Әкімшілік құқық және әкімшілік-саяси сфераны басқару



1 Қорғанысты және қауіпсіздікті басқару
2 ҚР Ұлттық Қауіпсіздігі органдарының қызметінің негізгі бағыттары
3 Сыртқы істерді басқару
4 Ішкі Істерді басқару
Қорғаныс – Қазақстанның егемендігін, аумақтық тұтастығын және оның шекараларына қол сұғылмауын қорғауға әзірлігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын саяси, әскери, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік – құқықтық сипаттағы мемлекеттік шаралар жүйесі.
Қорғанысты басқару органдарының жүйесі: ҚР Президенті –ҚР Үкіметі-ҚР Қорғаныс Министрлігі (әскери округтер, әуе қорғанысы әскерлері, әскери — әуе күштері мен әскери теңіз күштерінің бөлімдері), ҚР Қорғаныс министрлігіне бағынатын әскери оқу орындары, мемкемелер мен әскери комиссариаттар.
ҚР Қарулы Күштері – Қазақстан қорғанысының негізін құратын мемлекеттік әскери ұйым.
ҚР Қарулы Күштерінің түрлері:
1) Құрлықтағы әскерлер;
2) Әуе қорғанысы әскерлері;
3) Әскери — әуе күштері мен әскери – теңіз күштерінің бөлімдері.
Қорғанысты қамтамасыз ету мақсатында тартылатын ведомоствалық әскери құрылымдар: ҚР шекара әскерлері, ҚР ішкі әскерлері, ҚР Республикалық ұланы.
Ұлттық қауіпсіздік – елдің ұлттық мүдделерінің нақты және ықтимал қауіп – қатерден қорғалуының жағдайы.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Әкімшілік құқық және әкімшілік-саяси сфераны басқару
Социология 2013-11-02 Просмотров: 38 на казахском языке
Қорғанысты және қауіпсіздікті басқару

Қорғаныс – Қазақстанның егемендігін, аумақтық тұтастығын және оның шекараларына қол сұғылмауын қорғауға әзірлігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге  асырылатын саяси, әскери, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік – құқықтық  сипаттағы  мемлекеттік шаралар жүйесі.

    Қорғанысты басқару органдарының жүйесі: ҚР Президенті –ҚР Үкіметі-ҚР Қорғаныс Министрлігі (әскери округтер, әуе қорғанысы әскерлері, әскери — әуе күштері мен әскери теңіз күштерінің  бөлімдері), ҚР Қорғаныс министрлігіне бағынатын әскери оқу орындары, мемкемелер мен әскери комиссариаттар.

ҚР Қарулы Күштері – Қазақстан қорғанысының  негізін құратын  мемлекеттік  әскери ұйым.

ҚР Қарулы  Күштерінің   түрлері:

1) Құрлықтағы  әскерлер;

2) Әуе  қорғанысы әскерлері;

3) Әскери — әуе күштері мен әскери – теңіз   күштерінің  бөлімдері.

Қорғанысты  қамтамасыз ету мақсатында  тартылатын ведомоствалық әскери құрылымдар: ҚР шекара әскерлері, ҚР ішкі әскерлері, ҚР Республикалық ұланы.

Ұлттық қауіпсіздік – елдің  ұлттық  мүдделерінің  нақты  және  ықтимал  қауіп – қатерден  қорғалуының  жағдайы.

ҚР Ұлттық қауіпсіздігін  қамтамасыз ету қағидалары:

1) Ұлттық  қауіпсіздікті   қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде заңдылықты сақтау;

2)Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету   күштерінің  келісілген  іс – қимыл жасауы;

3)Адамның, қоғам мен мемлекеттің  өзара жауапкершілігі;

4)Ұлттық  қауіпсіздікті қорғау жөніндегі іс — әрекеттің  күллі   жиынтығын  іске  асыруды  бақылау.

Ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесі: Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстардағы, республикалық қалалар мен Республика астанасы бойынша  басқармалары және оларға байланысты қалалық және аудандық бөлімдері; Әскери  қарсы  барлау  органдары, арнаулы міндет жүктелген  бөлімшелер, оқу  орындары, ғылыми – зерттеу  мекемелері  және өзге де  ұйымдар.

ҚР Ұлттық Қауіпсіздігі органдарының қызметінің  негізгі бағыттары:

1) Қарсы барлау – ҚР қауіпсіздігіне  зиян келтіруге  бағытталған шет мемлекеттердің арнаулы қызметтері  мен ұйымдарының, сондай – ақ жеке адамдардың барлау және  өзге де  қызметін табу, алдын алу, жолын  кесу;

2) Қылмыспен күресу – тыңшылықты, террорлық қызметті, ұйымдасқан қылмысты, сыбайлас жемқорлықты, қару – жарақ пен есірткі  құралдарын  заңсыз айналымға шығаруды, контрабандаларды және өзге де  қылмыстарды табу, алдын алу, жолын кесу мен  ашу жөніндегі жедел іздестіру шаралары;

3) Барлау – Қазақстанның қауіпсіздігіне қауіп – қатер туралы ақпараттар алу мақсатындағы  ҚР – ның әскери   барлау  органдарымен өзара  көмектесе  әрекет жасау  қызметі.

4) ҚР Мемлекеттік шекарасы – Республика  аумағының шегін – құрғақ, су, жер қойнауы және әуе кеңістігі шегін  айқындайтын сызық  және осы сызық бойынша  өтетін беткі қабат.

ҚР Қорғаныс министрлігі — бұл қарулы күштерге әскери-саяси басшылықты, ҚР Қорғаныс құрылысын және ҚР Қарулы күштерінің  түрлерін басқаруды жүзеге асыратын ҚР қарулы күштерінің орталық мемлекеттік атқарушы әскери басқару органы. Өз қызметін ҚР Конституциясына, заңдарына, ҚР Президентінің  мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативті-құқықтық актілерге, Министрлік туралы Ережеге сай жүзеге асырады. Өз құзыретіндегі  мәселелері бойынша заңдарда белгіленген тәртіпте ҚР Қарулы күштерінің бүкіл жеке құрамы үшін міндетті күші бар бұйрықтар мен нұсқаулар түрінде актілер шығарады.

ҚР Қорғаныс Министрлігіне мынадай міндеттер жүктелген:

1) мемлекеттің егемендігін және аумақтық біртұтастығын қорғауға ҚР Қарулы Күштерінің жауапкерлік және жұмылдыру даярлығын үнемі қолдау мен қамтамасыз ету, қарулы шабуылды болдырмау және ҚР қарсы агрессияға қарулы тойтарыс беру үшін қажетті жағдайлар жасау;

2) әскери-саяси жағдайға баға беру, ҚР қауіптілігіне төнетін ықтимал қатердің сипаты мен дәрежесін айқындау;

3) ҚР Қарулы күштерінде мемлекеттік құпияларды қорғауды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

4) ҚР әскери техникалық және әскери экономикалық саясатын жүргізуде ұлттық қауіпсіздік стратегиясын, әскери доктринасын әзірлеуге және іске асыруға міндеттеу;

5) ҚР қарулы Күштері туралы ҚР Конституциясын және өзге де актілерді іске асыруды қамтамасыз ету;

6) Қарулы Күштердің  ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениетті басқару
Азаматтардың әкімшілік – құқықтық мәртебесі
Әкімшілік құқық туралы ақпарат
Мемлекеттік органдар жүйесі
Атқарушы билік органдарының түсінігі
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы
Мемлекеттік басқарудың атқарушы билік органдарының ұғымы мен әкімшілік-құқықтық мәртебесі
Коммерциялық ұйымдар мен мекемелердің қаржысы
Қазақстанның қаржы жүйесі
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару қызметтінің теориялық негіздері және талдау
Пәндер