Тамыраяқтылар және талшықтылар


Тақырып 1:Қарапайымдылар типі. Тамыраяқтылар және талшықтылар. Жалпы сипаттамасы, жіктелуі және практикалық маңызы.
Мақсаты: студенттерге қарапайымдылар типтерінің, әртүрлі кластардың құрылымының күрделілігімен, морфологиялық ерекшеліктерімен, жүйелілілігімен таныстыру. Тамыраяқтылар және талшықтылар класс өкілдерінің медициналық маңызы, тіршіліктегі әрекеттерінің ерекшеліктерін оқыту.
Оқытудың міндеттері:
1. Қарапайымдылардың мысалында кәдімгі амебаның тіршілік барысының ерекшекліктерін және құрылысын оқу.
2. Саркодылар класс өкілі - дизентериялық амебаның медициналық маңызын оқу.
3. Талшықтылар класы - лямблия, лейшмания және трипаносома өкілдерінің медициналық маңызын оқу.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Қарапайымдылар типінің жіктелуіне сипаттама беріңіз
2. Қарапайымдылардың мысалында кәдімгі амебаның тіршілік әрекеті және жалпы құрылымдық белгілері мен органоидтарын атаңыз.
3. Дизентериялық амебадан қарапайым амебаның ерекшеліктері неде?
4. Қарапайымдылар типінің әртүрлі кластарының өкілдерінің құрылымының белгілерінің күрделенуі неде?
5. Неге өсу талшықтары жануарларға қатысты екенін түсіндіріңіз.
Почему растительных жгутиконосцев относят к животным?
6. Талшықтылардың патогендік ортасын атаңыз, адамда ауру тудыруын сипаттаңыз.
7. Қарапайымдылардың тіршілік циклінің сипаты?
8. Адам өмірінде және биогеоценоздағы қарапайымдылардың маңызын атаңыз.
Білім берудің және оқытудың әдістері: тақырыптық семинар: сабақ тақырыбын талқылау және өңдеу, тесттілеу, жүйелік семинар: оқытылатын тақырып бойынша мәселелерді талқылау және терең танысу, оқу сұхбаттасу: берілген тақырыптың сұрақтары бойынша білімін бекітіп және жақсарту үшін арналған сұрақтар.
Ұсынылатын әдебиет:
Негізгі:
1. К. Дәуітбаева. Омыртқасыздар зоологиясы: Т. 1. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен. Алматы, 2005. - 373 б.
2. К. Дәуітбаева. Омыртқасыздар зоологиясы: Т. 1. Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен. Алматы, 2005. - 379 б.
Қосымша:
1. С. Ә. Әміреев, А. Жаханов, Қ. Құдайбергенұлы. «Медициналық паразитология» С. Ж. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің 75 жылдығына арналған. Оқулық. Алматы: «Кітап» баспасы, 2005.
2. Қуандықов Е. Ө., Әбілаев С. А. Медициналық биология және генетика. Оқулық. - Алматы «НАS», 2006.
3. Рупперт, Э. Зоология беспозвоночных: Т. 2. Низшие целомические : пер. с англ. / Э. Рупперт, С. Фокс, Б. Барнс. - М. :Асаdemia, 2008. - 448 с.
4. Рупперт, Э. Зоология беспозвоночных: Т. 3. Членистоногие : пер. с англ. / Э. Рупперт, С. Фокс, Б. Барнс. - М. :Асаdemia, 2008. - 496 с.
5. Шарова, И. Х. Зоология беспозвоночных / И. Х. Шарова. - М. :Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2004. - 592 с.
Қарапайымдылар - бірклеткалы, өтеұсақ, микроскоп . , ал организм, , қозғалу, тітіркену, ортағабейімделу, ас қорыту, зәршығару, тынысалу, даму т. б. қызметтерінатқарады. Қарапайымдылардың клеткасының пішіні және мөлшері алуан түрлі болады. Олардың мөлшері 3-4 микроннан бірнеше миллиметр шамасында болады. Мысалы, инфузория стентордың ұзындығы - 1, 5 мм. Қарапайымдылардың құрылысы көп клеткалылардың клеткасының құрылысымен бірдей - цитоплазмадан, ядродан және органоид бөлшектерінен құралған. Цитоплазма екі қабат түзейді, ашық түсті сыртқы - эктоплазма және қоңырқай, түйіршікті ішкі - эндоплазма. Қоймалжың сұйық цитоплазмада көптеген органоидтар орналасқан: митохондриялар, эндоплазмалық тор, рибосомалар, Гольджи аппараты, т. б. Цитоплазмада ас қорыту вакуолі түзіліп тұрады, олар ас қорыту ферменттерін шығарып, қорек заттарды қорытады. Органикалық заттар мен сұйықтық тамшылар клеткаға фагоцитоз және пиноцитоз жолымен өтеді. Тұщы суларда тіршілік ететін қарапайымдыларда жиырылғыш вакуолі зәр шығару, осмос қысымын реттеу және тыныс алу қызметін атқарып отырады. Клеткадағы зат алмасу жолында пайда болған несеп заттар сыртқа жиырылғыш вакуолі арқылы шығарылады. Тұщы суда тіршілік ететін карапайымдылардың цитоплазмасындағы тұздың және басқа ерітіндінің концентрациясы өзін қоршаған судың концентрациясынан әлдеқайда жоғары болғандықтан, осмос қысымына байланысты сыртқы ортадағы су клетканың ішіне енеді, ал жиырылғыш вакуоль артық суды үнемі сыртқа шығарып тұрады, соның нәтижесінде клетка жарылмай бірқалыпты түрде сақталынады. Судың құрамындағы ерітілген оттегі цитоплазмада қалып, сыртқа су арқылы көмірқышқыл газы
шығарылып отырады, осылайша тыныс алу процесі жүреді. Цитоплазманың орталық бөлімінде ядро орналасады. Қарапайымдылардың көпшілігінде ядросы біреу (моноэнергидты), сондай-ақ екі, көп ядролы қарапайымдыларда жиі кездеседі (полиэнергидты) . Ядрода қабықша, ядрошырыны, ядрошық және хромосомалар болады. Қарапайымдыларда қозғалыс органойдтары жақсы жетілген. Олар, жалған аяқтары, яғни псевдоподиялары - pseudopodia (латынша pseudo - жалған, poda - аяқ) және жіптәрізді талшықтар мен кірпікшелер. Қарапайымдылардың көпшілігі жыныссыз және жынысты жолымен көбейеді. Жыныссыз көбеюінде клетканың негізгі бөліну тәсілі - митоз. Жынысты көбеюі аталық және аналық жыныс клеткаларының (гаметаларының) бір-бірімен қосылуы арқылы өтеді, осындай процесті - копуляция деп атайды. Копуляция нәтижесінде ұрықтанған клеткадан - зигота пайда болады. Зигота диплоидты, өйткені ол екі гаплоидты жыныс клеткаларының (гаметалардың) қосылуы нәтижесінде түзіледі. Жыныс клеткаларының (гаметаларының) мөлшері мен пішіні әр қилы болады. Аталық және аналық гаметалардың мөлшері және құрылысы бірдей болса, бұлардың қосылуын - изогамия копуляциясы деп атайды, ал үлкендеу келген аналық гамета - макрогамета, кішілеу келген аталық гамета - микрогаметамен қосылса - анизогамия копуляциясы деп атайды. Қарапайымдылар конъюгация (ядроның қосылуы), ұрпақ алмасуы, шизогония, гаметагония, спорогония жолымен де көбейеді. Қарапайымдылардың бір ерекшелігі - қолайсыз жағдайларда (су кеуіп қалса, мұзға айналса, қорек жетпесе, т. б. ) клетка сыртына қалың қабық шығарып, цистаға айналады. Циста қүйінде қарапайым ұзақ уақыт тіршілік
етеді. Қолайлы жағдай болғанда клетка циста қабығын тастап әрекетті тіршілікке кіріседі.
Қоректену тәсіліне қарай карапайымдылар екі топқа бөлінеді: автотрофты және гетеротрофты. Автотрофты қарапайымдылар (жасыл эвглена, вольвокс т. б. ) органикалық заттарды хлорофилл дәндерінің жәрдемінен синтездеу арқылы алады, немесе фотосинтез арқылы қоректенеді. Гетеротрофты қарапайымдылар дайын органикалық заттармен
қоректенеді (бактериялармен, көк-жасыл балдырлармен, ұсаққарапайымдылармен) . Кейбір гетеротрофты қарапайымдылар жәнепаразиттік тіршілік ететін карапайымдылар дайын органикалық заттардыосмос жолымен бойына сіңіру арқылы қоректенеді. Мұндай қоректенутәсілін сапрофиттік қоректену деп атайды. Бұларға топырақтарда тіршілік
ететін қарапайымдылардың кейбір түрлері және паразиттер: трипаносома, лейшмания, трихомонас, безгек плазмодиясы т. б. жатады. Кейбірқарапайымдылар автотрофты және гетеротрофты тәсілімен қоректене алады, бұларды миксотрофты жәндіктер деп атайды. Мысалы, жасыл эвглена -миксотроф. Қарапайымдылардың 70 000-нан астам түрлері белгілі, тұщы суларда, теңіздерде, ылғалды топырақтарда кең тараған және жануарлар мен адамның денесінде паразиттік тіршілік етеді.
САРКОДИНАЛАР КЛАСЫ - SARCODINA
Саркодиналардың 10 000-нан аса түрлері белгілі, теңіздерде, тұщы суларда, ылғалды топырақта жиі кездеседі. Адамның және жануарлардың денесінде паразиттік тіршілік ететін түрлері де бар. Барлық өкілдері жалған аяқтары, яғни псевдоподиялары арқылы қозғалады. Саркодиналар үш класс тармағына бөлінеді: тамыраяқтылар - Rhizopoda, сәулетәрізділер -Radiolaria, күнтәрізділер - Heliozoa. .
Амебалар отряды - Amoebina
Амебалардың негізгі белгілері: денесінің тұрақты пішіні, қалың қабыршағы, қаңқасының болмайтындығы. Денесінің кез келген жерінен уақытша цитоплазма өсінділерін - жалған аяқтарын шығаратын қасиеттері болады, өкілдерінің жалған аяқтары (псевдоподиялары) әр түрлі пішінді
болып келеді: саусақ тәрізді, мысалы, Amoeba proteus, жебе тәрізді - A. cristalica және басқалары.
Амебалардың мөлшері әр түрлі - 10-15 мкм-нан 2-3 мм-ге дейін. Ядролары біреу немесе көп болуы мұмкін. Мысал ретінде кәдімгі амеба - Amoeba proteus -тың құрылысымен танысамыз. A. proteus - тұщы суларда, шалшық сулардың түбінде, топырақтарда көп тараған. Клеткасының көлемі - 0, 5 мм. Денесі сыртынан цитоплазмалық мембранамен қапталынған. Цитоплазма екі қабат түзейді, ашық түсті, мөлдір сыртқы - эктоплазма, және коңырқай келетін, түйіршікті ішкі - эндоплазма (2-сурет) . Цитоплазманың ішінде бір ядро және көптеген органойдтар орналасқан. Амеба жалған аяқтары немесе псевдоподиялары арқылы қозғалады. Амебалар қорек заттарын денесінің кез келген жерінен ұстап алып, қорытылмаған ас қалдықтарын денесінің кез келген жерінен сыртқа шығарып отырады. Цитоплазманың ішінде жиырылғыш вакуолі айқын көрінеді. Осы вакуоль жоғарыда айтылғандай үш қызмет атқарады: зәр шығару, осмос қысымын реттеу және тыныс алу. Жиырылғыш вакуолі 5-8 минутта сұйық заттарға және суға толып жиырылып тұрады. Амебалар тек жыныссыз жолмен көбейеді. Ядросы митоз жолмен бөлінеді. Қолайсыз жағдайда амеба цистаға айналады. Амебалар отрядына еркін өмір сүретін түрлерінен басқа, паразитті өмір сүретін түрлері де жатады. Мысалы, Enthamoeba histolitica - дизентериялық амеба. Денесінің мөлшері 20-30 мкм. Эктоплазма және эндоплазма айқын бір-бірінен ажырап тұрады. Псевдоподиялары қысқа, тек қана эктоплазмадан құралады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz