Әсемдік әлемінде халық даналығы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

2-СЫНЫП

IV тарау

Әсемдік әлемінде

Халық даналығы

А. Байтұрсынұлы

Балалар, бұл Жол басы даналыққа,

Келіңдер, түсіп, байқап қаралық та.

Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп,

Соларды көре тұра қалалық па?!

Даналық - өшпес жарық, кетпес байлық

Жүріңдер, іздеп тауып алалық та!

Халық даналығы өлең, жыр, жұмбақ, мақал- мәтел, ертегілер арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырады.

Оларда халқымыздың ежелгі ерлігі мен еңбегі, ақылы мен арманы, тұрмысы мен салты бейнеленген.

Алпыстан асқаннан ақыл сұра

Ертегі

- Ерте, ерте, ертеде бір қатал патша болыпты. Олардан келетін ешқандай пайда жоқ деп, қарттарды ұнатпапты және «Кім де кімнің жасы алпыстан асса, оны балалары теңізге не таудың шатқалына апарып тастасын» деген жарлық шығарады.

Сол патшалықта өмір сүрген бір мейірімді бала әкесін өте жақсы көреді екен. Жасы алпыстан асып, жетпіске жетсе де, әкесін ешкімге көрсетпей жасырын ұстап, асырай береді. Күнде кешке даладан келгенде не болып жатқанын әкесіне айтып отырады екен. Бір күні қарт даладан күңіренген дауысты естіп, баласы келгенде оның мәнісін сұрайды.

- Балам, жұрт неге күңіреніп кетті?

- Әке, патша аң аулап жүріп, теңіздің жағасына барғанда, оның түбінен жарқыраған бір гауһар тасты көреді де, соны алып бер деп, уәзірлеріне бұйырады. Теңізге сүңгіп тасты таба алмағандарының басын ала береді.

Тіпті, ел ішіндегі талай жігітті жұмсап, олардың бәрі суға кетіп өлді. Сондықтан патшаның қатігездігін естіген ел күңіреніп кетті, -дейді баласы.

- Балам, теңіз жағасында үлкен ағаш жоқ па екен? - деп қайталап сұрайды қарт.

- Иә, патша гауһар тасты көретін тұста теңізге төне өсіп тұрған үлкен бір бәйтерек бар, - дейді баласы.

-Теректің басында құстың ұясы жоқ па екен? - деп қарт тағы да сұрайды.

Иә, бір қыран құстың ұясын көргенмін, -дейді бала.

Балам, тыңда, - дейді қарт сеніммен. - Асыл тас теңіздің түбінде емес, ұяның ішінде жатыр. Теңіздің түбіне оның сәулесі ғана түсіп тұр.

Келесі күні теңіздің жағасы тағы да у-шу, асыл

тасты ешкім таба алмай жатады. Сол кезде бала патшаға жақындап барып:

- Мәртебелі патша, гауһар тасты теңіз түбінен іздемей-ақ қойыңыз, ол ана бәйтерек басындағы ұяның ішінде жатыр, -дейді.

Бір уәзір сол заматта-ақ терекке өрмелеп шығып, үлкендігі қаздың жұмыртқасындай гауһарды алып түседі. Патша қайран қалады.

- Сендер ақылдымыз, білімдіміз деп бөсесіңдер. Шынында мына баладан ақымақ екенсіңдер, - деп уәзірлеріне ұрысады да, балаға қарап:

Бұл жайында саған кім айтты? - деп сұрайды.

Оны өзім ойлап білдім, - дейді бала.

Бұл жайға ыза болған уәзірлер қайтсе де баланы сүріндіріп, оның көзін жоюды қарастырады. Патшаға келіп мынадай кеңес береді:

- Бала көп білемін деп, босқа мақтанады. Егер шын білгіш болса, сіз түр-түсі бірдей екі тай таңдаңыз да, оларды балаға алыстан көрсетіңіз. Қайсысының жасы үлкен, қайсысы жас екенін бірден ажыратып берсе, сый-лығын алар. Ал таба алмаса, жазасын тартатын болсын.

Патша баланы шақырып алып:

- Сен ертең таң азанда осында келесің. Мен саған екі тай көрсетемін.

Сен олардың қайсысы жас, қайсысы үлкен екенін табатын боласың. Таппасаң, басынды аламын, - дейді.

Бала үйіне мұңайып оралады.

- Балам, неге мұңлысың? - деп сұрайды әкесі. Баласы болған жайды баяндайды.

- Балам, мұңайма, - дейді қарт.

- Ол жұмбақтың шешуі қиын емес. Ертең саған тайларды көрсеткен кезде, сен олардың жүрістеріне мұқият қара. Жас тай жай жүре алмайды, әр қадамын ойнақшып басады. Жасы үлкендеуі сабырлы келеді. Осыны есіңе сақтасаң болғаны.

Ертесіне бала патша сарайына келгенде уәзірлер екі тайды алып шығып, оларды балага алыстан көрсетеді. Әкесі айтқандай, бір тай билей басып, екіншісі сабырмен келе жатады.

Бала олардың жас айырмашылығын патшаға дәл айтып береді.

Баланың тапқырлығына өшіккен уәзірлер тағы бір сұмдықты ойлап, патшаға былай дейді.

- Мәртебелі патшамыз, бір талды кестіріп, оны ортасынан қақ бөліп, бірдей етіп аршытып, оны балаға көрсетіңіз. Сол кезде бала оның қайсысы жоғары жағынан, қайсысы төменгі жағынан кесілгенін табатын болсын. Таппаса, жазасын алатын болсын.

Патша арамза уәзірлерінің сөзіне еріп, баланы келесі күнге шақырады. Бала үйіне мұңая келіп, болған жайды әкесіне баяндайды. Әкесі ақылын айтады:

- Қорықпа,

балам, оны табу қиын емес. Ол үшін екі бөренені де суға салдыр.

Сол кезде жоғары жағынан кесілген бөрене су бетінде түгелдей қалқып жүреді де, төменгі жағынан кесілген бөрененің бір жағы суға батыңқырайды. Осыны есіңе сақтасаң болғаны.

Бала әкесінің айтқанындай, патша бөренелерді көрсеткенде, оларды суға салдыруын өтінеді. Осы кезде бала:

- Тақсыр, бөрененің мына жағы ағаштың жоғары жағынан, ал мына жағы төменгі жағынан кесілген, - деп, дәл тауып береді.

Патша баланың бұл тапқырлығына қайран қалып:

- Сен шыныңды айт, мұншама тапқырлық жасауға үлкен ақыл керек. Сен болсаң әлі жассың. Егер шындықты айтпасаң, жазаға тартамын, -дейді.

Бала тәуекел етіп, патшаға барлық шындықты айтады.

- Әкемді сондай жақсы көретін әрі қатты сыйлайтын едім. Сондықтан өлімге қимадым. Ал ол болса қиналған шақта әлгі ақылдарды айтып, жол тауып отырды.

Патша ойланып қалады:

- «Алпысқа келгеннен ақыл сұрама» деген ма­қал қате екен, енді оны «Алпысқа келгеннен ақыл сұра» деп өзгертейік, - деп, қарттарды жазалауға берген жарлығын қайтып алған екен.

Ақыл шыңы - даналық.

Халық даналығы

Өсиет әңгіме

- Ертеде бір ел билеген хан өзінің ұлын асқан шешен, тапқыр, сөзге жүйрік және ақылды еткісі келіп, өз уәзірлерімен ақылдасады. Сонда уәзірлері ханға «шешендік, тапқырлық, сөзге жүйріктік халықтың даналығы арқылы бойға дариды», - дейді. Хан дүйім жұртты жиып алып, жар салады:

- Кімде-кім балама халық даналығын тауып берсе, мен сол адамға байлығымның жартысын беремін, - дейді. Сонда бір қария тұрып, былай дейді:

Халқым менің қонақжай

Қонақжайлылық белгісі

Сырттан келген мейманға Сәлем беріп, қол алсаң, Бірінші еткен құрметің. «Түсіңіз», - деп түс беріп, Шылбырына оралсаң, Екінші еткен қызметің. Есік ашып енгізіп, Көрпе төсеп құп алсаң, Үшінші еткен құрметің. Мейман риза болғаны - Құрметпен үйге қонғаны.

Қонақасы

Ертеде Алаш деген данышпан қарт өмір сүріпті. Оның Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс деген үш ұлы болыпты. ұлдары қайырымды болып өсіпті.

Бір күні қарт үш ұлын шакырып:

Балаларым, дәм-тұзым таусылатын шақ таяп қалды. Көзімнің тірісінде сендерге қалдыратын еншімді бөліп берейін, - депті қарт.

Менің мал-мүлкімді теңдей төрт бөлікке бөліңдер, өз еншілеріңді алып әке ісін әрі қарай жалғастырыңдар. Ынтымақ бірлікте өмір сүріңдер. Балалары әкелеріне қалдырған еншісі үшін рақметтерін айтып, әке алдында бастарын иіп тағзым етеді де былай дейді:

Әке, біз сізді түсінбей қалдық. Біз үшеуміз ғой, еншіңізді неге төрт бөлікке бөлдіңіз?

Әкесі былай деп жауап береді: «Мал-мүлкімнің төртінші бөлігін сендердің қонақтарыңа қалдырамын. Шаршап-шалдығып келген қонақтың еншісі - қонақасы болсын. Егер сендердің қонақтарың дәмнен бас тартса, олардың өз «сыбағалары» екенін айтарсыңдар», - депті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғатқа аялы қарым - қатынастарын дамыту
Мектеп оқушыларына өзін-өзі тану пәнін оқытудың ерекшеліктері
Көңілді балалар әні
Қазақ оюларының сырлары
Өзін-өзі тану пәні туралы ақпарат
Жантану жайлы ілім-білімнің ілкі басталуы
Бастауыш сынып оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру
Суреттерде балалардың балабақшадағы достары
Тарихи поэтика пәнінің зерттеу нысаны
Адамзаттың рухани тәжірибесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz