Ұлттық қауіпсіздік


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім:

  1. Ақпараттық кеңістіктегі ұлттық қауіпсіздік деңгейі
  2. Босқындар проблемасы - ұлттық қауіпсіздік мәселесі
  3. Ұлттық қауіпсіздік - ұлағатты ұстаным

ІІІ. Қорытынды

І. Кіріспе

Адамзат дамуының бүкіл тарихи тәжірибесі мемлекеттің алға басуы және тұрақты өсуі жүзеге асырылатын қажетті шарттардың бастауында оның ұлтының қауіпсіздігі мен мемлекеттілігінің сақталуы тұрғанына куә. Бостандық пен тәуелсіздікті жеңіп алу жеткіліксіз, оны табанды турде қорғап, нығайтып, ұрпақтарға қалдыру қажет. Біздің ұрпақ еңсере алмай, өздеріне қалдырған ауыртпалықтар, қиыншылықтар мен проблемалар үшін болашақ ұрпақ кешірер. Егер біз өз мемлекеттілігімізден айрылып, егемендігіміздің стратегиялық негіздерін, өз жерлеріміз бен ресурстарымызды қолымыздан шығарып алсақ, бізге кешірім жоқ. Әрине, болашақты бағамдаудың мұндай қисыны кез келген ішкі және сыртқы жағдайларда ұзақ мерзімді кезеңге арналған Қазақстан саясатының стратегиялық бағыты үшін уақыты жағынан үздіксіз болуы керек. Бұл Қазақстанның 2030 жылға дейінгі дамуының бірінші стратегиялық басымдығы болуға тиіс.

Қауіпсіздіктің басымдығы анық: егер еліміз қауіпсіздігін сақтамаса, онда тұрақты даму жоспарлары туралы сөз қозғауымыздың өзі қисынсыз. Бабаларымыздың өз мемлекетінің іргетасын қалауы мен дамытуын шолып қарағанда, олардың өз мемлекеттілігін сақтап қалу үшін тарихи ауыр және қатал күрес жүргізгенін айқын көрсетеді. Осы стратегиялық міндеттің шешімін үнемі іздестіру қажеттігі бізден қалыптасып отырған жағдайды геостратегиялық күштермен және олардың өзгеру серпінімен теңдестіре байсалды әрі барабар бағалауды талап етеді.

Қазақстанның қазіргі кездегі және жақын болашақтағы ұлттық қауіпсіздігіне төнуі ықтимал қауіптің тікелей әскери басып кіру және мемлекеттің аумақтық тұтастығына қатер төндіру сипатында болмайтынын біз түсінеміз. Ресейдің де, Қытайдың да, Батыстың да және мұсылман елдерінің де бізге шабуыл жасауға итермелейтін сылтауы жоқ екені айдан-анық. Бұл тыныштық пен тұрақтылықтың болжап білуге болатындай қашықтығы Қазақстанның экономикалық әлеуетін тиімді нығайту үшін пайдаланылуға тиіс, соның негізінде біз ұлттық қауіпсіздіктің сенімді жүйесін құра аламыз.

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Ақпараттық кеңістіктегі ұлттық қауіпсіздік деңгейі

Еліміздің ақпараттық кеңістігіндегі ұлттық қауіпсіздік мәселесі туралы айтылып та, жазылып та жүргеніне біраз жыл болды. Ақпараттық шабуыл - жаһанданудың ең үлкен құралы. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі 29 қаңтарда өткен «Нұр Отан» партиясының бюро мәжілісінде атап өткен. «Біз қазақстандық эфирді шетелдік хабарлармен тұмшалап тастадық. Қандай ел өзінің ақпараттық кеңістігін өзгелерге беріп қойып қарап отырады? Бізде әркім білгенін жасап жүре береді. Сондықтан бұл саланы ретке келтіруіміз керек, және соны ұғындыру үшін үлкен жұмыстар атқаруға тура келеді», - деп қадап айтты Президент.

Ақпараттық қауіпсіздік деген не? Әуелі осыны анықтап алған жөн сияқты. Ең алдымен, ақпарат кеңістігіндегі мемлекеттік және ұлттық мүдденің қорғалуын қамтамасыз ету және оған сырттан келетін залалдардың алдын алу керек. Сонымен қатар, азаматтардың Конституциялық құқығын қорғай отырып, кез-келген ақпаратты алып, оны өз кәдесіне жарата білу де - үлкен қажыр-қайратты қажет ететіні белгілі. Қоғамның рухани, мәдени, ғылыми құндылықтарының, патриоттық дәстүрлерінің мұртын бұзбай, ел бірлігі мен мемлекет тұтастығының сақталуын қамтамасыз еткен жөн. Біз қанша жерден көп ұлтты мемлекет болғанымызбен, негізгі мемлекет құраушы ұлттың мүддесі бірінші орында тұруы тиіс және ұлтына, нәсіліне, дініне қарамастан, Қазақстан азаматының барлық заңмен қорғалатын құқықтарын толық сақтау керек. Бүгінгі таңда қолында ұялы телефоны бар адамның өзін ақпарат құралы деп есептеуге болады. Өйткені, ол адамның кез-келген ақпаратты жазып алып, ғаламтор арқылы таратуға, қоғам талқысына ұсынуға мүмкіндігі бар. Сол себепті қоғамға ұсынылатын ақпараттар ағынын ұлттық және мемлекеттік мүдде тұрғысынан реттеп отырудың маңызы өте зор. Қазіргі шетелдік экспансияны былай қойғанда, қоғам қалпының бұзылуына іштен төнетін қауіп те аз емес. Сөз бостандығын желеу етіп, мемлекеттік қауіпсіздікке зиянын тигізетін мәліметтер мен пікірлерді жанталаса жариялап жатқан неше түрлі сайттар бар. Оның сыртында кейбір журналистердің сауатсыздығы салдарынан өңі теріс айналып кеткен ақпараттар да тарап кетіп жататын кездер аз емес.

Ия, Елбасы биылғы қаңтардың аяғында өткен «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесі бюросының кеңейтілген мәжілісінде қазақстандық эфирді отандық телеарналар мен бағдарламаларға қысым жасайтын шетелдік саналуан дүниелердің толтырып жатқанына тоқталды. Электрондық ақпарат құралдары ғана емес, газет-журналдар жөнінде сөз қозғап, елімізде Қазақстан туралы ләм демейтін басылымдардың шығып жатқанына назар аударды. Шынында да, бұл - қатты ойланатын, дұрысы, құзырлы мекемелерді ойландыруы тиіс, тек ойландырып қана қоймай, мұндай сорақылықты тездетіп жою үшін әрекет етуге мәжбүрлейтін әділ сын. Бірақ, өкінішке қарай, содан бері біраз уақыт өтті. Сең әлі бұзыла қойған жоқ. Жаңадан құрылған Байланыс және ақпарат министрлігі осы мәселеге назар аударар, бәлкім. Мемлекет басшысы отандық ақпарат кеңістігінде тәртіп орнату қажеттігін қадап айтты. Мұхтар Әуезов: «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген. Расында, кез-келген тәуелсіз мемлекет сол елді мекендеген тұрғындардың санасына тікелей ықпал ете алатын шетелдік ақпарат құралдарын тайраңдатып қоймайды. Байқасаңыз, алып «Euronews» теларнасының орыс тіліндегі хабарлары Ресейдің бүгінгі өмірі мен Кремльдің қазіргі саясатын көбірек қамтиды. Мұндай талап тек телеарналарға ғана емес, өзге ақпарат құралдарына да қойылады. Айталық, «Eurosport. com» сайты халықаралық. Соның орысша нұсқасына кіріп көріңіз. Әңгіменің дені Ресей спорты жөнінде. Әлгі Euronews таяуда өз хабарларын түрік тілінде де тарата бастады. Түркияның Еуроодаққа мүше болу жолындағы машақатын көпшілік жақсы біледі. Міне, соған қарамастан, іс жүзінде Еуроодақтың телевизиялық мінбері болып табылатын осы телеарнаның түрікше хабарларынан Түркияның тіршілігі, Анкараның ресми ұстанымы байқалып тұрады.

Еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдары, соның ішінде телеарналардың бүгінгі ахуалын қоғамнан бөліп қарастыра алмайсың. БАҚ та - мемлекеттің ажырамас бір бөлшегі. Әсіресе, көп нәрсе экономикаға кеп тіреледі. Бұл ретте ғаламдық экономиканың дағдарысты әлі еңсере алмағанын, оның зардабы тек жұрттың күнкөрісіне ғана емес, рухани салаға да әсер етіп жатқанын дәлелдеудің қажеті жоқ шығар. Дағдарыс, әсіресе, тек өзінің мүмкіндігіне ғана сенетін «КТК» секілді телеарналарға оңай тиген жоқ. Маған жалпы телевизия кеңістігінен сөз еткеннен гөрі өзіміздің телеарна туралы айту орынды болар.

Бюджеттен коммерциялық бағыттағы ақпарат құралына ақша бөлінбейтіні баршаға белгілі. Табыстың басты бұлағы - жарнама болса, дағдарыс белең алған тұста ол да суалып, бітелуге аз қалды. Міне, осындай қысылтаяң жағдайда бізге жаңаша жұмыс істеуге, яғни қазіргі сәнге айналған тілмен айтқанда менеджментті (басқару) өзгертуге тура келді. Бұрын еленбей келген мүмкіндіктер кәдеге жарады. Содан шығар, телеарнамыз дағдарыстан белі бүгілмей, қайта шыңдала түсті. Бұрынғы үрдісінен танбай, көрерменнің қазіргі сұранысына сай дүниелерді ұсынуда. Әлемдік тәжірибеде дәлелденгендей, «Тамаша» сықылды ойын-сауық бағдарламаларына көбірек көңіл бөлудеміз. Бұған қоса ұжымның өз күшімен тұңғыш рет көркем фильм түсіруді қолға алдық. Осы арада «Таң-тамаша», «Жүрекжарды», «Кейіпкер», «Қыз қылығы мен былығы» атты бағдарламалар дәл осы дағдарыс тұсында дүниеге келгенін айрықша атап өткім келеді. Бұлардың барлығы өз көрерменін тапқан, рейтингі жоғары жобалар. Биыл құрылғанына 20 жыл толатын «КТК» жаңалықтары мен сараптама бағдарламаларын жұрттың қашан да тағатсыздана тосатыны әмбеге аян.

Ақпарат құралдарының еліміздің, ұлтымыздың даму жолындағы қосар үлесі зор. Мемлекетіміздің тәуелсіздігін баянды ету үшін ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек. Әсіресе, ұлттық жадымызды жаңғыртып, іргелі ел болудағы басты роль - талассыз ақпарат құралдарында. Ақпарат кеңістігінің иесі мемлекет болғандықтан, ондағы ақпараттар легі сол мемлекет азаматтарының сұранысына сай және оны толыққанды қанағаттандыратын болуы тиіс деп ойлаймын.

  1. Босқындар проблемасы - ұлттық қауіпсіздік мәселесі

Қалай десек те, ел ішіндегі қазіргі жағдайға алаңдаушылық көңіл-күймен қарауға толық негіз бар. Өйткені, соңғы кездері төрткүл əлемге ел ішіндегі саяси тұрақтылығының бекемдігімен аты шыққан мамыражай Қазақстан территориясына əр түрлі желеулерді алға тартумен келіп жатқан келімсектердің саны күннен-күнге арта түсуде. Содан да болар, ел билігі босқындар туралы заң қабылдауға мəжбүр болып, ол заң 2010 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап күшіне енген еді.

Елдің миграция полициясының дерегіне қарағанда, соңғы үш-төрт айдың көлемінде қазақ жеріне өтіп кеткен осындай “босқындардың” саны 440 адамға жетіпті. Бұл тек ресми тіркелгендері ғана, ал, тіркелмегендерінің саны бұдан он еселеп артатынын ескерсек, қазақ жеріне келіп паналаушылардың саны миллиондаған адамға жетері күмәнсіз. “Тұрақтылық аралы” саналатын Қазақстан жерінде бас сауғалауға ниеттілер қатарында саяси тұрақтылығы аумалы-төкпелі Ауғанстан мен экономикасы әлсіз Тәжікстан, сондай-ақ, лаңкестік әрекеттерден күнде жүздеген адам мерт болып жатқан Пәкстан ғана емес, өзімізге қоңсы қонған Орталық Азия өңірінде тұратын көрші елдердің азаматтары да бар.

Жалпы, әлемдік деңгейде шиеленісті оқиғалардың кең етек жая бастауы босқындар мәселесін өте өзекті етеді, әсіресе, экономикалық және саяси жағдайы барлық жа-ғынан көп босқындарға “майдай жағатын” Қазақстан үшін. Саяси баспана сұраушылардың саны бүгін-ертең азая қоймасы анық, керісінше, оның арта түсері хақ. Әрі бұл үрдісті тоқтату мүмкін емес: бұған, бір жағынан, қарапайым адамгершілік ұстанымы жол бермесе, екінші жағынан, Қазақстанды белгілі бір ережелерді бұлжытпай орындауға міндеттейтін халықаралық құқық нормалары мен БҰҰ конвенциялары тосқауыл қояды. Оның үстіне Қазақстан қазіргі күні ЕҚЫҰ тө-рағасы болып отырғандықтан, босқындар легі өзінің барлық мүшеле-рін адамдардың құқығын қорғауға міндеттейтін осы халықаралық ұйымға басшылық етіп отырған қазақ елінен пана табуға тырысады. Әйтсе де, бұл мәселенің астарында тағы да бір қитұрқы мән барын да ұмытпаған жөн, ол - шетел азаматтарының кез келген желеуді алға тартып, белгілі бір елдің территориясына барып тұрақтап қалуды көздейтіндігі. Оларды бұған итермелейтін басты себептің бірі - өздерінің тарихи отандарындағы экономиканың әлсіздігі мен табыс деңгейінің өте төмендігі екені даусыз. Бүгінгі таңда әлемде 200 миллионға жуық адам мигранттар болып саналса, жыл сайын Қырғызстан мен Тәжікстан және Өзбекстаннан 1, 5 миллионнан астам адам табыс табу үшін Ресей мен Қазақстанға аттанады екен. Сол себепті де аймақтағы миграцияның деңгейі өте жоғары. БҰҰ дерегіне сүйенсек, мигранттар легінің 60 пайызы дамыған, ал, 40 пайызы Қазақстан секілді дамушы елдердің үлесіне тиеді екен. Сондықтан мұндай елдер жалған босқындардың еліне айналғысы келмесе, дәнді қауыздан ажырата білуге үйренуі керек. Рас, мұндай жағдайдың алдын алуға байланыс-ты іске асырылуы көзделген шаралар тізімі баршылық. Мәселен, босқындар мәртебесіне үміткерлер Қазақстанда өкілетті органдар тарапынан “нәсілі, ұстанған діні, ұлты, азаматтығы, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы, саяси ұстанымы бойынша шынында да қуғын-сүргінге ұшыраған ба, әлдебір террористік ұйымдармен байланысы бар ма, жоқ па” деген сауалдар төңірегінде мұқият тексеруден өтеді. Өтініш жасаушының құжаттары жалған болып шықса, оған босқын мәртебесі берілмейді. Бірақ, бұған қарап босқындар легін реттеуге болады деу аздық етеді. Себебі ол егемен мемлекет үшін аса қажет шаруа, өйткені, әлдебіреулердің өз елінен қуғын-сүргіннен бас сау-ғалап қашуға жасаған әрекеті - өркендеп отырған Қазақстанда тамырын тереңге жайып, тұрақтап қалу үшін қажет желеу ғана. Сонау 2001 жылдың 1 қыркүйегінде болған терактіден кейін осы мәсе-лемен АҚШ пен Еуропа елдері де айналысқан болатын. Сол кезде аталған елдерге босқындар атын жамылған экстремистік және террористік ұйымдардың мүшелері кіре бастаған еді. Сондықтан, кез келген мемлекет үшін ең басты құндылық - елдің ұлттық қауіпсіздігі болуы шарт, бұл қағиданың егеменді Қазақстанға да тікелей қатысы бар. Ал, босқындар туралы заңның қабылдануы елге терроризмді экспорттау мен Ауғанстаннан тасымалданатын есірткі легін азайтуға қатысты сырттан төнетін қауіп-қатердің бұлтын сейілткендей болды. Босқындар мәртебесінен үміткерлер елде СПИД, құрт, тағы да басқа ауыр дерт түрлерін таратпауы үшін Қазақстан Республикасында то-лық медициналық тексеруден өтуі тиіс. Аталған мәселенің тағы бір жағымсыз жағы - миграциялық процесс барысында байырғы ел тұрғындары мен сырттан келген “босқындар” арасында келіспеушілік орын алып, айтарлықтай шиеленіс-ті жағдай қалыптасуы мүмкін. Сырттан келген босқындарды асы-рап-сақтау мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылатынын, ал, бюджеттің ел халқытан алынып отырған салықтан құралатынын ескерсек, мұндай қысталаңды кезде елдегі ең жағымды экономикалық жағдай да катализатор қызметін атқара алмауы мүмкін. Десе де, әзірше ресми тіркелген босқындар саны аз болғандықтан, ел ішінде әлеуметтік шиеленіс орын ала қоюы күмәнділеу. Бірақ, келімсектер тарапынан әлдебір қылмыс жасалып иә дау-жанжал туындай қалса, одан ши шығып кету қаупі сақталатынын жоққа шығаруға болмайды. Оған елімізге келген оралмандар мен тұрғылықты халық арасында қа-лыптасқан қырын қабақтық пен салқындық көз жеткізеді. Десек те, шынында да қорғауды қажет ететін адамдарға мемлекет те, ел азаматтары да көмек қолын созары кәміл, өйткені, қонақжайлылық пен төзімділік - қазақтың қанымен біте қайнасып біткен асыл қасиет. Жалған босқындар аңғал қазақтың осы “бостығын” пайдаланбаса дегіміз келеді. Ол үшін атқарушы биліктің пәрмені күшті, қолданар шаралары қатал болуы шарт.

  1. Ұлттық қауіпсіздік - ұлағатты ұстаным

Еліміздің жекелеген азаматтары ұлттық қауіпсіздік органдары атқарып жатқан қыруар еңбекті көз алдына елестете алмауы да мүмкін. Қазіргі таңда БҰҰ-ның ұлттар қауымдастығында өзіне лайық тарихи орынды иеленген Қазақстанда Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ішкі және сыртқы функцияларды орындауда жетекші орын берілген. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1992 жылғы 13 шілдеде қол қойған Жарлығымен Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті Ұлттық қауіпсіздік комитетіне алмастырылып, оған егемен мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігін қорғау жүктелді. «Жедел іздестіру қызметі ту­ралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Терроризмге қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» заңдар Қа­зақстан Республикасы Ұлттық қа­уіпсіздік комитетінің қызметін то­лықтай нақтылап, терроризммен, экстремизммен, сепаратизммен және басқа да мемлекетке қарсы көріністермен күресте барлық құ­рылымдардың жедел шамалары мен күштерін үйлестіруге мүмкіндік берді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қарсы барлау қызметі бұрынғы жарты ғасырлық мол тәжірибесін тиімді қолдана оты­рып, ҰҚК Академиясы мен Әскери институтында, сондай-ақ, басқа да елдердің арнайы оқу орындарын­да жақсы даярлықтан өткен жас қарсы барлаушылардың тұтастай бір буынын қалыптастырды. Олар шетел арнайы қызметтерінің жаңа жұмыс ағымына қарсы тұра білуде. Біздің қарсы барлаушылардың білікті де қажырлы жұмыстарының нәтижесінде соңғы үш жыл ішінде жиырмадан астам шетел арнайы қызметтерінің агенттері мен кадр­лық мамандары анықталып, олар­дың біздің аумағымыздағы іс-әрекеттерінің жолы кесілді. Міне, осы­лайша қолға түскен материал­дар шетелдік арнайы қызметтердің Қазақстанға қарсы барлау және бүлдіру іс-әрекеттерін жандандыра беретінін дәлелдеп отыр.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қы­тай, Ресей, Өзбек, Қырғыз, Түрікмен шекараларында мемлекеттік ше­к­араны күзету бойынша өзінің ауқымы жағынан теңдесі жоқ жұмыстар жүргізуде. Оның үстіне жаңа бағыт - теңіз шептері пайда болды, бұлар ұйымдастырушылық, техникалық және жедел сипатта­ғы қосымша шаралар қолдануды қажет етеді. Осындай өте маңызды бағыттар бойынша кең көлем­ді жедел-техникалық жұмыстар жүр­гізіліп, контрабандалар мен есірт­­кілік заттарды алып өтудің жолы кесілуде, жүздеген шекара бұзушылар құрықталуда. Оңтүстік бағыттағы шекарадағы ұдайы ширыққан жағдайлар есірткілік зат­тардың заңсыз айналымы үзіл­мейтін «Алтын жарты ай» деп аталған өңірдің жақындығымен түсіндіріледі. Осы жылдар ішінде «Оңтүстік», «Батыс», «Солтүстік», «Шығыс» шекара басқармаларының жаңа өңірлік құрылымдары, сондай-ақ жаңа шекара жасақтары, жаңа шекара заставалары құрылды. Қазақстан Республикасы ҰҚК күш салуымен шекара әскерлеріне техника мен қару-жарақтың жаңа үлгілері енгізілуде, бөлімдер мен құрылымдарды тылдық қамтамасыз етуге, байланысты ұйымдастыруға, тұрғын үйлер құрылысына және т. б. жіті назар аударылуда. Қазақстан аумағының барлық шегі бойынша шекаралық демаркация жүргізілді.
Мемлекетіміздің экономикалық қауіпсіздігін қорғау бойынша Ұлт­тық қауіпсіздік комитеті жүргізіп отырған ұшан-теңіз жұмысты шағын мақалаға сыйғызу мүмкін емес. «Ұйымдасқан қылмыс нысандары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес осы жылдар ішінде Қазақстаннан мұнай өнімдерін, түсті металлдар мен әскери техниканы, сондай-ақ мәдени құндылықтарды заңсыз шығарып алып кетуге бағытталған талай әрекеттердің жолы кесілді. Бірқатар шетел фирмаларымен тиімсіз келісім-шарттар жасасу­дың алды алынып, материалдық резервті ұрлау және талан-таражға салу әрекеттері тоқтатылды, сон­дай-ақ Астана қаласында және республикамыздың бірқатар қала­ларында жалған кәсіпкершілік қыз­метімен айналысатын көп­теген фирмалар жойылды. Қа­зақстан Республикасы ҰҚК ор­гандары бірнеше жылдар бойы кеден лауазымды адамдарының қатысы бар бірқатар қылмыстық қауымдастықты жою бойынша ірі көлемді операциялар жүргізді. Осы шаралар нәтижесінде мем­лекет қазынасына қыруар қар­жы қайтарылып, ол еліміздің эко­номикалық базасын нығайтуға бағытталды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы ұлттық қауiпсiздiк органдарының мақсаты заңдары
ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жалпы ережелері
ҚР ұлттық қауіпсіздік органдары туралы
Жалпы қауіпсіздік концепциясы
Қауіпсіздіктің тарихи-құқықтық аспекті мен құрылымы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Қазақстан Республикалық экономикалық қауіпсіздігі мәселесі және оны шешу жолдары
Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін талдай отырып, ұлттық экономиканың ашықтығы жағдайындағы экономикалық мәселелердің шешімін табуға бағытталған теориялық және тәжірибелік ұсыныстар жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz