Фенол – альдегидті шайырлар



1 Фенол . альдегидті шайырлар.
2 Новалакты және резолды шайырлар
Фенолдардың альдегидтермен конденсациясының өнімдері 1872 жылы Байермен алғаш рет алынған, ол тұз қышқылы қатысында фенол және формальдегидтен шайырлар түзілу фактін анықтаған. Басқа зерттеушілер шайырлардың түзілу жылдамдығына әртүрлі қышқылдардың әсерін зерттеген. Анағұрлым активті болып минералды қышқылдар (тұз қышқылы, күкірт және фосфор қышқылы), ал активтілігі аз болып органи калық қышқылдар есептелетінін (сірке, құмырсқа, сүт және щавель қышқылы) анықталды. Алынған шайырлар жоғары молекулалық массаға, қалқымалы және еригіш болып келеді. Тек формальдегидтің артық мөлшерінде ғана Клеебергке 1891 жылы балқымайтын және кеуекті құрылымды ерімейтін өнім түзілетіндігі анықталды.

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Лекциялар №10, 11
Фенол – альдегидті шайырлар. Новалакты және резолды шайырлар
Фенолдардың альдегидтермен конденсациясының өнімдері 1872 жылы
Байермен алғаш рет алынған, ол тұз қышқылы қатысында фенол және
формальдегидтен шайырлар түзілу фактін анықтаған. Басқа зерттеушілер
шайырлардың түзілу жылдамдығына әртүрлі қышқылдардың әсерін зерттеген.
Анағұрлым активті болып минералды қышқылдар (тұз қышқылы, күкірт және
фосфор қышқылы), ал активтілігі аз болып органи калық қышқылдар
есептелетінін (сірке, құмырсқа, сүт және щавель қышқылы) анықталды. Алынған
шайырлар жоғары молекулалық массаға, қалқымалы және еригіш болып келеді.
Тек формальдегидтің артық мөлшерінде ғана Клеебергке 1891 жылы балқымайтын
және кеуекті құрылымды ерімейтін өнім түзілетіндігі анықталды.
1900 жылы Смит фенол – формальдегидті шайырларды электрооқшаулағыш
материалдар үшін пайдалануды ұсына отырып, және температураны бауя
арттырған кезде қалыптарда қатайтылатын қуйлма және сығымдалатын шайырлар
алуды көрсетті. Феноль – формальдегидті шайырларды алу үшін арналған
қышқылды катализаторлардан басқа сілтілерде пайдаланылады. Бірақ 1909 жылы
Бакеланд термопластикалылық фенол және формальдегид қатынасына, сонымен
қатар қолджанылатын катализаторға байланысты болатындығын анықтады. Сілтілі
катализатор қатысында фенол мөлшерінің шамалы артықтығында қыздырған кезде
балқымайтын және ерімейтін күйге ауысатын термореактивті шайырлар
түзілетіндігін көрсетті. Жақсы термореактивті шайырлар сілілер қатысында
фенол және формальдегидтің 1:1 немесе 6:7 қатынасында алынады. Олардың
балқымайтын жағдайға ауысуы үш сатыдан тұрады.
А сатысы – шайыр сұйық (су мөлшерінен тұрады) немесе қатты (су мөлшері
жоқ), бұл спиртте, ацетонда және сілтілердің сулы ерітінділерінде ериді;
1000 дейінгі орташа молекулалық массаға ие; қыздырған кезде қатты ерімейтін
және балқымайтын жағдайға ауысуға қабілетті.
В сатысы – шайыр қатты және салқын кезде омырылғыш, бірақ эластикалы,
120-1300С температурада ұзын жіптерге созылуға қабілетті болады; аздап
спиртте және ацетонда ериді; ұзақ уақыт қыздырған кезде балқымайтын және
ерімейтін жағдайға өтеді.
С сатысы – шайыр қатты және омырылғыш, ерімейтін және балқымайтын өнім
болып табылады. Төмен молекулалы, еритін фракциялар мұнда мүлде жоқ немесе
елеусіз ғана мөлшерде болады.
Осыған ұқсас зерттеулерді фенол – формальдегидті шайырларда Лебах
жүргізген, ол А,В және С сатыларына өздігінше резол, резитол және резит
деген атауларды берді. Қзіргі уақытта еритін және балқитын шайырлар
қыздырған кезде бақлымайтын және ерімейтін жағдайға өтуге қабілетті емес
болса новалакты деп (бұл атау Бакеландпен берілген), ал ерімейтін және
балқымайтын жағдайға ауысуға қабілетті шайырлар резольды деп аталады.
Фенол – формальдегидті шайычрлар майларда және алифатты
көмірсутектерде ериді, бірақ Альбертке лак бояу өнеркәсібінде
пайдаланылатын майда еритін шайырларды алу мүмкіндігі туды.
Фенол – формальдегидті шайырларды алу үшін негізгі шикізат болып фенол
және формальдегид есептеледі. Одан басқа басқа да фенолдар: крезол,
ксиленол , резорцин пайдаланылады; альдегидтерден ең кең қолданысқа
фурфурол ие. Фенол және формальдегидтің бірлескен конденсациясы үшін
сонымен қатар анилин де пайдаланылады.
Фенолдардың альдегидтермен әрекеттесуі поликонденсация реакциясын еске
түсіреді. Шайырлардың түзілуіне шикізаттардың химиялық құрылысы, фенол және
альдегидтің қатынасы, және реакциялық ортаның қышқылдылығы әсерін тигізеді.
Новалакты шайырлар формальдегидтің үш және сонымен қатар
дифункционалды фенолдарымен қышқылды катализатор қатысында әрекеттеседі.
Үшфункционалды фенолдарды артық мөлшерде алу қажет. Фенол : формальдегидтің
қатынасчы әдетте 6:5 немесе 7:6 құрайды. Фенол мөлшерінің артықтығының
төмендеуі шайырдың молекулалық массасының төмендеуіне алып келеді. Негізгі
катализатордың қосымша мөлшерін қосу шайырлардың балқымайтын және ерімейтін
күйге жылдам ауысуына әрекет етеді. Новалакты шайырлардың түзілуі
диоксидифенилметандардың түзілуіне әрекет етеді. Олардың
формальдегидтермпен және фенолдармен одан ары әрекеттесуі нәтижесінде
келесі шайыр алынады.:

Новалакты шайырлар әртүрлі ұзындықтағы тармақталған молекулалардан
тұрады. Тармақталу қысқа тізбектердің метиленді көпіршелер көмегімен о және
п жағдайларда фенолды қатар ядросына қасылуынан туындайды. Новалакты
шайырдың молекулалық салмағы формальдегидтің фенолға қатынасының артуымен
жоғарылайды. Новалакты шайырдың түзілуін келесідей реакциямен көрсетуге
болады:

Мұндағы: п – поликонденсациялау дәрежесі, әдетте п – 4-8 арасында
болады.
Новалак құрамы келесі жалпы формуламен өрнектеледі:

Новалакты типтегі фенол – формальдегидті шайырлар периодты әдіспен
алынады. Қатты новалакты шайырды алудың технологиялық процесі дайындау,
тиеу және шикізатты конденсациялау, шайырды кептіру, оны құйып алу,
салқындату және ұнтақтау сатыларынан тұрады. Новалакты фенол –
формальдегидті шайырларды алу өндірісінің схемасы 1 суретте көрсетілген.
Шикізатты дайындау – ол шикізатты қайнату қазандығына жарамды күйде сақтау
болып табылады (фенол балқытылған жағдайда, формалин – параформ тұнбасынсыз
жағдайында). Балқытылған сусыз фенол сыйымдылығы 50-250 м3 сақөтағышта
сақталады, ол жыланша кеңістігімен және ортадан тепкіш сораппен
жабдықталған, жыланшаның қызметі шикізатты қыздыру және сораптың қызметі
фенолды рециркуляциялау және өлшемді сыйымдылыққа беру болып табыбады.
Формалин зауытқа алюминийлі темір жол цистерналарында келіп түседі, және
ол жерден вакуум немесе ортадан тепкіш сораптармен сыйымдылығы 20-50 м3
цехтық сақтағыштарға беріледі. Сақтағыштар тұнбаға түскен параформды еріту
және қыздыру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фенопластар. Фенол – альдегидті шайырлар негізіндегі пресс – материалдар типтері
Метилорынбасқан пиперидин-4-он қосылыстарының электртотықсыздану кезінде түзілетін аралық өнімдердер
Мұнай құрамынан шайырлы асфальтты заттарды анықтау әдістерін зерттеп талдау
Органикалық химия саласындағы карбамидті қосылыстар және оның туындыларын синтездеу
Полимерлеу реакциялары арқылы алынатын полимерлер
Қышқыл катализатор қатысында фенол - формальдегидтің конденсациясының өнімі
Синтетикалық шайырлар негізіндегі пластмассалар
Ксилитанның олигоэфирлерін синтездеу және зерттеу
Эпоксидті шайырлардың түрлері мен қасиеттері
Органикалық байланыстырғыш заттар мен олардың негізінде өндірілген материалдар
Пәндер