Болашақ педагогтардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлығын қалыптастыру – педагогикалық проблема ретінде


Болашақ педагогтардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге байланысты құзырлығын қалыптастыру - педагогикалық проблема ретінде
Жиенбекова А. Қ., Торыбаева Ж. З.
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ.,
Қазақстан Республикасы
Қазіргі білім беру саласындағы басты міндет - білім мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздестіру мен оларды жүзеге асыра алатын жаңашыл мұғалімдерді даярлау. Жаңашыл мұғалімдер педагогикалық қызметтің барлық түрлерін зерттеп, кез-келген педагогикалық жағдайда өзінің білімділігі, парасаттылығы, ақылдылығы, мәдениеттілігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үдерістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын жаңашыл әрі шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға болуы керек [1] .
Осыған байланысты, қазіргі таңда ЖОО-ның нормативті құжаттарында болашақ педагог кадрларды даярлау мәселесінде олардың кәсіби құзырлығын арттыру мәселелері жиі қарастырылып жүр.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау», - деп [2] атап көрсетілгенін ескере отырып, соңғы уақытта бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған тұлға дайындау ісінде кәсіби білігі мол мамандарды қажет ететін жаңашыл қоғамның да білім беру жүйесіне қояр талабының айтарлықтай артқандығын байқаймыз.
Талап бойынша, жаңашыл қоғам мұғалімі - жаңалықтарға жаны құмар, теориялық және әдіснамалық білімі жоғары, түрлі ғылыми зерттеулерін эксперименттік тәжірибелермен ұштастыра білетін, сондай-ақ жаңа педагогикалық технологиялардың әдіс-тәсілдерін өз ісінде дұрыс пайдалана білетін, кәсіби біліктілігі жоғары маман болуы тиіс.
Осы тұрғыдан қарар болсақ, үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесінде рухани-гуманистік, ақпараттық, коммуникативтік, интеллектуалды-креативтік құзырлықтары қалыптасқан, зерттеушілік, жобалаушылық, модельдеушілік, әдістемелік деңгейі жоғары дамыған жаңа қоғамның мұғалімдерін дайындаудың тың жолдарын қарастыру қажеттігі туындайды. Өйткені, өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытуға, педагогикалық ақиқатқа жаңашылдық тұрғысынан өзгерістер жасауға мүмкіндігі бар, кәсіби мәнділігін жүзеге асыра алатын, белгілі бір әлеуметтік мәртебені иеленген шығармашыл мұғалім ғана қоғам талап етіп отырған тұлғаны қалыптастыра алады [3, 944 б. ] .
Сондықтан, бүгінгі таңда жаңа қоғам мұғалімінің ең басты, болуға міндетті қасиеттерінің бірі оның кәсіби біліктілігі - құзырлығы болып табылады.
Күні бүгінге дейін кәсіби құзырлықтың түрлі бағыттары ғалымдар еңбектерінде жан-жақты қарастырылып келді. Айталық, шетелдік және отандық әдебиеттерде педагогикалық бағыттылықты қалыптастырудың негізі - Е. П. Белозерцов, И. А. Колесникова, А. Е. Кондратенков, Н. В. Кузьмина, И. Я. Лернер, Н. Д. Левитов, М. Н. Скаткин, В. А. Сластенин, А. А. Орлов, И. Я. Фастовец, С. Т. Каргин еңбектерінде; педагогикалық шығармашылық мәні - В. Н. Андреев, Ю. Н. Кулюткин, В. И. Загвязинский, М. М. Поташник т. б. еңбектерінде; педагогтың кәсіби құзырлығының психологиялық-педагогикалық негізі - Л. С. Выготский, В. В. Давыдов, А. Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин, А. Е. Әбілқасымованың, Ш. Т. Таубаеваның, М. Ә. Құдайқұловтың т. б. еңбектерінде ғылыми негізде тұжырымдалған. [4, 41 б. ] .
«Құзырлық» түсінігі «білім», «білік», «дағды» түсініктерімен шектелмейтін ауқымы өте кең ұғым. Ол тек ақпараттық-техникалық біліктіліктен ғана емес, басқа да тұлғалық айрықша қасиеттерден тұрады. «Құзырлы адам» мәселенің мәнін жете түсініп, оны тәжірибе жүзінде шеше білетін адам. Оның ақпаратты сауаттылығынан гөрі іс-тәжірибелік біліктілігі өте маңызды.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде: «1) құзыр - әмір, билік; 2) белгілі бір адамның жетік білетін мәселесі, хабардарлық; Құзырет - белгілі бір мекеме немесе құзырет уәкілдігінің міндеті» [5, 534 б. ] деп, ал Ожегов С. И., Шведова Н. Ю. -дың түсіндірме сөздігі бойынша «құзыр» (компетенция) - қандай да бір істі жүргізетін адамның, мекеменің мәселелерді шешуге, іс-әрекет етуге, бір нәрсені істеуге құқықтылық шеңбері; құзіреттілік (компетенттілік) - қандай да болсын мәселеден хабардарлық, беделділік» [6, 288 б. ] деп түсіндірілген. Сондай-ақ, ҚР-ның Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында бұл терминдерге былайша анықтама берілген: « құзырет - білім беру жүйесіне берілетін әлеуметтік тапсырыстарды құрайтын жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында нәтижелі іс-әрекеттерге қол жеткізу үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді жаңғыртуға дайындық. Құзыреттілік - оқу мен өмір жағдаяттарын шешу кезінде білім алушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны және қызметтің әмбебап тәсілдерін меңгеруі көрінетін білім берудің нәтижесі» [7] деп түсіндіріледі.
ҚР-ның Жалпыға міндетті білім беру стандартында білім беру нәтижелері ретінде білімгерлердің бойында қалыптасуға міндетті түйінді құзыреттіліктер түрі қарастырылған. Олар:
- проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі;
- ақпараттық құзыреттілік;
- коммуникативтік құзыреттілік [7, 6. 2] .
- түрлі жағдайларда пробле-
маларды анықтауға, жауап
ты шешім қабылдауға,
өзіндік шешімінің нәтиже-
сін бағалауға;
- өзіндік іс-әрекетке мақсат қоя алуға, оны іске асыруға
қажетті жағдайларды анық
тауға, оған жету үдеріс-
терін жоспарлы түрде ұйым
дастыруға (яғни, атқарыла
тын міндетке барабар тех-
нологияларды әзірлеуге) ;
- өзіндік бағалауға және өзіндік іс-әрекет пен оның
нәтижелеріне баға беруге;
- түрлі жағдайларда әркім-
нің өзі үшін қызмет және
мінез-құлық нормаларын
таңдауға;
- қойылған міндетке сәйкес технологияларды таңдауы-
на мүмкіндік береді
[7, 6. 2. 1] .
- сыни тұрғыдан ұғынылған ақпараттар негізінде сана-лы шешім қабылдауға;
- өзіндік мақсат қоюға және оны негіздеуге, мақсатқа жету үшін танымдық қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға;
- ақпараттарды табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түрлендіруге және тасымал
дауға, оның ішінде қазіргі
заманғы ақпараттық-
коммуникациялық техно-
логиялардың көмегімен
жүзеге асыруға;
- логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, жалпы-
лау, құрылымдау, тікелей
және жанама дәлелдеу,
аналогия бойынша дәлел-
деу, модельдеу, ойша экс-
перименттеу, материал-
дарды жүйелеу) қолдана
отырып, ақпараттарды өңдеуге;
- өзіндік оқу қызметті жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпараттарды қолдануғамүмкіндік береді [7, 6. 2. 2] .
- нақты өмір жағдайында өзіндік міндеттерді шешу үшін қазақ және басқа тілдерде ауызша және жазбаша коммуникация-
лардың түрлі құралдарын
қолдануға;
- коммуникативтік міндет-
терді шешуге сәйкес келе-
тін стильдер мен жанрлар-
ды таңдауға және қолдану-
ға;
- әдептілік нормаларына сәйкес өзіндік пікірді білдіруге;
- нәтижелі өзара іс-әрекетті, оның ішінде басқа мәде-
ниет өкілдерімен, түрлі
көзқарас және әр түрлі
бағыттағы адамдармен
сұхбат жүргізе отырып,
шиелініскен ахуалдарды
шешуді жүзеге асыруға;
- жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі көзқарастағы адамдар тобында қатынас (коммуни
кация) құруға мүмкіндік
береді [7, 6. 2. 3] .
Жоғарыда аталған құжат бойынша, білімгерлер білім берудің әрбір деңгейін аяқтау кезеңінде негізгі құзыреттіліктерді құрайтын берілген қызмет түрлерінің көрсетілген ең аз көлемін игергенін көрсете білуілері тиіс [7, 6. 2. 4] .
Кәсіби құзырлылық - ол «жоғары-төмен», «көп-аз» деген деңгейге сыймайтын, керісінше, сапалы жаңалықтарымен сипатталатын тұрақсыз көрсеткіш. Ю. В. Сенько, М. Н. Фроловская еңбектерінде кәсіби құзырлықтың қалыптасу деңгейлерін көрсеткіштеріне қарай төмендегідей жіктейді:
- «Мен нені білмейтінімді білмеймін»;
- «Мен білмейтінімді білемін»;
- «Өзімнің білетінімді білемін» [8, 17 б. ] .
Кәсіби құзырлықты қалыптастыру мәселесі жөнінде Әлмұханова Х. Т., Бейсебаева П. С өз еңбектерінде: «Болашақ педагогтардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруда педагогикалық практика үлкен рөл атқарады. Педагогикалық практиканы өту кезінде студенттің педагогикалық іскерлігі мен дағдылары жылдам қалыптасады. Оның шығармашылық және педагогикалық құбылыстарды зерттеуге деген қабілеті дамиды, педагогикалық шеберліктің негіздері қаланады.
Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру - жеке шығармашылық қабілетті дамытуды, педагогикалық инновацияларды дұрыс қабылдауды, күнделікті өзгеріп жататын педагогикалық ортаға тез бейімделуді қажет етеді.
Ғалымдар жоғары оқу орнын бітірушілердің құзыреттіліктерінің құрылысын жалпы кәсіби құзыреттілік, арнайы кәсіби құзыреттілік деп бөліп саралайды. Жалпы кәсіби құзыреттілік студенттің жалпы кәсіптік білімі, дағдысы, қабілеті мен мамандығының дайындығы арқылы анықталады. Сонымен бірге құзыреттіліктің бұл түріне студенттің ғылыми-зерттеушілік, басқарушы-ұйымдастырушылық қабілеттері мен кәсіби және педагогикалық қызметі жатады. Арнайы құзыреттілік бітірушінің белгілі бір мамандық бойынша кәсіби қызметті атқарудағы дайындығы мен оған ұмтылуы арқылы айқындалады», - деп тұжырымдайды [9] .
Ендеше, жоғарыда аталған кәсіби және арнайы құзыреттіліктерді біріктіре отырып, болашақ педагогтардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын (ҒЗЖ) жүргізуге байланысты кәсіби құзырлықтарын қалыптастыруға болатындығын байқаймыз.
Біздің пікірімізше, болашақ педагогтардың өзіндік ҒЗЖ-тарын жүргізуі - ізденімпаздықтан бастау алатындығы белгілі. Бірақ біз бұл екі мақсатты іс-әрекеттерді шатастырмауымыз қажет. Себебі, ізденімпаздық - бұл тұлғаның өзіндік ақпарат қорын молайтуы, техникалық оқыту құралдарына деген қызығушылығы және педагогикалық инновациялық технологияларды дұрыс пайдалана білуге машықтануы дейтін болсақ, ал ҒЗЖ-тарын жүргізу - бұл назарды аудартқан қандай да бір педагогикалық құбылысты өзіндік тұрғыдан талдау болып табылады. Осыған орай, мақсатты іс-әрекеттің ізденімпаздық түрі «не?» (ақпаратқа ие болуда) және «қандай?» (үйрену мен тәжірибеде қолдануда) сұрақтарына жауап іздесе, ҒЗЖ-тарын жүргізу мақсатты іс-әрекеті - «неге?» (құбылысқа күә болуда) және «қалай?» (жеке ғылыми жоспарды жүзеге асыруда) сұрақтарына жауап беру үшін бағытталады. Әрине, үнемі ізденімпаздықпен толықтырылып әрі жетілдіріліп отыратын ҒЗЖ-тарын жүргізу ісі ғылыми әдіснамаға сүйенеді.
«Ғылым әдіснамасы - ғылыми танымды құру ұстанымдары, формалары мен әдістері жайлы ілім, шындықты революциялық түрлендіру құралы» [10, 21 б. ] болғандықтан, болашақ педагогтардың ҒЗЖ-тарын жүргізуге байланысты құзырлықтарын қалыптастыруда әдіснама жетекші рөл атқарады. Ал, «әдіснама - өте кең мағынада - бұл іс-әрекет құрылымы, оның логикалық ұйымдастырылуы, әдістері мен құралдары жайлы ілім» [10, 21 б. ] болып табылады.
Біздің ойымызша, болашақ педагогтар әдіснамалық негізде ҒЗЖ-тарын жүргізуге байланысты әр түрлі саладағы іс-әрекеттерін «не істеу керек?» және «қалай істеу керек?» деген екі түрлі логико-философиялық мақсатты байланысқан сұрақтарға жауап бере алғанда ғана ҒЗЖ-тарын орындауға қажетті құзырлықтарды меңгере алады. Айталық « когнитивті құзіреттілік - тұлғаның зерттеу әрекеті мен өзіндік оқу-танымдық процесін қамтамасыз ететін кешенді құзырлық; қатысымдық (коммуникативті) құзіреттілік - адаммен, қошаған ортамен еркін тілдік қатынасқа түсу, өз ойын жеткізе білу білігі жатқызылады; ақпаратты-технологиялық құзіреттілік - өз бетінше іздей білу, талдап, өзгерте білу, білім мен ақпаратты жеткізе білу; құндылықты-бағдарлы құзіреттілік - өз халқының мәдениетін игеру, мәдениет жетістіктері негізінде ғылымның рөлін түсіну; әлеуметтік құзіреттілік - отбасылық, еңбек, экономикалық, саяси-қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді азаматтық-қоғамдық тәжірибе мен білімге ие болуды қажет етеді; өзін-өзі дамыту құзіреттілігі - еңбек, экономикалық және саяси қоғамдық қатынастарда қызмет білімін белсенді қолдана білуді білдіреді» [11, 33 б. ] .
Кәсіби құзырлықты негізге ала отырып болашақ педагог мамандардың өзіндік ҒЗЖ-тарын жүргізуде өнімді нәтижеге жетулері үшін Д. Қ. Пошаевтың «Ғылыми-педагогикалық зерттеу негіздері» атты педагогикалық еңбегінде атап көрсетілген білім, біліктілік пен дағдыны олардың меңгеріп-игеруі әрі орындалуын басшылыққа алулары тиіс:
- Жаңа білімнің қажеттігін;
- Ғылыми проблеманың пайда болуын;
- Проблеманың шешілуі мәселелері жөніндегі бағыт-бағдары;
- Ғылым әдіснамасы жөніндегі түсінігі;
- Теория мен практиканың диалектикалық бірлігін;
- Зерттеу логикасын түзе білуі;
- Зерттеудің жұмыс жоспарларын түзе білуі;
- Педагогикалық эксперименттердің түзілімін;
- Зерттеу аппаратын және зерттеу әдістемесін анықтауды;
- Әлеуметтік зерттеу негіздерін пайдалануды;
- Материалдарды өңдеудің математикалық тәсілдерін игеруді;
- Әдебиеттермен жұмыс жасай білуді;
- Зерттеу мазмұнының жазылу тәсілдерін меңгеруді [10, 172-173 б. ] .
ҒЗЖ-тарымен шұғылдану - болашақ педагогтардан ізденімпаздықты, сабырлылық пен ұстамдылықты, табандылықты, көрегенділікті және т. б. көптеген гуманистік қасиеттер мен қабілеттерді талап етеді.
Мұғалімнің жалпы педагогикалық міндеті - кәсіби білімдері мен ептіліктерін тәлім-тәрбиелік істерге қолдана білу [12, 379 б. ] екендігін ескеретін болсақ, онда мұғалімдердің кәсіби құзырлығының деңгейі «істей аламын - істей алмаймын, білемін - білмеймін, меңгергенмін - меңгермегенмін» емес, керісінше, «іздеймін - табамын, ойлаймын - білемін, жаттығамын - жасаймын» дәрежесінде болуы тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz