны қозғалтқыш цилиндрлер санымен тең, және біліктің осіне байланысты біршама бұрышқа бұрылады. Муфта тілімшеге бекітілген.

Біліктің айналу жиілігі артқан сайын реттегіштің жүктері ортадан серпігіш күш әсерінен сыртқа қарай керіледі. Жүк тілімше мен жұдырықша муфтаны үзгіш- таратқыштың білігінің айналу бағытына қарай қозғайды. Жұдырықша қырлары қозғалмалы контактіге ертерек жақындап үзгіш контактыны ажыратып, оның тұтануының бұрыштық озуын арттырады. Біліктің айналу жиілігі төмендеген кезде, тұтанудың бұрыштық озуы кемиді, орадан серпігіш күштің жүктері серіппенің көмегімен кейін қайтарылады.

Тұтандыру білтесі (свечасы) (11. 5. сур. ) қозғалтқыштың цилиндрлеріндегі жұмыстық қоспаны электр ұшқыны арқылы жандыруға қолданады. Ол болат бұрандалы тұрқы мен бүйірлік ұштықтан, ортаңғы оқшауланған электродтан тұрады. Оқшаулағыштар уралит немесе брокорунда сияқты керамикалық материалдан жасалады және жоғары температураға төзімді болады. Ортаңғы стержень мен электрод никельді - маргенецті, хромды - никельді болаттан жасалады. Электродтардың арасының саңылауы 0, 6-0, 8 мм болуы керек. Тұтандыру шамының жылу сапасы олардың калильді санына байланысты арнайы қондырғыларда анықталады. Автомобильдерде А11НТ, А17ДВ, М8Т маркалы тұтандыру білтелері қолданылады. Бірінші әрпі бұранданың тұрқына бұралатын бөлігінің диаметрін, А-М14х1, 25, М- М18х1, 5; екінші сандар - калильді санын - 8, 11, 14, 17, 20, 23, 26 білдіреді;

C:\Documents and Settings\User\Мои документы\Downloads\image200.gif Үшінші әріп корпусқа бұралатын бөлігінің ұзындығы, Н - 11мм, Д - 19мм, (12 мм көрсетілмейді), В - әрпі конустық жылудың конустың жиегінен артық шығуы, Т- әрпі ортаңғы электродтың оқшаулағышы -термоцемент.

КОНТАКТЫЛЫ -ТРАНЗИСТОРЛЫ ТҰТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ.

Қозғалтқыштың сығылу дәрежесі мен иіндібіліктің айналу жиілігінің артуына байланысты, оның құрылысының жаңарып өзгеруінен тұтандыру жүйесіне артық кернеулік қажет болды. Пайдалану кезінде кернеуліктің өзгеруі тұтандыру шамының электродтарына күйіп, оның саңылауы да өзгереді. Сондықтан цилиндрлерде жұмыстық қоспаның әлсіз тұтануы байқалады.

Сенімді және ұзақ мерзімді жұмыс істеу үшін, кемшіліктерді болдырмауға соңғы жылдары көпцилиндрлі қозғалтқыштардың тұтандыру жүйесіне контактылы- транзисторлы және контактысыз тұтандыру жүйелерін қолдана бастады.

Тұтанудың контактылы-транзисторлы жүйесінің кәдімгі батареялық тұтанудан айырмашылығы, үзгіш-таратқыш контактылері (В) мен отұтандыру катушкасының (А) аралығына транзисторлары коммутатор (Б) қосылады. Коммутатор қорғасын қорытпасынын қырлы корпусының монтаждалған, корпустың төменгі бөлігінде транзистордың электронды қорғау блогы (8) импульсті трансформатор (9) және резисторлар орналасқан. Корпустың бүйірінде өткізгіштерді жалғауға арналған төрт қысқыш бар: М - автомобильдің массасымен, Р (таратқыш) - үзгіш - таратқышпен, К (катушка) - катушканың тұтандыру қысқышымен, атаусыз қысқыш - осы катушканың тиісті қысқышымен қосылған.

Транзисторлы коммутатор екі режимде жұмыс істейді.

- коммутатор схемасы тұтандыру катушкасының алғашқы орамына ток өткізуге ашық (үзгіш контактылері тұйықталған),

- коммутатор схемасы тұтандыру катушкасының алғашқы орамына ток өткізуге жабық (үзгіш контактылары ажыратылған) жағдайларда.

C:\Documents and Settings\User\Мои документы\Downloads\image202.gif Үзгіш түйіспелері (10) транзистор (8) базасының тізбегіне қосылған.

Контактлер тұйқталған кезде, олар арқылы шамалы ток өтеді (0, 75А) . Транзистор базасы тогының күші шамалы болғандықтан, контактысы үзілген кезде іс жүзінде электр ұшқынынан тозбайды. Контактлердің қызмет ету ұзақтығына тек механикалық тозу әсер етеді.

Тұтандыту катушкасының екінші орамындағы жоғары ток кернеуі таратқыш арқылы тұтандыру шамына беріліп, кері екінші орамға қайтарылады. Э. Қ. К. -тің өздігінен индукциялануы, катушканың алғашқы орамы арқылы конденсаторды зарядтайды, бұл транзисторды Э. Қ. К. -тің әсерінен, ал электрлі конденсатор транзисторды артық импульсті кернеуліктен қорғайды.

Диод Д1 ток көзінің тұтандыру катушкасының алғашқы орамын айнала жүріп, тура бағытта диод- стаблитрон Дст арқылы қозғалуын болдырмайды.

Кремнийлі диод- стаблитрон Дст транзистордың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

КОНТАКТЫСЫЗ ТҰТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Автомобильдің тұтандыру жүйесі. Автомобильдің тұтандыру процесі
Автомобильді пайдалану және техникалық қызмет көрсетуді оқытудың тиімді әдістері мен формалары
Subaru Legacy - көптеген марапаттар мен жүлделердің иегері
Автомобильдің қозғалтқышының құрылысы және жөндеу
Қозғалтқыштың түрлері мен жіктелуі
Автомобильдердің электр тогы
Автомобиль
Автомобильдердің электр жабдықтарын жөндеу туралы
Автомобильді газ турбиналы қозғалтқыштар
Стартердің құрылысы мен істеу принципі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz