Автомобиль өндірісінің Қазақстанда дамуы



1 Автомобиль өнеркәсібі
2 Қазақстанда машина жасау өндіріс саласы
3 Машина жасау кешенінің қазіргі заманғы жай.күйін бағалау
4 Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау
5 Қазақстанда машина жасаусаласын дамытудың негізгі проблемалары
Автомобиль өнеркәсібі — өнеркәсіптің автомобиль жасауға мамандандырылған саласы. 1892 ж. Генри Форд (АҚШ) өзі жүретін автомобиль жасап шығарғаннан кейін көліктің осы түрін өнеркәсіптік тәсілмен шығару Еуропа елдерінде тез дамыды. Франция, Англия, Швеция, Италия, Германия, Ресейде автомобиль жасайтын арнаулы кәсіпорындар көбейді. А. ө-н өркендетуде өндірістің желілік әдісін кеңінен қолданған АҚШ алға шықты. 1900 ж. мұнда 4192 автомобиль жасалды. Францияда 1895 ж. құрылған “Рено”, 1896 ж. құрылған “Пежо автомобиль” монополиялары аз уақыттың ішінде жылына екі мың автомобиль шығара алатын дәрежеге жетті. Автомобиль зауыттарында жүк және жолаушылар таситын автомобильдер, сұйық заттар (бензин, май, су, сүт т.б.) тасуға арналған автоцистерналар, автокүймелер (автофургондар), сусымалы және жабысқақ жүктерді таситын автоқотарғыштар, тіркемелер, жартылай тіркемелі сүйреткіштер, цемент, мал, мал азығын таситын арнайы қораптары бар автомобильдер, тез бұзылатын жүктерді таситын рефрижераторлар т.б. шығаратын болды. Автомобиль өндірісі бензин, керосин, металл, бояуларды көп талап еткендіктен Автомобиль өнеркәсібі мұнай, химия, металлургия өнеркәсібінің өркендеуіне жол ашты.
1. Мендебаев, Т. М. Машина жасау технологиясының негiздерi: [жоғары оқу орындары техн. мамандықтарының студ. арналған оқу құралы] / Т. М. Мендебаев. — Алматы: Эверо, 2005. — 321 б.

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
1.2 Автомобиль өндірісінің Қазақстанда дамуы

Автомобиль өнеркәсібі — өнеркәсіптің автомобиль жасауға мамандандырылған саласы. 1892 ж. Генри Форд (АҚШ) өзі жүретін автомобиль жасап шығарғаннан кейін көліктің осы түрін өнеркәсіптік тәсілмен шығару Еуропа елдерінде тез дамыды. Франция, Англия, Швеция, Италия, Германия, Ресейде автомобиль жасайтын арнаулы кәсіпорындар көбейді. А. ө-н өркендетуде өндірістің желілік әдісін кеңінен қолданған АҚШ алға шықты. 1900 ж. мұнда 4192 автомобиль жасалды. Францияда 1895 ж. құрылған “Рено”, 1896 ж. құрылған “Пежо автомобиль” монополиялары аз уақыттың ішінде жылына екі мың автомобиль шығара алатын дәрежеге жетті. Автомобиль зауыттарында жүк және жолаушылар таситын автомобильдер, сұйық заттар (бензин, май, су, сүт т.б.) тасуға арналған автоцистерналар, автокүймелер (автофургондар), сусымалы және жабысқақ жүктерді таситын автоқотарғыштар, тіркемелер, жартылай тіркемелі сүйреткіштер, цемент, мал, мал азығын таситын арнайы қораптары бар автомобильдер, тез бұзылатын жүктерді таситын рефрижераторлар т.б. шығаратын болды. Автомобиль өндірісі бензин, керосин, металл, бояуларды көп талап еткендіктен Автомобиль өнеркәсібі мұнай, химия, металлургия өнеркәсібінің өркендеуіне жол ашты.

20 ғ-дың 30-жылдары бүкіл дүн. жүзінде қаулай өркендеген А.ө. дүниежүзілік соғыстар тұсында қуатты әскери қару екенін танытты. Осыған орай ракета қондырғылары, радио, радиолокация станциялары, әскери жабдықтар орнатылған машиналар, ауыр ракеталарды, артилл. жүйелерін, мина атқыштарды, ұшақтарды, арнайы тіркемелерді алып жүретін автомобильдер көптеп шығарылды. А.ө. жасаған жанар-жағармай мен оттегін құятын арнаулы жабдықталған машиналар, жүк көтергіштер, штаб автобустары, жөндеу шеберханалары, химия әскерлерінің, инженерлердің, санитарлардың, өрт сөндірушілердің арнаулы машиналары әскери бөлімшелердің майданда маневр жасауына, жауынгерлік тапсырмаларды жедел орындауына қыруар көмек көрсетті. Автомобиль зауыттары шығарған ұшақтардың энергетика, гидравлика, пневматика және басқа да жүйелерін тексеретін, ұшақтарды жетекке алатын, ұшу-қону алаңын тазартатын арнаулы машиналары әскери авиацияның қуатты қарқынмен өркендеуіне жол ашты.

2-дүн. жүз. соғыстан соңғы кезеңде автомобиль өнеркәсібі зор қарқынмен дамып, өнеркәсіптің арнайы мамандандырылған тиімді салаларының біріне айналды. Автомобиль өндірісімен түбегейлі айналысатын ғыл.-зерт. және жобалау ин-тары технол. процестерді үздіксіз жетілдіру, энергет. және отын ресурстарын, шикізат пен материалдарды, еңбек шығындарын үнемдеу арқылы халық ш-ның талаптарына сай жаңа тұрпатты автомобильдер шығаруды қолға алды. Өнімді жұмыс істейтін жабдықтар мен жетілдірілген өндіріс технол-сын қолданған А.ө. жанармайды үнемдейтін шағын литражды жеңіл автомобильдермен қатар жайлы автобустар өндірісін игерді. Двигательдің қуатын арттырып, отын шығынын кемітетін, жол талғамайтын, жүкті көп көтеретін автомобиль кәсіпорындары көбейді. Ресей автомобиль өнеркәсібінің 10-12 т жүк көтеретін ауыр автоқотарғыштарын, 12-14 т жүк көтеретін қорапты автомбильдерін, 25-40 т жүк тартатын карьер қотарғыштары осы тұста шығарылды. А.ө-бін өркендетуге, әсіресе, АҚШ, Англия, Германия, Франция, Италия, Жапония автомобиль монополиялары зор үлес қосты. 20 ғ-дың алпысыншы жылдарының ортасында ғана 3 американ, 7 батыс еуропалық автомбиль монополиясына дүн. жүз. автомбиль өндірісінің 80% үлесі келді. Осы тұста “Дженерал моторс” (General Motors), “Форд мотор” (Ford Motor) және “Крайслер” (Chrysler) компаниялары дүние жүзінде шығарылатын бүкіл атвомобильдердің 90%-тен астамын қолдарына алды. Германияның “Фольксвагенверк” (Volkswagenwerk), А. Опель (А. Opel), “Форд-верке” (Ford-Werke) және Даймлер-Бенц (Daіmler-Benz) фирмалары, Англияның “Бритиш мотор холдингс” (Brіtіsh Motor Holdіngs), “Форд мотор” (Ford Motor), “Воксколл моторс” (Vauxhall Motors), “Рутс моторс” (Rootes Motors) және “Лейленд мотор” (Leyland Motor) компаниялары, Францияның “Рено” (Renault), “Пежо автомобиль” (Pengeot Automobіles), “Ситроен” (Cіtroәn) және “СИМКА автомобиль” (SІMGA Atomobіles) фирмалары өз елдеріндегі бүкіл автомобиль өнеркәсібін өздерінің монополиясына айналдырды. Италиядағы “Фиат”, Жапониядағы “Тоәта моторс” және “Ниссан мотор” компаниялары автомобиль жасайтын және бұл көлікті шет елдерге көптеп сататын дүние жүзіндегі аса ірі монополиялар болып отыр.

Қазақстанда автомобиль өнеркәсібі болмағандықтан автомобиль құралдары негізінен Ресей, Венгрия, Польша, Чехословакия т.б. елдерден алынды. Қазақстанның Оңт. Корея автомобиль жасаушыларымен ынтымағы жақсы нәтиже берді. Алматыда бірлескен автомобиль зауыты ашылды. Бұл Қазақстанда автомобиль өнеркәсібін өркендетудің алғашқы қадамы болды.

Қазақстанда машина жасау өндіріс саласы ретінде Ұлы Отан соғысы жылдарында эвакуациямен көші ріліп өкелінген кәсіпорындардың негізінде құрылды.Металлургиялық құрал-жабдык (Алматы), автоматты сығымдау (Шымкент),  аппаратураларын (Ақтөбе), автокөлі к қозғағыштарын (Петропавл), ауыл шаруашылық техникасын (Астана) шығаратын ірі зауыттар осылайша пайда болды.Соғыстан кейінгі жылдарда ондаған машина жасау зауыттары салынды. Аспап жасаудың, электротехникалық өнеркәсіптің, трактор жасаудың жаңа салалары пайда болды. Яғни машина жасау салаларының кешені калыптаса бастады.1990 жылдардың басында машина жасау кешенінің құрамында 2500-дей өнім түрлерін шығаратын 370 зауыт болды. Дегенмен, машина жасаудың жалпы даму деңгейі бойынша Қазақстан басқа одақтас республикалардан бірталай артта калып келді. KCPO-да ол жалпы өнім шығарудан үшінші, ал машина жасаудан он екінші орындағы республика болды.Бірақ кешеннін, құрылымы Қазақстан үшін қолайлы болмады.Барлық зауыттардың 13 белігі тек ескірген техниканы жөндеумен айналысса, ал тағы да сондай бөлігі металлконструкцияларын өндірді. Қалған бөлігінің жартысын Қорғаныс-өндірістік кешен (ҚӨК) құрады.1990 жылдары машина жасау кешені оның өнімдеріне деген сұраныстың күрт төмендеуіне байланысты терең дағдарыс жағдайында болды. Басқа республикалардағы кәсіпорындармен көптеген өндірістік байланыстар үзілді. ҚӨК зауыттарының алдында өндірісті конверсиялау, яғни халық пен экономикаға кажетті өнім шығару міндеті тұрды. Конверсия өте баяу жүрді. Өнеркәсіптердің барлығы жаңа жағдайға бірден үйреніп кете алмады. Нарықтық қатынасқа табысты етудің мысалын Петропавлдағы зауыттардың бірінен көруге болады.
Машина жасау бүкіл әлемде ұлттық өнеркәсіптің технологиялық деңгейінің көрсеткіші ретінде қабылданады. Бұл сала жанама салаларды дамыту үшін мультипликативтік әсер береді, халықтың жұмыспен қамтылуын бірнеше рет ұлғайтады және сол арқылы тұтастай алғанда экономиканың бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етеді.
Ендеше, Қазақстан экономикасының өсуі машина жасаудың озық өсуімен қатар жүруі тиіс. Бұл өнеркәсіп кәсіпорындарындағы механикаландыру деңгейін арттыруға және республика экономикасы салаларындағы еңбек өнімділігін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында машина жасауды дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған бағдарламаны әзірлеу үшін негіздеме Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасын Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 — 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының 5-тармағы болып табылады.
Бағдарлама жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жоғары технологиялық және қазіргі заманғы жабдықпен жаңғыртуға, халықаралық стандарттың бәсекеге қабілетті өнімін шығару бойынша жаңа кәсіпорындар құруға, барлық жұмыс істеп тұрған отандық машина жасау кәсіпорындарының байланыстары мен кооперациясын дамытуға бағытталған.
Бағдарламаны саланы жүргізілген маркетингтік зерттеулер негізінде айқындалған бәсекеге қабілетті өнімді шығаруға бағытталған жаңа сапалық деңгейде қалпына келтіруді және дамытуды бастауға, оның өндіріс көлемін ұлғайтуға және тұрақты өткізу нарықтарын табуға арналған, сонымен қатар қайта жаңарту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және өндірістің озық шетелдік технологиялары мен кәсіпорындарды басқару менеджментін енгізу есебінен жұмыс істеп тұрған машина жасау кәсіпорындарын жедел дамыту және  машиналардың, технологиялар мен жабдықтардың жаңа түрлерін жасауға бағытталған барынша тиімді, ғылыми-техникалық және технологиялық әзірлемелерді игеру негізінде өнім сапасын тұрақты жетілдіру бағдарламасы ретінде қарастыру керек.
Машина жасау кешенінің қазіргі заманғы жай-күйін бағалау. Қазіргі кезде Қазақстанда машина жасау экономикалық қызметтің мынадай түрлерін қамтиды: машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдары өндірісі; компьютерлерді, электрондық және оптикалық өнім өндірісі; электр жабдығы өндірісі; басқа санаттарға қосылмаған машиналар мен жабдықтар өндірісі; автокөлік құралдары, трейлерлер мен жартылай тіркемелер өндірісі; өзге де көлік құралдары өндірісі; машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату.
2008 жылғы ішкі өндіріс көлемі 303 млрд. теңгені құрады. Экспорт көлемі — 154,5 млрд. теңге, ол өз кезегінде экспорттың жалпы көлемінің 2 % — ын құрайды.
2009 жылдың қорытындылары бойынша 282,5 млрд. теңге сомасына өнім өндірілген, бұл 2008 жылмен салыстырғанда (303 млрд. теңге) 6,8 %-ға төмендеген. Оның ішінде машиналар мен жабдықтар 115,5 млрд. теңгеге, электр жабдықтары 61,5 млрд. теңгеге, көлік құралдары 105,5 млрд. теңгеге өндірілген, алдыңғы жылмен салыстырғанда өндірілген машиналар мен жабдықтар көлемі құндық көріністе 9,8 %-ға, электр жабдығы — 13,4 %-ға төмендеп, ал көлік құралдары 1,4 %-ға ұлғайған.  Машина жасау секторы 2008 жылға дейін барынша жоғары қарқынмен өсті, 2008 жылы басқалармен салыстырғанда дағдарысқа орай көп зардап шекті.  Бұл бірінші кезекте машина жасау өніміне сұраныстың инвестициялық сипатымен байланысты. Соңғы жылдары машина жасау өніміне сұраныс өсімінің өзекті драйвері мұнай-газ саласына инвестициялардың өсуі және құрылысты ауқымды дамыту болды. Дағдарыс басталғалы бері тұтынушы сала компаниялары бірінші кезекте операциялық қызметтің тиімділігін сақтай отырып, өндірісті ұлғайтуға және жаңғыртуға ауқымды инвестициялардан бас тартты. Оның үстіне қаржы саласындағы дағдарыс халыққа арналған кредиттік ресурстардың қол жетімділігін төмендетуге әкелді, бұл да сұраныстың, мысалы автоөнеркәсіп өніміне сұраныстың азаюына әкелді.
Қазақстанның өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі машина жасау өнімінің үлесі 1990 жылғы 15,9 %-дан 2008 жылы 3,0 %-ға дейін төмендеді, ал 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда ол өсіп, 3,2,%-ды құрады
Өңдеуші өнеркәсіптегі машина жасау саласының үлесі 9,5 %-ды құрайды. Өнеркәсіп кәсіпорындарының жалпы көлемінде машина жасау өнімін өндірушілері тек 6 %-ды құрайды.  Машина жасау саласы үшін кадрларды даярлау Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстарында 5 мамандық бойынша 19 техникалық және кәсіптік білім беру (бұдан әрі — ТжКБ) орындарында (8 біліктілік бойынша) және 18 жоғары оқу орнында (050712 — Машина жасау мамандығы бойынша) жүргізіледі.
Бүгінгі күні машина жасау саласының инвестициялық жобаларын іске асыру бойынша кадрларға деген қажеттілік осы Бағдарламаның 1-қосымшасына сәйкес 6 299 адамды құрайды.
Қазақстанның негізгі сауда әріптесі Ресей болып табылады — оның үлесі машина жасау өнімі импортында 19 %-ды және экспортта 31 %-ды құрайды. Ресейден басқа машина жасау өнімінің негізгі импорттаушылары: Германия (11 %), Қытай (11 %), АҚШ (10 %) және Жапония (6 %) болып табылады. Қазақстаннан машина жасау өнімі экспортының негізгі бағыттары Ресейден кейін: Ұлыбритания (экспоттың 15 %-ы), Түркия (13 %), Германия (7 %) және Швейцария (6 %) болып табылады. Импорт құрылымында автомобильдер, станоктар, мұнай-газ, тау-кен шахта және металлургиялық машиналар жасау өнімі, ауыл шаруашылығына арналған тұрмыстық техника мен техника 40 %-дан асады.
Экспорт құрылымында компоненттер, электр техникасы мен электр жабдығы, сондай-ақ автомобильдер басым.
Өндірістің дамушылығы мен бәсекеге қабілетінің көрсеткіші ретінде машина жасау өнімінің сыртқы сауда айналымы саланың экспортқа бағдарланушылығының әлсіздігін көрсетіп отыр. Машина жасау өнімінің импортқа айтарлықтай тәуелділігі де саланың төмен дамығанын көрсетеді.

Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау. Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы машиналары мен жабдықтары нарығының көлемі 2008 жылы 127 млрд. теңгені, тұрақты бағалардағы өсім қарқыны — 6,6 %-ды құрады. Бұл ретте сұраныстың 90 %-ы импорттық техника жеткізілімдерінің есебінен қанағаттандырылды. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау өнімі экспортының көлемі 2008 жылы  шамамен 2 млрд. теңгені құрады.
Қазақстан Республикасындағы тракторлар паркі 137 мың бірлікті, астық жинау комбайндары — 45 мың машинаны, дән себетін машина — 91 мың бірлікті, егін оратын машина — 15 мыңды құрады. 2001 — 2007 жылдардағы техниканы жаңғыртудың жылдық орташа қарқыны 0,8 — 3,2 %-ды құрады, бұл 10 — 12 жылға машиналардың орташа қызмет көрсету мезгіліне шарттасқан оңтайлы деңгейінен 8-10 %-ға төмен. Жаңартудың төмен қарқыны техникалар тозуының жоғары болуына алып келді: Қазақстан Республикасында машиналардың шамамен 85 %-ы амортизациялау мерзімінен тыс пайдаланылады. Мәселен, комбайнның қызмет көрсету мерзімі 8-10 жылдан аспайтын болғанымен, комбайндар паркінің 70 %-ы 16 жылдан астам мерзім бойы пайдаланады. Барлық қолда бар
машиналардың ішінде тракторлардың 74 %-ы, астық жинайтын комбайндардың 60 %-ы, егін оратын машиналардың 71 %-ы және егін себетін машиналардың 77 %-ы есептен шығарып алуға жатады.
Тозудың жоғары болуынан басқа болашақта сұраныс ауыл шаруашылығы машиналарымен қамтамасыз етуді арттыру қажеттілігіне байланысты болады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында астықты алқаптың 1000 га жеріне — 4, ал Канадада — 9, Италияда — 17, Германияда — 20 комбайн келеді. Машинамен жеткіліксіз қамтамасыз ету агротехникалық операцияларды (жер жырту, егін жинау және т.б.) орындау уақытын ұлғайтуға алып келеді, бұл нәтижесінде егіннің сапасын төмендетеді.
Қазақстанның трактор паркінің құрылымында жалпы мақсаттағы тракторлардың шамамен үштен екісін: Кировец типі 5 тарту класының, Т-150К 3 тарту класының дөңгелекті тракторлары, шынжыр табанды тракторлардың үштен бірі Т-4А, Т-95.4 4 тарту класының және ДТ-75М 3 тарту класының тракторлары құрайды. Қазақстан Республикасының шаруа қожалықтарында 65 мыңнан астам МТЗ-8082, ЮМЗ-8040.2 1,4 тарту класының дөңгелекті тракторлары пайдаланылады.

Ауыл шаруашылығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның мұнай-газ саласында машина құрастырудың дамуын мемлекеттік реттеу
Өнеркәсіп. Өнеркәсіп түрлері
Қазақстан Республикасы машина жасау өнеркәсібінің қазіргі даму жағдайы мен болашағы
Автокөліктерді таңдау, ұтымды пайдалану әдісі
Тасымалдау кызметі туралы жалпы түсінік
Қазақстандағы машина жасау кешенінің дамуы
Қазақстан Республикасының химия өнеркәсіп саласына жалпылама шолу
Машина жасау өндірісінің салалары
Шығыс Қазақстан аумағының геоглогиялық құрылымы
Көлік кешені, темір жол
Пәндер