Саяси бәсекелестік



1 Саяси бәсекелестік
2 Демократиялық режимнің саяси жаңалықтарды кабылдай білу қабілеті
3 Саяси қатынастар субъектілерінің іс.әрекеті мен кұрметі үшін саяси кеңістік жасау
4 Демократиялық қоғамдағы саяси және идеологиялық плюрализм
Қоғамның саяси элитасы декларациялар жариялау, уәделер беру, қоғамдық өмірдің маңызды проблемаларының шешімдері берілген әлеуметтік бағдарламаларды жасақгау арқылы [[Халық|халықтың]] назарын өздеріне
аударып, қолдауына ие болу үшін ашық күрес жүргізетін бәсекелес саяси күштерге бөлінеді.
Билікті, оның шешімдері мен акцияларын, олардың
салдарын үнемі сыни тұрғыда бағалайтын және жариялы, ашық сынау жолымен қоғамдық көзқарасты қалыптастыратын оппозициялық саяси элитаның көмегімен жүзеге асады.
Биліктің белдеулік тұрғыдан атқарушы, заң шығарушы және сот билігі болып бөлінуіне, сондай-ақ оның құрылысы түрлеріне (унитарлық, федеративті, конфедеративті); жергілікті жердегі өзін-өзі басқару органдарының күшею
мүмкіндігіне (билікті тікелей жергілікті жерлерде жүзеге асыратын биліктің төменгі тармақтарындағы билік өкілеттігі) байланысты жүзеге асатын мемлекеттік биліктің құрылымдық икемділігі.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

2 Саяси бәсекелестік

3 Демократиялық режимнің саяси жаңалықтарды кабылдай білу қабілеті

4 Саяси қатынастар субъектілерінің іс-әрекеті мен кұрметі үшін саяси кеңістік жасау

5 Демократиялық қоғамдағы саяси және идеологиялық плюрализм

6 Пайдаланылған әдебиеттер

==Саяси бәсекелестік==

Қоғамның саяси элитасы декларациялар жариялау, уәделер беру, қоғамдық өмірдің маңызды проблемаларының шешімдері берілген әлеуметтік бағдарламаларды жасақгау арқылы [[Халықхалықтың]] назарын өздеріне

аударып, қолдауына ие болу үшін ашық күрес жүргізетін

бәсекелес саяси күштерге бөлінеді.

Билікті, оның шешімдері мен акцияларын, олардың

салдарын үнемі сыни тұрғыда бағалайтын және жариялы,

ашық сынау жолымен қоғамдық көзқарасты қалыптастыратын оппозициялық саяси элитаның көмегімен жүзеге асады.

Биліктің белдеулік тұрғыдан атқарушы, заң шығарушы және сот билігі болып бөлінуіне, сондай-ақ оның құрылысы түрлеріне (унитарлық, федеративті, конфедеративті);

жергілікті жердегі өзін-өзі басқару органдарының күшею

мүмкіндігіне (билікті тікелей жергілікті жерлерде жүзеге асыратын биліктің төменгі тармақтарындағы билік өкілеттігі)

байланысты жүзеге асатын мемлекеттік биліктің құрылымдық икемділігі.

==Демократиялық қоғамдағы саяси және идеологиялық плюрализм==

Әрқилы саяси тенденциялар мен олардың

ұйымдық кдлыптасуы, саяси ойлары, әрекеттері пайда болатын көпсубъектілі қоғам ретінде сипаттайды.

Азаматтардың саяси белсенділігі азаматтық қоғам институттарын ұйымдастыруға алып келеді, онда азаматтардың мемлекеттік билік құрылымдарынан тәуелсіз саяси

өмірге қатысуға ынтасы өзін-өзі ұйымдастыру, өз

қайраткерлігі мен өзін-өзі басқару жолымен жүзеге асады.

Бірақ азаматтық қоғам құрылымдары Конституция мен

мемлекет зандары белгілеген шеңберде ұйымдасып, қызмет істеуі тиіс. Мемлекеттік билік пен азаматтық қоғамның

бірлесіп қызмет етуі конституциялық нормалармен және

мемлекет зандарымен анықталынады.

Мемлекеттік билік пен азаматтық қоғамның құрылымдары қоғамның тәуелсіз элементтері ретінде қызмет етуі

тиіс. Мемлекеттік билік азаматтық қоғам институттарының

бақылауында болады, себебі олар мемлекеттік биліктің

калыптасуына, оның саясатын түзеп, жузеғе асуына белсенді

түрде ат салысады.

ref name=a1Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – [[Павлодар]]: ЭКО ҒӨФ. [[2006]]. – 569 б. ISBN 9965-808-89-9ref

Демократиялық режим

Демократиялық режим[1] Мұндай режимде ел халқының кең әлеуметтік жіктері, халық, демос (гр.сөзі demos — халық) қоғамды, қоғамдық істерді басқарып, билікті жүзеге асырады. Демократия — әлеуметтік өмір агенттері өздері құрған билік құрылымында шешімдердің қабылдануына тең дәрежеде қатыса алатын басқару формасы болып саналады. Демократияны ерекше әлеуметтік құндылық дей отырып, ежелгі грек ойшылы Демокрит былай деген: "Демократиядағы кедейлік патша кезіндегі молшылықтан (азаматтардың) қаншалық артық болса, еріктілік құлдыққа қарағанда соншалық жақсы".

Демократия өз тамырын алғашқы басқару құрылымдары мен шешімдерді әлеуметтік өмірдің қатысушылары тікелей өздері қабылдаған қоғамның мемлекетке дейінгі кезеңінен алады. Тарихи әдебиетте, саяси ойлар тарихында, негізі Афины қала-мемлекетінің ерікті ата-анадан туған азаматтары болған ежелгігректік афины демократиясы толықтай сипатталған. Алайда Афины қала-мемлекетінің ересек тұрғындарының барлығының бірдей биліктік мәселелерді шешуге қатысу құқығы болмады. Қатысу қүқығына құлдар, өте ірі қала-порт, экономикалық өмірдің орталығы Афиныға сауда, қолөнер, экономикалық пайда үшін келген әр түрлі тектегі келімсекгер ие бола алмады. Афинылық демократия туыстық және сословиелік құрылымдардан шыққандықтан, ондағы демократиялық режимді қалыптастыратын әлеуметтік өмірдің агенті Афины азаматы, яғни ерікті ата-анадан туған, жынысы ер, жасьі кәмелетке толған афинылық болатын. Қоғамдық істерді шешу мен шешімдерді қабылдауға мүдделі адамдардың барлығының демократиялық жолмен қатысуы көптеген елдердің тарихьшда болды. Мысалы, орыс тарихи өдебиетінде, Ресейдің саяси ойлар тарихында Новгород вечесі,

казактар алқасы, боярлар думасы, дворяндар жиналысы, земство ерекше орын алады. Шыңғыс ұрпақтарының және оған жақын адамдардың ортасынан жоғары билеушіні — ханды сайлауы, жерлерде жергілікті билеушілер — билердің сайлануы, ашық пікір алысудың негізінде жайылым бөлісу, сыртқы басқыншылардан қорғану және т.б. өмірлік маңызды шешімдердің қабылдануы Қазақ хандығының тарихында да орын алған Алайда құрылымданған сословиелерге, таптарға, әлеуметтік, этникалық, кәсіби, жыныстық, жас ерекшеліктік және басқа да топтарға бөлінген қоғамда жүзеге асатын демократиялық басқару, тиісті түрде модификацияланбауы мүмкін емес. Сондықтан біз демократияны қоғамның саяси құрылымы ретінде, саяси режим ретінде қдрастырамыз. Мемлекеттік билікті ұйымдастыру формасы мен саяси жүйе ретіндегі қазіргі кездегі демократия өкілдік демократия түріңде қызмет етіп, дамиды. Әлеуметтік тұтастықты қамтамасыз ететін саяси режим ретіндегі демократияның басты ерекшеліктер бар.

ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІ: сапалық өзгерістер

Тәуелсіздік жылдары елімізде қалыптасқан саяси жүйенің түбегейлі айырмашылығы неде? Осы жылдар қоғамның саяси жүйесінің табиғаты мен құрылымына, қызметіне әкелген негізгі өзгерістердің мәні мен мазмұны, сапасы неден көрінеді? Бұл Тәуелсіз Қазақстанның мереке қарсаңында әр саясаттанушы мен саясаткерді ойландырары хақ. Біз де осыған жауап іздеуге талпыныс жасадық.

Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның жаңа мемлекетін және оның саяси жүйесін қалыптастыру оңай болған жоқ. Бұл үрдіс өте қайшылықты, тартысты, қателіктер мен қатерлер арқылы жүргенін ашық айту қажет.

Қазақстан мемлекеті нысаны мен табиғатын анықтауда ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында еліміздің саяси басшылығы мен интеллектуалдық күштері алдында аса күрделі міндеттер тұрды.

Сол тарихи да тағдырлы уақытта дербес мемлекетті құру ісіндегі төтенше жауапкершілікті өзіне алған Н. Назарбаев былай деп толғанады: Қазіргі сарапшылар белгілі бір саяси режим жайында баға бергенде, оның мойнындағы міндеттерді ескермей, баға беруге тырысады. Ол мемлекетті қалыптастыру, бір экономикалық жүйеден екінші бір экономикалық жүйеге көшу, демократиялану процесін дамыту, әлеуметтік және ұлтаралық орнықтылықты сақтау және нығайту, сыртқы саяси бағыттар желісін тарту... Ұлттық жаңару, мемлекеттікті қалпына келтіру әрдайым оп-оңай жүзеге аса бермейді [1, 128 б.].

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасу кезеңі бұрынғы КСРО аумағында саяси, әлеуметтік экономикалық мүдделер мен қатынастардың ерекше шиеленісуі үдерісімен қабаттаса жүрді. Әлеуметтік топтардың мүдделері мен қажеттерін бұрынғы саяси режим қанағаттандыра алмады. Оның ішіндегі ең өткір, шетін тұрғандары – азаматтардың саяси, экономикалық және әлеуметтік құқықтарын кеңейту, сөз бостандығы, ұлттар мен этностардың тіл, мәдениет саласындағы сұраныстарын мүмкіндігінше қанағаттандыру, азаматтардың қауіпсіз­дігін нығайтып, азаматтық татулық пен қоғамдық тәртіпті нығайту еді. Қазақстанның болашақ мемлекеттік дамуы туралы берік, сындарлы тұжырымдама әлі қалыптаспаған еді.

Ол кездегі еліміз алдында тұрған ең күрделі проблема мемлекетті қалыптастыру еді. Мемлекет – саяси жүйенің аумақтық, заңды, жария, егемен, легитимді, құқықты, жоғары деңгейде институттанған, жалпыға бірдей әмбебап ұйымы. Ол қоғамның саяси жүйесінің бір бөлігі бола отырып, мақсатты, жария, ашық, заңды, ел мен халықтың егемендігінің бірден бір көзі, субектісі және егесі ретінде қызмет істейді. Мемлекет саяси жүйенің бір бөлігі, ал ол сонымен бірге, оның барлық кіші жүйелері мен салаларын қамтитын, біріктіретін, заңдар аясында олардың бүкіл қызмет-тіршілігін реттейтін, олар үшін біртұтас, ажырамас және бөлінбес ұйым болып табылады. Ғылыми әдебиетте мемлекеттің негізгі аса маңызды, сөзсіз, қоғамдық қатынастар табиғаты мен мүдделеріне жауап беретін және тиімді мемлекет құру мүддесіне сәйкес келетін белгілеріне отандық және шетелдік зерттеушілер дәлелдеуі бойынша мыналар жатады: аумағының; азаматтығы бойынша біріккен халқының; белгілі ішкі және сыртқы функциялары анықталған, бұларда саралап, ауқымы мен міндеттерін анықтаған, қоғамдық қатынастардың барлық саласын реттеуге қабілетті, қажетті адами, материалдық және қаржылық ресурстарға ие тармақталған басқару аппаратының болуы; халықаралық қауымдастық мойындаған шекарасы; елдің егемендігін, тұтастығын, қорғанысын, азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ұлттық армиясының, құқық қорғау органдарының (сот, прокуратура, милиция, арнайы қауіпсіздік қызметтері және т.б.) болуы. Қазақстанда жиырма жылда осы аталған белгілер мен қасиеттерге сай келетін егемен, әлеуетті, әлем мойындаған және санасатын мемлекет қалыптасты. Ал елде қалыптасқан мемлекеттік құрылыстың табиғаты, демократияның деңгейі оны саяси жүйесі қызметінен көрінеді.

Саяси жүйе сөздің кең мағынасында – белгілі бір қоғамдағы билік қатынастарының іс жүзінде анықталынып, қабылданып, орындалуының тұрақты формасы. Ол – елдегі бүкіл саяси өмір, саяси қатынастардың және саяси институттардың жиынтығы.

Бұл жерде транзиттік, өтпелі қоғамдардағы аса күрделі міндеттерді шешуге, күрделі қоғамдық қатынастарды реттеуге қызмет ететін жаңа саяси жүйені қалыптастыру күрделі мәселе екенін еске ұстаған жөн. ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында жаһандану, ақпараттық қоғам, халықаралық байланыстардың күшеюі жағдайында саяси жүйе мен оның институттарының функциялары барған сайын күрделеніп, тармақталып, олар қамтитын құбылыстар мен қатынастардың ауқымы кеңейіп, олардың өзара сабақтастығы, өзара байланыстары күрделенген уақыт болатын. Осы жаңа әлемге, оның күрделі саяси-экономикалық, идеологиялық қатынастарының дербес субъектісі ретінде ұмтылып отырған Қазақстан, алдымен, өзін-өзі мемлекет ретінде анықтап, мемлекеттік-конституциялық құрылысын түбегейлі бекемдеу міндеті тұрғаны айдай ақиқат еді.

Бүгінде, жиырма жылдық дербес дамудың биігінен еліміз бұл жауапкершіліктен абыроймен шықты деуге негіз бар. Әлемдегі, әсіресе, демократиялық елдердегі саяси жүйелерді зерттеген, теориялық ой-толғамдарын әлем саясаттанушылары мойындаған Толкотт Парсонс, Дэвид Истон, Габриель Алмонд, Карл Дойч, Дж. Бингем Пауэлл және тағы басқа батыстық оқымыстылардың саяси жүйе және олардың негізгі институттары функциялары туралы іліміне сүйенсек, Қазақстанның саяси жүйесі институттарының конституциялық өріс аясындағы қызметінің де өте күрделі, сан тарапты екендігіне толық көз жеткізуге болады.

Аталмыш оқымыстылардың, сондай-ақ, ел ғалымдарының мемлекет құрылысы, саяси жүйе табиғаты мен қызметіне қатысты ғылыми зерттеулеріне сүйене отырып, қазіргі кезеңде еліміздің саяси жүйесінің қызметіне тән мынадай негізгі функцияларды атап көрсетуге болады:

– Конституцияға және басқа да заңнамаға сәйкес қоғамды қазіргі заманның табиғаты мен талаптарына сәйкес ғылыми басқару;

– қоғамның алдындағы мақсат пен міндеттерді анықтау және соған сәйкес бүкіл қоғамды және оның ресурстарын жұмылдыру;

– қоғам мүшелерін әлеуметтендіру;

– артикуляция –яғни, қоғамдағы әртүрлі таптардың, топтардың мүдделерін анықтау, бейнелеу және оларды саяси жүйе институттары қызметінде еске алуына жетісу және тағы басқалары.

Бүкіл халықтық референдумда 1995 жылғы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы еліміздің саяси жүйесінің жаңа архитектурасын қалыптастырды. Осы жылдан еліміз саяси жүйесі дамуының жаңа кезеңі басталды. Ал, еліміздің осы жылдардағы конституциялық дамуы оның іргелі негіздерінің беріктігін, өміршеңдігін, оны құраушы институттық құрылымдардың міндеттері мен басқару мүмкіндіктерінің дұрыс анықталғандығын дәлелдеді.

Еліміздің саяси жүйесі құрылымындағы жаңаша түбегейлі анатомиялық түзілу мен түрленудің мәні мен мазмұнын жиырма жыл деңгейінен жинақтай айтсақ, біздің пікірімізше, негізінен мыналарға келіп саяды:

– ең алдымен, еліміздің саяси жүйесінде бұрын болмаған Президенттік институт, қос палаталы, кәсіби негізде жұмыс істейтін Парламент, көппартиялылық, азаматтық қоғам институттары Қазақстан халқы Ассамблеясы тәрізді принципті жаңа саяси құрылымдардың түзіліп, қалыптасуы және қызмет жасауы;

– қоғамдағы демократия мен сөз бостандығының даму деңгейі мен пәрменділігінің басты көрсеткіштерінің бірі тәуелсіз, беймемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының дербес те әлеуетті жүйесінің пайда болуы;

– Қазақстанда бұған дейін болмаған, қоғамдық өмірдің барлық салаларын кеңінен қамтитын жаңа азаматтық институттардың қалыптасып, дамуы және олардың қызметіне қажетті ұйымдық-құқықтық негіздердің нығаюы;

– халықаралық танымал демократиялық институттар негізінен біртіндеп мойындаған еліміздің жаңа сайлау жүйесінің қалыптасуы;

– биліктің негізгі үш тармағының: Президент, Парламент және Үкіметтің біріккен еңбегінің нәтижесінде еліміздің саяси жүйесінің барлық құрамдас бөліктері қызметінің құрылымдық, ұйымдық-құқықтық және өзара қарым-қатынасы мәселелерін жан-жақты реттейтін, еліміздің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет орнату бағытында әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін заң жүйесінің жаңадан түзіліп, қабылдануы және бұл үрдістердің қоғамдық қатынастардағы қажеттіліктерге байланысты үнемі жетілдірілуі.

Бұл – қоғамдық қатынастарды, әлеуметтік топтарды, мемлекеттік және қоғамдық құрылымдарды қамтуының ауқымы, жалпы табиғаты жағынан терең де, көп қырлы, сапалық өзгерістеp. Президент, Парламент институттары, әлсіз де болса, көппартиялық жүйе осы өзгерістердің ең маңызды да, мәндісі бағалаған жөн.

Сөз жоқ, жаңа тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесіндегі ерекше орында, бұрын болмаған жаңа құрылым – Президент институты тұр. Еліміздің мемлекеттік басқару жүйесінде Президент лауазымы Қазақ ССР-і Конституциясына енгізілген 1990 жылғы 24 сәуірдегі өзгерістерде анықталды. Сол уақыттан бері халқымыз осы ең жоғарғы мемлекеттік саяси лауазымға Н. Назарбаевты бірнеше мәрте сайлап келеді.

1995 жылы қабылданған Конституция, оған 1998 және 2007 жылдары енгізілген өзгерістер мен толықтырулар еліміздегі бүкіл билік жүйесінде Президент институтын үнемі нығайту бағытында. Ең алдымен, еліміздегі басқару жүйесі Президенттік басқару нысанында деп сипатталады. 1995 жылғы Конституцияның жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобын басқарған академик Ғ.Сапарғалиевтың пікірінше, бұл белгілі бір деңгейде даулы түсінік [2 ].

Ғылыми әдебиеттерде басқару нысаны деп республика немесе монархия есептеледі. Осылай атау әбден қалыптасқан, ғылыми ортада бекіген түсініктер. Ал президенттік басқару нысаны деген түсінікті Конституция авторларының төл шығармашылдығы, қазақстандық конституциялық теориядағы ізденіс, басқару нысанын анықтаудың қазақстандық нұсқасы деп түсінген абзал. Бұған ресейлік белгілі мемлекеттанушы-ғалым В. Е. Чиркин кезінде назар аударып, уақыттың басқару формалары туралы түсініктерге өзгеріс енгізетіндігін, Қазақстан Конституциясы президенттік республика деп ешқандай екіұштылықсыз, тура атайтындығын арнайы атап көрсеткен болатын [3].

Конституцияда президентализмнің демократия институты ретіндегі саяси жүйедегі орны, мәртебесі өкілдіктері көрсетіліп, 40-шы бапта: Президент – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституция мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының рәмізі әрі кепілі, – деп нақты көрсетілген.

Саяси жүйенің құрамдас бөлігі болып табылатын – Президенттік институттың қалыптасып, дамуы, оның бедел алуы ұзақ, күрделі процесс. Сөз жоқ, президенттік институттың қоғамның саяси жүйесіне етене, икемді, ажырамас құрамдас бөлігі ретінде кірігіп кетуі, саяси бейімделуі бедел алуы уақытты, тәжірибені, үлкен заң шығарушылық қызметті қажет етеді. Бұл процестер біздің елімізде терең саяси тартыстарсыз, саяси сілкіністерсіз, эволюциялық жолмен өтті.

Президенттік институт саяси жүйедегі ерекше институт және барлық партиялар мен қоғамдық-саяси ұйымдар қызметінің кепілі болғандықтан, ол бүкіл саяси жүйеге немесе оның басым көпшілігіне сүйенгенде ғана саяси жүйеде топтастырушы, байланыстырушы рөл атқарады. Бұндай тірек-сүйенішсіз президенттік институттың әлеуметтік-саяси базасы әлсіз болуы мүмкін.

Назар аударарлық бір мәселе – Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы кеңестен кейінгі барлық елдерде президенттік немесе жартылай президенттік билік жүйесі пайда болды. Бұл саяси жүйе дамуындағы, ел алдында тұрған әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудің күрделілігіне байланысты. Билік тармақтары, әсіресе, Парламент пен атқарушы билік арасындағы текетірес пен шиеленісті, толассыз талас, елдердің саяси мәдениетінің ерекшелігі президенттік институтты өтпелі қоғамдар, кезеңдер алдында тұрған міндеттерді шешудің тиімді билік нысаны ретінде таңдау – ұтымды жол.

Қазақстандағы осы саяси-мемлекеттік институттың қызметіне келсек, жиырма жылдан астам уақыт президенттік институттың ұтымды жақтарын көрсетіп берді.

Біріншіден, Президентті бүкіл халықтың сайлауы, бүтіндей алғанда, саяси жүйенің демократиялық легитимділігін көрсетеді, өйткені, Президент қызметі қашан да көпшілік сайлаушылардың мүддесін білдіреді.

Екіншіден, билік тармақтарының аражігінің анықталып, президенттік институттың қызметі демократиялық саяси жүйедегі әртүрлі шектеулер мен өкілдіктер арқылы саясат таразысын тең ұстауға мүмкіндік береді.

Үшіншіден, бүкілхалықтық сайлау арқылы сайлаушылар саяси жүйенің бүкіл қызметіне принципті, жанды өзгерістер енгізе алады, саяси құндылықтар мен басымдықтарда сабақтастықты қалыптастырады.

Осы жылдары жаңадан қалыптасқан, кеңестік жүйеде болмаған биліктің маңызды тармағы – қос палатадан тұратын Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы қос палаталы Парламент болды.

Қазақстанның кәсіби парламентаризмге келер жолы күрделі де қайшылықты, саяси шиеленісті, бұралаңды болды. Осы тартысы көп, қиын жолда бұрынғы Конституциялар бойынша (1978 және 1993 ж.) сайланған Республика Жоғарғы Кеңесінің 1990 жылы сайланған он екінші, 1994 жылы сайланған он үшінші құрамдары саяси себептерден өкілділік мерзімі аяқталмай, мерзімінен бұрын таратылды. Соңғы құрамы бір жылдай ғана жұмыс істеді. Елімізде парламенттік демократия, парламентаризм көптеген қиындықтармен, саяси тартыспен, қайшылықтар арқылы, біртіндеп қалыптасып келеді.

Ел Парламентінің 1995 жылғы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ассоциациялық кәсіпкерлік
Бәсекелестік қатынастардың негізгі түрлері
Сыртқы ортаның сипаттамалары
Саланың қазіргі жағдайы
Нарықтық экономиканы қалыптастырудың заңдылықтары мен ерекшеліктері
Аймақтардың инвестициялық тартымдылығы
Кластер және бәсекелестік
Ұйымдағы стратегиялық менеджмент
Халықаралық маркетингтің анықтамасы
Қазақстанның сыртқы саясатындағы Жапония рөлі
Пәндер