ХІХ ғасырдағы Ресей империясының Қазақстанда жүргізген реформалары


1. Жарғының басты мақсаты:
• Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірінде əкімшілік, сот, саяси
басқару-ды өзгерту.
• Рулық-феодалдық тəртіптерді əлсірету.
• Орта жүздегі хандық билікті жою.
2. Орта жүздің əкімшілік құрылымы:
• ОКРУГ- (15-20 болыс) басқарушысы округтік приказ жəне аға
сұлтан.
• БОЛЫС- (10-12 ауыл) басқарушысы-болыс сұлтаны.
• АУЫЛ- (50-70 шаңырақ) басқарушысы-ауыл старшыны.
Ауыл старшындары мен аға сұлтандар 3 жылға сайланады. Болыс
сұлтан-дары өмірлік мерзімге сайланып, билік мұрагерлікпен берілді. Егер
мұрагері болмаса інісі немесе облыстық басқарма бекіткен туысы
сайланады.
Болыстық сұлтан ресейлік 12-кластық дəрежедегі чиновникке
теңестіріледі. Аға сұлтандарды тек сұлтандар ғана сайлап, майор əскери
шені, 10 жылдан кейін дворяндық атақ берілді.
Орта жүз жəне Ұлы жүздің бір бөлігінің территориясы «Сібір
қырғыздарының облысы» аталып, Батыс Сібір генерал-
губернаторлығының құрамына енгізілді. Басқару орталығы-Тобольск (1839
жылға дейін), кейін Омбы болды.
3. Сот ісі:
• Қылмыстық істер
• Талап ету
• Шағым айту
Қылмыстық істер округтік приказда қаралды. Округтік приказдың
сот шешімдерін қайта қарауға құқы болмады. Істі алдын-ала тексеруге
бимен қатар бір орыс чиновнигі қатыстырылды.
4. Саяси реформаның салдары:
• Басқаруды жеңілдетіп, өзара рулық қырқыстарға біршама тиым салды.
• Өлкені шаруашылық жағынан игеруге қолайлы алығышарт жасалды.
• Ресейдің отаршыл саясатын кеңейтуге жол ашты.
Басқару жүйесі:
• Кіші жүз үш бөлікке Шығыс, Орта жəне Батыс бөліктерге бөлініп,
оларды сұлтандар басқарған.
• Жергілікті əкімшіліктің құрамына жүздер бөліктерінің билеуші
сұлтандары, дистанциялар мен жергілікті жерлердің бастықтары енді.
• 1831 жылдан бастап үш бөліктің қазақтары дистанциялық бөліктерге бөлініп басқарылды. Дистанция- орыс шекарасына жақын жатқан қамалдар арасындағы учаскелер. Кіші жүздегі бұл басқару жүйесі 1831 жылдан 1868 жылға дейін сақталды. Дистанциялық басқару іл ішіндегі рубасыларының билігіне шек келтіріп отырды.
• Аға сұлтанды тек сұлтандар ғана сайлады, оларға Ресейлік майор шені, ал 10 жылдан кейін дворяндық атақ берілді. Аға сұлтанды хан сияқты ақ киізбен көтеретін. Біртіндеп аға сұлтан бар болғаны Омбы облыстық басқармасының сойылын соғушы отаршылдық биліктің тірегіне айналды.
Жарғы бойынша:
• Кіші жүздегі басқару билігіндегі бір ерекшелік-шеп бойындағы қамқоршы лауазымының енгізілуі. Бұл билікке тек патша шенеуніктері тағайындалды. Олар шеп бойындағы қазақтарға «қамқорлық жасаушы» органдар ретінде құрылды. Алайда бұлар да патша өкіметінің саясатын жүргізді.
• 1824 жылы Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға қызметке шақырылып, Кіші жүздегі хандық билік жойылды.
Реформаның салдары:
• Орталық басқарылу нығайтылды.
• Табиғат байлықтарын кеңінен игеруге мүмкіндік туды
Əкімшілік басқарудың əскери сипаты:
• Облыс басқарушысы əскери жəне азаматтық билікті қатар жүргізді.
• Болыс басқарушысы полицейлік жəне тəртіп орнататын билікті иемденді.
• Реформаның басты қағидасы-əскери жəне азаматтық биліктің ажыратыл-
мауы.
Сот ісін басқару құрылымы:
• Əскери сот комиссарлары
↓
• Уездік соттар
↓
• Билер мен қазылар соты
Мақсаты:
XIX ғ. 60-шы жылдарында Қазақстанның жері бірнеше əкімшілік- территориялық облыстарға бөлінді. Облыстар үш генерал-губерна- торлықтың құрамына кірді. Мұндағы мақсат - отаршылдық тəртіпті күшейту еді.
Реформа нетижесі :
•1868 жылдан бастап жаңа тəртіп бойынша қазақ даласын облыстарға, облыстарды уездерге, уездерді болыстарға, болыстарды ауылдарға бөлді де, ел арасында съезд өткізіп, болыс, старшын сайлау дегенді енгізді. Үш генерал - губернаторлық: Түркістан, Орынбор жəне Батыс Сібір. Барлық əскери жəне азаматтық өкімет билігі түгелдей генерал-губернатордың қолында болды.
• Орынбор генерал - губернаторлығына - Орал жəне Торғай облыстары, Батыс Сібірге генерал - губернаторлығына - Ақмола мен Семей облыстары, Түркістан генерал - губернаторлығына - Жетісу мен Сырдария облыстары енді. Жетісу орталығы Верный, Сырдария орталығы-
Ташкент болды. Бұрынғы Бөкей хандығының жері 1872 жылы Астрахань
губерниясына қосылды. Маңғышлақ приставы 1870 жылы Кавказ əскери
округінің қарауына берілді, ол кейіннен Закаспий облысына енді.
Əкімшілік басқарылу құрылымы 5 сатылы басқару жүйесіне
негізделді:
1. Генерал-губернаторлық (басқарушысы- генерал-губернатор)
2. Облыстар (басқарушысы-əскери-губернатор, атаман)
3. Уездер (басқарушысы-уезд бастықтары)
4. Болыстар (басқарушысы-болыс сұлтаны)
5. Ауылдар (басқарушысы-ауыл старшыны)
Жаңа ережеге сәйкес:
Түркістан генерал-губернаторлығына үш облыс: Сырдария, Ферғана, Самарқанд кіргізілді. Кейініректе, 1897 жылы, Жетісу облысы да жаңа генерал-губернаторлықтың құрамына берілді. Облыстардың билігі әскери губернаторларға берілді. Халық саны 800 230 адам, жер көлемі 353 430 шаршы шақырым болатын, көршілес Жетісу облысы 6 уезден: Верный, Қапал, Лепсі, Пішпек, Пржевальский және Жаркент уездерінен тұрды.
Реформа нәтижесі:
1886 жылғы Ереженің негізгі өзегі бүкіл жер қорын мемлекеттің меншігіне беру болды, ол қазақтардың экономикалық әл-ауқатының негізгі нысаны - мал шаруашылығына орасан нұқсан келтірді. Жерді мемлекеттік меншік деп жариялап, жергілікті халықты жерін беймерзім жалға берушілер деп қараған үкімет, соңғыларына «мал жаюға, топырақ және тас, балшық жинауға» құқық бере отырып (253-бап), номадтардан құнарлы алаптардың алып қойылуын тездетті, ол XX ғасырдың басында столыпиндік аграрлық реформалардың жүргізілуімен аяқталды.
Салық жүйесі:
1886 жылғы Ереженің отаршылдық бағыты салық жүйесінен де өз көрінісін тапты. Ол 1867 жылғы Уақытша ереженің баптарын қайталады; әр түрлі міндеткерліктердің көлемін көбейтті. Мысалы, шаңырақ алымы 4 сомға дейін көбейтілді.
Сот жүйесі:
Сот құрылымындағы өзгерістер Ережеде көрсетілген жаңалықтардың іске асырылуын заң тәртібімен қамтамасыз етуге тиіс болды және ол рыноктық қатынастарға тартылған әлеуметтік жіктердің мүдделерін қорғауды көздеді. Негізгі үш сот инстанциясы - бітістіруші судья, облыстық сот және үкіметтік Сенат отаршылдық тәртіптер енді ғана орныға бастаған жағдайларда қоғамның тіршілігін құқықтық жағынан қамтамасыз етуді реттеген бұрынғы заң ережелерін жоққа шығарды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz