Экономикалық өсу теориясы туралы



Кіріспе
Экономикалық өсу теориясы
Өлшем әдістері
Экономикалық өсудің типтері, тиімділігі мен сапасы.
Экономикалық өсудің қарқыны
Батыс елдеріндегі қалыптасқан экономикалық жүйе шеңберінде
экономикалық өсу мәселесі жетекші нақтылы мақсат болып саналады.
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы өндіріс көлемінің сандық әрі сапалық артуы. Яғни, экономикалық өсу деп, өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімді өзгерістерін атайды.
Басқаша айтқанда, ЖҰӨ-нің нақты көлемінің өсу қарқынымен өлшенетін немесе осы көрсеткіштің жан басына шаққандағы өсуінің қарқынымен өлшенетін қағидат кең тараған.
Экономикалық өсудің мәні-экономиканың негізгі қайшылығын жаңа дәрежеде шешу және ұдайы өндіру б.т: өндірістік ресурстардың шектелуі мен қоғамдық қажеттердің шексіз болуының арасындағы осы қайшылықты шешудің негізгі екі түрі бар:
Біріншіден, өндірістік мүмкіндіктерді көбейту арқылы.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Батыс елдеріндегі қалыптасқан экономикалық жүйе шеңберінде
экономикалық өсу мәселесі жетекші нақтылы мақсат болып саналады.
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен
түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы өндіріс көлемінің сандық әрі сапалық артуы.
Яғни, экономикалық өсу деп, өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен
байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімді
өзгерістерін атайды.
Басқаша айтқанда, ЖҰӨ-нің нақты көлемінің өсу қарқынымен өлшенетін
немесе осы көрсеткіштің жан басына шаққандағы өсуінің қарқынымен өлшенетін
қағидат кең тараған.
Экономикалық өсудің мәні-экономиканың негізгі қайшылығын жаңа дәрежеде
шешу және ұдайы өндіру б.т: өндірістік ресурстардың шектелуі мен қоғамдық
қажеттердің шексіз болуының арасындағы осы қайшылықты шешудің негізгі екі
түрі бар:
Біріншіден, өндірістік мүмкіндіктерді көбейту арқылы.
Екіншіден, бар болған өндірістік мүмкіндіктерді пайдалану тиімділігн
жоғарылату және қоғамдық қажеттіктерді дамыту арқылы.
Бірақ осымен процесс бітпейді: дамудың әрбір жаңа кезеңінде өндірістік
мүмкіндіктердің молаюымен байланысты қоғамдық қажеттердің барлығы
қамтамасыз етілмейді. Қоғамдық қажеттіктер, оларды қамтамасыз ететін
өнімдердің өндірісін осы елдің өндірушілері немесе импорт жасалған
өнімдердің жеткізушілері игергеннен кейін пайда болады. Бірақ осыған
қарамастан, қоғамдық қажеттіктер өндірістік ресурстарға қарағанда
біріншілік, жетекші болып табылады. Өйткені, пайда болған қажеттілік бірте-
бірте жаппайлыққа айналады, ал бұл жағдай өндірістің үздіксіз дамуын талап
етеді.

Экономикалық өсу теориясы
Өлшем әдістері
Экономикалық өсу қоғамдық өндіріс көлемінде өндірілетін өнім мен
көрсетілетін қызметтің көлемімен анықталады. Сондықтан ғылыми әдебиеттерде
экономикалық өсудің негізгі көрсеткіші ретінде жалпы ұлттық өнімді жиі
қарастырады. Оған қоса, бұл мақсатта жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) динамикасы да
қарастырылады. Жалпы ішкі өнімнің 2 түрі бар: нақты және номиналды. Нақты
жалпы ішкі өнімді табу үшін номиналды жалпы ішкі өнімнен инфляция яғни
бағаның өсуін өткен жылмен немесе базалық жылмен салыстыра отырып шегеріп
тастаймыз. Экономикалық өсуді анықтау барысында тек нақты жалпы ішкі өнім
көлемі ғана қарастырылады. Өйткені нақты жалпы ішкі өнім номиналдыға
қарағанда бізді нақты ақпаратпен қамтамасыз ете алады. Мысалы, егер
ағымдағы жыл ішінде өндіріс көлемі өзгермесе және өнім бағасы 4 есе
қымбаттаса жалпы ішкі өнім көлемі де шамалап есе ұлғайяды, бірақ бұл
экономикалық өсуге жатқызылмайды.
Халықаралық тәжірибеде экономикалық өсуді есептеуде көбінесе бір адам
басына шаққандағы жалпы ұлттық өнім көлемі есептеледі. Бұл көрсеткішті
есептеу үшін белгілі бір мемлекеттегі бір жыл ішінде өндірілген жалпы
ұлттық өнім көлемін сол мемлекеттегі адамның санына бөледі. Бұл көрсеткіш
негізінен мемлекеттегі адамдардың өмір сүру жағдайын көрсетеді. Мысалы,
Индияның жалпыұлттық өнімі Швейцариямен салыстырғанда шамалап 70 процентке
көп, бірақ Индия азаматтарының өмір сүру жағдайы Швейцарияға қарағанда
шамамен 60 есе төмен.
Көріп отырғанымыздай жалпы ұлттық өнім тек жалпы көрсеткіш ретінде
қолданылыда. Эконгомикалық өсу туралы нақты ақпараттарды алу үшін халық
санын да қарастыруымыз керек. Мысалы, бір жыл ішінде нақты жалпы ұлттық
өнім 1,5 процентке ұлғайса, ал сол мемлекеттегі халық саны да 1,5 процентке
ұлғайса бұл экономикалық өсу ретінде қарастырылмайды. Нақты экономикалық
өсу болу үшін жалпы ұлттық өнімнің өсу қарқыны халықтың өсу қарқынынан
жоғары болу керек.
Экономикалық өсуді абсолютті және салыстырмаллы көрсеткіштермен
сипаттауға болады. Абсолютті көрсеткіштерге нақты сандар жатқызылса, ал
салыстырмалы көрсеткіке проценттік қатынастарды жатқызщуға болады. Мысалы,
егер нақты жалпы ұлттық өнім өткен жылы 200 млрд. теңгеге тең болса, ал
ағымдағы жылы 210 млрд. теңгеге тең болса, онда экономикалық өсудің
абсолюттік көрсеткіші 10 млрд теңгеге тең (210 млрд – 200 млрд = 10 млрд)
және салыстырмалы көрсеткіші 5 процентке тең ((210 - 200) 200 = 0,05)
болады.

Экономикалық өсудің типтері, тиімділігі мен сапасы.
Экономикалық өсудің негізгі екі типі бар: экстенсивтік және интенсивтік.
Экономикалық өсудің экстенсивтік типінде, материалдық игіліктер мен
қызметтер көлемінің молаюы ұсыныстың тікелей факторларының көпшілін қолдану
арқылы жүреді: жұмыскердерді, еңбек құралдарын, жерді, шикізатты, отын-қуат
ресурстарын және т.б. Экстенсивтік өсуде өндірістің нақты көлемінің өсу
қарқыны мен оны жасауға жұмсалған жиынтық шығындардың өсу қарқынының
арасындағы пропорциялары тұрақты болып саналады.
Экономикалық өсудің интенсивтік типі керісінше сипатталады - өндірістің
кеңеюі өсудің тікелей факторлары сапасының жетілдірілуі арқылы жүзеге
асырылады: прогресивтік технологияларды қолдану, жоғары квалификациясы мен
жоғары еңбек өнімділігі бар жұмысшы күшін пайдалану ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мальтустың теориясы
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Экономикалық теория қызметі
Экономикалық ілімдер тарихы
Экономикалық теорияның зерттеу әдістері
ҚР-ғы экономикалық өсу және өндірістің тиімділігін арттырудың негіздері
Экономиканың циклдық концепциялары
Қазақстан Республикасының аймақтық даму мәселелері
Экономикалық цикл теориялары
Қазақстан Республикасының экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
Пәндер