Әлемдегі ең қауіпті тоғыз секта


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Әлемдегі ең қауіпті тоғыз секта

Секта - бір діни ағымдарға бағытталған оппозициялық ағым; сонымен қатар, ол белгілі бір әлеуметтік топтардың әлеуметтік наразылығын мағыналайды.

Әлеуметтанушылар әлі күнге дейін «секта» сөзінің анықтамасын таба алмай келеді. Кейбір теолог ғалымдар оны Жазмыштан (Писание) үзіліп алынған немесе кеңінен таралып мойындалмаған діни топ ретінде таниды. «Секта» сөзі бүгінгі күнде көбінесе «өлім» сөзінің синонимі ретінде қолданылады. Әлемдегі ең қауіпті

9 сектаның тізімі ұсынып отырмыз. Соңғы орыннан бастайық.

9. Но-но-Напа («гүл ілімі») -жапондық необуддистік секта. 1987 жылы негізі қаланған. «Оқытушы» Хоген Фукунага магиялық қабілеттілігі бар адам болып адамның өткені мен келешегін олардың аяқтарына қарап оқып бере алады. Сектаның жоғарыдағылары күштеп қорқытумен айналысты, олар: қатерлі ісік (рак) немесе басқа да өлімге душар ететін ауруларды алдын-ала болжайтын, ол адамдардың 1 рет қабылдауы 900 $ тұратын арнаулы тазалау шараларына қатысуға мәжбүрледі. Алаяқтығы үшін айыптағаннан кейін Фукунага сотқа тартылып үкім бойынша 1 млн. $ жуық айып төледі. Секта осы жолды ұстаушыларды басқа атпен Yorokobi Kazoku no Wa ұжымдастырып отыр.

8. Raeliano сектасы-Фрвнцияда өткен ғасырдың 70 жылдарда пайда болды. Негізін салушы-бұрынғы спорт шалушысы, Раэль ретінде кеңінен танылған Клод Ворильон, ол 1973 жылдың 13 желтоқсанында Францияның орталығындағы сөнген жанартау шұңқырында басқа планеталармен кездесті, олардың біреуі өзін Құдай (Elohim) деп атады. Elohim оған жердегі өмірді басқа планетарлықтар гендік инженерия, соның ішінде клодаудың көмегімен жасағанын айтқан. Раэль өз сектасына адамдарды мәңгілік өмірді уәде етіп шақырады. Ол сол құпияның иегері ретінде танылды. Осы «шіркеудің» өзін жалғастырушылардың бірі 2003 жылы БАҚ-да әлемдегі бірінші клон болып табыламыз деп үндеу тастады. Бұл жаңалықты ғалымдар көп ұзамай-ақ жоққа шығарды.

7. «Орден Храма Солнца» (Күн Шіркеуінің Ордені) -кейбір БАҚ-ы, мысалы «Совершенно секретно» газеті оның қызмет ету аясы Ресей териториясы екенін ашып көрсетті. 1984 жылы неонацист, Бельгиялық Люк Жур негізін қалаған. Ғылымға сәйкес астрология, алхимия, мистика, иога мен кабалистика қоспасы ретіндегі Жер апокалипске қайтымсыз түрде жақындап келеді. Бірақ, өлім деген мүлде жоқ, ол жай бұлыңғыр сағымнан басқа ештеңе де емес. 1995 жылы 22-желтоқсанда Францияның Альпілерінде, Греноблден қашық емес жерде «Орден Храма Солнценің» (Күн Шіркеуі Орденінің) 16 жақтаушысының, оның ішінде 3 кішкентай балалардың жаппай өзін-өзі жағу салты болды. Кейбір құрбан болғандар басына атып өлтіріліп, содан кейін барып отқа орануға берілді.

6. Бхагавана Шри Раджниш (Ошо) сектасы. 1966 жылы Раджниш университетті тастап джайнизмнен, тантризмнен, дзен-буддизмнен, дауосизмнен, суфизмнен, психоанализмнен және т. б. үзінді болып табылатын осылардың қоспасынан тұратын өзінің ілімдерін уағыздай бастады. Раджништің «діннің» басты ереже постулатында: «Құдайды сүй, және өзіңнің қалағаныңды істе» деп айтылған. Ең көп тараған жері АҚШ. Раджништің тап өзі 1984 жылы Далласта жүздеген адамдарды сальмонелл бактериясының көмегімен уландырған деген болжам бар. АҚШ-нан жер аударылған соң Раджниш өзінің ізін жалғастырушылар бар жерге тоқтағысы келді, бірақ 21 ел оған не еліне кіруге тыйым салды, не Греция сияқты ешқандай түсініктемесіз елдерінен қуып шығарды. Қазір әлемде 200 -ге тарта Ошо медитациондық орталығы бар деп есептеледі. Олар бұрынғы Совет Одағының территориясы болып саналған Петерборда, Воронежде, Одессада, Краснодарда, Минскіде, Тбилисиде, Рига мен Мәскеуде әлі де өмір сүріп жатыр.

5. Мэнсон сектасы. Өзін пайғамбар деп сезінген, манияға берілген бір адам ақ пен қара нәсіл арасында соғыс жариялайды. Чарльз Мэнсон 1969 жылы бірнеше адамды өлтіргені, оның ішінде режиссер Роман Поланскидің жұбайы актриса Шэрон Тейтті өлтіргені үшін жазаға тартылды. Үкім бойынша ол газ камерасында азапталып өлтірілуі керек еді, бірақ 1977 жылы Калифорнияның жоғарғы соты өлім жазасы конституциялық емес деп таныды, сондықтан оны өмір бақи бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырды. Былтырғы жылы оның мерзімнен бұрын босауы туралы өтінішінен бас тартты.

4. «Врата рая» (Жұмақ қақпасы-Heaven’s Gate) -1975 жылы АҚШ-та Маршалл Эпплуайт және Бонни Неттлз негізін салған. 1997 жылы Эпплуайт жердің Хейла-Бопп кометасымен соқтығысуынан қаша алмайтын себепті өзінің сектасының 39 ізбасарын өзін-өзі өлтіруіне көндірді.

3. «Аум Синрике» -секта Жапонияда пайда болған. Кейбір елдерде оның қызметіне тыйым салынса да, кейбір жекелеген топтары ТМД-да өмір сүріп жатыр. Аум Синрике ілімі көп ретте буддизм мәтінінің негізінде іргесі қаланған, олар негізінде өздерінде буддизм мен иоганың дүниетанымының қауіпті өоспасы ретінде танылған. Секта жетекшісі -Секо Асахара Ресейге бірнеше рет келіп саяси және діни қайраткерлермен кездесті. Аум Синрике Жапонияда теракт, оның ішінде нәтижесінде 12 адам қайтыс болған Токио метросындағы сияқты бірнеше теракт дайындады. Сот Асахарануды 17 айыптаудың 13-і бойынша кінәлі деп тапты және 2004 жылы өлім жазасына кесті.

2. «Храм Народов» (Халықтар шіркеуі) сектасы. Секта Гайанада пайда болған және әлемдегі ең қауіпті секта деп танылған. 1978 жылы 18 -ші қарашада Гайана джунглилерінде АҚШ-ның мыңға тарта адамы өзін-өзі өлтірген. Сектаны қайсыбір уағыздаушы Джим Джонс құрған, ол ұрып-соғу, қоқан-лоқы көрсету, балағаттау арқылы сөзсіз бағынуға мәжбүр еткен. Куәгерлердің еске алуы бойынша, оның уағыздары көбінесе саяси жиналыстарға ұқсас болған. Өзінің бір қызметінде Джонс артында ілініп тұрған американың туына қарады, оған жұдырығын түйіп: «Нәсілшілдер, әуестенушілер, империалистермен куклуксклановтықтар ұлты, тұра тұрыңдар! Жасаған қастықтарың үшін есептесетін сендердің сағаттарың да келеді!» деді. Джонс бөлек бір ауылда «бірлескен социализм» құрды. Олар өздерінің коммуналарын ресми деректерде Бұл ««Халықтар Шіркеуі» ауылшаруашылық және медициналық бірлестік» деп атады. Ауылдың бір көшесі Ленин атымен аталды, ал таңертең Джонстауынды ояту ретінде динамиктерде Совет Одағының әнұраны ойнатылды. Қазірге дейін осы ауыл тұрғындарының өлімінің себебі туралы анық мәліметтер жоқ. Кейбір көздерде бірлестікті қууға талпыну мақсатымен оның барлық тұрғындары цианистік калий ішкен дейді. Бірақ 1988 жылы «Независимая газета» бұл жаппай өлтіру АҚШ-тың арнайы қызметкерлерімен ұйымдастырылған дейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы тотолитарлық діни бірлестіктердің қызметі туралы ақпараттық-анықтамалық материалдар
Саентология біздің елімізге келудегі мақсаттарын салыстырмалы түрде анықтау және мемлекетпен арақатынастарын ашып көрсету
Жаңа діни ағымдардың ерекшеліктері және классификациясы
Дәстүрлі емес діни қозғалыстар жайында
Адастырушы діни ағымдар
Секталардың корпоративтік құпиялары
Қазақстан Республикасындағы діни экстремизмнің әлеуметтік-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы
Қазақстан Республикасындағы діни жағдай
Қазақстандағы діни бірлестіктер
Дәстүрлі емес діни қозғалыстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz