Балаға қатыгездік көрсетпей тәрбиелеу



1 Күш қолданбай тәрбиелеу
2 Баланы жазалау керек пе?
Күш қолданбай тәрбиелеу-балаға қажетінше еркіндік беру,шешім қабылдауды бала құзырына қалдырумен байланысты.Баланың еркіндігі мен
сезімін,талпынысы мен талабын басуға жол бермеу керек.Балаға үнемі таңдау еркіндігін беріп отырса,ол үнемі алға талпыныс жасайды.Сол арқылы бала өзін-өзі тәрбиелеуге дағдыланады,әр жасаған қадамына деген жауапкершілік сезімін түсінеді.Бала әрекетін шектеу баланың жауапкершілігін тежеуге алып келеді.
Баланы жазалау керек пе? Жазалай қалған жағдайда оны қалай қолдануға болады деген сұрақтар көптеген ата-аналардың көкейінде тұратыны белгілі.Баланы қатаң жазалау-ақыл-ойдың жетімсіздігі,ата-анааның өз қатесімен бетпе-бет келуден үрейленудің белгісі.Әрі сол жағдайға тереңдеп, парасат биігінен қарамау болып табылады.Жазалау –баланы тәрбиелеуден бас тарту деген сөз.Баланы жазалаудан ешкім де ешнәрсе ұтпақ емес. Есіңізде болсын не нәрсенің түбінде махаббат жатпаса,оның берекелі де нәтижелі болмасы ақиқат.Өз қателігін түсінген бала алдыңызға келгенде,ата-ананың кешірімді болғаны абзал.Кешірімді түсіне білген бала-оның өсе келе ақыл-ой иесі болуын білдіртеді.
1. Қазақстан мектебі 2006ж.№3
2. Мектептегі сыныптан тыс жұмыстары 2007ж.№5
3. Мұқанов М.М. «Жас және педагогикалық психология» Алматы 2002ж.
4. Оразбекова А.А. Отбасы психологиясы.-Алматы,1997ж.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
БАЛАҒА ҚАТЫГЕЗДІК КӨРСЕТПЕЙ ТӘРБИЕЛЕУ

Какимова Жанар Бакеновна

№35 жалпы орта білім беру мектебі, псиxолог

Күш қолданбай тәрбиелеу-балаға қажетінше еркіндік беру,шешім қабылдауды бала құзырына қалдырумен байланысты.Баланың еркіндігі мен
сезімін,талпынысы мен талабын басуға жол бермеу керек.Балаға үнемі таңдау еркіндігін беріп отырса,ол үнемі алға талпыныс жасайды.Сол арқылы бала өзін-өзі тәрбиелеуге дағдыланады,әр жасаған қадамына деген жауапкершілік сезімін түсінеді.Бала әрекетін шектеу баланың жауапкершілігін тежеуге алып келеді.
Баланы жазалау керек пе? Жазалай қалған жағдайда оны қалай қолдануға болады деген сұрақтар көптеген ата-аналардың көкейінде тұратыны белгілі.Баланы қатаң жазалау-ақыл-ойдың жетімсіздігі,ата-анааның өз қатесімен бетпе-бет келуден үрейленудің белгісі.Әрі сол жағдайға тереңдеп, парасат биігінен қарамау болып табылады.Жазалау –баланы тәрбиелеуден бас тарту деген сөз.Баланы жазалаудан ешкім де ешнәрсе ұтпақ емес. Есіңізде болсын не нәрсенің түбінде махаббат жатпаса,оның берекелі де нәтижелі болмасы ақиқат.Өз қателігін түсінген бала алдыңызға келгенде,ата-ананың кешірімді болғаны абзал.Кешірімді түсіне білген бала-оның өсе келе ақыл-ой иесі болуын білдіртеді.
Ата-ана баланы ерте жасынан бастап –ақ,дербес әрекет жасауға ұмтылдыру керек. Бала дүниеге келгеннен бастап өмір сүруге бейімделе бастайды. Бала жылау арқылы анасының оған тамақ әкелуін талап етеді; өсе келе бәрін өзім істеймін деп талпынады, мысалы: қолымды өзім жуамын, деп талпынса, сіз – өзің дұрыстап жумайсың, кәне мен жуып берейін - дейсіз; Ыдыс жуамын, кір жуамын - дейді, сен әлі кішкентайсың деп жуғызбайсыз; нанға май жағамын дейді, сіз бәрін шашып төгесің деп жаққызбайсыз;
Міне бала өмір сүруге осылай бейімделейін десе, сіз оның талпынысын қолдап көмектесудің орынына тыйым саласыз. Кейін ер жеткен соң сен ештеңе істеу білмейсің деп кінәлаймыз.Кейде ата-аналар балаларының өзіне ұнайтын істермен айналысуына қарсы келіп жатады немесе баланың ішкі сұранысын ескермей,өздеріне ұнайтын бірнеше үйірмелерге күштеп қатыстырады.Бұл дұрыс емес,балаға ойлау еркіндігін де бере білу керек. Кейбір ата-аналар баланың ішкі жан-дүниесіне үңілмейді,тіпті оның қажеттіліктері мен сұраныстарына назар да аудармайды.Мұндай жағдайларда бала өзін ата-анасына еш керексіз сезінеді,бірақ олардың қоятын талаптарынан қорқады.Бала бойын жайлаған қорқыныш оның ересектер алдында өтірік айтуға,алдауға итермелейді.Олар ересектерге қарсы шықпауға бейімделеді,олардың іс-әрекеттері ата-анасына ұнамай жатады не сынға ұшырайды.Осы кезде ересектер балаға орынды,орынсыз кінәлар тағады.Өзін ешкім түсінбей және онымен қоймай жала жапқандығы баланы ашындырады,қарсы шығуға итермелейді.
Бұл кезеңге тән ерекшелік бала барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкен адамдардың қамқорлығы мен кеңесінен құтылғысы келеді. Үлкендер баланы бала деп есептесе, керісінше олар өзін есейдік деп санайды. Бала өзім істей аламын, сендер мені әлі де бала деп ойлайсындар деп назарлық білдірсе де, оның қолынан әлі де көп нәрселер келе бермейді. Басқаша айтқанда бала істі игеру жағынан бала да, ал талап қою жағынан ересек.
Әдетте балаларды тәрбиеге көнбейтін қиын жас деп сипаттайды. Солай деп бағалайтыны біріншіден мінез – құлқы өзгеріп, соның негізінде жаңа қасиеттердің пайда болатынынан. Кейде мұндай өзгеріс аз уақыттың ішінде болуы мүмкін, бірақ өзгеріске ұшырау балаларда бір уақытта кездеспейді. Екіншіден, осындай психиканың жаңа саласының пайда болуынан бала қиналысқа ұшырайды, уайым шегеді. оның тәрбиеге көнуіне кедергі жасайды.
Үлкендерді балалардың белсенділігі мен күш қуаты алаңдатады. Үрейленіп алаңдаған ата – аналар балаларын жан – жақты бақылауға алып көп нәрсеге тыйым сала бастайды. Бірақ керісінше тыйым салмай, сол күш жігерін дұрыс жұмсап, өмірдің қиыншылықтарын өзі жеңе білуге бағыттау керек.
Балалар ересектердің қылықтарын істеуге талпынады. Біз оған тыйым салған сайын оның сол іс- әрекетті істеуге деген құлшынысы арта түседі де, әке – шешесі жоқ жерде тыйым салынған іс- әрекетпен айналысуға тырысатын болады.
Егер тыйым салатын нәрселеріңіз балаға өте қауіпті болмаса, сізден көп шығын шығып кетпейтін болса, қарсылық білдірмей рұқсатыңызды берсеңіз болады. Оның қызығушылығын қанағаттандырып, сырттай бақылап отырыңыз. Сіз ол үшін бәрін істеп бермеңіз ол өзі істеп үйренсін. Бала тәрбиесінде ата – аналар төмендегі әдістерді қолданады:
Авторитеттік әдіс – бала өз ойын еркін айтып отырады, тек оны ата – аналары қолдау керек;
Авторитарлық – бала өз пікірін айтады, бірақ оған ата – анасы құлақ аспайды;
Автократикалық – ата – аналар балаларына не істеу керек екенін айтып отырады;
Эгалитарлық – ата – ана мен баланың шешім қабылдауда құқықтары бірдей; Қамқорлық еткен болып,өзін-өзі жоғары ұстауы(снисходительный) шешімді балаға білдіртпей,ата-ана көбіне өзі қабылдайды;
Тәрбиеде авторитеттік әдісті қолданатын ата – аналардың балалары басқа әдісті қолданатын ата – аналардың балаларынан қарағанда өз – өзіне сенімді және өзбеттілігі (самостоятельность) басым болады.
Баланы тәбилеуде ата-аналар түрлі психологиялық,физикалық және моральдық жазалаулар қолданады. Балалар мұндай жазалауларды өте ауыр қабылдайды.Физикалық жазалар баланың ата-анасынан көңілін суытады,бала денесіне түскен жараның орнының жазылатынын білгенімен жанына түсетін жара ешқашан жазылмайтынын түсіне бастайды. Психологиялық жазалау баланың жанын мұнан да қиын дертке ұшыратады.Ата-ана бала үшін ең қымбат ,әрі жақын адам,сондықтан жақын адамнан жәбір көру баланы адамдарға деген сенімсіздікке жетелейді.
Бала бойында жиналып қалған жағымсыз эмоциялар ерте жеткіншек жасында өзінің менін шығарғанда белгі бере бастайды.
Ол мынадай мінез – құлықтармен көріне бастайды: өзін тыңдамаған ата – анасына сөз қайтару; агрессивті болу; кішкентай кезінде біреу оған өктемдік көрсетсе, енді сондай өктемдікті өзінен кіші балаларға көрсету арқылы шығара бастайды. Әр балаға жеке тұлға ретінде қарап оны бағалаған кезде, тек сол кезде ғана, жағымды бет бұрыс болады.
Алдағы бетбұрысқа негіз болу үшін мен төмендегіні ұсынамын:
Сіз ата-ана балаңызға өзіңіздің қорқыныштарыңызбен неден қорғайтыныңызды анық түсінікті түрде айтып беріңіз.
Сіз бала, өзіңізде болып жатқан жағдайды жасырмай сендіріп айтып беріңіз.
Өзіңіздің қорқыныштарыңызды ашық айтуға тырысыңыз және олар сізді кемсітіп кекетпей тыңдайтынына сеніңіз.
Сіз ата – ана, баланы тыңдауға және түсінуге дайын екеніңізді көрсетіңіз.
Сіз бала, ата – анаңыздың сізді тыңдағанын қалайтыныңызды, бірақ сіз өзіңіз көмек сұрамайынша олардың кеңес бергенін қаламайтыныңызды түсіндіріңіз.
Сіз ата – ана, балаңызға берген кеңестің бәрін бала орындай беруге міндетті емес екенін біліңіз.
Ата – ана мен бала бірін – бірі түсіне білуі керек. Мысалы төмендегі жағдайды алып көрейік.
Жеткіншек: Бүгін әлі сәрсенбі, ал менің ақшам таусылып қалды. Маған тағы ақша керек. егер ата – ана жеңген мен жеңілгеннің позициясын ұсынса, онда: Ата –ана: Өте жаман болған екен. Менде ақша жоқ, мен саған ақша бермеймін.
Егер екеуінің де жеңу позициясын ұсынса, онда: Ата – ана: Ондай жағдай менде де болып тұр, әрине ақшасыз өте қиын. Менде енді еңбек ақымды алғанға дейін ақша болмайды, бірақ сенің алғың келіп тұрған затыңды қалай алуға болатынын ойланып көрейік, мүмкін біз ақшаны дұрыс әрі тиімді жұмсаудың жолын табамыз.
Бірінші жағдайда ата – ана баласын дөрекелік пен жазалауға сүйене отырып тәрбиелеп жатса, ол екіншісінде ата – ана мен бала проблеманы бірлесе отырып шешуге тырысуда және бұл жағдайда бала ата ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасөспірімдер арасындағы ауытқушылық мінез-құлықтың шығу себептері мен факторлары
БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІНІҢ ЖАЛПЫ САПАТТАМАСЫ
Баланы қорғалу құқығы
Балалары үлгілі отбасылар тобы
Балалар ұжымындағы оқшаулану және қарым-қатынас мәселелерін теориялық зерттеу
Сыныптағы оқшауланған балалармен жұмыс жүргізудің психологиялық ерекшеліктері
Баланың құқықтарын қоргау
Отбасындағы зорлық зомбылыққа жол бермеу
Теледидардың бала психологиясына әсері
Менің ішкі жан дүнием
Пәндер