Психологиялық менеджмент ғылыми пән ретінде



1 Менеджмент ғылым ретінде
2 Менеджменттің мәні, әдістері және қызметтері
Менеджмент ғылым ретінде 19-ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында пайда болып, өзінің дамуында бірнеше кезеңді басынан кешірді. Экономикалық әдебиеттерде басқару ойының алғашқы қарқыны «тейлоризм» деген ағыммен байланысты екені айтылады.
Алғаш рет ғылыми менеджмент мектебінің негізін қалаған америка инжинері Фредерек Тейлор (1856- 1915). Ол өндірісті ғылым тұрғысынан басқаруға болады деген пікір айтты. Кезінде ғажайып жаңалық болған бұл құбылысты ол кейін өзінің еңбектерінде ғылыми жағынан жан –жақты дәлелдеді. Ф.Трейлор кәсіпорынды басқару ісін өнер ретінде қарастыра келіп менеджер «нені жасауды дәл білуі және соны арзан, әрі ең тиімді тәсілмен қалай жасауға болатынын» зерттеу нысаны етті. Ф.Трейлор басқару ісін тек кәсіпорын деңгейінде ұйымдастыруды қарастырады. Оның теориясын Гаррингтон Эмерсон (1868-1919) , Генри Форд (1861-1919) т.б. өздерінің ғылыми еңбектерінде одан әрі дамытты.
1. Бердалиев К.Б. и др. Основы менеджмента. – Алматы: КазГАУ, 1995
2. Белоусов Р.А. Основные этапы развития теории и практики управления. М., 1981.
3. Бобышев Д.Н. История управленческой мысли. М., 1985.
4. Веснин В.Р. Основы менеджмента. — М.,1997.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Психологиялық менеджмент ғылыми пән ретінде.

Менеджмент ғылым ретінде 19-ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында пайда болып, өзінің дамуында бірнеше кезеңді басынан кешірді. Экономикалық әдебиеттерде басқару ойының алғашқы қарқыны тейлоризм деген ағыммен байланысты екені айтылады.

Алғаш рет ғылыми менеджмент мектебінің негізін қалаған америка инжинері Фредерек Тейлор (1856- 1915). Ол өндірісті ғылым тұрғысынан басқаруға болады деген пікір айтты. Кезінде ғажайып жаңалық болған бұл құбылысты ол кейін өзінің еңбектерінде ғылыми жағынан жан –жақты дәлелдеді. Ф.Трейлор кәсіпорынды басқару ісін өнер ретінде қарастыра келіп менеджер нені жасауды дәл білуі және соны арзан, әрі ең тиімді тәсілмен қалай жасауға болатынын зерттеу нысаны етті. Ф.Трейлор басқару ісін тек кәсіпорын деңгейінде ұйымдастыруды қарастырады. Оның теориясын Гаррингтон Эмерсон (1868-1919) , Генри Форд (1861-1919) т.б. өздерінің ғылыми еңбектерінде одан әрі дамытты.

Классик үлгідегі мектептің үлгілері Анри Файоль, Линдал Урвик, Джеймс Муни, А.К. Райли басқарудың әмбебап принциптерін ойластырды. Сондай мектептің негізін салушы француз ғалымы Анри Файоль (1841-1925) практикалық тәжірбиені жинақтау негізінде мынадай қортындыға келді: басқару кәсіпорынның мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, оны белгілі бір мақсатқа жетелеу. Ол сондай-ақ, мемлекеттік басқару ісін ғылым жолымен ұйымдастырудың принциптерін қолдану мүмкін екендігіне алғаш рет ой жүгіртті.

Бихевиористік (мінез- құлық) мектебі XXғасырдың 20-шы жылдардың аяғы мен 50-ші жылдардың басында қарқын белең алды. Бұл бағыт психология мен социология ғылымдарын басқару жүйесінде қолданумен айналысты. Бұл мектептің негізін қалаушылардың бірі американ экономисі – Элтон Мейо (1880- 1949) болды. Осы ілім Формалдық емес басқаруды ұйымдастыру міндеттерін, еңбек өнімділігін өсіруді ынталандырудың жаңа әдісін ендіруді ұсынды:қызметкерлердің ағартушылықпен айналысуын, өндіріс салалары мен еңбекті гумманизациялауды шешуде топтық демокпатиялық тәсілдерді қолданды. Американдық зерттеушілер де Мери Паркер Фоллет (1868-1933) , Абрахам Маслоу (1908-1970) бихевиористік (мінез- құлық) мектептің өкілдері болып табылады.

Басқарушылық ойдың жаңа даму дәуірі (1950-1960) қазіргі сандық әдіс негізінде басқаруда математика мен компьютерді қолдану арқылы шешумен байланысты. Сөйтін басқару ғылымы немесе сандық ықпал мектебі өмірге келді. Бұл мектептің негізі өкілдері: американдық ғалымдар С. Черчмен Джеймс Марч, Герберт Саймон, Райт Джен Форрестер, Х. Райфа.

XXғасырдың 60-шы жылдарында менеджментте жаңа бағыт қалыптасты. Ол ситуациялық әдіс деп аталады. Әр түрлі жағдайды қарастырудың басты ерекшелігі әрбір ұйымдық- басқарушылық мәселені шешудің нақты қалыптасқан жағдаймен байланыстыруды талап етеді. Өзінің зерттеуінің негізінде бұл мектеп кәсіпорын, ұйымының жұмыстарын қарастыруын, олардың белгілі нақты жағдайда жұмыс атқаруын ескереді. Осы кәсіпорынның қызмет жасауына қандай ішкі және сыртқы факторлардың ықпалы бар және осы бірнеше варианттардан, мүмкін шешімнің біреуі қабылданып, қалыптасқан мәселенің бір ғана шешімі алынады.

Басқару теориясы мектептерінің пайда болуын зерттеушілер сол уақытта қалыптасқан белгілі себептермен, жағдайлармен байланыстырады.

Мысалы, басқару теориясының классикалық мектебі мыналардың әсерінен қалыптасты: ұйымдар санының өсуі, бірінші дүниежүзілік соғыс, 1929-1933 жылғы дағдарыс және постиндустриалды революцияның басталуы.

Бихевиористік (мінез- құлық) мектебі пайда болуы кәсіподақтың өсуі әдістерімен түсіндіріледі, дайындығы жақсы менеджерлерге сұраным екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде қалыптасқан жағдаймен байланысты.

Басқару ғылымы мектебінің дамуы корпорация, концерн, концерн-конгломеранттар көлемі өсуі әсерімен, қырғи қабақ соғыс өндірістің құлдырауымен түсіндіріледі.

Ситуациялық тәсіл мектебінің пайда болуы экономика мүмкіндіктерін ұлғаюы әсерімен, елдер арасындағы ғарыштық, бақталастық, жоғарғы технологиялық өңімінің өмірге келуі, азаматтық құқық күресінің өсуі, жоғарғы біліктілікті талап ететін мамандықтардың өсуімен байланыстырады.

Басқарушылық ойлар жетістігін қолдану практикасында көптеген елдерде басқару моделінің – американдық, жапондық, арабтық және батыс еуропалық мектептері қалыптасты.

Қазақстанда менеджмент теориясы мен практикасының даму тарихы

Қазақстанның басқару ойлары тарихының тамырлары ғасырлар қойнауынан бастау алады. Жүздеген жылдар бойы басқару ойы біртіндеп жетілдірілді. Менеджментке деген қажеттілік адамның және оның біріккен қызметінің пайда болуына байланысты туды. Мемлекетті басқару жөнінде біздің еліміздің дамуының әрқилы кезеніңдегі әртүрлі міндеттер өткенімізге үлкен әсер етті және бүгінгі күні де Қазақстанның басқару ойының қалыптасуы мен дамуына ықпалын тигізуде.

X-XII ғасырларда басқару саласындағы алғашқы ойшылардың бірі Әбу Насыр Әл –Фараби (870-950) болды. Ол жұлдыздар мен басқа табиғи құбылыстарға қарай отырып, мемлекеттің, шаһарлардың болашағы мен бағыныштылардың тағдырын болжамдаған әмішілердің жалған көріпкерлердің ғылыми негізінде дәлелдеді. Оның азамат қоғамының шығуы, мемлекеттік құрылыс және басшыға талап қою туралы идеялар ерекше қызығушылық тудырып отыр. Қазіргі кеде Қазақстан ғалымдары Әл –Фарабидің ғылыми мұраларын терең зерттеу мақсатында Отырар қаласының орнында қазба жұмыстарын жүргізуде.

Тәуке хан (1680-1715) әмірлік құрған дәуірде неғұрлым прогрессивті мемлекет және рухани қайраткерлер Төле би (1663-1756), Қазыбек би (1667-1763) және Айтеке би (1682-1766) болды. Жеті жарғы деп аталатын заң жинақтарында олар мемлекетті басқару жөніндегі өз пікірлерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептанудың негізгі мәселелері
Ғылыми теория ретінде менеджменттің қалыптасуы
Менеджменттің мақсаттары мен міндеттері
Артпедагогика
Менеджменттің басқару мектептері
Басқару іс-әрекетінің теориялық негізі
Менеджмент басқару ғылымы ретінде
Басқару психологиясы
Орта кәсіби оқу орнындағы менеджменттің педагогикалық-психологиялық негізі
Экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы
Пәндер