Халықаралық дербес құқық пәнінен дәрістер


- ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
Халықаралық дербес құқықтың түсінігі және құқық жүйесіндегі алатын орны
Жоспары:
1. Халықаралық жеке құқық түсінігі және атауы
2. Халықаралық жеке құқықтың мазмұны мен мәні
3. Халықаралық жеке құқықтын құқық саласы ретіндегі мәні
4. Халықаралық жеке құқықтын құқық жүйесінде алатын орны
Лекция мақсаты: Халықаралық жеке құқықтың түсінігін, құқық жүйесіндегі алар орнын және мазмұнын студенттерге объективті түрде оқыта отырып, бүгінгі және болашақ ұрпақтардың мүддесі үшін халықаралық жеке құқықтың халықаралық саясатта атқаратын маңызын, оны өмірде қолдана алуын оқытып үйрету болып табылады.
Лекция мәтіні.
1 . Халықаралық жеке құқық түсінігі және атауы
Халықаралық жеке құқықтың дамуына бүгінгі күнгі факторлар өте тиімді әсер етуде.
Біріншіден, бұл шаруашылық өмірдің объективті процесі осыған сай жан-жақты экономикалық қатынастардың жаңа деңгейін талап етуде. Бұл тұстағы айқын мысал ретіңде еуропалық континенттік дамуды атауға болады. Шаруашылық өмірдің ең жарқын көрінісі ретінде жан-жақты экономикалық және экономикалық-техникалық қауымдастықтың дамуын атауға болады. Егер де ХІХ-ХХ ғасырларда ол қатынастар тек саудамен ғана шектеліп отырған болса, ендігі ХХ-ХХІ ғасырларда бұл тек тауар мен қызмет алмасу ғана емес, өндірістік қауымдастық, оның құрамына бірлескен кәсіпорындар мен өндірістер, бірлескен зерттеулер мен ізденістерді жүргізулер кіреді.
Екіншіден, бұл жағдай - соғыстар мен түрлі сипаттағы қақтығыстарға байланысты, саяси және ұлттық себептерге қатысты, сонымен қатар жұмысқа орналасу мен білім алуға байланысты халықтың көшіп-қонуының (миграциясының) тез арада өсіп кетуіне байланысты болды.
Үшіншіден, ғылыми-техникалық прогресс бір жағынан, коммуникациядағы, көлік жетістіктері арқасында көптеген елдер өзара жақындасты, осының аркасында, жалпы, адамзаттық қарым-қатынас дамыды, телерадио құралдары, бейнетехника мен спутниктік құрылғыларды қолдануға байланысты ғылымда болып жатқан жетістіктер дүние жүзінде әр түрлі хабарларды тез арада таратып отыруға мүмкіндік берді; космосты игерудегі жетістіктер тағы бар, ал екінші жағынан ғылыми-техникалық прогресстің кертартпа тұстары, атап айтқанда, Чернобыль мен Ирактағы трагедиялар, қоршаған ортаның ластануы мен улануы бір ғана мемлекеттің шекарасымен шектеліп қана қоймайды.
Халықаралық жеке құқық үшін басты маңызды болып табылатын нәрсе - халықаралық қатынастар гуманизациялануы болып табылады. Барлық мемлекеттердің - халықаралық қатынас реттеуіне қатысушыларының назарында адам, оның жай-күйі, құқықтары мен бостандықтары болуы тиіс.
Мемлекеттердің өзара байланыстылығы әр түрлі салалардағы өзара ықпалдастық тұтастарынан да көрінеді.
Мемлекеттер арасындағы қауымдастық туралы мәселелерді шешу кезінде құқықтық және оның әдістері мен құрылымдарының орны ерекше болып келеді.
Халықаралық жеке құқықтың спецификалық ерекшелігі осы мемлекеттердің арасындағы, құқық жүйелерінің арасындағы айырмашылықты сақтай отырып, коллизиялық деп аталатын нормалардың көмегімен қай мемлекеттің құқығы тиісті жағдайларда қолданылатыңдығын анықтауға бағытталған.
Халықаралық жеке құқықтың мақсаты - әр түрлі елдердің фирмалары мен ұйымдарының арасындағы іскерлік байланыстарды құқықтық реттеу болып табылады.
Қатынастардың екінші бір тобы - шетелдік қатысушылар, яғни азаматтардың қатысуымен болады. Халықаралық құқықтағы сияқты халықаралық жеке құқыққа да жалпы қоғамдық мүдде мен жеке тұлғаның мүдделері толығымен ескерілуге жатады.
Халықаралық жеке құқықта шетелдіктердің жеке мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтары туралы, олардың еңбек, отбасы және басқа салалардағы құқықтары туралы сөз болады. Осы аталған құқықтарға кепіл болу халықаралық жеке құқықта басты орынға қойылады, әсіресе, бұл аралас (шетелдің қатысуымен) некелерге, отбасылардың түрлі мемлекет азаматтарынан құрылуына байланысты болып табылады. Халықаралық жеке құқық нормалары Қазақстаңдағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайын және біздің азаматтардың шетел мемлекетіндегі жағдайын анықтайды.
Халықаралық жеке құқықтың реттеу пәні халықаралық өмірде пайда болатын азаматтық-құқықтық сипаттағы түрлі қатынастар болып табылады.
Халықаралық жеке құқық халықаралық жария құқықпен (не жалпы халықаралық құқықпен) тығыз байланысты. Халықаралық жеке құқық өзбетіндік, тәуелсіз құқық жүйесі болып табылады. Үстемдік етіп тұрған концепцияға (тұжырымдамаға) сүйенсек халықаралық жеке құқық болып табылады.
Халықаралық жария құқық пен халықаралық жеке құқықтың нормалары бір ғана мақсат үшін - әр түрлі саладағы халықаралық қауымдастықты дамытудың құқықтық алғышарттарын дайындау қызметін атқаруда. Бұл екеуінің арасындағы ортақ мүдде: - осы жердегі халықаралық қатынастар туралы ойлар бұл ұғымдардың кең мағынада, яғни екі немесе одан да көп мемлекеттердің қатысуымен болатын, бір мемлекет аумағынан тыс туындайтын қатынастар туралы болып отыр. Дегенмен, халықаралық жеке құқық жария құқықтық емес, жеке құқықтық қатынастарды реттейді. Бұл реттегі халықаралық дегеніміз шетел элементімен күрделендірілген қатынасты білдіріп тұрады.
Халықаралық жеке құқықтың халықаралық жария құқықтан ең бірінші айырмашылығы - олардың реттейтін қатынастарының мазмұнының әр-түрлігінде. Халықаралық жария құқықта мемлекеттер арасындағы саяси қарым-қатынастар, бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздік, мемлекеттің егемеңдігі мәселелері, мемлекет ісіне араласпау, қарусыздану сияқты мәселелер қарастырылады. Халықаралық жария құқықта халықаралық сауда, экономикалық әрекеттесу сияқты сауалдардың кең етек алуы халықаралық экономикалық құқықтың туыңдауына әкеліп соқтырады. Дегенмен, олармен реттелетін қатынастар азаматтық-құқықтық емес, мемлекетаралық сипатқа ие болып табылады. Ал халықаралық жеке құқыққа келер болсақ, оның реттеу аясы халықаралық қатынастағы нақ осы жеке құқық саласында көрініс табады. Бұл ең біріншіден, мүліктік қатынастар (мәселен, авторлық пен патенттік құқық саласында), яғни бұлар халықаралық жеке құқықтың реттеу аясына жататын қатынастар болып табылады.
Халықаралық жария құқықтан халықаралық жеке құқық тек өзінің реттеу пәнімен ғана емес, сол қатынастардың субъектілерінен де ерекшеленеді. Мемлекеттер халықаралық жария құқықтың негізгі субъектілері болып табылады. Сонымен қатар, халықаралық ұйымдар мен өз тәуелсіздігі мен бостандығы үшін күресуші ұлттарды да осы топқа жатқызады. Ал халықаралық жеке құқықта қатысушылар мемлекет қана емес (бірақ оның қатысуы да жоққа шығарылмайды), ең басты қатысушылар жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар болып табылады. Жеке тұлғалар - бұл азаматтар, ал заңды тұлғалар - бұл мемлекеттік ұйымдар, жеке фирмалар, өндірістер, ғылыми зерттеу және басқа да ұйымдар.
Ендігі жерде халықаралық жеке құқықты халықаралық жария құқықтан ерекшелейтін үшінші белгісін атап өтуге болады. Халықаралық шарт халықаралық жария құқықта қатынастарды реттеудің негізгі қайнар көзі болып табылады. Халықаралық жеке құқықта да халықаралық шарттардың алатын орны ерекше, бірақ олардың ережелері кейбір мемлекеттердің заңнамаларына сіңірілсе де, сіңірілмесе де қолданыла береді, ал кейбір мемлекеттерде ол шарт тек мемлекет санкциясын алған уақытта ғана қолданысқа ұшырайды.
Халықаралық жеке құқықта маңызды орынды (бұл халықаралық жария құқыққа барынша тән қасиет) таза ішкі сипаттағы заңнама, сот және арбитраж тәжірибесі алады.
Енді, халықаралық жеке құқықтың мәнін анықтағаннан кейін, оны құқықтық тұрғыдан алғандағы түсінігіне байланысты пікірлерді қарастырған жөн.
Кеңестік дәуірде осы ғылымның дамуының алдында тұрған сұрақтардың бірі халықаралық жеке құқық деген түсінікке байланысты болып табылған. Жалпы жағдайларда, лениндік түсінік - біз ешқандай жекелікті танымаймыз, бізде бәрі ортақ, сондықтан да, жария құқықтық деген түсінік қолданылуы керек деген де болды. Дегенмен де осы жеке құқық деген сөздің өзі тұтастай алғанда осы ғылымның ішкі мәнін және оның мазмұнын айқындап тұр, өйткені бұл сонау ерте римдік дәуірдегі құқықтарды жеке және жария деп бөлуді ары қарай дамытып отыр. Жария құқық мемлекеттің жағдайына байланысты, ал жеке құқық - жеке тұлғалардың құқықтарына байланысты болып табылады. Халықаралық жеке құқықтағы халықаралық деген түсінік қазіргі кездің өзіне дейін даусыз болып келеді. Бірақ көптеген авторлардың пікірі бойынша халықаралық желе құқық барынша ішкі құқықпен тығыз байланыста бола отырып, құқық саласы ретінде танылады және ұлттық құқық жүйесінің бөлігі болып табылады. Ал енді ең соңғы авторлардың қатары құқық деген сөзге өздерінің қарсылығын білдірді, себебі олардың пікірі бойынша халықаралық жеке құқық ол реттеуші функцияны емес, тек қана сілтемелік функцияны атқарушы болып табылады және мұндағы басты орынға коллизиялық ережелер ие деп тұжырымдады.
Сонымен қатар, осы халықаралық жеке құқық деген түсінікке өзгертулер енгізуге байланысты жұмыстар одан әрі жалғасты. В. М. Корецкий өзінің «Очерки международного частного права» деген кітабында осы пәнді қамтиды деген 50-ден астам пәннің атауын ұсынады. Олардың қатарына келесі пәндерді жатқызуға болады: 1) халықаралық азаматтық құқық; 2) халықаралық шаруашылық құқық; 3) жеке құқықтық қатынастардын халықаралық режимі; 4) халықаралық жеке құқық; 5) шетелдік құқықты қолдану; 6) халықаралық құқық қағидаларына сәйкес түрлі мемлекеттердің заңдарын қолдану; 7) мемлекеттердің аумағынан тыс жерлерде құқықты тану; 8) құқықты тану; 9) шетелдіктердің жалпы жеке құқықтары; 10) бөлектейтін құқық; 11) жеке құқық саласындағы құқық конфликтілерінің теориясы; 12) құқық конфликтісі т. б.
Халықаралық жеке құқықтың мазмұнына аталған атаулардың қайсысы көбірек келетіндігін біз төменде көрсетілген бөлімдерден білетін боламыз, ал қазір біз халықаралық жеке құқық деген сөзді қолданған барынша дұрыс екендігін айта аламыз.
2. Халықаралық жеке құқықтың мазмұны мен мәні
Біздің отандық ілім халықаралық азаматтық-құқықтық, шетелдермен отбасылық, еңбек немесе халықаралық қатынастарды реттейді деген көзқарасты ұстанады. Осылайша, халықаралық жеке құқық дегенде кең ауқымды бір мемлекеттің аумағында ғана орын алмайтын азаматтық-құқықтық қатынастар туралы айтуға болады, қайсыбір мемлекет азаматтары арасыңдағы мүліктік және оларға байланысты емес жеке мүліктік емес қаты-настарды айтпастан бұрын, бұл мемлекеттер арасындағы сыртқы саяси қатынастарды да қозғап өту керек.
Ең біріншіден, мүліктік қатынастағы халықаралық құқық шетелдік элементке ие екендігі туралы айтылуы керек. Осындай шетелдік элемент бар мүліктік қатынастардың негізгі деген үш тобын бөліп қарастыруға болады:
1. Шетелдік болып табылатын субъектінің қатысуымен болатын мүліктік қатынастар. Бұл шет мемлекеттің азаматы, шет мемлекеттің заңды тұлғасы немесе тіптен, шетелдік мемлекеттің өзі де болуы мүмкін. Мәселен, қазақстандық өнеркәсіп орны ағылшындық фирмамен тауар партиясын сату туралы шарт жасайды. Мұндай жағдайда шетелдік элемент болып ағылшындық фирма табылады.
2. Субъектілердің барлығы бір мемлекетке тиесілі мүліктік қатынастар (мәселен, мұрагерлік мүлік) тиісті қатынастар пайда болатын объект шетел аумағында болатын болса.
3. Заңды фактімен пайда болуы не тоқтатылуы тығыз байланысты мүліктік қатынастар (зиян келтіру, шарт жасау, өлім т. б. ) .
Отандық ілім халықаралық жеке құқық, сонымен қатар, халықаралық азаматтық іс жүргізу мәселелерін де қарастырды. Мұның астарында, азаматтық істе шетелдік элементтің болуы әлдебір процессуалдық салдар туғызады деген пікір қлыптастырады.
Халықаралық жеке құқықтың тарихи негізін коллизиялық нормалар құраған. Шетелдік элементі бар азаматтық құқықтық қатынастарды реттеудің басты ерекшелігі - көп жағдайда халықаралық жеке құқық мәселелерін шешуде тікелей ереже және қолданылатын ереже жоқ. Бұл ережелер тек қай заңнама қолданылуы керек екендігі туралы меңзейді. Мұндай сипаттағы ережелер коллизиялық деп аталады.
Заң тұрғысынан алғанда коллизиялық нормалар халықаралық жеке құқық құрамына кіретін аса күрделі нормаларды білдіреді. Мемлекеттер қолданатын осындай нормалардың жиынтығы коллизиялық құқықты құрайды. Коллизиялық құқық халықаралық жеке құқықтың аса күрделі және аса маңызды бөлігін құрайды, бірақ коллизиялық сауалдар мен халықаралық жеке құқық мазмұны толығымен ашылмайды.
Халықаралық жеке құқық аясына шетел элементі бар халықаралық азаматтық құқықты реттейтін барлық нормаларды енгізген жөн. Бұл ретте мемлекеттердің арасындағы құқық емес, олардың арасында орнайтын қатынас басты мәнге ие болуы тиіс. Осындай түсініктен кейін халықаралық жеке құқық құрамына халықаралық қатынастар көмегімен унификациялауға көп мән берген жөн. Шаруашылық өмірдің интернационалдануы сауда, көлік және басқа салалардағы материалдық құқықтардың унификациялануына алып келуде.
Халықаралық жеке құқықтың қолданылар кеңістігі мен оның мазмұны туралы сұрақтар құқықтық доктринада қолданыла бермейді. Шетелдік теория мен тәжірибеде белгілі бір дәрежедегі ортақ түсінік қалыптасты, яғни шетелдіктердің статусының сауалы халықаралық жеке құқыққа бағытталған. Мәселен, Францияда шетелдіктердің құқықтық жағдайы ешқаңдай сауалдарсыз халықаралық жеке құқықтың реттеуіне енгізіледі, ал Англияда, Нидерланта бұл халықаралық жеке құқықтың көрінісі деп танылады. Бірқатар жағдайларда халықаралық жеке құқықтың аясы туралы доктриналық көзқарастар халық-аралық жеке құқық туралы заңнамада өз орнын тапқан. Мәселен, Венгрияның халықаралық жеке құқық туралы Заңында оның әсер ететін аясы белгіленген: бұл заң бейбітшілік кезіндегі шетел мемлекетімен осы мемлекеттің арасындағы азаматтық, отбасылық, еңбек қатынастарын реттейді деп көрсетеді. Ағылшындық, американдық, голландық ғалымдардың еңбектерінде халықаралық жеке құқықты реттеуге коллизиялық нормалар жатқызылады. Бұл реттегі сұрақтардың барлығы көбіне соттылыққа байланысты болып келеді, яғни белгілі бір даулы қатынастарды реттеуде қай мемлекеттің соты басым рөлді алу керек деген сауалдар, осыған байланысты қай елдің құқығы қолданылатындығы туралы мәселе шешіледі.
Шетелдіктердің құқықтық жағдайын халықаралық жеке құқық мәселелерінің қатарына жатқызу Франция мен оның бұрынғы отарларына тән болып табылады. Сонымен қатар назар аударатын бір мәселе, Францияның халықаралық жеке құқығында шетелдік азаматтың Франция азаматтығын алуы, оның аумаққа енуі, оның азаматтық және саудадағы мәртебесі сияқты мәселелер басым орынды иеленеді. Француздық құқықтық доктриналарда халықаралық жеке құқыққа қатысты көзқарас кездеседі, оған сәйкес халықаралық жеке құқық халықаралық қатынасқа енуші субъектінің құқықтық жағдайын анықтаушы болып табылады.
Халықаралық жеке құқықты зерттеумен айналысатын ғалымдардың айтуы бойынша оның реттеу аясына, сонымен қатар азаматтық сауалын, олардың статусына, жария тәртіпке байланысты мәселелерді де енгізуі керек. Бірақ 1940-жылдардың басынан бастап, күні бүгінге дейін халықаралық жеке құқықты іс жүргізу құқығымен байланыстыру сауалы ашық түрде қалып отыр.
Жоғарыдағы даулардың тиісті шешімін тапқанша халықаралық жеке құқықтың жалпы танылған және мойындалған пәнін анықтау мүмкін емес. Осы пәннің жүйесіне байланысты даулардың шексіз жалғасуы халықаралық жеке құқықтың құқықтық табиғатын және оның реттелу әдістерін, оның жүйесіне байланысты сұрактарды шешуге мүмкіндік бермейді, өйткені құқықтың осындай сипаттаушы белгілері құқықтың реттеу пәніне тәуелді болып табылады.
Ең біріншіден айтарымыз, халықаралық жеке құқық реттейтін қатынастардың бір тобын бөліп алу үшін оның тек халықаралық қатынастарды реттейтіндігін атап өту керек. Халықаралық қатынастар күрделі кешенді құбылыс болып табылады. Бірінші кезекте мемлекетаралық қатынастарды ажыратып алған жөн (мұның ішінде мемлекеттен келіп шығатын субъектілерді де міндетті түрде қосамыз) . Бұл қатынастардың тобының ерекшелейтін белгісі болып олардың субъектілері - мемлекеттерге тиесілі - егемендік болып табылады. Нақ осы егемендік арасындағы мемлекетаралық қатынастарды белгілейді. Мемлекетаралық қатынастар халықаралық жария құқықтың реттеу пәні болып табылады.
Мемлекетаралық қатынастар мен көбіне олардың субъектілері азаматтар мен ұйымдар (заңды тұлғалар) арасындағы қатынастар байланысты болып келеді. Мысалы, Қазақстан шетелдік мемлекетпен сауда және экономикалық әріптестік туралы шартқа отырады. Бұл халықаралық құқықтың реттеу пәні болып табылады. Аталған жағдай мемлекеттер арасында жасалатын шарттардың негізінде айқындалады. Бұл қатынастардан басқа сол мемлекеттердің жекелеген ұйымдары мен азаматтарының арасында да сауда, экономика мен коммерциялық қатынастар орнығып қалуы мүмкін. Бұл тұста, жоғарыда аталған мемлекетаралық шарттар оларды реттеуде әлсіз болып қалады. Сондықтан да халықаралық қатынастарда жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың қатысуы ерекше бір спецификалық қатынастарды тудырады.
Халықаралық жеке құқықтың аясында азаматтық құқық: азаматтардың құқықтық қабілеттілігі, шетелдік заңды және жеке тұлғалардың меншік құқықтары, сыртқы экономикалық мәмілелерден туындайтын қатынастарды реттеу жолдары сияқты өзінің күрделілігі бойынша - бұл азаматтық-құқықтық қатынастар, яғни әрбір мемлекеттің өзінің аумағында азаматтық құқықпен реттелетін қатынастар. Құқықтық білім - азаматтық құқық пәніне азаматтар мен заңды тұлғалардың арасындағы жеке мүліктік және мүліктік емес қатынастар жатқызылатындығы мәлім.
Дегенмен, халықаралық жеке құқық пен азаматтық құқықтардың реттеу пәндерінің бірдей немесе ұқсас болуы олардың пән ретінде ұқсастығын білдірмейді. Халықаралық жеке құқық стаңдартты мүліктік қатынастарды емес, тек қана халықаралық қатынастардан туындайтын қатынастарды реттейді. Мәселен, екі қазақстандық фирма арасында жасалған шарт азаматтық құқықпен реттелуге жатады, ал егер сол шартқа отырушы мемлекет шетел мемлекеті болса, бұл халықаралық жеке құқықтың нормаларымен реттелуге жатады.
Осыдан шығатын қорытындыны таразылай отырып, халықаралық жеке құқықтың қоғамдық қатынастарының екі белгісін шығарып алуға болады. Олар: біріншіден, халықаралық; екіншіден, азаматтық - құқықтық болып табылады.
Тек қана осы екі белгінің бір кезде кездесуі ғана қоғамдық қатынастардың құрамынан халықаралық жеке құқықтың пәні болып табылатын қатынастарды бөліп қарастыруға жол ашады. Мысалы, Қазақстан азаматының өлімінен кейін оның Қазақстаңдағы аманаты ашылады және оған сәйкес мұрагерлері анықталады. Бұл тұста азаматтық-құқықтық қатынастар туындайды. Егер осы мұра басқа бір мемлекет аумағында ашылса немесе мұрагерлер шетелдік азаматтар болып шықса, онда бұл халықаралық жеке құқықтың көмегіне жүгінетін қатынас болып шыға келеді.
Сәйкесінше, қазақстандық ішкі қатынастар азаматтық құқықпен реттеледі де, олардың біразы халықаралық сипатқа ие болатын болса, халықаралық жеке құқықтың реттеу пәніне кіреді.
Осыдан келіп, халықаралық жеке құқықтың пәні болып халықаралық азаматтық құқықтық қатынастар табылады деп жауап берумізге болады.
Осыдан келіп азаматтық деген қатынастардан бөлек отбасылық, еңбек қатынастары осы халықаралық жеке құқықтың реттеу объектісіне жатады ма, әлде жоқ па деген заңды сұрақтар туындай бастайды.
Халықаралық жеке құқықтың пәнін құрайтын тағы бір қаты-настардың белгілері бар. Бұл жеке адамдар мен заңды тұлғалардың арасыңда жасалатын қатынастар. Дегенмен, бұл принцип өзбетіндік сипатқа ие емес, өйткені олардың барлығы жеке құқықтық табиғаттан келіп шыгады.
3. Халлықараық жеке құқықтың құқық саласы ретіндегі мәні
Халықаралық жеке құқықты құқықтың бір саласы ретінде басқа саладан айыра білу қажет.
Құқық жүйесіне байланысты бірқатар мәселелерді айтсак, халықаралық жеке құқық басқа құқық салаларымен, атап айтқанда, азаматтық құқықпен ұқсас болып келеді. Жалпы бөлімде, халықаралық жеке құқықтың принциптері мен негізгі бастамаларына байланысты жалпы ережелер де шоғырланған. Бұлардың қатарына коллизиялық ережелердің қызмет етуі, шетелдік құқықты қолдануды шектеу мәселелері, сыртқы мәселелер мен ішкі заңнаманың арақатынасы, шетел азаматтары мен заңды тұлғаларына ерекше құқықтық режимді белгілеу сияқты ережелерді жатқызуға болады.
Халықаралық жеке құқықтың ерекше бөлімі, әдеттегідей, негізгі институттардан тұрады: азаматтардың азаматтық құқықтық жағдайлары, мемлекеттердің ерекше құқықтық қатынасқа түсуші ретіндегі ерекшеліктері, меншік құқығы, мәмілелер, түрлі сипаттағы шарттар, зиян келтіру салдарынан пайда болатын міндеттемелер, интеллектуалдық меншік құқығымен байланысты нормалар, мұрагерлік, отбасы-некелік, сонымен қатар, еңбектік қатынастар. Халықаралық жеке құқық жүйесінде халықаралық арбитраж туралы мәселе ерекше бөліп қарастырылады. Оны халықаралық жеке құқықтың құқықтық саласына енгізу бірқатар қиындықтар туғызады. Бұл тұрғыда көбіне айтылатыны халықаралық арбитраж халықаралық жеке құқықтың аясында қалып қоймай, сонымен қатар халықаралық процестің сұрағы болып табылады.
Дегенмен, халықаралық коммерциялық арбитражды халықаралық жеке құқықтың аясына жатқызған кезде оның мақсаты мен қолданылуын еске алсақ жетерліктей болатын сияқты.
Оны азаматтық процеске қосудың қажеттігі жоқ, себебі ұлттық құқықтың бұл саласы сот мекемелерінің қызметін реттейді, ал арбитраж болса, қоғамдық аралық соттарды білдіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz