Моңғолдардың үйлену салты
КІРІСПЕ 3
I ТАРАУ.ШЫҢҒЫС ХАН ТАРИХЫ 6
1.1. Темучин . Шыңғыс хан 10
1.2. Шыңғыс ханның жауынгерлік саясаты 13
1.3. Шыңғыс ханның жоқтауы 16
1.4. Соғыстың зардаптары 18
II ТАРАУ. ҰЛЫ ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕМ ТАРИХЫ АЛДЫНДАҒЫ ОРНЫ 20
2.1. «Шыңғыс хан» және шындық 20
2.2. Шыңғыс хан қай тілде сөйлеген 25
2.3. Шыңғыс ханның құпиясы 37
2.4. Шыңғыс хан моңғолма әлде қазақ па 43
ІІІ ТАРАУ. ҚОСЫМШАЛАР 49
ІV ТАРАУ. ҚОРЫТЫНДЫ 54
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 57

Шыңғыс хан көшпенділерін отырықшы елдер «татар-моңғолдар» десе, Рашид-ад-дин «түріктер» деп атаған. Шындығында, Рашид-ад-дин көшпенділерді бүгінгі бізге қарағанда жақсы білген ғой және ол моңғолдар туралы жазған жылдары көшпенділер империясының нағыз дүрілдеп тұрған шағы болатын. Сондықтан ғылыми ортада ол Шыңғыс хан туралы жазылған дереккөздердің ішіндегі ең бір ақиқаттысы деп саналады.
Қазіргі күні Шыңғыс хан туралы жазылған кітаптардың, ғылыми мақалалардың саны мыңдаған санға жеткен болар. Бірақ, осы еңбектердің барлығы дерлік 19 ғасырда негізі қаланған орыс ғалымдарының «Шыңғыс хан - моңғол» деген ұстанымына сүйеніп жазылған. Бізге, орыс тілін меңгерген оқырмандарға Шыңғыс хан мен оның дәуірі туралы мағлұматтар, көбіне орыс ғалымдары арқылы жетті. Мұнда әділдік де бар шығар, өйткені олар көршілес көшпенділерді басқа еуропалықтардан артық білмесе, кем білмейді.
Француз Мишель Хоанг өзінің «Шыңғыс хан» атты кітабында қоңырат, меркіт, найман сияқты бірқатар руларды еш шіміркенбей моңғол тайпаларының қатарына қоса салған. Оны түсінуге болады. Жалғыз ол ғана емес, басқа да түріктанушылар «Моңғол кезеңін» қиыстыру үшін түрік тайпаларын моңғолдарға қоса салуды әдетке айналдырған. Содан болар біздің өзіміз де соған үйреніп алып «түріктер бір кезде моңғол болып жүргенге» сене бастадық. Басқалардан гөрі түріктердің сырын орыс ғалымдары тереңірек ұққан және еңбектерінде түрік тайпаларының атауын пайдаланбай айналып өту мүмкін еместігін де жақсы білген. Бірақ, түріктердің кімдер екенін ашып айтпай, жанамалап өтуді әдетке айналдырған.

1. Проф., доктор Абдулкадир Ювалы «Шыңғыс хан және оның ұлдары».
2. «Қазақ тарихы» журналы 1996 ж 2-саны.
3. «Қазақ тарихы» журналы 1996 ж 4-саны.
4. «Мәдениет» журналы 2006 ж 1-2-саны.
5. «Мәдениет» журналы 2006 ж 3-4-саны.
6. «АЛШЫН ШЕЖІРЕСІ» Теңізбай Үсенбаев.
7. http://www.proza.ru/2009/04/13/569
8. http://www.massagan.com/forum.php?mod=viewtopic&topicid=338
9. http://www.abai.kz/content/shyngyskhan-mongol-ma
10. http://www.abai.kz/content/shyngyskhannyn-shyn-aty-kim

Мазмұны
КІРІСПЕ 3
I ТАРАУ.ШЫҢҒЫС ХАН ТАРИХЫ 6
1.1. Темучин – Шыңғыс хан 10
1.2. Шыңғыс ханның жауынгерлік саясаты 13
1.3. Шыңғыс ханның жоқтауы 16
1.4. Соғыстың зардаптары 18
II ТАРАУ. ҰЛЫ ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕМ ТАРИХЫ АЛДЫНДАҒЫ ОРНЫ 20
2.1. Шыңғыс хан және шындық 20
2.2. Шыңғыс хан қай тілде сөйлеген 25
2.3. Шыңғыс ханның құпиясы 37
2.4. Шыңғыс хан моңғолма әлде қазақ па 43
ІІІ ТАРАУ. ҚОСЫМШАЛАР 49
ІV ТАРАУ. ҚОРЫТЫНДЫ 54
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 57
Кіріспе
а) Тақырыптың өзектілігі:
Қарахан - Елхан - Қиян (Қият).
Міне осы Қияттан (Қияннан) Шыңғысхан шығып еді. Тегі —Түрік. Қият
(Қиян) - Жалайыр (Мерке) - Манақ - Орақты.Орақты - Андас - Ор - Оңтүр
- Бəйр - Ұзық - Тор - Көк Көк - Бөгде - Қара - Бурық - Қер -
Құнмыр - Бурыл. Бурыл -Шамшы - Тілеуберді - Қашау - Досан - ТҰрымтай
шешен.
Тұрымтай шешен - Түмағұл - Дін - Баян батыр - Есукей батыр.
Есукей батыр - Темуджін (Шыңғыс хан).
Шыңғыс хан көшпенділерін отырықшы елдер татар-моңғолдар десе, Рашид-
ад-дин түріктер деп атаған. Шындығында, Рашид-ад-дин көшпенділерді
бүгінгі бізге қарағанда жақсы білген ғой және ол моңғолдар туралы жазған
жылдары көшпенділер империясының нағыз дүрілдеп тұрған шағы болатын.
Сондықтан ғылыми ортада ол Шыңғыс хан туралы жазылған дереккөздердің
ішіндегі ең бір ақиқаттысы деп саналады.
Қазіргі күні Шыңғыс хан туралы жазылған кітаптардың, ғылыми
мақалалардың саны мыңдаған санға жеткен болар. Бірақ, осы еңбектердің
барлығы дерлік 19 ғасырда негізі қаланған орыс ғалымдарының Шыңғыс хан -
моңғол деген ұстанымына сүйеніп жазылған. Бізге, орыс тілін меңгерген
оқырмандарға Шыңғыс хан мен оның дәуірі туралы мағлұматтар, көбіне орыс
ғалымдары арқылы жетті. Мұнда әділдік де бар шығар, өйткені олар көршілес
көшпенділерді басқа еуропалықтардан артық білмесе, кем білмейді.
Француз Мишель Хоанг өзінің Шыңғыс хан атты кітабында қоңырат,
меркіт, найман сияқты бірқатар руларды еш шіміркенбей моңғол тайпаларының
қатарына қоса салған. Оны түсінуге болады. Жалғыз ол ғана емес, басқа да
түріктанушылар Моңғол кезеңін қиыстыру үшін түрік тайпаларын моңғолдарға
қоса салуды әдетке айналдырған. Содан болар біздің өзіміз де соған үйреніп
алып түріктер бір кезде моңғол болып жүргенге сене бастадық. Басқалардан
гөрі түріктердің сырын орыс ғалымдары тереңірек ұққан және еңбектерінде
түрік тайпаларының атауын пайдаланбай айналып өту мүмкін еместігін де жақсы
білген. Бірақ, түріктердің кімдер екенін ашып айтпай, жанамалап өтуді
әдетке айналдырған. Мысалы Е.Кычанов сияқты: ...Ол (Рашид-ад-дин)қазіргі
күні моңғол атанып жүрген барлық моңғол-татар тайпаларын түрік
тайпалары деп атаған деп сырғытпа жауап бере салады. Кычанов Рашид-ад-
динмен келіспегенін былай білдіреді:
...Көпшілік тайпалар мен рулар өздерін оларға (моңғолдарға) теңегенді
атақ пен мәртебе көрді. Шыңғысхан ата-тегінің шапағатына бөлену үшін
әртүрлі түрік тайпалары (жалайыр, татар, оңғыт, керейіт, найман, таңғұт,
т.б) өздерін мақтан үшін моңғолдар деп атай салған.
б) Тақырыптың зерттелу деңгейі:
Шыңғыс хан кезінде Моңғолия империясы ең мықты деген мемлекеттердің
қатарында болғаны белгілі. Шыңғыс ханның мәйітінің қай жерде көмілгені әлі
күнге дейін белгісіз. Ал енді оның өліміне не себеп болды деген сұраққа
әртүрлі жауаптар бар. Мысалы, белгілі саяхатшы Марко Поло Шыңғыс хан
уланған жебенің оғынан қайтыс болған дейді. Рим папасының Моңғолиядағы
елшісі Плано Карпини 1247 жылы ханның өлімі найзағай түскеннен болды деп
хабарлаған екен. Ал ресми мәліметтерде аң аулау кезінде аттан құлап өлген
делінген.
Денесі қай жерге қойылғаны туралы Марко Поло былай деген: "Барлық ұлы
басшыларды, Шыңғыс ханның ұрпақтарын үлкен Алтай тауының баурайына
жерлейді. Шыңғыс хан қай жерде өлсе де, бәрібір оның денесін сол Алтай
тауына әкеліп қояды. Ал оның денесін әкеле жатқан барлық атқосшыларды
өлтіріп тастайды".
Ордастағы Их-Эджен Хороға белгілі орыс саяхатшысы Р. Н. Потаниннің
барып, зерттегені белгілі. Ол жерде киіз үйлердің ішінде ұлы ханның сүйегі
бар екен, будда монахтары жыл сайын Шыңғыс ханның құрметіне той өткізеді
екен. Күміс қазанның ішінде ханның сүйектері сақтаулы тұр. Ал бақсылар
адамдарды құрбандыққа шалған деседі.
1998 жылы Чингис Галбоин бастаған бурят ғалымдары ұлы моңғол ханының
жерленген жеріне аттанады. Зерттеу жұмыстарын жүргізер алдында Шыңғыс
ханның Селенга өзенінің бойымен өз отанына қайтқанын анықтаған.
Зерттеушілер Хамар-Дабан жотасына жетіп, оның бір шыңында оба тігіп, қалған
шыңдарына әртүрлі аттар берген. Бага Алтан атымен белгілі тауды Бурхан-
Гала—Уула деп ат койған, "тау-ханшайым" деген ұғымды білдіреді. Оның
солтүстігінде орналасқан шыңды Хан-Уула деген "тау-патша" дегенді
білдіреді.
в) Мақсат – міндеттері:
Моңғолдардың үйлену салтында келінді қалын мал беру арқылы алатын.
Қыздар тұрмысқа шыққаннан кейін күйеуінің руына сінісіп кетеді. Куйеуі
кайтыс болғаннан кейін де өз отбасына қайта алмайды. Мұндай жағдайда әйел
күйеуінің кіші бауырларының немесе күйеуінің басқа әйелдерінен туылған,
яғни, өгей баласына қосылатын. Ол болмаған жағдайда күйеуінің үйі келінді
басқа біреуге қоса алады.
Моңғол хандары әйелді белгілі түрік және моңғол қауымдарының арасынан
таңдаған, мұндай ерекшелікке ие болмаған жағдайда әйелдер оның көңілдесі
болған. Шыңғыс хан бала шағында жар іздеу үшін ойраттарға барып, сол
қауымнан әйел алған. Әйелді ойрат және найман әулетінен алуды өзінен кейін
балалары мен немелеріне де дәстүр етіп қалдырған, кейінірек үшінші болып
керейт руы қосылған. Мөңке мен Хулағудың шешесі Соргактани мен атақты Докуз
хатун да осы рудан шыққан. Жошы әулетінде де хандық мүшелері бірден көп
әйелге үйленген, олардың әйелдерінің бірінің міндетті түрде қоңырат руынан
болғандығы назар аударарлық жағдай.
Шындығында моңғолдар тектілікке мән беруде арабтардан кем түспеген.
Моңғол ханзадалары сырттан алған әйелдерін көңілдес деп есептеп, олардан
бала сүйгісі келмеген. Селжүктерде византиялық және грузин ханзадаларға
үйлену дәстүрге айналғанымен, кейіннен бұл жерлерді билеген монтолдарда
мұндай үйлену әрекеті кездеспеген.
Моңғол ханзадалары мен нояндарының әйелдерінің арнайы шатырлары болды.
Олар бұл шатырларда өздеріне белінген мал-мүлік пен ақшаларды қалағанынша
жұмсай алатын. Әйел қайтыс болғаннан кейін бұл шатыр алынбайды. Егер
ержеткен ұл-қызы болса, шатыр соларға беріледі. Ал жоқ болған жағдайда
басқа әйелдерге беріледі. Моңғолдарда бірінші әйелдің мемлекет басқаруда
сөзі жүретін, тіпті, ұлы хан қайтыс болғаннан кейін орынбасар ретінде
мемлекетті бірнеше жыл басқаратын. Осы тұрғыдан Түрік мемлекеті
дәстүріндегі хан-әйел байланысын моңғолдардан да кездестіреміз.
г) Құрылымы:
Курстық жұмысым, кіріспе бөлімнен, 2-тараудан, 8-тараушадан, қорытынды
бөлімнен, қосымшадан және пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
I ТАРАУ.ШЫҢҒЫС ХАН ТАРИХЫ
Өмірі
Балалық және жастық шағы
Хулағу - Шыңғыс ханның ұңғырат руынан шыққан Дей-Сеченің қызы Бөрте
Ужин хатуннан туған төрт баласының кенжесі Төленің баласы. Шыңғыс хан
қайтыс болмастан бұрын моңғол дәстүрі бойынша алыстағы жерлерінің бір
бөлігін Жошыға берсе, империя ордасын қорғау және басқару қызметін ең кенже
ұлы Төлеге берген. Моңғол дәстүрі бойынша әке шаңырағы балалардың ең
кенжесіне тиесілі еді. Төле әкесінің тірі кезінде-ақ онымен бірге Батыс
жорығына қатысып, Самарқан, Бұқара қалаларын қоршауда үлкен қызметтер
атқарған.Жүвейни Шыңғыс ханның Төлеге "ұлы ноян" атағын беріп, Хорасанға
жорыққа жіберуі туралы былай деп жазады: "Шыңғыс хан Хорезмге жорықка
аттанбастан бұрын саясаты, күші мен батырлығы аркылы жүрген жерін таптаған
баласы ұлы ноянның қол астына әскерінің оннан бір бөлігін беріп Хорасанға
жіберген. Төле Батыс жорығынан кейін әкесімен бірге Қарақұрымға қайтады
және әкесі қайтыс болғаннан кейін моңғол дәстүрі бойынша екі жыл (1227-
1229) орынбасарлық кызмет атқарады.213 Бұдан кейінгі дәуірлерде Төле
әулетінің тарих сахнасына шығуына, яғни, үлы хан болуына шешелері
Соргактани хатун үлкен үлес косқан. XIII ғасырдың ортасында империяны
орталықта Мөңке, шығыста Құбылай және батыста Хулағу бір мезгілде
басқарады. Төле 1232 жылы 40 жасында қайтыс болған. Өгедей хан кіші
бауырына тиісті жерлерді басқаруға Соргактани хатунды тағайындаған.
Төленің мұрасын басқарған және төрт ұлын болашақта билікке талапкер
етіп тәрбиелеген бұл әйел керейттерден шықкан Онг ханның кіші бауыры Жака-
гамбудың қызы Соргактани еді. Кейіннен ана ханшайым болған бұл әйел
балаларын үлкен сабырлылықпен болашаққа дайындаған. Өзі христиан болса да
мұсылмандарға құрмет көрсеткен. Тіпті, Әбул Фараж оның Бұқараға медресе
салдырғанын да айтады. Балаларын тәрбиелеу ісі Шыңғыс ханға кеңесші болған
ұйғыр түріктерінің арасынан таңдаулы адамдарға жүктелген. Бұл кеңесшілердің
көпшілігі Соргактани хатунның қалауымен өзіне тиісті Чен-тинг аймағында
қызметкер болған, осы арада ханзадаларды тәрбиелеумен де айналысқан. Бұл
кеңесшілердің ішінде әдебиеттер бойынша анықтай алғанымыз мыналар:
* Сауинч Тогрил: Ұйғыр түрігінен шыққан бұрын ұйғыр мемлекетінде де
"ұлы айгучи", яғни, ұлы дәрежелі қызметкер немесе бақылаушы болып
жұмыс істеген. Моңғолдардың қол астына кіргеннен кейін Шыңғыс ханмен
бірге батыс жорығына қатысқан. Кейіннен Соргактани Бекидің қол
астында балаларын тәрбиелеу ісімен айналысады. Төлеге тиісті Чентинг
аймағының даругашысы ретінде кызметін жалғастырған. Оның ұлы
Хулағудың шығарып салуымен Иранға барған.
* Булад Қая: Соргактани хатунның сенімінен шыққан ұйғыр турігі. Шыңғыс
ханның қол астында болған кезінде қол жеткізген жетістіктеріне сый
ретінде қарақытай Гурханның кызымен үйлендіріледі. Төленің
орынбасарлық қызметі кезіңінде Қытайға жіберілген. Ол Төленің
ұлдарының жетілуіне үлкен еңбек сіңірген.
* Мунгсуз: Бесбалық ұйғыры. Соргактани хатунның қарамағындағы Чен-тинг
аймағының салық қызметкері болып жұмыс істеген кезде Төле ұлдарының
жетілуіне үлкен үлес қосқан және атақты кеңесші болған.
* Төре Қая: Бесбалық ұйғыры. Әкесі Шыңғыс ханмен бірге батыс жорығына
қатысқан. Соргактани хатунның қарамағында жұмыс істеген.
Бұлардан басқа да анықтай алған тұлғаларымыз: шибан, Баян Тоғрил және
Тангучи де дәуірінің атақты кызметкерлері ретінде Төленің әйелінің
қарамағында болған және болашақта үлкен мемлекет қызметкері болатын Мөңке,
Құбылай мен Хулағудың жетілуінде үлкен еңбек сіңірген басты кеңесшілер еді.
Жоғарыда аталып өткен және ұйғыр түріктерінен шыққан мүғалімдер
ханзадаларға ұйғыр жазуы және әдебиетімен қоса тарих, география, математика
және астрономия ғылымдарын да үйреткен. Өйткені, Хулагу Иранға бармастан
бұрын ағасы Мөңке одан сол дәуірдің атақты астрономы Насреддин Тусиді өзіне
жіберуін сұранған. Осы орайда үш ханзаданың да білімдерімен өз
дәуіріндегілерден озық болғанын және бұл мәселеде аналарына борышты
екендерін айта аламыз.
Әдебиеттерде Хулағудың балалық шағы туралы мол мәлімет берілмеген. Екінші
Қыпшақ сапарына барлық моңғол ханзадаларының қатысқанына қарамастан,
Хулағудың қатысқаны туралы деректер жоқ. Тек Шыңғыс хан батыс жорығы
кезінде Имил өзенінің жағасында немерелері Құбылай мен Хулағудың аталарын
қарсы алғандығын және алғашқы олжаларын соған бергеніден білеміз. Шыңғыс
хан моңғол дәстүрі бойынша осы жас ханзадалардың қолының ортағы саусағын
қанатып, акқан қанды тамақтарына қосу арқылы өздерінің аң аулау қүқығына
ие болғандығын білдіреді. Осы аң аңдау кезінде Құбылай 11, Хулағу 9 жаста
болатын. Жастық шағы туралы да мәліметтер аз кездеседі. Тек Әбул-Фараж
моңғолдардағы салықтың мәнін түсіндірген кезде, Хулагудың Қарақүрымда салық
істеріне қарағанын айтқанымен басқа әдебиеттерде бұл мәселе туралы мәлімет
жоқ. Хулагу II-Дешті қыпшақ жорығына осы кызметіне байланысты қатыса
алмаған.
Отбасы мен балалары
Рашидуддин Хулағудың отбасы мен балалары туралы нақты мәлімет береді.
Рашидуддинің мәліметтерінде әйелдері, олардан туылған ұлдары мен қыздары,
сондай-ақ, күйеу балалары мен немелеріне де орын берілген. Хулағудың отбасы
жайында сөз қозғамастан бұрын моңғолдардағы отбасы мәселесіне тоқталып
өтейік.

мұндай үйлену әрекеті кездеспеген. Тіпті, Хулағуға жіберілген Византия
императорының кызы Деспина оның қайтыс болуына байланысты ұлы Абакамен
тұрмыс құрады және ол әйелдерінің ең соңғысы және көңілдесі болған.
Моңғолдар үйленуді басқа қауымдармен байланысу және оларды өздеріне тарту
құралы ретінде пайдаланған. Хулағу мойынсұнған Исмаилилердің басшысы
Рукнеддин Гуршах алдымен бір моңғол қызына үйленеді. Кейіннен ол қылмысты
деп табылып өлтіріледі. Сондай-ак, моңғолдар өздері жеңген билеушілердің
әйелдері мен қыздарына үйленетін. 1222 жылы жеңіліс тапқан хорезмшах
Мұхаммедтің гареміндегі кейбір әйелдерді ханзада Шағатай айналасындағы
жақын адамдарына үйлендірген.

Хулагу да хандықтың басқа мүшелері сиякты бесеуі некелі, жетеуі некесіз
он екі рет үйленген. Некесіздері: 1. Боукеджин-Икаджи, 2. Арикак Икаджи, 3.
Аджоужех-Икаджи, 4. Хесиджин, 5. Ил-Икаджи, 6. Тукини, 7. Мертаи хатун.
Некесіз әйелдерінен ұл-қыздары болғанмен, олар хандық мүшелері арасында
сұлтандықта орын алмаған. Бірінші некелі әйелі - Докуз хатун. Ол -
керейіттен шыққан Онг ханның ұлы Икудың қызы. Докуз хатун бұрын Төлемен
тұрмыс құрғандықтан оның әйелі болудан гөрі мемлекет өмірінің барлық
сатысына араласқан беделді басқарушы болған. Армян және грузин әдебиеттері
әлеуметтік және саяси мәселелерде Хулағудың оның ықпалында болғандығын
айтады. Керейіттер мен наймандар христиан болғандықтан, Армения, Сирия және
Грузия тарихшылары осы рудан шыққан барлық адамды христиан деп санаған.
Алайда, Докуз хатун өмір сүру салты, ой-пікірі және әрекеттерімен берік
сенім білдірген христиан болатын. Қазіргі тарихшылар онын христиандарды
қорғағандығы, діни рәсімдерге қатысқандығы және Алатаудағы шатырында
қоңырау болғандығы туралы да айтады. Алайда, моңғолдардың Батыс Азия
саясаты толық қарастырғанда, Хулағудың тек Докуз хатунды
күрметтсгендіктен ғана христиандарды тандағаны байқалады. Шығыс
христиандары моңғолдардың арқасында жаңа сүйенішке қол жеткізген кезенде
моңғолдар тұрғысынан қарағанда мұсылмандар саяси бәсекелес және дұшпан
болатын. Өйткені, батыста моңғолдармен ұзақ жылдар бойы соғысқан саяси
ұйымдардың барлығы дерлік мұсылман болатын. Осыған қарамастан, Докуз
хатунның да мемлекет істерін өз наным-сенімінен жоғары ұстап, христиан
діндарларының мұсылмандарға деген қарсылықтарына құлақ аспаған. Папалар
моңғолдарды христиан дініне тарту үшін Папа ІV-Иннокентий 1246 жылы француз
монахы Джеан де План Карпиниді қасиетті Лоуиске, 1254 жылы француз монахы
Гильом де Рубрукты Қарақұрымға жібереді. Сондай-ақ, бірнеше христиан
миссионерлері әр кезеңдерде елші ретінде моңғолдарға жіберілген. Алайда,
бұл әрекеттерден ешқандай да нәтиже шықпаған. Өйткені, моңғолдар барлық
дінге бірдей қараған, дін қызметкерлеріне құрмет көрсетіп, оларды түрлі
салықтардан босатқан. Яғни, христиандар сияқты басқа діндегілерді дұшпан
санамаған.
Моңғолдардың Батыс Азияға келуімен Ислам әлемінде қиын жағдайға душар
болған шығыс христиандары моңғолдардың Батыс Азиядағы мұсылмандарға қарсы
жасаған шабуылдарын өз есептеріне пайдалануды көздеген. Яғни, мұсылмандарға
қиянат жасап, моңғолдардың қасынан орын алып, бірқатар жеңілдіктерге қол
жеткізген. Әйтпесе, Шыңғыс заңы өз күшінде тұрған кезеңде илхандықтардың
христиандарды таңдауы мүмкін емес еді. Алайда, Батыс Азияда өздерімен
соғысқан мұсылмандарға қарсы дұшпанша әрекет жасауы да қалыпты жағдай деп
саналған болуы керек. Ал, христиандар болса тек қожайындарын ауыстырған,
сондай-ақ,
бұрынғыларға қарсы күрес жүргізіп, кек алу жолын таңдаған.
Докуз хатун Төле кайтыс болғаннан кейін 16 жастағы Хулағуға үйленсді.
Хулағудың бұл әйелден баласы болмаған, тек оның көңілдесі Ил-Икаджи деген
әйелден Хулажу және Сиявжы деген екі ұлы, Менгликач деген бір қызы болған.
Хулағудың екінші әйелі - ойрат Тоуролджы Курканның қызы Куик хатун. Бұл
әйелдің шешесі Шыңғыс ханның кызы - Джижикен хатун. Куик хатуннан туған
Хулағудың екінші ұлы Жумкур - Абакадан бірнеше ай кейін туылған. Хулағу
Иранға келгенде бұл ұлын ордоуларымен бірге ағасы Мөңке ханның сарайына
тастап кеткен. Жумкур Мөңке хан қайтыс болғаннан кейін басталған таққа
таласта Арык Бута тарапында болса да, кейіннен Арык Буға мен Алгу арасында
болған екінші соғыста оны Самарқан маңайында тастап кеткен. Бұл бөлінудің
себебін әкесі Хулағудың Құбылай тарапында болғандығымен түсіндіреді.
Өйткені, ол Иранға әкесінің жанына келе жатқанда жолда кайтыс болған.
Жумкурдың бірінші әйелі - Куик хатунның бауыры Тулун хатун, ал екінші әйелі
- Жауржу хатун. Хулағудың Куик хатуннан Булукан Ака деген қызы болған.
Хулағудың үшінші әйелі - қоңырат руынан шыққан Кути хатун. Ол Куик
хатунның өлімінен кейін Моңғолияда Хулағуға косылған. Кути хағунның екі ұлы
болған. Олардың біріншісі Бикин немесе Текечин. Ол жас кезінде сал ауруынан
қайтыс болады. Ат екіншісі - Абакадан кейін илхандықтардың тағына отырған
Ахмет Текудар. Кути хатунның ордоусында некесіз бірнеше әйелі болған болуы
керек. Олардың ішінде Хытай текті Букаджин-Икаджи деген әйелден Хулағудың
үшінші ұлы Иешмут туылған. Иешмуттың Рину, Сукайн-Икаджиден туған Түсиннің
Сати деген бір ұлы болғанын білеміз. Хулағудың батыс жорығы кезінде қайтыс
болған бесінші ұлы Таркай да осы әйелден туған. Тоғызыншы баласы - Кути
хатунның ордоусындағы Аджуджех-Икаджиден туған Конгуркай. Бұл әйел өмірінің
соңғы кезсңдерінде некелі әйелдердің қатарына косылғал. Кути хатун
ордоусынан арулат руынан шыққан Хесиджиннен туған Лусидар оның оныншы
баласы. Есімі анықталмаған, бірақ Куги хатун ордоүсынан шыққан анадан он
төртінші баласы Тогай Тимур чуған.
Хулағудың бесінші әйелі - ойрат руынан шыққан Туралжы Курканның қызы,
Мөңке Тимурдың шешесі Олжай Хатун. Алтыншы әйелі сулдуз руынан шыққан
Суджин Хатун. Ол Абаканның шешесі. Ол батыс жорығы кезінде Қарақұрымда
қалған. Оның сегізінші баласы - некесіз Тенкер Курканның қызы Арикак
Икаджиден туған Аджай. Батыс жорығы кезінде мал-мүлік істеріне осы баласын
тағайындаған.
Хулағу ханның балаларын жастарына қарай былай корсетуге болады:
1. Абака, 2. Жумкур, 3. Иешмут, 4. Бикин, 5. Таркай, 6. Тусин, 7. Текудар,
8. Аджай, 9. Конкуртай, 10. Лисудар, 11. Менту-Темір, 12. Хулажу, 13.
Сиаужи, 14. Тоғай Тимур. Хулағу ханның кыздары: 1. Булуган Ака, 2. Хаим,
3. Менгелүген, 4. Тутукач, 5. Таракаи, 6. Менгликач, 7. Бабаи.
Хулағудың әйелдері арасында Докуз хатун мен Кути хатун тигізген әсері
және қүқығы жағынан бірінші қатарда тұрғанымен, өзіне мұрагер ретінде
сулдуз руынан шыққан Суджинден туған Абаканы таңдаған. Хулағудың Абаканы
таңдауына оның бауырларының ішіндегі үлкені болуымен қатар, қабілетті болуы
да ықпал еткен.
1. Темучин – Шыңғыс хан
1929 жылдан кейін мәлім болған тарихи фактілерді пайдалана отырып, Э.
Хара-Даванның кітабын талдағанда көз жеткізуге болады.
Мұңғыл аңыздарында, тіпті Құпия шежіре Шыңғыс ханның туған жылы туралы
мәлімет болмаған соң Хара-Даван мұсылман деректеріне жүгінуге мәжбүр
болады. Ол Ұлы қағанның туған жылын (1155) Рашид-ад-Дин еңбектерінен алады.
Бізге дейін жеткен әртүрлі түпнұсқалардағы Шыңғыс ханның өмірбаянында
көптеген қарама-қайшылықтар кезігеді және оның дәуіріндегі толық тарихи
шынайылық оның 1206 жылгы кұрылтайда ұлы император ретінде жариялануынан
кейін ғана пайда долады'', - деп жазады автор. Осы үзіндіден көріп
отырғанымыздай, ел хан сөзі түркі халықтарында ғана кезігетіндіктен және
ол бұл сөз түркі халықтарының сөзі екенін білетіндіктен, одан өзін аулақ
ұстайды. Хара-Даван Шыңғыс ханның өмірбаянында қайшылық көп екенін
мойындайды. Осы арқылы оның мұңғыл тегінен тарайтындығын кесіп айту мүмкін
еместігін жасырып, ары қарай оның және осы мемлекетті құраушы ру-
тайпалардың мұңғыл екендігін дәлелдеуге тырысады. Әсіресе, Хара-Даван
Шыңғыс хан шыққан тайпа қияттар туралы айтқанда хан сөзінен қашқақтайды.
Темучин (Теміршін - Қ. Д.) 1155 жылы ақпанда Онон өзенінің бойында туды.
Оның әкесі Исугей -богатырь (Есікей батыр - Қ. Д.) еді, - деп жазады
автор. Одан әрі ол: Есікеи қият руының көсемі еді,- дейді. Шын мәнінде
Есікей кият және тайшыут тайпалары біріккен мемлекеттің ханы еді.
Таушыуттар қияттармен ешқандай ру-тайпалық туыстықта болмаған. Есікей
өлгенде олар кияттардан бөліне-жарыла көшкен және қияттармен қанқұйлы
күрестер жүргізген, тіпті Теміршінді тұтқынға алып, кұлға айналдыра
жаздаған.
Хара Даван Теміршінді тайшыуттардың тұтқындауы жөнінде былай деп
жазады: Тайшыуттар күн санап күшейіп келе жатқан бұл қауіпті қарсыластың
көп кешіктірмей көзін жою керек деп шешеді. Олардың борджигин (беріжеген -
Қ. Д.) руынан шыққан кесемі Торғылтай өзін бір кездері Исугей (Есікей - Қ.
Д.) иеленген жерлердің иесі деп жариялап, жас Темичиннің (Теміршіннің - Қ.
Д.) соңына мықтап түседі... Темучии қашады, бірақ оны қуып жетіп, тұтқынға
алады. Оған екі қолының білезігін қоса қамтыған ауыр кісен салынады. Ол осы
тұтқыннан таңқалалықтай кездейсоқ жағдайда құтылады. Тайшы-уттардың бұдан
кейінгі тағдыры белгісіз. Шыңғыс хан оларды түп-тұқиянымен құртса керек.
Исигей (Есікей - Қ. Д.) - багатурдың (батырдың - Қ. Д.) тағы үш бауыры
болған еді, барлығының әкесі - әйгілі Қабул-ханның ұлы Бартон - деп жазады
автор Шыңғыс ханның ата-бабасы жөнінде. бұл тұста ағаттық бар. Бартонның
әкесі - Ембақай, Ембақайдың әкесі - Қабыл хан. Ендеше Қабыл хан - Есікейдің
атасы емес, бабасы. Есікей, Бартон, Ембақай, Қабыл хан - мұның бәрі қазіргі
кездегі қазақ есімдері. Бұл тұста есімдер сәл-пәл ғана өзгертілген.
Хара-Даван аталған еңбегінде мұңғылдардың шығу тегі жөнінде де аз-маз
мағлұмат береді. XII ғасырдың екінші жартысында Далай-Нұр (қазіргі атауы -
Қ. Д.) өзені маңында моңғол тайпасына жататын татарлар көшіп жүрді - деп
жазады ол татарлар жөнінде. Бұл үзіндінің сілтемесі де бар. Ол мынадай:
Осы тайпаның аты қытайлар арқылы басқа халықтарға да тарап кетті. Бұл
тұста да автор ағаттық жіберген. Біздің ойымызша, татарлардың мұңғылдармен
ешқандай ту-ыстық байланысы болмаған, әрі олардың түркі халқықа жататыны
баршаға аян. Қытайдың тарихи деректерінде мұңғыл есімді тайпа 1206 жылға,
яғни Теміршіннің Шыңғыс хан болып сайланған, ал оның мемлекеті мұңғылдық
деп аталған құрылтай өткенге дейін кездеспейді. Оның үстіне қазіргі кезде
мұңғыл сөзінің шығу төркіні қазақ тілінде жатыр деген болжам бар (мың-
сандық өлшемі, қол - әскер, қосын мағынасында). Сондай-ақ барлық түркі
халықтарының, Шыңғыс ханға дейін де (мәселен, Шыңғыс хан қолына қосылған
қыпшақ және хорезм әскерлерінде) одан көп уақыт кейін де әскерлері үш
бөлімнен кұралған: сол қол (қазіргі тілде сол қанат), орта қол, оң қол
(қазіргіше - оң қанат). Ендеше мұңғыл этносының атауы түркі тілінен
алынған. Бұл сөз түркі тілді халықтардың ішінде қазақ тілінде фонетикалық
өзгеріске ұшырамай, сол күйі сақталған. Әйтеуір, мұңғыл (моңғол) -
қазіргі мұңғыл тілінде белгілі бір ұғымды білдірмейтін, мағынасыз. мәнсіз
сөз. Ендеше бұл атаудың жоғарыда аталған қазақша мағынасы муқият зерттеуді,
жан-жақты талдауды қажет етеді. Казіргі кезде татарлардың саны мұңғылдардан
төрт есе көп, ал татар тілі көне тілдердің қатарына жатады.
Бұдан кейін Хара-Даван сол жердегі ру-тайпаларды санамалап, олардың
қонысын көрсетеді. Олардан (татарлардан - Қ. Д.) Төле өзені бойымен
батысқа қарай Керейт- деп аталған халық тұрған. Олардың батысында Алтай
жоталарына қарай Найман тайпасы өмір сүрген. Татарлар, керейттер.
наймандардан Онон өзенінің бойымен солтустікке қарай моңгол деп аталған
тайпа өмір сүрген. Моңғолдардан батысқа Хенгайу (хан қайың - Қ. Д.) тауы
және Байкал (Байкөл) көліне қарай меркіттер өмір сүрген, - дейді Хара-
Даван. Автор басқа тайпаларды атағанда Онон және Керулен (кер өлең)
әзендерінің аралығында, яғни мұңғылдардың оңтүстігінде өмір сүрген
қияттарды қалдырып кеткен.
Сондай-ақ керейлер, наймандар, кияттар, меркіттердің әрқайсысының бөлек-
бөлек тәуелсіз, дербес хандығы, яғни мемлекеті болғаны. ал наймандардың
жазуы, мөрі және мемлекеттік іс қағаздары болғаны көрсетілмейді. Ол аз
десек, Хара-Даван татарларды, наймандарды, керейлерді, меркіттерді мұңғыл
тайпалары деп атайды. Бұлай етпесе ол Шыңғыс хакның өзін және ол құрған
мемлекетті мұңғылдыкі дей алмас еді. Мұнғыл тарихшысы Д. Майдар мен кеңес
тарихшысы П. Турчин Разноликая Моңғолия кітабында: Онон және Керулен
өзендерінің жағасында өмір сүрген шағын тайпаның адамдары өзін моңғолмыз
деп атаған. Моңғолдар деген ресми атау XIII ғасырда, моңғол халқы,
мемлекеті пайда болғанда гана шықты, - деп жазады
Шыңғыс хан Бөртеге үйленген, - деп жазады бұдан әрі Хара-Даван.
Бірақ автор Бөртенің түрік (қазақ) руына жататын қоңыраттан шыққанын
көрсетпейді. Оның (Шыңғыс ханның - Қ. Д.) қонысына Меркіт тайпасының
солтустік үш руы шабуыл жасайды. Ол рулар бұдан он сегіз жыл бұрын Исугей
(Есікей - Қ. Д.) әйелін алып қашып кеткен көсемнің тумаластары еді. Ол әйел
- Теміршіннің шешесі Оэлун-аке (Өлең әке - Қ. Д.) - дейді автор. Мұнда ол
Шыңғыс ханның шешесі Өлең меркіт руынан шыққанын алғаш рет көрсетеді.
Меркіт - қазақ руы, казіргі кезде осы рудың өкілдері Шығыс Қазақстан
облысының Зайсан ауданында тұрады.
Әйелі Бөртеге ол (Шыңғыс хан - Қ. Д.) өмір бойы мызғымас құштарлық,
берілгендік сезімімен қарады. Оның басқа әйелдерінен де балалары болды,
бірақ Бөртеден туған ұлдары өмірлік серік, қолғанат бола білді, ал
басқалары, X. Лэмнің сөзімен айтқанда, жылнамаларда ғана аталатын есімдер
деңгейінен аса алмады - деп жазады автор Шыңғыс ханның ұлдары мен әйелдері
жөнінде. Егер Шыңғыс ханның әкесі Есікей қият, шешесі- Өлең меркіт, әйелі
Бөрте қоңырат екенін ескерсек, аса ірі ұлыстарды билеген оның ұлдары Жошы,
Шағатай. Төле. Үкітайды қазақ халқының өкілдері деп таныған жөн.
Шыңғыс хан мемлекетін құру жөнінде Хара-Даван төмендегідей мәлімет
келтіреді: Педантический строгий приверженец законности Чингизхан
повелевает созвать к весне 1206 года (год барса) в верховьях реки Онона
большое собрание – Курултай - изродичей. сподвижнихов, всех боготуров,
ноянов - словом. всеймоңғольской аристократии при исключительно-
торжественной обстановке. Осы тұста дейексөзді үзе тұралық. Тарихшылардың
басым көпшілігінің пікірінше, Кұрылтай қазіргі кездегі Мұңылияның дәл
ортасында орналасқан Орхок өзені (Онон өзені емес) алқабындағы шөбі шүйгін
кең жазықта өткен. Ал_Хара-Даван айтқандай, Құрылтайды кәзіргі Мұңғылия
территориясының шалғайда сслтүстік-шығысында Онон өзенінің жоғарғы
сағасындағы таулы, шатқалды аймақтарда откізу қисынға сыймайды. Көктемде
өтті деуі көңілге қонымды. Өйткені көктем - көшпелі халықтар үшін ең
колайлы мезгіл.
Хара-Даван Шыңғыс ханның Кұрылтайда сөйлеген сөзін келтіреді: Моими
устами говорит Менкэ- Кёкё - Тенгри ( Вечно синее небо). Мағынасы- Мәңгі
көк Тәңірі. Осынау сөз тіркесі- Шыңғыс ханның түркі тілінде сөйлегеніне
бұлтартпас дәлел. Түркі тілін білмейтін Хара-Даван осы сөз тіркесін келтіру
арқылы өзіне-өзі қайшы келген.
2. Шыңғыс ханның жауынгерлік саясаты

Есукей батыр - Темуджін (Шыңғыс хан). Бұл ататек таралым Қазбек Бек
Тауасарүлының жазып кеткен шежіресінен алынып отыр. Темуджіннің
(Шыңғысханның) əкесі Есукей — саны мол, ерліп ерен, бірақ береке-бірлігі аз
Қият руының атақты батыры еді. Орта жүз Қоңырат руынан Асауханның қызы Үлүн
(Өлең) үйінде отырып Қияттың Жалайырының (Меркенің) жиырма төртінші ұрпағы
Есукей батырдан жүкті болып қалады екен де, əкесі оны үйінен қуып жіберіпті
дейді. Екіқабат Үлүн (Өлең) қыз Есукейді іздеп тауып, оған тиіпті. Қөп
ұзамай босанып, 1154 жылы (Доңыз жылы) Блон-жылдық деген жерде Темуджінді
туыпты. Ол ай тұтылған боранды түні, қараша үйде, екі көзін қызартып ашып,
уысына қан шеңгелдеп дүниеге келіп еді. Емшектен шығып, екі аяғынан қаз
тұрғаннан бастап, жүрген жолын қырсық шалған сəби ее білер шағында, 13
жасында жетім қалды — əкесінен айырылды. Əкесін—Есукей батырды Сібір
татарларының бірі қонақ етіп жайлап болы, еліне аттанарда үзенгі мен
жүгенге "у" жағып жіберіп, үйіне келген соң ол уланып өлген еді. Ал жесір
қалған Үлүн (Өлең) Темуджінді ертіп, Қоңыраттың белгілі биі Меңлекеге
тиіпті. Ол Меңлекеден он ұл туған. Он ұл Темуджінге бөлектеп, күн бермеген
еді. Сол кезде олар Моңғолдармен аралас көрші отырып, моңғолша таза сөйлеп,
МОНҒОУ\МЫЗ деп кеткен. Ал моңғолдар да қазақша сөйлей білетін. Елді жау
шауып, жас бала Темуджін жау қолында мойнына ажырғы ілініп, аяғына кісен
салынып, құлдықта күн кешті. Бірақ бала жасу орына ширыға түсті, қашу
орнына пысып қайраттана берді, мүқалмады. Міне, осындай қиналған кезде оған
Тоғрыл көмекке келіп, оны бұғаудан босатты. Тоғрылдың жасы Темуджіннен
үлкен болатын.
Тоғрыл бұлтсыз ашық күні, таппа түстің шағында, ақ ордада, саны көп
ерлігі кемел Орта жүз Керей руының ханының шаңырағында бет-аузы тыржиып,
аяқ-қолы тырбаңдап, іңгəлап жылап дүниеге келген еді. Тоғрыл ат жалын
тартып, ер жеткен соң-ақ өз жұртының билігін қолға алды. Ол — Оңхан атанды.
Тоғрыл мен Темуджіннің əкелері бұрынғы бір соғыстарда қылыш алмасып
серттескен қанды көйлек дос болатын. "Ежелгі достық ескірмес" дегендей,
жақсы мұра — жас ұланға үлгі болып, міне қолұшын бергені осы еді.
Ержетіп қалған Темуджін бүғаудан босанысымен-ақ етекжеңін жия бастады.
Досының көмегімен көп ұзамай қолы билікке жетті. Тізе қоса атқа мінген
Тоғрыл мен Темуджін алдымен татарларды қырғынға ұшыратты. Сонан соң Оңғыт
пен Қоңыратты, Дулат пен Жалайырды, Қайтпас Меркіт пен қалың Найман елін
ойсырата жеңді. Тірі қалғандарын өзіне қосып алды. Сол маңайдағы елдерді
түгелдей біріктіріп, жаңадан қосылған барлық жұрттың əміршісіне айналып,
1203 жылы алтын таққа отырды. Сүйтіп Шыңғысхан атанды. Ол Қоңырат руының
қызы Бөртеге үйленіп еді. Шыңғыс ауылдан тыс елде соғысып жүргенде
Меркіттер ауылына шабуыл жасап, Бөртені тұтқындап, алып кетеді. Ол Меркіт
Верен деген жігіттің қолына түсіп, онан жүкті болып қалады. Кейін Темуджін
(Шыңғыс) Меркіттерді, соғысып шауып, жеңіп, талқандап, Бөртені қайтарып
əкеледі. Келгеннен соң Бөрте босанып Жошыны туыпты. Қейін Темуджін бір
шешеден төрт ағайынды болып қалды, олар Темуджін, Хасар, Хачиун, Тəмугə
жəне қарындасы Тэмулун. Кіші шешесінен (Есукейдің тоқалынан) екі бала, олар
—Бəгтэр, Бəлғұтай. Шыңғыс ханның Бөртені қосқанда некелі əйелдері мен олжа
əйелдерінің ұзын саны бес жүздей болған. Олардың əрқайсысын әр рудан алып
отырған, ал көпшілігін жаулап алған елдері мен тайпалардан қолға түскен
тұтқындардан алған.
Оның Бөртеден кейінгі екінші əйелі Меркіт тайпасының көсемі Тайыр-
Усунның қызы Құлан. Онан Құлқан атты бір ұл көрген. Оның үшінші əйелі
Есуқат татар тайпасының қызы еді. Төртінші əйелі Қытай əміршісі Алтын
ханның қызы Гунжу еді. Бесінші əйелі татар қызы үшінші əйелі Есуқаттың
сіңлісі Есулан болатын. Шыңғысхан Бөртеден Жошыдан кейін Шағатай, Үгедей,
Төле деген үш үл көріп, небəрі төрт ұлды болды. Ал басқа əйелдерінен туған
балалары жастай өліп қалған. Төрт ұлдан басқа бес қызы болды.
Жошы — 1187 жылы туған, 1227 жылы өлген. Оның жеті баласы болды. Олар:
Орда, Бату, Бөрте, Тоқай, Шибан, Жампай, Берікжар. Жошы Дешті қыпшақтағы
феодалдық мемлекет —Жошы үлысының негізін салды, 1207 жыл мен 1227 жыл
аралығында хандық құрды. Оның төртінші ұлы Тоқай біздің қазаққа билік
жүргізді. Шағатай — туған жылы белгісіз, 1242 жылы өлген. Оның жеті баласы
болды — Мутуген, Мужы, Белдеш, Сабынбулке, Сарман, Байдур, Сүйменке.
Шағатай 1228-1242 жылдары Оңтүстік Алтай мен Əмударияға дейінгі аралықта
хандық құрды.
Үгедей — 1196 жылы туып, 1241 жылы өлген. Оның бес баласы болды —
Күйік, Қүтан, Қожа, Қарашор, Қашун. Ол 1229-1241 жылдары ішкі Моңғолияда
хан болды.
Төле — туған жəне өлген жылы белгісіз. Оның төрт баласы болды — Мыңғо,
Хиллаху, Құбылай, Арық-Бұқа. Құбылай Қытайды билеген, ал Хиллаху (Элике)
Иран мен Египетті билеген.
Шыңғыстың осы төрт баласының əйелдері Арғын руының қыздары еді. Ол
жаулап алған жерлерін осы төрт ұлына бөліп беріп, хан етті. Бірақ Шыңғыс
əріпті таяқ деп білмейтін сауатсыз еді. Қанағатсыз, қызғаншақ болды.
Шыңғыстың төрт ұлы оған сұрақ қойғанда, ол былайша жауап беріпті деген аңыз
бар: Жошы: "Хан қандай болу керек?" - деп сұрапты дейді. Шыңғыс: "Хан
халқының көңілін табу үшін ақылды, ал халқы оның көңілін табу үшін тақымды
болуы керек" - деп жауап беріпті. Шағатай: "Ханды қайткенде халқы
сыйлайды?" - деп сұраса, Шыңғыс: "Халқың сыйласын десең тағыңнан түспе" –
деп жауап беріпті. Үгедей: "Хан қайткенде тағынан түспейді? - десе, Шыңғыс:
"Маңына өзінен ақылы төмен, бірақ құлқы өзіндей адамдарды жинай білсе, сол
хан тағында ұзақ отырады" - депті. Төле: "Қандай Хан абыройлы болады?" -
деген сұрағына, Шыңғыс: "Ойынан шықпаған туған баласын да бауыздап өлтіре
алатын хан əрқашанда абыройлы болады" - деп жауап берген көрінеді.
Мұнан біз Шыңғыс ханның өте мейірімсіз, қатыгез екенін көреміз. Оны
мынадан аңғаруға болар еді. Жетім өскен, сол кезде Темуджинге көмектескен
Тоғырыл (Оңхан) өзінің досы Шыңғыс ханнан ешқандай қауіп ойламаған еді, ол
онымен бұрынғыдан бетер бауырласып достаса түскен болатын. Екеуі бірге
көшіп, бірге қонуды əдетке айналдырып алды. Бірақ қанағатсыздық, қызған-
шақтықтың нəтижесінде Шыңғысхан кейін айрылмас досының дүшпанына айналды.
Сөйтіп Шыңғыс Тоғырылды (Оң ханды) қапысын тауып өлтіріп тынды да
Қерейлердің көпшілік бөлігін
өзіне қаратып алды. Осы кезде Оңханның кенже ұлы Шыңғысқа бағынбай,
Қерейдің аз ғана бөлігін ертіп, Терістік-батысқа, Қыпшақ даласына қарай
төңкеріле үдере көпгіп кетті. Қырғын соғысы мұнымен тынбады. Шыңғыс хан
тоғыз қүйрықты ақ туын көтеріп, бойына күші симай, төрт баласын ертіп,
қанға құмартқан күйі шығыс пен батысқа, түстік пен терістікке жөңкіле
аттанды. Сөйтіп айналасы 30-40 жыл ішінде жарты дүниені бағындырып алды.
Шыңғысхан 1227 жылы өлді. Ол өлер алдында: "Мені өлгеннен кейін өзім туып
өскен жеріме жерлеңдер, өлгенде тыныш жатайын, ешкім мазаламасын,
қабырымның үстінен үйірүйір жылқыны айдатып өткізіп, моламды белгісіз жоқ
етіп жіберіңдер", - деп өсиет қалдырыпты деген аңыз əңгіме бар. Өсиет
орындалып, солай жасалыпты дейді. Қазір оның жерленген жері табылмай тұр.
Қейін Шыңғыс ұрпақтары қуатты "Алтын Орда" мемлекетін құрып, үш жүз жыл
бойы Русь мемлекетіне үстемдік жүргізді, онан алым-салық алып отырды.
Шыңғыс ұрпақтары да кейініректе бірімен бірі жерге, елге, таққа таласып,
қырқысып соғысумен болды. Аяғы Алтын Орданың құлауымен тынды...
1.3. Шыңғыс ханның жоқтауы
Мұндай байламдар В.Г.Тизенгаузенің Британ музейіндегі қолжазбадан алған
көшірмесі және В.В.Бартольд жариялаған дерек-жолдар (Түркістан 1.162-164,
тек Жошы өлімі хақында аңыз, сондай-ақ Майльстың аудармасы негізінде
жасалды).
Ғаламат бақыт жұлдызы оңынан туған (сайыпқыран) ұлы Шыңғыс ханнан тарап
Дешті қыпшақта патшалық еткен хандардың тізбесі. Нақты тарихи деректерде
Дешті қыпшақта бүгінгедейін хандық құрған Шыңғыс хан әулетінің саны 39
адам, олардың біріншісі - Шыңғыс ханның тұңғыш ұлы Жошыхан.
Шыңғыс ханның ұлы Жошы хан хақында қысқаша сипаттама. Сенімді тарихи
мәлімет авторлары жазады: Бір жолы Шыңғыс хан ордасында оның бас бәйбішесі,
қоңырат патшасының қызы, ұлы перзенттерінің анасы Бөрте фуджиннен басқа
ешкім жоқ кезде қолайлы шақты пайдаланған меркіттер патшасы тұтқиылдан
шабуыл жасап, күллі батыр-бағландарды қырып салады да Шыңғыс хан ордасын
қорғайтын бір топ адаммен ымыраласып, хан ордасын көшіріп әкетеді. Бұл
кезде Жошы хан анасының құрсағында жатқан алты айлық шаранатын. Бөрте
фуджинді меркіттер алыпкеткенін естіген керайттың патшасы Шыңғыс ханмен
бірі әке, бірі бала боп есептелетін (жарияланған) Онға хан көп әскермен
меркіттердін, жолын кесіп, Бөрте фуджинді барша нөкер-серіктерімен азат
етеді де, Шыңғыс-ханға жөнелтеді. Бөрте фуджин жолшыбай босанып, ұл табады.
Осынау алмағайып шақта Бөрте фуджинді апара жатқан адамдар нәрестені
әкесіне аман-сау жеткізудің айласын қарастырып (оның), ұзақ сапарда жұқпалы
кеселге шалдықпауы және тәні сау болу (сақталу) үшін шикі қамырға орап алып
жүреді. Баланы осындай сақтықпен әкесіне апарып, көрсеткен соң Шыңғыс хан
ол адамдарға найрун байрын деген (жалған) ат беріп, сенімді жандар
қатарына өткізеді, ал нәрестені жолда солайша пайда болды деген мағыналас
етіп, Жошы деп атайды. Жүре келебұл Жошыны кекетіп, мұқату үшін пәле боп
жабысты. Шағатай мен Үгетай Шыңғыс ханға Жошының қалай (кімнен) жаралғаны
жайлы ұдайы жала жауып, күбір-сыбырларын тоқтатпай, нәтижеде сол
Шағатайлықтар тарихындағы өшпес қара таңбаға айналды. Алайда әділ де айқын,
сенімді тарих авторлары Мекреттер мен керайттер арасында болған Бөрте
фуджиннің Шыңғыс хан ұлысына жеткізілгенге дейінгі, барлық уақытты
қосқанда, 4 айға жетпейді -деген пікірден айнымайды. Сондай-ақ Шыңғыс
ханның Жошы ханға деген айтып тауыса алмастай шексіз сүйіспеншілігінен
аңғарылар бір нәрсе, мейлі бала қаншалық жақсы бола берсін, туған әкенің
мүсіркеу сезімінен асыранды балаға деген (мүсіркеу) ықыласының арасыжер мен
көктей екендігі. Сонымен бірге, біреу-міреудің өз балаларынан гөрі бөтен
біреудің баласын жақсы көрді деген есі дұрыс ешбір (ақылды) адамның миына
қонбайтын нәрсе, әсіресе патшалар арасында. Сенімді тарих авторларының
айтуынша, сол себептен де Шыңғыс ханның Жошы ханға деген мүсіркеуімен
аяушылық сезімі жойылып кетуге шақ қалып және ыстық ықыласының шегі орта
деңгейден төмендесе, соған байланысты бойларын сарандық пен қызғаныш
кернеген, Шағатай мен Үгетайдың кесірінен сұрапыл жала лапылдап, Жошы мен
інілері, яғни, Шағатай мен Үгетайдың араларында адалдық болмады. Мұның өзі
Шыңғыс ханның Жошы ханды басқа ұл-қыздарының бәрінен артық көрмегенінен де
көрініп тұратын айғақ және олардың ешқайсысы да Шыңғыс ханның алдында Жошы
ханның атына пәлен деп бөгде сөз айта алмайтын. Сондай-ақ, ордаға Жошы
ханның өлімі туралы хабар келгенде, оны Шыңғыс ханға айтуға ешкімнің дәті
жетпеді. Ақыры барлық әмір өз орталарындағы ұлы әмірлердің бірінен
саналатын ұлы жыршыға жыр айтуға бұйрык. келгенде, қайғылы хабарды қоса
естіртсін деген шешімге келеді. Сөйтіп, Шыңғыс хан тарапынан ұлы жыршы
жырласын деген бұйрық түскенде, ол орайын тауып мынадай түрік жырын айтады:
Тенгиз баштын булканды ким тондурур, а ханым ?
Терек тубрын жықылды ким тургыузур, а хоным ?
Шыңғыс хан жыршыға түрік жырымен жауап береді:
Тенгиз баштын булқанса, тондурур олим жуги дур,
Терек уйтып жықылса, туркузур олим жуги дур.
Жыршы сөздерінің мағынасы былай: Теңіз мүлде былғанды кім оны
тазартар, о патшам. Ак. терек түптен құлады кім соны тұрғызар, о патшам .
Шыңғыс ханның жыршыға жауабы: Теңіз мүлде былғанса, тазартады оны - менің
ұлым Жошы: Ақтерек түптен қүласа, тұрғызады – менің ұлым Жошы. Ұлы жыршы
әлгі сөздерін қайталап, айтқанда, көздерінен парлап жас ағады. Шыңғыс хан
түрік жырын айтады:
Козуне иашын чокуртур конглунг толды балқаймы ?
Ширинг конгуль окуртур Жошы ольди болқаймы?
Жыршы Шыңғыс ханға жауап ретінде түрік жырын айтады:
Сөйлемепке әрким йок сен сойлединг, а ханым!
өз парлықынг өзге джаб айу ойлединг, а ханым!
Жыршы жырын қайталап, соның көздерінен аққан жас көрінгенде Шыңғыс хан
айтады: Көзіңнің жасын тимайсың, жүрегің әлде шерлі ме? Сөзіңнен жүрек
жылайды, әлде Жошы өлді ме?-деп. Бұл кезде Шыңғыс ханның кімде-кім Жошы
өлді десе, жазаға тартылады деген жарлығы шыққанын көлденең тарта қойған
жыршы, Шыңғыс ханға жауап ретінде (қолма-қол) былай дейді: Бұлтуралы
айтуға күшім де, еркім де жоқ, сен өзің айттың, о, патшам, енді өз
жарлығыңмен өзіңді жазалайсыңба, жақсылап ойландыңба, о, патшам менің, бұл
қалай болғаны. Сонда Шыңғыс хан түрік жырын айтады:
Кулун алқан қуландай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz