Франктер


Франктер - орта ғасырлардың бас кезінде Орталық Еуропада тұрған батыс герман тайпалар тобы. Оларға хамава, бруктер, усибет, тенктер, сугамбар, т. б. тайпалар кірген. Франктер 2 топқа бөлінеді: 1) Төменгі немесе Солтүстік Франктер (кейінірек Батыс Франктер) деп аталған сали Франктері; 2) Рейн өзіні жағалауынан жоғары Майн өзініне дейін қоныстанған Франктер. Дерек көздерінде олар алғаш рет 3 ғасырдың ортасында аталынады. Сали Франктерін 4 ғасырда римдіктер талқандап, Токсандрияда федераттар құқығында қалдырады. Жазба деректерде олар 451 ж. ғұндарға қарсы Каталаун қырғынына қатысады. 5 ғасырдың бас кезінде сали Франктері Соммаға дейінгі Галлияны бағындырды. Кейінірек өздеріне бағынышты аумақтағы билікті нығайта әрі кеңейте отырып, 5 ғасырдың соңында Франк мемлекетін құрды. Франктер Батыс Еуропадағыбірқатар халықтардың этногенезінде өзіндік рөл атқарған.
Франк мемлекетінің құрылуы
Варварлар корольдігі жаңа феодалдық мемлекеттердің қалыптасуына негіз болды. Ол мемлекеттердің ішіндегі ең қуаттысы 486 жылы Солтүстік Галлияда құрылған Франк мемлекеті еді. Оны салий франктерінің меровей руынан шыққан көсемі Хлодвиг басқарды. Хлодвиг барлық франк тайпаларын кол астына біріктіріп, Римнің карамағындағы көрші Галлияның құнарлы жеріне жорыққа аттанды. 486 жылы Суассон қаласының маңында франктер римдіктерді талқандап, Солтүстік Галлияны басып алды. Бұдан соң Хлодвиг вестготтардан Галлияның оңтүстігін де жаулап алды. Сөйтіп Рим империясының осы провинциясының орнына өзінің корольдігін құрды.
Галлияны жаулап алған франктер бұрынғы жер иелерін орындарынан қуған жоқ, бос жатқан жерге ғана қоныстанды. Жаулап алушылардың билігін мойындаған римдік және Галлиялық байлар аз уақыттың ішінде франк ақсүйектерімен араласып, туыстасып кетті. Франк мемлекетінің халқы латын және герман тілдерін араластырып сөйледі. Осы аралас тіл кейін француз тілінің негізін құрады. Жазу саласында тек латын тілі қолданылды. Хлодвигтің тұсында осы тілде франктердің ең алғашқы coт саласындағы заңдары жазылды. Ол «Сали ақиқаты» деп аталды. Ол заңдар бүкіл мемлекет аумағындағы бірыңғай тәртіпті нығайтуға үлес қосты. Франктердің заңы бойынша қылмыстың көпшілігі ақшалай айыппен өтелетін. Адамдар заң алдында тең болмады: адам өлтіргендігі үшін салынатын айып мөлшері кімді, кандай адамды өлтіргендігіне байланысты әр түрлі болды. Франктің өмірі галлдар мен римдіктердің өмірінен кымбат бағаланды. Жауапқа тартылған адамның кінәсі дәлелденбесе, оны «құдай сотына» салатын. Мысалы, жалаңаш қолмен қазанда қайнап тұрған судан сақина алуға мәжбүр етілді. Егер кінә тағылып отырған адамның қолы көп күймесе, ол адамның ақ екендігінің белгісі деп саналды. Сондықтан оған құдай жақ болып отыр деген тұжырым жасалатын.
Мемлекетті басқару
Франк мемлекетінің аумағында жазба заңдардың шығуыөкіметбилігін нығайтуға үлес қосты. Ал мемлекет адамның байлығы мен жерін басқыншылардан қорғап отыру үшін керек болды. Қуатты мемлекеттің көмегімен ел басшыларыхалық бұқарасынқабылданған тәртіп шеңберінде ұстап, салықты уакытында жинап алатын жағдайға жетті. Әскер басшыларыныңішіндегі әрі батыл, әрі жарияланды. Король- барлық халық бағынатын, өкіметбилігін өзінің әулетіне мұраға қалдыра алатын, ең жоғарғымемлекет басшысы.
Жоғарғы сотбилігін де корольдің өзі атқарды. Барлық мемлекеттік маңызы бар мәселелерді жақын достарымен ақылдаса отырып, корольдің өзі шешетін болды. Король сарайы елді басқарудың орталығына айналды. Сарайда корольдің жақын туыс-достары, кызметкерлері мен жасақшылары орналасты. Тұрақты жасақ салықтар мен соғыста түсетін олжаның есебінен өмір сүрді. Франктердің тұрақты әскері болған жоқ. Соғыс бола калған жағдайда барлық ерікті азаматтардан халық жасақтары құрылатын. Негізгі әскери күш корольдің жасағы болды.
Ел бірнеше аймақтарға бөлінді. Оларға салық жинайтын, әскерге басшылық жасайтын, сот ісін жүргізетін басшы -графтағайындалып қойылды.
Жер иелену
ФранктерГаллиядағыбос жатқан жерлерді бөліп алып, өз иеліктеріне айналдырды. Ең үлкен үлесХлодвигкетиді. Онан кейінгі үлкен үлес оның жақын жасақ басшылары мен нөкерлеріне берілді. Қатардағы қарапайым жасақшыларға шағын үлестер тиді. Жасақ басшыларымен нөкерлер ірі жер иеленушілерге айналды. Олардың иеліктері аллод, яғни толық иелік деп аталды. Аллодтың иесі оны басқа адамға сыйлауға, мұраға калдыруға, қызметкерлеріне уақытша пайдалануға бере тұруға ерікті болды. Ірі жер (ірі және орташа жер иелерінен шағын жер үлесін алып, заттай салық төлеушілер) жұмыс істеді.
Галлияныжаулап алғаннан кейін қатардағы франктер өзара туыс отбасыларынан құрылған кауымға бірігіп, шаруашылық жүргізді. Олар қауым иелігінде бірлесе еңбек етіп, тапқан табыстарын өзара бөлісіп алатын. Бірте-бірте қауым мүшелерінің арасында мүліктік жіктелу пайда болды. Осыған байланысты қауымнан оның ауқатты мүшелері бөлініп шыға бастады. Қауымдық құрылыс ыдырап, франктеркоғамында байлар мен кедейлер болып жіктелу басталды.
Франктердің христиан дініне енуі
Франктердіңпұтқа нығайтуына көмектесе алмады. Ондай көмекпен халық арасындағы ықпалы мен беделі күштіхристиан шіркеуіғана қамтамасыз ете түсінді. СондықтанХлодвиг498 жылы өзінің жасақшыларымен біргехристиан дінінеенді. Алғашында бұл дінді қабылдағысы кірді. Христиан дініфранктермен римдіктерді жақындастырып, бір халыққа айналдырды. Шіркеу басшылары жарлықтар шығаруға көмектесіп отырды. Хлодвигтің кеңесшілеріне айналып, оның беделін көтеріп, билігін нығайтты.
Хлодвигоның қарымтасы ретінде шіркеудің байлығын қорғап, оған жер үлесі мен бағалы сыйлықтар беріп отырды. Әрбір елді мекенде шіркеулер ашылды. Дінбасыларыхалыққа құдай сөзін жеткізіп, оларды құдайға құлшылық етуге шақырды. Христиан бай мәдениетін меңгерді.
Франктер империясының құрылуы және ыдырауы
Майордомдар билігі
«Майордом» латынша «үйдің үлкені», «басшысы» дегенді білдіреді. 511 жылыХлодвигөлгеннен кейін оның мұрагерлері жер мен билік үшін қиян-кескі күрес жүргізді. Ел біресе бөлшектеніп, біресе қайта бірігіп, тұрақсыз жағдай орнады. Меровингтерәулетінен шыққан корольдердің билігі әлсіреп, майордомдардың ықпалы күшейе түсті. Король майордомдарды сарай шаруашылығын басқаруға тағайындайтын. Біртіндеп майордом қызметі әкеден балаға мұра ретінде кала беретін мемлекеттегі ең жоғарғы лауазымды қызметке айналды.
Майордом Карл Мартелл715-741 жылдары корольмен санаспай-ақ өз билігін жүргізді. Оның билігі кезінде араб әскерлері Испаниядан өтіп, Галлияға шабуыл жасады. Бірақ олардыфранктер732 ай жылыПуатьетүбінде талқандады. Арабтартарапынан төнген қауіпКарл Мартелдікүшті атты әскер құруға итермеледі. Атты әскерқатарына қабылданғандар майордомнан тұрғылықты шаруаларымен қоса жер үлестерін алды. Ол жерден түсетін табыска иесі өзіне ат пен қару-жарақ сатып алуға міндетті еді.
Алғашында жер жауынгердің меншігіне мәңгілік емес, тек әскерде қызмет атқарып жүрген кезінде ғана берілетін. Кейін ол жер үлестері әкеден балаға мұра ретінде берілетін болды. Сөйтіп оның балалары да әскери қызметті жалғастыруға міндеттенді. Атты әскерлерінежер үлестіру үшін Карл шіркеу иеліктерінің біраз бөлігін тартып алды.
Карл Мартелдің жерді сыйлыққа үлестіріп беруіЕуропадажаңа қоғамдық құрылыс - бастауы болды.
Меровингтер әулетінің ақыры. Қортық Пипиннің билігі
Папство престолының гербі
741 жылыКарл Мартеллөлген соң майордомдық оның баласы Қортық Пипиннің қолына тиді. Ол Меровингтерді құлатып, король атағын алуды аңсады. Пипиннің корольді тақтан күшпен құлатып, өзін король деп жариялауына да болатын еді. Бірак ол таққа заңды жолмен отыруды дұрыс деп үйғарды. Бұл мақсатына жету үшін ол кұдай атынан сөйлеуге құқы бар Рим папасын пайдаланды.
Лангобардтарданқысым көріп жүргенРим зору еді. Сондықтан олПипинніңкороль атағын алуына келісім берді. 751 жылы папаның келісімі бойынша, Пипин ресми түрдефранктер королідеп жарияланды. Ол 768 жылға дейін корольдік етті. Меровингтерәулетінің ең соңғы королі , сол жерде қайтыс болды.
Қортық Пипинпапаның жақсылығына жақсылықпен жауап қайтарды. ОлИталияға, Лангобардкорольдігіне карсы екі рет жорық жасап, жаулап алған жерлерінРим папасынасыйлады. Ол жерде 756 жылы Папа мемлекеті құрылып, 870 жылға дейін өмір сүрді. Римдегі қазіргіВатикан мемлекетісол «Пипин сыйлығының»жұрнағы болып табылады.
Ұлы Карл және оның империясы
Қортық жаңа әулеттің негізін қалады. Бірақ ол Пипиннің емес, оның әкесіКарл (Карлдың латынша аты Каролус болатын) әулеті деп аталды. Ол әулеттің ең атақты короліҰлы Карлболды. Ол 768-814 жылдары билік кұрды. Карлұзын бойлы, алып денелі, батыл адам болған. Оның ерліктері мен тапқырлығы жөнінде . Тіпті «король»деген сөздің өзі соның атынан шыққан.
Ұлы Карлдыңбилік кұрған жылдарының бәрі соғыспен өтті. 53 әскери жорықтың 27-сінКарлдыңөзі басқарды. Оның жорықтары Испанияға, герман тайпаларына . Франктер Рим папасына көмектесу үшінИталияғаекі рет жорық жасап, , Италияның көпшілік бөлігін өз иелігіне қосып алды.
778 жорығы сәтсіздікке ұшырады. Тек 801 жылы арабтарға қарсы соғыста жеңіске жетіп, Испанияның шағын аймағын жаулап алды. 772-804 сегіз рет қанды жорық жасап, әрең дегенде олардың аксүйектерін өз дегеніне көндірді. Саксониябірнеше графтықтарға бөлінді. Графтықтарбасшылығына король ақсүйек франктер мен сакстарды тағайындады. христиан дінін қабылдады. 788-803 одақтаса отырып, VI ғасырда қалыптасқан аварлар қағанатын Паннонияда (қазіргі Венгрия аумағы) талқандады.
Ұлы Карлбилігінің соңына қарайФранк корольдігіөзінің жер көлемі жағынан бұрынғы БатысРим империясынажақындады. Карл болды. Қиын кезде өзіне көрсеткен көмегіне алғыс ретінде папа 800 жылы Римде Карлға тәж кигізіп, император деп жариялады. Сөйтіп Батыста жаңа империя өмірге келді.
Империяның ыдырауы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz