Әлеуметтану пәнінен дәрістер комплексі


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 146 бет
Таңдаулыға:   

1. Әлеуметтану ұғымы. Әлеуметтанудың объектісі мен пәні.

«Социология» деген сөз латын-грек сөздерінен құралған. «Societas» -

латын тілінде қоғам, «logos» - грекше ілім, ғылым деген сөз. Сонда

әлеуметтану - қоғам жөніндегі ғылым деген сөз. Оны өз алдына ғылым етіп

негізін қалаған француз ғалымы Огюст Конт (1798-1857) . Бірақ қоғам тек

әлеуметтану ғылымының ғана емес басқа да ғылымдардың зерттеу объектісі

болып табылады. Сондықтан әлеуметтану - қоғам туралы ғылым деумен

шектелсек, бұл әлеуметтану ғылымының өзіне тән объектісі мен пәнін ашып

бере алмайды.

«Әлеуметтану» термині көп жағдайда шегіне жеткен кең мағынада,

барлық қоғамдық ғылымдарды қамтитын мағынада қолданылады.

Әлеуметтану қоғам өмірінің барлық жақтарын қарастырады, оның ішінде

мемлекет, саясат, құқық, экономика, мораль, өнер, дін және қоғамдық

дамудың басқа да жақтарына қатысты проблемаларды шешумен де

айналысады. Сөйтіп кейіннен олардың өздерін жекелеген ғылым

салаларына, зерттеу пәніне айналдырады.

Әлеуметтану әмбебап философия жүйесінен бөлініп жеке ғылым

болып дамыса да, әлі күнге дейін өзінің философиялық мазмұнын

жоғалтпаған ғылым. Ол философиялық мәндегі қоғам дамуына талдау жасау

және барынша терең зерттеу жүргізуде жалпы әлеуметтануды кеңейтуге

мүмкіндік береді.

Сонымен әлеуметтануды - әлеуметтік жүйенің өмір сүруі мен дамуының

заңдары жөніндегі, сол заңдар субъектілердің, яғни, әлеуметтік үлкен-кіші

топтардың, адамдар қауымдастықтарының, сонымен бірге жекелеген

тұлғалардың қызметінен көрініс табатын ғылым ретінде сипаттауға болады.

Түптеп келгенде, қазіргі әлеуметтану - тұтас әлеуметтік жүйе күйіндегі,

қоғам жөніндегі, оның жүйешелері (подсистема) мен жекелеген элементтері

туралы өз алдына дербес ғылым. Әлеуметтану - қоғамдық құбылыстардың

беймәлім жақтарын зерделеп, социумда қалыптасқан әлеуметтік

қатынастарды адам факторымен ұштастырып қарастыратын ғылым.

Атап айтқанда, әлеуметтану адамдардың айтарлықтай кең

қауымдастықтары арасындағы (таптар, халықтар, әлеуметтік топтар, ұлттар,

ұйымдар) және осы қауымдастықтардың өкілі ретінде көзге түсетін жеке

адамдар арасындағы әлеуметтік қатынастарды қарастырады.

Әлеуметтанудың зерттеу объектісі - социум деп аталатын әлеуметтік

шындық (социальная реальность) . Әлеуметтік шындық ұғымы әлеуметтануда

екі түрлі мағынада қолданылады. Кең мағынада алғандағы әлеуметтік

шындық - қоғамның өзі немесе қоғамдық өмір. «Әлеуметтік», «қоғамдық»,

«социум», «қоғам» деген ұғымдар синонимдер ретінде қолданылады. Тар

мағынада алғандағы әлеуметтік шындық дегеніміз - адамдардың әртүрлі

деңгейдегі өзара іс-әрекетінен пайда болған құбылыстармен, процестермен

тығыз байланысқан қоғамдық болмыстың қасиеті, бір қыры.

Әлеуметтанудың пәні деп отырғанымыз - қоғам мен адамның беймәлім

қырлары, құпия жақтары, яғни олардың арасындағы қатынастар, байланыс

механизмі мен құрылымы, әлеуметтік ұйымдар, әлеуметтік институттар,

әлеуметтік іс-әрекет пен адамдардың мінез-құлықтары, мүдделері мен

мұқтаждықтары, құндылықтары, бұлардың өмірде байқалуы мен өзгеріске

ұшырауын қалыптастырған себептер және олардың нәтижелері.

2. Әлеуметтанудың құрылымы.

Әлеуметтану әлеуметтік құбылыстар мен процестерді түрлі дәрежеде

атап айтқанда бүкіл қоғам көлемінде немесе жеке адамдар тұрғысынан

зеттеуі мүмкін. Оның білімдік құрылымы соған сәйкес анықталады.

Әлеуметтану білімінің құрылымы - бұл ең алдымен әлеуметтік жүйеде

пәрменді міндеттерін атқаратын және дамитын қоғам жөніндегі білімнің

белгілі бір тәртіпке келтірілуі. Бұл құрылым - әлеуметтік түрлі деңгейдегі

процестер, жеке адамдар, әлеуметтік топтар немесе тұтас қоғам жөніндегі

өзара байланысқан түсініктер, ұғымдар, көзқарастар, теориялар жүйесі.

Әлеуметтану білімінің құрылымында әлеуметтанулық теориялар мен

көзқарастар ашып көрсететін қоғамдық құбылыстардың ауқымына орай

жекелеген деңгейлерді ажыратып айтуға болады.

Әлеуметтанулық білімнің деңгейлері мыналар:

жалпыәлеуметтанулық теориялар немесе жалпытеориялық

әлеуметтану;

арнайы әлеуметтанулық теориялар, бұларды кейде жеке теориялар

деп те атайды;

нақты әлеуметтанулық зерттеулер.

Әлеуметтану білімінің осы үш деңгейінің өзгешеліктері қоғамдық

құбылыстардағы әлеуметтанулық талдаудың тереңдігін және бұдан шығатын

қорытындылардың маңыздылығын байқатады.

3. Әлеуметтанудың атқаратын қызметтері.

Басқа да қоғамдық ғылымдар сияқты әлеуметтану ғылымының да қоғам

алдында орындайтын, атқаратын қызмет-міндеттері бар. Олар алуан түрлі

болып келеді. Соның ішіндегі негізгілері:Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені

14 бет Барлығы 164

1. Теориялық-танымдық қызметі.

2. Практикалық қызметі.

3. Идеологиялық қызметі.

Теориялық-танымдық қызметі арқылы әлеуметтану қоғамның мәні, оның

құрылысы, заңдылықтары, қызметі жайлы, дамудың негізгі тенденциялары,

бағыттары, жолдары жөніндегі білімді тереңдетеді. Әлеуметтік құбылыстар

мен процестерге эмпирикалық және теориялық талдау жасау негізінде,

айталық, материалдық өндіріс саласында адамдардың қызметін ынталандыру

мен тиімділігін арттыруды күшейту, экономикалық және саяси

қатынастарды, әлеуметтік институттардың қызметін жетілдіруге бағытталған

практикалық ұсыныстарды әзірлеу әлеуметтанудың практикалық қызметіне

жатады. Қоғамның таяудағы және алыс болашағына қатысты әлеуметтанулық

болжам жасаудың, қоғамның экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани

салаларының дамуын ғылыми тұрғыда алдын ала көре білудің мейлінше

практикалық маңызы зор.

Әлеуметтанудың тағы да бір атқаратын қызметі - идеологиялық қызмет.

Ӛйткені әлеуметтану қайсыбір формада болмасын белгілі бір әлеуметтік

топтардың, таптардың, саяси партиялар мен қозғалыстардың мүдделерін

білдіреді. Себебі әлеуметтанушының өзі белгілі бір әлеуметтік-таптық

қауымдастықтың құрамында, яғни, көбінесе қандай да болмасын бір саяси

партияға мүше де болады. Ол өзі зерттейтін әлеуметтік процестерді,

қоғамдық қатынастарды және әр түрлі субъектілердің қызметін белгілі бір

дүниетаным ұстанымымен пайымдайды. Ал, оның дүниетанымының

қалыптасуы әлеуметтанушының шыққан ортасымен, әлеуметтік жағдайымен

тікелей байланысты.

Әдебиеттер:

1. Габдуллина К. Р., Раисов Е. Р. Социология. Алматы, 2008.

2. Әбсаттаров Р. Б., Дәкенов М. Әлеуметтану. Оқу құралы. Алматы, 2007.

3. Әлеуметтану. Оқулық Алматы: «Қазақ университеті», 2005. 1-2 кітап.

4. Волков Ю. Г. Социология. Ростов на-Дону, 2008.

5. Кравченко А. И., Анурин В. Ф. Социология. Питер, 2008.

6. Лавриненко В. Н. Социология. М., 2009.

№ 2 дәріс.

Тақырыбы: Әлеуметтанудың даму тарихының негізгі бағыттары (1

бөлім) .

Жоспары:

1. Әлеуметтанудың дамуының бастапқы кезеңі.

2. О. Конттың позитивизмі. Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені

15 бет Барлығы 164

3. Г. Спенсердің органицизмі және Э. Дюркгеймнің әлеуметтануының негізгі

принциптері.

4. М. Вебердің әлеуметтанулық ілімдері және маркстік әлеуметтану.

Әлеуметтанудың дамуының бастапқы кезеңі.

Әлеуметтану ХІХ ғасырдың ортасында қалыптасқан біршама жас

ғалым. Ӛйткені оның ғылым ретінде қалыптасуына қоғамдық дамудың

белгілі бір кезеңінде ғана қажеттілік туды. Алайда, әлеуметтанудың кеш

пайда болуына қарап, оған дейін қоғам және қоғамдық құбылыстар туралы

ойлар болмады деген пікір тумауы керек. Керісінше ондай ойлар басқа

ғылымдардың шеңберінде көріне бастаған болатын. Мысалы, философиялық,

экономикалық, саяси, тарихи шығармалардажалпы қоғам, оның элементтері

және даму заңдылықтары туралы пікірлер пайда бола бастады. Осы оарйда

Ертедегі (Ежелгі) Шығыс өркениетіндегі - Көне Египет, Вавилон, Үнді,

Қытайдағы қоғам туралы көзқарастарды айтуға болады. Мысалы,

конфуцийшылар - қоғамтанушылар болып есептеледі.

Ежелгі Үндістанда әлеуметтік ойлар буддизм мен джайнизм

мектептерінің әлеуметтанулық мифтерінде қарастырылды. Мұнда «тірі жанға

зиян келтірмеу» принциптерін ұстанды.

Алайда Ежелгі Шығыстағы әлеуметтанулық ой-пікірлер прагматистік

сипатта болды, яғни әлеуметтік шындық тек тәжірибемен ғана

байланыстырылды.

Әлеуметтік теорияның бірқатар айқын элементтері Ежелгі Грецияда

қалыптаса бастады. Мәселен, әлеуметтік пікірдің кейбір элементтерін Гомер

мен Гесиодтың шығармаларынан кездестіруге болады. Дегенмен Ежелгі грек

философтарының ішінде қоғамға және қоғамдық институттарға ерекше көңіл

бөлген софистер де болды.

Сонымен бұдан кейінгі дәуірлерде де: орта ғасырда, қайта өрлеу

дәуірінде, жаңа дәуірде адамдардың қоғамдық өмірі жайында әр түрлі

пікірлер болды. Бірақ, бұларды әлі әлеуметтанулық ілім деп есептеуге

болмайтын еді. Ӛйткені бұлар тек әлеуметтанулық ойлар философиясы

немесе алғашқы әлеуметтанулық болжамдар деп аталады.

О. Конттың позитивизмі.

Әлеуметтанудың дербес ғылым ретінде пайда болып қалыптасуы

Батыста француз ғалымы Огюст Конттың (1798-1857) есімімен тығыз

байланысты. Ол ең алдымен Батыстағы позитивистік философияның негізін

салушы болып есептеледі. 1830 жылы оның «Позитивті философияның

курсы» деп аталатын алты томдық еңбегі жарық көрді. Міне, осы еңбегінде

оның әлеуметтік ойлары баяндалады. Осы еңбегінің 3-томында алғаш рет

Конт «әлеуметтану» («социология») деген терминді енгізеді және қоғамды

ғылыми негізде зерттеуді өзінің алдына мақсат етіп қояды. Огюст Конт

әлеуметтанудың қажетілігін қалай негіздеді? Бұл мәселені Конт философия

саласындағы өзінің адам ақылының дамуының үш сатысы туралы ашқан

заңы арқылы дәлелдейді. Олар: теологиялық, метафизикалық, позитивтік. Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені

16 бет Барлығы 164

Бұларды адамның ой-өрісінің (интеллект) дамуының үш тарихи қалпы деп те

атауға болады.

Демек, адам ойлаудың алғашқы теологиялық сатысында өзін қоршаған

ортаны діни нанымдарға сүйене отырып түсіндірген. Ал, екінші

метафизикалық сатысында діни негіздерден бас тартады да айналадағы

құбылыстарды белгісіз абстрактілі мәндер, себептер арқылы түсіндіре

бастайды. Үшінші, позитивтік сатыда адам алғашқы екеуінен бас тартып,

дүниені түсіндіруде нақтылы бақылаулармен шектеліп, тұрақты

байланыстарды анықтауға көшеді. Конттың пікірінше, алдыңғы сатылар

соңғысына негіз болып отырады. Сөйтіп позитивтік ойлау алғашында

математикада, физикада, астрономияда қолданылды деп көрсетті. Содан

кейін ойлаудың ондай қорытындысы ретінде биология пайда болды деп

көрсетті. Ал, әлеуметтануды позитивтік білімнің шыңы деп есептейді.

Конттың ғылымды жіктеу тәсілі бойынша, әлеуметтану биологиядан кейін

пайда болған. Егер, биология қозғала алатын барлық тірі жануарлар дүниесін

зерттейтін болса, әлеуметтанудың одан айырмашылығы - ол әлеуметтік

құбылыс ретіндегі адамның әрекеттерін қарастырады деп көрсетті. Яғни,

әлеуметтану адамды өзі сияқты адамадардың ортасындағы қарым-қатынасы

тұрғысынан түсіндіреді. Екіншіден, әлеуметтану өзінің зерттеулерінде

позитивтік (ғылыми) тәсілдерге негізделеді. «Позитивюс» - латын сөзі,

дұрыс, жағымды дегенді білдіреді.

Огюст Конттың әлеуметтанулық концепциясында басты екі идея жатыр:

1. қоғамтануда ғылыми тәсілді қолдану;

2. әлеуметтік реформаларды жасауда іс жүзінде ғылымды қолдану идеясы.

Ғылыми білім қоғамның дұрыс дамуы үшін қызмет ететініне Конт кәміл

сенді.

Г. Спенсердің органицизмі және Э. Дюркгеймнің әлеуметтануының

негізгі принциптері.

Англияда әлеуметтану ғылымының қалыптасуы Г. Спенсердің есімімен

байланысты. Ол өзінің әлеуметтің көзқарастарын «Бастаудың негіздері»

(1862), «Биология негіздері» (1864- 1867), «Психология негіздері» (1870-

1872), «Әлеуметтану негіздері» (1876-1896) деген еңбектерінде баяндады.

Г. Спенсер жас кезінен Дарвиннің эволюциялық теориясының ықпалында

болып, эволюция үрдісімен айналысады. Спенсердің әлеуметтануының аса

құнды жағы - «Әмбебап эволюция заңы». Бұл заң бойынша эволюция

дамудың бірден-бір қайнар көзі. «Әлеуметтану принциптері» атты еңбегінде

Г. Спенсер осы идеясын терңдете келіп, қоғамды биологиялық организммен

салыстырады. Сонымен ол эволюциялық көземелді дәлелдеу үшін қзінің

алдына көптеген эмпирикалық қорытындылар жасауды мақсат етіп қояды.

Мұның өзі табиғаттың барлық жақтарында, сондай-ақ ғылымда, өнерде,

дінде және философияда эволюциялық процестердің болатындығына көзін

жеткізе түсті. Оның пікірінше, биологиялық организм сияқты қоғам жәй

формадан күрделі формаға қарай дамиды. Спенсер бұл эволюциялық

процестің үш түрін көрсетеді: бейорганикалық, органикалық және Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені

17 бет Барлығы 164

жоғарыорганикалық. Ол эволюцияның жоғарыорганикалық түріне аса көңіл

аударады. Ӛйткені ол қоғамның дамуы эволюциясын көрсетеді деп есептейді.

Сондықтан әлеуметтану осы жоғарыорганикалық эволюцияны зерттеуі керек

деп санайды.

Қоғам мен биологиялық организмдердің ұқсастығы және эволюция

принципін Спенсер әлеуметтік саясатты белгілеудегі және әлеуметтік

реформаларды жүргізудегі нақты ұсыныстарында қолдана білді.

Әлеуметтік организмдер биологиялық организмге ұқсас. Бірақ, бұл

барлық жағынан емес дей келе Спенсер бұл екеуінің арасындағы 6

ұқсастықты атап көрсетеді.

Спенсер әлеуметтанулық теорияның дамуына едәуір үлес қосты деп

айтуға болады:

1. ол қоғамды дискретті организм ретінде қарастырды;

2. Спенсер аналогиялық тәсіл арқылы ғылымға «құрылым», «функция» деген

ұғымдарды енгізді.

Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) әлеуметтану

ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты. Ол көптеген ғылыми еңбектер жазды.

Соның ішінде оның негізгі туындыларына «Қоғамдық еңбек бөлінісі туралы»

(1853), «Әлеуметтанулық әдістің ережелері» (1895), «Ӛзіне-өзі қол салу»

(1897), «Діни өмірдің қарапайым формалары» (1912) сияқты еңбектері

жатады.

Э. Дюркгейм қоғамдық өмірде болатын құбылыстарды

индивидуалдық және психологиялық тұрғыдан түсіндіруге қарсы шықты. Ол

өзінің әлеуметтік реализм теориясында қоғамдық құбылыстардың

табиғатын әлеуметтік факторлармен түсіндіру керек деп пайымдайды да

адамдардың мінез-құлқына, олардың сан-салалы қызметіне талдау жасауда

индивидтердің, әлеуметтік топтардың және әлеуметтік институттардың өзара

әрекет ету жүйесі ретіндегі қоғам түп-төркіні, бастауы болады деп санады.

Мұнда әлеуметтік орта үлкен роль атқарады. Дюркгеймнің әлеуметтік

реализм теориясының негізгі ережелері осылар.

М. Вебердің әлеуметтанулық ілімдері және маркстік әлеуметтану.

Әлеуметтанудың дамуына ХІХ ғасырдың соңы мен ХХғасырдың

басында маңызды үлес қосқан немістің ойшылы Макс Вебер (1864-1920)

болды. Оның әлеуметтануы қазіргі кезде қайта өркендеуде. М. Вебердің

әлеуметтанулық көзқарастары мен пайымдаулары қайтадан ой елегінен

өткізіліп тұжырымдалуда. Оның дайындаған таным методологиясы, түсіну

концепциясы, идеалдық типтер тұжырымдамасы, мәдениет, этика мен дін

әлеуметтануы туралы ілімдері өмірде қолданылып жүр. М. Вебердің

әлеуметтанулық көзқарастарының қалыптасуына Г. Риккерт, К. Маркс,

Н. Макиавелли, Т. Гоббс, Ф. Ницше сияқты ойшылдар ықпал етті. Вебер

көптеген ғылыми еңбектер жазды, соның ішінде «Протестанттық этика және

капитализм рухы», «Шаруашылық және қоғам», «Әлеуметтік-ғылыми және

әлеуметтік-саяси танымның объективтілігі», «Түсінуші әлеуметтанудың

кейбір категориялары туралы», «Негізгі әлеуметтанулық ұғымдар» сияқты Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені

18 бет Барлығы 164

еңбектерін атауға болады.

М. Вебердің көзқарасы тұрғысынан қарасақ, әлеуметтану ең алдымен

адамның топтарының мінез-құлқын және әлеуметтік қызметін зерттеуі тиіс.

М. Вебер түсінуші әлеуметтану концепциясын жасап дамытты. Оның

міндеттеріне біріншіден, адамдардың өз талаптарына ұмтылуы қандай

ойластырылған әрекеттер арқылы іске асатынын және қандай дәрежеде,

қандай себептермен бұларды жүзеге асыра алатынын немесе асыра алмауын

ұғынып түсіндіру; екіншіден, әлеуметтанушыға түсінікті болған олардың

талаптарының салдарлары басқа адамдардың мінез-құлқына қалай әсер

ететінін ұғындыру негізге алынды.

К. Маркс пен Ф. Энгельс те әлеуметтану ғылымының дамуына өзіндік

үлес қосқан ғалымдар. Маркстік әлеуметтану тарихи процесті зерттеуді

өмірдегі адамдарды, олардың қажеттіліктері мен мүдделерін, адамдардың

өзара қарым-қатынастарын және өзара әрекеттерін алғышарт етіп

қарастырудан бастады. Қоғам өзіне тән қоғамдық қатынастар жүйесі,

материалдық өндіріс, саясат және өзге де әлеуметтік институттар арқылы

адамдар қызметінің мазмұнын дұрыс арнаға бағыттайды, белгілі бір

дәрежеде оны анықтайды, әрбір адамның қалыптасуы мен дамуына ықпал

жасайды. Индивидуалдылықты әлеуметтікке жеткізу маркстік

әлеуметтанудың маңызды принципіне айналды. Сөйтіп, ол адамдардың

қызметі мен мінез-құлқының объективтік әлеуметтік негіздерін анықтаудың

және пайымдаудың алғашқы маңызды қадамына айналды. Бұдан тарихты

материалистік тұрғыда түсіну келіп шықты.

Әдебиеттер:

1. Әлеуметтану. Оқу құралы. М. Тәжиннің редакицяларуымен. Алматы,

2005. 1-2 кітап.

2. Гофман А. Б. Семь лекции по истории социологии. М., 2008.

3. Арон Р. Этапы развития социологической мысли. М., 1993.

4. Бачинин В. А., Сандулов Ю. А. История западной социологии. М., 2002.

5. Галактионов А. История русской социологии. М., 2002.

6. Голосенко И. А. Питирим Сорокин: Судьба и труды. Сыктывкар, 1991.

7. История социологии. (19 в. и перв полов. 20 века)

№ 3 дәріс.

Тақырыбы: Әлеуметтанудың даму тарихының негізгі бағыттары (2

бөлім)

Жоспары:

1. Ресейдегі әлеуметтану ғылымының негізгі бағыттары.

2. Қазақстандағы әлеуметтанулық ой-пікірлер.

3. Қазіргі заманғы Батыс әлеуметтануы.

Ресейдегі әлеуметтану ғылымының негізгі бағыттары.

Ресейдегі әлеуметтанулық ойдың қалыптасуы мен дамуы ХІХ ғасырдың

екінші жартысы мен ХХ ғасырлардың үлесіне тиеді. Осыкезеңдердегі Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені

19 бет Барлығы 164

ресейлік әлеуметтанудағы географиялық бағыттың өкілі географ ғалым әрі

әлеуметтанушы Л. И. Мечников болды. Л. И. Мечниковтың әлеуметтанулық

тұрғыдан қарастырған мәселелері оның «Ӛркениет және ұлы тарихи өзендер»

атты еңбегінде баяндалды. Бірнеше тіршілік иелері ортақ мақсатқа бірлесе

күш жұмсап жету үшін қай жерде жиналса, қоғам сол жерден басталады деп

ойлап, Л. И. Мечников қоғамда кооперациялар, ынтымақтастық құруға

тырысу анықтаушы болатындығын атап көрсетті. Қоғамдық прогресс идеясы

Л. И. Мечниковтың әлеуметтанулық тұжырымдамаларында ерекше орынды

иеленді. Оның пікірінше, прогресс идеясы болмайынша, адамзат тарихы тек

оқиғалардың мағынасыз қоймасы тәрізді болып қалады. Географиялық

ортаның басты компоненті гидрологиялық фактор болуы ықтимал деп

түсінген орыс әлеуметтанушысы дүниежүзілік тарихтан өзендік, теңіздік

және мұхиттық үш негізгі дәуірді немесе өркениетті бөліп көрсетті.

Ресей әлеуметтануында органикалық бағытты қалыптастырған

А. И. Стронин және П. Ф. Лилиенфельд болды. А. И. Стронин әлеуметтік білімді

жаратылыстану ғылымына, ең алдымен биологияға ұқсас үлгіде қарау қажет

деп есептеді. Оның пікірінше, әрбір социумның кез келген биологиялық

организм сияқты, белгілі бір жинақталған күш қорына сәйкес өмір сүруі

шектеулі болады.

П. Ф. Лилиенфельд әлеуметтік заңдар әлеуметтік күштердің және

табиғаттағы органикалық күштердің арасындағы әрекеттерді ұқсастыру

жолымен шығарылуы мүмкін деген қорытынды жасады.

Субъективтік бағыттың көрнекті өкілдері П. Л. Лавров пен

Н. К. Михайловский болды. П. Л. Лавров әлеуметтануды нормативті ғылым деп

санады. Оның көзқарасы бойынша, қоғамның бір ғана қозғаушы күші бар, ол

- тұлға. Лавров әлеуметтануға анықтама беруге де талпыныс жасады.

Н. К. Михайловский әлеуметтану басқа да қоғамдық ғылымдармен байланыста

болуы керек деп есептеді. Ол қоғамдық өмір фактілеріне әділ қарау керек

деген тұжырымды ұстанды. Оның пікірінше, тұлға мен қоғам арасында

үздіксіз қақтығыс болып жатады.

Анархизм бағытын қалыптастырған М. Бакунин мен П. Кропоткин болды.

Анархизмнің басты идеясы - ешбір мемлекеттік институттар бұза алмайтын

тұлғаның еріктілік идеясы, табиғи күй ретіндегі оның еркіндік идеясы болды.

Психолгиялық бағыттың өкілдері Е. В. Де-Роберти мен Н. И. Кареев қоғам

дамуының негізгі бағыттарына, прогресс пен регреске, бұқара халық пен

тұлғаның тарихтағы роліне назар аударды. Олар қоғам дамуындағы

психологиялық факторлардың ролі мен маңызын дәлелдеуге үлес қосты.

Ресей әлеуметтануындағы негізгі бағыттардың бірі жария марксизм

бағытының өкілдері П. Струве, М. Туган-Барановский, Н. Бердяев, С. Булгаков

және т. б. болды. Олардың көзқарастарының негізінде кейінірек идеалистік

және діни бағыттар дами бастады.

Қазан төңкерісінен кейін ресейлік әлеуметтанудың дамуы шиеленісті

жағдайда жүрді. Кеңе өкіметінің алғашқы жылдарында әлеуметтану

ғылымының өрлеуі байқалды. Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы екі рет: Ф КазНПУ 0703-12-09 Білім алушыларға арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені

20 бет Барлығы 164

30-жылы және 60-жылдың басында әлеуметтануды марксизмге жау, жалған

ғылым деп жариялады.

Қазақстандағы әлеуметтанулық ой-пікірлер.

Батыс Еуропа мен Ресейдегі әлеуметтанушылардың идеялары,

көзқарастары қазақтың көзі ашық азаматтарына ықпалын тигізбей қоймады.

Солардың қатарында Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев және т. б.

болды. Ш. Уәлиханов қазақ қоғамындағы жағымсыз құбылыстардың

тоқырауға себеп болғанын, қоғам дамуындағы жаңа бетбұрысқа бағыт алған

еркін ағымды тоқтатқанын сынай келе, ендігі қазақ елінің өркендеу

болашағын реформалармен тығыз байланыстырды. Шоқанның көзқарасы

бойынша экономикалық және әлеуметтік реформалар шынайы қоғамдық

прогреске жетуді мақсат етуі керек, ал, қоғамдық прогресс, өз кезегінде

халықтың материалдық жағдайын жақсартуға қызмететуі тиіс. Халықтың

пайдасы үшін іске асырылатын қоғамдағы өзгерістер «материалдық

қажеттілікке» және «ұлттық мазмұнына» орайластырылған бірнеше

талаптарды қанағаттандыруы керек.

Шоқан қазақ қоғамын әлеуметтік организмнің күрделі объектісі ретінде

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«ақпараттық жүйелерді жобалау» электрондық оқулықты өңдеу және жобалау
Әлеуметтану (Оқу-әдістемелік құрал)
Саясаттану сабағы және оның негізгі ұғымдары
Бастауыш сыныптағы дене тәрбиесін үйретудің әдістемесі
Оқытудың компыотерлік құралдарын жасау әдістемесі
Әлеуметтік институт ретінде діннің қызметтері
Батыс Европа және АҚШ - тағы саяси - құқықтық iлiмдер
Физикалық географияның бастауыш курсын оқытудың білімділік, тәрбиелік, дамытудың мақсаттары
Әлеуметтік мобильдік теориясы
Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында оқытудың белсенді әдістерін қолдану тиімділігі жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz