Кувейт


Кувейт - Шығыс Орта елдерінің бірі. Ресми атауы: Кувейт Мемлекеті. Астанасы - Кувейт қаласы (тұрғын саны 60. 000) . Басты қалалары: Хауалли (т. с. 190. 000), Салимия (т. с. 200. 000), Фәруания, Джәхра және Әл -Ахмадия. Жер көлемі: 17. 818 кв. км.
Мазмұны
- 1 Халқы1. 1 Тілі1. 2 Діні
- 2 Географиялық жағдайы
- 3 Басқару жүйесі3. 1 Әкімшілік бөлінісі
- 4 Тарихы
- 5 Экономикасы5. 1 Сыртқы сауда5. 2 Өндірісі
- 6 Білім беру саласы
- 7 Денсаулық саласы
- 8 Пайдаланған әдебиет
Халқы
Жалпы саны: 450 000. Халқының басым көпшілігі қалалық жерде қоныстанған. Орташа жас мөлшері 73 жас. Халықтың 37% жастан төменгілер. Халықтың қоныстану тығыздығы: бір шаршы метрге 81. 3 кісі. Халықтың өсу қарқыны: жылдық 4% көлемінде.
Ұлттық құрамы: Халықтың 84% арабтар құрайды. Олардың жартысынан көбі кувейттік, ал қалғандары басқа араб елдерінен келген арабтар. Қалған 15% Азия елдерінен келгендер, 0, 1% африкалықтар, 0, 8% европалықтар, ал 0, 1% американдықтар. Соның ішінде азиялықтардың көпшілігі Үндістан мен Ираннан келгендер.
Тілі
Ресми тілі - арабша. Халық негізінде осы араб тілінде сөйлейді.
Діні
Ресми діні Ислам. Халықтың 98% мұсылман, аз бір бөлігі христиан, ал қалғандары шығыс діндері өкілдері. Мұсылмандардың басым бөлігі сунниттер.
Географиялық жағдайы
Басра бұғазының жағалауында орналасқан Кувейттің солтүстігінде Ирак, шығысында Басра бұғазы, оңтүстігінде Сауд Арабиясы шектесіп жатыр. Басра бұғазындағы жағалауының ұзындығы 290 км. Бұғазда Кувейтке қарасты 9 арал бар. Халық қоныстанған жерлерден басқа топырағының 9% егістік алаңы, қалғаны шөлді және құмды аймақ. Елдің солтүстік бөлігі төбешіктерден тұрады, ал оңтүстігі - жазық дала. Кувейт қаласындағы жылдық орташа ыстық дәрежесі 29 С, жылдық орташа жаңбыр мөлшері 94 мм.
Басқару жүйесі
Елді кең өкілеттікке ие әмір басқарады. 1962 ж. 16 қарашада заңды түрде күшіне енген Конституция бойынша Кувейтте демократиялық, халық еркін басшылыққа алатын басқару жүйесі белгіленген. Заң шығару билігі елдің әмірі мен сайлау арқылы белгіленетін 60 мүшелік Ұлттық Мәжілістің қарамағында. Парламент мүшелерін сайлауға 21 жасқа толған ер азаматтар ғана дауыс беруге құқылы. Премьер-министр әмір тарапынан тағайындалады. Премьер-министрлікке әдетте ханзадаларды тағайындау үрдіске айналған. Қазіргі ханзада Садул-Абдуллах Әс-Сабах премьер-министр қызметін атқаруда. Үкіметті премьер-министр қадағалайды. Үкіметтің кем дегенде 7 мүшесі әмір әулетінен болуы шарт. Конституция бойынша шариғат басты қайнар көз ретінде көрсетілген. Кувейт БҰҰ, ИКҰ (Ислам Конференциясы Ұйымы), Араб Елдері Бірлігі, ОРЕС, IМҒ (Халықаралық Ақша Қоры), Ислам Даму Банкі сияқты халықаралық ұйымдарға мүше.
Әкімшілік бөлінісі
4 облыстан тұрады: Кувейт, Хауалли, Әл- Ахмәди және Әл-Джәхра.
Тарихы
Кувейт жақын тарихқа дейін өте аз халық мекендеген жер болатын. XVIII ғасырдың соңына қарай Кувейт қаласында жаз айлары 3 мың, ал қыста 10 мың кісі тұрған. Кувейт топырағын 634 жылы Халид бин Уәлид (р. а. ) қолбасшылық еткен Ислам әскері Ислам мемлекетінің қарамағына қосады. Ол кездері бұл жерде адам аз қоныстанған, айтарлықтай маңызы жоқ аймақ болатын. XVI ғасырда португалдықтар Кувейт жағалауларына шыққан еді. Тарихи деректерге қарағанда Кувейт қаласы XVIII ғасырдың бастарында құрылған. Кейінірек кейбір араб тайпаларының қаланың айналасына шоғырлануына байланысты, қала бірте-бірте сауда орталығына айналады. 1756 ж. Утуб тайпасынан шыққан Сабах әулеті Кувейт қаласына келіп орналасады да, мұнда жергілікті басшылық құрайды. Бүгінгі Кувейт шейхтары осы әулеттен шыққан. 1766 ж. Басраны ирандықтар басып алуына байланысты Кувейттің сауда-саттық орталығы дамып, халық саны да көбейе түседі. 1805 ж. елге ағылшындар аяқ басқанымен, Кувейт шейхы Осман мемлекетімен тығыз байланыста болғандықтан олар ұзақ тұрақтай алмайды. Сөйтіп Кувейт 1853 ж. толығымен Осман Империясының қарамағына кіреді де, 1914 ж. қайта бөлініп шығып, ағылшындардың қол астына өтеді. Кувейт өзінің толық тәуелсіздігіне 1961ж. 19 маусымда қол жеткізді.
Экономикасы
Кувейт экономикасы ең алдымен мұнай өндірісіне сүйенеді. 1992 ж. жалпы 312 баррель мұнай өндірілген. OPEC елдері арасында 1993ж. жасалған келісім бойынша Кувейттің кунделікті мұнай өндірісі 2 млн. баррель деп белгіленген. 1993 ж. болжам бойынша Кувейттің мұнай қоры 92 млрд. 430 млн. баррелге жуық деп бағаланған. Елде табиғи газдың да мол қоры бар. 1992 ж. 2 млрд. 650 млн. М3. табиғи газ өндірілген. 1993ж. болжам бойынша табиғи газ қоры 1 млрд. 350 млн. м. кубты құрайды. Мұнай мен газдың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 41% көлемінде. Сонымен бірге соңғы уақыттарда егін шаруашылығында заманауи әдістер кең қолданылып, елеулі өзгерістерге қол жеткізілген. Егін мен мал шаруашылығынан түскен табыстың ұлттық табыстағы үлесі 1%. Халық пайдаланатын ауыз су теңіз суын тазарту арқылы алынады.
Ақша бірлігі:
Кувейт динары
.
Адам басына шаққандағы ұлттық табысы : 16. 200 $
Сыртқы сауда
Импортталатын заттардың басында мұнай мен табиғи газ келеді (бұл екеуінің импорттағы үлесі 91%) . Басты экспорт заттарына : қорғаныс құралдары, электрлі және электронды заттар, көлік құралдары мен оның бөлшектері, станоктар, азықтүлік заттары, химиялық өнімдер, текстиль өнімдері және түрлі өндіріс шикізаттары жатады. Сыртқы сауда Жапония, Тайвань, АҚШ және түрлі Еуропа елдерімен жасалуда.
Өндірісі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz