«Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру»


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 4

1. Халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің теориялық негіздері

  1. Қазақ халық музыкасының бастауыш сынып оқушыларынапатриоттық тәрбие берудегі мүмкіндіктері 7
  2. Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларынапатриоттық тәрбие берудің бүгінгі жағдайы 29

2. Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру әдістемесі

2. 1 Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруді меңгеру тәжірибесі 41

2. 2 Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру тиімділігінің педагогикалық шарттары 60

Қорытынды 71

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 70

КІРІСПЕ

Жеткіншектердің патриоттық тәрбиесі педагогикадагы аса бір күрделі де көпжақты проблема. Ол интернационалдық тәрбиенің, ұлттық сана-сезім мен құндылық бағдарды, арман-тілекті қалыптастырудағы ерекше проблемалар мен диалектикалық бірлікте болады.

Тарихи дамудың объективті ерекшеліктері әртүрлі кезеңдердегі педагогикалық процесте өзгеріске түсе отырып, патриоттық тәрбиенің мазмұнын, оның оқу-тәрбие процесіндегі рөлі мен орнын анықтады, міндеттерін нақтылады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» қазақстандықтарды патриоттық рухта тәрбиелеудің тиімді жолдарын іздестіруді ұлттық идеологияны қалыптастыруды, оның ұлт болашағы үшін маңыздылығын күн тәртібінен түсірмей келеді[1, 2б] .

Оқушыларды Отан туралы біліммен қаруландыру, патриоттық сезімін, азаматтық, адамгершілік құқығын тәрбиелеу, мектеп ұжымдарында, сабақтарда және сабақтан тыс мерзімде мінез-құлық дағдысын саяси мәдениетін қалыптастыру мәселелерін өздерінің еңбектерінде Г. А. Уманов, К. К. Құнантаева, Қ. К. Жанпейісова, Ж. Мақатова, С. Б. Омарова, В. В. Трифонов, Л. К. Керімов, [3, 32б; 4, 12б; 5, 23б; 6, 16б; 7, 28б; 8, 32б; 9, 42б]

Ұлттық салт-дәстүрлер, халық әндері, музыка өнері арқылы оқушыларға оқу-тәрбие процесінде адамгершілік-эстетикалық, патриоттық тәрбие беру процесін ұйымдастыру мәселесіне де біраз назар аударылып жүр Л. С. Сейдахметова, НурмукашоваС, С. Ұзақбаева, Оразалиева М. А; Иманбаева, Ешімханов C [10, 2б; 11, 35б; 12, 24б; 13, 23б; 14, 3б; 15, 56б] .

Дегенмен, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге және озық педагогикалық тәжірибеге жасаған талдау, қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру проблемасы бүгінгі таңға дейін тәрбие теориясында да, практикасында да өз деңгейінде зерттелмегендігін, нақтырақ айтқанда қазақ халық музыкасының оқушылардың патриотизмін қалыптастырудағы мүмкіндіктері анықталмағанын, тиімді әдіс-тәсілдерінің, амал-жолдарының айқындалмағанын, ғылыми-әдістемелік нұсқаулардың жасалмаған көрсетеді. Демек, оқушылардың патриотизмін қалыптастыруға деген қоғамның сұранысы мен мектептегі, соның ішінде бастауыш сыныптарда патриоттық тәрбиенің жағдайы арасында; қазақ халық музыкасының патриоттық тәрбиедегі жоғары мүмкіндіктері мен оларды мектепте жеткіліксіз пайдалану арасында; оларды мектеп практикасында кең көлемде пайдалану қажеттігі мен арнайы жасалған ғылыми-әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы анық байқалады. Осы міндеттердің тиімді педагогикалық жолдарын іздестіру біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты «Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеу объектісі: оқушылардың патриоттық тәрбиесі.

Зерттеу пәні: қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру процесі.

Зерттеудің мақсаты: қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің әдістемесін жасау.

Зерттеудің болжамы: патриоттық мазмұндағы қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің тиімділігі артады, егерде: патриоттық мазмұндағы қазақ халық музыкасы окушыларға сабақтан тыс іс-әрекеттерде жүйелі бірізділікте меңгертілсе; музыкалық материалдар нақты өлшемдер арқылы арнайы сүрыптаудан өткізілсе; оқушыларға қазақ халық музыкасын белсенді шығармашылықпен қабылдату және эмоциональдық әсермен орындату қамтамасыздандырылса. Өйткені бұның бәрі, біріншіден, оқушылардың патриоттық мазмұндағы қазақ халық музыкасына аялы көзқарасы мен қызығушылығын арттырады, екіншіден, оларды эмоционалдық салада жетілдіріп, бейнелі ойлауға дағдыландырады, ұлттық сана-сезімін, адами қасиеттерін қалыптастырады.

Зерттеудің міндеттері:

1 Бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбиесінің мәні мен мазмұнын ашып корсету.

  1. Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларынапатриоттық тәрбие беру әдістемесін жасау.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздерін тұлға және оның дамуындағы әрекеттің рөлі туралы білімнің мәнін ашып көрсететін философиялық, психологиялық, педагогикалық, тұжырымдамалар, қазақ халық педагогикасы материалдарын, соның ішінде халық музыкасын бастауыш сынып оқушыларының патриоттық тәрбиесінің құралы ретінде пайдалану проблемасын зерттеуге деген тұлғалық-әрекеттік тәсіл құрайды

Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша оқу-тәрбие процесі құжаттарына талдау жасау; бақылау, әңгімелесу, сауалнамалар жүргізу; озық тәжірибелерді зерделеу, ашық тәрбие сағатын өткізу, және өмірде пайдалану.

Зерттеудің теориялық мәні және ғылыми жаңалығы:

1. Қазақ халық музыкасы негізінде үйірме жұмысының бағдарламасы үшін патриоттық мазмұндағы шығармалар сұрыпталды;

2. Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына
патриотизмінің қалыптасу моделі жасалды және оны жүзеге асырудың
педагогикалық шарттары анықталды;

3. Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына
патриотизмін қалыптастырудың мазмұны және әдістемесі жасалды.

Зерттеудің практикалық маңызы. Зерттеудің негізгі қағидалары, қазақ халық музыкасы бойынша сұрыпталған патриоттық мазмұндағы шығармалар, үйірме жұмысының бағдарламасы, сыныптан тыс патриоттық тәрбие жұмыстары бойынша мектеп практикасына ендірілді. Ұсынылған әдістемелік нұсқаулар мектеп мұғалімдері мен сынып жетекшілеріне бастауыш сынып оқушыларына қазақ халық музыкасы арқылы патриоттық тәрбие беруде көмек болады. Зерттеу материалдарын сонымен бірге, мұғалімдер даярлайтын арнайы орта және жоғары оқу орны практикасында, нақтырақ айтқанда музыка тәрбиесі әдістемесі пәнінде, тәрбие жұмыстары бойынша ұйымдастырылған арнайы курстарда пайдалануға болады.

Қорғауда ұсынылатын негізгі қағидалар:

  1. Қазақ халық жалпы тәрбие жүйесіндебастауыш сынып оқушыларына музыкалық-эстетикалық тұрғыда дамытуданегіз болумен ғана шектелмейді, ол патриотизмді қалыптастырудыңұтымды факторы болып табылады, өйткені ол музыкалық бейнелер арқылыоқушыларды өз Отанының мүддесі үшін, үлгі боларлықтай жоғары деңгейдеқызмет етуге баулиды, туған жерін, елін, мәдениетін, салт-дәстүрлерін сүйебілуге, оларды келешек ұрпаққа жеткізе білуге үйретеді.

2. Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларының
патриотизмін тиімді қалыптастыру мынадай шарттарды ескерумен
қамтамасыздандырылады
патриоттық мазмұндағы қазақ халық музыкасымен танысу процесінде оқушылардың идеялық-адамгершілік білімі мен музыкалық-эстетикалық дамуы бірлігін ескеру; қазақ халық музыкасын қабылдау барысында алған әсерлі сезімін дамыту тәрбие жұмысына қажетті патриоттық бағыттағы қазақ халық музыкасын
сұрыптау; оқушылардың бейнелі ойлау қабілетін қалыптастыруда белсенді-
шығармашылықты қабылдау мен эмоционалдық-бағыттық саланың бірлігін
қамтамасыздандыру.

  1. Ғылыми тұрғыда негізделген және тәжірибелі эксперимент жүзіндетексерістен өткен қазақ халық музыкасы арқылы патриоттық тәрбие берудегісыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен формаларыидеялық тәрбиепроцесін жетілдіруге ықпал етеді және оқушылардың патриоттықтәрбиелілік деңгейін көтеруді қамтамасыздандырады.
  2. Зерттеудің әдісі:

Шығармашылық және дидактикалық материалдар, ғылыми- теориялық әдебиеттерді іріктеу, педагогикалық тәжірибелерді жинақтау, бақылау т. б.

Диплом жұмысының құрылымы. кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің теориялық негіздері

1. 1 Қазақ халық музыкасының бастауыш сынып оқушыларына
патриоттық тәрбие берудегі мүмкіндіктері

Қазіргі жаңа қоғам жағдайында адамгершілік бастамасының рөлі күннен-күнге артуда, әрбір адамның моральдық, адамгершілік бейнесіне, мінез-құлқына қойылатын талап та өсуде .

Мектеп ең алдымен, жан-жақты дамыған саналы азаматты дайындауды өзіне мақсат ете отырып, жас ұрпақтын ғылыми көзқарасы мен адамгершілігін қалыптастыру міндеттерін қояды. Жас ұрпаққа тәрбие берудің негізгі жолдары көптеген ғалымдардың еңбектерінде сараланады. Олар жастарға берілетін білім мен тәрбие жұмыстарының бәрі моральдық тәрбие беруді көздеуі керек деген пікірді ұстанады. Мораль туралы ілім, жеткіншектердің тәрбие теориясының әдіснамалық негізі болып табылады. Мемлекет ісіне деген берілгендік, Отанға, басқа мемлекеттерге деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адал еңбек ету, мектепте жеткіншектердің адамгершілік тұрғыда қалыптасу процесінің негізгі бір саласы - патриоттық тәрбиенің жүзеге асырылуының басты бағытын айқындауға ықпал етеді [16, 5б] .

Мораль бүкіл тәрбие процесінің негізі болып табылады және оның барлық құрамды бөліктерін қамтиды. Ол, ең алдымен, халықтың сана-сезімінде және істерінде көрініс алады. Адамдарды белсенді еңбек пен қоғамдық іс-әрекеттерге талаптандыратын адамгершілік сезімдерінің ішіндегі аса бір әсерлі де тереңі- патриотизм сезімі болып табылады. Ол идеялық сеніммен байланыста бола отырып қазақстан халқының еңбекке деген көзқарасынан, саналы тәртібінен, еңбектегі және жауынгерлік ерліктерінен, өмірі мен іс-әрекеттерінің басқа да саласынан көрініс алады. Бұл, өз кезегінде, бүгінгі таңда жеткіншектерде патриотизм сезімін тәрбиелеуде жалпы білім беретін мектептің алдында тұрған жетекші міндетті айқындайды, қоғамдық идеяларды оқушылардың жеке басының сеніміне айналдыруға, жаңа қоғамдық құрылыс мүддесіне сай, әрбір тұлғаның тіршілік әрекетін одан әрі қамтамасыз етуге итермелейді.

Нағыз азамат - патриот өзінің Отан алдындағы борышын сезінеді. Әртүрлі мәдени-материалдық құндылықтарды жасауда оның қоғам үшін, өзінің жеке басы үшін маңызын жақсы түсінеді. Ол нағыз патриотизмнің халыққа қызмет етуде көрініс алатынын біледі. Өткен ұрпақтың тәжірибесін танып білуге, құнды дегеннің бәрін сақтауға, сонымен қатар, қоғамды қайта құруда өз үлесін қосуға, озық тәжірибесін келешек ұрпаққа жеткізуге талпынады [17, 8б] .

Бүгінгі таңда жастарды патриотыққа тәрбиелеудің мазмұны көптеген ғалымдардың зерттеу пәні болып табылады. Олар «патриотизм» ұғымының пайда болуы мен дамуын, адамның патриоттық санасын және патриотизмге тәрбиелеудің формалары мен әдістерін қарастырады. Жалпы білім беретін мектепте патриотизмге тәрбиелеу әртүрлі құралдар арқылы, соның ішінде музыка өнері арқылы жүзеге асырылады, сондықтан да ол «күрделі қоғамдық қатынастарды түсінуді жеңілдетеді, моральдық қатынастарды қабылдауға негіз болады» [3. 1б] .

«Музыка - алып ұлы күш. Ол адамды сүюге және жек көруге, жазалауға және кешіруге мәжбүр етеді», - деп, пайымдаған .

Музыка өнерінің функциясы көпжақты. Бұл функциялардың бәрі өзара тығыз байланысты, «музыка тіпті тек таза қолданбалы немесе көңіл көтерушілік рөл атқарған жағдайда да, ол тыңдаушыларын тәрбиелейді, яғни олардың рухани дүниесін қалыптастырады және өзгертеді», - деп атап көрсетеді А. Н. Сохор. Айтылып өткендей, патриотизм - адам тұлғасының, оның рухани дүниесі мен тіршілік әрекетінің барлық жақтарымен байланыстағы маңызды, түпкілікті қасиеттерінің бірі. Патриотизмде тұлғаның дүниетанымдық жетілуі, адамгершілік сенімділігі, құндылық бағыт-бағдары, оның өмірлік көзқарасы, тәжірибелік мінез-құлқы көрсетіледі. Сондай-ақ, өнер адамға жан-жақты әсер ете алатын қасиеті болғандықтан, ол оған барлық осы аспектілерді, патриоттық сана, сезім және әрекетті қалыптастыруға қабілетті [4. 1б] .

Музыка патриотизм идеясын ерекше айқындылықпен, жарқындылықпен білдіруге қабілетті. Адамның сезіміне әсер ететін нәрсенің бәрі: туған табиғат көрінісі, халық әндері мен үйлері, тарихи және қазіргі заман көріністері музыкалық шығармаларда өзінің көрінісін табады, «музыкада жоғары әсемділікпен жанданады, сезімнің бастауына жылылық төгіледі».

Музыка өнерінің табиғаты әсер беретін, музыка арқылы патриоттық тәрбие берудің өзіндік ерекшеліктерін атап өту қажет. Музыка қоғамдық сананың бір түрі бола тұра, шынайы өмірді көрсете отырып, адамның ішкі жан-дүниесіне эмоционалдық тұрғыда әсер етуде мүмкіндігі бар.

Музыка ең алдымен, тыңдаушылардың эмоционалдық сезім өрісіне ықпалын тигізеді. Адамгершілік жағынан жетілдірілген тұлғаның эстетикалық негізін қалауда ерекше роль атқарады.

Музыканың адамның сезімдік дүниесіне терең эмоционалдық ықпалынан басқа, рухани көзқарастарының, сенімінің қалыптасуына әсер ететіндей идеялық-көркемдік мазмұны бар. Бұл жағдай музыканың тәрбиелік ролін анықтауда біз үшін өте маңызды, себебі мектеп балаларының тек патриоттық сезімін ғана емес, сондай-ақ, патриоттық санасын тәрбиелеу қажет. Музыка адамның қоршаған ортаға деген түрлі сезімдерін білдіре алады.

Музыкадағы тақырыптылық әуеннің реңкінен, мәнерінен көрінеді. Музыканың мәнерлі құралдарының ерекше жүйесінде, мазмұны жалпылама музыкалық бейнелерді құрайтын, әртүрлі оқиға, құбылыстар белгілі бір

сезімді білдіру арқылы көрсетіледі.

Музыка өнерінің Бұл ерекшелігі біріншіден, эстетикалық тәрбиенің мазмұнын анықтайды. Патриоттық тәрбиенің ерекшелігі де, нақты заттық, патриоттық мазмұнды мақсаттылықпен қабылдауы болып табылады. Сонымен қатар, оларда олардың өзара әрекеттестігін анықтайтын көп ортақтық бар. Бұл мәселені эстетикалық тұрғыда қабылдау, әдемілікті сезініп, бірге түйсіне білу болып табылады [5. 3б] .

Эстетикалық саланың өзекті мәселесі, сұлулықты сезіп, бірге түйсіну болып табылады, және осыны жете түсінуге эмоционалдық жағдай көмектеседі. Екінші жағдайда ең бастысы патриоттық мазмұнды жете түсіну болып қабылданған сезімдік - образды бекітуге эмоционалдық жай-күй көмектеседі.

Бірақ екі жақтың тәрбиелік ықпалына да сезім мен ойдың өзара әрекеттестігі себепші болады және осы процесті бағалай білетін танымның ерекше түрі пайда болады. Музыка өнері арқылы эстетикалық және патриоттық тәрбие берудің бірлігі де, айырмашылығы да, осында болып табылады,

Психологтар сезімді адамның біреуге немесе бір затқа қарым-қатынасы (көзқарасы) ретінде анықтайды. С. Л. Рубинштейн: «адам сезімдерінің жиынтығы - ол негізінен адамның дүниеге және басқа адамдарға қарым -қатынасының жиынтығы», - деп дәлелдейді [18, 12б] .

Қоршаған ортаның әсер-ықпалынан пайда болатын, нақтылы әсерленушілік, қайғы-қасірет, эмоцияның қорытындысы нәтижесінде адамның сезімі қалыптасады. Эмоция ситуативтік сипатта болады, яғни олар тұлғаның болып жатқан немесе болатын жағдайларға әсерленушілік қарым-қатынасын білдіреді. Сезім - тұлғаның тұрақты қасиеті; болмыстық заттар мен құбылыстарға адамның эмоционалдық қарым-қатынасының құрамы ретінде көрінеді. Ол қалыптасып келе жатқан тұлға бойында әртүрлі жағдайларға байланысты пайда болған қуаныш, реніш, қайғы-қасірет және т. б. көрінеді. Әрқашан сүйіспеншілік немесе жек көрушілік, ашулану немесе ұнату сияқты белгілі бір объектіге бағытталады. Адамдардың әрекеттері мен бір-бірімен өзара қарым-қатынастары, мәдениет құралдары, адамгершілік ережелері - міне осының бәрі эмоционалдық қолдау туғызады.

Ол көптеген жылдар бойы музыка-педагогикалық жұмыстарында жаңа педагогикалық концепция жасауға тырысты, «музыкадан бастау алатын, және музыкаға сүйенетін, музыканы өнер ретінде, музыкамен мектеп пәні ретінде, табиғи және органикалық байланыста болуын қарастырды».

Ғылыми әдебиеттерге жасаған талдау музыканың жеткіншектерге патриоттық тәрбие берудегі ықпалының зор екендігін көрсетеді.

Музыкасыз жер бетінде бірде-бір халық өмір сүре алмайды. Музыка адам өміріне өте ерте бала кезден енеді, өмір бойы бірге жүреді. Адам сезімі, оның ойы, арманы және іс-әрекеті музыка арқылы беріледі. Музыкада бүкіл адамзат өмірі, айнадағыдай бейнеленеді.

Музыка өнері дүниеге көзқарасты қалыптастырудың ықпалды құралы ретінде, жастардың адамгершілік қасиеттерін, моральдық интеллектуалдық ортасын, оқушылардың тұлғалық сезімдерін байытады. Өз елінің патриоттық мазмұндағы музыкалық шығармаларын үйрену жеткіншектерге патриоттық тәрбие берудің құрамдас бір бөлігіне айналды. Оны қазақ халық музыкасының мүмкіндіктері де дәлелдейді.

Қазақ халық музыкасы жеткіншектерге жан-жақты тәрбие берудің, соның ішінде патриоттық тәрбие берудің тапсырмас құралы болып табылады. Қазақ халық музыкасының ұрпақтан ұрпаққа мирас ретінде жетіп отыруына халық ақындарының әнші-күйшілерінің, жыршыларының ролі ерекше болды. Олар қазақ халық музыкасын үлкен мереке-тойларда дәріптеген, өздерінің әншілік-күйшілік шеберліктерін шыңдаған [19, 23б] .

Ол көптеген жылдар бойы музыка-педагогикалық жұмыстарында жаңа педагогикалық концепция жасауға тырысты, «музыкадан бастау алатын, және музыкаға сүйенетін, музыканы өнер ретінде, музыкамен мектеп пәні ретінде, табиғи және оргникалық байланыста болуын қарастырды».

Ғылыми әдебиеттерге жасаған талдау музыканың жеткіншектерге патриоттық тәрбие берудегі ықпалының зор екендігін көрсетеді.

Музыкасыз жер бетінде бірде-бір халық өмір сүре алмайды. Музыка адам өміріне өте ерте бала кезден енеді, өмір бойы бірге жүреді. Адам сезімі, оның ойы, арманы және іс-әрекеті музыка арқылы беріледі. Музыкада бүкіл адамзат өмірі, айнадағыдай бейнеленеді.

Музыка өнері дүниеге көзқарасты қалыптастырудың ықпалды құралы ретінде, жастардың адамгершілік қасиеттерін, моральдық интеллектуалдық ортасын, оқушылардың тұлғалық сезімдерін байытады. Өз елінің патриоттық мазмұндағы музыкалық шығармаларын үйрену жеткіншектерғе патриоттық тәрбие берудің құрамдас бір бөлігіне айналды. Оны қазақ халық музыкасының мүмкіндіктері де дәлелдейді.

Қазақ халық музыкасы жеткіншектерге жан-жақты тәрбие берудің, соның ішінде патриоттық тәрбие берудің тапсырмас құралы болып табылады. Қазақ халық музыкасының ұрпақтан ұрпаққа мирас ретінде жетіп отыруына халық ақындарының әнші-күйшілерінің, жыршыларының ролі ерекше болды. Олар қазақ халық музыкасын үлкен мереке-тойларда дәріптеген, өздерінің әншілік-күйшілік шеберліктерін шыңдаған [7. 1б] .

Музыкалық шығармаларды таратуда, өз өнерлерін танытуда, сал серілердің де өзіндік орны болған. Кезінде А. Жұбанов: « . . . салдар мен серілер ол заманғы өнердің өкілдері. Бұл күндегі әртістерше сахнаға киетін киімін чемоданға салып алып келіп, әдейі оларға арналған бөлмеде қайта киінетін жағдай сал мен серіде болған жоқ. Олар ат үстінде де, ауыл сыртында да, базарда да, жөрмеңкелерде де өнерлерін көрсетті. Сондықтан басқа кісіге алабажақ, өсіре қызыл көрінетін олардың киімдері сол сахнаға киетін киімдер. Ал олар өмірде де солай киініп жүреді. Өйткені өмір мен өнердің екеуі бірі мен бірі қосылып, ұласып кеткен» - деп жазған. Оларды халық күні-түні тыңдаудан жалықпаған. Мұндай кездесулер көрерменнің музыкалық - эстетикалық талғамын, адами көзқарасын дамытып, ұлттық патриотизмін қалыптастыруда айтарлықтай роль атқарған. Балалар мен жастардың патриоттық сезімін қалыптастыруда отбасының (ата-аналардың, қарттардың), әртүрлі ұлттық мерекелердің, ойын-сауықтардың, бәйге жарыстардың қосқан үлесі мол.

Музыкалық шығармалар балалар мен жастардың ақыл-ойы мен патриоттық сезіміне әсер етіп, музыкалық-эстетикалық талғамын жетілдірген.

Қазақ халқының экономикалық және қоғамдық құрылысы, сондай-ақ оның тұрмыс-тіршілігі мен эстетикалық көзқарастары ауыз әдебиеті шығармаларында өз бейнесін тапты. Сондықтан, «Қазақстанда жиналған аса бай ауыз әдебиетінің оңдаған томдары құралы оқыған кезінде басыңа: «егер бүкіл осы байлықты қазақ халқының санына бөлетін болсақ, онда сірә, әрбір қазақ әндердің, мақал-мәтелдердің, аңыз-әңгімелердің авторы болып шығар еді, - деген ой келеді»[20, 12б] .

Ән-күй, өлең-жыр, әрқашан да халық өмірінің ажырамас бөлігі болған. «Қазақта әнсіз өмір жоқ. «Тойбастар» айтқан жігіт, кешкі ауыл сыртында алтыбақан тепкен қыз-бозбала, шілдехана күзеткен жас-кәрі, «Жар-жар» айтқан екі топ, елінен еріксіз алысқа ұзатылып бара жатқан қыз, өлген жұбайын жоқтаған жесір, түйеге мініп, әр үйдің сыртында қақсаған жарапазаншы, ақ киім киіп, өгізге мініп ауыл аралаған дуана, «жынын» шақырып, зікір салған бақсы - бәрі де әндетеді. Бөрі де жай сөзбен айтқанда жетпейтін сезім тасқынын өн арқылы шығарады» [21, 23б] . Музыканың халық өмірімен осылайша тығыз сабақтастықта болуы музыкалық-эстетикалық тәрбиемен бірге патриоттық тәрбиенің міндеттерін шешуді жеңілдетті. Музыкада қазақ халқының өмірі, тыныс-тіршілігі, эстетикалық, этикалық және педагогикалық идеялары өз көрінісін тапты.

«Қазақ әндері құдіретті де күшті, өктем, сонымен бірге жатық, құлаққа жағымды естіледі, - деп жазды өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында А. Эйхгорн. - . . . Жапан түзде немесе ауылда, болмаса мал арасында, айдала мен жазық өңірлерде, таулар мен кесілген алқаптарды аралаған кезінде, жым-жырт аспан астында жалғыз келе жатып оның салған әні тіпті әдемі естіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру әдістемесін жасау
Қазақ халық музыкасының бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тəрбие берудегі мүмкіндіктері
Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің педагогикалық негіздеулері
Күй өнері - тәрбиенің басты құралы
Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық құндылықтарын қалыптастырудың үлгісі
Бастауыш мектепте музыка пәнін оқытудың маңызы
Балалардың музыкалық аспаптарына сипаттама
Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің ерекшелектері
Ұлттық өнердің нақты туындыларын және олардың оқушылардың эстетикалық қабылдауына әсерін талдау
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz