Ыбырай алтынсариннің педагогикалық көзқарасының қалыптасуы



І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім

2.1 Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарасының қалыптасуы
2.2 Абайдың педагогикалық көзқарасының қалыптасуы
2.3 К.Д.Ушинскийдің педагогикалық мұрасы
2.4 Я.А.Коменскийдің педагогикалық теорияның маңызы

Пайдаланылған әдебиеттер
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарасының қалыптасуына Ресейдегі бастауыш білім берудің негізін салушылар, сол замандағы алдыңғы қатарлы педагогтар – К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, Н.Д.Карф және т.б. үлкен әсер етті. Ыбырай К.Д.Ушинский сынды өз ұстаздары ізімен жүре отырып, 1864 жылы қазақ даласында тұңғыш білім ордасын ашты. Әсіресе, бұл ретте де оған Ушинскийдің Ресейде әйелдерге білім беруде атқарған шараларының үлкен әсері тигендігі аңғарылды.
Ендігі кезекте Ыбырай оқушыларға білім беру және оқыту әдістемесін жақсарту мақсатында К.Д.Ушинскийдің “Балалар әлемі”, “Ана тілі” үлгісімен орыс-қазақ бастауыш мектептері үшін жаңа оқулықтар жазуды көздеді.
Бұдан біз Ыбырайдың қазақ мектептері үшін оқулықтар жасауда Ушинскийден тікелей үйренгендігін аңғарамыз және де Ушинскийдің сол үлгісін, қазақ халқының тұрмыстық ерекшеліктеріне байланысты іс жүзіне асырғандығы оның “Қазақ хрестоматиясынан” да айқын көрінеді. Осы сөзімізге Ы.Алтынсарин жазған “Қазақ мектептеріне орыс тілін үйретуге басшылық” деген екі оқу құралы да бұлтартпас дәлел.
1. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы
2. Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007ж
3. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Педагогика / О 74 Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: "ЭКО" ҒӨФ. 2006ж
4. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан даму институты, 1998ж
5. Дербісәлин Ә. Ы., Ыбырай Алтынсарин. Өмірі мен қызметі туралы, А., 1965ж

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

2.1 Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарасының қалыптасуы
2.2 Абайдың педагогикалық көзқарасының қалыптасуы
2.3 К.Д.Ушинскийдің педагогикалық мұрасы
2.4 Я.А.Коменскийдің педагогикалық теорияның маңызы

Пайдаланылған әдебиеттер

Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарасының қалыптасуы
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық көзқарасының қалыптасуына Ресейдегі бастауыш білім берудің негізін салушылар, сол замандағы алдыңғы қатарлы педагогтар – К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой, Н.Д.Карф және т.б. үлкен әсер етті. Ыбырай К.Д.Ушинский сынды өз ұстаздары ізімен жүре отырып, 1864 жылы қазақ даласында тұңғыш білім ордасын ашты. Әсіресе, бұл ретте де оған Ушинскийдің Ресейде әйелдерге білім беруде атқарған шараларының үлкен әсері тигендігі аңғарылды.
Ендігі кезекте Ыбырай оқушыларға білім беру және оқыту әдістемесін жақсарту мақсатында К.Д.Ушинскийдің “Балалар әлемі”, “Ана тілі” үлгісімен орыс-қазақ бастауыш мектептері үшін жаңа оқулықтар жазуды көздеді.
Бұдан біз Ыбырайдың қазақ мектептері үшін оқулықтар жасауда Ушинскийден тікелей үйренгендігін аңғарамыз және де Ушинскийдің сол үлгісін, қазақ халқының тұрмыстық ерекшеліктеріне байланысты іс жүзіне асырғандығы оның “Қазақ хрестоматиясынан” да айқын көрінеді. Осы сөзімізге Ы.Алтынсарин жазған “Қазақ мектептеріне орыс тілін үйретуге басшылық” деген екі оқу құралы да бұлтартпас дәлел.
Ы.Алтынсариннің “Қазақ хрестоматиясын” өмірге әкелуіне Ушинскийдің педагогикалық көзқарасы мен оның “Балалар әлемінің” зор ықпалы болды.
К.Д.Ушинскийдің педагогикалық теориясының психологиялық негіздерін тұңғыш зерттеген Қазақстанның көрнекті педагог-ғалымы, әрі психологы, педагогика ғалымдарының тілінде ол бірінші болып, К.Д.Ушинскийдің орыс психологиясының тарихына қосқан зор еңбегін жан-жақты зерттеп, оған талдау жасады. Соның нәтижесінде ғалымның “Ушинскийдің психологиясы және педагогикалық психологиясы” атты монографиясы дүниеге келді. Бұл Ушинскийдің педагогикалық және психологиялық мұрасына арналған тұңғыш ғылыми-зерттеу еңбегі болды.
Ұлы педагог К.Д.Ушинский жайында Т.Тажибаев: “Педагогика ғылымының саласында К.Д.Ушинскийді педагогикалық ойдың асқан алыптары Я.А.Клменский және Песталоццимен қатар қоюға болады. Орыс ғылымының көрнекті қайраткерлері Ломоносов, Менделеев, Лобочевский, Павлов және басқалары қадірлі болса, Ушинский де сондай қадірлі”, — деп ерекше жоғары бағаланған болатынды.
Ы.Алтынсарин қазақ балаларына арнаған мектеп ашумен бірге онда қызмет істейтін, балаларды оқытып, тәрбиелейтін кадрларға, атап айтқанда, мұғалімдерді даярлауға аса зор мән берген. Ол мектептегі ең басты тұлға – мұғалім деп есептеген. Жақсылап салынған мектеп үйі, болуы мүмкін, тамаша жазылған оқу құралдарын да табуға болады. Бірақ бұлардың жақсы мұғалімсіз берері шамалы деп есептеген.
Ал оның ақындығы мен жазушылығы оның негізгі мақсатына – сол ағартушы педагогтік істеріне бағынған. Әңгімелері мен өлеңдерін балалар тәрбиесіне арнап, оқу құралдары мен оқулықтары үшін жазған.
Өзінің мектеп өміріндегі тәжірибесін Ушинскийдің, Толстойдың педагогикалық озат пікірлерін, тағы басқа да материалдарды қорыта отырып, Ы.Алтынсарин – Қазақ хрестоматиясы (1879 жылы) мен Қазақтарға орыс тілін оқыту жөніндегі бастауыш басшылық деген екі кітабын жазды. Бұл еңбектер кезінде қазақ халқының мәдениетінің тарихында аса зор оқиға, үлкен ғылыми табыс ретінде жарыққа шығуы өз кезінде қазақ халқы үшін сирек кездесетін тамаша жаңалық болды.
Ы.Алтынсариннің шығармашылығына Н.Ф.Бунаков және Н.А.Корфтің жүйесімен Ресейде құрылған бастауыш халық мектептерінің тәжірибесінің жемісті ықпалы болды. Ы.Алтынсарин оқу жоспарларын және бағдарламаларын жасауда оқыту мен тәрбиенің дидактикалық және әдістемелік тәсілдерді қолдануда оның пайдалы тәжірибелерін пайдаланды.
Ы.Алтынсарин өзінің оқу құралдарын жасауда өзінің идеялық бағыттылығы жағынан халықтың қағидаларға қызмет етуге және балаларды өз Отанына сүйіспеншілік рухта тәрбиелеуге ұмтылды. Сондықтан да орыс педагогтары мен жазушыларының шығармаларымен қатар ол хрестоматияға қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін енгізді.
Қазақ хрестоматиясымен жұмыс істеу барысында Ы.Алтынсаринге К.Д.Ушинскийдің педагогикалық көзқарасы мен оның Балалар әлемі, сонымен қатар Л.Н.Толстойдың, И.И.Паульсонның, Н.А:Карфтің және басқалардың оқулықтар жасаудағы тәжірбиесінің әсері орасан зор болды.
Ы.Алтынсарин Қазақстанда әйелдерге білім беруде біршама қадамдар жасады. 1887 жылы Ырғызда бірінші қазақ қыздар мектебін интернатымен ашылды.
Сол кездегі Қазақстан жағдайында өте күрделі мәселелердің бірі – белгілі педагогикалық даярлығы бар мұғалім кадрлардың жетіспеуі Ыбырай ол мәселені екі жолмен шешуді көздеді: біріншіден, қазақтардың өз ішінен мұғалім даярлайтын қазақ мұғалімдер мектебін ашу арқылы, екіншіден, жаңадан ашылып жатқан орыс-қазақ мектептеріне Ресейдің арнаулы мұғалімдік оқу орындарын бітірген жас мұғалімдерді жұмысқа шақыру арқылы мақсатты іске асырмақ болды.
Ыбырай Алтынсарин қазақ даласында әдейі қазақ жастары үшін педагогикалық оқу орындарын ұйымдастыру мәселесін жедел күн тәртібіне қойды.
1883 жылы бітіріп шықты. Оның түлектері кезінде қазақ даласының түкпір-түкпірлерінде жемісті еңбек етті.
Ыбырай Орскіде ашылған педагогикалық мектептің оқу жұмысын жетілдіріп отырды. Ыбырай Алтынсарин Қазақстанда педагогикалық білім берудің негізін қалауда және қалыптастыруда ерекше роль атқарды. Сондықтан да біз Ыбырайды Қазақстанда педагогикалық білім берудің негізін салушы Ұстаздардың ұстазы ретінде бағалауға тиіспіз.

Абайдың педагогикалық көзқарасының қалыптасуы
Абайдың педагогикалық көзқарасы қазақ жерінде патриархалдық-феодалдық қатынастар әлсіреп, капиталистік қатынастардың өмірге ене бастаған кезеңінде қалыптасты. Ақынның ағартушылық ой-пікірлерінің қалыптасуына игі әсер еткен табиғи арналардың алғашқысы - ақынның дүниеге келген ортасы, жас Абайдың бойына адамгершіліктің ізгі қасиеттерін ақ сүтімен қоса дарытқан ана мейірімінің қуаты. Кеудесі шежіре -тарих, аңыз-әңгімеге толы, халықтың салт-дәстүрлерін жетік білетін мейірбан әжесі Зере мен мінезге бай, тілге шешен анасы Ұлжан бала Абайды өз алдына бір бөлек рухани қазына бесігі болып тербетті. Талантты жастың өз бетінше ден қоя оқыған, құныға тыңдаған ауыз әдебиеті шығармалары туған халқының өмірі мен дәстүрін, арманы мен мұңын ертерек танып білуіне себепші болды. Өмір заңдылықтарын түсінуге игі ықпал еткен әке тағылымы да ақын бойында ұстаздық қасиеттің қалыптасуына үлкен әсер етті. Туған халқының рухани мұрасын жан-жақты игеріп, Батыс пен Шығыстың ғылыми ой-санасын сыншылдықпен бойына сіңіру арқылы Абай қазақтың қоғамдық ой-пікірін өзінің ағартушылық тұрғыдағы тұжырымдарымен байытты. Ақынның жастарды білім алуға, ғылымға, адамгершілікке үндеген педагогикалық топшылаулары шығыстың атақты ғүламалары Ә. Науаи, Ғ. Дауани, әл-Фараби т. б. ой-пікірлерімен сабақтас, өзектес келеді. Ол орыстың алдыңғы қатарлы ойшылдары мен көрнекті педагогтарының маңызды тәлім- тәрбиелік ой-толғаныстарын өзіндік құнды қағидалармен толықтырып, кейінгі ұрпаққа ағартушылық жаңа дәстүр қалдырды.

К.Д.Ушинскийдің педагогикалық мұрасы
К.Д.Ушинскийдің педагогикалық мұрасы және оның басқа халықтардың алдыңғы қатарлы педагогтарына әсері.
   Ушинский ұлы орыс педагогі, Ресейде халық мектебінің негізін салушы, белгілі педагогикалық жүйені құрушы, тамаша оқу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ыбырай Алтынсарин өмірі
Ыбырай Алтынсариннің шежересі
Ыбырай Алтынсаринның дидактикалық жүйесі
Қазақ халқының ағартушысы – Ыбырай Алтынсарин
Ы. Алтынсариннің педагогикалық қызметінің өмірлік құндылықтары
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ - ТӘРБИЕСІНІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ
А.Құнанбаев және Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары
Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық, психологиялық көзқарастары
ЫБЫРАЙ МҰРАСЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Ы.Алтынсариннің педагогикалық еңбектері арқылы жеке тұлғаның рухани-адамгершілік негіздерін дамыту жолдары
Пәндер