Қазақстан Республикасы



1 Географиясы
2 Климаты
3 Ішкі сулары
3.1 Өзендер
3.2 Көлдер және бөгендер
3.3 Мұздықтар
4 Өсімдіктері мен жануарлары
5 Әкімшілік бөлінуі
5.1 Ірі қалалар
6 Халқы
6.1 Халық саны
Еуропа мен Азияның тоғысында Еуразия құрлығының қақ ортасында орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-ншы орында. Жер көлемі — 2 724 900 шаршы шақырымды құрайды.
Қазақстан батысында Еділдің төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларының етегіне дейін 3000 км-ге созылып жатыр. Солтүстіктегі Батыс-Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Дегенмен мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан – ең үлкені.
Бес мемлекетпен көршілес, солтүстігінде Ресей Федерациясымен – 6 467 км, оңтүстігінде – Түрікменстан – 380 км, Өзбекстан – 2 300 км және Қырғызстан – 980 км республикаларымен, ал шығысында – Қытаймен – 1 460 км шектеседі, батыста Каспий теңізімен, оңтүстікте Арал теңізімен шайылады. [1].
Республика жерінің қиыр солтүстік нүктесі (55 26 с.е.) Шығыс Еуропа жазығының орталық бөлігі мен Британия аралдарының оңтүстігіне, ал оңтүстік нүктесі (40 56 с.е.) Кавказ сырты мен Оңтүстік Еуропаның Жерорта теңізі өңіріндегі елдердің ендігіне сәйкес келеді. Батыс шеті (46 27 ш.б.) Эльтон және Басқұншақ көлдері маңына, ал шығыс нүктесі 87 20 ш.б. Бұқтырма өзенінің бастауына сай келеді. Республиканың географиялық орналасуы оның табиғат жағдайларын анықтайды.
1. Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты, http://www.akorda.kz/kz/kazakhstan/general_information/general_information_about_the_republic_of_kazakhstan, 2011 жылдың 8 шілде күні тексерілді
2. Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі, Қазақстан Республикасы халықының 2011 жыл басына нақтыланған саны туралы, http://www.stat.kz
3. «2009 Жылғы Қазақстан Республикасы халық санағы, Қысқаша қорытындылар» Статистикалық жинақ, Редакциясын басқарған Ә.А. Смайылов, Астана, 2010 – 110 бет
4. Численность населения РК по областям, городам и районам на 1 января 2011 г.
5. “Балалар Энциклопедиясы”, V-том

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан (Қазақстан Республикасы) — Еуропа мен Азияның тоғысында Еуразия құрлығының қақ ортасында орналасқан мемлекет. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-ншы орында. Жер көлемі — 2 724 900 шаршы шақырымды құрайды.
Қазақстан батысында Еділдің төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларының етегіне дейін 3000 км-ге созылып жатыр. Солтүстіктегі Батыс-Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1 600 км-ге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Дегенмен мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан – ең үлкені.
Бес мемлекетпен көршілес, солтүстігінде Ресей Федерациясымен – 6 467 км, оңтүстігінде – Түрікменстан – 380 км, Өзбекстан – 2 300 км және Қырғызстан – 980 км республикаларымен, ал шығысында – Қытаймен – 1 460 км шектеседі, батыста Каспий теңізімен, оңтүстікте Арал теңізімен шайылады. [1].
Республика жерінің қиыр солтүстік нүктесі (55 26 с.е.) Шығыс Еуропа жазығының орталық бөлігі мен Британия аралдарының оңтүстігіне, ал оңтүстік нүктесі (40 56 с.е.) Кавказ сырты мен Оңтүстік Еуропаның Жерорта теңізі өңіріндегі елдердің ендігіне сәйкес келеді. Батыс шеті (46 27 ш.б.) Эльтон және Басқұншақ көлдері маңына, ал шығыс нүктесі 87 20 ш.б. Бұқтырма өзенінің бастауына сай келеді. Республиканың географиялық орналасуы оның табиғат жағдайларын анықтайды.

Қазақстан Республикасының халқы 2011 жылдың 1 қаңтарына 16 441 959 адамды құрады. 2010 жылдың басында халық саны 16 204 617 адам болатын[2]. Республикада қазақтардан басқа 131 ұлыстың өкілдері тұрады. 2009 жылы өткізілген халық санағының қорытындысы бойынша халықтың этноқұрамы келесідей болды: қазақтар – 63,1%, орыстар – 23,7%, өзбектер – 2,9%, украиндар – 2,1%, ұйғырлар – 1,4%, татарлар – 1,3% , немістер – 1,1%, кәрістер – 0,6%, түріктер – 0,6% [3].
Елордасы — Астана қаласы. Әкімшілік жағынан 14 облыс және республикалық маңызы бар 3 қалаға (Астана, Алматы, Байқоңыр) бөлінеді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі — қазақ тілі, орыс тілі ресми тіл қызметін атқарады.

Мазмұны

1 Географиясы

2 Климаты

3 Ішкі сулары

3.1 Өзендер

3.2 Көлдер және бөгендер

3.3 Мұздықтар

4 Өсімдіктері мен жануарлары

5 Әкімшілік бөлінуі

5.1 Ірі қалалар

6 Халқы

6.1 Халық саны

6.1.1 Ұлттық құрамы

6.1.2 Діні

6.2 Мемлекеттік құрылысы

7 Тарихы

8 Табиғаты

9 Саяси жағдайы

9.1 Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

10 Сыртқы саясат

11 Қоғам

12 Экономикасы

13 Энергетикасы

14 Мәдениет және қоғам

15 Бұқаралық ақпарат құралдары

16 Әлеуметтік саласы

17 Қарулы күштері

18 Түсініктемелер

19 Сыртқы сілтемелер

Географиясы

Қазақстан Республикасының аумағы Еділ өзені алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейін, Батыс Сібір жазығынан (Солтүстік Қазақстан жазығы) оңтүстігінде Тянь-Шань тауына дейін созылып жатыр. Аумағының 10%-ы биік таулы өңірлер, қалған бөлігі ойпат, жазық, үстірт, қырат жерлер. Қазақстанның ең биік жері – Хантәңірі шыңы (6995 м). Ол Тянь-Шань тау жүйесінде орналасқан. Каспий теңізінің шығыс жағалауында елдің ең төмен жері Қарақия (Қаракие) ойысы теңіз деңгейінен 132 м төмен орналасқан.

Қазақстан кен байлықтарының қоры мен әр алуандығы жағынан жер шарындағы ең бай аймақтардың бірі саналады. Қазақстанда 200-дей мұнай және газ орындары анықталған. Оның негізгі бөлігі (80%-ы) Каспий маңында шоғырланған. Республикада 200-ге жуық көмір кен орындары барланған. Ең ірі көмірлі алаптар Орталық Қазақстанда орналасқан. Қазақстанда қара металл кентастарының бір мыңнан аса орны табылған. Олар республиканың барлық жерінде дерлік кездеседі. Елімізде түсті металдардың ірі базасы қалыптасқан. Олардың ішінде жетекші орынды мырыш, қорғасын, мыс кендері алады. Олар, негізінен, Шығыс Қазақстан мен Орталық Қазақстанда шоғырланған. Қазақстан сирек кездесетін металдарға бай өлке. Елімізде алтын мен күміс өндіру ежелден жолға қойылған. Нақтыланған алтын қоры жағынан Қазақстан әлемдегі жетекші ондыққа кіреді және күміс өндіру көлемі бойынша Азияда 1-орын алады. Елімізде 100-ден астам барланған уран кендері бар.

Климаты

Қазақстанның солтүстік өңірлерінде қыс ұзақ, қарлы әрі суық, аяз кей уақыттарда –45 – 50°С-қа жетеді. Жазы қоңыржай жылы, дегенмен кейде ауа температурасы 35 – 40°С-қа жетуі мүмкін. Оңтүстік аймақтарда қысы жылы, дегенмен кейбір күндері мұнда да 30 – 35°С аяздар байқалады. Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері жазық жерлерде 100 – 200 мм болса, тау бөктерінде 500 – 600 мм-ге жетеді.

Ішкі сулары

Су – құрлықтағы сүйық, қатты, газ күйінде болатын және бір күйден екінші күйге жеңіл өте алатын бірден-бір минерал. Қазақстанның жер бедерінің әр түрлі блуына байланысты ішкі су да әркелкі келеді. Шөл мен шөлейт зонасында көлдер мен өзендер аз, ал дала және орманды дала зонасында едәуір мол. Республика аумағында ішкі сулар бірнеше түрге бөлінеді. Олар: өзендер, көлдер, жер асты суы, мұздықтар және бөгендер мен каналдар.

Өзендер

Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты 85мың өзен бар. Олардың ішінде 7 өзеннің (Ертіс, Тобыл, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу) ұзындығы 1000 км-ден асады. Республиканың барлық өзендері Солтүстік Мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алаптарына құяды. Екі алап арасындағы суайрық Сауыр-Тарбағатай тау жүйесінің қырқасы мен Сарыарқа, Торғай үстірті арқылы өтіп, Оңтүстік Оралға тіреледі. Қазақстандағы ең суы мол өзен – Ертіс. Онда көптеген су электр стансалары орналасқан. Ертіс – Қарағанды каналы арқылы Орталық Қазақстанға су жіберіледі. Екінші өзен – Сырдария, негізінен, егін суаруға пайдаланылғандықтан, кей жылдары Аралға жетпей қалады. Балқаш көлі атырабындағы ең ірі өзен – Іле. Ал Батыс Қазақстанды, негізінен, Жайық өзені суландырады. Бұлардан басқа ірі өзендерге Есіл, Тобыл, Елек, Шу, Талас, Торғай, Ырғыз, Нұра, Ойыл, Жем, т.б. жатады.

Көлдер және бөгендер

Қазақстан аумағында ірілі-ұсақты 48 мыңнан астам көлдер және 3 мыңға жуық бөгендер бар.Климат жағдайына байланысты көлдердің көбі Қазақстанның солтүстігіне қарай орналасқан. Олардың ішінде Каспий теңізі, Арал теңізі және Балқаш, Зайсан, Алакөл сияқты ірі көлдерден басқа, көбі (94%) көлемі бір шаршы километрден кем шағын көлдер. Көлдердің барлығы түйық көлдер. Көбінің суы тұзды, олардан тұз өндіріледі.Қазақстанда ауданы 100 шаршы километрден астам 22 көл бар. Олар республикадағы көлдердің бүкіл ауданының 60%-ын алып жатыр.

Бөгендер Қазақстан аумағында жер беті ағындарын реттеу мақсатында өзен арналарын бөгеу арқылы жасалады. Егер көлемі кіші ойыстарды бөгейтін болса, оларды тоған деп атайды. Бөгендер ауданына қарай келесі бөліктерге бөлінеді:

50 км2-ге дейін – кіші
250 км2-ге дейін – орта
1000 км2-ге дейін – ірі
одан үлкендері – аса ірі бөгендер.

Қазақстанда қазір 4 мыңдай бөгендер мен тоғандар бар. Алып жатқан ауданы 10 мың км2. Оларда 90 км2 тұщы су жиналған. Бөгендердің көбі Орталық, Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда шоғырланған. Олар: Бұқтырма, Қапшағай, Шардара, Самарқан, Бөген, Ақкөл, Шерубай-Нұра, Кеңгір және т.б.
Мұздықтар

Қазақстан өзендерінің негізгі су көздерінің бірі – мұздықтар. Мұздықтар тұщы судың зор қоймасы. Қазақстан жерінде мұздықтар таралған аудандары шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы – Алтай, Сауыр жоталары, Жетісу Алатауы, Қырғыз Алатауы, Іле Алатауы, Kүнгей Алатау, Теріскей Алатау жоталары. Республиканың барлық тауларында 2724 мұздық бар. Алып жатқан ауданы – 2033,3 км2. Мұздың жалпы көлемі 100 км3.
Өсімдіктері мен жануарлары

Қазақстанда өсімдіктердің 15 мыңдай түрі бар. Бұған қоса сүтқоректілердің 180, құстардың 500, бауырымен жорғалаушылардың 52, қос мекенділердің 12, балықтың 104 түрі мекендейді. Жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау үшін мемлекеттік қорықтар ұйымдастырылған.

Әкімшілік бөлінуі

Қазақстан – унитарлы мемлекет. Құрамына 14 облыс, 86 қала, соның ішінде 3 республикалық бағыныштағы қалалар (Астана, Алматы, Байқоныр), 168 аудан, 174 ауыл кіреді.

Халық саны

2009 – 17 ’200’000. 2006 ж. жылдың 1 шілденің күнінде Қазақстанда халық саны 16 301,4 мың адамды құрады.

Оның ішінде, 8763,9 мың (57,3%) адамды қалалық тұрғындар, 7537,5 мың адамды (42,7%) ауылдық тұрғындар құрап отыр.

2006 жылдың қаңтар-маусым аралығында республика халқының табиғи өсімі 63370 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 8,3 (8,1) адамнан келді.

Ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында АХАЖ органдары тіркелу көрсеткіші бойынша 143210 (138882) туу фактілерін тіркеді. Туғандардың саны қалалық және ауылдық елді-мекендерде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, 3,3%-ға және 2,9%-ға өсті де, тиісінше 83566 және 59644 адамда құрады. Бала туудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 18,6 (18,4) сәбиді құрады.

Осы кезең ішінде өлгендер саны 79840 (80978) адамды құрап отыр, соның ішінде қалалық елді мекендер үлесі — 51186 (51661) және ауылдық жерлер — 28654 (29317). Өлімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 10,29 (10,33) адам.

Өлімінің негізгі себептері қан айналымы жүйесі аурулары болып табылады, олардың үлесіне барлық тіркелген өлім оқиғаларының 52,9% (52,5%) тиесілі екендігі хабарланып отыр.

Осы кезең ішінде республикада 1 жасқа дейінгі 2049 (2087) баланың шетінеуі тіркелген. Нәрестелер өлімінің коэффициенті 1000 туғанға 14,7 (14,5) шетінеу. Перинаталдық кезеңде пайда болатын жағдайлар нәрестелер өлімінің ең көп тараған себептері болып табылады, одан ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында 1037 (1021) нәресте шетінеді. Цифрлар тілімен айтқанда, барлық нәрестелер өлімінің 50,6% (48,9%)-ы осы жағдайға тиесілі болып табылады.

Биылғы жартыжылдықта некелесу мен ажырасулар саны, тиісінше 54994 және 17467 (48271 және 15183) құрады. Некелесу мен ажырасудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 8,5 (7,7) некені және 2,3 (2,1) ажырасуды құрады.

Елде халық көші-қонының оң айырымы сақталып келеді, 2006 жылдың 1 жартыжылдықтағы оның шамасы 18746 (14148) адамды құрады. 2006 жылы қаңтар-маусым аралығында Қазақстанға келгендер саны 2005 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5008 адамға немесе 13,2%-ға, ал Қазақстаннан кеткендер саны 9606 адамға немесе 1,7 есе азайды. ТМД елдерінен келгендер мен сол елдерге қоныс аударғандар үлесі олардың жалпы санына шаққанда, 86,1% және 87,9% (88,7% және 66,4%) құрады.

Ал ел ішіндегі көшіп-қонушылардың саны 137220 (131019) адамды құрап отырған жайы бар.

Ұлттық құрамы

Қазақстанда 120-дан астам ұлт (этностар мен этникалық топтар) өкілдері тұрады. 2006 жылдың 1-шілдесіндегі жағдай бойынша қазақтардың саны 11008,0 мың адамды, орыстар — 2962,1 мың, украиндар — 444,7 мың, өзбектер — 433,5 мың, ұйғырлар — 231,4 мың, татарлар — 229,1 мың, немістер — 222,5 мың адамды құрады. Республика халқының жалпы санында ең көп үлес салмақты қазақтар — 58,9% және орыстар — 25,9% алып отыр. Басқа этностар мен этникалық топтар үлесіне республика халқының 15,2% тиесілі болып табылады.

2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдаймен салыстырғанда қазақтар саны 94,7 мың адамға, немесе 1,1%,-ға, тиісінше өзбектер — 4,6 мың, немесе 1,1%-ға, ұйғырлар — 1,6 мың, немесе 0,7-%-ға өсті; ал орыстардың саны 17,2 мың адамға, немесе 0,4%-ға, тиісінше украиндар — 4,1 мың, немесе 0,9%-ға, татарлар — 0,5 мың, немесе 0,3%-ға және алмандар — 0,2 мың, немесе 0,1%-ға азайды. 2009 халық санағы бойынша Қазақстан Республикасының халқы 17 200 000 санына тең.

Діні

Қазақстан жұртында 75% мұсылмандар (этникалық мұсылмандармен қоса алғанда), 25 % христиандар. Елде дінге шек қоймаған. Бірақ діни еркіндікті шектейтін кейбір заңдар бар. Халқының негізгі бөлігі мұсылмандар болса да, ҚР зайырлы мемлекет.

Мемлекеттік құрылысы

Қазақстан – 1995 жылғы 30 тамыздағы респ. референдумда қабылданған Конституция бойынша – өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеумметті мемлекет ретінде орнықтырды. Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Республиканың ең жоғ. өкілді органы – Парламент. Ол республиканың заң шығару қызметін жүзеге асырады.

Парламент тұрақты жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенатқа әр облыстан және респ. маңызы бар 2 қаладан екі адамнан сайланады. Сенаттың 15 депутатын Парламент өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды. Мәжіліс республиканың әкімш.-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылған, сайлаушылар саны шамамен тең болатын бір мандатты аумақтық сайлау округтары бойынша сайланатын алпыс жеті депутаттан және партиялық тізім бойынша сайланатын 10 депутаттан тұрады.

Президент Үкіметті Конституцияда белгіленген тәртіппен құрады. Тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы республика Президентіне ұсыныс енгізеді. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Конституциялық Кеңестің төрағасын республика Президенті тағайындайды.

Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Ол заңмен құрылған Қазақстан Республикасының Жоғ. Соты және республиканың жергілікті соттары болып табылады. Жергілікті мемл. басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік (мәслихат) және атқарушы органдар (әкімдік) жүзеге асырады.

Тарихы

Қазіргі Қазақстан жерін ежелгі адамзат баласы бұдан 1 млн-дай жыл бұрын мекен еткен. Қола дәуірінде Сібірдің, Жайық өңірінің, Қазақстан мен Орта Азияның ұлан-ғайыр далаларын тегі және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Бұл тайпалар өзінше бір үлгідегі жарқын мәдениет қалдырды. Мұны ғылымда Андрон мәдениеті деп атайды. Ерте темір ғасыры дәуірінде (біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдық ортасы) Қазақстанда тайпалық одақтар қалыптасты. Қазақстанның оңтүстік, шығыс және орталық аудандарын мекендеген тайпалар сақ тайпалар одағына, ал батыс, солтүстік аудандарындағы тайпалар савроматтар тайпалық бірлестігіне бірікті. Біздің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы
Республикасының азаматтығын тоқтату негіздері
Қылмыстық ізге түсуден иммунитеттері бар адамдардың істері бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері мен тәртібі
Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышаны
Ата заңның аясында
Азамат және мемлекет
Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің әскери рәміздері
Нормативтiк құқықтық актi мәтiнiнiң мазмұны
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы
Қазақстан Республикасының Министрлері
Пәндер