Электрондық пошта туралы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ

МИНИСТРЛІГІ

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Ақпараттық технологиялар кафедрасы

Тақырыбы: Электрондық пошта

Орындаған: Таңирбергенова А.

Тобы: ЕП-03-3К3

Қабылдаған: Алишева С.

ШЫМКЕНТ 2006 ж

Электрондық пошта

Электрондық поштамен жұмыс істеу режимдері

Бұл Интернеттің ертерек пайда болған қызмет түрлерінің бірі. Онымен қамтамасыз етуді Интернетте арнаулы пошталық серверлер деп аталатын программа жүргізеді.

Басқа да байланыс қызмет түрлері сиякты, электрондық пошта қызметі программалар жұбы мен олардың өзара қарым-қатынас хаттамаларының көмегімен жүзеге асырылады. Интернет жағынан программа-сервер, тұтынушы жағынан программа-клиент жұмыс атқарады. Электрондық поштаның жұмысы екі қолданбалы хаттамаға негізделген. Біреуі шығатын хабарды жіберуге, екіншісі келетін корреспонденцияны қабылдауға пайдаланылады. Сәйкесінше Интернет жағынан электрондық пошта жұмысы екі сервердің көмегімен атқарылады: шығатын хабарлар сервері мен келіп түскен хабарлар сервері. Келіп түскен хабарлар серверін «пошта жәшігі» деп атайды.

Пошталық серверлер клиенттен алынған хабарды адресаттың пошталық серверіне женелтеді. Бұл жерде хабарлар жиналады. Адресат пен оның пошталық серверінің арасында байланыс орнатылған кезде келіп түскен хабарлар автоматты түрде адресаттың компьютеріне жіберіледі.

Шығарылатын хабар қызметі SMTP хаттамасына негізделген (SMTP -Simple Mail Transfer Protocol - простейший протокол передачи почты) . Келіп түсетін хабар қызметі РОРЗ хаттамасымен жүргізіледі (Post Office Protocol 3- протокол почтового отделения, версия 3) .

Электрандық поштамен жұмыс icтеу peтi

Электрондық поштамен жұмыс істеу үшін қолданушы келесі амалдарды орындауы кажет:

1) SMTP және РОРЗ хаттамаларын ұсынушы кызмет түріне тіркелуі қажет. Тіркелу нәтижесінде клиент SMTP-дің есепке aлy жазбалары (Учетная запись SMTP) мен РОРЗ есепке алу жазбаларын алады. Бұл жазбаларды интернетке жалғаушы сервис-провайдерлер береді.

Интернетке қосылу шебері.

2) Өз компыотерінде электрондық поштаның программа-клиентін орнатады.

3) Пошта клиентін SMTP және РОРЗ жазбаларымен жұмыс істеуге бейімдеп, баптайды.

4) Қолданушы өзі жіберетін хабарды даярлап, қабылдаушының электрондық поштасының адресін енгізіп, жіберу командасын орындауы кажет.

WWW-ге негізделінген электрондық пошта

SMTP және РОРЗ хаттамаларына негізделінген кәдімгі пошта E-mail деп аталады. Сонымен катар соңғы кезде WWW кызмет түріне негізделген Интернеттің электрондык пошта жүйесі дамып келеді. Интернеттің электрондық поштасы Web-mail деп аталады. Бұл пошта Web-броузерлермен жұмыс істеуді жақсы меңгерген қолданушыға өте қолайлы.

Бұл жеке қызмет түрі емес, жоғарыда біз қарастырған HTTP хаттамасы негізінде WWW қызметінің кұралдарымен жүзеге асырылған сервис болып есептеледі. Интернет жағынан бұл сервис кәдімгі WeP' серверлермен, ал клиент жағынан кәдімгі Web-броузерлермен жүргізіледі.

Web-тailмен жұмыс істеу реті

Интернетке косылу шеберінің терезесі.

1) Web-mail электрондық поштасының есепке алу жазбалары Web-сай қызмет түрінде дайындалады. Оған қосылу үшін броузердің көмегімен кәдімгі URL-адресі бойынша өтеді. Тіркелу қайсыбір Web-бетте HTML- қалыбын толтыру арқылы жүргізіледі.

2) Хабарды даярлау және жіберу Web-қалыптын өрістерін толтыру арқылы орындалады. Даяр болған хабар шындығында HTML пішімінді жазылған құжат болып табылады. Яғни ол қаріптік және түстік пішімделген, фондық бейнесі бар, енгізілген графикасы және баска да объектілері бар Web-құжат болып есептеледі.

3) Web-mail адресіне қабылданылған хабар серверде сақталынады және оны броузердің көмегімен кәдімгі Web-бет сияқты көруге болады. Қажет болған жағдайда оны өз дискетіңізге көшіріп алуға болады.

Электрондық поштаның кұрылымы

Электрондық поштаның әрбір жеке хабарын мәліметтер базасының жеке жазбалары ретінде қарастырылған дұрыс. Сонда РОРЗ «пошта жәшігі» - қашықтатылған мәліметтер базасы болса, ал компьютерде қабылданылған хабарлар жергілікті мәліметтер базасы деп есептеуге болады. Сонымен, әрбір хабар мәліметтер базасының жеке жазбасы болып табылады. Ал әрбір

жазбаның өрісі болады.

Хабардың тақырыбы. Электрондық поштадағы хабар екі бөліктен тұрады: хабардың тақырыбы және негізгі бөлімнен. Тақырып келесідей өрістерден тұрады: Кімге (Кому - адресаттың аты) ; Көшірмесі (Копия) - мұнда осы хаттың көшірмесі жіберілген адресаттардың аттары. Тақырып (Тема) - мұнда хабардың қысқаша мазмұны келтіріледі. Электрондық поштамен мәтіндік, мультимедиалық, архивтік және басқа да файлдарды жібере аламыз. Негізгі бөлімде жіберілетін мәтін орналасады.

Microsoft Outlook Express тсрезесі.

Пошталық клиенттердің қызметі мен қасиеттері

Электрондық пошта клиенттерінің түрлері өте көп. Windows операциялық жүйесі үшін кең қолданылатын пошталық клиенттер:

■ Microsoft Outlook;

■ Microsoft Outlook Express;

■ Eudora (www. eudora. com) .

Пошталық клиенттердің кейбір қасиеттері мен атқаратын қызметтеріне тоқтала кетелік.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электрондық поштаның ерекшеліктері
Электрондық почта: түрлері мен қызметі
Серверлерге қатынау хаттамасы
Әлеуметтік желілер
Электрондық почта. Mail бағдарламасының мәтіндік интерфейсі
Домендер жайлы
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру жолдары
Электрондық пошта
Қазақстан Республикасы кітапхана оқырмандарға Интернет жүйені қолдануы
Компьютерлік желілер. Желілік қосымшаларды қолдану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz