Заңды тұлға туралы түсінік


Кіріспе
Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды тұлғалар мен мемлекеттің өзімен тығыз байланысты. Бұл еңбек заңды тұлғалардың құқықтық жағдайын (жалпы ережелерін) кешенді зерттеудің нәтижесі болып табылады.
Экономикалық және әлеуметтік өзара байланыстардың жалпы жүйесінде әрқайсысы өз функцияларын орындайтын жеке және мемлекеттік меншіктің үйлесуі мен өзара әрекеттесуімен бәсекелестік бастауларға негізделген әлеуметтік нарықтық экономиканы қалыптастыруға мемлекетіміздің ұстанған бағыты тиісті инфрақұрылымды және соның ішінде нарықтық құқықтық қатынастардың аса маңызды қатысушылары - заңды тұлғалардың мәнін түсінуге өркениетті ыңғайларды құру міндетін алға тартады. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдаған Жолдауларында: "Біз қазіргі кәсіпорындардың қалпына келтірілуін және шағын және орта бизнестен жаңа кәсіпорындардың құрылуын тоқтатып тұратын құрылымдық кедергілерді жойып, соңғы жеті жылда қалыптасқан нарықтық экономикамызға серпін беретін шараларды қабылдауымыз қажет. Бұл шаралар өсіп-есейіп, әрі қарай өркендей беруіміз үшін біздің экономикамызға ауадай қажет" деп атап өтті. Президенттің осы сөздері мемлекеттің "жаңа әлемдік экономикалық парадигмаға сай болу үшін жеке меншік секторы мен ұлттық капиталдың белсенділігіне көмектесуге, ынталандыруға жоне толықтыруға" міндеті туралы бұған дейін айтқан ойын растады.
1. Заңды тұлға туралы ұғым
Заңды тұлға дегеніміз- меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым.
Заңды тұлға дербес балансы немес сметасы болуға тиіс және заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады.
Заңды тұлға - заң бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттердің субъектісі болып табылатын кәсіпорын‚ мекеме‚ ұйым‚ фирма, т. б. Ол өз атынан мүліктік және жеке беймүліктік құқықтар мен міндеттемелерді сатып ала алады‚ сотта‚ төрелік сотта (арбитражда) талапкер немесе жауапкер бола алады. Әрбір заңды тұлға заңда‚ әкімшілік актіде немесе өзінің жарғысында көзделген міндеттерді жүзеге асырады‚ сол тәртіппен реттелетін ішкі құрылымы болады‚ меншігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе оралымды басқаруында оқшау мүлкі бар және осы мүлікпен өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді.
Заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес деп бөлінеді. Коммерциялық ұйым пайда табуды көздейді. Кіріс түсіру мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады.
Азаматтық кодекстің 41-бабына сәйкес заңды тұлға өз қызметін жарғысы не құрылтай шарты деп аталатын құрылтай құжаттары негізінде жүзеге асырады. Заң құжаттарына сәйкес заңды тұлғаның басқа құрылтай құжаттары болуы мүмкін. Сонымен қатар, коммерциялық емес ұйымның құжаттары: 1) мекеме үшін - меншік иесі (меншік иелері) бекіткен ереже (жарғы) және меншік иесінің (меншік иелерінің) заңды тұлға құру туралы шешімі; 2) қор, тұтыну кооперативі, коммерциялық емес акционерлік қоғам, қауымдастық (одақ) нысанындағы өзге де ұйымдық- құқықтық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігі үшін -- құрылтайшылар бекіткен жарғы және құрылтай шарты; 3) қоғамдық бірлестік, діни бірлестік үшін -- жарғы болып табылады.
Жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестігі болып танылады.
Тақырыптың өзектілігі. Заңды тұлғалар - азамттық құқық субьектілері ішінде ерекше орын алады. Яғни, олар Қазақстан экономикасының дамуына өте үлкен үлес қосады. Заңды тұлғалардың көптеп құрылуы халықты жұмыспен қамтамасыз етуге көмегін тигізеді. Салық- мемлекеттің тіршілік ету көзі, ал заңды тұлға бірден -бір салық төлеуші субьект. .
Зерттеу мақсаты- заңды тұлғалардың құрылуы, оның түрлерінің бір-бірінен ерекшелігі, олардың заң арқылы қорғалуы, ел экономикасының жоғары деңгейде дамуына әсер ететінін көрсету, және түрлеріне жеке-жеке тоқталу, олардың жарғылық капиталының құқықтық реттелуін, қаржыландырылуы, құрылтай құжаттары туралы түсінік беру.
Жоғарыда аталған мақсаттарға сай мынандай міндеттер қойылды:
- Шаруашылық серіктестік туралы ұғымның теориялық негізін зерттеу.
- Шаруашылық серіктестік түрлеріне байланысты мәселелерді ауқымды түрде көтере отырып, талдау және зерттеу жүргізу.
жұмысының зерттеу пәніне заңды тұлғалардың жарғылық капиталы жатады. Заңды тұлғаларды құру, қайта құру, тіркеу, тарату, құқықтық пайда болатын қоғамдық қатынастар танылады, бұл қатынастар өз кезегінде зерттеу пәні болып табылады.
Зерттеудің әдістемелік негізі болып түрлі таным тәсілдерін қолдану саласына, мәні мен құрылымына, ғылыми теорияларға негізгі талаптарды анықтайтын философиялық білімдер жүйесі табылады. Осы аталған жұмыста көзделген мақсаттарға жету үшін жалпы ғылыми және жеке ғылыми таным тәсілдері пайдаланылды. Жалпы ғылыми тәсілдер ретінде диалектикалық тәсіл, ұғымдардың бөліктерін, жекелеген белгілерін талдау мен жүйелеу тәсілдері қолданылды.
Зерттеу барысында сонымен қатар құқықтық зерттеудің арнаулы тәсілдері: салыстырмалы құқықтану, сот тәжірибесін талдау тәсілі, формальдық-логикалық тәсілдер және тағы басқалары қолданылды.
Қазақстан Республикасының заңнамалар жүйесінде заңды тұлғалардың және оның түрлерінің жарғылық капиталын құқықтық реттеуге ерекше көңіл бөлінеді. Құқықтың негізгі қайнар көзі болып Қазақстан Республикасының Конституциясы табылады. Заңдық күші тұрғысынан алғандағы келесі бір акті - Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі. Ол жалпы сипатты иеленетін нормативтік актілер қатарына жатады. Егер қандай да бір мәселе арнаулы нормативтік актілер мен шаруашылық серіктестік заңдарымен реттелмесе, онда Азаматтық Кодекстің нормалары қолданылады. Қазіргі уақытта ҚР-да заңды тұлғалардың құқықтық жағдайы келесідей арнайы құқықтық нормативтік актілермен реттеледі:
-«Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығы;
-«Шаруашылық серіктестік»туралы ҚР-сы Президентінің жарлығы;
-Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік туралы ҚР-ның серіктестігі;
-«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
-«Банкроттық туралы»Қазақстан Республикасының Заңы ;
-. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы ;
- «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы т. б
Бұл қатынастарды құқықтық реттеудің күрделілігі осы саладағы нормативтік-құқықтық актілердің көптігімен сипатталады.
Ғылыми әдебиеттерде заңды тұлғаларға көп көңіл бөлінген. Атап айтқанда, аталған тақырыпты зерттеу барысында А. ГДиденко, Ю. Г. Басин, Д, А. Колбасин, Ғ. Тулеуғалиев, Ғ. А. Жайлин секілді ғалымдардың еңбектері қолданылды.
Заңды тұлғаның фирмалық атауы‚ дербес балансы мен сметасы‚ банктерде есеп айырысу шоттары, сондай-ақ мөрі болады. Ол дербес салық төлеуші ретінде әрекет етеді. Заңды тұлға мүлкінің құралуына қатысуына қарай оның құрылтайшыларында осы заңды тұлғаға қатысты міндеттемелік құқықтары не оның мүлкіне заттық құқықтары болады. Құрылтайшыларының міндеттемелік құқықтары бар заңды тұлғаға жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен акцион. қоғамдар, өндірістік кооперативтер мен тұтыну кооперативтері жатады. Мүлкіне құрылтайшыларының меншік құқығы немесе өзгедей заттық құқығы бар заңды тұлғаға мемл. және жергілікті (муниципалдық) кәсіпорындар, соның ішінде еншілес кәсіпорындар, сондай-ақ, меншік иесі қаржыландыратын жекеменшік кәсіпорындар (фирмалар) жатады.
Құрылтайшыларының мүліктік құқықтары жоқ заңды тұлғаға қоғамдық және діни ұйымдар (бірлестіктер), қайырымдылық және өзгедей қорлар, бірлестіктер (қауымдастықтар мен одақтар) жатады. Сондай-ақ, өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде пайда алуды көздейтін коммерциялық ұйымдар мен табыс алуды көздемейтін және алынған табысты құрылтайшылар арасында бөліспейтін коммерциялық емес ұйымдар да Заңды тұлғаға жатады.
1. Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс.
2. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады.
, азаматтық айналымда құқықтың дербес субъектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән. Азаматтық кодекстің 33-бабында оған мынадай тұжырым берілген:"Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады".
Азаматтық құқық ғылымы заңды тұлғаны мынадай белгілері бойынша айқындайды: 1) ұйымдасқандық бірлігі; 2) мүліктік оқшаулығы; 3) дербес мүліктік жауапкершілігі; 4) азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы.
Әрбір заңды тұлғаның ұйымдасқан бірлігі оның өзіне тән қасиеті болғандықтан заңның өзі ұйымдарды бөліп қарайды. Ұйымдасқан бірлігі заңды тұлғаның ішкі құрылымынан көрінеді, сол арқылы қызмет аясы айқындалады. Заңды тұлғалар өз қызметтерін, егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғы не құрылтай шарты арқылы, не тек құрылтай шарты негізінде жүзеге асырады.
Сонымен қатар, заңды тұлғалар заң құжаттарына, сондай-ақ құрылтай құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін өз органдары арқылы азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне тиесілі міндеттерді алады. Заңды тұлға органдарының түрлері, тағайындалу немесе сайлану тәртібі және олардың өкілеттігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді.
Мүліктік оқшаулық - заңды тұлғаның экономикалық құқықық белгісі болып табылады және оның мүлікке заттық құқығын иеленуін білдіреді. Бұл арада әңгіме оның меншік құқығы, шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару құқығы туралы болып отыр. Коммерциялық ұйымдағы дербес балансының мөлшері мен мекемедегі смета заңды тұлғаның оқшаулық мүлкін айқындайтын құжаттар.
Дербес мүліктік жауапкершілік дегеніміз - ол заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікпен жауап беруі. Бұл жалпы ереже. Ал, меншік иесі қаржыландыратын 44-бабының 1-тармағы 2-бөлігіне сәйкес өз міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшалай қаражатпен жауап береді. Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда мекеме мен қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша оның құрылтайшысы жауапты болады.
Заңды тұлғалардың дербес мүліктік жауапкершілігі заң актілерімен тағайындалуы мүмкін.
Бұл азаматтық кодексте былайша қаралған: 1) толық және сенім серіктестіктеріне қатысушылардың тиісті серіктестіктердің міндеттемелері бойынша жауапкершілігі (АК- тің 63-бабының 1-тармағы, 72-бабының 1-тармағы) ; 2) кооператив міндеттемелері бойынша өндірістік кооператив мүшелерінің жауапкершілігі (АК-тің 96-бабының 3-тармағы) ; 3) егер заңды тұлғаның банкрот болуын құрылтайшының әрекеті туғызған болса, заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құрылтайшының жауапкершілігі (АК-тің 44-бабының 3-тармағы) ; 4) еншілес шаруашылық мәмілесі бойынша негізгі ұйымның (АК-тің 94-бабының 2-тармағының 2-бөлігі), сондай-ақ негізгі шаруашылық серіктестігінің кінәсінен еншілес шаруашылық серіктестігінің кінәсінен еншілес шаруашылық серіктестігі банкротқа ұшыраған кезіндегі жауапкершілігі(АК- тің 94-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы) ; 5) серіктестік міндеттемелері бойынша толықтай салым төлемеген жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушының жауапкершілігі (АК-тің 77-бабының 1-тармағының 2-бөлігі) және тағы басқа жағдайлардағы жауапкершілік.
Заңды тұлғаның азаматтық айналымға өз атынан қатынасуы процессуалдық-құқықтық белгісі. Олоның сотта талапкер және жауапкер болуына, өз атынан шарт жасауға, бір жақты мәміле жасауына мүмкіндік береді.
Заңды тұлға азаматтық құқықтың заңмен танылған бірыңғай субъектісі ретінде күрделі құрылым деп есептеледі. Азаматтық құқық ілімінде заңды тұлғаның, оның ішінде әсіресе мемлекеттік заңды тұлғалардың маңызы, яғни құқықтық жағдайы жөнінде бірнеше ілім бар. Олардың авторлары заңды тұлға институты қандай қоғамдық қатынастарды білдіреді, онда қандай адамдардың мүдделері қаралмақ, мемлекеттегі оның орны қандай және заңды тұлғаның мән-мағынасы неде деген сауалдарға байланысты әртүрлі пікір білдіреді. Азаматтық құқық теориясына көп еңбек еткен көрнекті ғалым профессор С. И. Аскназий “мемлекеттік ілімінің” авторы. Ол былай деп айтқан: “мемлекеттік заңды тұлғаның артында мемлекеттің өзі тұрады да, шаруашылық қызметінің нақты саласында тізгінді өзі ұстайды”. Әдебиетте бұл теорияны көп сынайтындар оған “егер олай болса мемлекет өзімен-өзі құқықтық қатынаста болуы керек қой ” деген уәж айтады.
Академик А. В. Венедиктов “ұжым ілімін” алға тарты. Бұл ғалымның айтуы бойынша мемлекеттік заңды тұлғаның артында екі ұжым тұрады делінген: а) мемлекет атынан барлық халық; ә) аталған заңды тұлғаның жұмысшылары мен қызметкелерінің ұжымы.
Ал, ғалым Д. М. Генкин “әлеуметтік ақиқат” теориясын ұсынады, яғни онда ол қоғамдағы тауар айналымы қатынастарының тарихи-экономикалық заңдылығын басшылыққа ала отырып, заңды тұлғаның азаматтық құқықпен жанама түрде қажеттілікке орай реттелетінін айтады. Профессор Ю. К. Толстой “директор ілімін” алға тартты, оның пікірінше, мемлекеттік заңды тұлғаның еркін білдіруші-директоры болып табылады.
Азаматтық құқықтануда О. А. Красавчиковтың “әлеуметтік байланыстар ілімі”, А. А. Пушкиннің “ұйымдастыу ілімі”, Е. А. Сухановтың “мақсатты мүлік” тәрізді ғылыми тұжырымдары да айтарлықтай кең тараған. Сөйтіп, заңды тұлғаға “адамдардың қатысы” жөнінде әртүрлі пікірлер айтылған және де бұл орайда авторлар түрлі белгілерге жүгінеді. Оның бірінде бұл адамдар заңды тұлға мүддесі үшін әрекет етеді, екіншісінде адамдардың әрекеті осы институтпен реттеледі, үшіншісінде адамдардың әрекеті заңды тұлғаның әрекетінен көрінеді, ал кейде құқықтарды жүзеге асыруда, мәмілелерді жасауда оның еркі танылады.
Кейбір авторлар бұл белгілерді біріктіруге тырысып, заңды тұлғаның сыртында оның құқықтары мен міндеттерін “жасырын” атқарушы тұратындығын дәлелдемек болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz