Суға бату


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:
Суға бату
Суға батудың себептері: жүзу білмейеуі, жүзу білетін адамдар, бірақ шаршағанда, халі нашарлағанда, сіңірі тартылып қалғанда және судың ішінде неше түрлі кедергі кезіккенде (балдыр, сым-темір), маскүнемдік, мидың шайқалуы, талықсу, ауыр жарақаттан егер сүңгіген кезде бас сүйегінің немесе омыртқаның, мойынның сынуы нәтижесінде суға батуы мүмкін.
Суға баттқан адамдар екі түрге бөлінеді: “ақ суға батушылар” және “көк суға батушылар”. Бірінші жағдайда зардап шегушінің тыныс алуының рефлекторлық тоқтауымен және тонып суынудан аяқасты естің шығуынан, құлаққа және евстахи түтігіне суық судың дабыл жарғағының тесігі арқылы кіруінің салдарынан жүрек қызметінің әлсіреумен сипатталады. Осыған байанысты адам тез батады, өкпеге су толып үлгермейді, зардап шегушінің терісінің бет жағы ағарады, дене ұстағанда суық, бет бейнесі көгереді, үстінгі тыныс алу жолдарынан су шығарылғаннан кейін көбік бөлінбейді.
Екінші жағдайда зардап шегушінің өкпесіне суық су кіреді, тұншығу байқалады, бұл жағдайда адамның терісінің беті көгереді, мойін мен аяқ-қолдың тамыры ісінеді, ауызбен мұрыннан қызғылт түстес көбіктің шығуы байқалады.
Суға батқан адамға алғашқы медициналық көмек: көмек көрсеткен кезде естің бар-жоғына, зардап шегушінің сыртқы келбетін, тыныс алудың және қан айналымының сипаты мен көрінісін ескерту керек.
Егер зардап шегуші есінің сақталуының алғашқы кезеңінде құтқарылса, шошынуды кетіру шараларын жасап, ылғал киімді шешіп, денені құрғағанша сүртіп, оны жылы үстайды, қымтап орайды, жылы грелка төсейді, ыстық шай, кофе береді.
Суға батушыны ессіз күйде алып шыққан кезде, алайда тыныс алуы мен тамырларының соғысы қанағаттанарлық болса оны аяқтарын 40-50 градусқа етбетінен көтеріп, мүсәтір спиртін иіскетуге береді, аяқ-қол мен кеуде клеткаларын ысқылайды.
Зардап шегушіні жанталас немесе клиникалық өлім жағдайында алып шыққан кезде реанимация шараларының кезектілігі төмендегіше болуы тиіс:
1) ауздың, мұрынның қуыстарын кұмнан немесе балшықтан тазарту (дәке салфеткасы оралған сұқ саусақпен тазартылады) ;
2) тыныс жолдары мен асқазаннан суды шығару (суға батушыны етбетінен жатқызып оны құтқарушы аяғын бүгілген тізесіне жатқызып), кеуде клеткаларын қысады;
3) жасанды тыныс алдыру;
4) қан айналымын қолдау, немесе жүрекке жабық массаж жасау.
Суға батқан адамға үмітті үзбей 20-30 минуттай реанимация шараларын жүргізген дұрыс.
Суға батып бара жатқан адамға көмек көрсету
Егер батып бара жатқан адам судың астына кетіп қалса, өкпеңізге ауа толтырып алып, суға сүңгіңіз, су ішінде көзіңізді ашып, жан-жағыңызды байқастаңыз. Судың іші анық көрінбесе, түбін қолдарыңызбен сипалаңыз. Ағымға ыңғайланып сүңгу керек. Егер батып бара жатқан адам судың бетіне шыға қалса, оған арт жағынан жүзіп барыңыз, әрі оның сіздің қолыңызға немесе мойныңызға жармасып алмауын қатты қадағалаңыз. Егер құтқарылушы сонда да қолыңызға жармасып алса, оның қолын сыртқа айналдырып жіберіп, үлкен саусақтарына қарай күрт жұлқынып қалыңыз. Егер ол мойныңызға немесе денеңізге жармасып алса, бір қолыңызбен оның белінен құшақтап, екінші қолыңызбен иегін басып, басын артқа итеріп жіберіңіз. Егер бұл тәсіл де көмектеспесе, терең дем жұтып батушымен бірге судың ішіне түсіңіз: түйсікпен су бетіне шығуға талпынған ол тірегі болмаған соң саусақтарын жазып жібереді. Батушының жармасуынан құтылған соң оны шалқалай жатқызып, мына әдістердің бірімен жағаға жеткізуіңіз керек:
Құтқарылушыны өзіңізге қаратып бұрып алып, бір қолыңызды оның қолтығынан өткізіп, оның екініші қолының білегінен ұстап алып, бір қолыңызбен және аяқтарыңызбен қозғалып жағаға қарай жүзіңіз. Бұл жағдайда құтқарылушының мұрыны мен аузы үнемі судың бетінде болуын қадағалаңыз.
Батушының басын екі жақ иегінен алақан ортасы құлақты жартылай жауып тұратындай етіп қолдарыңызбен ұстап алып, аяқтарыңызбен ғана жұмыс жасап жағалауға қарай жүзіңіз. Батушыны жағаға жеткізген соң оған алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз, ал егер қажет болса, жасанды дем алдыру жасаңыз.
Егер су ішінде денеңіздің қандай да бір бөлігінің сіңірі тартылып қалса, оны қатты шымшып алу керек: тартылу дереу-ақ тыйылады.
Мұздың астына түсіп кеткендерге алғашқы көмек көрсету үшін бірінші кезекте оның су ішінде тұра алуына көмектесу керек: жылым арқылы зардап шегушіні ұстануы үшін тасы бар жіп лақтырып, сырғауыл немесе таяқ беру керек. Содан кейін, егер мұз жамылғысы жұқа немесе астынан еріп жатқан болса, мұздың үстіне тақтайлар немесе сырғауылдар қойып, солар арқылы жылымға қарай бауырлап жылжып, зардап шегушіге қол созу керек немесе оның денесін жіппен байлап, соның көмегімен зардап шегушіні мұздың бетіне шығарған жөн.
Ми батпаққа батып бара жатқан адамды жіп, сырғауыл немесе ағаштың ұзын бұтағы арқылы шығарып алу керек, оларды зардап шегушіге қатты жерде - тамыры мықты орныққан бұтада, томарда немесе негізгі жағалауда тұрып берген жөн.
Судың ішінде сіңірдің тартылып қалуы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz