Қазақстан Республикасының Президентінің жыл сайынғы Жолдауы (1997-2011 жыл)


Қазақстан Республикасының Президентінің жыл сайынғы Жолдауы
(1997-2011 жыл)
Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауы 1997 жыл
БАРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ АУҚАТЫНЫҢ ЖАҚСАРУЫ, ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ӨРКЕНДЕУІ
1997 жылғы Жолдауды батыл түрде нағыз тарихи оқиға деп атауға болады, онда елімізді дамытудың ұзақ мерзімді стратегиялық жолы “ҚАЗАҚСТАН - 2030” айқындалды. Елдің басты мақсаттары мен басымдықтары айқындалды.
«Қазақстан-2030» стротегиясы .
1997жылы қазан айында Президент Н. Ә. Назарбаев-
тың «Қазақстан-2030» жолдауы жарияланды.
Жолдауда қаралған мәселелер:
1. Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары.
2. Реформаларды аяқтау.
3. Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу.
4. «Қазақстан барысын» қалыптастыру.
Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың ерешеліктері айтылды.
Бұл бағдарлама еліміздің саяси, әлеуметтік-экономиқалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген.
2030 жыл -Қазақстан күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1997 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы кейін “Қазақстан - 2030” Стратегиясы атауына ие болып, еліміздің ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз еткен базалық құжат ретінде қабылданғаны белгілі. Стратегия негізінде 12 жыл ішінде Қазақстан өз дамуында айтарлықтай нәтижелерге жетті
Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауы 1998 жыл
МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ТУРАЛЫ: ЖАҢА ЖҮЗЖЫЛДЫҚТА ҚОҒАМНЫҢ ДЕМОКРАТИЗАЦИЯЛАНУ, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ РЕФОРМА
«Елдегі жағдай мен ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы: Қоғамды демократияландыру, жаңа ғасырдағы экономикалық және саяси реформа» Жолдауы - сөз бостандығы, демократиялық ұстындар мен ішкі-сыртқы саясаттағы ілкімді жетістіктердің түптағаны болғанын көрсетеді.
Қазақстан экономикасы бұл турасында, бiздiң екі жақтылық есебiмiздiң алдында осында:
шығынсыз ауыр қаржы өлкесiнде мерзiм арқылы елдiң экономикасын өткiзу,
оның қалпына келтiру және қарқынды өсудiң жолына орнату,
және көп үмiттендiретiн қозғалыс және еркiн нарықтық экономика және дұрыс экономиканың табыстары адамдардың тұрмыс сапаларында тiкелей байланысу үшiн қамтамасыз етуге ашық бағытында тәуелсiз жалғастыру.
Қазақстан халқына арнаған сөзін аяқтай келе Нұрсұлтан Назарбаев былай деді: “Біз бірлесе отырып Қазақстанды табысты ел ете алдық және бірлесіп оны өркенді елге айналдыра аламыз”. Мемлекет басшысы алға қойған міндеттердің бәрі дәл бұрынғыдай шешімін табатынына ешқандай күмән жоқ және біздің Отанымыз - біздің туған Қазақстанымыз әлемнің озық мемлекеттерімен бір қатарда тұратын болады.
Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауы 1999 жыл
ЖАҢА ЖҮЗЖЫЛДЫҚТА МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ҚАУІПСІЗДІГІ
1. Тарих және тәуелсiздiк
Бiз жаңа жүзжылдықтың
табалдырығына қилы-қилы мұраны арқалап жеттiк,
сонымен бiрге ұлттық тарихта бiзге дейiн ешқандай ұрпақтың
қолына тимеген мүмкiндiктi де ала келдiк. Қияметтi де қияпатты
соңғы онжылдықта бұған дейiнгi жүздеген ұрпақтардың
қолы жетпегенге қол жеткiздiк: тәуелсiз мемлекет құра
алдық. Бiздi ендi ешқандай тарих желi жер бетiнен жойып
жiбермейтiндiгiнiң басты кепiлi мiне осы.
2. XXI ғасырдың салар сынағы
Әлемнiң бағыт-бағдары ұлттардың
да бағыт-бағдары болып барады. Бүгiнде оқшауланушылық
саясаты, әсiресе, Қазақстан үшiн жеңiлiспен тең.
Ұлт пен мемлекеттiң аман қалуының жалғыз жолы - экономиканы
ашық ұстау, әлемдегi қуатты экономикалық аймақтармен
ықпалдаса араласып-құраласу.
3. Ауытқымалы дүниедегi қауiпсiздiк
2000 жылдың
басында жаңа әскери доктрина қабылданбақ, онда әскердi
жеткiлiктi деңгейде қаржыландыру көзделетiн болады. Ел
басшылығы артық шу шығарып, дабыра жасамай-ақ саяси және
дiни экстремизмнiң жолын кесудiң нақты шараларын жүзеге
асырды. Бұл бiзге жаңа ғасырдың алғашқы
онжылдығына аспай-саспай қадам басуға мүмкiндiк
жасайды. Жер көлемi жағынан әлемдегi тоғызыншы ел болып
табылатын Қазақстанның шекаралары, қандай экономикалық
қиындықтарға да қарамастан, таяудағы жылдардың
өзiнде сенiмдi түрде бекiтiлетiн болады.
Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауы 2000 жыл
ТӘУЕЛСІЗ, ТИІМДІ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМҒА ҚАДАМ
2000 жылғы қазанда Мемлекет басшысы Қазақстанның экономикалық өсуі - ТМД елдеріндегі ең жоғары өсу деп мәлімдеді. Елде 16 саяси партия, 2500 үкіметтік емес ұйым жұмыс істеді, бұқаралық-ақпарат құралдарының 80 пайызы мемлекеттік емес еді. Саяси жүйені демократияландырудың негізгі бағыттары деп Президент сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайтуды, құқықтық реформаны, биліктің өкілді органдарының өкілеттіктерін кеңейтуді, сайланбалылықты кеңейтуді, сайлау заңнамасын жетілдіруді және азаматтық қоғам институттарын нығайтуды атады.
Еліміздің экономикасын көтеруде, әлемдік экономикаға кіруде ауыл шаруашылығын көтерудің маңызды рөлін ескерген Президентіміз 2000 жылғы халыққа
Жолдауында елімізде қалыптасқан экономикалық ахуал ауылды көтеруге мүмкіндік беретінін, ауылды қаржылық қолдау керектігін атап, ауылды көтерудің үш жылдық бағдарламасын бекітті. Осы бағдарламаны іске асыру нәтижесінде ауыл шаруашылығында өндірілетін өнімдер көлемі қысқа мерзімде қарқынды түрде дамыды, азық-түлікке ішкі сұраныс негізінен, отандық өніммен қамтамасыз етіле бастады.
Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауы 2001 жыл
МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН 2002 ЖЫЛҒА ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ТУРАЛЫ
2002 жылы Үкiмет мынадай мiндеттердi шешуi тиiс:
- индустриалдық және аймақтық саясаттың талдап жасалуын аяқтау;
- жоспарлау жүйесi бойынша айқындалу;
- мемлекеттiк функциялардың одан әрi кiрiсу және бюджетаралық қатынастардың орта мерзiмдi моделiн бекiту;
- үш жылдық перспективалық бюджеттi бекiтуге көшудi қоса алғанда, бюджеттiк процестi анағұрлым жетiлдiру.
Елiмiздiң Бюджет Кодексiнiң Тұжырымдамасы туралы да ойланатын кез келдi.
Нақты секторы одан әрi дамыту үшiн:
- акционерлiк қоғамдардың қызметi;
- бағалы қағаздар рыногын реттеу;
- есеп және есептiлiк мәселелерi бойынша қолданыстағы заңнамаға жедел түрде өзгерiстер енгiзу қажет.
Сондай-ақ Азаматтық авиацияны мемлекеттiк реттеу туралы заң қабылдаған жөн.
Бiздiң сыртқы саяси басымдықтарымыз өзгерiссiз қалады. Соған қарамастан, ахуалдың өзгеруi мен елдiң қажеттiлiгi:
- аймақтық рыноктарды, ең алдымен - еуразиялық және орталық азиялық экономикалық қоғамдастықтар рыноктарын тездетiп қалыптастыру;
- Шанхай Ынтымақтастық ұйымының шеңберiндегi ынтымақтастықты кеңейту;
- Каспий өңiрiндегi проблемаларды бейбiт жолмен шешу жөнiндегi дипломатиялық күш-жiгердi жандандыру сияқты бағыттарға айрықша ден қоюды талап етедi
Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауы 2002 жыл
2003 ЖЫЛҒА ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ТУРАЛЫ
2002 жылғы сәуірде жарияланған Жолдаудың басты тақырыбы ауылды түлету болды.
2003 - 2005 жылдарды ауылды (селоны) түлетуге арнау үшiн көптеген себептер бар. “Менiң Жолдауым да, мiне, нақ осы мәселеге арналып отыр. Кеңестiк экономиканың кембағалдығынан зардап шеккен де нақ сол ауыл шаруашылығы, ең алдымен дәл сол ауыл еңбеккерлерi, нарыққа көшу кезеңiнде оның залалын жон терiсiмен сезiнген де солар. Ауыл дегенiмiз - сайып келгенде, халықтың тұрмыс салты, мәдениетiмiздiң, дәстүрiмiздiң, әдет-ғұрпымыз бен рухани тiршiлiгiмiздiң қайнары.
Менiң нақты ұсыныстарым қандай?
Бiрiншi. Бiздiң бәрiмiз алдымен ауылға (селоға) қолдау көрсету дегенiмiз кез келгендi және көрiнгендi оңды-солды мемлекеттiк қаржыландыруға келiп тiрелiп тұрмағанын мықтап ұғынып алуымыз керек.
Екiншi. Мен Үкiметке ауылдық аумақтардың тұрғындарын келешегi болатындай етiп қоныстандыру үлгiсiн жасауды тапсырамын.
Үшiншi. Мен Үкiметтiң алдына барынша қысқа мерзiмнiң iшiнде Қазақстан агроөнеркәсiп кешенiн дамытудың үшжылдық президенттiк бағдарламасын әзiрлеу мiндетiн қоямын.
Мен Үкiмет пен әкiмдерге 2003-2005 жылдардың iшiнде жыл сайын ауылда бiлiм берудi, денсаулық сақтауды қаржыландыру әрi ауыз суға арналған әрi облысаралық және ауданаралық ауылдық автомобиль жолдарын салу мен жаңалауға арналған қаражат көлемiн 10 млрд. теңгеге ұлғайтуды тапсырамын.
Бiздiң баршамыз осы үдерiмдi одан әрi орнықтыра беру үшiн халқымыздың даналығына сүйенiп, тарихи, экономикалық, саяси, этноәлеуметтiк факторлар мен қоғамдық пiкiрдi ескере отырып, жұмыс iстеуге тиiспiз”.
Қазақстан Республикасының президентінің жолдауы 2003 жыл
2004 ЖЫЛҒА ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
I. Экономикалық өсу
1. 1. Аграрлық саясат
1. 2. Индустриялық-инновациялық саясат
1. 3. Интеграциялық саясат
1. 4. Инвестициялық саясат
1. 4. 1. Мемлекеттiк инвестициялар
1. 4. 2. Астананы дамыту
1. 4. 3. Жеке инвестициялар
1. 5. Салық саясаты
II. Әлеуметтік даму
2. 1. Зейнетақылар
2. 2. Жалақы
2. 3. Мәдени-тарихи мұраны сақтау
ІII. Демократияландыру және тиімді басқару
Өткен жылдардан бiр айырмашылығы экономиканың iргесiн көретiн төрт өзектi тұтқалы бағыттар бойынша даму мен жетiлдiру бағдарламалары бар, олар:
- аграрлық азық-түлiк бағдарламасы;
- индустриялық-инновациялық бағдарлама;
- инфрақұрылымды және энергетиканы дамыту;
- әлеуметтiк даму бағдарламалары.
2004 жылғы наурыздағы өз Жолдауында Президент британдық “Дейли телеграф” газетіне сілтеме жасай отырып, транзиттік экономикасы бар мемлекеттер арасында Қазақстанның ең бір қуатты дамып келе жатқан елдердің бірі болып танылғанын мәлім етті. Бүкіләлемдік банктің сыныптамасы бойынша Қазақстан орта деңгейден жоғары табысы бар елдер тобына кірді
Қазақстан Республикасының президентінің жолдауы 2004 жыл
БӘСЕКЕЛЕС ҚАЗАҚСТАНҒА, БЕСЕКЕЛЕС ЭКОНОМИКАҒА, БӘСЕКЕЛЕС ҰЛТҚА
2004 жылғы наурыздағы өз Жолдауында Президент британдық “Дейли телеграф” газетіне сілтеме жасай отырып, транзиттік экономикасы бар мемлекеттер арасында Қазақстанның ең бір қуатты дамып келе жатқан елдердің бірі болып танылғанын мәлім етті. Бүкіләлемдік банктің сыныптамасы бойынша Қазақстан орта деңгейден жоғары табысы бар елдер тобына кірді
1. Бәсекеге қабiлеттi экономика
Негiзгi бағыттар:
- экономиканы одан әрi ырықтандыру және жүйелi реформаларды жалғастыру арқылы бәсекелестiктi дамыту мен бюрократиясыздандыру;
- Қазақстан экономикасының ашықтығын күшейту;
- Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру;
- ауылды дамыту бағдарламасын жүзеге асыру;
- инфрақұрылымдарды дамыту.
1. 1. Ырықтандыру ж¡не бюрократиясыздандыру
1. 2. Әлемдiк экономикаға интеграциялану
1. 3. Индустриялық-инновациялық даму
1. 4. Аграрлық саясат
1. 5. Инфрақұрылым
2. Адам ресурстарын дамыту
2. 1. Тұрғын үй құрылысының жаңа саясаты
2. 2. Денсаулық сақтау
2. 3. Бiлiм беру
2. 4. Әлеуметтiк қамту
3. Мемлекеттiң бәсекелестiк қабiлетi
3. 1. Мемлекеттiк құрылыс
3. 2. Iшкi саясат
3. 3. Сыртқы саясат және қауiпсiздiк
Қазақстан Республикасының президентінің жолдауы 2005 жыл
ҚАЗАҚСТАН ТЕЗДЕТІЛГЕН ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ МОДЕРНИЗАЦИЯ ЖОЛЫНДА
1. “Бiз неден бастадық?”
2. “Бiз жалпы iшкi өнiмдi екi есе ұлғайтып, бiрлесiп тағы да бiр Қазақстан орнататындай межеге жақындадық”.
“Бiздiң болашағымызды мен өзiме қалай елестетемiн?”
“Елiмiздiң экономикалық және саяси дамуындағы түбегейлi жаңа кезең, Қазақстанды одан әрi жаңарту мен демократияландыру - бiздiң күн тәртiбiмiздегi мәселе осындай”.
“Сондықтан да алдағы уақытта менiң күш-жiгерiм:
•мемлекеттiліктi нығайтуға, Қазақстанды осы заманғы демократиялық және құқықтық мемлекет ретiнде дамытуға;
•елiмiздегi және өңiрдегi бекем тұрақтылықты нығайтуға; өңiрлік және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға;
•жаhандану талаптарына сәйкес экономиканы серпiндi дамытуға және шикiзаттық емес секторларды iлгерiлетуге баса ден қоя отырып, жаңа технологияларды дамытуға;
•бiлiм берудi, кәсіптік даярлық пен әлеуметтiк саланы ХХI ғасырдың деңгейiне көтеруге;
•азаматтық қоғамды дәйектi дамыта беруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге;
•қазақ халқының моральдық және рухани құндылықтарын одан әрі дамыта беруге;
•дiни негiздегi жатсынбаушылық пен конфессиялар аралық келiсiмдi қамтамасыз етуi;
•сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске;
•лаңкестікке, есірткі саудасына, кез келген түрдегі экстремизмге қарсы жаћандық күреске бағытталады”.
3. Қазақстанның жеделдетілген экономикалық және әлеуметтiк прогресi.
4. Қазақстанды демократияландырудың жаңа кезеңi.
5. Қазақстан қазiргi әлемде.
Қазақстан Республикасының президентінің жолдауы 2006 жыл
ҚАЗАҚСТАНДЫ ӘЛЕМНІҢ БӘСЕКЕЛЕСКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ БАР 50 ЕЛДЕРДІҢ ҚАТАРЫНА ЕНУ СТРАТЕГИЯСЫ
“Бүгін, cіздерге, құрметті қазақстандықтар, өзімнің жыл сайынғы Жолдауымды арнай отырып, мен Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекеттерінің қатарына қарай қадам басуы жолындағы негізгі басымдықтарды ұсынғым келеді”.
1. Бірінші басымдық: Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі - елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі
2. Екінші басымдық: Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы ретінде одан әрі жаңарту мен әртараптандыру
3. Үшінші басымдық: Халықтың неғұрлым “әлжуаз” топтарын қорғайтын және экономиканың дамуына қолдау көрсететін осы заманғы әлеуметтік саясат
4. Төртінші басымдық: Осы заманғы білім беруді дамыту, кадрлардың біліктілігі мен оларды қайта даярлауды ұдайы арттыру және Қазақстан халқы мәдениетінің одан әрі өркендеуі
5. Бесінші басымдық: Демократияны одан әрі дамыту және саяси жүйені жаңарту
6. Алтыншы басымдық: Осы заманғы қауіп-қатерлер мен қыр көрсетулерге қарсы бара-бар ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру
7. Жетінші басымдық: Қазақстанның мүдделерін, өңірлік және әлемдік дамудың серпінін ескеретін теңдестірілген және жауапты сыртқы саяси бағытты одан әрі іске асыру
Қазақстан Республикасының президентінің жолдауы 2007 жыл
ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН ЖАҢА ӘЛЕМДЕ
І. “ҚАЗАҚСТАН-2030” СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ 10 ЖЫЛДЫҒЫ - ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКА МЕН ӨЗ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІНІҢ БЕРІК ІРГЕТАСЫН ҚҰРА ОТЫРЫП, ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНЕ СЕНІМДІ ҚАДАМ БАСУДА
ІІ. ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӨМІР САПАСЫНЫҢ АРТУЫ
ІІІ. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ - ЖАН-ЖАҚТЫ ЖАҢҒЫРТУДЫ ЖЕДЕЛДЕТУ
ІV. БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА МЕН ҚОҒАМДАСТЫҚҚА ТАБЫСТЫ КІРІГУІНІҢ КІЛТІ
V. ЖАҢА КЕЗЕҢНІҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ:
Бірінші міндет - экономиканың өсуін басқару.
Екінші міндет - өңірлік экономикада сапалық жаңа табыстарға жету және жаһандық экономикаға толыққанды қатысуды қамтамасыз ету.
Үшінші міндет - өндіруші сектордың тиімділігін арттыру.
Төртінші міндет - өндірістің шикізаттық емес секторының дамуын, экономикалық әртараптандырылуын қамтамасыз ету өте-мөте маңызды
Бесінші міндет - өңірлік және жаһандық экономикадағы өзіміздің жаңа рөлімізге сәйкес осы заманғы инфрақұрылымды дамыту.
Алтыншы міндет - осы заманғы білім беру мен кәсіптік қайта даярлау
Жетінші міндет - атаулы әлеуметтік қолдау және әлеуметтік саланы нарық қағидаттары негізінде дамыту.
Сегізінші міндет - дамуымыздың жаңа кезеңінің ығытына сәйкес саяси жүйемізді жаңғырта жаңарту.
Тоғызыншы міндет - халықаралық іс-тәжірибені ескеріп, әкімшілік реформаны жеделдете жүргізу.
VІ. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ МЕН САЯСИ ЕРІК-ЖІГЕР - ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚҰРУДЫҢ АСА МАҢЫЗДЫ ФАКТОРЛАРЫ
“ҚАЗАҚСТАН - 2030” СТРАТЕГИЯСЫ
ҚАЗАҚСТАН ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНДЕ
Ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды 30 бағыты
Қазақстан Республикасының президентінің жолдауы 2008 жыл
ҚАЗАҚСТАН АЗАМАТТАРЫНЫҢ АУҚАТЫНЫҢ ӨСУ - МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ
Бірінші - өндіруші сектор.
Мұнай-газ саласындағы басты бағыт - мемлекеттің халықаралық мұнай және энергетика рыноктарына ықпалды және жауапты қатысушы ретіндегі ұстанымын күшейту.
Екінші- экономиканың негізгі секторларын озық инфрақұрылымдық қамтамасыз ету.
Үшінші. “30 корпоративті көшбасшы” бағдарламасын іске асыру экономиканың шикізаттық емес секторын іс жүзінде дамытуға ықпал етеді.
Дамудың жаңа кезеңі ел агроөнеркәсіп кешенінің алдына бірқатар жаңа, аса маңызды міндеттер қойып отыр.
Макроэкономикалық саясаттың басымдықтары:
Бірінші. Қаржылық бақылау агенттігінің жұмысын жүйелі түрде нығайту қажет.
Екінші. Салық жүйесін Қазақстанның жаңа
сатыдағы дамуының міндеттерімен сәйкестендіру қажет.
Үшінші. Экономикамыздың тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудегі айрықша миссияны менің тапсырмам бойынша жаңадан құрылған Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттік атқаратын болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz