Пәнге қызығушылықтарын білімді сынау арқылы арттыру (білімнің тексерудің әр түрлі түрлері)


Мазмұны
Кіріспе . . . 2
1. Негізгі бөлім
Пәнге қызығушылықтарын білімді сынау арқылы арттыру (білімнің тексерудің әр түрлі түрлері) .
1. 1 Білім мен білікті тексерудің оқу-тәрбиелік маңызы . . . 3
1. 2 Оқушылардың білімі мен білігін тексеру әдістері мен түрлері . . . 4
1. 3 Ауызша сұрақ қою . . . 5
1. 4 Оқушылардың білімі мен білігін жазбаша тексеру . . . 8
1. 5 Оқушылардың білімі мен дағдысын эксперименттік тексеру . . . 9
1. 6 Оқушылардың білімін, білігін және дағдыларын қорытып тексеру және бағалау . . . 10
Қорытынды . . . 12
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 13
Кіріспе
Атақты педагог ғалым В. Сухомлинский: «Мұғалімдік мамандық ─ бұл адамтану, адамның күрделі, қызықты, шым-шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады» ─ деп, ұстаздық өнерге баға берген.
Жас ұрпақтың химия пәніне қызығушылықтарын арттыру мақсатында білімді тексерудің әр түрлі түрлері атты ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізіп, реферат жаздым. Оқушылраға сапалы білім беру және пәнге деген қызығушылығын арттыру мәселесі бойынша жұмыс істедім. Сабақта оқушылар мұғалімді зейін қойып тыңдап, оның кейбір талаптарын орындағанымен өтілген тақырыптарға қызығушылығы болмайтын сәттер де кездеседі. Қызығушылық болмаған жерде оқушылардың өзіндік ізденісі төмендейді, бұл жұмыста осы мәселелердің шешу жолдары қарастырылады.
Оқушылардың білімдерін жетілдіру және пәнге деген қызығушылығын арттыруда білімді тексерудің әр түрлі әдістерін пайдалану тиімді. Рефератта түрлі әдістер мен оқу-тәрбиелік маңызы қарастырылып, мысалдар келтірілген.
Білімді тексеру және бағалау жұмыстары күнделікті сабақтар барысында, сонымен қатар арнаулы сабақтар түрінде де өткізіледі. Соның барысында оқушыларды оқу материалын терең ұғынуға және меңгеруіне мүмкіндік береді.
Бұл жұмыстың білімдік және тәрбиелік қызметі жағынан маңызы зор. Біріншіден, оқушылардың біліміне бақылау жүргізу, олардың білімін толықтыру болса, екіншіден, олардың жеке басын жан-жақты дамытып, тәрбиелеу жөнінен ойдағыдай рөл атқарады.
Тексеру және бағалау жұмыстарын жүйелі атқару оқушыларды тегіс қамтып, олардағы білім, дағдыларындағы кемшіліктерді дер кезінде анықтап, болдырмау жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді. [1, 5]
1. Негізгі бөлім
Пәнге қызығушылықтарын білімді сынау арқылы арттыру (білімнің тексерудің әртүрлі түрлері)
1. 1 Білім мен білікті тексерудің оқу-тәрбиелік маңызы
Оқытудың нәтижесін шығару ─ оқыту барысындағы аса маңызды бөлік. Оқыту мақсатының орындалуы, мазмұны, құралдары, әдістері және ұйымдастыру формаларының тиімділігі оқушылардың білімі мен білігін тексеру арқылы анықталады. Тұтасынан алғандағы оқытудың барысы тәрізді білімі мен білікті тексеру де үйрену, тәрбие беру және оқушылардың ақыл-ойын дамыту мақсаттарын көздейді.
Оқушылардың білімі мен білігін тексеру арқылы мұғалім өз ісіне талдау жасайды, қолы жеткен табыстарын молайтып, жіберген кемшіліктерінің себебін ашуға ұмытылады. Оқыту мазмұнына, ұйымдастыру формаларына, құралдары мен әдістеріне өзгерістер енгізеді, жетілдіреді.
Жүйелі жүргізілген тексеру оқушыларды әр сабаққа әзірленіп келуге машықтандырады, өз ісіне деген жауапкершілігін арттырады, жолдастарының алдында есеп беруге, өз ойын анық және дәл жеткізіп сөйлеу білуге үйретеді.
Білімі мен білігін күнделікті, тоқсандық, жылдық және қорытынды тексеру арқылы оқушылар сыныптан сыныпқа көшіріледі, мектеп бітіру емтихандарында сыналады.
Сонымен оқушылардың білімін, білігін тексеру мен бағалау бақылау, оқыту, тәрбиелеу міндеттерін атқаруды қамтиды және дағдысын тексеру дидактикалық жағынан алғанда бақылау, үйрету, бағдарлау және тәрбиелеу міндеттерін атқарады. Мұғалім оқытудың әр кезеніңде оқушылардың өтілген материалды қалай меңгергенін бақылайды. Бақылау нәтижесін атлдау арқылы оқушыға бағыт-бағдар нұсқайды, білім алу жолындағы мақсатын орындауда қажырлы, адал және шыншыл болуға тәрбиелейді.
Тексерудің үйрету міндеті дамылсыз жүзеге асады. Жаң материалды түсіндіру үшін мұғалім оқушылардың бұрыннан білетіндерін есепке алады. Түсіндіріп болғаннан кейін жаңа материалдың негізгі мәселелерін оқушылардың қалай игергенін қадағалайды. Білімді тексеру кезінде оқушылардың еске сақтауын, қисынды ойлауын, сөйлеу мәдениетін дамытуға, тірек хабарларын, сызба-нұсқаулар сыздыру арқылы ой еңбегінің техникалық тәсілдерін қалыптастыруға, есептер шығару арқылы алған білімді қолдана білуге дағдыландырады.
Бақылау, бағдарлау, үйрету және тәрбие беру міндеттерін ойдағыдай жүзеге асыру үшін білімі мен білікті тексеруге бірнеше талап қойылады.
Тексеру оқушылардың барлығын толық қамтитын болуы керек. Сонда өтілген жеке тақырып бойынша әр оқушының білімі нақтылы анықталады.
Тексеру жүйелі және жоспарлы түрде жүзеге асырылуы тиіс. Тексеру үшін қажетті дидактикалық және техникалық құралдар, тексеру әдістері мен түрлері материалдың мазмұнына сәйкес алдын ала әзірленеді.
Тексерудің оқушыларды ынталандыратын, өз күшіне сенім арттыратын сипаты болу керек. Оқушылар тексерудің қажеттігі мен пайдасын мойындайтын дәрежеге дейін көтеріліп, өзін-өзі бақылайтын, өз ісіне сын көзімен қарайтын күйге келуі тиіс. Ізгілік пен демократияландыру тұрғысынан алғанда бұл аса маңызды талаптардың бірі.
Тексерудің түрлері мен әдістері әр мұғалім жүзеге асыра алатындай қарапайым және оңтайлы болуы керек. Сонымен бірге білімді тексеру мен бағалау кезінде ақиқаттан алыстамаудың, әділеттік пен парасаттылықтан айнымаудың тәрбиелік маңызы зор екенін айрықша айтпаса болмайды. [2, 6]
1. 2 Оқушылардың білімі мен білігін тексеру әдістері мен түрлері
Әдістемелік әдебиеттерде оқушылардың білімі мен білігін тексеру дидактикалық мақсаттарына қарай күнделікті, дүркінді және қорытынды тексеру деп жіктеледі. Күнделікті тексеруді жеке сабақтарда, дүркінді тексеруді бір тақырыпты өткен соң, қорытынды тексеруді тоқсаның соңында, жыл аяғында жүзеге асырады. Бұлардың әрқайсысы өткізу немесе білімнің алыну формасы бойынша ауызша сұрауға, жазба жұмыстарға және экспериментік тапсырмаларға бөлінеді. Бұлардың өзі одан әрі жекелеп сұрау, топтық сұрау және жаппай сұрау, химиялық диктант, қысқа мерзімді бақылау жұмыстары, ұзақ мерзімді бақылау жұмыстары, жазбаша үй тапсырмасы, жек-дара көрнекті көрсету, эксперимент, зертханалық жұмыс, сарамандық бақылау жұмыстары, үй эксперименті болып тамамдалады. Білімі мен білікті тексеру құралдарына қарай машиналармен жене машинасыз тексеру деп те жіктеледі, соңғысына жататындар: карточкалар, перфокарталар, сұрақтар тізбесі, билеттер, электрленген кестелер, кодепленкалар, диафилмдер, үлестірілетін заттар, құралдар, модельдер, сызбанұсқалар, т. б.
Тексерудің кез келген түрін қолданғанда оқушылардың біліміне, білігіне және дағдысына қойылатын талаптар ескеріледі, олра қазіргі бағдарламада көрсетілген. Негізгі талаптарды химиялық теориялар мен заңдарын, деректі және өңдірістік материалдарды игеру мәселелерінің төңірігіне топтастыруға болады.
Оқушылар химиялық теориялардың: 1) негізгі қағидаларын; 2) ашылу тарихын; 3) әр қағиданы дәлелдейтін тәжірибелер мен деректерді; 4) теорияны өздері танысатын деректерді түсіндіруге, заттардың қасиеттері мен құбылыстарды болжай білуге пайдаланатын дәрежеге жетуі керек.
Оқушылар әр заңның және ұғымның: 1) мазмұны; 2) өтілген теория тұрғысынан анықтамасын; 3) заң және ұғым тұрғысынан жеке деректердің, құбылыстардың түсіндірілуін; 4) заңның ақиқаттылығын дәлелдейтін тәжірибелерді; 5) ашылу тарихын білуі тиіс.
Оқушылар орта мектепте оқылатын әр заттың табиғата таралуын, алыну тәсілдерін, қасиеттерін, құрамы мен құрылысын, қолданылуын білуі қажет. Химиялық өндіріске байланысты оқушылар: 1) өнімнің құрамын, сипатамаларын, халық шаруашылығындағы маңызын; 2) шикізат құрамының өндіріске әзірленуі; 3) өндірістің негізіне жататын химиялық әрекеттерді; 4) оларды жүзеге асыратын негізгі аппараттарды; 5) өндірістің ғылыми негіздерін білуі керек.
Осы кездегі педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде айтылып жүрген оқушыларда қалыптасуға және тексерілуге тиісті біліктер мен дағдыларды үш топқа біріктіруге болады. Біріншісі ─ оқу жұмысын ұйымдастыруға байланысты біліктер мен дағдылар: жоспарлау, оқулықпен жұмыс істей білу; білімнің басқа құралдарын пайдалана білу, өзін-өзі бақылау және талдау. Екіншісі ─ оқушылардың даму өрісін көрсететің қисынды біліктер мен дағдылар: анализ және синтез жасай білу; салыстыру; жіктеу; жалпылау; негізгісін таба білу; аналогия жасау; себеп-салдар байланысын ашу; жорамал жасай білу, оны дәлелдеу, қорытындысын шығару. Үшіншісі ─ еңбек істей білуге байланысты біліктер мен дағдылар: еңбек етуге ыңғайы, жабдықтарды пайдалана білуі; реактивтермен жұмыс етуге білуі; сақтық шараларының орындауы; тәжірибе жасау техникасын меңгеруі; құбылыстарды бақылай білуі; бақылауды тіркеп жазуға икемділігі; уақытты тиімді пайдалануы, жұмыс орнының тазалығы.
Осы үш саладағы жалпы біліктер мен дағдылардың әрқайсысы химиялық материалды өткенде және химиядан тәжірибелер жасағанда қалыптасуы және тексерілуі тиіс.
Тексерудің қай түрі болса да тиімділігі мен дайындылығына байланысты. Оның негізгі түрлері тақырыптық жоспарда көрсетіледі. Күнделікті, дүркінді және қорытынды сұраулар үшін карточкалар әзірленеді. [2]
1. 3 Ауызша сұрақ қою
Оқушылардың білімі мен білігін тексерудің ең жиі қолданылатын негізгі түрі жекелеп және жаппай сұраудан тұрады. Ауызша сұрақ қоюдың артықшылығы мұғалім оқушының жауабын көзбе-көз тындап, талдайды және бағалайды. Әр оқушының дара ерекшеліктерін, қабілетін, есін, ынтасын, ойлауын, сөйлеу мәнерін жетік біліп алуына мүмкіндік туады.
Ауызша сұрау білімді тексерудің барынша қиын түрі болып есептеледі, себебі оқушылардың үй тапсырмаларын қалай дайындап келгеніне байланысты анықталады. Ауызша сұрау жеке дара жауап алу, қатарынан жаппай жауап алу, тығыздатылған (құрама) жауап алу болып бөлінеді.
Қысқа мерзімді ауызша сұрау жаңа сабақты түсіндіруден бұрын тірек білімді еске түсіру үшін, сабақтың соңында жаңа материалды бекіту үшін жүргізіледі. Ұзақ мерзімді ауызша сұрау белгілі бір тақырыптан оқушылардың алған білімін, қайталау пысықтау және тексеру мақматын көздейді.
Ауызша сұрақ қою кезде ең маңызды әдістемелік мәселені және қалай сұрайтының анықтау.
Тәжірибесі аз мұғалімдер түсіндірілетін жаңа сабаққа қатысты болмаса да осының алдында өтілген сабақтың материалдарын сұрайды, оқушылар еске сақтағанын ғана айтып беретін жалпылама сұрақтар қояды. Сұраудың тиімділігін арттыру үшін мұғалім оқушыларға оның мақсатын, мазмұнын түсіндіреді, қажет болған жағдайда заңды; теорияны сипаттаудың, дәлелдеудің және тұжырымдаудың жалпы жоспарын береді. Мәселен, периодтық заң және периодтық жүйе өтілгенге дейін химиялық элементті сипаттау жоспары: 1) химиялық символы; 2) салыстырмалы атомдық массасы; 3) түзетін жай заты; 4) жай заттың физикалық қасиеттері; 5) химиялық қасиеттері; 6) табиғатта кездесуі; 7) бос күйінде зертханада және техникамен алынуы; 8) валенттілігі; 9) түзетін химиялық қосылыстары. Периодтық заң және атом құрылысы өтілгеннен кейін жоспар күрделеніп, бұрынғыларының үстіне: элементтің периодтық жүйесіндегі орны, атом құрылысы, тотығу дәрежесі және оларға сәйкес түзетін қосылыстарының сипаттамалары қосылады.
Сұрақтардың мазмұнымен бірге қойылу түрінің маңызы зор екенін атап айтқан жөн. Олар оқушылардың ойлауына түрткі болып, салыстыру, себеп-салдар байланысын ашу, құбылыстың негізгі белгілерін анықтау, жалпы заңдылықтарды, жеке деректерді, жеке деректен жалпы қорытынды шығару тәсілдерін қолдана білуге үйрету керек. Мұндай сұрақтардың мысалдары:
- Ауаның тұрақты құрамына қандай оксидтер кіреді (8 сынып) ?
- Калий сілтісін неліктен ашық ыдыста сақтауға болмайды(8 сынып) ?
- Әр негізге негіздік оксид сәйкес келеді, әр оксидке негіз сәйкес келуді деп айтуға бола ма (9 сынып) ?
- Бір үзім ақ нанды ұзақ шайнағанда тәтті дәм пайда болады. Бұл құбылысты қалай түсінесіздер (10 сынып) ?
Ауызша сұрау бірнеше кезеңнен тұрады, әр кезеңнін тиімділігін арттыратын әдістер бар.
1. Сұрақ қою, жауап беретін оқушыны тыңдау. Сұрақ алдымен жалпы сыныпқа беріледі, әр оқушы өзінің психикалық жағынан жауап қайтаруға әзірлейді. Бірінші сұрақты дайындауға уақыт аз бөлінетіндіктен жауап беруге тәуір оқитын оқушы шақырылады. Ол тақтаға жетіп әзірленгенше сыныпқа екінші сұрақ беріліп, екінші оқушы жекелеп жауап беруге әзірленеді. Осылай, сұрақ жоспарына сәйкес, келесі оқушылар шақырылады, бірінші оқушы жауабын бастайды.
2. Оқушының жауа беруге әзірленуі. Сұрақтын мазмұнына сәйкес оқушы жауап беру жоспарын жасайды, тақтаға химиялық формулаларды, реакция теңдеулерін, есеп шығару амалдарын жазады. Тәжірибе жасау тапсырылған болса, қажетті реактивтерді, аспаптарды, әр оқушының әзірлігін және сыныпты қадағалайды, қажет жағдайда ескертулер жасайды, сыныпқа арнайы тапсырма береді.
3. Жауапты тыңдау . Бұл ─ ауызша сұрақ қоюдың ең жауапты және қиын кезеңі. Әдетте оқушылар тақтада жауап берген оқушыны зейін салып тыңдамайды, бос отырады немесе өзіне ұнайтын өзге істермен айналысып кетеді. Мұндай жағдайды болдырмас үшін мұғалім сыныпқа қалай тыңдау керектігін айтып тасырмалар береді:
А) жауаптың жоспар бойынша жүйелі берілуін қадағалау;
Ә) қандай ескертпелер және толықтырулар жасауға болатын межелеу;
Б) жауап туралы пікір айту;
В) жауапқа баға беріп, неге олай бағалағанын түсіндіру;
Г) оқушының жауабын анықтай түсетін және толықтыратын сұрақтар қою;
Д) тәжірибені дұрыс жасап, қорытындылау.
Жолдасының жауабына пікір айту күрделі жұмыс, пікірде жауаптың толықтығы, тереңдігі, дәлелдігі, есеп шығару тәсілі, тәжірибенің қалай қойылғаны талданады. Мұны жүзеге асыру үшін оқушы өз білімін басқа оқушының жауабымен салыстырып, айрмасын таба білу керек. Бұған оқушылар біртіндеп үйретіледі. Жолдастарының жауабын бағалау да оқушыдан парасатты, білімді және әділ болуды қажет етеді. Басқа жағдайда білімді бағалаудың құны түсіп, бос әурешілікке әкеліп соқтырады. Жауап берген оқушыға сұрақ қоюда күткен нәтижеге жете алмайтын жағдай жиі кездеседі. Өйткені оқушылар жауаптың мазмұнына қатысы аз кездейсоқ сұрақтарды жаудыртып жібереді. Сонымен пікір айту, бағалау және сұрақтар қою оқушылардан білімдікті, сыйластықты, тағы басқа жоғары сапалы қасиеттерді қажет ететін болғандықтан, мектеп сарамандығында тиесілі орын ала алмай келеді. Бүкіл сынып ұйымдасқан түрде жұмыла кіріскенде ғана сұрау мақсатына жетеді, ал білім бәсекесін тудыру арқылы сыныптың белсенділігін арттыру мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Тәжірибесі аз мұғалімдердің ауызша сұрақты ойдағыдай жүргізуге қиналатынын, қойылатын талаптарды толық орындамайтынын ұстаздық сараман көрсетіп келеді.
Жаппай ауызша сұрау қысқа мерзім ішінде бүкіл сыныптың бір мәселе жөніндегі білімін анықтау үшін пайдаланады. Үй тапсырмасы, химиялық ұғымның қалыптасуы, жаңадан өтілген материалды қалай түсінгені, көбінесе жаппай тексеріледі. Сұрақтар қысқа, негізгі мәселені ғана қамтитын түрде ғана беріледі. Мәселен хлор тақырыбы бойынша «Хлордың суда ерігіштігі қандай?», «Хлор суының қасиеті жөнінде не білесіздер?» іспеттес 25 сұарқ әзірлеуге болады.
Жаппай сұрау кезінде оқушылар нақтылы деректі біле ме, білгенін түсіне ме, түсінбеген жағдайда себебін анықтау және болдырмай мақсаты көзделеді. Деректі толық білмейтін оқушыдан оны дәлелдеп түсіндіруді талап етудің қажеті шамалы. Кейде деректің өзін білгенімен мәнісін түсінбеуі де мүмкін. Мәселен, оқушы хлордың суда аз еритіндігін, бірвқ оның себебін молекула құрылысы тұрғысынан дәлелдеп бере алмайды. Өйткені газдардың ерігіштігі химиялық байланысының табиғатына тәуелді екенін естен шығарып алған. Мұндай жағдайда оқушының жауабын нақтылай түсетін қосымша сұрақтар қоюға тура келеді. [2, 3, 6]
1. 4 Оқушылардың білімі мен білігін жазбаша тексеру
Жазбаша тексерудің артықшылығы аз уақыт ішінде көп оқушының білімі мен білігін, химиялық сауаттылығын, алған білімін қолдану жайын анықтауға мүмкіндік береді.
Бір мезгілде өткізетін жазбаша тексеру арқылы оқушылардың өтілген материалды қандай дәрежеде меңгергені, жіберетін қателерінің мазмұны және көлемі анықталады.
Жазба жұмыстарын жүргізгенде оқушылардың химиялық құбылыстарды сипаттай білуі, құралдардың аттарны және жұмыс істеу тәсілдерін білуі, химиялық символиканы, физика мен математикадан алынған шамалардың таңбаларын білуі, заңдардың және ұғымдардың анықтамасын, оларға сүйеніп есептеулер жасай білуі, деректерді түсіндіру үшін теорияларды пайдалануы, заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты саызбанұсқа түрінде көрсете білуі, тағы басқалары тексеріледі.
Оқушылардың білімін жазбаша тексеру химиялық диктант, қысқаша мерізмді бақылау, ұзақ мерзімді бақылау, баяндама және шығарма түрінде жүзеге асырылады.
Қысқа мерзімді бақылау жұмыстары (15-20 минут) үй тапсырмасын тексеру үшін, жаңа материалды қабылдауға әзірлеу немесе оқушылардың оны қалай түсінгені анықтау үшін, жалпы түрде айтқанда нақтылы материалдан оқушылардың білімін анықтау үшін жүргізіледі. Бақылау жұмысының нұсқаларындағы сұрақтардың саны, мазмұны, сипаты және қиындығы уақытқа лайық іріктеледі.
Ұзақ мерзімді бақылау жұмыстары (45 минут) тақырып өтілгенен кейін жүргізіледі. Мұғалім өтілген тақырыпты жан-жақты талдап тексеруге тиісті білімі мен біліктің көлемін анықтайды, нұсқаларға, сұрақтарға бөледі. Бақылау жұмыстарына ұзақ жауап жазуды қажет ететін теориялық материалды кірістірудің қажеті жоқ.
Әр сұраққа оқушылардан күтілетін жауапты алдын ала әзірлеп, бақылау жұмысын соған сәйкес тексерген тиімді. Оқушылардың жауаптарына сапалық және сандық талдаулар жасау арқылы қай материалды жетік, қайсысын көмескі білетіндігі анықталады. Бақылау жұмысының нәтижесін кешіктірмей, келесі сабаққа дейін тексеріп қойған дұрыс, ол талдау, орындау сипатына қарай жүзеге асырылады. «Кейбір қателерді түзету» жұмысы оқушылардың өзіне тапсырылады, оқушылардың басым көпшілігі орындамаған тапсырманы мұғалім өзі талдап көрсетеді. Берілген бақылау есептерін шешуге оқушыларды жүйелі түрде тарту қажет екенін әрдайым бірге естен шығармау дұрыс.
Химияляқ диктант, көбінесе, химиялық символикаға негізделеді. Оқушылардың бір ұғымды, мәселен валенттілікті, тотығу дәрежесін, химиялық номенклатураны, химиялық символдарды, формулаларды, теңдеулерді, тағы басқалар қандай дәрежеде меңгергенін анықтау үшін жаздырылады, мысалы: 1) мына оксидтердің формулаларын жазыңдар: калий оксиді, темір (III) оксиді, күкірт (IV) оксиді, кальций оксиді, мырыш оксиді; 2) мына заттардың аттарын жазыңдар: Fe 3 O 4 , HCl, CuO, NaOH, SO 2 , H 3 PO 4 . VIII сынып: 1) мына электролиттегі атомдар мен иондардың заряд шамасы мен таңбасын анықтаңыздар: H 3 PO 4 , AlCl 3 , Ca(OH) 2 , NaHCO 3 ; 2) суда ерігенде мына иондарды беретін заттардың формулаларын жазыңыздар: Fe 3+ және Cl - , Ba 2+ және OH - , H + және HSO 3 - , H + және NO - 3
Химиялық диктантты жинап алып, жазғандарын немесе ауызша тексереді. Соңғы кезде білім тексерудің тестілік әдістемесі енгізілді. Бұл әдіс оқушылардың ойлау жүйесін күшейткенімен, сөйлеу логикасын тежейді. [2, 6]
1. 5 Оқушылардың білімі мен дағдысын эксперименттік тексеру
Химияны оқыту барысында оқушыларда көптеген эксперименттік біліктер мен дағдылар қалыптасады, олардың тізбесі бағдарламада берілген. Бұлардың оқушыларды қалай игергені көрнекі көрсету арқала, тәжірибе жасату және зертханалық бақылау жұмыстарын өткізу арқала анықталады.
Жаңа сабақты түсіндіру кезінде мұғалім көрстекен тәжірибені білімін тексеру кезінде оқушы қайталайды, мұғалім мына мәселелерге көңіл аударады және бақылайды: тәжірибенің мақсатын білуін қажетті заттар мен жабдықтарды таңдап алуын, құрал құрастыруын, тәжірибе жасауын және құбылыстарды бақылауын, құбылысты түсіндіруін және химиялық тілмен жазуын.
Қысқаша талдаудан кейін оқушының білігі мен дағдысына баға қойылады.
Оқушылардың эксперименттік білігі мен дағдылары зертханалық тәжірибелер және сарамандық жұмыстар кезінде тексеріледі. Ол үшін мұғалім тәжірибенің мазмұнын талдап, оқушыларда болуға тиісті біліктер мен дағдылардың тізбесін жасайды. Мәселен хлор сутекті және тұз қышқылын алу тәжірибесіндегі тізе мынадай болуы мүмкін.
Мұғалім 4-6 оқушының тәжірибені қалай жасағанын қадағалап, әр білік пен дағдының тұсына белгі қояды да, олардың жиынтығы және оқушылардың жазба есебі бойынша бағалайды.
Оқушылардың білігі мен дағдысын жаппай тексеру және бақылау сармандық жұмыстарында жүзеге асырылады. Тапсырма эксперимент есептері түрінде беріледі. Оқулық және оқу құралдарын пайдалануға рұқсат етілмейді. Тексерілетін біліктер мен дағдылар: 1) тапсырманы орындаудың жоспарын жасау; 2) есептің теориялық шешуі; 3) қажетті сызба-нұсқаларды, құралдың суретін сызуы; 4) керекті жабдықтарын іздеп табуы және тиімді пайдалануы; 5) тәжірибені жасауы, бақылауларын жазу реті; 6) түсіндіру және қорытынды жасауы; 7) қауіпсіздік ережелерін сақтауы; 8) жұмыс орнын таза ұстауы; 9) жұмыс орнын тәртіпке келтіруі; 10) жазбаша есебі.
Мұғалім келтірілегн біліктер мен дағдылардың орындалу сапасын талдауға және зертханалық жұмыс кезіндегі бақылауларға сүйеніп, әр оқушының жұмысын бағалайды. [2, 3]
1. 6 Оқушылардың білімін, білігін және дағдыларын қорытып тексеру және бағалау
Оқушылардың білімін, білігін және дағдысын қорытынды тексеру олардың білімін есепке алу және емтихан қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz