Әлеуметтік сфера салаларын мемлекеттік реттеу


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Әлеуметтік сфера салаларын мемлекеттік реттеу ұғымы және
оның мазмұны
Қазақстан Республикасында әлеуметтік сфера салаларын
мемлекеттік реттеу
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘУЕЗОВ АУДАНЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК
СФЕРА САЛАЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУЫН
ТАЛДАУ
Әуезов ауданындағы денсаулық сақтау жүйесінің жағдайын
Бағалау. .
Ауданның әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің жүзеге асу
механизмі мен ерекшелігі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК СФЕРА
САЛАЛАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУЖОЛДАРЫ
Әуезов ауданының әлеуметтік сфера салаларын мемлекеттік
реттеуді жетілдіру бағыттары. .
Кіріспе
Дипломдық жұмыстыңөзектілігі. Қазақстан Республикасы азаматтарының Конституцияда кепілдік берген әлеуметтік құқықтарын іске асыру әлеуметтік қорғау және қамсыздандыру жүйесіне тікелей байланысты.
ХХІ ғасыр кез келген мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттарының бірі әлеуметтік саясат болуы керек екенін дәлелдеді. Әсіресе, әлемдік дағдарыс әрбір елдің экономикалық-әлеуметтік жағдайына әсер еткені белгілі. Әлеуметтік саясат аясында халықты, оның ішінде көмекке аса мұқтаж адамдар, асыраушысынан айырылған, мүгедек жандар, жетім балаларды әлеуметтік қорғаудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының Ата Заңында «өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы адам және адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп көрсетілген[1] . Әрине әлеуметік мемлекеттің негізгі қағидасы да әлеуметтік саясатты жүргізіп, негізгі функциясы халықты әлеуметтік қолдау болып табылады. Әлеуметтік қолдау - саяси немесе әлеуметтік одақты сақтау функциясы.
Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі мақсаты - халықтың әл-ауқатын арттыруға қол жеткізу болып табылады. Адам факторы, адам дамуы - Қазақстан үшін стратегиялық міндет. Адам әрқашан да қоғамдық өмірді жаңарту, алдыңғы қатарлы экономикалық жетістіктерге жетуде негізгі рөл атқарады. Қоғамның барлық жіктері мен әлеуметтік топтарының өмір сүру деңгейін ұдайы жақсарта түсу мемлекет саясатының негізгі басымдығы болуы қажет.
Қазақстан республикасының ұзақ уақыт аралығында жүзеге асып келе жатқан ауқымды экономикалық реформалардың жалғасуы әлеуметтік-экономикалық дамуды басқарудың жаңа әдістерін қолдануымен байланысты. Бұған жалпы әлемдік даму үрдісі, жаһанданудың жоғарылауы, халықаралық бәсекелестіктің күшеюі, жаңаша экономикадағы адами капиталдың маңыздылығының жоғарылауы, сонымен қатар мемлекеттің демографиялық жағдайы себепші болды.
Соңғы бес жыл аралығындағы халықтың нақты табыстарының өсуі әлеуметтік игіліктер мен қызмет көрсетулерге сұраныстың жоғарылауына себепші болды. Сәйкесінше бұл жағдай ақылы қызмет көрсету, соның ішінде ақылы медицина мен білім берудің жоғарылауына әкеп соқты. Бірақ бұл әлеуметтік сфера салаларының барлық даму мәселелерін шеше қойған жоқ. Қазіргі таңда халыққа көрсетілетін сапалы әлеуметтік қызмет тапшылығы әлі де болса сезіледі.
Мемлекеттің белсенді қатысуынсыз, әлеуметтік сфера салаларын мемлекеттік реттеудің жаңа әдістерінсіз бұл мәселелерді шешу мүмкін емес. Халықты әлеуметтік қолдауды мемлекет тарапынан дамыту жүйесінің әдіснамасын, нысандары мен тәсілдерін ғылыми-баламалы тұжырымдама арқылы әзірлеу Қазақстанның негізгі проблемаларының бірі болып табылады, өйткені оны шешу мемлекеттің келешектегі әлеуметтік қана емес экономикалық өсуіне де жағдай жасайды.
Әлеуметтік сфера салаларын мемлекеттік реттеуді теориялық және әдіснамалық негізде талдау, олардың жүзеге асырылу тиімділігін анықтау таңдалып алынған тақырыптың өзектілігін анықтайды.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - елдің әлеуметтік сфера салаларын мемлекеттік реттеу бағыттарын жүзеге асыру мақсатында әр аймақтың қосатын үлесі мен алатын орны маңызды. Сондықтан Алматы қаласы Әуезов ауданының әлеуметтік сфера салаларының, яғни, білім беру, денсаулық сақтау және де әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерінің қазіргі жай-күйі мен болашақта дамуына тоқталамыз.
Зерттеу пәні - қазіргі таңда әлеуметтік сфера салаларын мемлекеттік реттеудің әдіс - тәсілдерін жетілдіру бағыттарын топтастыру.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының әлеуметтік мемлекет ретіндегі аса назар аударып жатқан аясы экономиканың әлеуметтік саласын дамыту және қолдау мен оны материалдық, құқықтық қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін мүмкіндігінше шешу болып табылады. Жұмыста осы мақсатқа жету үшін мына міндеттерді шешу алға қойылды:
- мемлекеттік әлеуметтік саясат пен әлеуметтік сфера салаларын мемлекеттік реттеу әдістерінің теориялық негіздерін анықтау және олардың қоғам өміріндегі өзара байланысы ерекшеліктерін сараптау;
- Қазақстанның әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптасу ерекшеліктері мен дамуына талдау жасау;
- дамыған мемлекеттердің әлеуметтік саясатының жүзеге асырылу тәжірибесі мен үлгілерін талдау арқылы оның Қазақстан үшін маңызы мен тиімді үлгілерін айқындау;
- Қазақстан Республикасының бүгінгі әлеуметтік саясатының түбегейлі бағыттары мен принцептерін талдау, яғни Алматы қаласы Әуезов ауданы мысалында;
- қазіргі саяси жаңару кезеңіндегі әлеуметтік мәселелердің шешілу деңгейін анықтау, олардың шешу жолдары мен бағыттарын қарастыру;
- Қазақстан Республикасының әлеуметтік саладағы ахуалды жақсарту және мемлекеттік әлеуметтік саясаттың тиімділігін одан әрі арттыру үшін ұсыныстар жасау.
Қорғауға ұсынылған негізгі ғылыми тұжырымдар. Қазақстан Республикасының әлеуметтік сфера салаларын мемлекеттік реттеу мәселелерін зерттеу нәтижесінде ұсынылған негізгі тұжырымдар:
1. Қазақстан Республикасының әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына ену міндетін жүзеге асыру үшін халықтың өмір сүру сапасы мен әлеуметтік стандарттарын тұрақты арттыра отырып, бәсекеге қабілеттіліктің маңызы ретінде халықтың әлеуметтік жағдайының көрсеткіші мен тіршілік ету деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз етудің маңызы зор.
2. Әлеуметтік мемлекет қоғамның қарқынды дамуын қамтамасыз етуді, әлеуметтік мүдделер мен қажеттіліктерді қанағаттандыруды, лайықты өмір салтын орнатуды тұрақты ұстаным ретінде қарастырғаны жөн.
3. Әлеуметтік жағынан қамтамасыз етілмеген, әлеуметтік мүддесі мен қажеттілігі қанағаттандырылмаған жағдайда халықтың мемлекетке, билікке деген сенімі жоғалып, олар өз ретінде әлеуметтік наразылықтың бел алуына әкеледі, сол себепті қоғамдық тұрақсыздану мен ашық қақтығыстарға жеткізетін қауіп-қатерлерді болдырмаудың жолдарын айқындау керек.
4. Әлеуметтік теңсіздікке жол бермеу, саяси тұрақсыздық пен әлеуметтік жарылыс қаупін болдырмау үшін барша қазақстандықтардың әлеуметтік белсенділіктерін, жауапкершіліктерін арттыратын шаралар қолға алынуы керектігін тұжырымдау маңызды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың бірінші бөлімінде әлеуметтік саланы мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері жайлы айтылады. Екінші бөлімінде Алматы қаласы Әуезов ауданының әлеуметтік сфера салаларының қазіргі жағдайы мен дамуын талдау қарастырылған. Үшінші бөлімінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік сфера салаларын мемлекеттік реттеу әдістерін жетілдіру жолдары көрсетілген.
1 ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚНЕГІЗДЕРІ
- Әлеуметтік сфера салаларын мемлекеттік реттеу ұғымы және
оның мазмұны
Халықтың тұрмыс халі мен өмір сүру деңгейінің көтерілуі халықты әлеуметтік қорғауды басқарудың тиімді жүйесінің қалыптасуына байланысты. Мемлекетке әлеуметтік қатынастар жүйесінде әлеуметтік саясат моделін жасау мен оны іске асыруда маңызды рөл беріледі, оның стратегиялық мақсаттары халықты тиімді жұмыспен қамтылуымен қамтамасыз ету, халықтың елеулі өмір сүру деңгейіне қол жеткізу, еңбек, денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, еліміздегі демографиялық жағдайды жақсарту аясында азаматтарға конституциялық құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз ету.
Адам жер бетінде тіршілік етіп, саналы деңгейге жеткеннен бері саясаттың тиімді сырын, қоғамға тигізер пайдасы мен зиянын өте ерте заманнан түсініп, өмір сүрген ортаға тән нақтылы саясат жүргізіп, сонымен қатар өз қауіпсіздіктерін ойлауға мәжбүр болғаны белгілі. Себебі, қандай қоғамда болмасын саясат негізгі рөл атқарады және оның дұрыс немесе бұрыстығы сол қоғам мүшелерінің тағдырымен тығыз байланысты.
Саясаттанушы және әлеуметтанушы ғалымдар әлеуметтік саясаттың өзіне тән, оның көп бағытытылығы мен әр қырлылығын айқындап, мәнін аша түсетін аяқталған теориясы жоқ деп көрсетеді. Әлеуметтік саясаттың негізгі мәні де, мақсаты да, нысаны да тек қана адам болғанындықтан, уақыт талабына сай анықтамасы, мазмұны, бағыты әрдайым жаңа идеялармен, тұжырымдармен толықтырылып, үнемі дами түсетін болады.
«Әлеуметтік саясат» энциклопедиялық сөздігінде Ф. И. Шарковтың тұжырымдауынша «Әлеуметтік саясат - кең мағынасында қоғамда қолайлы әлеуметтік ахуалды қалыптастыру, адамдардың әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында бағытталған ұйымдар мен мекемелер, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар іске асыратын практикалық шаралар мен теориялық принциптердің жиынтығы. Тар мағынасында, әлеуметтік саясат - азаматтардың қолайлы тіршілік етуіне әлеуметтік демеу көрсету, көмек беру, қорғау үшін, оларға қажетті өмірлік тұтынуларын қамтамасыз ету үшін тұрғындардың өмір сүру деңгейін, өмір сүру салтын жаңғырту, арттыру мақсатындағы қоғамның әлеуметтік аясының ілгері дамытуға бағытталған мемлекеттің, саяси және әлеуметтік институттардың, т. б. іс-әрекеттері»[2] .
Отандық саясаттанушы Л. Ю. Зайниеваның «Мемлекеттік жастар саясаты: Қазақстан әлемдік тәжірибе тұрғысында» еңбегінде «Саясаттану» энциклопедиялық сөздігіне сүйене отырып, былайша пайымдайды: «Әлеуметтік саясат дегеніміз мемлекеттің ішкі саясатының басты бағыттарының бірі болып табылады, бұл саясат мемлекет өзіне қолдау тауып отыратын, өзінің қызметін және қоғамдық жүйенің орнықтылығын ұлғаймалы ұдайы өндіруге арналған алғышарт жасайтын ішкі саясатының басты бағыттарының бірі. Әлеуметтік саясаттың аса маңызды міндеті қоғамдық өмірде тепе-теңдіктің белгілі бір деңгейіне жету болып табылады, оған жеткізетін жолдар мыналар:
1) ашаршылық, аурулар, табиғи және техногендік апаттар, демографиялық «дүмпулер» және т. б. секілді апаттардың салдарының қайталануына жол бермеу үшін мемлекеттік кепілдіктер беру;
2) белгілі бір елдің қол жеткен тұрмыс деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған материалдық құралдар мен ұйымдық күш жігерлерді әлеуметтік шиеленістерді төмендету бағытында сапалық тұрғыдан өзгерту үшін қайта бөлу;
3) репрессиялық құралдармен, мәселен, есірткі бизнесіне қарсы және т. б. күреспен ұштастыра отырып (салықтар, қаржы құралдары, қайырымдылықты, кәсіпкерлік бастаманы көтермелеу арқылы) өмір салтын реттеу»[3] .
Мемлекеттің және ондағы басқа да әлеуметтік институттардың халықтың өмір сүру сапасы мен салтын, жағдайын жетілдіру, азаматтарды әлеуметтік қолдау, көмек және қорғау сияқты әлеуметтік саланың үдемелі дамуына бағытталған оның қызметін, іс-әрекетін әлеуметтік саясат деп анықтауға болады. Әлеуметтік саясаттың маңыздылығы жұмыс күшін ұдайы өндіру процесіне, еңбек өнімділігін арттыруға, еңбек ресурсының білім және мамандық деңгейін көтеруге, өндіргіш күштердің ғылыми техникалық деңгейіне, қоғамның мәдени және рухани өміріне байланысты анықталады. Әлеуметтік саясат адамдардың ауыруға шалдығу деңгейін төмендететіп өндірістегі экономикалық шығындарды қысқартады. Қоғамдық тамақтану, мектепке дейінгі білім беру сияқты әлеуметтік салалар халықтың басым бөлігін үй шаруашылығы салаларынан босатып, қоғамдық өндірістегі жұмысбастылықты көтеруге мүмкіндік туғызады. Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты - қоғам мүшелерінің материалдық, мәдени және рухани қажеттіліктерін қамтамассыз ету.
Әлеуметтік саясатты жүргізу құралдарына мыналар жатады:
- Әлеуметтік кепілдік-мемлекеттің азаматар алдындағы, азаматтардың мемлекет алдындағы міндеттері мен жауапкершілктерін заңды түрде қамтамасыз ету.
- Әлеуметтік стандарттар-бұл әлеуметтік қызмет көрсетудің әр түрлі формалары мен көлемдерін қалыптастыру. Бұл қаржы норматиытерін белгілеу үшін қажет. Мемлекеттік әлеуметтік стандарттар бірыңғай негізде және жалпы әдістемелік принциптерде жасалады.
- Минималды тұтыну бюджеті тұрмысы төмен отбасыларына көмек беру үшін, сондай-ақ зейнетақы мен жалақының минималды деңгейін белгілеу үшін қолданылады.
- Өмір сүру минимумы - бұл минималды табыс. Ол әлеуметтік саясаттың маңызды құралы. Оның көмегімен халықтың өмір сүру деңгейі бағаланады, табыстар реттеледі және әлеуметтік төлемдер белгілегенде қолданады. Өмір сүру минимумы экономиканың белгілі деңгейінде адамның денсаулығын сақтау мен қызметке қабілетін қамтамассыз ету үшін қажет. Оның құрамына ғылыми негізделген азық-түлік, өндірістік тауарлар мен қызметтердің жиынтық құны және салықтар мен міндетті төлемдер кіреді. Минималды өмір сүру минимумын анықтау үшін тұтыну қаржыны қолданылады.
- Жалақының минималды көлемі-квалификациясы төмен қарапайым еңбекке негзделген жалақының ең төменгі шегі. Оны басқа маман жұмысшылардың жалақысын белгілеу үшін қолданады.
- Зейнетақының минималды деңгейі - нормативті актілер бойынша белгіленетін зейнетақының ең төменгі шегі. Ол минималды жалақы мен өмір сүру минимумына негізделеді.
Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаттары:
- қоғамдық қатынасты үйлесімді дамыту, халықтың әр түлі топтарының мүдделері мен қажеттіліктерін қоғамның мүддесімен келістіру, қоғамдық саяси жүйені тұрақтандыру;
Сызба 1 - Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаттары [4]
- халықтың материалдық тұрмыс жағдайын көтеруге жағдайлар жасау, қоғамдық өндіріске қатысу үшін экономикалық ынталандыру, әлеуметтік мүдделерді теңестіру;
- халықты әлеуметтік қорғау мен мемлекеттік кепілдік беретін әлеуметтік экономикалық құқықты қамтамассыз ету. Оның ішінде халықтың табысы аз, тұрмыс жағдайлары төмен бөлігіне қолдау көрсету;
- қоғамдағы еңбекпен қамтамасыз етуге ықпал ету;
- қоғамдағы қылмыс деңгейін төмендету;
- әлеуметтік салаларды (білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, тұрмыстық үй т. б. ) дамыту;
- еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамассыз ету.
Әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары:
1. Халықтың өмір сүру деңгейін көтеру, яғни халықты материалдық және рухани игіліктерімен қамтамассыз ету. Ресейлік ғалымдар өмір сүрудің 4 деңгейін атап көрсетеді:
- молшылық - жан-жақты қамтамасыз етілген өмір, яғни өмір сүрудің жоғары деңгейі; .
- қалыпты өмір - адамның физикалық және интелектуалды күшін қалпына келтіру деңгейі;
- кедейшілік - еңбекке қабілетін сақтау мүмкіндігі;
- жоқшылық - бұл биологиялық критерий бойынша өмір сүру.
БҰҰ бойынша өмір сүру деңгейінің көрсеткіштер жүйесі құрылған. Оған мыналар кіреді: өмірге келу; өмірден кету; өмір сүрудің санитарлық - гигиеналық жағдайы; азық-түлікті тұтыну; тұрғын үй жағдайы; жұмысбастылық; білім деңгейі немесе сауаттылық; мәдениеттілік деңгейі; демалыс; көлікпен қамтамасыз етілуі; адам құқықтарының қорғалуы.
2. Мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыты әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыру. Халықтың кедейшілікке ұшыраған тобына, аурулар, мүгедектер, қарттар, көп балалы отбасыларға мемлекет тарапынан әлеуметтік көмекті қажет ету жүйесін қалыптасыру. Бұл топтар мемлекеттен өмірге қажетті минималды игілктер мен қамтамассыз етілуі тиіс. Ол үшін түрлі мақсаттағы қорлар, арнайы көмектер, тегін мемлекеттік мектептер, тегін медициналық көмек көрсетілу түрлі жеңілдіктер алуға міндетті.
Мемлекеттік әлеуметтік саясатта міндетті түрде еңбек пен халықты жұмыспен қамту бағытын қамтиды.
Мемлекеттік еңбек нарығы тек құқықты мамандық таңдау еркіндігіне кепілдік беруі тиіс. Ол үшін орта және жоғарғы білім беру жүйелері бар минималды жалақы деңгейі белгіленіп, жұмыс аптасының ұзақтығы демалыс уақыты заңды түрде келісім арқылы белгіленеді. Сондай-ақ жұмыссыздықпен күресу шаралары қолданылады. Мұндай бағдарламалармен еңбек биржалары айналысады. Олардың қызметтеріне сонымен қатар төмендегілер жатады:
- көші-қон үрдістерін реттеу;
- зейнетақы жүйесін жетілдіру;
- мемлекеттің денсаулық сақтау мен әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы рөлі. Бұл бағыт мемлекет тарапынан тегін медициналық көмек берілуін қамтамассыз етуді көздейді[5] .
Әлеуметтік саясатты жүзеге асыру үшін мынадай мемлекеттік реттеу әдістері қолданылады:
Сызба 2 - Әлеуметтік саясатты жүзеге асырудағы мемлекеттік реттеу әдістері [6]
- құқықтық реттеу - бұл барлық деңгейде қабылданған құқықтық актілер мен нормативтік құжаттардағы міндеттердің орындалуы;
- қаржы-несиелік реттеу - қаржы ағындарын реттеу құралдары, яғни әлеуметтік саланы қаржыландыру үшін мемлекеттік бюджетте арнайы баптың қаралуы. Сондай-ақ бюджеттен тыс әлеуметтік қорлар құру (зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру т. б. )
- жекешелендіру - әлеуметтік саладағы кәсіпорындарды жеке меншікке беру шектелген, өйткені мұндай кәсіпорындардың шығындарын көпшілік жағдайда мемлекет өтейді.
Қазақстан Республикасының Конституциясында белгіленгендей, Қазақстан Республикасы - әлеуметтік мемлекет құруды мұрат етіп отыр. Яғни, мемлекет өзінің бар мүмкіндігін, қамқорлығын өз қоғамының дамуы үшін, ондағы азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеру үшін бағыттауға міндетті. Бұл істе мемлекет көмекке шынында да мұқтаж, өз бетімен күн көре алмайтын халықтың топтарына басымдық береді. Ал қоғамның қалған бөлігі экономикалық еркіндік қағидалары, олардың құқықтық қорғалуы негізінде өзін-өзі қамтамасыз етуі керек. Қоғамдық дамудың негізгі көрсеткіштері - адамның даму жағдайлары, яғни еңбекке қолжетімділік және оған лайықты еңбекақы, ертеңгі күнге сенім, балаларды оқыту мен дамытудың кең мүмкіндіктері, медициналық қызметке қолжетімділік және салауатты өмір салты, еңбекке қабілетсіздерді қорғау, лайықты кәрілік болып табылады.
«Әлеуметтік саясат» энциклопедиялық сөздігінде ресейлік ғалым Н. Н. Гриценко «әлеуметтік мемлекет» ұғымына төмендегідей анықтама береді: «әлеуметтік мемлекет - тұрғындардың өмір сүру деңгейінің жоғары болуын және олардың жұмыспен толық қамтылуын тұрақты қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының шынайы іске асырылуына, азаматтардың барлығы қамтылатын қол жетімді, осы заманғы мәдениет, денсаулық, білім жүйесін құруға, тұрғындардың мүлдем қамтылмаған немесе аз қамтылған топтарына қолдау, әлеуметтік қызмет көрсету мен әлеуметтік қамтамасыз етуге бағытталған мықты әлеуметтік саясат жүргізетін, отандық әлеуметтік нарықтық экономиканы дамытып отырған құқықтық демократиялық мемлекет». Оның пайымдауынша, «әлеуметтік мемлекет ұғымы алғаш рет ғылыми әдебиетте ХІХ ғасырдың орталарында, Гегель философиясы әсерінің арқасында және Германиядағы тап күресі мен капитализмнің дамуын талдау нәтижесінде неміс ғалымдарының еңбектерінде пайда болды»[2] .
Мемлекеттің әлеуметтік саясаты мен арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету өзара тығыз байланысын олардың бір-бірінсіз өмір сүріп, әрекет ете алмайтындығынан көруге болады. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету арқылы әлеуметтік саясат көздеген мақсаттарына жетіп, жүзеге асып отырады. Ал әлеуметтік саясат әлеуметтік қызмет көрсетудің бағыт-бағдарын, іске асыру тетіктерін айқындап отырады.
Халықтың белгілі бір категориясына арналған арнаулы әлеуметтік қызметтер күші бар заңнамаға, сол күнгі қоғамның талаптарына сәйкес индивидтің жеке әлеуметтік қажеттіліктері ескеріліп іске асырылуы маңызды. Әлеуметтік қажеттіліктердің мөлшері, сонымен бірге әлеуметтік талаптанулардың деңгейі қоғамдық өндірістің сипатымен және ауқымымен, әлеуметтік-мәдени орта ерекшелігімен, өндірістік және әлеуметтік қатынастардың ерекшеліктерімен, ұлттық және тарихи дәстүрлермен шектеледі.
Қоғам бір текті емес, ол күрделі әлеуметтік жүйе болып табылады. Оның осал қабаты мемлекет тарапынан әлеуметтік көмекке ие. Дегенмен, арнаулы әлеуметтік қызметтердің көрсетілу сапасы мемлекет тарапынан тікелей бақылауды қажет етеді.
Әлеуметтік мемлекет ұғымының Қазақстан ғылымында айналымға енгеніне көп болған жоқ. Десек те, ол туралы түсінік тұрақтанып, тек ғылымда ғана емес, сонымен қатар, саясатта да, үгіт-насихатта да, жарияланымдарда да көп колданылады.
Әлеуметтік мемлекеттің қалыптасуы өте күрделі және қарама-қайшылыққа толы ұзақ процесс. Қоғамдық-экономикалық дамудың нәтижесіндегі билік пен жеке тұлғаның арасындағы қатынастың өзгеруі мемлекеттің әлеуметтік мемлекетке өтуін жылдамдатты. Әлеуметтік мемлекеттің басты идеясы - гуманизм принциптері негізінде қоғам өмірін саяси және құқықтық жағынан жетілдіру, кешенді қызметін жүзеге асыру, азаматтық қоғам дамуына жағдай жасау. Әлеуметтік мемлекеттің мәні мен мақсаты - қоғамдағы бейбітшілік пен татулық үшін жағдай жасау, әлеуметтік серіктестік институттарын дамыту, еңбекшілерге әділетті де лайықты еңбекақы төлеу құқығына және қауіп-қатерден қорғауға кепілдеме беру. Осындай мемлекетті құрудың міндетті шарты - саяси және экономикалық билік бөлісі болып табылады[7] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz