Ойлау түрлері



1 Ойлау формасы
2 Ойлау тарихы
3 Ес түрлері.
Ойлау– объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. Сыртқы дүниені толык тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана білеміз. Түйсік, кабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым корытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен күбыдыстарыньщ ішкі күрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті әсіресе тұрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Ойлау– объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. Сыртқы дүниені толык тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана білеміз. Түйсік, кабылдау процестер інде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым корытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен күбыдыстарыньщ ішкі күрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын жөнді ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті әсіресе тұрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.
Ойлау формасы
Ойлау формасы болып табылатын ұғымдар, категориялар, идеялар мен теориялар танымның субъектісі менобъектісінің  арасын байланыстырып тұрған қоғамдық тәжірибенің негізінде, қоғамдық-тарихи процесте қалыптасып дамиды және заттар мен нәрселердің сезімдік таным формаларында (түйсік, қабылдау, елес) берілмейтін мәнді байланыстары мен қатынастарын өрнектейді. Осының арқасында адам дүниенің заңдары мен заңдылықтарын танып білуге мүмкіндік алады, алды-артын болжап, болашағын айқындап, алдына саналы мақсаттар қойып, соларға жету жолдарын саралайды, табиғатты өзгертеді және өзі де өзгереді. Адам өмірінде, тәжірибелік және танымдық қызметінде шешуді қажет ететін мәселелер туындап, соларды қою және шешу барысында oйлау қабілеті де түрленіп, шығармашылықпен дамып отырады.
[өңдеу]Ойлау тарихы
Ойлау тарихы адамның пайда болып, дамуының тарихымен байланысты. Ойлау – қоғамдық-тарихи қалыптасқан адам миы қызметінің жемісі. Ойлау мен тіл өзара терең байланыста, тіл – адам ойлауының құралы. Адам ойы сөз арқылы өрнектеледі, сөздің ар жағында ой жатады. Сөз бен ойды теңестіруге болмайды, алайда сөзсіз ойлау іске аспайды, ой айтылмай, үнсіз тұншығады. Ойды үнсіз іштегі сөз деп, тілді дыбысталған ой деуге болады. Ойлау тек табиғи тіл арқылы ғана емес, жасанды тілдер (мысалы, абстрактылы математика тілі немесе нақтылы-бейнелі “өнер тілі”) арқылы да іске асады. Ойлау күрделі тарихи-әлеуметтік құбылыс болғандықтан, оны зерттеумен көптеген ғылымдар – психология, логика, таным теориясы, лингвистика, кибернетика, физиология, т.б. шұғылданады. Философияда ойлау белсенділігі, логикасы туралы мәселелер қарастырылып, оның ақиқаттылығының өлшемі зерттеледі. Бұл мәселелер философия тарихында әр түрлі тұрғыда (материалистік және идеалистік, рационалистік және эмпирикалық, априорлық және апостериорлық, диалекттік жәнеметаф изикалық, т.б.) зерделеніп, ойлау жөнінде әр түрлі ілімдер орын алған. Ойлау тек адамға ғана тән қабілет ретінде оның шынайы адами болмысының қайнар көзі әрі басты құралының бірі, адам еркіндігінің мүмкіндігі мен шындығының кепілі болып табылады.[1][2][3]
Педагогикалық ойлау - кез келген педагогикалық құбылысты тікелей немесе жанама түрде белгілі бір көзқараспен ой елегінен өткізу бойынша жасалатын әрекет. Оның мәні - білімнің мазмұны, мұғалімнің және оқушының қызметі сияқты үш бөлшектің сәйкестігінде.
Психология ғылымында ойлау түрлерін ажыратуға байланысты алғашқы қабылданған генетикалық топтастыру әдісі. Бұл бойынша ойлау әрекеті дамуының үш деңгейі еленген:
-тәжірибе - әрекетті ойлау - нақт ы заттармен тікелей байланыса, ой қызметін орындау түрі;
-көрнекі-бейнелі ойлау - елестер мен психика өрнектерін арқау еткен ойлау түрі;
-сөздік - логикалы немесе сөздік - рәмізді ойлау - абстракт түсініктерді пайдалану және жалпыланған заңдылықтарды ашумен байланысты ойлау түрі.
Қолданылатын құрал-жабдықтарына тәуелді ойлау үдерісі келесі түрлерге бөлінеді:
Вербалды (сөздік) және визуалды (көру), нақты және дерексіз (абстракт) ойлау.
Бағыт-бағдарына орай ойлау үдерісінің келесі түрлері белгілі: теориялық және тәжірибелік. Болмыс құбылыстарын түсіндіре баяндау бағытынан теориялық ой туындайды да болмысқа өзгеріс ендіру, қайта жасау бағытында тәжірибелік (практикалық) ой пайда ету қажеттігі алға тартылады.
Ойды тереңдей жалпылаудан эмпирикалық және теориялық ойлар бөліне көрінеді.
Эмпирикалық (тәжірибелік) ойлау күнделікті қызмет, тіршілік әрекеттері негізінде алғашқы қорыту, жалпылау мүмкіндігін береді. Мұндай қорытулар абстракциялаудың ең төменгі деңгейінде орында- лады.
Теориялық ойлау жалпыланған қатынастарды ашады, таным нысанын өзіне тән қажетті байланыстар жүйесінде зерттейді, нәтижеде - адамның жасампаздық іс-әрекеттерін қамсыздандырушы әрқилы құбылыстардың даму заңдылықтары нақты айқындалады.
Логикалық (қисынды) ойлау - логикалық амалдар (салыстыру, жүелеу, қорыту және т.б.) жәрдемімен орындалатын ойлау түрі.
Синкретикалық (біріктіру) ойлауда құбылыстар мәнді қатынастарынан емес, сырттай ұқсастық белгілері бойынша өзара байланыстырылады.
Шешілетін мәселе және орындалатын іс-әрекеттердің стандартты не стандартты болмауынан келесідей ойлау түрлері ажыралады: алго- ритмдік, дискурсив, эвристикалық және шығармашыл ойлау.
Алгоритмдік ойлау - типтік мәселелерді шешуге қажет алдын ала белгіленген ережелерге, әрекеттердің қалыпты бірізділігіне орайласқан ойлау түрі.
Дискурсив ойлау - өзара байланысты ұғымдар жүйесіне негізделген ой әрекеті түрі.
Шығармашыл ойлау - соны жаңалықтар ашуға, түбегейлі жаңа нәтижелерге қол жеткізетін ой қызметі.
Эвристикалық ойлау - қалыптан тысмәселе, міндеттердің шешімін табуға бағытталған өнімді ойлау үдерісі.
Танымдық үдерістер өздерінің өту сипаттары бойынша шұғыл сезімдік (интуитивтік) және аналитикалық (талдауға негізделген) бо- лып бөлінеді.
Шұғыл сезімдік (интуитивті) ойлау сипаты: өтуі шапшаң, толық түсінікке келмеген, кезеңдері анық емес.
Ойлаудың арнайы бір түрі - аутистикалық ойлау - психикалық сырқаттармен байланыста көрінеді (мысалы, ақылдан адасу, ес ауу жағдайында). Өмірде мұндай сырқатты ойдың өтпелі формалары көптеп кездеседі: нақты тәжірибеден шамалап ажырасудан бастап, негізсіз, шындыққа тіпті жанаспайтын қиялилыққа дейін.
Ес дегеніміз – адам тәжірибесін есте тұту , сақтау және қайта жаңғырту жолымен бейнелендіру. 
Ес қабылдау актісінің өзіне де қатысады, өйткені танусыз қабылдау мүмкін емес, зат қабылдаудың қатыссыз қайта жңғырып жатқанда ес қабылдаумен қатыссыз қайта жаңғырып жатқанда ес қабылдаумен байланысы жоқ, дара психикалық процесс ретінде көрініс береді. 
Естің негізінде ассоцациялар немесе байланыстар жатады. Ақиқат дүниедегі бір – бірімен байланысты зат немесе құылыстар адамның есінде де байланысын сақталады. Бұл заттардың біреуімен кездесіп ассоцация бойынша онымен байланысты басқасын еске түіре аламыз. 
Физиологиялық жағынан алғанда ассоцация уақытша нервтік байланыс болып саналады. Ассоцациялар қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Қарапайымына аралас, ұқсастық, қарама – қарсылық жөнінен үш түрлі ассоцацияға жатқызылады. 
Ұқсастық жөніндегі ассоцация ұқсас сипатты екі құбылысты біріктіреді, оның біреуінің аталуы екіншісін еске түсіреді.
Қарама - қарсылық ассоцация қарама – қарсы екі құбылысты байланыстар.

Ес түрлері.
Есте қалдыру және қайта жаңғырту үшін жұмсалынатын әрекеттердің сипатына орай естің әр түрлі келесі негізгі үш өлшемге сәйкес олуы шарт: 1) Әрекеттегі басымдау болған психикалық белсенділіктің сипаты бойынша ес – қозғалысты, сезімдік, бейнелі сөз логикалы болып бөлінеді;2) іс әрекет мақсатына орай ес ырықты және ырықсыз болуы мүмкін; 3) дүниелік іс - әрекеттегі рол мен орнына тәуелді жатталып, сақтау мерзімінің мөлшеріне байланысты - қысқа мерзімді және нақты қызметтік естер ажыратылады.
Қозғалысты ес - әрқилы қимыл – қозғалыстар мен олардың бірлікті жүйесін есте қалдырып, сақтап және қайта жаңғырту . кейбір адамдарда осы ес түрі басқаларынан гөрі басымдау келеді. ондайлар мысалы, музыкалық шығарманы дауыспен қайталай алмаса да, бимен көрсетуге шебер. Ал кей біреулердің қозғалысты ес тіпті шабан. Бұл ес түрінің әрқандай еңбектің дағдылары қалыптастыруда, балалардың жүру , жазу әрекеттерінің қалыпқа түсуінде және т.б. маңызы өте үлкен. Қозғалысты ес болмағында, біз қажетті әрекетпен қимылдарымызды әрдайым жаңадан үйреніп баруымызға тура келеді. 
Сезімдік ес - әдетте қажеттеріміз бен қазаулардың, қоршаған ортамен қоршаған ортамен қатынасымыздың қаншалықты тиімді не зиянды, ұнамды не жағымсыз орындалып жатқанын көңіл күйімізбен танытамыз. Осыдан, көңіл – күй есі адам өмірі мен іс - әрекетінде өте үлкен маңызға ие. Басымыздан өтіп, есімізден сабақталған сезімдер әрқашан бізді әрекетке ынталандырады немесе өткендегі жағымсыз әсерлерге тап келтіретін оқиғалардан сақтандырады. Сізбен қатысқан адамның көңілін аулау, оқыған кітабыңыздың кейіпкерімен қоылып, толғанысқа түсіңіз, осы сезімдік осы сезімдік еске негізделген. 
Бейнелі ес - елестерге , табиғат көріністеріне,сонымен бірге дыбыстар, дәмге негізделген жад іздері . Ол көру, есту, сипай сезу, иістік және дәмді болып бөлінеді.
Егер көру, естері естері әрбір жеке дамыған болса, онда сезімдік , иістік пен дәмді естер адамның кәсіптік қасиеттеріне жатады. Сәйкес түйесіктер сияқты мұндай ес түрлері іс - әрекет шарттарына орай қарқынды дамы, кейде кемшілігі болған ес түрлерінің орнын толықтыруда керемет деңгейлерге көтерілуі мүмкін. Мысалы соқырдың дүниемен сезіну, естігіштігі ал кереңнің көргіштігі,иіскей, жанаса сезгіштігі т.б. 
Сөздік логикалы (мағыналы) ес мазмұнына біздің ай өрісіміз кіреді. Ой тілсіз өрнектелмейді, сондықтан ай тек мағыналық ғана болмай, сөзді логикалық болатын осыдан. Сөзді логикалы ес басқа ес түрлерінің дамуына арқа сүйей отырып, оларға , жетекшілік етеді және өз дамуымен олардың жоғары деңгейге көтерілуіне ықпалын тигізеді. Оқу процесіндегі шәкірттің білім игеруі мен топтауы, негізінен осы мағыналық еске байланысты. 
Іс - әрекет мақсатына байланысты ес – ырықты, ырықсыз болып бөлінеді. Арнайы есте қалдыру немесе түсіру мақсаты болған психикалық процесс ырықсыз көрініс беріп ал егер бұл процесс мақсатты бағдарланған болса

Қолданылған әдебиеттер
Ес дегеніміз – адам тәжірибесін есте тұту , сақтау және қайта жаңғырту жолымен бейнелендіру. 
Ес қабылдау актісінің өзіне де қатысады, өйткені танусыз қабылдау мүмкін емес, зат қабылдаудың қатыссыз қайта жңғырып жатқанда ес қабылдаумен қатыссыз қайта жаңғырып жатқанда ес қабылдаумен байланысы жоқ, дара психикалық процесс ретінде көрініс береді. 
Естің негізінде ассоцациялар немесе байланыстар жатады. Ақиқат дүниедегі бір – бірімен байланысты зат немесе құылыстар адамның есінде де байланысын сақталады. Бұл заттардың біреуімен кездесіп ассоцация бойынша онымен байланысты басқасын еске түіре аламыз. 
Физиологиялық жағынан алғанда ассоцация уақытша нервтік байланыс болып саналады. Ассоцациялар қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Қарапайымына аралас, ұқсастық, қарама – қарсылық жөнінен үш түрлі ассоцацияға жатқызылады. 
Ұқсастық жөніндегі ассоцация ұқсас сипатты екі құбылысты біріктіреді, оның біреуінің аталуы екіншісін еске түсіреді.
Қарама - қарсылық ассоцация қарама – қарсы екі құбылысты байланыстар.

Ес түрлері.
Есте қалдыру және қайта жаңғырту үшін жұмсалынатын әрекеттердің сипатына орай естің әр түрлі келесі негізгі үш өлшемге сәйкес олуы шарт: 1) Әрекеттегі басымдау болған психикалық белсенділіктің сипаты бойынша ес – қозғалысты, сезімдік, бейнелі сөз логикалы болып бөлінеді;2) іс әрекет мақсатына орай ес ырықты және ырықсыз болуы мүмкін; 3) дүниелік іс - әрекеттегі рол мен орнына тәуелді жатталып, сақтау мерзімінің мөлшеріне байланысты - қысқа мерзімді және нақты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ойлау
Ойлау үдерісі
Таным процестері - Ойлау және сөйлеу
Ойлау және сөйлеу
Ойлау, сөйлеу
Ойлаудың тарихи түрлері
Даярлық тобы балаларының ойлау қабілетінің деңгейін анықтау
Ойлау туралы түсінік
Логикалық ойлау қабілеті
Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытудың педагогикалық шарттары
Пәндер