8-наурыз мерекесіне арналған сценарий



1 Мұғалім сөзі
2 Жүргізушілер сөздері
Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Алайда «Ананың көңілі-балада, баланың көңілі -далада» демекші, өзінің перзентік борышын ұмытқан, сөйтіп ата-анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
8-наурыз мерекесіне арналған сценарий

Мұғалім сөзі:
Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы. Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын. Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана. Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр. Алайда Ананың көңілі-балада, баланың көңілі -далада демекші, өзінің перзентік борышын ұмытқан, сөйтіп ата-анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады. Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. Анасы жоқ балалар да аз емес. Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші достар!
1-жүргізуші: Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.
2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздар, қыздары! 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
Ер жеткізіп елге берген баласын,
Ақылдысың, ардақтысың, данасың!
Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,
Қайратыңнан қайта көрме, анашым,-дей отырып, мерекелік құттықтау сөзді мектеп директоры Жанасбаев Жиренбай ағайға береміз.
Анам менің, асылым, лағыл әнім,
Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,
Жұлдызындай көгінде жағыламын.
Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,
Анам менің, асылым, лағыл әнім.
Алдарыңызға әнші қыздарыңыз Пернебай Сәнияның орындауындағы Ана туралы жыр атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.
1-оқушы: Бақыт
Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды
Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды
Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,
Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.
2-оқушы: Гүлмарал
3-оқушы: Ақниет
1-жүргізуші:
Әркімнің де өмірден аласы бар,
Аласы бар адамның анасы бар.
Мерекесін құттықтап аналардың,
Ән жолдайтын апалардың баласы бар.
Ән: Анаға орындайтын Майлыбай Ақниет.
2-жүргізуші:
Қазірет пайғамбарға бір адам келіп:
-Мен бір зор күнә істедім. Енді мен үшін тәубе ету мүмкін бе?-деп сұрайды.
Сонда пайғамбар:
-Анаң бар ма? -деп сұрайды.
-Бар,-дейді әлгі адам.
-Онда анаңа қызмет көрсет,-деген екен пайғамбар. Олай болса шәкірттеріңіздің аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық.
4-оқушы: Сәния
5-оқушы: Айнұр
6-оқушы: Орынкүл
1-жүргізуші:
Дүниедегі ең кемеңгер дананы
Ана табады, аялайды, бағады.
Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
Құрметтейік қасиетті ананы,-деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұқаралық мереке сценарийі мен режиссурасы
Ашық ауадағы стадион мен саябақтардағы бұқаралық мерекелер
Тақырыптық кештердің сценарийі мен режисурасы
Ақпараттық сценарий
Қазақ тіліндегі үстеу сөздер
Бұқаралық мерекелердің тарихы
Балабақшадағы мерекелер балалар өмірінде
Балабақшадағы мерекелік ертеңгіліктің түрлері
Мерекелердің әлеуметтік мәні
Мереке, мерекелердің түрлері қоғамдық мәні
Пәндер