Түркі тектес халықтардың ортақ тарихы



1 Түркілердің Ислам тарихына араласуы
2 Аббас халифаты
3. Бируни кезеңі XI ғасырдың бірінші жартысы.
Түркі тектес халықтардың ортақ тарихын Исламнан бұрынғы Ежелгі дәуір және Исламнан кейінгі Ортағасырлық дәуір деп екіге бөлінеді. Жазба деректер бойынша Түркі халықтарының ортақ тарихы мен мәдениеті ежелгі дәуір- б.з.д. VI-Vғасырлардан бастап- б. З.VIIIғасырына дейінгі аралықта «Тұран» деп аталып келді. Ал VIII-XVғасырлар аралығында ортағасырлық дәуірде «Түркістан» деген атауға ие болды. Түркілер XIV-XVғасырларда ұлт-ұлысқа бөлініп, бір-бірінен ажыра бастаса да «Түркістан» атауы Кеңес одағы құрылып, бүгінгі «Орталық Азия» атына ие болғанша аталып келді.
Ислам әлемінде VIII-XVғасырлар аралығында дүниеге келген ғылыми жаңалықтары мен әдеби туындылары әлем мәдениеті мен өркениетінің даму барысына жаңаша қарқын мен бағыт берді. Соның ішінде түркінің ұлы ғалымдары мен ақындарының туындылары Ислам өркениетіне мол үлес қосты. Қазіргі түріктектес Түркия, Қазақстан, Өзбекістан, Қырғызстан, Түрікменстан, Әзірбайжан және Кипр мемлекеттерімен бірге автономиялық Татарстан, Алтай, Саха тағы басқа түркілер ислам дамуына қосқан үлестері, олардың адамзат тарихына жасаған ортақ еңбектері саналады.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Түркі тектес халықтардың ортақ тарихын Исламнан бұрынғы Ежелгі дәуір және Исламнан кейінгі Ортағасырлық дәуір деп екіге бөлінеді. Жазба деректер бойынша Түркі халықтарының ортақ тарихы мен мәдениеті ежелгі дәуір- б.з.д. VI-Vғасырлардан бастап- б. З.VIIIғасырына дейінгі аралықта Тұран деп аталып келді. Ал VIII-XVғасырлар аралығында ортағасырлық дәуірде Түркістан деген атауға ие болды. Түркілер XIV-XVғасырларда ұлт-ұлысқа бөлініп, бір-бірінен ажыра бастаса да Түркістан атауы Кеңес одағы құрылып, бүгінгі Орталық Азия атына ие болғанша аталып келді.
Ислам әлемінде VIII-XVғасырлар аралығында дүниеге келген ғылыми жаңалықтары мен әдеби туындылары әлем мәдениеті мен өркениетінің даму барысына жаңаша қарқын мен бағыт берді. Соның ішінде түркінің ұлы ғалымдары мен ақындарының туындылары Ислам өркениетіне мол үлес қосты. Қазіргі түріктектес Түркия, Қазақстан, Өзбекістан, Қырғызстан, Түрікменстан, Әзірбайжан және Кипр мемлекеттерімен бірге автономиялық Татарстан, Алтай, Саха тағы басқа түркілер ислам дамуына қосқан үлестері, олардың адамзат тарихына жасаған ортақ еңбектері саналады.

Түркілердің Ислам тарихына араласуы VIII ғасыр аясында басталады.

Ислам тарихы рухани билік және саяси билік тұғырынан бес кезеңге бөлінеді. Мұхаммед )с.ғ.с) Мұстафаның пайғамбарлық кезеңін (610-632( рухани билік, пайғамбардан кейінгі Ислам халифатын ислам дүниесіндегі саяси билігі ретінде төрт кезеңі бар.

Бірінші кезеңі- Ислам тарихындағы ең маңызды кезеңі. Ислам тарихында Мұхаммед(с.ғ.с) пайғамбар қайтыс болған соң сахабалар кеңесінде (ижмаһ ) Әбубәкір(ғ.с) пағамбардың орынбасары ретінде мұсылмандардың тұңғыш халифасы болып тағайындалды. Екі жыл халифат тағына отырды(632-634). Әбубәкірдің қазасынан кейін екінші халифа Омар(ғ.с), (634-644) үшінші халифа Осман(ғ.с), (644-656) төртінші халифа Әли(ғ.с) (656-661) болып сайланды. Олар барлығы жиырма тоғыз жыл Ислам әлемін биледі. Аталған төрт халифа Рашедин халифалар (турашыл халифалар) атаумен Ислам тарихында танылды.

Екінші кезеңі- Мүавийе ибн Әбусофиян( 636-679) құрған Үмеийе әулеттері халифаты 660-750 жылдар аралығын қамтиді. Бұл кезең біз үшін халифат әскерінің түркі даласына қадам басуымен ерекшеленеді.

Тарихтан белгілі Құтейбе ибн Мүслім 669-715 ( 704 жылы халифа Әбдімәлік ибн Мәрван(685-705 билік құрған жылдары) тарапынан Хорасан өлкесінің әкімі болып тағайындалды. Ол өлгеннен кейін Уалид ибн Әбдімәлік әкесінің орнына халифат тағына отырған(705-715) жылдары да Құтейбе өз орнында шентағына ие болып қалды. Құтейбе Хорасанға әкім болған соң Ислам араб халифатының Түркі даласына ептеп ене бастауына бастама жасады. Оның бұл бастамасы Харезмнен бастады. Харезм-Амударияның екі жағында Арал көлінің оңтүстінен Хәзәр каспий теңізінің шығысына дейінгі жерді алып жатқан өлке. Амударияның шығыс жағалауында орналасқан Кат қаласы орталығы болған. Кейін Кат есімі Харезм атымен орын ауыстырды. Бұл өлкені билеп тұрған Харезмшаһ әулеттері арасында тақталастықтың кесірінен алауыздық туындап, тақ мүдделілердің бірі Хорасан өлкесінің араб текті - Құтейбе ибн Мүслімге хат жазып, Харезмді жаулап алуын сұрады. Құтейбе оның өтінішін орындап 712 жылы билікке қарсы топтардың көмегімен ешбір қиындықсыз Харезмді жаулап алды. Одан кейінгі жылдар Харезмшаһтар араб халифатына бағынышты болды. Құтейбе сол кездері Бұхара, Самарқан, Соғд, Шаш, Фарғана, Харезм тағы басқа уалаяттарды жаулап алып, Хорасанға қайта оралған соң Мәрв қаласын Хорасан өлкесінің бас қаласы етіп алды. Сөйтіп ұлы Хорасан өлкесін құрды. Ежелден Тұран Түркі елі аталып кеген территория Құтейбенің Түркі еліне жасаған жорықтары жеңісті нәтижелерге қол жеткізген соң Түркістан атымен ел тарихына енді. Құтейбенің жеңістері де түркілерді толық бағындыра алмады.

Үшінші кезеңі- Аббас тегінен шыққан Абдолла Сәффаһ( 722-754) Аббаси халифатын (750 -1258) құрды. Ислам әлеміне Аббас әулеттерінің хали фаты орныққан соң Түркістан да жаңа өзгерістердің куәсі болды.

Оның басты себебі 751 жылы бірлескен халифат пен түркі қосыны қытай әскеріне қарсы Атлақ мекенінде ұлы жеңіске қол жеткізгені болды. Сол оқиғадан кейін түркілер Ислам дінін саналы түрде мойындай бастады. 751 жылғы оқиға жөнінде араб тарихшысы Ибн Әсир жазбаларымен қоса қытай жылнамаларында да айтылады.

Төртінші кезеңі- Осман ибн Ертұғрол(1258-1326) негізін қалаған Османлы халифаты(1299-1923) бүгінгі Станбул қаласын жаулап алуымен ерекшеленеді. Исламның саяси халифаты әр кезеңде түрлі құбылыстары, артықшылығы мен пендеуи кемшіліктерімен әлем өркениетіне, білім мен ғылымына айтарлық үлес қосқаны үшін адамзаттың дүниеуи және рухани өрісін қазіргі уақытқа дейін алға жылжытып келе жатыр.

Халифаттың екінші және үшінші кезеңдері арабтардың саяси үстемдігімен бірге араб тілі мен мәдениеті Исламдық дүниетаным арқылы түркі жұртына еніп, бойлады, тамыры тереңге тартты. Содан бастап түркі даласында әдебиет, жаңа түрлерімен қоса жаңа мазмұндағы тақырыптармен де баи түсті. Бұл бастау араб, парсы, түркі мәдениеттердің тоғысында өзіндік тарихи-саяси ерекшелігімен күрделеніп тұрды. Оның басты себептерінің бірі- араб тілі исламның бастапқы ғасырларда үстемдік құрып парсы мен түркі тілдері оның көйлеңкесінде қалып қойғандығы еді. Бұл үрдіс екі-үш ғасырға созылып, тіпті парсы-түркі тілдері қолданыстан шығып, жойылып кету алдында тұрды.

Сол кезеңде араб тілінің үстемдік құруының бірнеше себебі болды. Оның бастысы- құран кәрім Алланың сөзі араб тілінде болғандығы. Онымен қатар тағы да үш себеппен байланысты еді. Біріншіден- Мұхаммед (с.ғ.с) Алла тарапынан пайғамбарлыққа тағайындалған соң игі істерінің бірі аударма саласына ерекше көңіл бөлгендігі. Пайғамбар сол заманның өркениетті Грек, Иран, Үнді елдерінің тілін үйренуді жолға қойды. Пайғамбар іргесін қалаған бұл шара одан кейінгі уақытта да өз жалғасын тауып, 850 жылға дейін сол дәуірдің тамаша ғылыми һәм әдеби туындылары араб тілінде сөйлеп үлгерді. Араб тілі құран кәрімнің негізінде өз заманының ғылыми сөздік қорын байытып, мол қазнаға айналды. Сондықтан ұлы ойшылдар мен ғалымдар араб тілін қажетсініп тұрды. Әбунәсір Әл-Фараби, Харезми, Ибн Сина, Зәкерия Разимен бірге жүздеп саналатын түркістандық, ирандық ғалымдар араб тілінде оқып, жазды. Екіншіден- Ислам халифатының тізгіні арабтардің қолында болғандықтан саяси билікке жақын жүрген түркі мен парсы шенеуніктері де араб тілін үйренуге ден қойды.

Үшіншіден - Экономиканың да қарқынды дамуы араб тілінің пайдасына шешіліп тұрғанын Үмеийе халифаты исламдық қағидасынан көре арабтық үстемдігіне пайдаланып отырды. Алайда Араб, парсы мен түркілер арасында ғылымның қарқынды дамуы әрі сол елдердің бір-бірімен жақынырақ қарым-қатынаста болуларына негізгі тірек Ислам діні болды. Араб, парсы және түркі сахарасындағы қалаларда ғылым мен мәдениетке арналған барша халықтарға қызмет көрсететін орталықтар ашылды. Яғни- медреселер, мешіт жанындағы дәрісханалар, ханқаһлар, кітапханалар мен кітап дүкендері, жұмыс істеп жатты. VIII ғасырдың соңына қарай Бағдат қаласында жүзден аса кітап сататын дүкен мен кітапты көшіретін орталықтар, сондай-ақ көптеген мешіттердің жанында кітапханалар болған. Ирактағы Маусыл қаласында 950 жылы ауқатты бір ауқатты кісінің қаржылай көмегінің арқасында үлкен орталық кітапхана салынды. Кітап оқушылар кітаппен бірге қажетті қағазын сол жерден ала алатын еді. Жалпы орталық кітапханалар барлық мұсылман қалаларда тәулік бойы толассыз жұмыс істеп жатты.

Ислам өлкелерінде ғалымдар мен ақындар үлкен құрметке ие болғандықтан олар ерекше ықыласпен білімге сусындаған талапкерлерді қаланың ортақ алаңдарында ашық ауада жинап сабақ өтуді үрдіске айналдырған еді. Сол заманда құлдықта болған адамдар бостандық алып, ұл-қыздарын алты жасынан бастап мешіт жанындағы медреселерге беріп оқыта алатын болды, жалпыға арналған медереселерде оқу тегін болған, кей бір медереселерде оқу ақысы болған жағдайда өте мардымсыз ақы төленетін болғандықтан бәріне білім алу мүмкіндігі жасалған еді. Исламның сол бір алтын дәуірінде иранның Рей, ирактың Бағдат, Маусыл шаһарлары мен бірге Бәсре қаласы, Түркістанда Мәрв, Харезм, Тараз, Баласағұн тағы басқа қалаларда білім ошақтары көп болған. Үш елдің аумағында жүздеген медресе, кітапхана, кітап дүкендерінің болғаны кітап оқушы қауымның санын арттырып отырды. Бұның өзі үш ел арасына сауда жасап жүрген саудагерлерге үлкен табыс көзі болды. Өйткені сол дәуірде сауда керуендерінің бір құнды тауары кітап болған.

Соның арқасында үш елде де исламдық және ислам қағидаларына негізделген сопылық әдебиет дами түсті. Орта ғасырда ғылым мен әдебиеттің дамуы өте қарқынды жүрді. Сол үшін қазіргі заманда дүние жүзінде араб тілінде алты жүз отыз мыңнан аса қолжазба бар. Парсы тілінде екі жүз мыңға жуық, түркі тілінде он мыңдаған қол жазбалар әлем елдерінің түрлі қолжазба қорларында сақталып келе жатыр.

Ислам тарихында бір шындыққа ат үсті қарауға болмайды. Ол аталған үш елдің ғылымымен бірге қоғамдық ортасында да араб тілінің үстемдігі еді. Бұл үрдіс Үммейе халифаты(661-750) билік құрған жылдары айрықша ушықып тұрды. Әсіресі Үммейе саясатында арабтардан өзге халықтарды кемсіте Әжәм,-деп атағаны парсы жұртына ауыр тиді. Сол себепті ирандық ұлтшылдар арабтардың ұлттық саясатына қарсы шықты. Соның нәтижесінде Үммейе халифатына қарсы иран көтерісшілерді басқарған Әбу Мүслім Хорасани жеңіске жетіп, Үммейе династиясын халифаттан құлатып, Аббас әулеттерінің халифат тағына отыруына сеп болды.

Аббас халифаты (750-1258) мұсылман, араб емес ұлттарға ымырашыл саясат ұстанды. дегенмен араб тілінің ықпалынан иран елінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі тілдес халықтарының көне музыкалық аспаптар тарихынан деректер
Қазақ, шығыс және еуропа әдеби байланыстары
«ТҰРАН» ГЕОСАЯСИ БАҒЫТЫ: ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ БІРЛЕСТІГІ
Түркі халықтарының рухани құндылықтары жайлы және этнос
Ежелгі түркі әдебиетінің ескерткіштері жайлы ақпарат
Алфавит – рухани бірлік негізі
Орталық Азиядағы түркі мемлекеттерініңқоғамдық - саяси өмірі
Түркілер дүниетанымы
ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨНЕ ТҮРКІ ДӘУІРІНДЕГІ ӘДЕБИЕТПЕН БАЙЛАНЫСЫ
Түркі жазуларының зерттеу барысы
Пәндер