Экологияның теориялық негіздері: экожүйе, биогеоценоз және орнықтылық


Экологияның теориялық негіздері

Экологиялық жүйелер

Экологияның ең негізгі объектісі экологиялық жүйе , немесе экожүйе - тірі организмдер жиынтығының коректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі. Функциялы тұрақтылығы аз уақытқа созылса да карым-қатынаста болатын құрауыштары бар кез келген бірлікті экожүйе ден атауға болады. Экожүйе деген терминді 1935 жылы бірінші рет ұсынған ағылшын экологы А. Тенсли. А. Тенсли экожүйені құрамына организмдер де, абиоталық орта да кіретін жер бетіндегі тірі табиғаттың негізгі функциялык бірлігі деп есептеуі және оның әр бөлігінің екіншісіне әсер ететініне назар аударды. Былайша айтқанда, экожүйе зат-тектердің айналымы мен энергия тасымалдануы жүретін табиғи бірлік. Экожүйеде заттектер айналымының жүруіне органикалык молекулалардың сіңімділік түрде белгілі коры және организмдердің үш функционалды әртурлі экологиялык топтары: пррдуценттер, консументтер, редуценттер болуы қажет.

Продуценттерге өздерінің денелерін бйорганикалық қосылыстыр есебінен құратын автотрфтық организімдер жатады.

Күн энергиясын пайдаланып, бейорганикалық заттектерден немесе бейорганикалық заттектердің тотығуынан өздігінен өндіре алатын тірі организмдер. Автотрофты организмдерге фотосинтезге кабілетті жасыл өсімдіктер, балдырлар мен фототрофты бактериялар жатады. Консументтер - бұлар гетеротрофты организмдер, продуценттер немесе басқа консументтер өндірген органикалық зат-тектерді қорек (азық) көзі ретінде пайдаланатын немесе оларды жаңа түрге трансформациялайтын организмдер. Бүларға барлық жануарлар (адамды коса), саңырауқүлақтар мен микроорга-низмдердің көбі, паразиттік және жәндіккоректі өсімдіктер жатады. Консументтер бірінші және екінші реттік болып бөлінеді:

  • бірінші реттік консументтер (фитофагтар) - тек қана өсімдіктекті корекпен тіршілік жасайтын жануарлар, көптеген жәндіктер (бүғы, піл, қой, каз, көк шегіртке, өсімдік биті) ;
  • екінші реттік консументтер (зоофагтар) - организмдер, жыртқыштар.

Консументтердің тағы бір маңызды тобына детритофагтар, немесе сапрофагтар - өлі органикалык заттектермен - өсімдіктер-мен жануарлардың тіршілігінен пайда болған қалдықтармен, өнімдермен коректенетін жануарлар (түрлі-түрлі қүрттар, бунақ-аяқтылар) жатады. Олар экожүйені тазалау функциясын атқарады және топырақтың, жертезектің, суқоймаларының түбіндегі шөгінділерді түзуге қатысады.

Жалпы консументтер экожүйенің коректік тізбегінде түтынушылар тобын күрайды.

Редуценттер өлі органикалык заттектермен коректенеді, оларды ыдыратып қайтадан бейорганикалық қосылыстарға айналдырады. Редуценттер арқылы экожүйе ортасына молекулалық азот, минералды элементтер және көмір қышқыл газы кайтарылып отырады.

Редуценттерге негізінде өліктер мен экскременттерде мекендеп, оларды біртіндеп ыдырататын микроорганизмдер (бактериялар, ашытқы микроорганизмдері, саңырауқұлақтар - сапрофиттер) жатады. Саңырауқулақтар негізінде өсімдіктердің клеткаларын, ал бактериялар жануарлар өлімтіктерін ыдыратуға катысады. Микроорганизмдср басқа да функцияларды атқарады, олар ингибиторлар (мысалы, антибиотиктер) немесе, керісінше, жылдамдатқыш - заттектер (мысалы, кейбір витаминдер) түзеді, олардың экологиялық маңызы ете жоғары, бірақ та осы уақытқа дейін толығымен зерттелмеген.

Осы қарастырған топтастыруды салыстырмалы деп есептеуге болады, себебі консументтер де, продуценттер де жартылай редуценттердің ролін атқарады, өмір тіршілігінде олар қоршаған ортаға заттек алмасуында шыққан минералды өнімдерді тастап отырады.

Экожүйенің қасиеттері оның күрамына кіретін осімдіктер мен жануарлардың әрекетіне байланысты. Әртүрлі экожүйелерде өсімдіктің күн энергиясын, минералды заттектердің және судың корын пайдалануы әртүрлі мелшерде жүреді.

Биомасса мен энергияның ауысып, өзгеріп отыратын кезде-рінде тіршілік қорлары барынша толық пайдаланылатын экожүйелерді қаныққан деп, ал осы қорды толық пайдаланбайтын экожүйелерді қанықпаған деп атайды.

Экожүйе деген түсінік белгілі бір дәрежемен, өлшеммен, күрделілігімен немесе пайда болу жолдарымен шектелмейді. Сондықтан жай жасанды (аквариум, бидай еккен дала, космос кемесі), сонымен қатар организмдер мен олардың тіршілік ортасынан тұратын күрделі табиғи жүйелер (кел, орман, даладеңіз, мұхит, биосфера) үшін осы экожүйе деген терминді қолдануға болады.

Экожүйе бір-бірімен карым-қатынастағы екі негізгі құрауыштан экотоптан (жансыз бөлігі) және биоценоздан (жанды бөлігі) тұрады.

Экотопка биоталық қүрылымдар: литосфера, гидросфера, атмосфера кіреді. Биоценоз - биотопты мекендейтін продуценттердің, консументтердің және редуценттердің қауымдастығы, яғни осы тірі экологиялық құрауыштардың нақты тепе-теңдігімен сипатталатын жүйелі жиынтық.

Биоценоз көптеген өсімдік, жануарлар мен микроорганизмдер түрлерінің өкілдерінен тұрады. Олар өздерінің мекендейтін ортасымен тығыз байланыста болады, сондықтан биоценозды экотоптан бөліп карастыру қиынға түседі. Осы себептен экотоп пен биоценозды біріктіріп биогеоценоз деп атайды. Биоценоз деген терминді ғылымға неміс биологы К. Мебиус 1877 ж. енгізген болса, В. Н. Сукачев биогеоценоз туралы түсінікті 1942 жылы енгізді. .

Экотоп пен биоценоз арасында мынадай тығыз байланыстар орын алған:

  • экотоп шарттары сан алуан болған сайын биоцсноздағы түрлерде соншалықты кеп болады;
  • экотоп жағдайларының қалыптан ауытқуы жоғары болған сайынбиоценоз соғүрлым түрге жүтаң және ерекше болып келеді, алкерісінше оның кейбір түрлерін құрайтын дарақтардың саныжоғары болады;
  • экотоптағы ортаның жағдайы неғүрлым бірқалыпты өзгеретінболса және ол үзағырақ өзгеріссіз қалыпта тұрса, биоценоз

соғұрлым түрлерге бай болады және қалыпты әрі тұрақты сақталады;

бір-біріне жақын туысқан екі түрдің өзі бір экотопта бірдей экологиялық қуысты алып жата алмайтын болғандықтан, түрге

бай тектер, әдетте, биоценозда өзінің жалғыз өкілі арқылы қатысады.

В. Н. Сукачевтің алғашқы анықтамасы бойынша биогеоценоз - Жер бетінің нақты бір бөлігіндегі біртекті табиғи элементтердің жиынтығы.

Биогеоценоз - эволюциялық қалыптасқан, кеңістігі шектеулі, тіршіліктері бір-бірімен байланысты, іштей біркелкі тірі организмдер мен оларды қоршаған абиоталық ортаның табиғи жүйесі (1. 2-ші сурет) .

Биогеоценозды биосфераның элементарлық биохорлық бір өлшемі дейді.

Барлық жер бетіндегі экожүйелерде өсімдіктер массасы басқа организмдердің массаларынан көп ece жоғары. Сондықтан көптеген биогеоценоздарды сипаттауға өсімдіктер жамылғыларының белгілі түрлері қолданылады. Оған қарап биогеоценоздарды қандай экологиялық жиынтыққа (кайыңнан құралған орман, ақ селеу шөп даласы, ми батпақ және т. с. ) жатқызуға болатынын анықтайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экожүйе мен биогеоценоз: тұжырымдама, құрылымы және жіктелуі
Экожүйе және биогеоценоз: құрылым, трофиктік байланыстар және энергия ағысы
Биогеоценоз пен экожүйе: өсімдік жамылғысының құрылымы, маңызы және қорғауы
Биоценоз, биогеоценоз және экожүйе: түрлік құрылым, тұрақтылық және экологиялық сукцессия
Экожүйе экологиясы: биоценоз, биотоп пен биогеоценоз және трофтық байланыстар
Қауымдастықтар экологиясы (синекология): экожүйе мен биогеоценоз құрылымы, трофикалық қатынастар және экологиялық қойма
Биоценоз, биогеоценоз және экожүйе: трофикалық құрылым, түраралық қарым-қатынастар және энергия мен зат айналымы
Экологияның теориялық негіздері мен терминологиясы: экожүйелер, биоценоздар және ағза-орта қатынастары
Әлеуметтік экологияның тарихи, теориялық және әдіснамалық негіздері
Экологияның қазіргі кезеңдегі негізгі бағыттары мен теориялық-қолданбалы мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz