Себепті байланыс және оның қылмысты квалификациялаудағы маңызы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

§ 4. Себепті байланыс және оның қылмысты квалификациялаудағы маңызы

Қоғамдық өмірде көптеген құбылыстар бір-бірімен байланыста өмір сүреді және пайда болады. Қоғамдық құбылыстардың өзара қатысты-лығының бір түрі себептілік немесе себепті байланыс болып табылады. Қоғамдық болмыстарды зерттеумен айналысатын ғылымдардың көпшілігі өздерінің зерттеу обьектісіне жататын құбылыстың пайда болу себептерін немесе бір құбылыстың обьективтік жағдайлары болғанда оның басқа құбылысты негізді тудыру шамасын анықтаумен, өлшеу-мен айналысады.

Себепті байланыстар мәселесі криминологияда (қылмыстың себеп-тері мен жағдайларын ашу тұрғысынан), статистикада (факторлық және нәтижелік белгілердің өзара байланысын өлшеу бағытынан), әлеумет тануда, философияда, т. б. ғылымдарда зерттеледі.

Қылмыстық құқықта себептілік мәселесі қылмыстың обьективтік жағын сипаттайтын бір белгі ретінде қоғамға қауіпті іс-әрекетпен елеулі зардаптың арасындағы себепті байланыс тұрғысынан зерттеледі. Қылмыстық құқық теориясында себепті байланыс мәселесі себептілік тура-лы философиялық ілім негізінде қарастырылады.

Себепті байланыс мәселесі туралы посткеңестік және шетелдердің ғылымдарының зерттеулерінде әртүрлі теориялар мен концепциялар келтірілген. Мұндай зерттеулердің шешімдері талданып, нәтижесінде қазіргі қылмыстық құқық доктринасында қолданылатын себепті байла-ныс пайдаланылуда.

Қылмыстың обьективтік жағын сипаттайтын себепті байланыс ретін-де, қоғамға қауіпті іс-әрекеттің жасалуына байланысты елеулі зардапты тудыратын обьективтік категория алынады.

Қылмыстық құқықтағы бұл мәселенің маңыздылығы, ол іс-әрекетті қылмысты деп тану жолында, соған сәйкес жауаптылықты толық белгілеу үшін қолдануға жататын себепті байланыстарды анықтау, ал өзге байланыстарды, оның ішінде зиянды салдар тудыруға ықтимал-дығы аз немесе іс-әрекеттен алшақ жататын, сондай-ақ елеусіз байла-ныстардың терістігін дәлелдеу болып табылады.

Себепті байланыс материалдық құрамдардың, яғни қылмыстың аяқталуы үшін елеуді зардаптардың болуы міндетті болып табылатын құрамдардың обьективтік жағының міндетті белгісі болып табылады. Сондықтан жасалған іс-әрекетті қылмысты деп тану және жауаптылық-ты ддоыс белгілеу үшін себепті байланыстың анықталуы практика қызметінде маңызды болып табылады. Зардап туындағанмен, бірақ ол зар­дап жасалған іс-әрекеттің нәтижесінде болмаса, яғни іс-әрекет пен зар-даптың арасындағы байланыс қылмыстық-құқықтық сипатта болмаса, онда іс-әрекетті жасаған адам кінәсіз деп танылады немесе басқа адам-дар жауапты болады.

Себепті байланыстың қылмыстық-құқықтық сипатта болуы, ол бұл мәселеге қылмыстық құқық тарапынан қойылатын талаптарды білдіреді. В. А. Сергиевский «Қылмыстың обьективтік жағының міндетті белгісі деп танып отырған іс-әрекетпен оның нәтижесінің арасындағы себепті байланыс әртүрлі шартты көріністерінде (жеке адамдарға қарсы қылмыстарда «қысқа», «тікелей», «түзу», ал тау-кен немесе құрылыс жұмы-старын жүргізу немесе өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуда белгілі бір деңгейде алыста) болады және сипаты бойынша кінәлі болуы керек», -деп қылмыстық құқықтағы себептік байланысты мынандай түрлерде негіздейді.

Себептілік тізбегінің бірінші тобы - қылмыстық-құқықтық белгілерді иеленетін субьектінің нақты әрекет немесе әрекетсіздігі. Субьектінің іс-әрекетінен басқа ешкім де, ештеңе де детерминация-да, яғни қылмыстың салдарымен байланысты болмайды.

Әрекет (әрекетсіздік) уақыты бойынша зардаптың туындауының алдында болуы керек.

Іс-әрекет құқыққа қайшы немесе моральды дөрекі бұзатын түрде, зардаптың болуы мүмкіндігіне сай келуі керек.

Іс-әрекет тізбекті әрекетте дитерминант түрінде зардаптың туын-дауының қажетті жағдайы ролінде болуы керек.

Іс-әрекет салдардың туындауының қажетті жағдайы болып ғана қоймай, сонымен бірге қылмыс жасаудың нақты жағдайындағы сал-дардың себебі болуы керек.

Қасақаналық немесе абайсыздық нысанындағы іс-әрекетпен сал-дардың арасындағы кінәлі байланысты обьективтік байланыс деп қол-дану керек. Яғни алдында обьективтік себепті байланысты анықтап, содан кейін субьектінің көре білу мүмкіндігін ескеру керек» - дейді. 1

Себепті байланыс мәселесіне қойылатын талаптарды, іс-әрекет пен салдардың арасындағы байланыстың мағынасын мынандай екі түрде қарастыруға болады. Және бұларда себепті байланыстың қылмыстық құқықтағы ұғымын, оның квалификация жүргізу кезіндегі ролін ашып көрсете алады.

Біріншіден, қоғамға қауіпті іс-әрекетпен елеулі зардаптың арасындағы байланыс жай себепті байланыс емес, тікелей себепті байланыс түрінде болуы керек. Жоғарыда айтқандай қоғамдық өмірдегі құбылыстар бір-бірімен қатысты деп танылады. Яғни бір құбы-лыстың пайда болуы екінші құбылыстың туындауына себепші болып жатады. Нәтижесінде өзара байланысты бірнеше құбылыстар, уақиғалар өткеннен кейін ғана қоғамдық мүдденің бұзылуын білдіретін зардап туындауы мүмкін.

Қылмыстық құқық себепті байланыстардың зардапқа дейінгі мұндай тізбегін мойындамайды. Қылмыстық құқықта кінәліге қойылатын та-лап қысқа, әрі нақты, ол өз іс-әрекетіне одан туындаған зардапқа жау-апты болу. Қылмыстық құқық жауаптылықтың ең ауыр түрін белгілеу-мен айналысатындықтан іс-әрекеттің жасалуы нәтижесінде пайда бо-луы немесе болмауы мүмкін зардаптар үшін емес, болмай қоймайтын, жасалған әрекеттің мағынасы, бағыты, арналуы осындай зардаптың ту-ындауына соқтыратын іс-әрекеттер үшін жауаптылық белгілейді және осындай түрде себептілікті тікелей себепті байланыс деп таниды. Де-мек, себепті байланыстарды бірнеше факторлық және тікелей себепті байланыс деп бөлуге болады.

Бірнеше факторлық себепті байланыста алғашқы жасалған әрекет-пен туындаған зардаптың арасында бірнеше факт немесе әрекеттер бо­лады. Яғни бір әрекеттің жасалуы екінші адамның келесі әрекетті жа-сауына себепші болады. Екінші адамның әрекеті үшінші әрекеттің орын-далуына жағдай жасайды. Осы үшінші әрекет ауыр зардапқа соқтыруы мүмкін. Мұндай жағдайда осы соңғы үшінші әрекет зардаппен тікелей байланыста болады. Бірақ бұл әрекет тікелей байланысты білдірген-мен, себепті байланыста білдірмеуі мүмкін. Тікелей байланыста се-бептілік бар екенін анықтау үшін осы әрекеттің мағынасына яғни қауіп-тілігіне, бағытына, яғни қандай салаға жататындығына және арналуы-на, яғни зардап келтіруге арналғандығына, мұндай әрекетте зардаптың болмай қоймайтындығына назар аудару керек. Бірнеше фактілік себепті байланыста алдыңғы фактілер туындаған зардаппен тікелей байланыста болмағандықтан қылмысты әрекет деп бағаланайды. Өйткені, заң ада-мға жасаған әрекеттің тағы қандай оқиғалар тудыруы мүмкін екендігін көре білуге міндет қоймайды. Демек, қоғамға қауіпті іс-әрекетпен еле-улі зардаптың арасындағы байланыс жай байланыс емес, тікелей се-бепті байланыс түрінде болуы керек. Екіншіден, іс-әрекет пен зар-даптың арасындағы байланыс кездейсоқ емес, қажетті байланыс түрінде болуы керек. Қажетті байланыс дегеніміз іс-әрекеттің қоғамға қауіпті болып ғана қоймай, тиісті зардаптарды келтіруге арналған си-патта болуын білдіреді. Мысалы, адамның іш құрылысына немесе ба-сына бағыттап қару жұмсау, ол адамның өліміне немесе денсаулығына зардап келтірудің қажетті әрекеті болып табылады және осындай зар-даптарды болдырмай қоймайды. Сондай-ақ, зиянды қалдықтар шыға-ратын кәсіпорынның ауаға, суға, жерге зиянды қалдықтарды таратуды немесе ауру адамға дәрігердің тиісті дәрігерлік көмектерді көрсетпеуі, осы бағыттағы қажетті зардаптардың пайда болуының ықтималдығын арттырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмысқа қатысушылықтың белгілері және оның қылмысты квалификациялаудағы маңызы
Қылмыстың обьективтік жағы және саралау мәселелрі
Қылмыстық субъективтік жағының түсінігі және қылмыстық құқықтағы маңызы
Қате және оның түрлері бойынша квалификациялау
Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері
Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері. Оқулық
Оқулық - Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері
Қылмыстың субъектісінің ұғымы, белгілері және квалификациялаудағы маңызы
Қылмыстың субъектісінің ұғымы, белгілері және квалификациялаудағы маңызы туралы
Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz