Шыңғысхан және оның ұлдары



1 Шыңғысхан
2 Билік басына келген Шыңғысхан
3 Шыңғысхан мен оның қолбасшы балалары
Шыңғысхан - "әлемді сілкіндіруші", ұлы қолбасшы және жаулап алушы - кең жерді иемденген және 40000 үйге (отбасына) қамқоршы болған, моңғол даласында ержүректілігімен және күштілігімен белгілі болған Есугей батырдың ұлы. Бір сөзбен айтқанда, Шыңғыстың әкесі ең күшті де, ең бай моңғол және олардан көрші елдердің хандары мен қағандары да сескенген, 12 ғасырдың аяғындағы моңғол мемлекетіндегі ықпалды ақсүйектердің бірі болған. Есугейдің өзі Торғұл қағанды құтқаруға келіп, 1170 жылы қытайлармен соғыста даңқы шыққан.
Балалық шағында Темучжин деген аты бар Шыңғысхан тоғыз жасқа толғанда, жаулары у берген оның әкесі өледі де, сол кезден бастап оның отбасы үшін аса қиын күндер туады. Темучжин ерте ме, кеш пе әке өлімінің кегін қайтаратынын, сондай-ақ ержете келе көптеген княздіктерге бөлінген моңғол хандығында билік үшін күресте өте қауіпті және ықпалды қарсылас боларын біліп, жаулары оның көзін жоюға талпынып, қуғындай бастайды.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Шыңғысхан және оның ұлдары

Шыңғысхан - "әлемді сілкіндіруші", ұлы қолбасшы және жаулап алушы - кең
жерді иемденген және 40000 үйге (отбасына) қамқоршы болған, моңғол
даласында ержүректілігімен және күштілігімен белгілі болған Есугей батырдың
ұлы. Бір сөзбен айтқанда, Шыңғыстың әкесі ең күшті де, ең бай моңғол және
олардан көрші елдердің хандары мен қағандары да сескенген, 12 ғасырдың
аяғындағы моңғол мемлекетіндегі ықпалды ақсүйектердің бірі болған.
Есугейдің өзі Торғұл қағанды құтқаруға келіп, 1170 жылы қытайлармен
соғыста даңқы шыққан.

Балалық шағында Темучжин деген аты бар Шыңғысхан тоғыз жасқа толғанда,
жаулары у берген оның әкесі өледі де, сол кезден бастап оның отбасы үшін
аса қиын күндер туады. Темучжин ерте ме, кеш пе әке өлімінің кегін
қайтаратынын, сондай-ақ ержете келе көптеген княздіктерге бөлінген моңғол
хандығында билік үшін күресте өте қауіпті және ықпалды қарсылас боларын
біліп, жаулары оның көзін жоюға талпынып, қуғындай бастайды. Бірақ тағдыр
оған оң көзімен қарап, қиындықтармен және жоқшылықтармен күресте үлкен
тәжірибе жинап, ол барлық қиын-қыстау кезеңнен аман шығады. Жоқшылықтар
болашақ қолбасшы мен әміршінің мінез-құлқын нығайтады, оның дүниеге
көзқарасын қалыптастырады. өзара күресте барлық қарсыластарын жеңіп,
Темучжин моңғолдар мен түріктердің бытыраған рулары мен тайпаларын бір елге
біріктіреді және 1182 жылы оған "Шыңғыс" деген лауазым беріп, тайпа
көсемдері оны хан сайлайды. "Шыңғыс" деген сөз "теңіз-мұхит" дегенді
білдіреді. Сонымен, "Шыңғысхан" - теңіз сияқты үлкен аумақтың иесі деген
лауазым.

Билік басына келген Шыңғысхан бүкіл елде "ұлы Яседе" бейнеленген (Яса-сөз)
қатаң заң орнатады және бұл заңдарды сөзсіз орындауды бәрінен талап етеді,
оны бұзғандарды өліммен жазалауды бұйырады. Осыдан моңғол әскерінде қатаң
тәртіп орнайды және оның аса жетік ұйымшылдығы пайда болады, соның
арқасында олар алып аумақтар мен көптеген халықтарды жаулап алды.

Жаулап алу соғыстарын бастаған Шыңғысхан екі үлкен мақсатты көздеді:
біріншіден, Енисей мен Лена өзендерінің бойындағы түрік тайпаларынан Дунай
жазығындағы мадьярларға дейінгі барлық қандас халықтарды бір мемлекетке
біріктіру; екіншіден, Шығыс пен Батыстың өркениетін өзара байланыстыру,
олардан пайда алу үшін алмасу жолдарын құру және қорғау, еуразиялық
құрылықтың екі бөлігі арасындағы жоғарғы төреші-билікші болу. Мұндай
жоспарды кезінде Атилла да қастерлегені сөзсіз. Бәлкім, бұл туралы ұлы
Александр және Наполеон Бонапарт армандаған болар, бірақ мұндай идеяны
жүзеге асыру, оны аяғына дейін жеткізу Шыңғыстың ғана пешенесіне жазылған
еді. Тек моңғол жаулап алушылары ата-бабаларының "соңғы теңізге" жету, бір
мұхиттан екіншісіне дейін созылып жатқан империяны құру арманын орындай
алды. Қазақстан шебінде моңғол құрамалары Хубилайдың (Дзамби, Хубилай
ханның әйелі) басшылығымен 1218 ж. көрінді. Моңғол әскерлері олардан қашқан
меркіттердің артынан Ертіс жағалауына және Жетісуға келді. Хубилай
қарлұқтарды бағындырды, Алмалықты басып алды. Сол жылы (1211) Қытайды басып
алу науқаны басталды, сондықтан Хубилай әскерлерін шегіндіріп әкетті.
Қытайды бағындыру соғысы 1216 жылы аяқталды, ол бітісімен моңғолдар дереу
қазақ далаларымен шекарада пайда болды. Торғай далаларында қантөгісті
шайқас өтті, онда меркіттер біржолата жеңілді. Хорезм мен оның
төңірегіндегі жерлердің билеушісі Мухаммед Сұлтанның 60 мыңдық әcкері
қыпшақтарды қуамын деп, бір тәулікке кешіккен еді. Олармен хорезмдіктердің
ескі есептері бар болатын. Моңғолдар шайқасқа шығуға мәжбүр болды, бірақ
олардың ешқайсысы жеңіске жете алмады. Түнде моңғол әскерлері шығысқа қарай
жылдам жылыстап үлгерді. Шайқасқа қатысқан Хорезм шахтың ұлы Жалал ад-Дин
сұлтан тұңғыш рет естуімен емес, өз көзімен моңғолдарды соғыста көрді.
Моңғол жауынгерлерінің ерлігі Жалал ад-Динге үлкен әсер қалдырды. Және де
осы шайқас "жеңілмейтін моңғолдармен" соғысуға болатынына сұлтанның көзін
жеткізді. .

Шыңғысханның елшілері және оларға ерген саудагерлері, жалпы саны бес жүзге
жуық адам, араларында сөзсіз моңғол барлаушылары бар, 1218 жылы Отырар
қаласына келіп жетті. Отырар билеушісі Қайыр хан мұншама сән-салтанатты
делегацияның жаулық ниетін аңғарып, керуенді тонап алды, ал елшілер мен
барлық саудагерлер өлтірілді. Бұл кезде иелігіне Отырар енген Шах Мухаммед
өз хатында оны "өз ұлым" деп атаған Шыңғысханға ыза болды, мұнысымен ол
түркістандық билеушінің ар-намысын аяққа басып қана қоймай, баласының жерін
әкесі өз жеріне қосып алатынындай, өз империясына оның жерін қосатынын
аңғартқандай еді. Сондықтан елшілер Отырарда өлтірілген еді. Кінәсіз
елшілердің өлтірілуін және сол уақыттарда басты міндеті барлау болған өз
дипломаттарына немкеттілікті кешпеген Шыңғысхан қатты ашуланады және соғыс
енді сөзсіз болатын еді.

Құрамына сол кезде Қазақстан енетін Хорезмшах империясы 13 ғасырдың
басында, моңғол шапқыншылығы қарсаңында біріккен алып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шыңғысхан және оның ұлдары туралы
Шыңғыс-хан құрған мемлекеттің негізі
Қазақстан Монғол империясының құрамында
Әлемді жаулап алушы – Шыңғыс хан
Шыңғыс хан тұсындағы Моңғол мемлекетінің қоғамдық - саяси жағдайы
ХІІІ ғасырдың әлемдік деңгейдегі тұлғасы-Шыңғыс хан және оның заманы
Шыңғысханның билік басына келуі
Бату, Батый, Сайын хан
Моңғол мемлекеті және оның құрылу тарихы
Әмір Темірдің өмірі
Пәндер