Қылмыстың субъектісінің ұғымы, белгілері және квалификациялаудағы маңызы туралы


§1. Қылмыстың субъектісінің ү_ғымы, белгілері және квалификациялаудағы маңызы
Қылмыстық құқықтық ереже бойынша қылмыстық жауаптылыққа тек жеке адамдар тартылады. Қылмыс жасады деп айыпталып, ол үшін жауаптылық белгіленетін адамдар қылмыстық құқықта қылмыс субъектісі деп аталады. Қылмыс субъектісі- бұл заң бойынша қылмыс деп танылған қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасағандығы үшін кінәлі деп танылған және қылмыс жасау кезінде жауаптылық жасына толған, есі дұрыс адам болып табылады.
Қылмыстың субъектісінің негізгі белгілері есі дұрыстық және жау-аптылық жасына толғандық. Бұл екі белгінің бірі қоғамға қауіпті, қылмысты деп танылған іс-әрекетті жасаған адамда болмаса, онда қылмыс субъектісі де жоқ деп танылады.
Есі дұрыстық-адамның өз іс-әрекетінің мағынасын түсінуін және әрекеттерін басқара алуын білдіреді. Егер адам психикалық аурулар-дың салдарынан жасаған әрекетінің мағынасын түсіне алмаса немесе оған жетекшілік ете алмаса, есі дұрыс емес деп танылады. Адамды есі ддоыс деп тануда, осы екі белгінің бірінің болуы жеткілікті, яғни жаса-ған әрекеттерінің мағынасын түсіне алғанмен, бірақ өз әрекеттерін ба-сқара алмайтын немесе иелік ете алмайтын болса да, есі дұрыс емес адам деп саналады. Есі дұрыс еместікті тек құқық ғылымы ғана емес, медицина ғылымы да анықтайды. Қэқық, оның ішінде қылмыстық құқық қауіпті іс-әрекет жасаған адамға жауаптылық қолдану үшін адамның есі дұрыс немесе дұрыс емес екендігін анықтауға мүдделі. Ол үшін қылмыс жасаған адамның есі дұрыс, дұрыс еместігін анықтап алу үшін психиатрия қызметінің көмегіне жүгінеді.
Адамның өз іс-әрекеттерінің мағынасын түсінуі ретінде ми қызмет-імен жасалған қимыл-әрекет қандай мағынаны білдіретіндігін, сондай-ақ қандай нәтиже шығатындығын сезінуі алынады.
Адамның өз іс-әрекеттеріне жетекшілік, иелік етуін жасалған қимыл-қозғалыстың немесе іс-әрекеттің ми қызметінің шешімімен сәйкес ке-луі және орындалған іс-әрекеттің адамның ой-тілегін білдіре алуы түрінде түсіну керек.
Қылмыстық заңның 17 бабы есі дұрыстығы шектелген жағдайда қылмысты іс-әрекеттер жасаған адамдардың жауаптылыққа тартылу мүмкіндігін келтіреді. Бұрынғы 1998 жылға дейінгі қылмыстық заңда есі дұрыстығы шектелген жағдайда қылмысты әрекеттер жасаған адам-дардың жауаптылық мәселесі белгіленбеді. Бірақ мұндай адамдардың қоғамға қауіпті әрекеттері сот-тергеу практикасында кездесуіне және кейбір шет елдердің қылмыстық заңдарында қарастырылуына байла-нысты Қазақстан қылмыстық заңына да енгізілді. Қылмыстық заңда есі дұрыстығы шектелген жағдайда қылмыс жасау- арнайы түрде тек бір қылмыс түрінде, 97 баптағы жаңа туған сэбиді анасының өлтіруі үшін келтірген. Бұл бапта шектелген есі дұрыстық қылмыстың жасалу уақыты және жағдайы бойынша міндетті белгі болып табылады. Уақыты бой-ынша бала өлтіру әрекеті бала босану уақытында және одан кейінгі қысқа аралықтарда, ал жағдайы бойынша әйелдің психикасын бұзатын немесе есі дұрыс болып есептелетін психикасы бұзылу жағдайында болу керек. Шектелген есі ддоыстық қылмысты квалификациялау ережесіне әсер етпейді, ол тек жауаптылықты жеңілдететін белгі ретінде бағалана-ды. Адамның есі дұрыстығы шектелген жағдайда қылмыс жасауы, тек 97 баптағы қылмыс түрі бойынша ғана емес, басқа да қылмыстарда кездесе алады. Бір айта кететін жәйт, ол есі дұрыс еместіктің бір түрін білдіретін кем ақылды адамдар өз іс-әрекетінің мағынасын түсінеді және оған жетекшіліктк жасай біледі. Бірақ мұндай кем ақылды адамдар-дың қылмыс субъектісі ретінде бағаланбау себебі, ол мұндай адамдар-дың өз іс-әрекеттеріне жауаптылықсыз қарайтындығына, өзге адамдар-дың айтқанына сенгіштігіне, сонымен қатар қылмыстық жауаптылыққа тартқан күнде де жазаның не үшін қолданылғанын түсіне алмайтынды-ғына немесе жазаның мақсатын қолдану мүмкін еместігіне байланысты болып табылады.
Қылмыс субъектісінің келесі міндетті белгісі, қылмыс жасаған адамның жауаптылық жасына толуы болып табылады, яғни ҚК 15 бабының 1 бөліміне сәйкес қылмысты іс-әрекет жасаған кезде 16 жасқа толған болуы керек. Бұл қылмыстың жалпы субъектісін білдіретін жас шама-сы. 15 баптың 2 бөлімінде келтірілген кейбір қылмыс түрлері бойынша қылмыстық жауаптылық 14 жастан басталады және бұл бөлімде келтірілген қылмыстарды ауыр немесе аса ауыр екен деп түсінбеу керек. Бұл қылмыстардың қатарына қауіптілігі ауыр емес, орташа ауырлық-тағы қылмыстарда жатады. Мысалы бұзақылық, тағылық, ұрлық, тонау тәрізді т. б қылмыстар. Демек, жауаптылық 14 жастан белгіленген кейбір қылмыстар деп отырғанымыз, ол жас өспірімдердің немесе кәмелетке толмағандардың қолымен жиі жасалатын бұзақылық, ұрлық, қарақшы-лық, әйел зорлау, көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақа-на жарамсыз ету тәрізді қылмыстарды білдіреді деп түсіну керек.
Қылмыстық құқықтың даму тарихында қылмыс субъектісі жасын белгілеу даулы болған және шет елдердің қылмыстық заңдары бойын-ша қылмыстық жауаптылық жасы әр түрлі белгіленген. Бірақ көпшілік елдерде, оның ішінде бұрын Кеңес одағында болған елдерде қылмыс-тық жауаптылық жасы ретінде 16 жас белгіленген. Бұл жерде неліктен 16 жас қылмыс субъектісін анықтйтын жас түрінде белгіленген деген сұрақ туындауы мүмкін. Өйткені қылмыстық заңдағы ұрлық, тонау, кісі өлтіру, әйел зорлау, тағылық сияқты қылмыстарды 14-16 жасқа толма-ғандар да жасай алады. Бірақ олар қылмыс субъектісі ретінде бағалан-байды.
Қылмыс субъектісін анықтаушы ең төменгі жас ретінде 14-16 жас-тар белгіленгенде адамның қылмысты әрекеттер жасауға мүмкіндігі бар жас шамасы алынбаған, себебі заң бойынша қылмысты деп танылған әрекеттерді 10-13 жасар балаларда жасай алады. Қылмыс субъектісі ретінде 14-16 жастар белгіленгенде қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның жауаптылықты көтере алатын және жазаның мақсатын қолда-нуға болатын ең төменгі жас мөлшері алынған. Адам жазаны физиоло-гиялық тұрғыдан ғана емес, психологиялық тұрғыдан да көтере алуы қажет. Мысалы ұрлық жасағаны үшін 10 жасар баланы қамауға алса, онда ол ата-анасын іздеп жауаптылықты психологиялық тұрғыдан көте-ре алмас еді.
Жауаптылықты физиологиялық тұрғыдан көтере алу ретінде жазаны қолдану кезінде адамның өз бетінше өмір сүре алу және еңбекке қабі-леттігінің сәйкестігі алынады. Мысалы екі қолы жоқ немесе екі көзі көрмейтін адам жазаны физиологиялық тұрғыдан көтере алмас еді.
Жауаптылықты психологиялық тұрғыдан көтере алу дегеніміз, адамның жаза мен жауаптылыққа не үшін тартылғанын түсіне білу, жазаның мақсатына сай жұмыстарды қолданғанда қабылдай алу және жаза түрі жасалған қылмыстың қауіптілік дәрежесіне, сипатына қарай белгілен-генде жан күйзелу жағдайына берілмеу мүмкіндігі болып табылады.
Міне сондықтан қылмысты іс-әрекет жасағандығы үшін жаза қолдан-ғанда оны психологиялық және физиологиялық тұрғылардан көтере алатын адамның ең төменгі жас шамасы 14-16 жастар деп бағаланады.
Қылмыстық кодекстің 15 бабында қылмыс жасаған кезде 16 жасқа толудың міндеттілігі көрсетілген. Демек қылмыс жасау уақытында 16 жасқа толмаған немесе 15 баптың 2 бөліміндегі қылмыс түрлері бойынша 14 жасқа толмаған адамдар қылмыс субьектісі болып саналмай-ды. Адам қылмыстық жауаптылық жасына бір күн немесе бір сағат жетпей тұрып қылмысты әрекеттер жасаса да қылмыс субьектісі болып саналмайды. Мұндай жағдайда бір сағат немесе бір күнде тұрған не бар, осы уақыттар аралығында адам психологиялық немесе физиоло-гиялық тұрғылардан өзгеріп, есейіп кете қоймайды ғой деген сұрақ туындауы мүмкін.
Заң бұл талапты практикада бір келкі қызметтің сақталуы, әр қилы-лықтың орын алмауы, нәтижесінде қылмыс субьектісі болып саналуы-на елеулі уақыттары бар адамдарды жауаптылыққа тарттырмауды іске асыру үшін қойып отыр. Яғни заңда қылмыс субьектісі ретінде белгі-ленген жасқа толғаннан кейін ғана жасалған әрекеттер үшін жауапты-лық туындайтынын ескертпесе, онда бір тергеуші 16 жасқа бір сағат жетпей тұрып қылмысты әрекет жасаған адамды субъекті ретінде баға-ласа, екінші тергеуші бір апта немесе бір ай жетпей тұрып қылмысты әрекет жасаған адамды қылмыс субъектісі ретінде тануы мүмкін. Нәти-жесінде бір ай немесе екі айда тұрған не бар, бұл уақыттарда адам да-мып, есейіп кетпейді деп жауаптылық қолданып, осылай қылмыс субъектісі жасына толмай-ақ жауаптылыққа тартуда практика қызмет-керлері бұл уақытты соза беруі мүмкін.
Кейбір адамдардың туылған күнінің немесе айының, сондай-ақ жылы-ның белгісіз болуына байланысты оның белгілі бір жасқа толғандығын анықтауда қиындық кездесетін кездер болған. Мұндай мәселені шешу үшін мынандай ереже қолданылады. Егер адамның туылған жылы, айы белгілі болып, бірақ туылған күні белгісіз болса, онда туылған айының соңғы күні оның туған күні ретінде белгіленеді. Егер адамның туылған айы белгісіз болса, онда адамның туылған айы жылдың соңғы айымен, яғни желтоқсан айы деп белгіленеді. Егер адамның туылған жылы белгісіз болса, онда психолог мамандардың коммиссиясы ол адаммен жұмыс істеп, оның жасының төменгі және жоғарғы мөлшерін көрсе-теді. Мысалы 16 мен 18 жастар арасында деп. Мұндай кезде адамның жасы және туылған жылы төменгі мөлшермен анықталады.
Адамның жасын анықтауда үнемі төменгі ай, күн, жыл қолданылу себебі, ол адамға белгілі бір міндеттемелер жүктеуде немесе қылмыс субъектісі ретінде бағалауда қателікті болдырмау немесе қателіктің ықти-малдығын барынша азайту болып табылады деп түсіну керек.
Қылмыскердің жауаптылық жасына толуына қарай квалификацияға қатысты мәселелер туындайтын кездер болады. Мысалы екі адам бірлесіп қылмыс жасаған кезде олардың бірі қылмыстық жауаптылық жасына толмаса немесе есі дұрыс емес адам болса, онда қылмысқа қатысушы-лық болмайды. Мысалы қылмыстың жалпы субъектісінің белгісі жоқ адаммен қосылып қылмыс жасағанда топ адамдардың емес, жеке адам жасаған қылмыс ретінде бағалауды ҚР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер туралы қаулысынан кездестіруге болады. 1 Мысалы 14 жасқа тол-маған адаммен бірлесіп әйел жынысты адамды зорлау.
Қылмыс жасаған адамның жасқа толуына қарай квалификацияға қатысты мәселе, бір неше адам бірлесіп қылмыс жасағанда олардың ішінде осы қылмыс бойынша қылмыс субъектісі жасына толмаған адам болғанда туындайды. Мысалы бандитизм қылмысы үшін жауаптылық 16 жастан белгіленген. Бірақ банда құрамында 14 жастан асқанмен 16 жасқа толмаған адам болса, онда оның әрекеттері бандитизм қылмысы бойынша емес, осы қылмысқа ұқсас, бірақ ауырлығы бандитизмнен аспайтын және 14 жастан жауаптылық қолданылатын ұйымдасқан топ-пен жасалған қарақшылық ретінде квалификацияланады.
Қылмыстық заңда кейбір қылмыстар бойынша жауаптылық басталатын жас ретінде 18 жас белгіленген. Мұндай жастан бастап жауапты-лық қарастыратын қылмыстарды субъектісі бойынша арнайы субъекті-лер деп бағалау кездеседі. Себебі 18 жасқа толғаннан бастап қойылатын міндеттеріне (мысалы эскери қызметке тартылу) немесе берілетін құқықтарына (мысалы көлік жүргізу құқығын алу) байланысты жағдайда қылмыстар жасау, әдеттегі жалпы субъектінің ережесінен өзгеше анықталады. Бірақ заңдағы қылмыс субъектісі 18 жастан белгіленген барлық қылмыстар осы жасқа толу арқылы қосымша белгілерді пайдалану арқылы қылмыс жасауға сәйкес келе бермейді. Мысалы 131 бап-тағы кәмелетке толмаған адамды қылмысқа тарту әрекеті үшін 18 жас-тан жауаптылық белгіленгенмен, осы жасқа қарай қылмыс субъектісінің белгілі бір қызметтік, әлеуметтік т. б ерекшелігін пайдаланып жасауды
«Әйел зорлау үшін жауаптылықты реттейтін заңдарды соттардың қолдануы туралы» ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1993 жылғы 23 сэуірдегі № 1 қаулысының 8 пункті.
заң талап етпейді. 131 және 132 баптардағы қылмыс түрлері бойынша субъекті жасы 18-ден белгілену себебі, ол бұл баптарда «кәмелетке толмаған адамды» деген ұғымның қолданылуына байланысты, яғни кәмелетке толмағандардың дұрыс тәрбиесі мен дұрыс жетілуіне қарсы әрекет үшін жауаптылықты кәмелетке толмаған 16 жастан бастап емес, кәмелетке толған 18 жастан белгілеу қажеттілігі жатыр.
Жалпы негізде қылмыс субьектісі бойынша қылмыстық құрамдар-ды ажырату қиындық тудырмайды. Қылмыстарды субьектісі бойынша ажырату немесе осы құрам элементіне карай квалификация жүргізу, қылмыс қү-рамдарының өзге элементтері бірдей болып, тек субьекті түрінде айырмашылық болғанда қолданыла-ды. Қылмыстық заңда өз-ара объективтік және субъективтік жақтары-ның белгілері бойынша ұқсас, бірақ қылмыс субъектісіне қарай бір-бірінен ажыратылатын қылмыстар жеткілікті. Мысалы 166 баптағы шпиондық және 165 баптағы мемлекеттік құпияларды өзге елге беруді білдіретін мемлекетке опасыздық; 187 баптағы бөтеннің мүлкін қаса-қана жою немесе бүлдіру және 387 баптағы эскери мүлікті құрту немесе бүлдіру; 223 баптағы тутынушыларды алдау және 177 баптағы ала-яқтық; 325 баптағы жалған қржаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді, мөр қағаздарды, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу және 314 баптағы қызметте жалғандық жасау; 311 баптағы пара алу және 231 баптың 3 бөліміндегі коммерциялық сатып алу сияқты қылмыстардың бір-бірінен негізгі айырмашылығы қылмысты жасау-шы адамда, яғни субъекті түрінде болып табылады. Бір ескертетін жәйт, ол өз ара үқсас қылмыстар субъекті түріне қарай ажыратылған-да, олар көпшілік жағдайда қылмыс объектісіне қарай да ажыра-тылады. Жоғарыда мысал ретінде келтіріп отырған көптеген қылмыс түрлерінің тек субъектісіне қарай емес, объектісіне қарай да айырма-шылықтары бар. Көпшілік жағдайларда қылмыстың объективтік жа-ғын білдіретін іс-әрекеттер қоғамдық өмірдің әр саласында жасалған-да, оларды сол тиісті салада қызмет жасайтын немесе сол ортада мүмкіндігі бар адамдар жасайды. Сондықтан қызмет түрі немесе белгілі бір қоғамдық өмір саласында мүмкіндігі бар адамдар қылмысты деп танылатын әрекеттер жасағанда қылмыстың субъектісінде ғана емес, объектісінде де ерекшелік болады. Анығырақ айтқанда өз-ара ұқсас қылмыстардағы субъектінің түрі қылмыстың объектісінің де өзгеруіне себепші болады. Мысалы жай адам бөтеннің мүлкін қасақана бүлдірген-де мүлік иесінің меншік құқығына зиян келеді. Ал эскери адам эскери мүлікті бүлдіргенде елдің қорғаныс қабілетін құрайтын құндылық-тарға зиян келтіреді. Сондықтан мұндай объективтік және субъективтік жақтары бойынша бірін-бірі қайталап, тек қылмыстың субъектісі мен объектісіне қарай ажыратылатын қылмыстардың басты айырмашылық-тары қылмыс обьектісінде емес, субьектісінде деп түсінген дұрыс. Яғни қоғамға қауіпті іс-әрекет жасап отырған адамның ортасының, қызметінің ерекшелігі, заңмен қорғалатын объектінің де түрін көрсетіп тұрады.
Бір айта кететін жағдай, ол өз-ара ұқсас қылмыстар бір-бірінен субъекті түріне қарай ажыратылғанда, олар ешқашанда тек жалпы субъектілер түрінде ажыратыла алмайды. Яғни субъектісіне қарай ажыратылатын қылмыстар есі дұрыстық және жауаптылық жасы бойынша бір-бірінен ерекшеленбейді. Мұндай ұқсас қылмыстардың субъектісіне қарай айырмашылықтары екі деңгейде болады. Бірінші деңгейде, субъектісіне қарай жалпы және арнайы түрлері бойын-ша ажыратылады. Мысалы 187 баптағы бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру-жалпы субъекті және 387 баптағы эскери мүлікті бүлдіру-арнайы субъекті. Немесе 177 баптағы алаяқтық-жалпы субъекті және 223 баптағы тұтынушыларды алдау-арнайы субъекті. Демек, субъек-тісіне қарай ажыратылатын екі қылмыстың бірінің субъектісі жалпы болса, ал екіншісінікі арнайы болады.
Екінші деңгейде, субъектісіне қарай ажыратылатын ү_қсас қылмыстар тек арнайы субъектіні білдіретін белгілері бойынша ажыратылады. Мысалы 311 баптағы пара алу қылмысының субъектісі мемлекеттік мекеме, кәсіпорын, ұйымдардың лауазымды адамдары мен мемлекеттік қызметкерлер болса, ал 231 баптың 3 бөліміндегі сатылу-шы адам мемлекеттік емес ұйым, кәсіпорынның немесе коммерциялық ұйымның басқару қызметін атқаратын адамдары болып табылады. Яғни бұл екі қылмыс құрамының субъектісі де арнайы болып табылады, бұл қылмыстар осы арнайы субьектінің түрлері бойынша ерекшеленеді.
Қылмыстың субъектісі кейбір жағдайларда қылмыстың объектісін де анықтауға негіз болатындықтан, кейбір тараулардағы қылмыстар субъектісіне қарай ажыратылмайды. Мысалы эскери қылмыстар, мем-лекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстар тарауларындағы қылмыс субьектілері бүкіл тарау ішінде бірдей анықталады. Мұндай жағдайда бір тараудағы қылмыстар өзге құрам элементтеріне, яғни қылмыстың тікелей объектісіне, объективтік немесе субъективтік жақ белгілеріне қарай ажыратылады.
§2. Қылмыстарды арнайы субъектілер бойынша квалификациялау
Қылмыстың арнайы субъектісінің ұғымы және оның белгілері туралы қылмыстық құқық теориясында бір келкі пікір әлі қалыптаспаған. Зерттеу әдебиеттерінен мынандай анықтамаларды кездестіруге болады. Қылмыстың арнайы субъектісі дегеніміз, қосымша ерекшеліктермен сипатталатын, тек өзіне тән белгілері бар адамдар болып табылады. 1 Қылмыстың арнайы субъектісі, жалпы субъектінің (есі дұрыстығы, белгілі бір жасқа толғандығы) белгілерінен басқа, осы қылмысты жа-сағандығы үшін қылмыстық жауаптылыққа тартуға мүмкіндік беретін ерекше қосымша белгілерді иеленетін адамдар адамдар болып табыла-ды. 2 Арнайы субъектілер деп баптың диспозицияларында көрсетілген нақты ерекшеліктерді иеленетін субъектілер аталады. 3 Демек, қылмыстың арнайы субъектісі-бүл жалпы субъектілердің белгілерімен қатар кейбір қылмыстардың ерекшелігіне қарай тиісті белгілерді иеленетін адамдар болып табылады. Кейбір қылмыстардың ерек-шеліктеріне қарай тиісті белгілер немесе ол қылмыстарды жасау мүмкіндігі барлық адамдарда бола бермейді. Заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар қоғамдық өмірдің әр саласында, мысалы медицина, көлік, мемлекеттік қызмет, эскери, от-басы тәрізді бағыттарда қорғауға алынатындықтан, осындай салалардағы құндылықтарға зұлым әрекеттер жасау, сол саладағы адамдар ортасында ғана бола алады. Сондық-тан қылмыстың арнайы субъектісін қылмыстық құқық оқулықтары қоғамдық өмірдің салалары бойынша топтастырып келтіреді. Бірақ оқулық-тарда арнайы субъектілердің белгілері бойынша топтастыру толық кел-тірілмеген. Олардың негізгілеріне мыналар жатады: азаматтығы, де-мографиялық белгілері бойынша жынысы мен жасы, туыстығы, қызметі бойынша дәрігер, кәсіпкер, құқық қорғау органдарының қызмет-керлері, эскерилер, көлік жүргізушілер, лауазымды адамдар, мемле-кеттік емес ұйымдардың басқару қызметін атқаратын адамдары, құқықтық белгілері бойынша бұрын қылмыс жасағандар мен бұрын сотталғандар, жаза өтеушілер мен қамаудағы адамдар.
Орлов В. С. Субъект преступления. М., 1956. С. 138. Орымбаев Р. Специальный субъект пресупления. Алма-Ата, 1977. С. 46. Лейкина Н. С., Грабовская Н. П. Курс Советского уголовного права. Ч. Общая, Т-1. Л., 1968. С. 389.
Қылмыстық заңда қарастырылған қылмыстардың арнайы немесе жалпы субъекті түрінде сипатталатынын анықтау, барлық кездерде оңай бола бермейді. Қылмыстық заңдағы көпшілік қылмыстар тек жалпы субъекті түрінде қарастырылса, ал кейбір қылмыс түрлерінде жалпы және арнайы субъектілердің жауаптылығы белгіленген. Мысалы 146 баптағы сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссиялары-ның жұмысына кедергі жасау. Сондай-ақ кейбір қылмыстар субъектісі бойынша тек арнайы белгілері бар адамдардың әрекеттерімен сипатта-лады.
Қылмыстың арнайы субъектімен жасалатындығын білу үшін қылмыстық қү_қықта мынандай тәсілдер қолданылады:
Қылмыс түріне талдау жасау нәтижесінде анықталады. Заңдағы кейбір қылмыс түрлерінде, ол қылмыстың арнайы субъектімен жасала-тындығы баптың атауында немесе оның диспозициясында келтірілмейді.
Қылмыстың арнайы субъектімен жасалатындығы баптың атауында немесе оның диспозициясында тікелей айтылады. Мысалы 114 бап-тағы медицина қызметкерінің кэсіби міндеттерін тиісінше орындамауы.
Сондықтан ҚК Ерекше бөлімінің баптарында субъекті түрі туралы айтылса, онда бұл қылмыс тек арнайы субъектілер арқылы жасалады деп түсіну керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz