Қытайдың ұлттық діні


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Қытайдың ұлттық діні

Қытай халқының ұлы жазушысы, қытайдың қазіргі заманғы көркем әдебиетінің негізін салушы Лу-Шүн өзінің шығармашылығында қытайдың дәстүрлі діни сенім-нанымына көбірек ден қойған қаламгер. Оның өзіндік себебі де жоқ емес еді. Халқының оянуын, елінің азат, өркениетті елдердің қатарына қосылуын арман еткен хас ойшыл, бірінші кезекте қытай халқының санасын діни фанатизмнен азат етуді мақсұттады.

Осындай ұлы мақсатпен өзінің әдеби-публицистикалық шығармаларында болсын, ғылыми-әдеби аудармаларында болсын, қоғамдық жұмыстарында болсын халықтың діни нанымы, діннің қытай халқы өміріне, қытай қоғамына тигізген әсер-ықпалы жөнінде көп ойланды, көп толғанды. Ал «Лу-Шүн мынадай діни нанымды құптамады, діндегі мынадай құбылыстарға оң қабақпен қарады» деу үшін, сондай-ақ оның себеп-салдарын түсіндіру үшін, жалпы қытай халқы ұстанып келген ертедегі діндер мен кейінгі іргелі діндердің жай-жапсарына бір үңіліп алу артық емес.
Қытайдағы өзге де әр қандай мәдени құбылстармен салыстырғанда қытайдағы ежелгі діндердің тарихы өте ұзақ, әрі ол қытай топырағында толассыз, үзіліссіз жалғасып келе жатқан танымдық һәм нанымдық процесс. Дін - қытай қоғамы даму тарихының ұзына бойына өзінің формасы мен мазмұнын өзгертіп, толықтырып, байытып отырды. Сөйтіп дін қытай халқының сенім-нанымына ие болумен бірге, оған жетекшілік етіп те келді. Әрине, барлық діндер секілді, дәстүрлі қытай діндерінің түп-тамыры да ежелгі қытай наным-сенімдерінде жатыр.

Ал ежелгі қытай діндері - табиғат құбылыстарына табыну, киеге табыну, рухқа табыну, тотемге табыну, жыныс мүшелеріне табыну, ата-баба аруағына сиыну, әулие-батырлар рухына сиыну т. б. - да толып жатқан алғашқы наным-сенімдер негізіндегі көп құдайлы діндер болатын. Бұл көп құдайлы діндер - қытайдың дәстүрлі діни сенім-нанымы қалыптаса бастаған алғашқы Чинь мен Хань дәуірінде бар болмыс-бітімімен жарқырап көрінді. Тіпті табиғаттың немесе Ұлы жаратылыстың тылсым заттары мен құбылыстарын өзінің басты табыну объектісі ететін жаратылыстық заттарға сиыну діні қытайдың алғашқы кезеңдегі: Шия, Шаң, Джоу бектіктері кезіндегі өркендеуі; одан кейінгі тәңірлік дін, ата-баба рухына табыну діні, аруаққа сиыну діні, сонымен бірге түрлі бақсы-балгерліктің кеңінен қанат жаюы - бәрі-бәрі де қытай халқының діни сенім-нанымын байыта Һәм күшейте түскені өз алдына, ең бастысы, бұлардың бәрі жиналып келіп, қытайдың өзінің төлтума іргелі діні Даосизмнің пайда болуына әлеуметтік һәм танымдық шарт-жағдай әзірлеп берді. Сонымен бірге алғашқыдағы көп құдайлы діндердің адамдар санасына терең орнығуы кейінгі кездегі бірнеше іргелі діннің (Дао, Буддизм, Ислам, Христиан) бейбіт, қатар, түсіністікте өмір сүруіне берік психологиялық негіз қалап берді.

Даосизм - шығыс Хань дәуірінде қытайлардың дәстүрлі перілік пен бақсылық өнері негізінде өмірге келді. Иә, тура осы мезгілде буддизм де жайлап ел ішіне тарала бастаған. Алайда даосизм мен буддизм арасында әсіресе, буддизм қытайдың дәстүрлі діни нанымымен сәйкес келе бермейтіндіктен, екі дін арасындағы қайшылық күшейе түсті. Сонымен даосизм өз топырағында кемелдене, күрес барысында жетіле түскен болса, буддизм де қытайдың дәстүрлі дүниетанымымен, наным-сенімімен күресе, керісе әрі келісе жүріп орнықты. Орныққаны сол тіпті Оңтүстік-Солтүстік бектіктер тұсында буддизм өркендеу кезіне аяқ басқан болатын. Ал Сүй, Таң дәуірлеріне келгенде даосизм де, буддизм де өздерінің ең бір гүлденген, жан-жақтылы дамыған дәуренін бастан кешіп жатты. Атап айтқанда тура осы кезеңде аталған екі діннің де үйлері (ғибадатхана, будхана) көптеп салынып, діни қызметкерлері барлық жерде жаппай үгіт-насихат жүргізіп жатты. Тіпті бұл діндердің гүлденіп, дамығаны соншалық, қытай жерінің тұс-тұсынан олардың түрлі ағымдары пайда бола бастады. Тура осы кезде, яғни Таң дәуірі тұсында сырттан басқа діндер - Ислам, Христиан секілді іргелі діндер кіре бастады. Осылайша қытай топырағы дәстүрлі ежелгі діндер, даосизм және сырттан келген діндер бірлікте өмір сүретін мекенге айналып шыға келді. Әрине, аталған діндердің таралуы мен орнығуы, дамуы біркелкі болған жоқ. Бірі әлсірегенде, бірі күшейіп, бірі күшейгенде қалғандары әлсіреп - толқынды даму формасын бастан кешірді. Мәселен, Миң, Цинь тұсына келгенде будда діні мен дао жаппай халықтың сана-сезіміне, тұрмыс-тіршілігіне салт-дәстүр ретінде сіңіп кетті де, дін ретінде дербес даму қуатын жоғалта бастады. Ал бұның керісінше тура осы кезеңде Ислам діні мен христиан діні жанданып, қанатын кеңге жая түсті.

Осы тұста мынаны атап айтқымыз келеді, қытайдың ертедегі діндері болсын, кейін пайда болған діндері болсын немесе сырттан келген іргелі діндер болсын қытай топырағында тарихтан өмір сүріп келді дедік. Бұл сөзімізден аталған діннің бәрі қытай қоғамымен, қытайдың дәстүрлі мәдениетімен қатыссыз, өз бетінше өмір сүріп жатты деген түсінік тумауы керек. Керісінше қытай елінің үш бектік, алғашқы Чинь және Хань дәуірлері тұсында, діндердегі жаңғыртулар мен дамулардың бәрі дерлік қытай қоғамының ықпалында болды. Әсіресе қытай елінің саяси жүйесі мен моральдық-этикалық жүйесінің дінге еткен ықпал-әсері аз болған жоқ. Жер бетіндегі әр қандай дін қытайдағыдай саясиланған, этикаланған емес. Тіпті қытайдың дінін оның саясаты мен этикасынан бөліп алу немесе танып-талдау мүмкін болмай қалған кезеңдер болғаны белгілі. Сондықтан әсіресе қытайдың мәдениеті туралы немесе ертедегі елдік саяси жүйесі туралы сөйлегенде, дәстүрлі қытай діндерін айналып өту тіпті де мүмкін емес.
Оның тағы бір себебі діннің өзі бір түрлі қоғамдық құбылыс қана емес, әрі ол мәдени құбылыс. Осы тұрғыдан біз дәстүрлі қытай діндерін бір түрлі мәдени құбылыс ретінде әрі бүкіл дәстүрлі мәдениетінің дамуы аясында қарастыратын болсақ қытайдағы барлық діндер - ежелгі наным-сенімнен бастап кейінгі кірме діндерге дейін - бір жағынан белгілі деңгейде өздерінің дара мәдени ерекшелігін бейнелесе, тағы бір жағынан дәстүрлі қытай мәдениетінің өзге салаларымен - қоғам, саяси, экономика, этика, заң, этнография, философия және ғылым, өнер т. б. - қабыса, кіріге байланысып жатты, әрі көбінде соның шылауында болды.

Алайда заманның өзгеріп, қоғамның дамуына байланысты, фетишизмдік, анимизмдік, тотемдік діндерді өзек еткен қытайдың дәстүрлі наным жүйесі кірме дін буддизмнен жергілікті дін даосизмнен жаңа мазмұн, жаңа форма ала отырып, оны өзіндегімен кіріктіріп, жаңа заманға лайықты даму арнасын тауып отырды. Әсіресе қытайдың дәстүрлі философия, ғылым, әдебиет, өнер салалары таза діни бағытта ғана емес, салыстырмалы түрде дербес дами бастады. Әрине бұл дегеніміз дін мен өзге мәдени құбылыстар мүлде бөлініп кетті деген ұғымды білдірмеуге тиіс. Есесіне қытайдың дәстүрлі діндері өздерінің дамуы, кемелденуі барысында қоғамдық тіршіліктің барлық саласына, ұлттық дәстүрлі мәдениетке өзіндік игі де, кері де ықпал-әсерін тигізіп отырды.

Қытай қоғамы мен дәстүрлі қытай мәдениетіне ықпал-әсері үлкен болған ежелгі діннің бірі - әулие-әмбиелер рухына табыну нанымы болатын. «әулие-әнбие» деп отырғаны тарихтағы «ұлы, қасиетті» тұлғалар еді. Ежелгі қытайлықтардың ұғымында олар жай адамдар емес, құдайдың жердегі өкілдері. Сондықтан олардың рухы өлмейді. «Әулие-әнбиелерге» табыыну діні міне осылай өмірге келген. «Әулие-әмбиелерге» ең бірінші кезекте жататындар тарихта өткен патшалар, хандар мен бектер… Феодалдық-монархиялық билік тұсында, барлық билеушілер өзінен бұрын тарихта өткен патша-ағзамдардың бәрінің рухына табынып, сиынып келді. Таң дәуірінен бастап, ел астанасынан, орталық қалалардан патша-ағзамдар рухына арнайы ғибадатхана салу сәнге һәм үрдіске айналды. Пекин қаласының Фучыңмын деген жеріндегі «тарихта өткен патша-ағзамдар ғибадатханасы» - сондай діни үрдістің жемісі болатын. «Әулие-әнбиелерге» жататындардың тағы бір тобы тарихта өткен ұлы ұстаз, әулие адамдардың рухы. Ұсақтарын есепке алмағанда, қытайда бұл топтың басы ретінде екі адамның аруағына табыну қытайдың ұзына тарихы бойына ешбір толас тапқан емес. Оның бірі Конь-фуци (孔子 - Коң-дзы ), енді бірі Гуаң-Гуң. Конфуци ойшыл, философ. Гуаң-Гуң - батыр, қолбасшы. Бұл екі адам қытайдағы феодалдық-ақсүйектік, монархиялық мемлекеттің ұзақ сақталуының тірегі әрі билік басындағылардың ең сенімді, берік рухани сүйеніші. Олардың рухына табыну мен сиыну қытай дәстүрлі мәдениетіндегі ерекше құбылыс. Алайда аталған адамдардың рухына сиыну мен табынудың өзіндік мазмұндық айырмашылықтары бар еді. Атап айтқанда, Кон-Фудзыға табыну - ежелгі феодалдық таным-нанымдық шараның бірі болатын. Яғни Хань дәуірінен басталған тағылымшылдықпен ел басқару идеологиясының жемісі еді. Гуаң-Гуңдікімен салыстырғанда Конь-фуциге табыну салты әлдеқайда салтанатты жағдайда өтетін.

Конь-Фуций рухына табыынудың тарихына көз жіберетін болсақ, оның қазасынан бір жылдан кейін б. ж. с. б. 478 жылы басталғанын аңғаруға болады[1] . Лу бектігі патшасы Конь-Фуциді мәңгі есте қалдыру мақсатымен ол тұрған үйді «Кон-дзы ғибадатханасы» деп қайта өңдеуден өткізді. Сөйтіп өзі оған жыл сайын келіп тұрды. Осының өзінен-ақ Лу бектігі патша-ағзамдардың Коң-дзыны елдеріндегі аса көрнекті қайраткерлер ретінде қарағанын білуге болады. Осыдан кейін Конь-Фуциге сыйынған, сыйынбағандық жөнінде дерек кездеспей кетеді де, тек, тағылымшылдық қайта өрлеген кезде, Коң-дзы оның басты көсемдерінің бірі ретінде тарих сахнасына қайта көтеріледі. Осыдан бастап қытай тарихындағы феодалдық патшалықтардың дерлік барлық патша-ағзамдары Конь-Фудзы рухына тағзым етіп, ел басқаруда оның тағылымдарын басшылыққа ала бастады. Себебі оның тағылымдарында билеуші тапқа, феодал бай-манаптарға ұнайтын мазмұндар, олар үшін қызмет ететін ұғымдар өте мол еді. Бұл туралы айтылған Ресейдің белгілі дінтанушы ғалымы, профессор А. Е. Кулаковтың: «Вся человеческая судьба предопределена небом и ничто в отношениях людей не может быть изменено. Из этих положений конфуцианского мировозрения вытекал культ предков, ставший фактически главным содержанием религиозной жизни в Китае. Конфуцианство со временем сделалось главной и официальной религиозно-философской системой Китая. Вместе с даосизмом она в течение многих веков определяла характер китайского народа, его образ жизни, формы государственности»[2], - деген байламымен толығымен келіcуге болады.
Демек қытайдың дәстүрлі діндеріндегі қою саяси реңк көбіне-көп діни және монархиялық биліктің өзара кірігіп, бір-біріне сіңісіп кететіндігінің нәтижесі деген сөз. Себебі ордадағы діни шара мен саясаттың барлық мазмұн, формасында тек монархиялық билікті бейнелеу, насихаттау, бекемдеу мақсаты ғана қамтылып жататын. Атап айтатын болсақ, қытай дәстүрлі діндеріндегі құдайға, бес патшаға, әулие-әмбиеге, ата-баба рухына сыйыынудың қай-қайсысын алсақ та, бәрінің келіп тірелер жері - басты функциясы - мемлекетті басқару аппаратын - монархиялық билікті барынша сырлы, сиқырлы етіп, «құдайландырып» көрсету болатын. Осылайша нешелеген ғасырлар бойына қарапайым қытай бұқарасының діни наным-сенімінің өзі - елді қанап отырған феодал-патриархалдық жүйе мен монархиялық-авторитарлық билікті бекемдеу, соны сақтап қалу үшін қызмет атқарып келді. Ал өздерінің осындай аянышты, мүшкіл халі туралы, оны өзгерту туралы ойлануға кон-фуцилік «вся человеческая судьба предопределена небом и ничто в отношениях людей не может быть изменено» - деген ұғым-түсінік мүлде жол бермейтін.

Алда-жалда ондай «оғаш» ойлайтын бас табыла қалса дереу кесіп тасталатын. Сонымен қытай дихандары «құдай о баста-ақ құлды құл, патшаны патша, байды бай, кедейді кедей етіп жаратқан. Құдай жаратқан тағдырды, болмысты адам өзгерте алмайды» дейтін де, өлместің күнін көріп жүре беретін. Тек ХІХ ғасырдың соңғы жартысында, қытай еліне батыстағы дамыған елдердің шапқыншылық, отаршылдық мақсатпен баса-көктеп кіруі, өз діндерін тарата бастауы, шектен асыра езіп-қанауы - бір жағынан қытай дихандарының өмірін қиындатып жібергенімен, тағы бір жағынан көп нәрседе көзін ашып берді. Әсіресе оқыған, сауатты адамдардың санасы серпілін, көкірегі оянды. Сонымен олар - оқыған азаматтар - туған халқын ең бірінші кезекте діни соқырсенімнен азат етуді, олардың көкірек көзін ашуды ойлады. Жоғарыда айтқанымыздай бұл қатарда аянбай тер төгушілердің бірі Лу-Шүн еді.

Әрине, Лу-Шүн де өз еліндегі дін және діни сенім мәселесі төңірегінде толғанғанбауы мүмкін емес еді. Өйткені ХХ ғасыр басындағы қытай мәдениет қозғалысы авторларының бірі, ұлы ойшыл, суреткер жазушы Лу-Шүн өзінің туа бітті ұлтсүйгіш, отаншыл қасиетімен, энциклопедиялық мол білімімен күллі адамзаттың ұшан-теңіз мәдени мұрасынан сусындай отырып, оған ғылыми, терең талдау да жасады. Осы барыста оның назарын көбірек аударған маңызды саланың бірі - адамзаттың діни мәдениеті еді. Діни мәдениетті зерттегенде ол көбіне-көп қытайдың әлеуметтік нақтылы өмірімен ұштастыра қарастыру жағына көбірек көңіл бөлді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚХР-дaғы иcлaм дiнi: тaрaлуы, ерекшелiктерi және қaзiргi жaғдaйы
Қытайдың орталық азиядағы қауіпсіздіктің экономикалық факторы
Біріншісі - жерді жалға беретін жер иеленушілер
Қытайда ұлтаралық қатынастарды басқару мәселелері
Ежелгі Шығыс мәдениеті туралы мағлұматтар
Діннің шығуы және алғашқы түрлері. Ежелгі шығыс халықтарының ұлттық діндері
Ежелгі Қытай мәдениеті жайлы
Ұлы жібек жолы жайында
Конфуцизмнің өмірі
Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік мәселесі және Қытайдың позициясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz